Пайдалы қазба қорының дәрежелері
Жоспар
Кіріспе 5
1 Жалпы бөлім 6
1.1 Кен қорларын қазып алуға дайындау 6
1.2 Кен орындарын игеруде прогрессивті жүйелер мен әдістер 7
2 Арнайы бөлім 11
2.1 Пайдалы қазба қорлары технологиясының негіздері 11
2.2 Кен қорын орнықтандыру 12
2.3 Пайдалы қазба қорының дәрежелері 13
2.4 Кеннің өнеркәсіптік-экономикалық мәні 15
2.5 Аса балансты, жоғалған кендерді және ашылған жыныстарды қазып алу және өңдеу 16
Қорытынды 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23
Кіріспе
Жер қойнауы кенге бай Қазақстан тәрізді мемлекетте кен өндірісі елдің ішкі экономикалық дамуы үшін де маңызы зор. Ендеше жер байлығын ысырыпсыз игеру және кен қазу сапасын жақсартумен қатар, оның көлемін арттырудың кілті алдыңғы қатарлы жаңа технологияны өндіріске енгізіп отыру, тек кен мамандарының біліктілігіне байланысты болатындығы даусыз.
Нарықтық экономика кен өндірісінде техникалық ұйымдастыру құрылымының түбегейлі өзгеріс жасамағанымен, кеншілер жағдайы еңбек қатынасында, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан реформаланатындығына күмән жоқ.
Егер дербес, ұлттық, өркениеттік дамудың қозғаушы күші оның материалдық базасы десек, бүгінгі Қазақстан халқыныңэкономикалық дамуына, өнеркәсібін өркендетуіне толық негіз бар. Ол - кен қорнының молдылығы.
Адамзаттың кен байлыққа деген сұранысының артуы, бірақ жер қойнауындағы кенбайлықтың өспейтіндігі, оны қазып алу барысында кен қорының азая беретіндігі және жер бетіне таяу жатқан кеннің түгесіле бастауы - кен қазу технологиясын өне бойы дамытылуын қажет ететін ғаламдық құбылыс. Бұл кен ісі саласында іргелі зерттеулер жүргізіп отыруды, ғылыми қағидаларды үзіліссіз өндіріске енгізуді талап етеді. Міне, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап кен ісі саласындағы ғылыми зерттеулерге кеңінен көңіл бөлу кен қорына , оның өніміне деген сұраныстың күрт артуына ықпал етті. Қазақстанда кен өндірісінде кен ісі саласындағы әлемдік ғылыми-техникалық жетістіктердің кеңінен қолданылуының басты себебінің бірі осында.
Ендігі сәтте кенші еңбегі сандық көрсеткішпен емес, сапалық санатта бағалануы: еңбек өнімділігінің экономикалық тиімділікпен асатындығы, үнемділікті үстеме пайдамен байланыстыру тәрізді нарықтық заңдылықтардың басты шарттары негізінде және қауіпсіздік техникасы , сондай- ақ еңбек пен қоршаған ортаны қорғау ережелерін қатаң орындау секілді талаптар. Мұның бәрі құралдарын жетілдіру, өндірістік үдерістерді дамыту, кен өндірудің жаңа технологияларын енгізу- тұжырымдай айтқанда, кен саласында ғылыми-техникалық бастамаларды өндіріске енгізу , ал қазіргі Қазақстан жағдайында шетел тәжірибелеріндегі алдыңғы қатарлы кен өндірудің озық үлгілерін, машиналары мен жабдықтаррын өндіріске енгізумен сипатталатын болады. Бұл кен инженерлерінің сапалы білім алуын қажет етеді.
1 Жалпы бөлім
1.1 Кен қорларын қазып алуға дайындау
Кенді шикізатты кешенді өңдеу және жер қойнауын ұтымды қолдану проблемаларын шешудегі ғылыми тәсілі кен орнын жан жақты зерттеп және оны қолдануға дайындығын өз уақытында жасауды қажет етеді, өйткені кен денесі аз зерттелген, кеннің нақты заттық құрамы белгісіз, қазып алынатын кен қорларын өз уақытында технологиялық байқау жүргізілмеген кәсіпорындарда металлдардың көп шығыны жиі болып тұрады.
Кен қорларын қазып алуға өз уақытында дайындау жер қойнауын ұтымды пайдаланудың және байыту фабрикаларын кондиционды шикізатпен қалыпты қамтамасыз ету қажетті шарт болып табылады. Шикізатты кешенді пайдалану жоспарының маңызды элементінің бірі пайдалану алдындағы барлау болып табылады, оның арқасында кен шоғырының кеңістікте орналасуы және сапасы, саны нақтыланады.
Пайдалану-барлау ұңғымаларының қалыңдығына байланысты кеншілер әр түрлі дәрежедегі нақтылықпен геологиялық мәліметтерді алады. Одан нақтырақ геологиялық ақпарат оның негізінде бұрғылау жару жұмыстары жобаланып орындалады, қазу кезіндегі кеннің бұзылуына және шығындарының төмендеуіне себеп болады. Барлау ұңғымаларының қоюланған желісін бұрғылауға кететін қосымша шығындары бұзылу мен шығындардан келетін зиянның азаюымен орнын толтырады. Барлау жұмыстарына кететін уақыт пен құралдар шығындарын азайту үшін саланың алдыңғы қатарлы кәсіпорындары ғылыми ұйымдардың техникалық көмегімен кен және тау жыныстарды ядерлы-геофизикалық әдістерді қолданады.
Кен орындарын барлау кезінде ядерлы геофизикалық әдістің артықшылықтары анықталған, жекелеп алғанда Никитовский кенішінің барысында. 1970 ж. дейін мұндағы барлау жұмыстарын негізінен жер асты кеншілік қазбаларымен жүргізілді. Мұнда бір профильді барлауға 300-350 қазбаға дейін шығындалып отырды. 1970 ж. бастап кен денелерін барлауды НКР-100 м станоктарымен жүргізді, ядерлы геофизикалық сынау әдісін қолданып бұрғылау арқылы жүзеге асырып отырды.
Барлаудың жаңа әдісін енгізу кенді қазбалау өтімдерін 5 еседен астам қысқартуға мүмкіндік берді және барлаудың құнын 1,5 есе арзандатуға мүмкіндік берді.
Бұған қатысты назар аударатын Қалмақыр кен шығаратын орнында қазып алынатын кендердің қорын жинақталған зерттеу тәжірибелері. Қалмақыр кен орнын дұрыс игеру үшін және мыс кендерінің қорын ұтымды қолдану үшін әр түрлі типті кендерді анық нақтылануын алу қажет болды, яғни олармен жыныстық массасының арасындағы шекараны орнатып, оның технологиялық сипаттамасын дұрыс анықтап және селективті қазба үшін нұсқамаларды беру. Тәжірибелік зерттеулер көрсеткендей Қалмақыр кен орнының жағдайында әр түрлі сұрыптағы кендердің анық нақтылануы тәжірибеде қабылданған бұрғылау жарылыс желісінің сыналуы арқасында қамтамасыз етіледі (сынау биіктігінің интервалы 10 ме. Ұңғыма арасы 8-10 м).
Кеннің технологиялық сұрыптарын кеніште анықтау үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған флотациялық зертхана құрылған. Зертхана байыту фабрикаларындағы ережелерге сәйкес келетін геологиялық үлгілерді әр түрлі режимдерде байытуға жаппай зерттеу жүргізе алады. Сонымен қатар кеніштік геологтармен дала бақылауларының нәтижесі бойынша әр түрлі кендерді анықтауға мүмкіндік беретін геологиялық технологиялық классификация жасалған.
Геологиялық және технологиялық мәліметтер негізінде кеннің селективті қазбалары үшін жарылыстың сұрыптық төлқұжатын жасайды. Төлқұжатта көрсетіледі, шығыңқы бөліктің үстіңгі және төменгі шекарасы және жорамал бойынша бөлінетін сызық, бұрғыланған жарылыс ұңғымаларының аузы, кендегі мыс құрамы, сульфидтілік пайызы, жыныс контактілері, кен аймақтарының түр және сұрып бойынша шекаралары, ал кварцеленген участкелерде - кремнозем құрамы. Жарылыс төлқұжатының көшірмесін кеніштегі жұмыс кезінде дұрыс бағыт таңдау үшін экскаватор машинисіне беріледі. Тау кен диспетчері әр экскаватор үшін темір жол құрамына тапсырыс береді, сондықтан кен пойызының бүкіл қүрамын тек қана бір сұрыптың кенімен ғана тиейді, жарылыс төлқұжатына сәйкес жасалады.
Осындай тәсілмен құрамаларды аса балансталған немесе тау кен массасымен тиейді. әр құрамаға барлық мәліметтерге ие вагондардың құрамын сипаттайтын құжаттама жазылып беріледі. Құжаттама алғашқы құжат болып табылады, оның негізінде құраманың қозғалу бағытымен босату орнын анықтайды. Құжаттамасыз кенді байыту фабрикасында немесе үйіндіге тау кен массасын түсіруге рұқсат етілмейді.
1.2 Кен орындарын игеруде прогрессивті жүйелер мен әдістер
Түсті және қара металлдар кенінің орны әр түрлі географиялық және климаттық аймақтарда орналасқан: Орталық бөлікте, Заполярье, Приморье, шөлейтті және биік таулы аудандарда орналасқан. Кен денелері әр түрлі тереңдікте жатады және таулы геологиялық жағдайлар бойынша қатты ерекшеленеді. Қазба жұмыстары кезінде кеннің босауы және шығындарды азайтуды қамтамасыз ету мақсатымен оларды игерудегі универсалды технологиялық шешімдерді іздеуге мүмкіндік бермейді.
Бірақ экономикалық тиімділігі дәлелденген болса кен орнын ашық әдіспен игеру тәсілін таңдайды, оның кен қазудағы үлестік бөлігі қазіргі кезде 65 % асады. Ашық әдісті жер асты қазбасымен салыстырғанда шығындары төмен және босаңсуы аз болуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар бірқатар тау кен кәсіпорындарының ашық жұмыстарында қазба кезінде кеннің босаңсуымен жоғары шығындардың орны бар. Кейбір кен орындарындағы күрделі тау кен геологиялық жағдайлар кеннің жалпы бөлу тәсілін қолдануға мәжбүр етеді және одан кейін жарылған массаны көлікке тиеу процесі кезінде экскаваторлық сұрыптаудан өтеді. Ашық тау кен жұмыстарында жер қойнауын пайдаланудағы көрсеткіштерді жақсартудағы радикалды жолдардың бірі кен мен жынысты бөлек бөлу болып табылады, бұл жалпы бөліммен салыстырғанда шығындарды 1,3-1,6 есе азайтуға, ал босаңсуды 1,5-2 есе азайтуға мүмкіндік береді.
Кен мен жынысты бөлек бөлуді қолданудың техника экономикалық артықшылықтары Қазақстанның кен орындарындағы жұмыс тәжірибесімен анықталды, әр түрлі тау кен геологиялық жағдайларда байқалды. Бұл тәсілді енгізу нәтижесінде тек қана қорғасын мырыш кен орындарында жылына 1,5 млн.теңге құрайтын экономикалық тиімділік алынды. Кен мен жынысты бөлек бөлу бірқатар никель-кобальтты, мыс және вольфрам-молибден өндірісінің кен орындарында енгізілді.
Кен денелерінің аз қуаттылығы бола тұрып, кен мен жыныс контактілерінің күрделі пішіні, жұмыс майданының аз болуы, бөлек бөлу қолданысы шектеулі болғанда жер қойнауынан кен орындарында кенді алудың ең жақсы көрсеткіштерді кертпештеп қазып алуды береді. Бұл әдістің ерекше артықшылықтары қысылған ортада тау массасын бөлумен сәйкестірілгенде көрінеді. Қысымдағы бөлу жарылыс кезіндегі кен мен жыныстың араласуын азайтуға мүмкіндік береді, ал кертпештеп қазып алу тиеу кезінде кенді сұрыптау үшін жақсы жағдай жасады. Қысым кезінде бөлуді қолдану қазба жұмыстарын 10-12 % қымбаттатады, ұңғымалар желісін қоюлату, жарылғыш заттарының шығынының өсуі және тиеу кезіндегі сұрыптауда экскаваторды қолдану арқасында қымбаттау жүзеге асады. Бірақ бұл қымбаттау кеннің босаңсуы және шығындардың азаюынан үнемдеу арқасында орнын толтырады.
Бұл жерде алмалық тау кен металлургиялық комбинатының кен орындарында кеннің босаңсуымен шығындардың төмендетуге қатысты оң тәжірибелері қызықтырады. Кеннің үйіндігі, ал жыныстың фабрикаға түсуін алдын алу үшін жаңа жарылыстың тау кен массасын тиеуді жарылыс төлқұжатын құру және бұрғылау жарылыс ұңғымаларын сынау нәтижелерін алғаннан кейін ғана бастайды.
Контактілі аймақтарын жұмыс істеу кезіндегі кеннің босаңсуы және шығындардың нормативтік өлшемдерін келесі иәсілмен анықтайды. Алдымен жоспарланған кезеңде істелінетін контурдағы көлденең жоспарлар бойынша сұрыптар бойынша алғашқы мәліметтерді анықтайды (кен денелерінің параметрлері, контактілердің ұзындығы мен саны, кендегі, жыныстағы контакт маңындағы аймақтардағы металлдың құрамы, бұл контурдағы баланстық қорлардың саны). Одан кейін ақаулық құрамын анықтайды және әрбір контакт үшін мүмкін босаңсуларды есептейді. Осы екі өлшеммен арнайы графика арқылы әр контакт үшін қазып алу шекарасын анықтайды. Босаңсыған массадағы жоғалатын кен санын жасалған формула арқылы анықтайды.
Жер асты тау кен жұмыстарында жер қойнауынан кен алудың көрсеткіштерін жоғарылататын ең тиімді бағыттардың бірі өңделіп болған кеңістікке қатырушы қоспаларды қалау жүйесі ең тиімді деп мойындалған. Бұл технология ең үлкен дамуын бай кендерді қазу кезінде алды. Никель кобальтты өндірісінде қалау жүйесі көмегімен бүкіл кеннің 60 % жуығын алады. Қату қалауы бар жүйені қолдану басқа да артықшылықтарға ие, жекелеп алғанда табиғи және өндірістік объектілер астында қорғау кең діңгегінде консервацияланған қорлармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай ақ аралас әдіспен (ашық және жер асты) кен орындарын игеруге мүмкіндік береді. Осылай бұл технологияны пайдалану арқылы Лениногор комбинатында Филипповка және Быструха өзендерімен шахталарын қорғау кең діңгегінде кен денелері өңделді.
Кендегі металл құрамы аз болатын кен орындарында қату немесе басқа да қалаулармен жүйелерді тиімді қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайда кеннің босаңсуы мен шығынның төмендеуін қамтамасыз ететін басқа тәсілдер қолданыла алады.
Миргалямсай кенішінде БНИИ түсті металл жасап шығарылған жатпа жұмыстарын құлататын бағаналы жүйе ендірілген. Бұл кен шығындарын 1,5 босаңсуды 1,4 есе азайтуға мүмкіндік берді, сондай ақ қорғасынның үлкен шығындарына әкеліп соғатын бұрынғы камералы бағаналы жүйемен салыстырғанда жұмыс өнімділігінің және қазбаның өзіндік құн көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік берді.
Кеннің босаңсуымен шығындарын төмендету үшін тау кен жұмыстарын дұрыс ұйымдастырылған жоспарлау үлкен маңызға ие болады. Тау кен жұмыстарын жоспарлау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жылдық жоспар құрайды. Мұнда пайдалану барлауының мәліметтерін нақтылап зерттейді, олардың негізінде кен денелерінің өндірістік контурларын айқындайды, қазба тереңдігі, пайдаланған фланг аймақтарының бөлігіне, жобалық шешімдерге түзетулер енгізеді және т.б. Бұл кезеңде қазба кезінде босаңсу мен шығындардың жоспарлы көрсеткішін анықтайды, бұлар жоғары тұрған ұйыммен бекітіледі.
Екінші кезең кәсіпорын басшыларымен бекітілген тау кен жұмыстарының айлық жоспарын құру болып табылады. Бұл жоспарлар экскаваторлық бригада, ауысым, участке ұжымы үшін жұмыс құжаты болып табылады; олар бойынша материалдық сый өлшемін анықтайды. Айлық жоспарларды құрастыру үшін бастапқы мәліметтер ретінде барлаудың барлық кезеңдерінде болған нәтижелер, сондай ақ кертпеш сынағының нәтижесі, бір-екі айлық асуы бар торы 10x25 м болатын шнекті ұңғымалардың көмегімен жүзеге асырады.
Айлық жоспардың артықшылығы, оны құрастыру кезінде өткен айдағы геолог маркшейдер қызметтерінің жұмыс нәтижелерінің мәліметтерін ескере отырып тез арада құрастыруға болады, жылдық жоспарға түзетулер енгізуге, босаңсу мен шығындарды азайтуға арналған қосымша шараларды қарастыруға болады.
2 Арнайы бөлім
2.1 Пайдалы қазба қорлары технологиясының негіздері
Бүгінгі Қазақстан жерінде кен қазу сонау қола дәуірінен басталды десек те, жер қойнауының кен байлығы адамзат қажетінде жан-жақты қолдау тапқаны тек жаңа заманда болды.
Кен қазылмас бұрын ізделіп, барланып, қоры, түрі, жаралым тереңдігі анықталады. Ал қазылған кеннің, әсіресе қатты кен байлықтың қайсы түрін алсаңыз да бірден тұтынушыға жөнелтіліп, бірден іске жаратылмайды. Сондықтанда қазылған қатты кен алдымен алдын-ала арнайы өңдеуден өтіп, пайдалы бөлігі арттырылып байытылады. Бұдан соң байытылған өнім металлургиялық байытуға түседі, не тұтынушыға жіберіледі.
Адамзаттың кен байлыққа деген сұранысының артуы, бірақ жер қойнауындағы кенбайлықтың өспейтіндігі, оны қазып алу барысында кен қорының азая беретіндігі және жер бетіне таяу жатқан кеннің түгесіле бастауы - кен қазу технологиясын өне бойы дамытылуын қажет ететін ғаламдық құбылыс. Бұл кен ісі саласында іргелі зерттеулер жүргізіп отыруды, ғылыми қағидаларды үзіліссіз өндіріске енгізуді талап етеді. Міне, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап кен ісі саласындағы ғылыми зерттеулерге кеңінен көңіл бөлу кенге, оның өніміне деген сұраныстың күрт артуына ықпал етті. Қазақстанда кен өндірісінде кен ісі саласындағы әлемдік ғылыми-техникалық жетістіктердің кеңінен қолданылуының басты себебінің бірі осында.
Жер қойнауы кенге бай Қазақстан ғалымдары бастапқыда кешегі КСРО шеңберінде, кейін тәуелсіздік алғаннан бастап ТМД елдері және дүние жүзі ғалымдары қатарында кен қазу технологиясын дамытуда өз үлестерімен ерекшелене алады. Қазіргі кен өндірісінде қолданылатын технологияның жыл сайын күрделене түсуі осының айғағы.
Кенді іздеу және барлау, сондай-ақ оны байыту жеке дамығант пән ретінде оқытылуы кен қазу ісінің күрделілігін білдіреді. Осы ретте, кен ісі саласында да өз алдына дербес қарастырылатын ғылыми проблемалар қатарында кен қазу техникасы, оның жекелеген өндірістік үдерістері оқшаулана түседі. Міне, Тау-кен технологиясының негіздері дара пән ретінде қарастырылуы, зерделенуі - бүгінгі кен істері саласының күрделі ғылыми және өндірістік сипат алуынан деп білу керек.
Кен өндірісіне жататын әрбір кен қазу технологиясының күрделілігі - машина жасау тәрізді өндіріс орындарындағыдай жұмыс орнында, бір жерде тұрақтамауы, яғни кен өндірісінде өндірілетін кенжардың өне бойы жылжып, орын ауыстырып отыратындығы бұған айқын мысал бола алады.
Сондықтан да кен өндірісі технологиясын жасау, ең алдымен, белгілі бір жағдайда жұмыс атқаратындай машиналармен жабдықталатын жерасты қазбаларында өндірістік үдерістердің жүйелі дамытылуын талап етеді. Сонда ғана кен қазудың технологиялық үдерістерін жоғары өнімді жабдықтармен жабдықтап, кеншілер еңбегін қауіпсіз жағдайға келтіріп, өнімділігін арттыруға және кеннің өзіндік құнын кемітуге мүмкіндік туады.
2.2 Кен қорын орнықтандыру
Түсті металлургияда қоры, пішіні жату жағдайы бойынша әр түрлі жүздеген кен орындары игеріледі. Жағдайларының көбінде кен денелері үлкен күрделілікпен ерекшеленеді. Тұтас кендер таңбаланған бос жыныстармен және балансталған кендермен аралас орналасқан. Біріккен орны кеннің бірнеше технологиялық сұрыптарына ие болуы жиі кездеседі, әр түрлі физика-химиялық қасиеттеріне байланысты оларды қазу мен өңдеу бөлек жүргізіледі.
Кен орындарының көбінің спецификалық ерекшелігі қазба жұмыстарының тереңдігі өскен сайын тау кен геологиялық шарттарының қиындауы болып табылады: кен денелерінің қуаттылығының азаюы, пайдалы компоненттерінің құрамы кемиді, кеннің заттық құрамы күрделенеді, сыю жыныстарымен кеннің физикалық және механикалық қасиеттері нашарлайды.
Өзгеріп отыратын факторлардың әр түрлілігіне қарамастан жоспардағы техникалық-экономикалық көрсеткіштерге сәйкес келетін оны байыту кезінде техникалық шарттарға толық келетін құрамы тұрақты болатын кенді байыту фабрикасына тиеп жіберуді қамтамасыз ету қажет (металдарды алу, концентраттардың сапасы және т.б.). Бұл маңызды міндетті екі жолмен шешеді. Кеннің сұрыптарының технологиялық қасиеттері бойынша қатты ерекшеленетін бірнеше болған кезде және олардың орналасу жағдайы тиімді болғанда олардың селективті қазуын жүзеге асырып, сұрыптары бойынша байыту фабрикасына тиеп жіберіледі. Кеннің бөлек түрлері өзінің технологиялық қасиеттері бойынша айырмашылығы болар болмас болған жағдайда, ал селективті қазып алу мүмкіндігі болмаса, байыту фабрикасының уату бөліміне дейін кеніштің бір бөлігінен жіберілген жол бойында кенді орталандыру әдісі қолданады, көбінесе - аралық қоймада.
Кендердің әр түрлерін селективті қазып алу және сұрыптары бойынша өңдеу берілген сұрып үшін ең оңтайлы технологиялық схемалары мен флотациялау режимдерін қолдануға, оңтайлы реагенттерді таңдауға және берілген компоненттерді максималды түрде бөліп алуға мүмкіндік береді.
Тишинск, Белоусовск және Салаир кеніштерінде кен сұрыптарының кеңістікте орналасуын зерттеу кендердің сұрыптары кеңістікте анық бөлініп тұр және кәсіпорынның тау кен геологиялық шарттары бойынша бөлек қазып алуға болады. Бұл мүмкіндік қазба жұмыстарын жоспарлау кезінде ескерілді, бұл өз кезегінде фабрикаларға кеннің қажетті құрамын беруге және оларды өңдеуде металды алуын жоғарылатты.
Қазіргі кезде сульфидті және тотыққан (аралас) кендерді бөлек қазып алу бар жерде қолданылады, тотыққан кендер арнайы технологиялық схема бойынша өңделеді (Жезқазған фабрикасы) немесе уақытша сақтау үйінділеріне жіберіледі. Байыту фабрикаларына жіберілетін кеннің құрамын тұрақтандыру үшін тау кен және тау кен кәсіпорындарында орталандыру әдісін жиірек қолданылатынын атап өту қажет.
Кенді байыту кезінде металды алуды жоғарылату үшін орталандырудың тиімділігі Сор молибден комбинатының кен орнының қасында құрылған орталандыру қоймасының мысалында көре аламыз. Сор мыс молибден кенінің орны пішіні күрделі штокверк түрінде гидротермальдық болып табылады. өндірістік және өндірістік емес участкелерінің арасында айқын шекара жоқ. Кен денелерінің шартты контурларын бұрғылау жарылыс ұңғымаларын сынау мәліметтері бойынша ғана анықтай алады. Кен орны үшін пайдалы компоненттердің әркелкі таралуымен құрамында салыстырмалы түрде аз болуымен сипатталады.
Өңделетін кендегі сульфидті молибденнің құрамындағы ауытқу кенді байытудың техникалық шарттары бойынша 30% аспауы керек.
Берілгендерді массивте сынақтан өткізгенін көрсеткендей молибденнің қүрамы он еседен астам өзгереді. Қазылып алынған кендегі молибденнің орта ауысымдық құрамының талдауы 3-60% аралығында ауытқып отырды. Осының нәтижесінде жеңіл және орташа байытылатын кендерді өңдеу кезінде молибденді алу да, концентраттағы оның құрамы да қатты өзгеріске ұшырады.
Комбинатта молибден алуының, оның кендегі құрамына тәуелділігін анықтап, кенді орталандырудың ұтымды схемасын жасап шығарды. Бұл схеманы енгізу үшін аккумулирлеуші қойма орталандыру қоймасы болып қайта салынды. Орталандырылған кенді өңдеу молибденді концентраттан алуды 1,1 % жоғарылатуға мүмкіндік берді.
2.3 Пайдалы қазба қорының дәрежелері

Қазақстанда кен қорының мол көзі тек ХХ ғасырда ғана ашылып анықталды ма, әлде бұрыннан белгілі ме еді? Егер осыншама кен қоры бұрыннан белгілі болса, бұрын 1930 жылдарға дейін неге дамымаған деген сұрақ туындайды.
Қазақ жерінде кен ісінің бастауы осыдан бес мыңдай жыл бұрын, қола дәуірден бастау алады. Қазақ халқының болмыс-бітімін даралайтын ұлттық құндылықтарымыздың, дүниетанымдық деңгейіміздің дәрежесін анықтайтын мұраларымыздың кен ісінің нышандарын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz