Қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жасау


Мазмұны
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасы тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан тұлға тәрбиелеу» - деп көрсетілген. Осыған байланысты, жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыру - қазіргі кездегі тәрбие мен білім берудің басты көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде бала құқығын қорғауға бағытталған тұлғаға бағдарланған тәсілдің дамуында психологтар, әлеуметтік педагогтар, мектеп инспекторлары және әлеуметтік жұмыскерлер үлкен ролге ие. Бала тұлғасына құрметпен қарау, әлеуметтік өмірге дайындау елімізде қазіргі таңда болып жатқан бала мәселесіне қатысты барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру тиімділігін арттырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрамыз» деген. Бұл, яғни бәсекеге қабілетті ел болу үшін жас ұрпақты тәрбиелей білуіміз керектігі. Тәрбие отбасынан басталады. Балаға тәрбие беріп, өмірге қосуы, ол - ата-ананың жауапты ісі.
Тәрбие ұғымы мәнді де мағыналы ұғым, Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім, ол адамзаттың қас жауы» дегені дәл бүгінгі күнге айтылған секілді [1] . Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде қиын балалар көбірек кездесетіні белгілі, «Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар». Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, топтастарымен үнемі тіл табыса аламайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан) балаларды қиын балалар және қиын жасөспірімдер қатарына жатқызуға болады. Қазіргі уақытта дәрігер, психологтар және инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр. Бұл қоғамның алға басуына өз кесірін тигізетін де белгілі. Осы жоғарыда айтылып өткен қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жасау бүгінгі күннің қажетті және өзекті ісі болып табылады.
Зерттеу нысаны. Жалпы орта білім беру жүйесінде қиын жасөспірімді қайта тәрбиелеу үрдісі.
Зерттеу пәні. Жалпы орта білім беру жүйесінде әлеуметтік педагог жұмысының қиын баланы қайта тәрбиелеу және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жолдары.
Зерттеу мақсаты. Жалпы орта білім беру деңгейіндегі қиын жасөспірімдермен әлеуметтік жұмысты жаңарту жолдарын айқындай отырып, оны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндігін ашу.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер қиын бала анықтамасына ғылыми-педагогикалық тұрғыда жан-жақты тұлғалық-бағдарлық негізде талдау жасалып, тәлімдік мәні айқындалса және ол әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілсе, онда қиын балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқындағы өзіндік дара, табиғи ерекшеліктерін ескере отырып, қайта тәрбиелеудің тиімді жолын жасауға мүмкіндік кеңейеді.
Зерттеу міндеттері:
- қиын жасөспірімдердің пайда болу себептерінің ғылыми-педагогикалық негізін жүйеге келтіру;
- қиын жасөспірімдерге әлеуметтік педагогикалық көмек көрсетуде отбасы және мектептің өзара байланысын анықтау;
- қиын жасөспірімді әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан әлеуметтік педагогикалық қорғау жұмыстарын айқындау;
- қиын жасөспірімді қоғамға қайта қосудағы әлеуметтік жұмысты әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.
Зерттеудің ғылыми-теориялық жаңалығы және маңыздылығы:
- қиын жасөспірімдердің пайда болу себептерінің ғылыми-педагогикалық негізі жүйеге келтірілді;
- қиын жасөспірімдерге әлеуметтік педагогикалық көмек көрсетуде отбасы және мектептің өзара байланысы анықталды;
- қиын жасөспірімді әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан әлеуметтік педагогикалық қорғау жұмыстары айқындалды;
- қиын жасөспірімді қоғамға қайта қосудағы әлеуметтік жұмыс әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілді.
Зерттеу әдістері. Материалды теориялық жағынан өңдеу, жүйелеу, зерттеу нәтижелерін мақұлдаудан өткізу, дипломдық жұмысты әдеби жағынан редакциялап өңдеу. Теориялық деңгей әдістерін қолдана отырып, тәрбие жұмысының нәтижесін есепке алу мен бағалау.
Зерттеу базасы. Павлодар қаласындағы №35 жалпы орта білім беру мектебі.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиет және қосымшадан тұрады.
1 Қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жасаудың ғылыми-теориялық негіздері
1. 1 Жасөспірімдер арасында ауытқушылық мінез-құлықтың пайда болу себептері
Қандай қоғамда болмасын, тіпті дамудың қандай сатысында болса да өзіне ерекше назар аударуды қажет ететін адамдар кездеседі. Олар дене немесе психологиялық, әлеуметтік жағынан ауытқулары бар адамдар болып табылады. Ондай адамдар қашанда басқа адамдар тобынан ерекшеленіп тұрады. Мұндай адамдардың қасиеттерімен мүмкіндіктерін қалыпты жағдайдағы талаптарға сәйкес келмейді деп айтуға болады.
В. Т. Кондрашенковтың тұжырымы бойынша балаларда кездесетін өзін-өзі сыйлауының төмендігі девиантты мінез-құлықтың барлық түрінде көрініс береді, сондай-ақ қылмыстық топқа ену арқылы құқық бұзушылық әрекетінің болуы, наша қолдану, ішкіштік, агрессия, суицидті мінез-құлық және әртүрлі психологиялық бұзылулар орын алады. Осыған байланысты әдебиеттерде девиацияға мынадай себептер негіз болады:
1. Девиантты мінез-құлық көрсетудің негізгі себебі - өзін-өзі сыйлауының төмен болуы, өйткені индивид қоғамдағы өзінің қылықтары арқылы жағымсыз қатынастарды табады;
2. Өзін-өзі сыйлауы төмен антинормативті мінез-құлқының өсуіне байланысты анти әлеуметтік топтың әрекеттеріне қосылып, өзінің статусын құрдастарының арасында көтеруге тырысады;
3. Кейбір жасөспірімдерде девиантты мінез-құлық өзін өзгелерге сыйлату үшін жасаған шаралар болуы мүмкін.
Жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқулар туа пайда болмайды, олар физиологиялық ауытқулардан емес, отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуінің салдарынан пайда болады. Осы аталған ауытқу девиантты мінез-құлықтың шығуына алып келеді.
Көптеген ғалымдар (И. А. Невский, Л. С. Колесова) жүргізген зертеулер барысындағы сауалнамалар девиантты мінез-құлық көрсетуге әсер ететін сыртқы факторларды келесі топтарға бөліп көрсетуге мүмкіндік береді [2] :
1. Индивидтің әлеуметтік бейімделуінде қиындық туғызатын, ассоциалдық мінез-құлықтың алғышартының психобиологиялық деңгейіне ықпал ететін индивидтік фактор;
2. Мектептегі және отбасындағы тәрбиенің олқылығынан пайда болатын психологиялық-педагогикалық фактор;
3. Кәмелетке толмаған баланың отбасындағы, ауласындағы, оқу-тәрбие ұжымындағы жақын құрбыларымен болған жағымсыз қарым-қатынасының ерекшелігін айқындайтын әлеуметтік-психологиялық фактор;
4. Өзі қалаған қарым-қатынас ортасындағы индивидтерді белсенді таңдау қатынасына, қоршаған ортадағы құндылықтар мен нормаларға, отбасының, мектептің және қоршаған ортаның, сондай-ақ өзінің жеке құндылық бағдары мен мінез-құлқын өздігінен реттеушілік қабілетінен туындайтын жеке тұлғалық фактор;
5. Қоғамда өмір сүрудің әлеуметтік және әлеуметтік-экономикалық жағдайларын айқындайтын әлеуметтік фактор.
Көп жағдайда девианты мінез-құлықтың пайда болуына әлеуметтік факторлар түрткі болады (мектептегі қиындықтар, өмірдегі соққылы оқиғалар, девиантты субмәдениеттің ықпалы және т. б. ) .
Ал жеке тұлғалық факторға келетін болсақ, ең маңыздысы және үнемі кездесіп отыратын жағдай ‒ баланың өзіне бақылау жасамауы мен өзін дамытуға деген назардың төмен болғандықтан, өзіне деген құрмет пен өзіне берген бағасының төмендігі. Бұл екі фактор арасындағы өзара байланысты Американдық психолог К. Кэплан девиантты мінез-құлық теориясы тұрғысынан зерттеген. Сонда жасаған тұжырымы бойынша девиантты мінез-құлықты балалардың дені өздерін құрметтемейді, өздеріне деген сенім мен өзіндік баға өте төмен болады екен. Әдетте әрбір адам «Мен» концепциясын іштей жоғары қоюға тырысады, өзіне деген бағаның төмендігі адамды қолайсыз күйге түсіреді, ал өзіңді мойындаған кезде жаныңды жаралайтын қобалжу мен уайымнан құтылғандай сезінесің. Бұл күй баланың өзін-өзі төмендетуінің субъективті ықтималдығын азайтуға және өзін қабылдауға деген субъективті ықтималдылықты арттыруына мүмкіндік береді.
Баланың өзіне деген бағасының төмендігі девиантты мінез-құлықтың әртүрлі типтеріне байланысты болады. Өзіне құрметтің төмендігі балада антиқалыпты мінез-құлықтың артуына жағдай туғызады; антиәлеуметтік топтар мен олардың іс-әрекеттеріне араласа отырып, жеткіншек өзінің құрдастары арасындағы беделін арттыруға тырысады, осылайша отбасында және мектепте болмаған өзін мойындатудың әдіс-тәсілдерін ойлап табады.
Көптеген жеткіншектерде өзіне деген бағаның жоғары қойылу төменгі бағаға қарағанда басым болады, ал уақыт өткен сайын бұл тенденция күшейе түседі. Әйтсе де, кейбір жеткіншектер үнемі жолы болмағандай күй кешеді.
Біріншіден, олар өздерін жеке тұлғалық қасиеттерге ие емеспін деп ойлайды, сондықтан тұлғалық құнды әрекеттер жасау қолымнан келмейді деп біледі, соның салдарынан теріс қасиеттерге ие болады және теріс әрекеттер жасайтын болады. Осы тұста ғұлама әл-Фарабидің «Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері» деген еңбегінде адам жаны туралы мынандай айтқан тұжырымы бар: «Дене сияқты жанда да өзіне тән денсаулығы және науқасы болады. Жанның саулығы сол, оның өзінің және оның бөлшектерінің жайы жақсы болуының әсерінен әрдайым ізгі қылықтар көрсетіледі, игілікті істер мен тамаша әрекеттер жасалады. Ал жанның науқастығы сол, оның өзінің және бөлшектерінің жайы нашар халде болуының әсерінен әрдайым жаман қылықтар көрсетіледі, азғындық істер істеледі және сорақы әрекеттер жасалады» [3], - деп адам әрекетінің бәрі белгілі бір әсерлер жиынтығының нәтижесі екенін айтқан.
Екіншіден, оларға маңызды болған жағдайлар өзгелер үшін маңызды емес немесе оң қарамайтын секілді болып көрінеді;
Үшіншіден, олар өздерінің субъективті тәжірибелерінің алғашқы екі жағдайының нәтижесінде болған теріс әсерлерді жоятын немесе жеңілдететін психологиялық тұрғыдан қорғанудың механизмдерін тиімді пайдалана білмейді.
Мұндай жеткіншектердің өзін құрметтеуге деген сұранысы күшті болғанымен, әлеуметтік қолжетімді әдістермен өзін қанағаттандыра алмайды, сондықтан олар көп жағдайда девиантты мінез-құлықты әдістерге жүгінеді. Яғни, өзінің қоғам қойып отырған мінез-құлықтарын орындай алмайтындығын білгеннен кейін оған кері бағыттағы мінез-құлық арқылы өз мінезін мойындатуға талпынады. Осы әрекеті арқылы мақсатқа жете ме? Бірақ олар өздерін қандай да бір дәрежеде жетім деп санайды. Өйткені ішімдік ішкен жағдайда жасаған әрекетін ол саналы түрде орындамағандықтан, ол өзін зардап шегуші ретінде қабылдамайды, керісінше ол бұл қылығын мақтаныш етуі мүмкін.
Девиантты мінез-құлық бастапқыда арнайы кері мақсатты әрекеттерді көздемейді. Жеткіншек қоғам талаптарын орындауға талпынады, бірақ қандай да бір себептерге байланысты оны орындау мүмкін болмайды. Бұл жерде маңызды рөлді оның девиантты мінез-құлықты құрдастары атқарады. Девиантты топ, егер бала кері әрекеттер жасауға іштей дайын болса, девиантты әрекеттерді жасауды жеңілдетеді; осындай әрекеттерге барғандығын қолдайды және ол үшін мақтап, көтермелеп қояды; девиантты әрекеттерге тосқауыл болуға мүмкіндік туғызатын жеке және әлеуметтік бақылаудың тиімді механизмдерін төмендетеді. Мұндай жағдайда үнемі сырттан жақсы әсерлер мен бақылау арқылы бала назарын үнемі өзіне аударып отыратын құбылыстар қажет болады. Осы тұста ғұлама Ж. Баласағұн баланың жүрген ортасының жеке басының қалыптасуына өте маңызды ықпалды әсерінің бар екендігін айта отырып, бала өзінің табиғатына жақын тұстарын үйреніп алуға бейім болатынын былай суреттеген:
«Бәрі - анадан ізгі болып туғандар,
Сүтпен сіңіп жан-жүйесін қуғандар.
Жақсыға ерсе жақсы бола бастайды,
Жаманға ерсе, жауыздықтан қашпайды» (875-бәйт), [4] - деп адам баласының қалыптасуындағы оның арғы тегі мен өскен ортасының рөлін ерекшелеп көрсетеді. Сондықтан девиантты мінез-құлыққа баратындар сол әрекетке бейімі барлар дегенді айтады. Ал жаман әдет бала болмысына сіңіп, қалыпты жағдайға айналып кетпеуі үшін үнемі тәрбиелік бақылау жасау қажет.
Білімнің төмен деңгейі, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, психологтың талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ал кейде, психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ, әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызуға болады. Жүйке аурулары отбасындағы және басқа да әртүрлі қиын жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін. Ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген оқушы өзінің өмірде ешкімге қажетсіздігін сезінеді, соның салдарынан уайымға беріледі, иммунитеті төмендейді. Осындай мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды ғалым А. С. Спиваковская екі топқа бөліп қарастырады, олар [5] :
Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар:
1. Отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.
Көптеген ғалымдардың пікірінше, бала мінез-құлқының қиындығы, әсіресе, 6-8 сыныптардағы ұл балаларда кездеседі екен. Мінез-құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілердің қатарын жеткіншек жастағы сынып оқушылары толтырды. Қазіргі зерттеулерге қарағанда тәртіп бұзуға ең бірінші себеп болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да ол қайғы баланы ашуланшақ етеді. Тәртіп бұзу содан кейін пайда болады. Мінез-құлқында қиындығы бар оқушылардың дара ерекшеліктерін жан-жақты қарастыра отырып, олармен жұмыс жүргізудің жолдарын білуіміз керек. Осы тұста Н. Гаспарова мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды мынандай топтарға бөледі [6] :
- Сезім әрекетіне бой алдырғыш, эмоционалды оқушы;
- Агрессивті;
- Қыңыр-қырсық;
- Ұялшақ;
- Тынымсыз белсенді бала.
И. И. Шурыгина, А. К. Матейчик отбасында балаға дұрыс тәрбие бермеудің төрт түрін көрсеткен. Олар: қабылдамау, гиперсоциалды, қорқақ-секемшіл, эгоорталықты. Осы түсініктерге сипаттама беріп кетейік.
Қабылдамау. Егер ата-анада балаға деген сүйіспеншілік болмаса, бала мұндай әсерді қабылдай алмайды. Қабылдамау әйел жүкті болған кезден бастап, баланың дүниеге келуіне қарсы болғаннан пайда болады. Қабылдамау орын алғандықтан бала кез келген нәрсеге ерекше тітіркенгіш болады.
Гиперсоциалды. Мұндай ата-аналар «дұрыс» ата-аналар. Ата-ана баласын сағатпен тамақтандырып, ойнағысы келсе ойнатып, ұйықтағысы келсе, оны ұйықтатады. Мұндай ата-аналар мектепте баласын мақтағанды ұнатады. Баласы туралы кемшіліктерін айтса, намыстанып кетеді. Олар талапты орындағыш келеді. Гиперсоциалды бала робот-автомат сияқты өмір сүреді.
Қорқақ-секемшіл. Бұл жолмен тәрбиелейтін ата-аналардың балалары шамалы ауырса, оны үйден шығармай, бүкіл отбасы болып соның бетіне қарап, баланың ойын алдын ала ауруға дайындайды. Баланы тым қадағалау нәтижесінен балада керісінше, тым қорқақ-секемшіл мінез қалыптасады. Құрдастарымен ойнай алмайды, өкпелегіш, өзіне сенімсіз болады.
Эгоорталықты. Бұлай тәрбиеленген балалардың болашақ қарым-қатынасында отбасының жауапкершілік деңгейі жоғары болады. Баланың ортаға деген көзқарасы төмен болады. Ата-анасы барлық уақытта оның айтқанын істеп келген, үнемі көңіл бөліп отырғандықтан, бар ықылас пен назарды өзіне аударып үйренген бала. «Болмайды», «жоқ» дегенді түсінбейді, күтуге шыдамы жоқ, тез ашуланшақ болады. Мұндай балалар тұрақсыз, қыңыр, қырсық, тіл алмайтын болып тәрбиеленеді.
Бала мінез-құлқының қиын болып келуі бірнеше факторға байланысты:
1. Биологиялық фактор. Анасының баласына жүкті кезінде денсаулығы дұрыс болмағандықтан бала туғаннан жүйке ауруымен көп ауырады. Соның салдарынан жүйке жүйесі бұзылып, ықылас қою, есте сақтау, қабылдау қарқыны кешеуілдеп дамып, сылбыр баяу қозғалады. Сонымен қатар, мұндай жағдай әйелдің жүкті кезінде бір нәрседен жарақаттануынан, уланғыш заттардың салдарынан және т. б. әсерлерден де болуы мүмкін. Мұндай кезде бала ұжымдық іс-шараларға қатысқысы келмейді, сабақтың соңына дейін толық шыдап отыра алмайды. Жеке басының жағымды сапалары ашылмай қалады.
2. Үйішілік фактор. Бұған отасында бала тәрбиесіне араласпаушылықтың әсерінен үйден безіп, көше кезіп, сыртқы ортаның жағымсыз ықпалына түсіп, жазықсыз қылмысқа іліккендер жатады. Баланың мұндай әрекетінен көп жағдайда ата-анасы бейхабар болады. Мұндай отбасыларындағы ата-аналар баласының мінез-құлық ерекшелігіндегі өзгерістерді дер кезінде байқай бермейді. «Тамағын тауып, киіндірсем болды» деген немқұрайлы қарым-қатынас салдарынан бір-біріне селқостық сенім пайда болғандар.
Бүгінгі отбасы тәрбиесіне тән ерешелік отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас пен өзара мейірімділіктің жеткіліксіздігі. Ата-аналар күні бойы үйде болмағандықтан, бала тәрбиесі назардан тыс қалады. Ата-ана мейірімі ақшалай, заттай, материалдық қамтамасыз етумен толықтырылуда. Мұндай отбасыларының тәрбиелік мүмкіндігі төмен болады.
2012 жылғы көрсеткіш бойынша 7530 кәмелетке толмаған бала қаңғыбас атанып, үйінен кетіп қалған. Жасөспірімдер арасындағы жүйке ауруларына шалдығып, өз-өзіне қол жұмсау фактілері де жыл санап артып барады. Осы фактілердің барлығы да ата-ана мен балалар арасындағы байланыс пен мейірімнің жеткіліксіздігінің дәлелдері.
1. Географиялық фактор. Қоршаған географиялық ортасының жағымды немесе жағымсыз ықпалының болуы бала әлеуметтенуінде өз нәтижесін көрсетеді. Шет мемлекеттерде өмір сүретін басқа ұлт өкілдері жергілікті ұлттың ұнамды да ұнамсыз да тұстарын қабылдап, қалыптасады. Тіпті бала өмір сүретін ортаның экологиялық ықпалын да бойына сіңіреді.
Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, тәрбиеленуі қиын балалардың әрқайсысына әртүрлі қатынас жасау, әрқайсысына арнап жасалған жүйелі тәрбие жұмысын жүргізу қажет. Тәрбиесі қиын жеткіншектерді тәрбиелеу - күрделі де көпқырлы құбылыс. Оны іс-жүзінде асыруда ата-аналарға көмектесу, психологиялық жағынан бақылау педагогтар мен психологтарға, заң қызметкерлеріне жүктеледі.
Жоғарыда қарастырылған факторлардың баланың қалыпты мінез-құлқын сақтай алмауына алып келетіндігін ескеретін болсақ, оның көріну сипаттарын мынадай жайттармен байланыстырып түсіндіруге болады:
1. Оқшаулану кикілжіңді жағдайға ұшыраған адамның өздігінен бұл жағдайдан шыға алмаған кезінде көрінеді. Ол стрестен шығу үшін өзінің «мен»-інің өзін зақымдаған ортадан байланысын үзуге талпыныс жасайды. Бірақ кикілжінді жағдайдан бұлай кету адам мен оны қоршаған орта арасында күн өткен сайын оқшаулануды, психологиялық арақашықтықты өршіте түседі. «Қашқын» индивидті орта «бөтен, қаңғыбас» адам ретінде қабылдайды. Соның нәтижесінде «Қашқын» индивид жағымды эмоция жетіспеушілігін басынан кешіреді.
2. Дербестігінен айырылу өзіндік «мен»-інен бөлектене бастаған кезде көрінеді, яғни өзін-өзі түйсінуді жоғалтады, кез келген іс-әрекет өзінің маңызын жоғалтады, эмоциясы сөнеді. Егер мұндай күйзелістер ұзақ болса, психиатрдан кеңес алу керек.
3. Депрессия ‒ бұл жағымсыз эмоциялық белгісі бар аффектілі күй. Депрессия кезінде жан дағдарысы мен үмітсіздік сезімі күшті қамығумен қатар жүреді. Депрессия кезінде уақыт өтпей, жұмысқа деген қабілет елеулі түрде төмендейді. Бұл жағдай өзіне-өзі қол жұмсауға алып келуі мүмкін. Депрессияның өту сипаты әртүрлі формада көрінеді.
4. Бақылаудың локусы. Адам маңызды жағдайларда басқа адамдарға деген жауапкершілікті өз мойнына алуға бейім болады. Ал кей жағдайда адам өзінің өмірін толығымен сыртқы күштерге тәуелді деп санайды. Осыдан үмітсіздік пен әлсіздік пайда болады. Мұның өте ауыр формаларында өзін кінәлі сезіну, жақын адамдарын жоғалтудан болған стрестік ситуация, беделді тұлғалар жағынан болған сын суицидті іс-әрекетке әкелуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz