Жобаның міндеттері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОБА

Тақырыбы:

«Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту»

Мазмұны

  1. Кіріспе . . . 2бет

1. 1 . Жобаның қысқаша сипаттамасы . . . 2бет

1. 2 . Жобаның мақсаты мен міндеттері . . . 3бет

1. 3 . Күтілетін нәтиже . . . . . . 3бет

  1. Жобаның негізгі мазмұны. . . . . . 3бет

2. 1 . Теориялық сипаттамасы . . . 3бет

2. 2 . Жоба өнімінің сипаттамасы . . . . . . 7бет

2. 3 . Жобаны жүзеге асырудағы іс-әрекеттер . . . 8бет

  1. Қорытынды . . . 12бет
  2. Әдебиеттер . . . 13бет

Эпиграф

«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі»

Питер Клайн

Өзектілігі:

Жаңаша оқыту технологиясы негізінде интерактивті оқыту әдістерін пайдаланып, жан-жақты жұмыстана алатын, зерттеушілік қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру

1. Кіріспе

1. 1 . Жобаның қысқаша сипаттамасы

Жоба тақырыбымен жұмыс барысында төмендегідей проблемаларды

анықтауға болады.

Оқушылар:

  • әрдайым алған білімдерін практикада қолдана алмайды;
  • таныс емес жағдай негізінде логикалық есептерді шешуде қиындықтарға кездеседі;
  • пәнаралық байланыс қолданылған тапсырмаларды орындай алмайды.

2009 жылғы 15-жасар оқушылардың жаратылыстану ғылыми сауаттылығын тексеру мақсатындағы PISA зерттеулеріне Қазақстанда қатысқан болатын.

Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге ұмтылыс бар. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Осы себептен де әр ұстаздың алдында оқушыға жаңаша білім беру үрдісін қалыптастыру міндеті тұр десек, сол міндеттің бірі оқушының өз бетімен білім алуға құлшынысын арттыру, әр түрлі әдіс тәсілдер арқылы олардың ізденушілік қабілеттерін дамыту болып саналады.

1. 2 . Жобаның мақсаты мен міндеттері:

Жобаның мақсаты:

Жас ұрпақтың терең білім алып, ой-өрісін өсіріп, шығармашылықпен жұмыс істей алуына жағдай туғызу, сөйтіп әрбір оқушының өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығуын қанағаттандыруына ынталандыру, бойындағы қабілетіне сай білімін ұштауына ықпал жасау.

Жобаның міндеттері:

  • Бала бойындағы бейімділікті байқай алу;
  • Қабілетті оқушыларды ерте анықтау;
  • Қабілетті оқушыларды анықтай отырып, оларды тәрбиелеп, білім

беру жүйесін жетілдіру;

  • Оқушының дүниетанымын кеңейту, оларды зерттеушілік

қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерін жетілдіру.

1. 3. Күтілетін нәтиже:

Оқушылар бойындағы бейімділік пен талантын, танымдық, ізденушілік қабілеттерін зерттеу негізінде қазіргі заман талабына сай шығармашыл тұлға қалыптастыру.

2. Жобаның негізгі мазмұны

2. 1. Теориялық сипаттамасы

Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шындалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030» Қазақстан халқына жолдауында қазақстандықтардың өмір сапасының артуындағы міндеттердің бірі осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті»- делінген.

Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз. Біздің міндетіміз дүниежүзіндегі жаңалықтармен, жауапкершілік, ерік күш сезімдерін сіңіру, яғни олардың дамуына үлкен мән беру. Ал дамудың негізі - білімде.

Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының дербестігін, іздемпаздығын, белсенділігін мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктіліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты. Мектеп оқушысы жаңаша өмір сүріп қоймай, қоғамның әлеуметтік, құқықтық, экономикалық нормаларын меңгере отырып, қоғам мен тығыз байланыста болуын дамыту .

Жүсіпбек Аймауытов “Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен бір жаңалық болуы керек”, - деп баса көрсеткен болатын .

Олай болса, аталған мақсатқа жетудің міндеттеріне тоқтала кетейік:

1) оқушылардың теориялық білімдерін шыңдау

2) оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру

3) шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелері оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері ретінде төменде берілген:

  • таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы;
  • өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;
  • оқу-танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау білігі;
  • игерілген білімді тасымалдай білуі;
  • өз іс- әрекетін бақылауы, бағалауы;

Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өздігінен шешуге ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс- әрекетін бақылап, бағалай білумен сипатталады. Орта деңгейде оқушы танымдық іс-әрекет деңгейін өздігінен орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен сипатталады, төменгі деңгейде оқушы тапсырманы қайталаумен шектеліп, оқытушының көмегімен орындалады.

  • Маған айтшы - мен ұмытып қаламын;
  • маған көрсетші - менің есімде қалады;
  • өзіме істетші -мен сонда түсінемін

Уильям Глассер зерттеулері бойынша оқушы:

  • 10% оқығанынан,
  • 20% естігенінен,
  • 30% көргенінен,
  • 50% көріп, естігенінен,
  • 70% басқалармен бірге талқылағанынан,
  • 80% өзі сезінгенінен,
  • 95% басқа біреуге үйреткенінен қабылдайды екен.

Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % - ын және көргенінің 20 % - ын есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. Оқушы қабылдау түрлерімен бір мезгілде жұмыс жасаса, қабылдау күшейеді.

дыбыс

Мәтін

бейне

анимация

графика

Оқушы

2. 2. Жоба өнімінің сипаттамасы

Мектептегі ізденіс жұмысының және оқушының ойлау қабілеттінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі - баланың пәнге деген қызығушылығын анықтау, тәрбиелеу, жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік көрсету. Осы қағиданың негізінде ерекше қабілеті бар балалар ізденіс жұмыстарына белсенді қатысып тартылады.

Іздену жұмыстары арқылы оқушының ойлау қабілетін анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау. Балалардың ізденіс жұмысқа бейімделуі - терең білімнің негізі болып ғана емес, оқушының ойлау қабілетінің даму кепілі болып табылады.

Оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең тиімдісі (ізденушілік ) - оқушының ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы керек. Ендеше мектепте оқушыны ізденіс жұмысына қатыстыра отырып ғылыми мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттін ашуларын көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді ізденіс жұмыс түрінің бірі - оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.

Зерттеушілік процесс барысында оқушылар белгілі фактілер мен құбылыстарға берілетін түсініктемелер мен дәлелдеулерді өз бетінше іздестіріп, түсінуіне тура келеді. Ол - есеп шығарудан рухани қанағаттануы мен эстетикалық ләззат алуы және зерттеу мақсатына жету мүмкіншілігіне сенімді болуы. Оқушыларды физикалық зерттеу әдісіне үйрету, оларға зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру арқылы физикалық танымдық қабілетін дамытуға мүмкіндік тудырады.

2. 3 . Жобаны жүзеге асырудағы іс-әрекеттер

Физиканы оқыту үрдісінде оқушылардың оқу- танымдық іс-әрекетін көтеру оқу уақытын көп жұмсауды қажет етеді. Осыған байланысты сабақта құрал жабдықтардың, есептерді шығаруда дайын сызбалар мен жазулардың, қолдан жасалған дидактикалық материалдардың тиімділігі зор.

Оқыту процесі шығармашылықпен ұйымдастырылса, онда оқушылардың білім дәрежесі оқытушы айтқан сөздерден емес, өздерінің ізденуі және есеп шығару әдістерін іздеу арқылы қалыптасады.

Оқу-зерттеу әрекеті - шығармашылық топтың немесе жеке оқушылардың алдын-ала нәтижесі белгісіз ізденушілік әрекеті.

Кіріктірілген зерттеу-сабақтар

Сынып
Тақырып
Оқылатын құбылыстар
Сынып: 8
Тақырып: Көз. Көру жүйесі. Линзалар
Оқылатын құбылыстар: Жарықтың сынуы. Көздің құрылысы, көздің ақауларының пайда болу себептері
Сынып: 8
Тақырып: Қан және қанайналым
Оқылатын құбылыстар: Сұйықтардың қозғалысы
Сынып: 8
Тақырып: Фотосинтез
Оқылатын құбылыстар: Жарық кванттарының жұтылуы, энергия айналымы
Сынып: 9
Тақырып: Радиоактивтілік
Оқылатын құбылыстар: Радиоактивті сәулелерден биологиялық қорғану
Сынып: 8
Тақырып: Жарық көздері
Оқылатын құбылыстар: Әдеби теңеулер
Сынып: 9
Тақырып: Инерция
Оқылатын құбылыстар: Рольдік ойын, тарих

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде өз тәжірибемде педагогикалық технологияларының бірнешеуін -модульдік оқыту технологиясын, деңгейлік саралау, СТО технологиясының элементтерін қолданамын.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін

а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,

б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,

в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отыру керек.

Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдану барысында көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:

1) сабақтың мазмұны,

2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,

3) сабақтың нәтижелігі.

Жалпы, оқытудағы мақсат оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. 9-сыныпта «Бүкіл әлемдік тартылыс» тарауын қайталау мақсатында өткізген сабағымның құрылымы ұжымдық оқыту, саралап, деңгейлеп оқыту. Тарау бойынша топқа бөліп, әр топқа осы тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі уақыттағы жобалық менеджментке жағдайына шолу
Практикалық жобалар
Инвестициялық жобаны бизнес жоспарлау және оны басқару
Гранттық жобамен жұмыс жасау кезеңдері
Жобаның қаржылық талдауын және экономикалык талдауын айқындау
Бағдарлама сипаттамасы
Жобаның мақсаты
Мемлекеттік тілді (қазақ тілін) қашықтан оқыту
Кәсіпорын - нарықтық экономиканың субъектісі ретінде
Курстық жобаның тақырыбы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz