Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны


МАЗМҰНЫ
1. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі
1. 1. А. Байтұрсыновтың өмірі.
1. 2. Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық, саяси және мемлекеттік қызметі
1. 3. А. Байтұсыновтың шығармашылық қызметі.
2. А. Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы.
2. 1. А. Байтұрсынов шығармашылық мұрасының зерттелуі
2. 2. А. Байтұрсыновтың қазақ рухани мәдениетіне қосқан үлесі мен тигізген әсері
2. 3 А. Байтұрсыновтың философиялық ойларының қазіргі қазақ рухани мәдениетіндегі алатын орны және заман талабымен үндестігі
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына он жылдан астам уақыт өтіп, елімізде саяси-экономикалық, әлеуметтік жүйеде қайта жаңғыру үрдістері жүзеге асып, әлемдік жаңа даму үрдісінің ықпалымен мемлекетіміз халықаралық деңгейдегі өркениетті мемлекеттің бірі болуға ұмтылуда. Қазақстан қоғамының демократизациялануға бағыт алуы, қол жеткізген демократиялық бостандықтар елдің саяси-экономикалық жағдайының тұрақтанып, нығайып, өркенденуіне үлкен жол ашты.
Халқымыздың рухани оянуы тәуелсіздігіміздің әміршең болу шартының бірі болып саналады. Елімізде жүргізілген экономикалық реформалармен қатар халықтың сана-сезімі де заман талабына сай өзгерді. Ұлттық философия осы үрдістің қозғаушы күші болып табылады. Философия қоғам жаңаруының басты бағытын теориялық тұрғыда талдап, саралайды.
Ұлттың алынбауға тиісті үш қамалы бар. Оның бірі - ұлттық ахуал, екіншісі - ұлттық тіл, үшіншісі - ұлттық өнері мен салт- дәстүрі. Ұлт өміріндегі осындай маңызды мәселелер жөнінде терең ойлар қозғап, соны пікірлер айтып, әлі де өзектілігін жоймаған тұжырымдамалары бар XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының мұралары халық руханиятының құндылығы десек қателеспейміз.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев: "Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттілігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн" - деп, 1, 270 б. орынды атап өткенін ескерсек, Алаш зиялы қауымының арманы тәуелсіз елімізде жүзеге асып жатқанын мойындауымыз керек. Өркениетке аяқ басқан елімізде уақыттың талабы да жоғары болуда, сондықтан халқымыздң қоғамдық-саяси, әлеуметтік мұралары мен рухани қазынасын зерттеу қиын тәртібіндегі өзекті мәселеге айналуда. "Өзінің философиясы жоқ елдің тәуелсіз рухани мұрасы мен дамуы болмайды, әр уақытта басқа факторларға тәуелді болады" - деп, [2, 28-31 66. ] жазды қазақтың философ ғалымдары Ж. М. Әбділдин, М. С. Орынбеков. Біздің ғалымдарымыз қазақ философиясын дүниежүзілік мәдениет шеңберінде қарастырып, халқымыздың бай ауыз әдебиетін, философиясын, рухани құндылықтарын жоғары теориялық зерттеу дәрежесінде қарастыруда. Еліміз егемендік алғаннан бері бұл мәселелерге азаматтық позиция тұрғысынан баға беруге мүмкіндік туды.
Азаттық ой мсн ел еркіндігіне жол салған дара тұлғаның бірі ұлы ағартушы, ғалым-лингвист, түркітанушы, қазақ зиялы қауымының абыройлы көсемі, "туған тілді түрлеуде" өлшеусіз еңбек сіңірген Ахмет Байтұрсынов болып табылады. Ол XX ғасырдың басында қазақ қоғамының өмірінде жаңа бағытқа бет бұрған қайраткерлердің алдыңғы шебінде болып, қазақ мәдениеті мен қоғамдық ой-сананың дамуына орасан зор үлес қосты.
Жаңа өлең түрі - мысал арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен И. А. Крылов туындыларын аударып, халыққа ұғымды идеяларымен қоса, жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді өзі қосып, халықты ынтымаққа шақырып, ғибрат алатын мысал философиясын ұтымды дамытады. Адамдардың мінезі, өмір ағысы, заманға байланысты көптеген оқиғаларды, әсіресе, патша отаршыларының зорлық-зомбылығын, халықтың мүшкіл жағдайын бірде ашық айтса, бірде астарлап жеткізеді.
Сәкен Сейфуллин. "Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды" деген мақаласында Байтұрсыновты "Оқығандардың арасынан шыққан, өз заманында патша арам қулықты атаман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен, халықтың намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған, патша заманында жалғыз Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары губернатор, соттарға күшін сатып тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай, қызметтерін қылды" - деп, 4 сипаттауы да осыны дәлелдейді.
Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2003 жылғы халыққа жолдауында мына мақсаттарға ерекше назар аударылған: "мемлекетгік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасау" 5] . Осы жағынан алғанда біз жахандануға қазақ тілі арқылы жетеміз деп пайымдасақ, А. Байтұрсынов шығармашылығындағы философиялық пайымдауларының маңызы зор деп түсінеміз. Осы орайда біз аталмыш зерттеу жұмысында А. Байтұрсынов еңбектері бойынша біз философиялық көзқарасын жүйелеп, бір арнаға түсіруге талпыныс жасадық. Сонымен бірге А. Байтұрсыновты біз замандасымыз деп айта аламыз, себебі оның еңбегіне кетерілген мәселелер біздің бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелермен үндесіп жатады. Оның философиялық ой-толғамдары, дүниетанымдық тұжырымдарының біздер үшін берері мол, әлі келер ұрпақ та одан тағлым алатыны сөзсіз. Осылай ұрпақ жалғастығы, дәстүр жалғастығы ұштасады. А. Байтұрсыновтың Алаш қозғалысының көрнекті өкілі бола отырып, жергілікті басқару жөнінде 8 мақала жазуының өзі бүгінгі заманмен үндесіп жатқанын көрсетеді. Ұлттық мемлекет тұрғысынан алғанда қазақ зиялылары осындай диалектикалық үрдісті шешудің бағыт-бағдарламаларын жасады.
Тақырыптың өзектілігі қазіргі Қазақстан қоғамында жүйелік қайта құрулармен де айқындалады деп ойлаймыз, себебі, тоталитарлық жүйеден өркениетке бет бұрып жатқанда рухани құндылықтарымызды Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы бойынша ой елегінен өткізіп, талдау жасау философия тарихында үлкен орын алады деп есептейміз, сондықтан бұл тақырып бүгінгі таңда толығымен зерттеу нысанасы болып табылады.
Зерттеу жұмысының зерттелу деңгейі Бұл күні тәуелсіз мемлекет болып танылған Қазақстанның өткені, бүгіні, келешегі туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан айшықтары аясында халқымыздың іргелі ел болып қалыптасуында ерен еңбек еткен тұлғалардың аяулы есімдері алтын әріптермен жазылып, Отан тарихынан өздерінің тиісілі орнын алуда. Жүзжылдықтар тоғысында тәуелсіз елінің тарапынан Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы, реформатор-ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы «Ана тілдің айбары» омырау медалі және ≪Ғасыр саңлағы»≫ алқа белгісімен марапатталды. Ғалым есімі оралған 1988-ші жылдан, оның шығармалары қайта басылып, әрі тәуелсіздік кезеңнің ғалымдары танымдық алғысөздер жазып келеді. Сондай-ақ, филологтар, әдебиетші, тарихшы, заңгер, журналист, философ, педагог т. б. мамандықтары бойынша шығармашылығы, ағартушылық, қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлігіне қатысты 50-ге жуық кандидаттық, 20-дан аса докторлық диссертациялар қорғалды. Әлбетте, бұл жазылған ғылыми зерттеулер біліктілігі жағынан өз салалары бойынша толық меңгерілген тақырыптар екені даусыз. Тарихи тұлғаның шығармашылық мұрасын тікелей зерттеп, кемеңгердің кемел білім-ілімін келешек ұрпаққа таныту мақсатында жасалған жұмыстар легі өсуде. Ғалым мұрасы мен ғұмырына арналған бірнеше кітаптар жарық көрді. Атап айтсақ, тілші-ғалым Р. Сыздықова, Ахаңның немере інісі С. Кәкішев), Өзбекстан елінің ғалымы М. Д. Жусупов (Фонемография Ахмета Байтурсынова и фонология сингормонизма. 1995. -176 б. ), физик-ғалым М. -Х. Сулейманов (Яркий носитель духа человечности. 1997. -18 с. ), филолог-ғалым Байтелесова Ж. Негасимая звезда в плеяде казахской интеллигенции. 1998. -78 с., Публицистика Ахмет Байтурсынова. 1998. -78 с. ), тілші, әдіскер-ғалым А. Қыдыршаев (Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы. 1998. -132 б. ), жазушы Б. Ілияс (Алтын бесік. 1998. -260 б. ), ақын-журналсит Н. Бектемісұлы (Ахмет ұшқан ұя. 2001. -128 б. ), әдебиеттанушы-ғалым А. Ісімақова (Возвращение плеяды. 2002. -294 с. ), түркітанушы ғалымдар Ф. Ашнин, В. Алпатов, Д. Насилов (Репрессированная тюркология. 2002. - с. ), жазушы Қ. Сәрсекеев (Ұлт ұстазы немесе Алаштың Ахметі жайлы ой-түйін. 2003. -80 б. ), журналист-ғалым С. Оспанұлы (Ахмет өскен ақындық орта. 2004. -204 б. ), әдебиеттанушы-ғалым Ө. Әбдиманұлы («Қазақ» газеті. 1993. -168 б., Ахмет Байтұрсынұлы: зерттеу-эссе. 2007. -296 б. ), әдебиеттанушы Ұ. Еркінбаев («Әдебиет танытқыштың» теориялық негізі. 2008. -136 б. ), Р. Имаханбетова Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны. 2010. -304 б. ), А. Ойсылбай (Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышындағы» сөз өнері мен поэтика мәселелері. 2015. -164 б. ) т. б. тарихшы ғалымдардың көлемді тақырыпта қарастырған ғылыми зерттеулері бір төбе. Бұдан бөлек академик-ғалымдар: М. Қозыбаев, К. Нұрпейіс, З. Ахметов, З. Қабдолав, Р. Нұрғали, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, К. Сағадиев, М. Жұрынов т. б. талдаған ғылыми зерттеу мақалалар қаншама десеңізші.
Мұрағат деректер бойынша қарастырсақ, ахметтанудың ғылыми тұжырымдалуы - 1919 жылдан басталады. Мәселен, өзге ұлт өкілдерінен 1919 жылы А. Н. Самойлович «Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы» деген ғылыми мақала жазса, кейін бұл үрдіс жалғасын табады [1] . Самойловичтің осы мақаласы кейін 1930 жылы А. Байтұрсынұлы түрмеде отырған тұста, Мәскеудің «Литературная энциклопедия» атты жинағының 1-томына кіреді [1, Б. 305-306] . Бір ғажабы, орыс ғалымдары арасында жеке адам баласының басында болып жататын түрлі қайшылыққа қарамастан, ғылымдағы жетістіктері жоғары бағаланған. Өз Отанымызда А. Байтұрсынұлының қазақ жұрты үшін жасаған жұмыстары қасақана «халық жауы» деп қараланып жатқанда, тағы орыс ғалымдары аталған жинақтың 1931 жылы жарық көрген 5-томына Қазақ әліпбиін «Байтурсуновский алфавит» деп енгізеді [2, 23-б. ] . Міне, нағыз ғылымдағы адалдық, ғылыми жетістіктің бағалануы!
1924 жылы Е. Д. Поливанов «Қазақ-қырғыздың жаңа (Байтұрсынов) орфографиясы» [3], 1928 жылы Н. Ф. Яковлев «Әліпби құрылымының математикалық жүйесі» туралы ғылыми мақалалар жазды [4] . 1974 жылы А. Н. Кононов «Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы» атты ғылыми анықтамалық-мәліметтер бергені тарихтан мәлім [5, 115-б. ] . А. Самойлович мақаласында Ахметтің ғалымдық қайраткерлігін биографиялық анықтамалық шолуға сыйғызған, қазақ ғалымын: « . . . қазақ тілі орфографиясының реформаторы, қазақ грамматикасы және қазақ әдебиеті теориясының негізін қалаушы» деп жазды [1] . Осы ғылыми тұжырымды негізге алып, ахметтануды 1922 жылғы М. Дулатұлы мен Е. Омаровтың мақалаларынан да ертерек, 1919 жылдан бастаған дұрыс. Себебі, жоғарыда аталған А. Самойлович мақаласында Ахметтей қоғам қайраткерінің 1919 жылға дейін жасаған сан алуан жұмыстарын ғылыми анықтамалыққа сыйғызған. Зерттеуші мәліметіндегі: «көрнекті қазақ ақыны», «жорналшы», «педагог» деген танымдық сипаттаулар дәл сол уақытта қазақ ағартушысының атқарған негізгі жұмыстары болатын. Ал қазақ зиялылары тарапынан 1922 жылдан бастап зерттеліп, бағаланып жүрген «Қазақ» газеті туралы А. Самойлович «… қазақ халқының қоғами-мәдени санасын оятушы басылым» деп, айырықша атап айтты. Бұл күні әдебиеттану ғылымында «төлтума» деп тануды ұсынған «Қырық мысалдағы» қазақы сипат пен өрнекті тілді «…Байтұрсыновтың тілі лирикалық шығармаларында қарапайым, өзінің бай, көркем, поэтикалық мәнерімен ерекшеленеді» дейді. Міне, өзге ұлт өкілі орыс ғалымы берген нақты әрі құнды ғылыми тұжырымдаманың қазақ зиялыларынан 3 жыл бұрын айтылғанын мойындауға міндеттіміз [1] . Қорыта айтқанда, А. Самойловичтің сипаттамасы алғашқы танымдық ғылыми бағалау. Бұл - А. Байтұрсынұлының ғылымдағы қайраткерлігіне айтылған тұңғыш анықтама. Зерттеуші Ахаң туралы айшығын «қазақтың бірінші көрнекті лингвист-ғалымы» деп түйіндеген [1, Б. 305-306] .
1924 жылы Қазақ әліпби жөнінде профессор Е. Д. Поливанов Ортаазия мемлекеттік университетінің бюллетінде жариялаған мақаласында: « . . . енді түзетуді қажет етпейтін, тарихи тұрғыдан алғанда кемелденген, жетілген ұлттық графика» - деп бағалайды [3, Б. 35-43] . Ғалымға берілген осы бағаны отандастары қалай қабылдады?! Бұл жөнінде тұлғаның рухани шәкірттері бір жыл бұрын, 1923 жылы М. Әуезов, Т. Шонанов, Е. Омаров мақалаларында осы емле туралы бірі: « . . . Ақаң түрлеген ана тілі» десе, екіншісі: « . . . Жаңа алфавит тіліміздің таза сақталуына, . . . әлемдік мәдениетпен араласуға, . . . халық мектептерінің өркендеу жолына алып адым жасағаны анық» деп, ал үшіншісі: «Қазақ әліпбиі» мен «Қазақ тілінің дыбыс және сөз жүйесі атты оқулықтарының өн бойына сыйғызған өзекті өзгерістерінің өзі қазақ грамматикасына бөлекше реңк әкелді» деп, өз тұсында қазақ жұртшылығы тарапынан зор қошеметтелгенін айтады.
1928 жылы Н. Ф. Яковлевтің «Математический формула построение алфавита» атты мақаласының мән-маңызын ашып, ғылыми айналымға түсіру - бүгінгі қазақ тілі ғылымындағы лингвист-ғалымдардың еншісіндегі міндет.
Осы мақаланың Байтұрсынұлы әліпбиіне қатысты тұстарына тоқталсақ, мұнда зерттеуші Ахметтің әліпби түрлеу, түзу барысында «Үндестік заңын» толық сақтағанын, дыбыстарды жүйелеуде өте икемді қалып тапқанын айтады [4] . Жалпы, қоғам қайраткерінің өмiрi мен қызметiне қатысты мақалалар өз елімізде негізінен, оның 50 жасқа толу мерейтойы қарсаңында жазылып. мерзiмдi БАҚ-та жарияланды. Мәселен, тұлғаға деген ең алғашқы құрмет 1922 жылы 2-тамызда Ташкенттегі Қырғыз-қазақ институтында алты алаштың баласы бас қосқан салтанатты жиында тұңғыш рет көрсетiлген. Деректерге сүйенсек, А. Байтұрсынұлының Ташкентке сапарының басты мақсаты - Түркiстандағы екi облыс Жетiсу мен Сырдарияны Қазақстанға қосу болған. Бiрақ сол жылғы Ташкент қаласында шыққан «Ақ жол» газетi бетiндегi «Лайықты қошемет» атты мақалада Ахмет Байтұрсынұлының iс-сапарынан гөрi, оның жеке басына көрсетiлген ықылас, игі тілек туралы жазылғандығы айтылады [6] . Мақаланы 10-қыркүйекте Алматыда шығатын «Тiлшi» газетi қайта көшiрiп басады. Аталған мақалаларды журналист-ғалым Т. Қожакеев пен әдебиеттанушы Д. Қамзабекұлы 1991 жылы кирилл жазуына түсiрiп, ғылыми ортаға тың дерек әкелді. Әрине, iзденiс барысында бiрлi- жарым кемшiлiктер жiберiліп жатады. Мысалы, Т. Қожакеев «Тарихи деректер бұрмаланбасын» ( 1991) мақаласында Д. Қамзабекұлының «Социалистiк Қазақстан» газетiнiң 12-қаңтардағы «Лайықты қошемет» мақаласының қайта жарияланымдағы кеткен қателiктерге ескерту жасады. Атап айтсақ, материалдың орынсыз қысқартылуы, мақала соңындағы «А. Ж. » белгiсiнiң автор ретiнде дұрыс көрсетiлмеуi. Жасалған ескерту еленіп, Д. Қамзабекұлы «Қазақ әдебиетi» апталығына «Ақаңның алдында» (1996), «А. Байтұрсынұлының Ташкентке сапары» (1997 ) мақалаларын жазды. Соңғы мақаласы жан-жақты талданып, 1997 жылы жарық көрген «Руханият» ғылыми зерттеуіне енді.
Асылы, мұрағаттағы деректерді сұрыптауда аса сақтық пен табанды ыждаһаттылықты басты нысанада ұстаған жөн. Мәселен, осы «Лайықты қошемет» атты мақаланы ғалым еңбектерiне жатқызып жүр. Нақтырақ, 2001 жылы «Ұлттың ұлы ұстазы» библиографиялық-анықтамалықтың 250-бетiнде: «96-реттiк нөмiрде, яғни «Лайықты қошемет // Тiлшi. - 1922. 10 қыркүйек. Ташкенттегi қазақтарды көшiрiп әкелу» деген көрсеткiшпен А. Байтұрсынұлының еңбектерi тiзiмiне енген. Бұл жаңсақ пайым. Өйткенi, кiтаптың 190-бетiнде: «А. Байтұрсынұлының өмiрi мен еңбектерi туралы әдебиеттер» қосымшасының 362-реттiк нөмiрінде: «Лайықты қошемет // Социалистiк Қазақстан. -1991. 12 қаңтар. Бұдан 68 жыл бұрын. Материалды газетке әзiрлеген Д. Қамзабекұлы» деген мәлiмет бередi. Демек, қос материалдың аты айтып тұрғандай әрі басылым көру мерзiмiнiң бiркелкілiгi, оның түрлi авторға тән еместiгiн айғақтайды. Т. Қожакеевтiң «Халқымен қайта қауышты қайран ерлер» мақаласында осы аталған материалдың, яғни ғалымға көрсетiлген құрметтiң зерттелуiне сүйенсек, мақала авторы А. Байтұрсынұлы емес, керісінше тұлғаға жасаған зор iлтифатты «Лайықты қошаметке» сыйғызған өзге қаламгер. Атын көрсетпеген. Мақалаға «Ш-н» деп қол қойған [6, Б. 191-205; 124, Б. 355-358] .
Мақаланың авторы әлi күнге ашылмағанын әдебиетші Д. Қамзабекұлы «Мақала соңындағы «Ш-н» қаламгердiң кiм екендiгiн бiле алмадық» дей келе, өз ой-тұжырымын: «…1922 жылдың тамыз айында ташкенттiктер А. Байтұрсынұлын саясат адамы емес, ғалым ретiнде қарсы алды. Бұл қазақ ғылымының абыройының артқандығын көрсетедi . . . сапарында А. Б. Түркiстандағы екi облысты Қазақстанға қарату мәселесiн тиiстi орындарда сөз еткен де болуы керек. Бұл қосылудың қажеттi екенiн зиялыларға дәлелдеген де шығар. Бiрақ, ол жағы «Ақ жол» газетiнде жазылмапты. Қалай дегенде де газет А. Байтұрсынұлын ғалым есебiнде және бiр мәшһүр етудi көздеген тәрiздi» - деп қорытады [7] . Зерттеушінің айтуынша, Мәскеудің «Әдебиет энциклопедиясы» басылымына «Абай мен Ахмет» туралы деректi Смағұл жiберген. Әдебиетшінің пайымына сүйенсек, « . . . С. Сәдуақасұлы А. Байтұрсынұлының тұлғасын - ұлт руханиятына сапалы өзгерiс әкелiп отырған жаңа кезең, тарихи асу деп санаған» дейдi.
Баяндама туралы танымын «ғылыми айналымға түспеген (түсу бұйырмаған), жұқанасы жазушы, санаткерлердің естелігінде қалған А. Байтұрсынұлының елу жылдық мерейтойында жасаған С. Сәдуақасұлының «Ақаңның алдында» атты баяндамасы -Кеңес тұсындағы «инерциялы ағартушылықтың» бағдарламасы (Ахмет проғрамды - «жосық» депті) сынды еңбек болған» деп жазады. Баяндаманың түпнұсқасы әлі күнге табылмады [7, Б. 99-107] .
Тарихи баяндама хақында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі С. Мұқанұлының « . . . Садуақасұлы Байтұрсынұлын мақтай жөнелмей, сатылап жетті. Оның баяндауынша қазақ халқының бес көсемі бар, олар: Кенесары, Шоқан, Ыбырай, Абай, Ахмет. Смағұлдың «сатылауына» негіз бар болатын. Хан Кене - тәуелсіздік үшін күресте мойымаған, рухы жеңілмеген қайраткердің, Шоқан, Ыбырай, Абай - күрескер рухты қағазға түсіре алған, дара шапса да жалғыздығын білдірмеген, халқының намысы болып жанған ағартушылардың, Ахмет қателіктен сабақ алған толқынның, білім мен бірлікті, білік пен байыпты қатар ұстаған зиялылардың рәмізі еді. Сондықтан С. Садуақасұлы «сатысын» - жүйелеу деп қараған орынды» деген пікір айтқанын жазады Д. Қамзабекұлы талдау мақаласында [7] .
Қазақ зиялыларының көзін көріп, сөзін естіген Ғ. Ахмедов « . . . осы баяндамада С. Садуақасұлы Ахаңның өмірі мен ғылыми, әдеби еңбектері жайында өте мазмұнды пікірлер айтты» дейді [8, Б. 23-37] . Сол 1923 жылғы Ахаңа арналған жиынның бас-аяғына дейін түгел қатысқан Ғалым ағай: « . . . жиында кейбіреулердің аузынан айтылып жүрген өрескел жағдайдың» болмағанын, өзінен басқа Қ. Бадыровтың қатысқанын, әрі оның сөзін растайтынын айтады. «С. Сәдуақасұлы Ахаңды замандасымыз ғой» деп өз қатарымызға қойып, өзімізбен теңестіріп қарауға болмайды. Бұл кісі «қазақ халқының алғашқы алфавитін жасап берген, бұрын әркім қалай болса, солай жасап жүрген емлемізді түзеп, бүкіл халқымызға ұстаз болған адам. Сондықтан бұл кісіні ұстасымыз деп қарап, өзімізден әлдеқайда жоғары ұстап, қадірлей білуіміз керек деп қорытындылады сөзін» дейді әдебиетші-ғалым Ғ. Ахмедов [9, Б. 32-33] .
Ахмет Байтұрсынұлы мен оның серiктерiне Ташкенттiк зиялылар тарапынан қонақасы берiлгенi, бұл рәсiмнiң тойдан гөрi, ойдың мерекесi болғаны жөнiнде «Ақ жол» газетiнiң тілшісі: « . . . Банкетте жетi түрлi халықтың адамы болды: қазақ, қырғыз, өзбек, тәжiк, ноғай, орыс. Қонақта болғандар әр елдiң . . . өкiлеттi елшiлерi хүкiмет мүшелерi, профессорлар, бiлiм комиссиясы һәм газет басқармасы сықылды мекемелердiң адамдары≫ - деп жазады [9, Б. 193-196. ] . Түркiстандық И. Табынбаев қайраткердің өмiр жолы, ортасы, шығармашылығы жөнiндегi баяндамасын газет уәкілі түгелдей хатқа түсiрген. И. Табынбаевтың лебізіндегі: «…Ахмет ағай қазақ халқының бiрiншi мұғалiмi, ұстазы. Бiрiншi рет басталған, бұрын ешкiм ескермеген жұмыстың ( . . . ) ауыртпалығы Ахаңның басына түстi. Бiрақ Ахаңның қайраты таспаса, қайтпады, ақылы аспаса, саспады . . . тiзесiн түрменiң терезесiне үстел қып, Ахаң қаламын тартпай жазумен болды» деген жүрекжарды ілтифаттарынан замандастарының А. Байтұрсынұлын зор құрмет тұтқанын көреміз. Қоғам қайраткерінің ерекше қасиеттерiн даралай көрсетiп, жеке-жеке атап көрсетеді: «1) . Қазақтың әдеби тiлiнiң негiзiн салушы. Қазақты «А» деп бастап оқытып, надандықпен күресушi бiрiншi ұстазымыз; 2) . Оқу iсiне, жазуға жаңалық кiргiзген данамыз; 3) . Патша үкiметiнiң зұлым саясатымен күресiп, қарсы пiкiрiн таратқан қаһарманымыз; 4) . Қазақ халқының қай жағынан болса да көсемi» деп, танымдарын «Ақ жол» үнқағазында паш ете отырып, Ахметті «темiрқазыққа» теңеген [9, 103-б. ] .
1922 жылы Орынборда шыққан «Қазақ өлкесiн зерттеу қоғамы еңбектерi» басылымында М. Дулатұлының «А. Байтұрсынұлы Байтұрсынов», Е. Омаровтың «А. Байтұрсынұлының ғалымдық қайраткерлігі» мақалалары жарияланған. Бұл материалдардың 1922 жылы жариялануы кездейсоқтық емес еді. Қос мақаланың кейiн А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты жазылған зерттеулерге негіз болғанын айту ләзiм. Шындығында, ахметтану мәселесінде - М. Дулатұлы мен Е. Омаровтың мақалалары дереккөзі болған. Мәселен, Мәскеулік басылымдар: «Әдеби энциклопедия» мен А. Кононовтың түркітанушылар сөздігіндегі сiлтемелік көрсеткiш соның айғағы. Және Е. Поливанов, Н. Яковлевтердің зерттеулеріне де осы материалдар негiзгi болғаны дәлелдеуді қажет етпейді. Бұл деректер отандық ғалымдардың да еңбектерiнде кеңiнен пайдаланып жүргендiгi баршаға аян.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz