Қазақ әдебиет


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы

«Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжі» ШЖҚ МКК

Тақырыбы:

Абай Құнанбаевтың шығармашылығы құндылықтарының бала тәрбиесіндегі маңызы

Бағыты:

Секция: Қазақ әдебиет

Мазмұны

Кіріспе . . .

  1. Абайдың өмірі мен шығармашылығы . . .
  2. Жас ұрпақты рухани- адамгершілікке тәрбиелеудегі Абай даналығының маңызы . . .
  3. Абай мұрасының тәрбиелік мәні, тағылымдық бағыт-бағдары . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Абстракт

Тақырыптың өзектілігі: Абай атамыздың өлеңдеріндегі бала тәрбиесіне негізделген шығармаларды зерттеп білу.

Мақсаты: Абай атаның даралығы мен даналығын таныту.

Міндеттері: Абайдың даналығын зерттеу, Абайдың даралығын таныту.

Зерттеу әдіс-тәсілдері: Әдебиеттерге шолу жасау. Зерттеу барысында жинақтау, талдау, зерттеу әдістерін пайдалану. Зерттеу кезінде компьютерді қолдана білу.

Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу пәні: қазақ әдебиет

Жобаның ұсыну формасы: Зерттеушілік

Гипотеза: Өз замандастарымды Абайды танып білуге баулу, Абай мұраларын тани білуге насихаттау. Егеменді елдің тәуелсіздігі мен теңдігін нығайтып, ұштастырып жатқан бүгінгі ұрпаққа Абай несімен құнды? Ең алдымен, ділмәр даралығымен, ерекше даналығымен. Даралық - тұлғалығында, ал даналық - азаматтық болмысы мен белсенділігінде. Қос ағымның тоғысында оның даналығы - сезімталдықтың жеке өрнегіне, тәжірибелі танымның тапқырлығына, танымдық құбылыстың кемелдігіне ұқсайды. Кең ауқымда, даналық адамдар арасындағы жанашырлықты, жауапкершілікті, тіпті азаматтық қоғамға деген бетбұрыстың тұрақты нышандарын білдіреді. Ақынның ел басқару ісіндегі дана көзқарастары мен қара сөздеріндегі ұлағатты ой түйіндері оның шығармаларының негізгі арқауы болып тарқатылады. Абайдың әрбір сөзі қиюын тауып шебер қиыса байланыса отырып, терең мағынаны білдіреді, жақсылыққа үндейді. Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, қатыгез, ал шешесі Ұлжан керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Соған байланысты, Абай өмірі мен шығармашылығын ұштастыра отырып, келешек ұрпаққа үлгі өнеге көрсететінін сезіну.

  1. Абай өмірі мен шығармашылығы.

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы - Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.

Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан. Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.

Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.

Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді.

Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай тергеліп, ақталып шықты.

Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.

Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Мұны оның мына өлеңінен көруге болады:

. . . Кедейдің өзі жүрер малды бағып,

Отыруға отын жоқ үзбей жағып.

Тоңған иін жылытып, тонын илеп,

Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.

Қар жауса да тоңбайды бай баласы,

Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,

Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.

Жасы отыздан асқан Абай орыс тіліндегі кітаптарды мықтап оқуға бұрылады. Сол кезде Семейге айдалып келген орыс демократтарымен танысады. Соның ішінде өзінің ерекше танысып, араласқаны Михаэлис болды. 1880 жылдары айдалып келген Долгополов, Леонтьевтермен да танысып, өзі олардан үйрене жүріп, өзі де оларды халқының салт-дәстүрімен таныстырып, қол ұшын берді.

Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғұтыр», сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік жағдайларды түсіну үшін маңызы зор.

Абайтанудың білгірі М. Әуезовтің атап көрсеткендей, Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани қазынасы болды.

Оқи жүріп, білімін толықтыра жүріп қырықтан асқан шағында біржола ақындыққа берілді.

Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті.

Абай өлеңдері бай философиялық, курескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей - теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті.

Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады.

  1. Жас ұрпақты рухани- адамгершілікке тәрбиелеудегіАбай даналығының маңызы.

Ұлы Абай бар асыл ойын өз халқына, келер ұрпағына арнады. Ол педагогикалық псилогияның қалыптасуына зор үлес қосып, бұл салада аса құнды пікірлер айтты. Сөйтіп ұлы ойшыл өз халқаның педагогикалық ой-парасаты ақыл тезі, жүрек қылынан өткізі келе, өзіне дейінгі әлем ойшылдарының еңбектерімен таныса отырып, келешек ұрпаққа ғибрат боларлық ой өрбітеді. Көреген ақынның педагогикалық-психологиялық пікірлеріне ой жүгіртіп, астарына терең үңілсек, оның бүгінгі заман талап-тілектерімен жан-жақты астасып жатқанын байқаймын. Абай ең алдымен жастардың алдында тұрған басты міндет-ғылым, білім үйрену жолы екенін атап көрсетті. Адам бойындағы қазынаны үлкен, әрбір жігерлі жастың талпынатын ғылым болуы керектігін ашып айтты. ”Дүниенің кілті өнер мен ғылымда тұр. Соны мақсат қылып ғылым табу керек өзіңе табылмаса балаң тапсын. Ғылымсыз оқыған намаз тұтқан ораза қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды дейді оныншы қара сөзінде”. “Үш ақ нірсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек” дей келе ақын. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз ғылым сол үшеуінің тілін білмек, - деп ғылымды аса жоғары бағалайды. Білім ғылым үйренбекке талап қылушыларға: Адам көңілі мейірленсе білім ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі. Ғылымды үйренгенде ақиқатты мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Басқасына бола үйренбе . . . ” - деп ескерту жасайды. (32 қара сөз) . Абай адам бойындағы мінез-құлық, ақыл-парасат, білім-ғылымды бір-бірімен тығыз байланыстырады. “Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, німез, деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де ақымақтық”, -деген қорытынды жасайды. (18 қара сөз) . Бұл Абайдың айтып отырған педагогикалық ой толғамдары, келер ұрпаққа беріп отырған кеңесі болатын. Абай жастардың адам болу үшін жаман қылықтардан аулақ болуын қалайды. “Егіннің ебін, сауданың тегін үйреніп мал ізде” - деп ақыл береді. Ұлы ойшыл өзінің өмірден көрген білгенін, түйгенін екшей келіп”Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрседен асық бол,

Адам болам десеңіз ”, - деп санап шығады:

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз

Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым, ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз . . .

Сөйтіп, Абай бес асыл іс пен бес дұшпанның ара жігін ажыратып, келешек ұрпағына тағылымы мол өсиет қалдырды. Абайдың ойынша тәрбиеге көнбейтін, тәртіпке бағынбайтын, түзелмейтін адам болмайды. “Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам адам мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім”, -дейді. (37 қара сөз) . Абай Құнанбаевтың жастарға үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан, ғылым-білім, қанағат-инабат, әділет-шапағат, шынайы достық қай дәуірде болсын көнермейтін, адамды қиыншылық атаулыдан аман-есен алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз. Ұлы ақылгөйдің терең толғаныстарынан туған ғибратты ақыл-кеңестері ұрпақ тәрбиесінде өз құнын мәңгі жоймайды.

Пайданы көрсең, бас ұрып,

Мақтанды іздеп, қайғы алма

Мініңді ұрлап жасырып,

Майданға түспей бәйге алма

Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Азапқа қалма езбеден, - деп, жастарға насихат айтады. Оларға күншілдіктен аулақ жүріп, бос мақтанға салынбау керектігін ұқтырады, пайданы ойлап ардан безу адамдықты аздыратын қылық екенін. Толық адам болғысы келген әрбір жастың алдына мақсат қойып, соған жету үшін талпынуы, ізденуі, ерінбей еңбек ету керектігін ескертеді. « Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, не болмаса айына бір өзіңнен өзің есеп ал»-дейді. Ұлы ғұлама надандықты, еріншектікті, зұлымдықты «күллі адам баласын қор қылатынкеселдер» деп есептейді. (38-ші қара сөзінде )

3-ші қара сөзінде еріншек, жалқауға мынадай сипаттама береді: «Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады. Әрбір қайратсыз қорқақ мақтаншақ келеді. Әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді. Әрбір арсыз жалқаудан тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. «Залымдық- адам баласының дұшпаны»- дейді Абай. Алдау, арбау, қулық, екіжүзділік, жалақорлық, күншілдік мінездерді залымдық деп қатаң сынайды. Данышпан ақын жастардың осындай адам баласын қор қылатын, адамдықтың дұшпаны болып табылатын кеселдерден аулақ болуын көксейді. Әрбір саналы жастың пайдалы іспен айналысып, өнер үйренуін талап етеді. 33-ші қара сөзінде «Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан қолөнерші -қазақтың әулиесі» - дейді.

Жұмысы жоқтық,

Тамағы тоқтық,

Аздырар адам баласын, -дей отырып еңбекті сүймеушілік, жұмыссыздық адамды теріс жолдарға түсіріп бұзатындығын дәлелдейді. Қазіргі уақытта да жұмыссыз сандалып, жеңіл жүрісті кәсіп еткен жастардың бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Абай адал еңбекті адамның барлық рахатының көзі санайды. « Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық»- дей келе еңбекті сүйген адамның жан қасиеті ізгі болатындығын дәлелдейді.

  1. Абай мұрасының тәрбиелік мәні, тағылымдық бағыт-бағдары.

Ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абайдың рухани мол мұрасын жаңа көзқарас тұрғысынан жан-жақты, терең талдап, бастауыш сынып оқушыларына Абайды таныту біздің міндетіміз. Бұл - ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мол мұрат болып жалғасып, ұласа берер қасиетті парыз, үлкен міндет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Т.Жомартбаевтың публицистикалық шығармалары. Уәйіс Шондыбайұлы шығармашылығының зерттелуі. Қайым Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
М.ӘУЕЗОВ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебиеттануына байланысты жазған ғылыми еңбектері
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Шәкәрім мұрасы
А.Байтұрсынов – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы туралы
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz