Патриоттық қасиеттерді қалыптастыруды дене шынықтыруда пайдаланудың педагогикалық жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ Кіріспе… . . . . . 2

1 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОқушылардыҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ негіздері . . . 6

  1. Оқыту барысында оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселесі . . . 6
  2. Дене шынықтыру пәні бойынша патриоттық қасиеттерді қалыптастырудың қазіргі күй-жайы . . . 25
  3. Дене шынықтыруды оқыту үдерісінде оқушылардың бойындағы патриоттық қасиеттерді қалыптастырудың мүмкіндіктері мен ерекшеліктері . . . 42

2 Мектепте ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫ оқыту арқылы ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ АРТТЫРУДЫҢ Әдістемесі . . . 53

  1. Патриоттық қасиеттерді қалыптастыруды дене шынықтыруда пайдаланудың педагогикалық жолдары . . . 53

2. 2 Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда патриоттық қасиеттерді дене шынықтыруда пайдаланудың технологиясы . . . 69

Қорытынды . . . . . . 81

Пайдаланған әдебиеттер тізімі. . . . 83

Қосымшалар . . .

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Тәрбие халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін, жас ұрпақтың бойына сіңіру, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру үшін мақсатты ықпалда жүзеге асатын іс-әрекет. Мектеп барлық кезде жас жеткіншектерге елін, халқын, туған жерін сүю және қорғау сезімдерін дарытып және дамытып келеді. Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз. Мектеп оқушыларының бойында патриоттыққа қасиеттерді қалыптастыру мәселесі барлық кезде де қоғам мен мемлекеттің назарынан тыс болмаған. Ал бүгінгі таңда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанға айналу, яғни жаңарту үдерісі қоғамымыздың барлық саласында, соның ішінде білім беру саласында жүргізілуі әлемдік деңгейге сай дамуды талап етеді. Оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру бір науқандық іс-шара емес. Патриоттық қасиеттерді қалыптастыру үдерісінің өз идеологиясы және айқын жүйесі бар. Мектептерде оқушылардың бойында патриоттыққа қасиеттерді қалыптастыру ақын-жыраулардың тағылымдарын оқыту арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жеткіншектерді елін, халқын, туған жерін сүюге тәрбиелеу қазақ халқының батырларының өмірі мен ерліктерін, олардың туған жерін жауларынан қаймықпай қорғағандықтарын баяндау арқылы жүзеге асырылу жолдары да бар. Сондай-ақ, қазақ зиялыларының мұраларын оқытудың маңызы зор. Оқушыларды патриоттыққа, Отанын сүюге, елін қорғауға бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі жүргізілген іс-шаралардың озық үлгілерін пайдалануға да болады. Қазіргі таңда қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы жаңару үдерісіне оң көзқарас қоғам мүшелерінің осы патриоттық сезімі үлкен ықпал жасауда. Дейтұрғанмен, еліміздің көпұлтты және көпконфессиялы жағдайында қоғамдық келісімді одан әрі нығайту міндеті басты назарда тұрғандықтан, жеткіншектердің патриоттық көзқарасын қалыптастыруда жаңа бағыттың қажет екендігі де аңғарылды. Өйткені, өткен озық тәжірибелердің патриоттық сезімге игі әсер ететін тәлімді-тағылымдық әлеуеті мен бүгінгі мектептегі тәрбие әрекетінде, олардың пайдалануы арасында қайшылықтар қатты сезілуде. Себебі Отан, сенім, ерлік дәстүрлерге құрмет, парыз, абырой, ар-намыс, елі үшін өзін құрбан ету сияқты құндылықтарға көзқарас өзгеріп кетті. Әлеуметтік-адамгершілік бағыт бұрмаланып кетті, керісінше жастарға өзімшілдік тән. Күнделікті өмірде бұл жастардың маңызды азаматтық міндеттерін орындамауы, әлеуметтік және рухани толыспағандығын көрсетуі, әртүрлі діни секталарға кіруі, жасөспірімдер арасында заңсыз топтардың пайда болуы сияқты іс-әрекеттерден көрінеді. Туындап отырған жағдайлардың себебінің бірі еліміз егемендік алғаннан кейін патриоттық тәрбиенің мәні мен рөлін жете бағаламауында болып отыр. Патриоттық тәрбиенің практикадағы бай жинақталған тәжірибесінің ғана беделі түскен жоқ, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мүддесін қорғауға дайын және қабілетті патриоттық азаматтың да, яғни тұлғаны қалыптастыру мен дамыту идеясының да беделі түсіп кетті. Ал, Қазақстанда білім беру жүйесін әлемдік стандартқа жақындату саясаты жүргізіліп жатқан кезеңде, мектептердегі оқу мен тәрбие ісінің мазмұнына қазіргі талапқа сай жан-жақты ойластырылған ең тиімді жұмыс түрлері мен тәсілдерін іздестіруді талап етеді. Сондай жаңа тәсілдер туралы ой Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында [1], Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында [2, 16б. ], сондай-ақ, елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауларында [3, 4, 5] көрсетілген. Нақ осы құжаттар, заңдар бүгінгі таңда патриоттық тәрбиелеудің негізгі бағыттарын айқындап берді.

Бүгінгі таңда патриоттық ұғымы жаңа тұрғыда көрініс береді, ол елді жаудан қорғау ғана емес, сонымен қатар, ол елді тоқыраудан, космополитизмнен қорғау деп түсіну қажет. Қазіргі таңдағы патриоттық қасиеттерді қалыптастырудың ұстанатын жол - әр елдің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып модернизацияға, экономиканы көтеруге, алға жылжу үшін барлық әлеуметтік күшін жұмылдыруға, өзінің бүгіні мен болашағына немқұрайлы қараудан және енжарлық жағдайдан шығуға ұмтылу. Бұл көпұлтты және көпконфессиялы ел жағдайында шынайы патриоттыққа қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін білім беру саласы қазіргі кездегі әлеуметтік маңызды құндылықтар мен мақсаттарды қоғамның жаңа құндылық жүйесіне біріктіруі қажет. Ол ашықтықты, вариативтілікті, рухани және мәдени мазмұнға бай, ұлтаралық татулықты, толеранттылықты қамтамасыз етуге бағытталған сара жол болуы қажет.

Ал дене тәрбиесінің ілімі, педагогикалық жүйе ретінде дене шынықтыру мәдениетін, дене мүмкіндіктерін дамыту мәселесін М. Сапарбаев, Е. Уаңбаев, Ж. Оңалбек, С. Тайжанов, Б. А. Тойлыбаев, Т. Ж. Бекбатчаев, Б. Төтенаев, Т. А. Ақпаев т. б зерттеген [18] .

Оқушылардың бойында патриоттық рухта тәрбиелеуде жинақталған ғылыми қордың бар екендігін, алайда оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу қоғам сұранысынан туындаған өзекті мәселе екенін ғылыми еңбектерге жасаған талдаулар көрсетіп отыр.

Дейтұрғанмен, дене шынықтыруды оқыту үдерісінде оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мәселесіне жете көңіл бөлінбегендігі, дене шынықтыру пән ретінде, атап айтсақ, білім беру саласында маңыздылығын жете түсінбеуі, дене шынықтыру пәнінің тәрбиелік мүмкіндіктері жете қарастырылмағандығы анықталды. Бұл мәселені мақсатты түрде шешу үшін дене шынықтыру пәнінің тәрбиелік мүмкіндіктерін, оның әдіс-тәсілдерін дамыту жолдарын жете зерттеп талдау қажеттігі туындайды. Сонымен, ғылыми әдебиеттер мен білім беру саласындағы ізденістерді талдау:

- оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы жаңа тұжырымдамалық бағдарды анықтаудың қажеттілігі мен оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді дене шынықтыру пәнінің әлеуеттік мүмкіндіктері мен дене шынықтыруды оқыту арқылы патриоттық қасиеттерді ұйымдастыру жүйесінің қалыптаспағандығының арасындағы;

- оқушылардың бойында патриоттық қасиеттердің өзектілігі мен дене шынықтыруды оқыту арқылы осы мәселені шешудің ғылыми-педагогикалық негіздердің жеткіліксіз зерттелгендігінің арасындағы қарама-қайшылықтардың бар екендігін аңғартады.

Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыруды дене шынықтыру пәнінің мүмкіндіктерімен ұштастыра жүргізу мәселесі тақырыпты «Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру » деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын дене шынықтыру арқылы патриоттық қасиеттерді қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтап, әдістемелік негізін жасау және оның сабақ үлгілері.

Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін орта мектептегі патриоттық қасиеттерді қалыптастыру үдерісі.

Зерттеу пәні: дене шынықтыруды оқыту үдерісінде оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру.

Зерттеу міндеттері:

- жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын дене шынықтыруды оқыту үдерісінде патриоттық қасиеттерді қалыптастырудың теориялық негізін айқындау және мәнін ашып көрсету;

- жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына дене шынықтыру арқылы патриоттыққа тәрбие берудің бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау;

- оқушыларға патриоттық тәрбие берудің мазмұнын жетілдірудің бағдарламасын жасау, оның сабақ үлгілерін тексеріп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: мектепте дене шынықтыруды оқыту үдерісінде оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерге тәрбиелеудің тиімділігі артады, егер:

- отандық философиялық, тарихи, психологиялық, педагогикалық еңбектерде “патриот”, “патриоттық тәрбие” ұғымдарының мәні талданса; оқушыларға патриоттық қасиет берудің теориялық және әдістемелік қағидалары оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдаланылса;

- Қазақстанның өзгерген қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайында оқушыларды патриоттық қасиеттердің мазмұны ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негізделіп, оқу-тәрбие мазмұны патриоттыққа тәрбиелейтін жаңа материалдармен толықтырылса;

- дене шынықтыруды оқыту үдерісі патриоттық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталса және дене шынықтыруды оқыту арқылы патриоттық қасиеттерге тәрбиелеудің озық тәжірибелері анықталып ғылыми және әдістемелік негізі жасалса.

Зерттеудің әдістері - зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді теориялық және әдістемелік тұрғыдан талдау, сынып мұғалімдерінің патриоттық тәрбие берудегі іс-тәжірибелерімен және мекемелердің құжаттарымен (ресми материалдар, жоспарлар, бағдарлама) танысу, сауалнама және әңгімелесу, педагогикалық бақылау, баға беру.

1 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОқушылардыҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ негіздері

1. 1 Оқыту барысында оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселесі

Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару процесі өткен тарихымызды объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға, оны мектептің оқу-тәрбие үдерісінде күн талаптарына сай тиімді пайдалануға қолайлы жағдай жасауда. Ал егеменді ел болғанымыз ата-бабаларымыздың жерін, елін жаудан жан аямай қорғауының арқасында екені тарихтан белгілі. Қай ғасырда болсын, елін, халқын сүюге, яғни халқын патриоттық сезімге тәрбиелеу мәселелері назардан тыс қалып көрген емес. Қоғамның әртүрлі дамуы жағдайында бұл өткір мәселе әрқалай шешіліп отырған. Біздің пайымдауымызша, ғұлама ойшылдардың еңбектерінде бірыңғай дидактикалық, тәлімдік сарындағы ой-пікірлерімен бірге көркем эпикалық туындылардың да түпкі мағынасы тарих сабақтарын, тарихи оқиғалар өзегіндегі даналық тәлімдерді тағлым еткендігі көрінеді. Қазіргі таңда халықтық сананың қайта жаңғырған кезінде, жастарға ұлттық ерлік дәстүрге деген құрмет пен жақсы көзқарас қалыптастыра білу - педагог-тарихшылардың басты міндеттерінің бірі. Ұлттық бай мұрада “Қазақтардың қайталанбас ерлік әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние” екендігі туралы елбасы Н. Ә. Назарбаев та атап көрсеткен [19, 145 б. ] . Осыған орай, бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық оң өзгеріске байланысты бұл мәселенің көптеген салаларын ұрпақ тәрбиесіне әлі де болса бағыттауды қажеттейді. Ал, осы мәселені шешу - қазақ халқының мәдени-рухани жетістіктеріне көңіл қойып, ата-баба дәстүрін қастерлеуге, сонымен ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге зор ықпал жасайды. Осы тұрғыдан алғанда қазақ қауымының ең алғаш іргесі қаланып, рухани дамуына өз үлестерін қосып дем беруші қазақ ғұлама ғалымдарының тәлім-тәрбиелік мұрасындағы халықтық ерлік дәстүрлерінің қалыптасуына, патриоттық мәселелеріне шолу жасауды қажет деп білеміз.

Ертедегі түркілердің ерлік туралы ой-пікірлері, алғашқы педагогикалық ескерткіштер тікелей халық өмірінің, халықтық ерлік дәстүрінің ықпалымен пайда болғанын көрсетеді. Ғылымның көрнекті өкілдері, орта ғасыр мәдениеті қайраткерлерінің жерлестеріміз жинақтаған аса бай тәрбие тәжірибесін есепке алмауы мүмкін емес болатын. “Әл-Фараби трактаттарынан бастап” “Түркі тіліндегі Гүлістанға” дейінгі ерлік дәстүр баяндалған педагогикалық ой даналығына үздіксіз назар аударылғаны байқалады. Ата-баба мұралары негізінде тәлім-тәрбие барысында жеткіншектерді патриоттыққа, өз халқына деген сүйіспеншілікке, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа, кішіпейілділікке, елінің мүддесін өзінің мүддесінен жоғары қою сияқты қасиеттерге тәрбиелеу міндеті басты назарда тұрды. Осындай қасиеттердің тарихи генезисі (“genesis” грек тілінен - “шығу тегі” дегенді білдіреді) жеке мемлекеттердің құрылуы және нығаюымен, олардың ұлттық тәуелсіздігі үшін күресімен байланысты. Ұлттық патриоттыққа тәрбиелеудің генезисін тану үшін орта ғасырлық және кейінгі ұлы ойшылдар мен ғұламалардың еңбектеріне қысқаша шолу жасау қажеттілік танытады, себебі қазақ халқының ерлік дәстүрінің қалыптасуында ойшылдардың ықпалы зор болды.

Бүгінгі педагогика ғылымының басты сипаты - ежелгі түркі мұраларының даму ерекшеліктері мен тарихи үрдісіне қазіргі түркі тектес елінің педагогикасының қалыптасып, тарихи еңбектер арқылы ғылымилық көзқарастың орнығуы, болашақ ерлік мектептердің дәстүрін қалыптастырды. Ортақ қасиеттер дарытты, рухани тұтастығын көрсетті. Қорқыт ата жастарды елін, жерін сүюге, ержүрек болуға шақырады. Мысалы: “Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі… Қолыңа ұстаған болат қылышың мұқалмасын. Жауға атқан садағың өткір болсын. ” - деп кемеңгер атамыз жастарға бата беріп, батыл, ержүрек, қайсарлыққа шақырады [22, 160 б. ] .

Бұл еңбекте ғылым мен мәдениеттің әр қилы салалары әр қырынан ашылды, мінсіз қоғамның қағидалары берілді, өмірлік тәжірибелер баяндалды. Белгілі тұжырымдар негізінде адамның өмір сүруінің нақты, күнделікті бағыттары белгіленді, өмір мәні пайымдалды, министр мен қолбасшыдан бастап хатшы, елші, жазушы, жылнамашы, шарапқұюшы, аспаз, ғалым, балгер, сиқыршы, жұлдызшы, көпес, қолөнерші, егінші, малшы тағы басқа кәсіп иелеріне тән қасиеттер сипатталады.

“Құтты біліктің” Еуропа әлеміне әйгілі болуы австриялық шығыстанушы Фон Хаммер Пургисталь есімімен тікелей байланысты. Ол 1976 жылы Стамбул қаласында аталмыш қолжазбаны қолға түсіріп, Вена кітапханасына сыйға тартқан. Еңбекті алғаш рет неміс тілінде жарыққа шығарған белгілі шығыстанушы Г. Бамбери 1891-1910 жылдары дастанның түпнұсқасымен қоса, оның неміс тілінде аудармасын жариялаған. Дастанның үзінділерін тұңғыш орыс тіліне аударған С. Е. Малов, 1971 жылы М. Гребнев “Бақытты болу ғылымы” деген атпен дастанның еркін аудармасын жасады. 1986 жылы дастанды Асқар Егеубаев қазақ тіліне аударды.

Сонау ерте заман ғұламаларының бірі - Жүсіп Баласағұни өзінің классикалық “Құтадғу білік” атты еңбегінде адамды бақытқа жеткізу жолдарын, адам баласының құтты тұрмысын, әдет-ғұрпын, сана-сезімін, өмірге көзқарасын, сол кезеңде өмір сүрген түркі жұртының ерекшелігін жырлайды. “Құтты білік” халықтың құты, ырысы болған ілім. Ұрпақтарға, адамға бақыт берген, құт әкелетін білім. Ғасырлар бойы көзі ашық, көкірегі ояу ұрпаққа ерлік, адамдық, азаматтық қасиеттерін, әдеп, адалдық, ерлік дәстүрлерін сіңірген еңбек. Бұл еңбектің әр жолдарына үңілген сайын туған елдің, өскен жердің рухани байлығының өшпес қайнар көздерін сезіне түсеміз. Түркі халықтары ғылымының, тілі мен өнерінің, ерлік дәстүрлерінің тынысын байқап, құнарлы топырағының ыстық табы бойға тарайтынын сезінеміз.

“Кітап атын “Құтадғу білік” қойдым - Құтын тұтсын оқушым білікті ойдың!”- дейді Жетісудің Құзарда (Баласағұн) қаласынан шыққан ұлы ойшыл алғашқы тарауларында. Ж. Баласағұнидің “Құтты білік” деген дастанын елін сүйердің (1069 жыл) саясат, мемлекет басқару, әскерлік іс жөніндегі педагогикалық трактат десе де болады: “Білік біліп - төрден орын аларсың, Білік білсең - күшті, берік адамсың, Біліксіз тіл, жүрек неге жарасын, Жанды судай біліктен күш табасың, Қанша білсең, іздеп тағы, тағы да, Білікті адам жетер тілек, бағына” - дей келе, мұның негізін халық тәрбиесінің бастауынан табуға болатынын айтады [23, 134 б. ] . Жүсіп Баласағұни туған халқының салтын, әдет-ғұрыптарын, ерлік дәстүрлерін жақсы біледі, оның рухани өміріне тереңдей енеді. X-XI ғасырларда өмір сүріп, сол дәуірдің озық өнер туындысын дүниеге әкелген Жүсіп Баласағұни еңбегі қазіргі жастар үшін патриоттық тәрбиелік маңызы жоғары және бүгінгі таңда да өте қажет.

“Қайда жүрсең де ерлікпен қатар ақкөңілдік те керек” деген сөздер арқылы Жүсіп Баласағұни патриотты болу үшін жаман мінез, жат қылықтардан аулақ болуға шақырады. Намысты болудың түбі ар-ұяттарын таза ұстауларымен тікелей байланысты дейді. “Намыс - арын бағып, жауын сындырар” - деген тәліми өсиеті халық түсініктері арқылы жастарға халықтық ерлік тәрбие қағидалары жайында керекті құнды қасиеттерді ұсынады. Ғұламаның бұл пікірлерінде біреулердің ерлік ісін көрсең, оны ардақтай біл, күнәліні кешіре біл… Өзіңе де, өзгеге де бейбітшілік тіле… деген терең ой жатыр. “Құтты білік” қазіргі қазақ еліне байырғы елдің, мемлекеттік дәстүрін, суреткерлігін, тұрмыс-салтын, ерліктерін таныстыруымен қымбат.

Ғұламалар, халықтық тәрбие дәстүрлерін жетік білуді, баланың мінез-құлық ережелерін жүйелеуге көмектесе отырып, оларды психология жағынан қарастырады. Қазақтың халықтық педагогикасында үлкендердің, ата-аналардың жеке басының жақсы істерін үлгі ету, тәрбиеге “ұят”, “ар”, “намыс” ұғымдарын кең пайдалана отырып сендіру, үйрету, жаттықтыру, көтермелеу, мадақтау, жазалау әдістерімен үнемі жүзеге асырылып отырды. Сонымен қатар Жүсіп Баласағұни қағидасы жастарға ізгі көзқарас, балалар мен қыздар тәрбиесіне саралап қарау, жас ерекшеліктерін ескеріп отыру, ерлікке баулу, ұлттық мәдениетке, ана тіліне, туған жерге аялап қарау, қолөнерге, ұсталыққа ерте баулу сияқты мәселелерге қатты көңіл бөліп отырған. Сондықтан бұл қағида педагогикалық жүйедегі халықтық тәрбиенің негізгі өзегі болып табылады, түркі жұртының тәліми тәжірибесінің қалыптасуы осындай ойлармен сабақтас.

Ислам мәдениетіндегі софылық ағымның Сыр бойындағы өкілі Ахмет Йассауи. Ол бүкіл түркі жұртының рухани атасы болды. Ахмет Йассауи өз ілімінде психологиялық түсініктерге көңіл аударып ақиқатқа, сана-сезімге рухани жаңаруға барар жолда адам шариғат, тарихат, мағрипат, хақиқат сияқты төрт сатыдан өту керек екендігін ескертеді. Йассауитанушылар оның дүниетанымының мәні “адамның өзін-өзі тануы” арқылы “хақты тану”, яғни алғашқысы “тәуба”, соңғысы “құлдық” деген пікірді айтады [21, 425 б. ] .

Орта ғасыр ғұламалары Әл-Фараби, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, т. б. халықтардың бір-бірімен әдет-ғұрып, салт-дәстүр тұрғысынан халықтық тәліми қағидаларына сүйене отырып патриоттық тәрбиелеу керектігін ескерген. Әл-Фарабидің халықтық тәліми идеялары әлемге кең тараған, яғни әлемдік өркениетке зор үлес қосқан ойшыл ғалым. Ғұламаның елді сүйе білудің маңызын, халықтар арасындағы туысқандық пен достықты жырлайтын ой пікірлерінің жалғасы Ж. Баласағұни, М. Қашқари шығармаларында да орын алады. Ж. Баласағұнидің “Ақыл қайда болса, ұлылық толады, білім кімде болса билікті болады”, “Білім білсе, әзіз тірлік өткерер” деген ойлары халықтық тәрбиеге нақты дәлел болып сүйенеді [23, 21 б. ] . Ғұлама ғалымның ойынша, патриоттық қасиеттерді ұрпақ бойына сіңіру, жалпы түркі жұртының, тәлім-тәрбие қағидаларының басты өзегі екендігі айқындалды.

Әр халықтың ерлік дәстүрінің шығу тарихын, уақыт мезгілін, ұлттық образын, іс-әрекеттердің шын маңыздылығын ұлттық тұлғада ашып көрсету арқылы біз түркі халқының болмысын танимыз.

Іргесі берік елді Ауызы бір елді

Жау ала алмас. Дау ала алмас.

Ұлтарақтай болса да Ат төбеліндей болса да

Ата қонысы жер қымбат. Туып өскен ел қымбат.

Туған жер - тұғырың, Туған ел - қыдырың.

Атамекен туған жер - Кіндігіңді кескен жер,

Кір-қоңыңды жуған жер. Кісі болып өскен жер - деп айтып кеткен қағидаларынан бастау алатын патриоттық тәрбие мазмұны ұрпақты ауызбірлікке, елін, жерін, халқын сүюге, қорғауға ықпал жасайтын жағымды мінез-құлықтық қасиеттерге баулиды.

Біз ата-баба тәрбиесі ұлағатының қазіргі қазақ халқының жас ұрпағының дінінде, ділінде, рухани дүниесінде қайта жандануына күш салуымыз керек. Бұл мақсатты іске асыру үшін ұлттық тәрбиеміздің көне бастауларына көз жіберіп, ғұламалардың еңбектерін қарастырдық.

Ежелгі қазақ даласында тәрбие ісі негізделген рухани тұғырлар халықтың бала тәрбиелеу дәстүрінен туындап отырған. Бұл дәстүрдің тарихи тамыры терең және жан-жақты, онда түркі жұртының тәжірибесінен тиянақты түйіні тұжырымдалып, белгілі заңдылық деңгейіне көтерілген. Біз ата-баба мұраларын саралай келе, ата-бабаларымыз жастарды:

- тіл алғыш елгезек болуға үйреткендігін,

- адалдық пен шындыққа баулуды көздегендігін,

- білгір бол, білікті бол, ұстаз бен ғалымның, көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңда, ақпа құлақ болма, құйма құлақ бол дегенді бойларына сіңіре білгендігін,

- үлкенді, ата-ананы сыйлауға үйретуді басты міндет етіп қойғандығын,

- ел қорғаны батыр бол, халқыңа қызмет ет деп үйреткендігін, яғни осындай тәрбиелік мәні зор өсиеттердің әрқашанда басты ұстанымда болғандығын көреміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру
Дене мәдениеті және спорт факультеті
Мектеп жасындағы балалардың дене шынықтыру және спортпен айналысуға мотивациясын қалыптастыру әдістемесін ғылыми түрде негіздеу және тиімділігін анықтау
Эстетикалық және дене тәрбиесі істері
Дене мәдениеті
Спорттың балаларға берері көп
Мектеп жасына дейінгі балабақшадағы дене шынықтырусабағындағы спорттық жаттығулар
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz