Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

«Педагогика» факультеті

«Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Инклюзивті білім беру жағдайында тірек - қимыл аппараты зақымдалған мектепке дейінгі мектеп оқушыларына көмек көрсету»

Пәні: Инклюзивті білім беру

Мамандығы: 5В011300 - Биология

Орындаған: Қуатова Айдана, 2-курс студенті

оқу формасы: күндізгі

Жетекші: Ерубаева А. Р аға оқытушы

Курстық жұмысты

қорғау уақыты ___ ___ 2020ж.

Бағасы

Ақтау, 2020 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Педагогика» факультеті

«Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасы

Пәні: Инклюзивті білім беру

Мамандығы: 5В011300 - Биология

ТАПСЫРМА

Курстық жұмысты орындауға арналған

Студент: Қуатова Айдана

Тақырыбы: :«Инклюзивті білім беру жағдайында тірек - қимыл аппараты зақымдалған мектепке дейінгі мектеп оқушыларына көмек көрсету»

Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:

  1. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктерін анықтау;
  2. Тірек қимыл аппаратының бұзылуы бар балаларды жалпы білім беретін орта мектепте оқытудың шарттары мен міндеттері;
  3. Тірек - қимыл аппараты бұзылған балаларға арт-терапияларды қолдану;
  4. Тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың әдістемелерін тағайындау;

Негізгі әдебиеттер:

1) «Актуальные проблемы диагностики ЗПР» под. ред. К. С. Лебединский М., 1982г.

2) Леонтьев А. Н: «Принципы психического развития ребенка и проблема умственной недостаточности» /Проблемы развития психики/ М., 1972г

3) Власова Т. А., Певзнер М. С. Дети с отклонениями в развитии. М., 1973г.

4) Особенности психофизического развития детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата. \Под. ред. Власовой Т. А., \ М., 1985г.

5) Коррекционная педагогика: Основы обучения и воспитания детей с отклонениями в развитии: Учебное пособие Для студ. Сред. Пед. учеб. Заведений \Под. ред. Пузанова Б. П. \ М., 1998 г.

6) «Актуальные проблемы диагностики ЗПР» под. ред. К. С. Лебединский М., 1982г.

7) Леонтьев А. Н: «Принципы психического развития ребенка и проблема умственной недостаточности» /Проблемы развития психики/ М., 1972г

8) Вишневский В. А. «Депрессиялық невроздың динамикасы»., - Москва 1987.

9) Мамайчук М. И., Мартынов В. П., Пятакова Г. В. «Церебральді сал ауруы бар балаларды әлеуметтік-психологиялық тексеру және ата-анасымен психо-коррекциялық жұмыс» ⁄ Ред. кол. Шабалина Н. Б., Добробольская Т. А., Ширшова Л. А., Москва 1989.

10) Мясищев В. Н. «Тұлға және невроз» Л. 1960.

11) Скворцов И. А., Осипенко Т. Н., Дедов Н. П., және т. б «Неврологиялық инвалидті балалардың ата-аналарының психологиялық негізі», Москва, 1995. 2-ші басылым.

Курстық жұмыстың көлемі: бет.

Курстық жұмыстың тапсыру мерзімі ___ 2020ж. дейін

Курстық жұмыс жетекшісі Ерубаева А. Р аға оқытушы

2020ж.

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің Педагогика факультеті, 5В011300 - «Биология» мамандығының 2-курс студенті Қуатова Айдананың «Инклюзивті білім беру жағдайында тірек - қимыл аппараты зақымдалған мектепке дейінгі мектеп оқушыларына көмек көрсету»атты курстық жұмысына

Рецензия

Инклюзивті білім беру жағдайында тірек - қимыл аппараты зақымдалған мектепке дейінгі мектеп оқушыларына көмек көрсетуге және ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуды жалпы білім беру жүйесінде ұйымдастырудың соңғы мақсаты жоғары сапалы білім және барлығын оқытуға ыңғайлы жағдайлар болуы тиіс. Күтілетін нәтижелерге жету инклюзивті білім берудің үш тең дәрежелі құраушысын: білім беруді ары қарай дамытуға қажетті ойлау векторларын көрсететін инклюзивті мәдениет, инклюзивті тәжірибе, инклюзивті саясатты дамытумен қамтамасыз етіледі. «Инклюзивті мәдениет» құраушысы мектептегі өзгерістердің негізі болып саналады. Ол мектеп қауымдастығын құруды және инклюзивті құндылықтарды қабылдауды қарастырады. Мектепте инклюзивті мәдениетті дамыту әрекеттестік идеясын қолдайтын, білім беру процесінің барлық қатысушыларының дамуын ынталандыратын қауіпсіз, төзімді қауымдастықты; әрбіреудің құндығы ортақ жетістіктің негізі болып табылатын қауымдастықты құруға ықпал етеді. Бұл кезде мектепті дамыту тұрақты және үздіксіз процесс болады.

Инклюзивті мәдениетті дамытуға мұқият ойластырылған төменгі және жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін сабақтар жүйесі, жалпы мектептік іс-шаралар, мерекелер, спорттық жарыстар, әлеуметтік серіктестердің белсенді қатысуымен концерттер ықпал етеді. Жүргізілетін барлық сабақтар мен іс-шаралар ерекше білім беруге қажеттілігі және мүгедектігі бар оқушыларға деген толерантты қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталу керек.

Студенттің курстық жұмысының мазмұны осы мәселелерді қарастырған. 5В011300 - «Биология» мамандығының 2-курс студенті Қуатова Айдананың «Инклюзивті білім беру жағдайында тірек - қимыл аппараты зақымдалған мектепке дейінгі мектеп оқушыларына көмек көрсету» атты курстық жұмысы стандарттық талапқа сай тақырыбы өзекті, сапалы түрде жазылған жұмыс деп қорғауға ұсынамын.

Рецензент: Ерубаева А. Р аға оқытушы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3-6

І. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқытуды ұйымдастыру теориясы . . . 7-10

1. 1. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктері . . . 7-10

1. 2 Тірек қимыл аппаратының бұзылуы бар балаларды жалпы білім беретін орта мектепте оқытудың шарттары . . . 11-14

ІІ. Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету . . . 15-16

2. 1. Тірек -қимыл аппараты бұзылған балаларға арт-терапияларды қолдану . . . 15-16

2. 2. Тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың әдістемелері . . . 17-24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25-26

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс өзектілігі: Қазіргі кезеңде еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Мүмкіндігі шектеулі балалар ішінде жетекші тап ретінде қарастырылған балалардың церебралды сал ауруы жағдайындағы психологиялық және фихиологиялық даму ерекшеліктері Б. П. Пузанов, Э. С. Калижнюк, В. В. Лебединский еңбектері негізінде сипатталды. Церебралды сал ауруы - психофихиологиялық даму барысы бойынша аса күрделі категориялардың бірі тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу қозғалыс аппараттарының зақымдану бағытымен сәйкес ұйымдастырылады. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар өздерінің интеллектуалды және психикалық даму ерекшеліктеріне және физиологиялық күйлеріне сәйкес қоршаған адамдардың өзіне деген қатынасына өте сезімтал және кез-келген әлсін өзгерістерге байқампаз болады. Мұндай балалар өте әсершіл, оларды оп-оңай ренжітуге болады, бұл балалардакез-келген жағдайға жағымсыз көзқарас қалыптасуы жеңіл. Яғни, қозғалыс аймағының кемістігі әлеуметтік қатынастармен бірлесе келе, баланың жалпы психикалық дамуына ықпал ететіні анық.

Тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы немесе аурудың айқындалуы кезінде баланың сәбилік және ерте жасында ата-аналарының барлық күштері бұзылған қозғалыс қызметін дамытуға және түзетуге, яғни қалыпқа келтіруге бағытталады. Мұның себебі, кейбір ата-аналар баланың психикалық және тілдік дамуының ерекшелігін байқаса да, арнайы педагогтарға, логопедтерге, психологтарға жүгінуге асықпайды. Басқалары баланың психикалық және тілдік дамуы оның қозғалыс әрекетінде үлкен жетістіктерге жеткенде немесе сауығып кеткенде қалыпқа келеді деп есептейді. Ал үшіншілері қандай да бір ауру әрқашан баланың психикасында, тәртібінде өзгерісті қалдырады деп санайды. Осындағы кез келген жеке ойлар көптеген ересектердің тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзету) оқыту мен тәрбиелеу жүйесі бар екенін білмейтіндіктерін көрсетеді. Осыған орай, осындай патологиясы бар балалармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық және логопедиялық түзету жұмыстарының негізгі бағыттары мен жолдары бірнеше онжылдықта әзірленіп, әртүрлі мекемелердің тәжірибесінде кеңінен қолданылып жатыр. Ресейлік ғалымдар Л. А. Данилова, М. В. Ипполитова, Е. М. Мастюкова, Е. Ф. Архипова және басқалары церебральды салдығы бар балаларды, оның өмірінің алғашқы айларынан бастап-ақ арнайы оқыту мен тәрбиелеу қажеттілігін негіздеді. Олар негізгі мақсаттарды көрсетіп, сәбилік, ерте және мектепке дейінгі жаста жүргізілетін түзету жұмыстардың мазмұны мен әдістерін ашып, және оларды ерте бастаған жөн екенін түсіндіріп, дұрыс түзету әрекетінің жағдайлары кезінде аса тиімді екенін дәлелдеді.

Мүмкіндігі шектеулі бұл балалар -әр түрлі мамандардың тұрақты пациенттеріне айналады: ортопед, невропотолог, терапевт, логопед және т. б. мамандардың. Олар жүйелі түрде дәрілік терапиялық және физиотерапиялық емдерді қабылдап отырады. Балалар жиі ем қабылдауына байланыстыкөп жағдайда, ұзақ уақыттар бойы ауруханаларда жатады. Мұның өзі баланы ата-ананың мейірімінен үзеді. Ата-анасы келген кездің өзінде бала олардың бет жүзінен ем нәтижесіне байланысты туындаған қысым, толқу, қанағаттанбаушылық іздерін көреді. Ата-ана толығымен баланың денсаулығына баса назар аударып, баласының ауруынан айығып кетуі мүмкіндігіне деген ойы балаға деген мейірімді екінші жоспарға қалтырады. Әдетте, ата-ана баладан не істегісі келетінін сұрамайды, олар нақты не істеу керек екенін шешеді. Міне, осы уақыттан бастап баланың тұлға ретінде қалыптасуы бұзылады. Баланың патологиялық жағдайда қалыптасуына ең алдымен отбасындағы қате тәрбие әсер етеді. Зерттеулер нәтижесіне сүйенер болсақ, балаға деген шектен тыс қамқорлық 80 % кездеседі. Ата-ана оның барлық тілегін орындауға тырысады, оның іс-әрекетін өзінікімен алмастырады. Аталған фактілер ескерілген жағдайда, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуін дамыту көзделіп, психокоррекциялық жұмыс бағдарламасын психологиялық тренингтер түрінде балалардың өздерімен қатар, олардың ата-анасына да бағыттаған дұрыс. Тәрбиелеу барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай алуға, өзін - өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Мұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы түсіністікті қажет етеді және оларды болашаққа сенімді көзқараспен қарауға тәрбиелеудің мәні зор. Мүгедек балалардың жанұяда тәрбиелеудің бір-біріне қарама - қарсы екі түрі кездеседі. Олардың бір түрі «шеттетілгендер», яғни ата-анасы баланың жан-жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді, бірақ оның ішкі әлеміне үңіліп рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде баланы жазалайды. Бұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі, ата - аналарының сүйіспеншілігіне, махаббатына ылайық емеспіз деп ойлайды. Олардың көңіл - күйі түсіп, өз-өзіне сенімсіздік пайда болады. Осыдан келіп балалардың тіл дамуында, танымдық қызметінің қалыптасуында, тәрбиесінде әр түрлі кемшіліктер пайда болып, зияты төмендеп, білім деңгейі тежеледі. Екінші бір жағдай баланы шектен тыс қамқорлыққа алу, мұндай ата-аналар бала алдындағы «кінәсін» сезініп оны тым бос ұстап, еркелетеді. Кез- келген өтінішін орындауға тырысады. Мұндай ортада өскен бала бұйығы келеді. Өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.

Арнайы педагогиканың дамуының қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруге ықпал ету мәселесі өте өзекті орынды алуда. Бұл мәселені шешуде әлеуметтік қызметкерлердің орны ерекше. Әлеуметтік педагог - арнайы (түзету) білім беру мекемесінің қызметкері, ол барлық институттардың өкілдері (педагог, психолог, дәрігер, әлеуметтік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еңбек ұжымы және ата-аналар) және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалармен тығыз қарым-қатынаста болады. Арнайы (түзету) мекемелеріндегі әлеуметтік педагог іс-әрекетінің негізгі мақсаты төмендегідей болып табылады: бала тұлғасының дамуы (дене, әлеуметтік, рухани және ақыл-ойының дамуы) үшін жағымды жағдай жасау; баланың әлеуметтік бейімделуінде кешенді көмек көрсету; өмірлік кеңістікте баланы қорғау; бітіруші түлектердің кәсіби бағдарлануы мен интернаттан кейінгі өмірінің бейімделуіне көмек көрсету.

Түзете-дамыту жұмысының мақсаты дер кезіндегі тілдік және танымдық даму, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен қоғамда бейімделуін қамтамасыз ететін іс-әрекеттер жүйесін бірізділікпен дамыту және түзету, қолдың ұсақ моторикасын қалыптастыру болып табылады. Осыған орай, түзете-дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі қағидаларын атауға болады:балалардың церебральды салдығымен зардап шегетін балалар үшін түзете-дамыту жұмысының ерте басталғаны дұрыс, себебі қимылдық бұзылыстар басқа да қызметтердің екіншілік тежелуіне әкелетіндіктен, өмірінің алғашқы аптасынан және айынан бастау керек. Түзете-дамыту жұмыстары бұзылған және сау сақталған қызметтерді толығымен зерттеп білу негізінде ғана жүзеге асады. Сабақ кезіндегі дифференциалды ыңғай баладағы мүмкіндіктерді ескеру мен «оның жақын даму аймағында» орналасқан жаттығулар жүйесін құруды ескереді. Церебралды салдығы бар балалардың аталған ерекшеліктерін ескере отырып, оларға жиі кездесетін ойыншықтардан гөрі сыртқы түрі, түсі, пішіні, көлемі, материалы бойынша ерекшеленетін өте ашық түсті ойыншықтардың атауын есте сақтау ұсынылады. Церебралды салдығы бар балалардың ойыншықтарды көрсетуінің ерекшеліктері бар:Оқыту сабақтарында ойыншықтарды көсретумен қатар, оның атауын білдіретін сөз айтылады. Сөздер баланың көз қарасы ойыншыққа тоқтаған кездерде айтылады, немесе ойыншықтар баланың көру аймағында орналасады. Айтылайын деп отырған сөз баяу, әуенделіп, әртүрлі интонациялармен айтылады. Балада сөздерді түсінуді қалыптастыру барысында, есту, көру және тері-бұлшықеттік талдағыштар жұмысын белсендіреді. Ойыншықты оның бастапқы орнынан және баладан 2 метр қашықтықтан аспайтын жерге ауыстырып отырады. Балаларға ойыншықты іздеуді үйрету енжар бұрылуда кинестетикалық сезіну жолымен жүзеге асады, бұл кезде баланың басы ойыншық жаққа қарай бұрылуы керек. Баланың сөзді түсінгенін тексеру кезінде, ол интонация жағынан басқа интонациялық қарапайым фразалық сөздерге қарағанда ерекшеленіп тұрады. Ойыншық атауын түсінгенін, оның сол ойыншықта көз қарасын тоқтатуын және ойыншық жаққа қарай басының бұрылуы бойынша анықтауға болады. Бала бір ойыншық атауын есте сақтағаннан кейін, бірінші ойыншықтан алыстатылған басқа ойыншық атауын түсінуді қалыптастыруға көшеді. Баланың өзі білетін заттармен әрекет жасауды үйрету, қажет болса, көмек көрсету.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды тәрбиелеуші ата-аналардың басына түскен ауыртпашылықты азайту мақсатында үкіметіміздің 6 балаға бір әлеуметтік қызметкер беруі балалар мен олардың ата-аналары үшін үлкен көмек. Бұл қызметкерлер аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінен келеді. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі баланың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қалыптастыру жолында әлеуметтік қызметкердің алатын орны ерекше.

Әлеуметтік қызметкер мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына оларды дұрыс дамыту және тәрбиелеу мақсатында төмендегідей ұсыныстар береді: баланың ерекшелігін дұрыс түсініп, қабылдау; балаға үнемі шыдамдылық пен сүйіспеншілік таныту; әрқашан ата--аналар сенімді болып, балаға ішкі жағымсыз қобалжуларды байқатпауға тырысу; үй тұрмысына байланысты жұмыстарды мүмкіндігінше баламен бірге атқару; баланың өз құрдастарымен жиі қарым-қатынаста болуына ықпал жасалуы тиіс; баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау барысында үнемі қолдау таныту, қарым-қатынастың үзілмеуін қадағалау; балаға көмек беретін арнайы мамандармен тығыз байланыста болу өте маңызды болып табылатынын үнемі ескеріп отыру қажет.

Курстық жұмыс мақсаты : Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды мінез-құлқыны сараптау

Курстық жұмыс міндеттері: Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен отбасына жалпы білім беру ортасында психологиялық педагогикалық көмек көрсету жолдарын сараптау.

  • Тірек -қимыл аппараты бұзылған бала мен отбасына психологиялық көмек көрсету сатылары;
  • Жалпы білім беру ортасында психологиялық педагогикалық көмек көрсету тиімділігі.
  • Курстық жұмыстың зерттеу болжамы:Арнаулы мектепке дейінгі және мектеп мекемелер желісінің орнауы мен даму барысында ғалымдар мен тәжірибешілер балалардың дамуында ауытқуларды коррекциялаумен профилактика жасаудың, табудың принциптерін, әдістерін және тәсілдерін жасап шығарғанын, мектеп жасындағы балаларды коррекциялық оқыту мен тәрбиелеуді зерттеу.
  • Курстық жұмыстың практикалық құндылығы:Мектеп жасындағы балаларды тексерудің объективті және субъективті әдістері арасындағы тәрбие қағидалары мен заңдылықтарының ерекшелігін, бақылауға арналған әдістемелік көмекші құрал ретінде қолдана алады.
  • Курстық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден, екі бөлімнен, әдістемеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу пәні: инклюзивті оқуты.

Зерттеу әдісі: Салысытырып сараптау талдау тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асыру.

І. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқытуды ұйымдастыру теориясы

1. 1. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тірек - қимыл аппараты бұзылған балаларды математикаға оқытудың әдістемесі
Тірек - қимыл аппараты зақымдалған балаларға білім беру
Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу процесін ұйымдастыру
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқытуды ұйымдастыру
Тірек –қимыл аппараты бұзылған балаларға білім беру. 
Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды оқытуды әдістемелік ұйымдастыру
Тірек-қимыл аппараты зақымданған балаларға клиникалық-психологиялық-педагогикалық мінездеме
Тірек қимыл аппараты бұзылған балаларды оқыту ерекшелігі
Балалардын церебральды сал ауруы
Мүмкіндігі шектеулі балалар қызығушылғы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz