Қызылорда облысының жер бедері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Шындалы Шәкірат

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАЛАРЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы «5B060900 - География»

Алматы 2020

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
Кіріспе: 1 Қызылорда облысының табиғи-климаттық ресурстарына сипаттама
:
Кіріспе: 1. 1 Географиялық орны, жер бедері және геоморфологиялық жағдайы
:
Кіріспе: 1. 2 Климаты, агроклиматтық ресурстары және олардын, мал шаруашылығын дамытудағы маңызы
:
Кіріспе: 1. 3 Жер беті, жер асты сулары
:
Кіріспе: 1. 4 Топырақ жамылғысы мен өсімдіктер дүниесі және оларды мал шаруашылығын дамытуда табиғи жайылым ретінде пайдалану жағдайы
:
Кіріспе: 2 Қызылорда облысындағы мал шаруашылығы салаларының орналасу ерекшелігі
:
Кіріспе: 2. 1 Ірі қара мал шаруашылығы
:
Кіріспе: 2. 2 Қой-ешкі шаруашылығы
:
Кіріспе: 2. 3 Жылқы шаруашылығы
:
Кіріспе: 2. 4 Түйе шаруашылығы
:
Кіріспе: 3 Қызылорда облысында мал шаруашылығының даму болашағы
:
Кіріспе: 3. 1 Өңірдегі мал шаруашылығын асылдандыру бағытындағы іс-шаралар
:
Кіріспе: 3. 2 Мал шаруашылығын дамыту мәселелері
:
Кіріспе: Қорытынды
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер
:

1 ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ РЕСУРСТАРЫНА СИПАТТАМА

1. 1 Географиялық орны, жер бедері және геоморфологиялық жағдайы

Қызылорда облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Жер аумағы 226 мың км 2 (Қазақстан жерінің 8, 3%-ы) . Облыс Арал теңізінің шығысында Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Аумақтың негізгі бөлігі Тұран ойпатында орналасқан (биіктігі 50-200 м. )

  • облыстың батыс бөлігі Арал теңізімен шектеседі;
  • оңтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында Қаратаудың тау жоталары мен жазықтығы орналасқан;
  • батысында - Қарақұм арал маңы құмдарының төбелері бар.

1. 1-сурет - Қызылорда облысының территориясы

Солтүстігінде Қарағанды, солтүстік-батысында Ақтөбе облыстарымен, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен, шығысында Түркістан облысымен шектеседі.
Облыс құрамында 7 әкімшілік аудан, 3 қала бар:

  1. Арал ауданы, орталығы - Арал қаласы
  2. Қазалы ауданы, орталығы - Әйтеке би кенті
  3. Қармақшы ауданы, орталығы - Жосалы
  4. Жалағаш ауданы, орталығы - Жалағаш кенті
  5. Сырдария ауданы, орталығы - Тереңөзек
  6. Шиелі ауданы, орталығы - Шиелі
  7. Жаңақорған ауданы, орталығы - Жаңақорған кенті

Жер бедеріне келер болсақ. Қызылорда облысының жер бедері сипаты бойынша әртүрлі ерекшеліктерімен қатар ерекше әсер қалдырады. Ландшафттық ерекшеліктердің біріне Сырдарияны жатқызсақ болады. Сырдария - өңірдің барлық өсімдіктеріне жан бітірген, жабайылығы мен қатар ашылмаған сырларымен көзге түседі.

C:\Users\Шакират\Desktop\Дипломдық жұмыс!\Ландшафт Қызылорда.jpg

1. 2-сурет - Қызылорда облысының жер бедері

Оңтүстігінде Қаратау жотасының қатаң шыңдарын, шағын алқаптарынан кристальды тіл үйірер мөлдір бұлақтарын кездестіреміз. Жасыл кілемдей төселген жайылымдар ұзақ және қиын жолдан шаршағанды басуға шақырып тұрғандай кейіпке ендіреді.

Оңтүстік-шығыс бөлігі Қызылқұм шөлінің ыстық құмдарымен көмілген. Бұл аймақтың мәңгілікке естен кетпес ерекшеліктері ми қайнатар ыстығы мен айғай құмдары, ою-өрнектердей бейнеленген сілемдері болып табылады. Солтүсітігінде көккімбек суымен құмды жағалаулармен Арал теңізі орналасқан. Мұнда, бірқатар тізілген жабайы құстар мен сирек кездесетін дала жануарларының топ-тобын көруге болады. Теңіз толқынының жағаны шайуы ежелгі, тарихи көне құрылыстарыдың қирауын көз алдымызға көрсетіп, орта ғасырларға сапар шерткізеді. Бұл жерден балық аулау кемелерімен, камаланың үлкен ауларын көруге болады.

Көне керуен жолдарының мыңдаған бағыттары, сонымен қатар батыстан шығысқа, оңтүстіктен солтүстікке қарағанда шегі жоқ даланың көрінісі Қызылорда облысының жер бедерінің басты бірден-бір ерекшелігі.

Жазықтар мен ойпаттар

Облыс Тұран ойпатының жазықтау келген кең-байтақ алқабын алып жатыр. Жазықтың басым бөлігі Сырдария, Сарысу өзендері, ежелгі Қызылқұмды кесіп өткен Іңкәрдария, Қуаңдария, Жаңадария өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады. Облыс аумағынан ағып өтетін Сырдария өзені бойында геологиялық деректер бойынша екі үлкен қазаншұңқыр болған. Оның бірі Қызылорда қазаншұңқыры. Ол Сырдария, Сарысу өзендерінің таудан ағызып келген шөгінділерімен толған. Қызылорда қазаншұңқыры сумен келген шөгінді жыныстармен толып, қазіргі жер бедері пішіні қалыптасқан. Бұл аймақ оңтүстік шығысында Қаратау, оңтүстік батысында Қызылқұм төбелерінің аралығын ала Сырдария өзені аралық бағытымен кең жайылып жатыр. Қазаншұңқыр ұсақ тас аралас құм мен садан, құмдақ пен құм аралас шөгінділермен толған. Облыстың солтүстік батысындағы екінші қазаншұңқырда Арал теңізі орналасқан. Қазаншұңқырдың батысы және солтүстік жағалауы тік, ал шығысы мен оңтүстік жағалауы қайранды, құмды және тайыз. Бұл теңізге құятын өзен суының әрекеттерінен болған. Сонымен қатар, желдің әрекетінен өзгеріп тұратын құмдар арасында эолдық шұңқырлар кездеседі, олар кейде жауын-шашын, еспе суларға толып, уақытша көлшіктер түзейді.

Жер бедерінің кейінгі өзгерістеріне ауыл шаруашылығы үлкен әсер етті. Он мыңдаған жерлер тегістеліп егістікке айналдырылды, ол жерлерге су жеткізу мақстаныда жасанды каналдар қазылды. Оларға 1966-1968 жылдары салынған «Әйтек», «Келінтөбе» каналы, Қызылорда су торабының сол жағалық каналы, Шиелі-Телікөл жатқызуға болады.

Облыс аумағында салыстырмалы түрде бірнеше ірі жазықтар орналасқан.

Бикесары жазығында щаруашылық мәні біршама, жеткілікті өсімдік жамылғысы бар ежелгі төбешік құмдар кең тараған. Бикесарыға қатарласа Дариялық тақыр қатар жатыр. Егер су көзін тапса шаруашылыққа пайдалануға болады.

Жаңадария жазығы 1848, 25 мың га жерді алып жатыр. Негізгі топырақ жамылғысы - шөлдің тақыр тәріздес топырағы, сорлау, сортаңды, сор топырақтардан тұрады, оның бетін құм жапқан. Жел үрлеген жерлерде ойдым-ойдым тақырлар кездеседі. Жазықтың көп жері өте құрғақ болғандықтан жайылымы да құнарсыз. Ал оңтүстік шығыс бөлігінде соры шамалы топырақ жамылғысы бар, мұнда суармалы егіншілікті дамытуға болады.

Қуаңдария жазығы 625, 25 мың га жерді алып жатыр. Біршама тегіс жазық. Топырақ жамылғысы сорланған тақыр тәріздес. Мал шаруашылығы үшін көктем-қыс айларында өте тиімді жайылым ретінде пайдаланылады. Жер асты және аретезиан суларын пайдалануға болады.

Облыс аумағында бұлардан басқа Айкөлдің жазығы, Қоскөңнің жазығы, Кесікқырдың жазығы деген жерлер бар.

Төбелер мен қыраттар

Облыстың жазық өңірінде әр жерде жатаған жусан өскен шағын құм төбелер мен жал-жал бұйраттар ұшырасады. Мұндай бұйрат құмдар Қуаңдария мен Жаңадария өзендері аралығында үлкен аумақты алып жатыр. Кей жерлерде жазық бетінде жалғыз төбелер кездеседі, олар: Аққыр, Қарақ, Жосалы, Жетітөбе, Қостөбе, Көксеңгір, т. б. Бұл төбелердің биіктігі 60м-ден 80м-ге дейін жетеді. Кейбіреулері желдің ұру әсерінен тік жарлы шоқылар құрайды. Сондай-ақ, облыс жерінде ертеден қалған тарихи қорғандардың орындары көп. Олар: Ордакент, Сығанақ; асалар: Жалпақасарлар, Жетіасар, Құмқала, Шірік, Рабат., т. б.

Геоморфологиялық пайда болуымен қалыптасу нысандарына келер болсақ. Облыс аумағының жер бедері ұзақ уақыт бойы жердің сыртқы және ішкі күштерінің әсер етуі нәтижесінде қалыптасқан. Жүздеген милион жылдар бойына бірнеше рет теңіз суы басып, астында қалып отырды. Сонымен бірге, жер бетінің көтеріліп, керісінше төмен түсуі секілді күрделі процестер жүріп отырды. Кайназой эрасының басында облыс аумағы біржола құрлыққа айналды. Биік жерлердегі бұзылған тау жыныстарының ойыстарға жиналуынан аккумуляттік жазықтар пайда болды. Осы кезде теңіздің шығыстағы шекарасы шамамен Сырдария өзенінің төменгі ағысына дейін жеткен. Неогеннің басында жер қыртысында бірнеше дүркін қозғалыстар болды, бірақ жер бедері ешқандай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Батыстағы Үстірт Хазар теңізінен көтеріліп, Арал теңізі дараланды. Содан бері де бұл теңіз суы солтүстікке, оңтүстік-шығысқа жайылған, кей жылдары кейінге шегінген, кейде суы молайып, бір-бірімен қайта қосылып отырған. Жазық жерлерде денудациялық процестердің әсерінен саздақты, құмдақ, әр түсті саз балшық қабаттары жиналды. Неогеннің аяғында аридтік климат үстем болып, соған байланысты бұрынғы сирек орманның орнына шөл және қуаң далалы өңір қалыптасты. Төрттік дәуірдің орта кезінде Әмудария өзенінің Қарақұм құмды алқабының солтүстік бөлігімен өтуіне байланысты Арал теңізінің суы молая түсті. Арал маңы ойпатының оңтүстік шығыс жағынан төмен Сырдария немесе Қызылорда ойпаты басталды және ол шығыста Түркістан қаласы тұсына дейін созылды. Арал теңізіне қарай көптеген ежелгі өзен аңғарлары тармақталып жетеді, оларға Іңкәрдария, Жаңадария, Қуаңдария сияқты өзендердің арналары дәлел бола алады. Сырдарияның оң жағалаулық аңғарын Дариялықтақыр жазығы алып жатыр. Қызылқұм жазығынынң солтүстік жазығы ғана Қызылорда аумағына енеді, яғни Сырдария өзенінің аңғары мен Жаңадария өзенінің аңғары аралығы. Мұндағы тұтас құмды алқаптың біраз бөлігі өсімдіктермен бекіген.

C:\Users\Шакират\Desktop\Дипломдық жұмыс!\Геоморфологиялық картасы.jpg

1. 3-сурет - Қызылорда облысының геомофологиялық

Картасы

Облыс жер бедерінің басым бөлігі тегіс, кей жерлері белесті, адырлы болып келеді. Әр жерлерде көзге алыстан көрінетін оқщау төбелер, шоқылар кездеседі. Жазықтықтың биіктіктері Сырдария өзенінің ағысымен біртіндеп төмендейді. Ол оңтүстік шығыста 200м-ден, Сырдарияның төменгі атырауына Арал теңізі жағалауында 50-53м-ге дейін төмендейді. Облыстың қиыр оңтүстік шығысында Қаратау жотасының солтүстік батыс бөлігі кіреді. Оның беткейлері тар шатқалды, тек тар көктемде ғана су жүретін өзен аңғарларымен тілімденген. Облыс аумағының жер бедерін үш геометриялық ауданға бөліп қарастыруға болады. Олар: аллювилі жазық және Сырдария аңғары; эолды-құмды жазықтар; Арал теңіз жағасы және бұрынғы теңіз табаны.

Бірінші геоморфологиялық ауданға Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы аудан орталықтары мен Қызылорда қаласының жерлері жатады. Эолды-құмды жазықтарға Сырдария өзенінің сол жағалауындағы Қызылқұм құмдары кіреді. Оның жер бедерінің құрылымы негізінен, құм төбелі аккумулятивтік эолды-аллювийлі жазық болып келеді. Құм төбешіктер аралығында тақыр жерлер кездеседі. Арал теңізінің жағалық өз алдына жеке аудан. Сондықтан теңіздің судан жалаңаштанған шығыс жағалары төрттік дәуірдің шөгінділерінің түзілген жазық және ойпатты келген, кей жерлерде құмды аралдар кездеседі. Ал теңіздің солтүстік жағалары биіктеу болып келеді. Түбектерде палеоген жыныстары жер бетіне шығып жатыр.

1. 2 Климаты, агроклиматтық ресурстары және олардын, мал шаруашылығын дамытудағы маңызы

Облыстың климаты тым континентті, қысы суық қары аз, жазы аңызақты, ыстық, ең жоғарғы температурасы 40-42 0 С көрсететеді. Әсіресе климаты Орталық Азия үшін басты циклонды атқаратын ерекше және ауыспалы әуе массасы атмосфералық процестермен анықталады. Батыстың ылғалы және солтүстіктің суық әуе массасы ауа температурасының төмендеуіне және облыс территориясының шөгуіне алып келеді. Күзгі-қысқы мезгілде Қызылорда облысында ашық құрғақ күндер болады. Көбінесе жылдың салқын мезгілінде Сырдария өзенінің сағасы ұзақ шөгулі салқын ауа райын тудыратын баяу циклонды туындатады.

Климатының мұндай жағдайлары облыс жерін Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдала және Тұран ойпатының қоршай орналасуы әсерінен қалыптасқан. Ауаның орташа температурасы қаңтарда -7-13 0 С, шілдеде 26-28 0 С. Кей жылдары қыста температура -40 0 С-қа дейін төмендейді. Жазда максимум температура 42-44 0 С-қа дейін жетеді. Құм 60-70 0 С дейін қызады. Жылдың 235-275 күнін 0 0 С-тан жоғары жылы күндер құрайды. Құрғақшылық соңғы 30 жылда жиі байқалып келеді, бұл облыс климатына тән. Қар жамылғысы тұрақсыз. Алғашқы қар қарашаның 2-жартысында түседі. Ал, жылыну жылдың басында, ақпан айының екінші, үшінші онкүндігінен басталады. Облыс аумағында ауаның салыстырмалы ылғалдылығы қысты күндері аз өзгереді, орташа алғанда 70-80%. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының төмендеуі күннің жылыуымен басталады(ақпан айынан) да, жаз айларында 11-16%-ға төмендейді. Қызылорда қаласының маңында солтүстік шығыс пен солтүстік батыс желдері басым болады. Желдің орташа жылдамдығы облыс аумағының басым бөлігінде 3-5 м/с көрсетеді. Облыс аумағында жылы мезгілдің басталуымен бірге шаңды дауылдар байқалады. Аудандардың көбінде жылдың бір мезгілінде 2-ден 20 күнге дейін, Қызылорда қаласына 30 күнге дейін желді күндер болып тұрады.

Қаңтар
-6 0 С
Қаңтар: Ақпан
-60С: -5 0 С
Қаңтар: Наурыз
-60С: 3 0 С
Қаңтар: Сәуір
-60С: 18 0 С
Қаңтар: Мамыр
-60С: 26 0 С
Қаңтар: Маусым
-60С: 32 0 С
Қаңтар: Шілде
-60С: 35 0 С
Қаңтар: Тамыз
-60С: 32 0 С
Қаңтар: Қыркүйек
-60С: 25 0 С
Қаңтар: Қазан
-60С: 15 0 С
Қаңтар: Қараша
-60С: 5 0 С
Қаңтар: Желтоқсан
-60С: -2 0 С

1. 4-сурет. Қызылорда облысының жылдық

орташа температурасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда облысының территориясы
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қызылорда облысы
Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің тарихи карталарын құрастыру негіздері
Туған жер туралы
Байқоңыр ғарыш аймағын зерттеуде гаж технологиясын қолдану
Қызылорда облысының физикалық-географиялық орнына сипаттама беру
Сырдария өзені алабының төменгі бөлігін ГАЖ технологиясымен зерттеу
Оңтүстік Қазақстан облысының каналдарының ерекшелігі
Қызылорда қаласының физикалық географиялық және экономикалық жағдайына сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz