Ресей Федерациясы орыс



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті
Тарих факультеті

Реферат
Ресей Федерациясы

Орындаған: Мо-16 тобының студенті Абдина А.Н.
Тексерген: Дүниежүзі тарих және халықаралық
қатынастар кафедрасының профессоры Адамбек Б.К.

Қарағанды
2020
Мазмұны
Кіріспе
Ресей Федерациясы
Ресейдің тарихы
Ресейдің демографиялық жағдайы
Ресейдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Ресей Федерациясының мәдениеті
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Ресей Федерациясы (орысша: Росси́йская Федера́цияРосси́я) -- Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен, оңтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен, Моңғолиямен, Қазақстанмен, Әзірбайжанмен, оңтүстік-батыста - Украинамен, батыста - Финландиямен,Беларуспен, Эстониямен, Латвиямен, Норвегиямен шектеседі. Еуропалық Ресей, Орал тауларынан батысқа қарай аумақты алып жатыр.Аумағының көлемі жағынан РФ-сы (17,1 млн. км немесе құрылықтағы жердің 1\8-і) дүние жүзінде 1-ші орынды алады. Ол әлемнің екі бөлігінің-Еуропа мен Азияның кең байтақ аумағына орналасқан дүние жүзіндегі бірден-бір мемлекет. Ресей аумағы шығыстан батысқа қарай шамамен 10000, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 4400 км-ден астам қашықтыққа созылып жатыр. Ресейдің Еуропалық бөлігіне Шығыс Еуропа жазығы, Кавказ және Орал таулары жатады. Осы аумақтың үлкен-ғайып жазықтықтарының бірі- Шығыс Еуропа (Орыс) жазығы алып жатыр. Оралдан шығысқа Сібір мен Қиыр Шығыс басталады. Ресей Федерациясы Жер шарының ең үлкен материгі Евразияда орналасқан. Ресей Федерациясының астанасы - Мәскеу.Ресейдің батыс бөлігі (мемлекеттің жалпы ауданының14 құрайды) Шығыс Европада жатыр және оны Ресейдің европалық бөлігі деп те атайды. Шығыс Оралда орналасқан Ресей аймағын (мемлекеттің жалпы ауданының 34 құрайды) азиялық бөлігі деп атайды.Ресейдің шекараларын үш үлкен мұхиттар қоршап жатыр: солтүстігін Солтүстік Мұзды мұхит, шығысын Атлант мұхиты, батысын Тынық мұхиты. Бұл мұхиттар 62,3 мың км. шекараның 37,7 мың км. алып жатыр.Ресейдің оңтүстік шекарасынан Қара теңіз бен Жапония теңізінің жағасы алып жатыр. Үлкен Кавказ жотасынан Грузия мен Азербайжан шекаралас. Сонымен қатар Ресейдің оңтүстігі Қазақстан және Кореямен шекаралас.

Ресей Федерациясы
Ресейдің тарихы
Ресей (гр. Ρωσία -- Русь; ресми түрде -- Ресей Федерациясы орыс. Росси́йская Федерация немесе Ресей орыс. Россия, қысқартылған атауы -- РФ орыс. РФ) -- Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекет. Ресей мен Қазақстан арасындағы шекара - әлемдегі ең ұзын шекара. БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен өсуде, бұл дүние жүзіндегі ең жоғары өсу қарқындарының бірі. Ресей -- сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын ажыратылатын табиғи шептері жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады. Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәскеу айналасында бірігуі XIV -- XV ғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80-жылдарына қарай татар -моңғол езгісінен толығымен босаған орыс жерлері біртұтас мемлекетті кұрады. Осылайша болашақтағы күшті Орыс мемлекетінің негізі қаланды.
Кейінгі ғасырларда Орыс мемлекеті көршілес аумақтарды басып алып, өзінің құрамына қосу саясатын жүргізді. Солтүстік-батысындағы, шығысындағы, оңтүстік-шығысындағы аумақтарды күшпен бағындырған Ресейдің XVI ғасырда Батыс Сібір халықтарын қосып алу кезеңі басталды. Келесі ғасырда Украина мен Белоруссия жерін басып алу мақсатында көршілес елдермен, соның ішінде құдіретті Осман империясымен ұзаққа созылған соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Киев бағындырылып, Ресей Азов теңізіне шығуға мүмкіндік алды.

1.2.Ресейдің демографиялық жағдайы
Ресей аумағында XX ғасырдың 90-жылдарынан бері халықтың ұдайы өсуінің қазіргі типі орнықты. Қазіргі кезде туу коэффициенті 12,1°00, өлім коэффициенті 14,6°00 - Туудың азаюы мен өлім-жітімнің артуына байланысты 1992 жылдан бері табиғи өсу теріс көрсеткішке (-2,5°00) ие болды. Соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер жақсарып келеді. Табиғи өсудің оң көрсеткіштері Ингушетия, Тува республикаларында, Ханты-Манси АО-де байқалады. Жалпы алғанда, елде адамның өмір жасының ұзақтығы да қысқарды: 1990 жылы бұл керсеткіш 69 жасқа тең болса, қазіргі кезде 66,6 жасты кұрайды.
Демографиялық керсеткіштерге халықтың жас және жыныстық кұрылымы, көші-қон сипаты да әсер етеді. Қазіргі кезде Ресей халқының 17%-ы 14 жасқа толмаған балалар болса, 19%-ын жасы 60-тан асқан егде адамдар құрайды. Ел халқының 53%-дан астамын әйелдер құрайды. Соңғы онжылдықтарда басқа аудандардан көшіп келген жастар үлесі басым аудандарда (Ханты-Манси, Ямал- Ненец, Таймыр автономиялық округтері, Саха республикасы) туу көрсеткіші жоғары, өлім-жітім аз. Күшті урбандалған аудандарда туу көрсеткіші төмен, ал халық құрылымында егде адамдар басым кейбір қалаларда өлім саны көп.
Еңбек ресурстары
Ресейдің еңбек ресурстары 87 млн адамды қамтиды. Олардың басым көпшілігі (71 млн адам) экономикалық белсенді халық болып табылады. Жалпы алғанда, Ресейде жұмыссыздық деңгейі 9,2% деп есептеледі. Бірақ жұмыссыздық деңгейі аумақ, бойынша үлкен айырмашылықтар жасайды. Ингушетия, Дағыстан, Қалмақ Республикасында оның керсеткіші кей жылдары 50%-ға жеткен. Ал экономикалық өрлеу тән Саха республикасында, сондай-ақ ірі қалаларда жұмыссыздың деңгейі 4 -- 5%-дан аспайды. Елдегі жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі өндірістік емес салада (57%), қалғандары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етеді.
Халқының ұлттық құрамы
Ресей көпұлтты елдер қатарына жатады, мұнда 160 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. 100-ге жуық ұлттар мен ұлыстар Ресейдің; байырғы халқына жатады. Саны жөнінен басымы -- орыстар, олар Ресей халқының 80%-ын құрайды. Орыс халқының ең басым ауданы -- Орталық қара топырақты аудан, мұнда олардың үлесі 95%-дан асады. Ресей аумағында 30-дан астам ұлттық автономия құрылған, бірақ олардың көпшілігінде байырғы халыққа қарағанда орыстардың саны басым.
Тілдік құрамы жағынан Ресей халықтары, негізінен, үндіеуропалық (халықтың 89%-ы), алтай (7%), кавказ (2%) және орал (2%) 4 тіл семьяларына жатады. Ресейдің мәдени кеңістігінде орыс тілі мен мәдениетінің ғана емес, басқа халықтардың, соның ішінде шағын ұлыстардың тілі мен салт-дәстүрлерінің сақталуына айрықша көңіл бөлінген. Орасан зор аумақты алып жатқан Саха республикасының байырғы тұрғындары түркі тілдес якуттар болып табылады. Солтүстіктің басқа халықтары, негізінен, бұғы шаруашылығымен айналысса, якуттар атакәсібі болып саналатын жылқы өсіруден әлі қол үзген жоқ. Елдің солтүстігін, Қиыр Шығысты саны жағынан аз ұлттар мен ұлыстар мекендейді.
Орналасуы
Елдің әртүрлі бөліктерінде халық әркелкі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресей аумағы бойынша халық тығыздығының орташа көрсеткіші 1 км²-ге 8,5 адам, бұл әлемдік орташа керсеткіштен 4 есе төмен. Ресей аумағының 14 бөлігін ғана алып жатқан еуропалық бөлікте халықтық 79%-ы тұрады. Мұнда 1 км² аумақка 30 адамнан келеді. Ал елдің басым бөлігін (34) камтитын азиялық бөліктің үлесіне барлық халықтың 21%-ы ғана тиесілі. Халық тығыздығы мұнда 1 км²-ге бар болғаны 2,5 адамды құрайды.
Экономикалық аудандар бойынша да халықтың тығыздығы әртүрлі. Халық Орталық аудан мен Калининград облысында тығыз орналасқан, ал Қиыр Шығыс пен Шығыс Сібірде, Солтүстік ауданда халық өте сирек қоныстанған.
Халық тығыздығы табиғат жағдайларының қолайлы болуына тікелей байланысты. Ресейдің халық тығыз қоныстанған аудандарында табиғат жағдайы қолайлы болып келеді. Мысалы, Солтүстік Осетияда тығыздық 1 км²-ге шаққанда 80 адамды құраса, табиғаты қолайсыз Таймырда бұл көрсеткіш 1 адамға тең. Ірі қалалар мен олардың маңында халық тығыздығының жоғары болуын әлеуметтік-экономикалық жағдаймен түсіндіруге болады. Мысалы, Мәскеу қаласы мен облысында халық тығыздығы 1 км²-ге 320 адамға жетеді. Еуропалық бөліктің солтүстігінен басқа аумағын және азиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында саяси қатынастардың даму тенденциясы
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ, БИЛІК ЖҮЙЕСІ
Ресей федерациясы жайлы
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мен ресейдің мәдени саладағы қарым-қатынастары
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Ресей Федерациясы
Қазақстанның Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын сараптау жұмысын
Ресей Федерациясының Конституциясы
Қытай мен Ресейдің Орталық Азияға әсері
Ресей
Пәндер