Салыстырмалы артықшылықтар теориясы


Тақырып 15. Халықаралық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметгі реттеу.
1. Халықаралық еңбек бөлінісі және елдің бәсекелестік қабілеттілігі.
2. Салыстырмалы артықшылықтар теориясы.
3. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның орны.
XX ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі - халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы.
Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықарлық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан көрінеді. Әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі, қайшылықты, диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы процестер. Халықаралық экономикалык, қатынастардың диалектикасының өзі жекелеген елдердің экономикалық тәуелсіздік пен ұлттық шаруашылықты көркейтуге деген ұмтылысының көрінісі. Дүниежүзілік шаруашылықтың нығайып, интернационалдануы, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы, дамудың жаңа, тиімді арналарының пайда болуы - осының бәрі экономикалық өсудің диалектикасы.
Қазіргі кезеңде адамзат әлемін «ақ, қара» деп жіктеп, оған «капитализм», “социализм» атты айдар тағушылықпен қоса жасанды антагонизмдер де келмеске кетгі. Біздің заманымыз өзара байланысты, экономикалық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем. Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үшін сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы зор.
Қазақстан Республикасы бұрынғы кеңес өкіметі тұсында халықаралық экономикалық қатынастардың субъектісі бола алған жоқ. Сыртқы экономикалық байланыстардың субъектісі болуына оған ешкім мүмкіндік те берген жоқ еді.
Ал, қазір Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқытуды жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып отыр.
Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын орнықтырып, дамытудың қазіргі кезеңі сол қатынастардың нысандары мен әдістерін түбегейлі өзгерту қажеттігімен айқындалады. Меншік құқының қандай түрінде болмасын отандық жүздеген фирмалар мен кәсіпорындар халықаралық экономикалық қарым-қатынастарға қосылып, оның белсенді мүшесі болуға ұмтылуда. Бұл, әрине, мейлінше қолдауға тұрарлық құбылыс. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер мен тұтынушылардың дүниежүзілік сауда-саттық процесіне еркін адымдап кіруіне, экономикалық интеграцияның шарапаттарын пайдалануына кедергі боларлық себептер де жоқ емес. Сол себептердің бірі халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы бай тәжірибені екшейтін, әлемдік рыноктың ерекшеліктерін талдайтын қазақ тіліндегі оқу құралдарының тапшылығы. Халықаралық, рыноктық орта өзінің экономикалық, ұйымдық, заңдық т. б. аспектілері бойынша біздің елде қалыптасып, орныққан шаруашылық қызметін жүргізу әдісамалдарынан өзгеше екендігі мәлім. Соңғы уақытқа дейін орын алып келген сыртқы экономикалық қатынастарға деген көзқарасымыз рыноктың заңдарына сәйкес құрылған экономикалық жүйелерде өзінің шарасыздығын, тіпті кейбір сәттерде заңды екендігін көрсетіп жүр. Мұның өзі шетелдік әріптестермен өзара түсінікті, бірлескен іс-қимылдарды атқаруды күрделендіреді, тіпті заяға кетіреді.
Сондықтан да, біз халықаралық экономикалық қатынастардың мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын және жүзеге асыру механизмі мен ерекшеліктерін, дамуының негізгі тенденциялары мен өзгешеліктерін тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып отырған осы оқу құралында қарастырамыз.
Нарықтық эконмикаға көшуге орай шаруашылық практикада, яғни экономика негізінде халықаралық экономикалық қатынастарды тиімді жүзеге асыру, экономикалық байланысты ұстап тұру негізінде қажеттілік туады. Сондықтан, экономика саласында қатынастарды шынайы болдыру мақсатында халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі факторлары мен нақты білуі өте зор маңызды.
Халықаралық экономикалық қатынастар дегеніміз - жекелеген аймақтар шеңберіндегі жекеленген еуропалық мемлекеттер арасындағы қатынастар.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы теориялық көрінісімен танысу, оны оқып-үйрену, оның нарық кезіндегі қажеттілігімен даму қарқынын анықтау, маңызын түсіну.
Курстық жұмыстың негізгі мәселесі - нарық талабына сай халықаралық экономикалық қатынастардың іс-жүзіндегі формаларының даму жолдарын қарастыру.
Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде халықаралық экономиканың теориялық көрінісі, яғни халықаралық экономикалық қатынастың мәні мен ерекшелігі зерттеліп талданады. Екінші бөлімде халықаралық экономикалық қатынастың формаларының іс-жүзіндегі көрінісінің нарық жағдайындағы экономикалық дамуының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары баяндалады. Ал, үшінші бөлімде осы жетістіктерге сай, нарық жетістіктері ретінде ең басты мәселе сауданың даму дәрежесі, оны ынталандыратын факторларын айқындау және оның маңыздылығын анықтау.
Курстық жұмысты жазу барысында мынадай әдебиеттер тізімі қолданылды: «Халықаралық экономикалық қатынас», «Экономикалық теория», «Ақша. Несие. Банктер Бұл әдебиетер кең көлемде қолданылған.
I. Халықаралық экономикалық қатынас экономикалық теорияның бір бөлігі ретінде.
1. 1Халықаралық экономикалық қатынастың пайда болуы, дамуы.
Халықаралық экономикалық қатынастар шет мемлекеттермен экономикалық әрекеттердің пайда болуынан туындайды, сондықтан осы қатынастардың негізі ретінде сыртқы экономикалық қатынастар қарастырылады. Сыртқы экономикалық қызмет дегеніміз - мемлекеттің шекарасынан тыс атқарылатын қызмет түрі. Кез-келген өндіріс немесе қайта өңдеу процессі халықаралық экономикалық қызметтің объектісі бола алады.
Халықаралық экономикалық қызметтің дамуы оның субъектінің түр өзгерісімен қатар жүреді. Алғашында ол халықаралық саудамен айналысатын көпес-делдал болып табылады. Ал экономикалық қатынастардың келесі даму кезендерінде оның субъектісінің даму эволюциясы былайша өзгереді:өндірістік капитал, өндірістік және банктік монополиялар, қаржы аннархиясы, министірліктер, сыртқы нарыққа шығу құқығы бар кәсіпорындар, біріккен кәсіпорындар.
Қазіргі кездегі көптеген қарама-қайшылықлықтарға қарамастан, елдер арасында өзара түсіну мен ынтымақтастықтың бағыты өсіп келеді. Дүние- жүзілік шаруашылықтың негізгі жолы бір бағытта даму және өзара байланысты, бағынышты әлеуметтік-әділетті әлемге ұмтылу. Осыған байланысты ұлттық экономиканың үлесін жасау барысында экономикалық және әлеументтік-әділетті қатынастарды бағалау сөз болып отыр. Әр түрлі елдер арасында «көзге көрінбейтін»экономикалық даму деңгейі басталды. Әрине, бұл өзгеріс өздігінен ешқашан себеп салдарсыз шешіле салады деу қиын; ол қарама-қайшылығы мол күр- делі құбылыс.
Бұл қозғалысқа ықпал ететіндер:
‑индустриалды қоғамнан постиндустриалдыға аусуы;
-технологиалық революция;
-энергиалық шикізаттардың және азық-түлік проблемасы;
-экологиялық проблема;
Ең негізгі қауіп -экономикалық ұлтшылдықтың дамуы және діни фанатизм. бұл жерде экономикалық артықшылыққа ұмтылу еркін бәсеке күресіне негізделмей, бір нәсілдің екінші нәсілден, бір әлеументтік-экономикалық жүйеден артық саналуы және діни айырмашылықтардың ықпалының басым болуы меңзеліп отыр. Жалпы айтқанда, ХЭҚ-тың даму барысы бұл ойлардың дұрыс емес екендігі дәлелі.
ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың басы дүниежүзілік шаруашылықтағы жаңа кезеңнің басталуы, халықаралық еңбек бөлінісі ұлттық экономиканың дамуы мен халықаралық капитал нарығын және ресурстарды өзіне тән жаңа сатыға көтереді.
1. 2. Халықаралық экономикалық қатынастың мәні мен ерекшелігі.
Кез-келген елдің әлемдік қауымдастыққа кіру бірнеше белгілермен ерекшеленуі қажет. Бұл белгілерге жататындар:
1. Дамыған ғылыми-техникалық базасының болуы;
2. Шикізатпен және энергия ресурстарымен қамтамасыз етілуі, оның салыстырмалы арзандау болуы;
Ескеретін нәрсе, табиғи ресурсқа бай елдер сөзсіз бай болып кетеді деген ұғымға алданып қалу, оның экономикасына кері әсерін тигізеді. Бұл жерде мәселе тек байлыққа емес, қалыптасқан психология мен қауіпті түсінікке де байланысты жағы бар. Егер табиғи ресурстарға шынында да бай ел болса, ол автоматты түрде байып кетуі мүмкін. Сол себепті Жапон ғалымдарының табиғи ресурстарды өңдеуде шетел компанияларын өте сақтықпен кіргізуі ойластырылған саясат болса керек.
3. Білікті маманның болуы.
Қазіргі кезде кәсіпкерлердің жаңа буындары, басқару, сондай-ақ, білікті маман кадрлары дамып келуде. Айта кететін жағдай, әлемдік шаруашылықта қауымдастыққа кіру процесінің табысы тек қалыптасқан факторларға байланысты емес, оны қолдану тиімділігінің болуында. Жоғарыда айтылғандарға қарап, ХЭҚ-ң болашағына және оның дамуына ықпал ететін факторларға қортынды жасауға болады:
-ғылыми-техникалық ппрогрестің жылдамдауы жаңа технологияның тарауы. Ғылыми-техникалық процестің дамуының ықпалы мен экономикалық қызметтің компьютерленуінің глобализациялануы халықаралық бизнесті кіргізудің әдістерін жаңаша қарауды талап етеді;
-қоршаған ортаның проблемаларындағы глобалдық өзгерістер. Экологиялық базалардың сарқылуы, үнемі өсіп отырған өндірістің кеңеюін қаржыландыру мәселесі туындайды.
-халықаралық өсу мен қоныстанудың қозғалысы. Халықтың қоныстануы экологиялық, экономикалық, саяси жағдайға байланысты.
Дүниежүзілік шаруашылықтың қызмет атқаруының негізгі ерекшелігі халықаралық экономикалық қатынастардың интенсивті дамуы боп табылады. Мемлекеттер, мемлекеттік топтар, экономикалық қауымдастықтар, жекелеген фирма- лар мен ұйымдар арасында экономикалық қатынастар тереңдеу, кеңейе түсуде. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдей түсуінде шаруашылық өмірдің пектериационалуында, ұлт- тық экономикалардың ашықтығында, олардың бір- бірін толықтыруында және аймақтық халықаралық жүйелердің өзара жақындасуында, дамуы мен күшеюінде айқын көрінеді.
Және де қазіргі кезде байланыстардың ерекшелігі:
-халықаралық ұйымдардың рөлінің күшеюі;
-мемлекеттік емес құрылымның рөлінің өсуі;
Халықаралық мәселелерді шешүде халықаралық қауымдастыққа кіретіндердің құра- мын өзгерту мәселесінің шешілуі.
Халықаралық экономикалық қатынастардың диалектикасының мәні-бұл жекелнген елдердің экономикалық тәуелсіздікке ұмтылуына, олдардың дүниежүзілік интеграционалдануының одан әрі күшеюіне, ұлттық экономикалародың ашықтығына және халықаралық еңбек бөлінісіне әкеледі.
2. Салыстырмалы артықшылық теориясының мәні
Салыстырмалы артықшылықтар доктринасы сыртқы сауданың нәтижелерін талдаудан ғана емес, басқа да жерлерде жиі басшылыққа алынады. Фирма немесе жеке адам өзінің салыстырмалы артықшылығы бар қызмет түрлерімен айналысқаны тиімді, ал басқа қажеттіліктерін айырбас арқылы да өтей алады.
Салыстырмалы артықшылық теориясының маңызы өте зор. Ұзақ уақыт бойы экономикада негізгі теория болып келуінің себебі де сол.
Дегенмен, салыстырмалы артықшылық теориясы да абстрактты, өте қарапайым болып келеді. Оны нақты өмірге жақындату үшін келесі шарттарды орындау керек:
- Еңбек сауда жасаушы елдер емес, тек ел ішінде ғана мобильді ( қарқынды) болуы керек, яғни басқа салаға ауысқанына қарамастан, жұмысшылардың жұмыс сапасы мен оның қарқындылығы өзгермеуі қажет.
- Есептеулерде транспорт, кеден салықтарын төлеу және т. б. сауда - саттық шығындарды есепке алмау керек.
- Жаңа технология, жаңа сапалы машиналардың, құрал-жабдықтардың үлгісін қолдану, т. б. арқылы еңбек шығындарының өзгеруін ескерусіз қалдырмау қажет.
Рикардоның жолын қуған ғалымдардың зерттеулері бұл айырбас орын алатын жағдайлар мен шектеулерге қатысты болып отыр. Шарап пен мата туралы мысал бойынша (жоғарыда келтірілген мысалға байланысты) Португалия
әрбір баррель шарап үшін 9/8 дана матадан көп алса ғана саудаға қатысады. Ал Англия әрбір баррель шарап үшін 5/6 дана матадан көп бермесе ғана саудадан пайда алады.
Осы ойды дамыта келе Португалияда 1 баррель шарапқа кеткен еңбек шығыны 8/9 дана мата мен Англиядағы 0, 8 дана матаның шығындарына тең екеніне көз жеткіземіз. Елдер арасындағы тауар айырбасы осы шектерде іске асады.
Сонымен, халықаралық сауда, халықаралық мамандануды ынталандыру арқылы әрбір ел үшін келесі басымдылықты қамтамасыз етуге болады: берілген тауар көлемін шығаруға қажетті еңбек уақытын мүмкіндігінше азайта отырып, мамандануға дейінгі тұтынуға қарағанда, сонша тауарды тұтынуға мүмкіндік береді.
Алайда мұнда айырбас шын мәнінде ақшаның қатысуымен жүретіні ескерілмейді. Елдер өзара есеп айырбасу үшін бір валютаны екіншісіне айырбастайды. Рикардо аталған басымдылықтар ұлттық валютаның айырбас бағамы белгіленген кезде де сақталатынын дәлелдеді. Бұл жағдайда экспорт-импорт төлемдерінің өзара сәйкессіздігі фактісі де орын алуы ықтимал. Бұл сәйкессіздік қандай да бір елде валюта бағамын өзгерту немесе барлық бағаларға түзету енгізу арқылы өтелінеді. Ал тәжірибеде салыстырмалы артықшылықтар доктринасына ықпал ететін жалпы нәтиже өзгеріссіз күйде қалады.
Осы доктринаға сәйкес сауда-саттық қатынастары өндіріс жағдайларына байланысты артықшылықтарды пайдалану арқылы орнатылады. Алайда бұнда тауарлардың қандай көлемі айырбасталатыны анықталмайды.
Берілген мысалда сыртқы сауда бағаларының кеңейтілген диапозонын қабылдауға болады. Португалдық шараптың 1 баррелі Англияда 80 адам-күнге тең ақша сомасынан арзан, сонымен қатар, 120 адам-күн ақша төлемі сомасынан қымбат сатылуы мүмкін емес. Осыған ұқсас ағылшын
матасының Португалиядағы бағасы 90-нан 100 адам-күн аралығындағы ақша сомалары шегінде белгіленеді.
Д. Рикардоның үлгісі сыртқы сауданың ұлттық байлыққа әсерінің және жалпы сыртқы экономикалық қатынастардың себеп-салдарын талдаудың кең тараған құралы болып табылады. Бірақ осы модель шындықпен ұштаса ма? Ол осы күнгі сыртқы саудадағы процестерге байыпты жауап бере ала ма? Бізге осы сұрақтарға сенімді түрде «иә» деп жауап беруге де болады. Әрине, Рикардо үлгісінде бірқатар күмәнді жағдайлар да кездеседі. Олар салыстырмалы артықшылық теориясының кемшіліктері қатарын құрайды. Соларға тоқталып кетсек:
- Ол өмірде жоқ халықаралық маманданудың ең ақырғы деңгейіне алдын ала болжам жасайды.
- Ел ішіндегі табыс бөлінісіне сауданың әсер-ықпалын ескермейді, яғни тұтастай алғанда, сыртқы саудадан қатысушы елдердің бәрі ұтады деген қорытындыға келеді.
- Елдің ресурстық күш - қуатының әртүрлі болуы халықаралық саудаға байланысты екендігіне көңіл бөлмей, халықаралық сауданың маңызды аспектісін ескерусіз қалдырады.
- Өндіріс масштабындағы үнемдеу сияқты сауда себептерін қарастырмайды, ал ол барлық көрсеткіштері жағынан бірдей елдер арасындағы сауданың қай көлемде екенін түсіндіруге мүмкіндік бермейді.
- Транспорттық шығындардың ескерілмеуі.
- Техникалық өзгерістердің болмауы.
- Балама қолдану барысында ресурстардың толық өзара айырбасы.
- Өндіріс факторларының ішінде тек еңбек факторын ғана алған. Қалған факторларды ескерусіз қалдырады.
- Еңбекті толық қарқындылық (мобильділік) тұрғысынан қарастырады. Яғни, жұмысшылар өндірістің бір саласынан кеткен кезде, олар өнімділігі жоғары басқа саладан жұмыс орнын бірден тауып алады да, жұмыссыздар санатына қосылмайды.
Осындай кемшіліктеріне қарамастан, Д. Рикардо үлгісінің негізгі шарттары, атап айтқанда, қандай да бір ел болсын экспортқа салыстырмалы жоғарғы өнімділігі бар тауар шығарады деген тұжырымы бірқатар зерттеулер арқылы дәлелденді. Мәселен, бұған венгр экономисі Бел Балластың 1951 жылы 26 өндірістік сала бойынша АҚШ экспортының Ұлыбритания экспортына қатынасы және осы екі елдегі еңбек өнімділігінің ара қатысы туралы зерттеуін жатқызуға болады.
Рикардо теориясы бойынша, егер белгілі бір салаға байланысты АҚШ - тағы еңбек өнімділігі жоғары болса, онда ол сол тауарды экспортқа көбірек шығарады деген тұжырым жасалынады.
Рикардо үлгісі тиісті тауарды экспорттау мүмкіндігіне ие болу үшін шет ел өндірушілерінен өнімділік жағынан сәл ғана болса да басымдылық таныту керек екендігін ескертеді. Сондықтан аталған саладағы салыстырмалы артықшылық осы елдегі басқа салалардан артық болуы тиіс. Мысалы, АҚШ барлық 26 сала бойынша Ұлыбританиядан өнімділік жағынан басымдылыққа ие болған ( 11-ден 336 пайызға дейін) ; ал Ұлыбритания АҚШ-қа қарағанда, осы салалардың
ішінен 12 салада көп көлемде экспорт өнімдерін шығарған. АҚШ-тың тек өнімділігі жағынан Ұлыбританиядан кемінде екі есе басым болатын салалардағы американдық экспорт қана британдық экспорттан әлдеқайда көп.
Егер 2 тауарлы үлгіден басқа өнімдердің көптеген түрін шығару жағдайын қарастыратын болсақ, онда талдау күрделене түседі. Бірақ сауданы зерттеушілер қызық жайт байқаған: егер тауар саны өте көп болса, яғни ол шектелінбеген деп саналса, онда соның нәтижесінде үлгі жеңілдейді. Массачусетс Технология институтының ғалымдары Р. Дорнбуш, С. Фишер, П. Самуэльсон 1977 жылы жариялаған мақалада көп санды тауарлар үлгісі үшін Рикардо үлгісі құрастырылған.
Мысалы, отандық және шет елдік экономикада тек өндірістің бір ғана факторы - әрбір елде L және L* саны берілген еңбек қолданылады. Бірақ екеуі де көп көлемді тауарлар өндіріп, оларды тұтынуы мүмкін. Олардың әрқайсысына өз нөмірін берейік.
Кез келген отандық және шет елдік тауардың бір данасына қанша еңбек шығыны кететіні белгілі. Отандық экономикадағы Z тауары үшін a(z) еңбек шығыны жұмсалады делік, бұл шет елдік тауар үшін a*(z) түрінде белгіленеді. Онда a*(z) / a(z) - өнім бірлігіне шаққанда, отандық және шет елдегі еңбек шығынының ара қатысы. Біз оны A(z) / a*(z) / a(z) деп белгілейік. Тауарларды нөмірлеу келесі тәртіппен беріледі: бірінші нөмір А барынша көп өндірілетін тауар үшін, бұдан кейінгі А шамасы бойынша келетін тауар 2, т. с. с. нөмірлерді иеленеді:
А(1) > А(2) > А(3) > …
Осылайша тауарларды отандық салыстырмалы артықшылықтардың келуіне қарай орналастырады. Қандай
тауар отандық, ал қандайы шет елдік экономикада өндірілетін болады? Бұл, әрине, олардың арасындағы еңбек ақының ара қатысына тәуелді. Отандық шаруашылықтағы
Wa(Z) тауар өндірісінің шығындары Z; мұндағы W - отандық жұмысшының еңбек ақысы. Шетелдегі тап осы тәрізді шығындар W*a*(Z) . Егер:
Wa(Z) < W*a*(Z) болса, онда ол:
W/W* < a*(Z) / a(Z) - ке эквивалентті,
яғни отандық тауарды өндіру арзанға түседі деген сөз.
Бұдан:
A(Z) > W/W*.
Еңбек ақылардың ара қатысын W/W* ендіре отырып, халықаралық маманданудың сипатын анықтауға болады. Өндіру кезінде W/W* = A (‾Z) болатын әлдебір шекаралық ‾Z тауар да бар. Нөмірлері ‾Z - дан аз тауарлар отандық экономикада, ал нөмірлері ‾Z - дан көп тауарлар шет елде өндірілетін болады.
Сайып келгенде, ұлттар арасындағы сауда оларға қандай пайда әкелетінін келесі екі әдіспен көрсетуге болады. Біріншіден, сауданы өндірістің жанама әдісі деп санаған жөн болады. Мемлекет әлдебір тауарды өндірудің орнына басқа бір тауар өндіріп экспортқа шығару арқылы оны өзіне аса қажетті өнім түріне айырбастай алады. Осы қарапайым мысалдың өзі кез келген ретте әлдебір тауар импортталған кезде оның осындай « жанама өндіріс» бұл тауарды тікелей өндіруге жұмсалатын еңбек шығындарынан аз шығынды қажет ететінін көрсетеді. Екіншіден, сыртқы сауда мемлекеттің тұтыну мүмкіндігін кеңейте отырып пайда әкелетініне көз жеткізуге болады.
Халықаралық сауда қатынастарына түскен кезде, экспортталатын және импортталатын тауарлар бағаларының арасындағы қатынас орнатылғаннан кейін, «сауда шарттары» деген түсінік енгізу қажет. Сол арқылы шарттарды анықтау үшін мынадай формула бойынша есептелетін индекс енгізіледі:
Сауда шартта- Экспорт бағасының
рының индексі = индексі х 100 = Эи х 100
Импорт бағасының Ии индексі
Мысалы, индекс мөлшерінің 100-ден 105-ке өсуі сауда шарттарының жақсарғанын білдіреді, яғни импорттың белгілі бір көлемінің ақысын төлеу үшін экспорттың азырақ көлемі қажет. Барлық елдер сауда шарттарын жақсартуға, яғни экспортталатын және импортталатын тауарлар бағаларының аралығындағы неғұрлым қолайлы арақатынас орнатуға тырысады.
Іс жүзінде сауда шарттары, біріншіден, баға өзгерісі салдарынан болатын сұраныстың өзгеруіне байланысты. Сұранысы тұрақты болатын тауарларды өндірушілер, баға өзгерісіне қарамастан, артықшылыққа ие болады (мысалға, мұнай өнімдері) .
Екіншіден, сауда шарттары экспорттың немесе импорттың икемділігіне қатысты болады. Тауар өндірушілер немесе оны ұсынушылар тауар бағасының өзгерісіне тез бейімделетін жағдайларда экспорттаушы ел бұл тауарға деген сұраныстың өсуінен пайда алуының ықтималдығы төмен. Осындай тауарлардың үлгісі ретінде өндірісі сұранысқа икемді машиналар мен құрал-жабдықтар болуы мүмкін.
Үшіншіден, сауда шарттары өндіріс шарттарының немесе тауар тұтынуының өзгеруіне байланысты өзгеретін болады.
Сауда жағдайларының индексі елдің дүниежүзілік саудадағы жағдайын сипаттайтын мәлімет береді, алайда оның бірқатар кемшіліктері де бар. Олардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі - көрсеткіш жалпы жағдайлардың жақсарғанын білдіргенімен, сатылған өнім көлемін ескермейтіндігі. Басқаша айтқанда, сауда жағдайлары жақсарғанына қарамастан, экспорттың азаюы және бұған керісінше, импорт көлемінің ұлғаюына сәйкес төлем балансы нашарлауы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz