Ғалым аты біліммен, тіл біліміне сіңірген еңбегімен өлшенбек



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
СЫРДАРИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

Рсымбет Бақнұр

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

А.Байтұрсынов еңбегі негізінде қазақ терминологиясының қалыптасуы мен дамуы

5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы

ЖЕТІСАЙ, 2019

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 А.БАЙТҰРСЫНОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ... ... ... ... ... ..7
1.1 Қазақ терминологиясының қалыптасу кезеңдері және қазіргі жайы ... ... ... .7
1.2 Ахмет Байтұрсыновтың тіл біліміне қажет терминдерінің жалпы сипаты...11
1.3 Ахмет Байтұрсыновтың термин жасаудағы әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ...22

2 А.БАЙТҰРСЫНОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ФОНЕТИКАСЫ, ЛЕКСИКОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ГРАММАТИКА САЛАЛАРЫНДАҒЫ ТЕРМИНДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
2.1 Ахмет Байтұрсыновтың фонетика саласындағы терминдері мен тілдің қазіргі дыбыстық жүйесіндегі терминдердің арақатынасы. ... ... ... ... ... ... ... ...40
2.2 Қазіргі қазақ лексикасының терминденуі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
2.3 А.Байтұрсыновтың грамматика саласындағы терминдері мен қазіргі грамматикалық жүйедегі терминдердің сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..49

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...68



КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ұлттың қоғамдық-саяси, рухани-мәдени өмірінде болып жататын өзгерістердің барлығы оның тілінен көрініс таппай қалмайды. Тіл тек қатынас құралы ғана емес, халықтың танымы мен білімінің жинақтаушысы да болғандықтан, солай болуы заңды да. Ғылым тілінің даму тарихын да халық өмірінде болған өзгерістермен байланыстырмай, бөліп алып қарауға болмайды. Сондықтан да бұл диплом жұмысында жалпы термин шығармашылығы, оның ішінде терминологиялық лексиканың барлық тәсілдері арқылы жасалған лингвистикалық терминдер қоғам өмірінде болған сондай өзгерістермен тікелей байланыста қарастырылады. Қазақ терминологиясының қалыптасу, даму тарихы термин шығармашылығының барлық уақытта бір қалыпты жүріп жататын үдеріс емес екендігін көрсетеді. Түрлі себептердің әсерінен белгілі бір мерзім аралығында терминдер қатары тез өсіп, терминологиялық лексиканың ауқымы молая түссе, келесі бір уақыт аралығында ондай қарқындылық байқалмайды. Оның бірнеше себептері бар. Солардың ішіндегі термин шығармашылығына тікелей ықпал ететін ең басты факторлардың бірі - ғылым мен техниканың дамуы болса, екіншісі - сол елде үстемдік етуші тіл саясаты. Ғылым жақсы дамыған тұста көптеген жаңа ұғымдар пайда болып, олар тілден өзінің таңбаланушысын табуды қажет етеді. Мұндай құбылыс арнаулы саланың барлығына емес, санаулы бір ғылым салаларына ғана тән болуы да мүмкін. Ұлт тілінің ғылым саласындағы қызметі, термин шығармашылығына қатыстырылуы сол тілдің қоғамда атқаратын рөлімен тікелей байланысты. Ал тілдің қоғамда қандай рөл атқаратындығын сол елдің тіл саясаты белгілейтіндігіне өткен ғасырдағы қазақ терминологиясының даму жолдары дәлел бола алады.
Терминологияның дамуы мен қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Оны ғылым мен техниканың өркендеуінен, қоғам өмірінде болып жататын саяси-экономикалық, рухани-мәдени, тарихи-әлеуметтік өзгерістерден мүлде бөліп алып қарауға болмайды.
Қазақ тіліндегі термин қалыптастырудың алғашқы тәжірибелері Қазан төңкерісіне дейін де болған. Бұл пікірді барлық зерттеушілер де растайды. Қазіргі қазақ тіліндегі лингвистикалық терминдерде де сол алғашқы тәжірибелердің негізінде қалыптасып, даму қалыптасу барысының түрлі жолдарынан өтіп, өзінің дамуы мен қалыптасуының қай кезеңінде де мемлекеттің жүргізіп отырған ресми тіл саясатынан тыс қалып көрген емес. Дәлірек айтқанда, терминологияны дамыту мен қалыптастыру қашан да мемлекеттің жүргізіп отырған ұлттық саясатының жалпы қағидаларына негізделген тіл саясаты айрықша көңіл бөлетін, басты назарда ұстайтын мәселелерінің қатарында болып келген. Оны қазақ терминологиясының дамуынан айқын көруге болады. Ал тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту бағытында елімізде терминологияны ретке келтіру, жетілдіру мақсатында мемлекет тарапынан қарымды қадамдар жасалды. Термин шығармашылығы біршама жанданып, арнаулы салаларда жаңа атаулар жасалып, олар біртіндеп тілімізге ене бастады. Соның бірі - лингвистикалық терминдер жүйесі. Ұлттық әдеби тілдің ғылым нысанына айналып, әр түрлі қырынан зерттелуі оның грамматикалық, лексикалық, фонетикалық, орфографиялық нормаларының қалыптасуына зор әсерін тигізді. Тілдің даму бағытын бағдарлап жаңа сөз жасау, термин қабылдау, заман талабына сай даму жолындағы ғылыми техникамыздың түрлі саласындағы терминдерді қалыптастыруда төл тіліміздің ерекшеліктерін негізге алып отыру, оны назардан тыс қалдырмау - өткен ғасырдың бас кезінен бері жалғасып келе жатқан дәстүр. Бұл дәстүр бүгінгі күні де өзінің өзектілігін жойған жоқ.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Диплом жұмысының мақсаты - А.Байтұрсыновтың лингвистикалық терминдерінің құрылымдық негізін анықтап, қазіргі тілдік жүйедегі терминдермен арақатынасын айқындау.
- қазақ терминологиясының қалыптасу кезеңдеріндегі ерекшеліктерді анықтау;
-А.Байтұрсыновтың терминология саласына үлесі туралы ғылыми көзқарастарды негізге ала отырып, терминжасамдық тәсілдердің термин жасаудағы тиімділігін айқындау;
- А. Байтұрсыновтың лингвистикалық терминдерінің құрылымын қазіргі қазақ грамматикасындағы терминдер жүйесімен салыстыра талдау арқылы олардың арақатынасын анықтау, - диплом жұмысының міндеті болып табылады.
Зерттеу объектісі. Жалпы, тілдің дыбыс жүйесі, лексика, грамматика, диалектология, әдістеме салаларындағы атаулардың барлығы лингвистикалық терминдер жүйесін құрайтындығы белгілі. Олардың құрылымдық негізін бір ғана жұмыстың көлемінде талдап шығу да мүмкін емес. Сондықтан диплом жұмысының зерттеу нысанына тілдің дыбыс жүйесі мен грамматика саласындағы терминдер алынды.
Зерттеу пәні: А.Байтұрсыновтың қазақ фонетикасы, лексикологиясы және грамматика салаларындағы терминдерін зерттеп, зерделеу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ тіл білімінің, оның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, алдымен Ахмет Байтұрсынұлының есімі ойымызға оралады. Себебі - қазақтың ұлттық ғылым тілінің, терминологиялық қорының дамып, қалыптасуының тұтастай бір кезеңі ғалым еңбектерімен, оның ғылыми-педагогикалық, ағартушылық және ғылыми-ұйымдастырушылық қызме - тімен, қайраткерлігімен тікелей байланысты. Сондықтан да қазақ терми - нологиясының тарихы, оның даму, қалыптасу кезеңдері туралы сөз қозғағанда Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми шығармашылығы мен қоғамдық қызметіне жан-жақты тоқталу, оны терең зерттеу өте маңызды .
А. Байтұрсынов терминология мәселесіне қатты назар аударған. Ол тек білім саласы емес, әдебиеттанудың да көптеген терминдерін жасағаны мәлім. Бұлар да өте сәтті шыққан қонымды атаулар болды. Сондықтан олар да күні бүгінге дейін қолданыс тауып келеді. Тіпті ұмыт болған кейбіреулері қайтадан өмірге келіп отыр. Ғылымның тек осы екі саласы емес, жалпы мәдениетке, тарихқа қатысты әлеуметтік терминдердің көпшілігі А.Байтұрсынов қаламынан туып, қазір авторы ұмытылып, жалпы халықтық кәнігі сөздер болып кеткенін де айту керек. Бұл салаларда оның термин жасаудағы ұстаған негізгі принципі - ең алдымен қазақ тілінің өз мүмкіншіліктерін пайдалану болды.
Жұмыс барысында А. Байтұрсынов, Ә. Қайдар, Ө. Айтбаев, Р. Сыздық, т.б. ғалымдардың ғылыми тұжырымдары негізге алынды.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 А.БАЙТҰРСЫНОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ

1.1 Қазақ терминологиясының қалыптасу кезеңдері және қазіргі жайы

Адам қызметінің арнаулы салаларының қайсысын алсақ та сол салалардың əрқайсысының өзіне тəн ұғымдар жүйесі болады. Ондай арнаулы ұғымдардың атаулары да ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін көрсетіп тұруы қажет. Ғылым мен техника дамыған сайын мыңдаған жаңа ұғымдар пайда болып жатады. Олардың əрбірі өзінің таңбалаушысын тауып, тілдік тұрғыдан да жүйелеуді қажет етеді. Мұндай қажеттіліктерді өтеп, термин жасау, қалыптастыру, терминологияны жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы ғылыми-техникалық терминологияның даму бағытын белгілеу - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мəселелері болып отыр. Бұл тəрізді ауқымды да күрделі мəселелердің шешімін табудың оңай емес екендігін уақыттың өзі көрсетуде. Соңғы он шақты жыл көлемінде ғылыми жұртшылық термин мəселесіне айрықша назар аударып, баспасөз беттерінде көпшіліктің жаппай пікір білдіріп жатқандығына қарамастан қазақ терминологиясы өзінің даму бағытын айқындай алмай отыруы - соның көрінісі болып табылады. Сондықтан терминологияның шешімін таба алмай келе жатқан қандай мəселесін болса да жалпы сөз етуден гөрі, ғылыми тұрғыдан арнайы зерттеу арқылы ғана шешуге болады. Ұлт тілінде термин жасап, ғылыми-техникалық терминологияны ұлт тілі негізінде қалыптастыру үшін термин шығармашылығында іске қосылатын амал-тəсілдер мен термин жасауда пайдаланылатын ішкі көздерді айқындап, , олардың əрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін көрсетудің маңызы айрықша.
Сонымен қатар жалпы қолданыстағы сөз бен терминнің айырмашылықтарын айқындауда жəне сөздердің терминдену барысында болатын семантикалық өзгерістерді сөздің лексикалық мағынасы мен терминологиялық мағынасының құрылысын салыстыра отырып талдау кезінде ұғым белгілерін тірек етіп алу да бұл жұмыстың сондай өзгешеліктерінің бірі болып табылады. Қазіргі кезеңде терминжасамда ұлт тілінің ішкі байлығын сарқа пайдалануға барынша мəн беріліп отырғандығы баршамызға белгілі. Ендеше пайдаланылуға тиісті сол байлықтың өзін анықтап, ондай ішкі көздердің осы мерзімге дейін терминологиялық лексиканы құрауға қаншалықты қатысып келгендігін жəне алдағы уақытта оларды қалай іске жарату керектігі жайлы сөз қозғаудың мəні зор. Ғалымдардың терминологияны зерттеуге арналған еңбектерінде жер, су, тау, жел, ауа, жапырақ, дыбыс сияқты сөздерден тұратын лексикалық қабат тілдің терминологиялық жүйесі мен жалпы лексикалық жүйесіне бірдей қызмет ететін көп қызметті (полифункциональные слова) сөздер деп қарастырылып жүр.
Терминологияның дамуы мен қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Оны ғылым мен техниканың өркендеуінен қоғам өмірінде болып жататын саясиэкономикалық, рухани-мəдени, тарихи-əлеуметтік өзгерістерден мүлде бөліп алып қарауға болмайды. Орыстың физикалық терминологиясының қалыптасуын зерттеген ғалым Л.Кутинаның: В истории терминов и терминологий отражается много разнообразных зависимостей и планов: развитие научной мысли, смены научных воззренин, связь и дифференциация научных дисциплин, культурные связи, степень и особенности развития языка, состояние лексической и стилистической системы языка [1, 268 б.], - деуі өте орынды. Ғылыми-техникалық терминологияның қалыптасуына əртүрлі тілдік жəне тілден тыс факторлар əсер етеді. Қазақтың ғылыми терминологиясының даму тарихына үңілер болсақ, оның қалыптасуына қоғам өмірінде болған өзгерістердің айқын із қалдырғанын көруге болады. Жалпы терминологиялық лексика қорының жасалуы - ғылым мен техника салаларының игерілуіне, дамуына тікелей тəуелді. Сондықтан қазақтың ғылыми терминологиясының қалыптасуын Қазақстан ғылымының даму тарихынан бөліп қарау мүмкін де емес. Соған сəйкес біз қазақ лексикасының терминденуін кезеңдік тұрғыдан сипаттауда (V тарауда) осы шындыққа табан тіреуімізге тура келді. Сонымен бірге терминологиялық жұмыстың жүргізілуіне тікелей əсері болған тілдік жəне тілден тыс факторларды ескерусіз қалдырмау жағына да көңіл бөлінді. Жалпы ғылымның, əдебиет пен өнердің, тарих пен мəдениеттің дамуына кешегі кеңестік кезеңде партиялық басшылықтың шектен тыс күшейтілуіне байланысты, дəлірек айтқанда, бұлардың бəріне үлкен саяси мəн беріліп, партияның орынсыз араласуына орай елеулі кемшіліктерге жол берілгендігі жайлы бүгінде əртүрлі саланың мамандары жиі сөз етіп, дəлелді деректер келтіріп жүргендігі баршамызға мəлім. Ұлт тілдерінде ғылыми терминологияны қалыптастыруға да орталық айрықша мəн беріп, үлкен мемлекеттік маңызы бар іс ретінде қараған. Сол себепті терминологияны қалыптастыру мен дамытудың принциптері де одақтың тіл саясатына сəйкес орталықтың тікелей араласуымен жасалып, олардың басшылыққа алынуы қатаң қадағаланып отырған. Сондықтан қазақ лексикасының терминденуінің кезеңдік сипатын көрсетуде оны ескермеу орынсыз болған болар еді. Сөйтіп, қазақ лексикасының терминденуі бес кезеңге бөлініп қарастырылды. Əрбір кезеңнің өзіне тəн ерекшелігін көрсетіп, олардың əрқайсысына ғылыми тұрғыдан баға беруді мақсат еттік. Қазақтың ғылыми терминологиясының қалыптасуы жайлы сөз болған жерде Ахмет Байтұрсынұлының есімін атамай өту мүмкін емес. Сондықтан XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ лексикасының терминденуі жөнінде сөз болған тұста А.Байтұрсынұлының ғылыми терминологияны қалыптастырудағы рөлі туралы арнайы сөз болады. Терминология саласы бойынша осы мерзімге дейінгі жарық көрген еңбектерде терминологияның қалыптасуын кезеңге бөлу бірізді емес. Біздің кезеңдестіруіміз де олармен толық сəйкес келе бермейді.
Терминологияның даму деңгейін анықтап, оның қазіргі жайына баға беру оңай мəселе емес. Алайда, бұл саланың алдағы уақыттағы даму бағытын белгілеп, термин шығармашылығын реттеп отыру үшін ол өте қажет жұмыс болып табылады. Осыны дұрыс түсінген тілші-ғалымдар мен əртүрлі саланың мамандары дəл қазіргі кезеңде терминология мəселесіне айрықша назар аударып отыр. Олардың көпшілігі, термин жасауға, шет тілдерінен қабылдауға жəне халықаралық терминдерге байланысты өз ойларын ортаға салып та жүр. Бұл солай болуға тиіс те. Өйткені терминдерді жасайтын да оларды өздерінің бүкіл жұмыс барысында пайдаланатын да əртүрлі мамандық иелері. Сол себепті термин тағдырына кез келген арнаулы саланың маманы бейжай қарай алмайды. Термин мəселесін арнайы қарастырып отырғандықтан біз де қазақ терминологиясының бүгінгі жайы туралы сөз етпеуге тиісті емеспіз. 1990 жылдардан бері қарай термин жасау мен қалыптастырудың бұрынғы орныққан дəстүрлері бұзыла бастады. Қоғамның саяси-əлеуметтік, рухани-мəдени өмірінде болған түбегейлі өзгерістер ұлт тілінің ресми мəртебесін өзге деңгейге көтеруімен қатар, ғылыми-техникалық терминологияны қалыптастыруда басшылыққа алынып келген қағидаларға да сол ұлт тілінің мүддесі тұрғысынан жаңаша қараудың қажеттілігін туғызды. Термин шығармашылығында 90-жылдарға дейін басшылыққа алынып келген принциптердің біразы ескерілмей, терминологияны қалыптастыру мен дамытудың ғылыми негізделген жаңа принциптері əлі орныға қоймағандықтан қазақ терминологиясы күрделі кезеңді өткеріп жатыр. Қалыптасқан жағдайға əркім əртүрлі баға беруде. Терминология мəселесіне бүгінде қайта оралудың себептері туралы айта келіп академик Ə.Қайдаров былай дейді: Қазақ тілі терминологиясы əртүрлі жағдайларға байланысты бүгінде дағдарысқа ұшырап отыр: оның ғылыми принциптері жаңа үрдіске бағыт-бағдар беріп, алда жүріп отырудың орнына артта қалып, термин практикасы аяқ асты болып бара жатыр. Осының нəтижесінде əркімнің өз білгенінше термин жасауы немесе оны ауыстыру, алмастыруы тəрізді бейберекет бұқаралық əрекетке (анархия) жол беріле бастады [2, 4 б.]. Мұндай жағдайдың қалыптасып отырғандығы дау тудырмайды. Бұл туралы қазір қазақ баспасөзінде үздіксіз жазылып жатқандығы баршамызға белгілі. Алайда көп жағдайда мəселенің мəнісіне терең үңіліп ғылыми тұрғыдан баға берудің орнына жекелеген терминдер мен жалпы терминология жөнінде ешбір негізсіз үстірт пікірлер айтылып жатады. Соған қарамастан, бұл термин мəселесінің жұртшылық назарын айрықша аударып отырғандығының көрінісі. Жоғарыда айтқанымыздай, терминдерді, ұғымдар жүйесінің өзіндік ерекшелігін, əр ұғымның айрықша белгісін жақсы білетін салалық мамандар жасайды. Бірақ əр маман өзінше термин жасап, өз терминін қолдануға тиісті емес екендігі баршамызға түсінікті жайт. Солай бола тұрса да термин жасауда осындай əрекетке жол беріліп отырғандығын жоққа шығаруға болмайды. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың белгілі бір салалары бойынша жарық көрген терминологиялық сөздіктерді, оқулықтарды салыстыру арқылы оған анық көз жеткізуге болады. Бір ғана термин түрліше аударылып, əр сөздікте, əртүрлі деңгейдегі оқулықтар мен ғылыми еңбектерде түрліше қолданылып жүр. Мəселен, мына төмендегі терминдер сондай бірізділіктің жоқтығын дəлелдейді: консенсус - бəтуə, мəміле, келісім, жалпы пікір; баланс - дəргей, теңгерім; скидка - шегерім, шегерме, кеміту, жеңілдік; спонсор - демеуші, мияткер, қолдаушы; вклад - салым, аманат ақша; вкладчик - салымшы, аманатшы, аманат ақша иесі; доход - кіріс, табыс; ценная бумага - құнды қағаз; бағалы қағаз; приоритет - артықшылық, басымдылық, басым бағыт; компетенция - құзыр, құзырет; амнистия - рақым, рақымшылдық, кешірім; юридическое лицо - заңды тұлға, заңды ұйым; клетка - жасуша, торша; бутон - гүлшанақ, бітеугүл; ткань - ұлпа, тін; семья - отбасы, жанұя т.б. Мұндай жарыспалылықты арнаулы салалардың кез келгенінен дерлік кездестіруге болады. Олардың ішінде терминкомның ресми бекіткеніне қарамастан бірізді қолданылмай жүргендері де бар. Мəселен, демеуші, гүлшанақ, отбасы сияқты терминдер сол қатарға кіреді. Сондай-ақ, көптеген терминдердің терминология комиссиясы бекіткен қазақша баламалары бола тұра тұрақты қолданылмайды немесе бұрынғысынша шет тілдеріндегі нұсқалары жарыса қолданылып жатады. Мысалы, əлеует (потенциал), мəртебе (статус), көлік (транспорт), мəтін (текст), бағдаршам (светофор), мұрат (идеал), өтем (компенсация), сынып (класс), түйін (резюме) тəрізді терминдерді осы топқа жатқызуға болады. Термин жасау, жасалған терминдерді қалыптастыру - үнемі қадағалап, реттеп отыруды қажет ететін өте жауапты жұмыс. Олай болмаған жағдайда терминологиядағы жүйеліліктің, реттіліктің бұзылары сөзсіз. Терминологиямыздағы бірізділіктің сақталмай əр автордың өзінше термин жасап немесе қалаған терминін қолдануы осы үйлестіру жұмысының əлсіздігінен, өкілетті орындардың өз қызметін тиісті деңгейде атқара алмай отыруынан деп білген жөн.

1.2 А.Байтұрсыновтың тіл біліміне қажет терминдерінің жалпы сипаты

Термин жасаушы маманға жаңа терминді дүниеге келтіру, терминологиялық сөздікті жасаушы маманға бір мағынада қолданылып жүрген бірнеше синоним-терминдердің арасынан ең қажеттісін таңдап алу көп уақытты, үлкен тәжірибені, теориялық және машықтық тапқырлықты талап етеді. Көп жағдайда мамандар өзінің білімі мен сезімталдығына, халықаралық ғылыми тәжірибеге сүйенеді, терминнің ғылыми қолданыстағы жиілігіне басқа сөздіктердегі, оқу құралдарындағы орнына, сипатталуына көңіл бөледі. Мысалы, Н.М. Шанский 3,9б. Лингводидактика терминін дүниеге келтірген де орыс тілінің бір сөз жасамдық моделіне сүйенген (лингвостилистика, лингвотипология, лингвоконтрастивный). М.Жүсіпұлы (М.Джусупов) сингармофонема, сингармовариант, сингармовариация терминдерін жасағанда жалпы тіл біліміндегі фонография, фонометрия, фоностилистика сияқты терминдердің сөзжасамдық үлгісіне сүйенген 4, 72 б.. Ә.Жүнісбеков үндесім, үйлесім терминдерін жасағанда қазақ тіліндегі асым, салым сияқты сөздердің жасалу жолын үлгі тұтқан 5, 262-268 бб..
Ахмет Байтұрсынов қазақ термині мен терминологиясын жасағанда қазақ тіліндегі сөзжасам үлгілері ғылыми жүйеге келтірілмеген еді, терминологиялық сөздіктер жоқ еді, оқу құралдары өте аз еді. Ахмет Байтұрсынов барлық жағдайда ең алдымен жеке өзінің тәжірибесіне, содан соң сол салада атсалысып жүрген замандастарының тәжірибесіне, содан соң орыс және басқа үнді европа мамандарының тәжірибелерінің, солардың тіл білімінің жетістіктеріне, араб, парсы сөзжасам үлгілеріне сүйенді.
Ахмет Байтұрсынов жат тілдеріндегі терминжасамдық үлгілерді қазақ тіліне көшіріп өткізбеді, олардың ғылыми-әдістемелік бағытын зерттеді, жетістіктеріне анализ жасады. Яғни, қазақша терминжасамдық творчествосында қазақ тілінің сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік, стилистикалық ішкі және сыртқы мүмкіншіліктерін толық пайдалана алды. Тек осындай көзқарастың нәтижесінде Ахмет Байтұрсынов жасаған терминдер нағыз ұлттық (қазақша) болып шықты.
Терминжасамдық ізденістер жүргізу үстінде Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің дериватологиясының (сөзжасам), лексикологиясының, семантикасының, сөздердің синтаксистік байланысу жолдарының, сөз және термин стилистикасының ғылыми негіздерін салып кетті. Бұл тарихи маңызы биік ғылыми мәселелер арнайы ізденістер жүргізуді талап етеді.
Тіл білімінің бір саласында бірнеше ғылыми теориялар болуы мүмкін. Мысалы, орыс тілі фонологиясында Ленинград фонология мектебі (ЛФМ), Москва фонология мектебі (МФМ), Р.И.Афанесовтың фонологиялық теориясы, т.б. концепциялар бар. Осы теориялардың терминдік айырмашылықтары күрдлі, себебі ұғымдарының айырмашылықтары күрделі. Мысалы, сөздің мағынасын өзгертетін дыбыстың (фонеманың) сөз құрамындағы позициялық түрлерін Ленинград фонология мектебінде типичный оттенок (звукотип, звуковой тип - негізгі түр), оттенки (түрлер) деп атайды. Москва фонология мектебінде инвариант (негізгі түр), вариация (сәл өзгертілген түр), вариант (толық өзгертілген түр) деп атайды. Сонымен тілдің бір саласындағы теориялардың айырмашылықтары ғылыми мәселенің сапа жағын да, сан жағын да қамтиды. Бірақ әр ғылыми мектептің өкілдері қолданатын терминдер - сол ғылыми мектептердің теориялық ұғымдарының семиотикалық таңбалары. Яғни, бір тілдегі бір құбылысты, бір тіл бірлігін әр түрлі терминдермен атау - тілтанымдық ғылыми мектептердің ұғымдық, категориялық ерекшеліктерінің қалыптасқандығының нәтижесі.
Ахмет Байтұрсынов қазақ терминологиясын жасаған кезде ғылыми мектептер, ғылыми терминдер қалыптаспаған еді. Тіпті орыс тіл білімінің өзінде бұл жағдай (әсіресе, лингвистикалық терминология) енді тұрақты бір қалыпқа түсу жолында еді.
Сондықтан А.Байтұрсыновтың алдында екі үлкен мәселе тұрды:
а) қазақ тіл білімінің, әдебиеттанымының, тілге оқыту әдістемесінің ұғымдарын анықтау;
ә) сол ұғымдарды терминдермен таңбалау.
Термин пайда болу үшін, ең алдымен, ұғымды анықтау керек. Мысалы, заттық ұғым - зат есім, қимыл-әрекет ұғымы - етістік, т.б. Яғни, А.Байтұрсынов ғылыми ұғымдар қорын анықтап, терминдер қорын жасап тілтанымдық, әдебиеттанымдық, әдістемелік және терминологиялық ғылыми мектептерді дүниеге келтіріп қалыптастырды.
Терминдер қолданысы әркез бірдей емес. Кейбір терминдер қолданыстан шығып, олардың орнына жаңа терминдер қолданылуы мүмкін. Бұл жағдай жалпы ғылым тарихында да, ғылыми мектептердің өмірінде де кездеседі. Терминнің қолданыстан шығуының негізгі себебі терминнің ұғымды толық қамти алмайтындығында, сол ұғымды толық қамтитын жаңа терминнің дүниеге келуінде. Жаңа термин сол тілдің сөзжасамдық мүмкіншіліктерінің негізінде де, жат тілдерден еніп келуі негізінде де пайда болуы мүмкін. Мысалы: негізгі түр (негізгі нұсқа) - инвариант. Кейбір жағдайларда бұрын қолданылып жүрген термин де, жаңа термин де бірдей (синонимдер ретінде) қолданыста болуы мүмкін. Мысалы: тәлім-тәрбие - педагогика, пәлсафа - философия. Бұл жағдайда бірінші қатардағы терминдер де, екінші қатардағы терминдер де ұғымды толық қамтиды. Жаңа терминдердің еніп келуінің себебі олардың әлем ғылымында термин - доминанта ретінде өте жиі қолданылуы.
Ұлттық тіл білімінде ана тілінің негізінде жасалған термин интернационалдық терминнен кейін де пайда болуы мүмкін. Мысалы, 1924 жылы Х.Досмұхамедұлы қазақ тілінің дыбыс жүйесін зерттегенде сингармонизм терминін пайдаланған [6, 81-99 бб.], одан соң осы ұғымды атайтын аударма терминдер тіркестері пайда болды (дауыстылар гармониясы, дауыстылар үндестігі - гармония гласных); одан соң (ХХ ғасырдың соңында) осы ұғымды атайтын үндестік, үндесім терминдері пайда болды.
Бүгінде осы бес термин де қолданылады, бірақ тіл білімінде сингармонизм ұғымы кеңейгендіктен, дауыстылар гармониясы, дауыстылар үндестігі терминдері ол ұғымды толық қамти алмайтын болды, сондықтан, біздің пікіріміз бойынша, келешекте бұл терминдер қазақ сингармофонологиясында актуальды қолданыстан шығуы мүмкін, себебі соңғы 10-15 жылда жарияланған ірі ғылыми еңбектерде бұлар ғылыми коммуникацияның периференциясынан орын алды.
Бүгінде сингармонизм терминінің тағы да қазақша баламалары қолданылып жүр:
а) дыбыстар гармониясы. Бұл пікірді (сингармонизм - сөз құрамындағы барлық дыбыстардың гармониясы) бірінші болып Х.Досмұхамедұлы айтқан еді [7, 120 б.].
ә) үндесім;
б) үндестік.
Сонымен қазіргі қазақ тіл білімінде дыбыстардың сөз құрамында я жуандық, я жіңішкелік үндестігін төмендегі терминдермен атайды:
а) сингармонизм;
ә) дауыстылар гармониясы;
б) дауыстылар үндестігі;
в) дыбыстар гармониясы (үндестік заңы)
г) үндестік;
д) үндесім (дыбыстар үндесімі).
Сонымен қатар герман тіл білімінде (ағылшын т.б.) сингармонизмді алшақтық ықпал (дистантная ассимиляция) деп те атайды.
Доминанта - сингармонизм термині. Келешекте осы терминдердің қайсысы сингармонизм термині сияқты, доминанта болатындығын уақыт анықтайды (біздің болжамымыз бойынша келешекте қазақ тілтанымында сингармонизм терминімен қатар үндестік, үндесім, дыбыстар үндестігі терминдері де жиі қолданылатын болады).
А.Байтұрсынов қалдырған терминологиялық мұраның маңызы өте кең, өте биік, себебі, ол мұра бір әлеуметтік саланы емес, бірнеше әлеуметтік салаларды қамтиды: тілтанымды, әдебиеттанымды, әдістемені, этнографияны, тарихи мәдениеттанымды, философияны, психологияны, педагогиканы, т.б. Сол терминдер осы әлеуметтік салалардың әрқайсысына енетін бірнеше ғылыми ағымдарды да, тармақтарды да қамтиды. Мысалы, А.Байтұрсыновтың тілтанымдық терминдері тіл білімінің барлық барлық саласында қолданылады (фонетикада, фонологияда, сөзжасамда, ...). А.Байтұрсыновтың ғылыми ізденістерінің нәтижесінде дүниеге келген терминдер моностильдік те, полистильдік те қызмет атқарады. Себебі олар ғылыми стильдің нақ ғылыми түрінде ғана емес, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-публицистикалық түрлерінде де, ресми құжаттарда да қолданылады. Бірақ сонымен қатар ол терминдер өздерінің негізгі терминдік қасиеттерін (бір мағыналықтығын, бейэмоциялықтығын, ...) толық сақтайды.
Сонымен, А.Байтұрсынов жасаған ғылыми терминдер қазіргі тіл танымының биік талаптарына жауап береді, себебі ол терминдер терминология теориясының - салалық терминология, метатіл, терминдер номенклатурасы тағы басқа ұғымдарына сәйкестендіріп жаратылған.
Қазақ тіл білімінің ұлттық ғылымы ретінде ана тілімізде қалыптасуы халқымыздың бір туар даңқты перзенттерінің бірі болғанда да бірегейі Ахмет Байтұрсынұлының зерттеулерінен басталады.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі реформатор-ғалым А.Байтұрсынұлының қазіргі қазақ лингвистикасына қосқан үлесі зор. Қазақ тіл білімінде терминжасам тәжірибесі А.Байтұрсынұлы еңбектерінен, яғни ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығындағы Тіл - құралынан бастау алады. Қазақ тіл білімі терминдерінің атасы А.Байтұрсынұлы деп танылғаны белгілі. А.Байтұрсынұлы Тіл-құралда өзі жасаған тіл білімінің терминдерін қолданған. Ол терминдер қазақ тіл білімі терминдерінің негізін қалады, олар қазіргі кезде де қолданыста.
А.Байтұрсынұлы жасаған терминдер осы күні де қазақ тіл білімі терминдерінің негізін құрайды. Олар ғылыми еңбектерде толық көрсетіліп жүр. Ол терминдердің кейбіреулері ғана стильдік өзгеріске түскені болмаса, тілдің фонетика, морфология, синтаксис және графика салаларының терминдерінің негізін құрап, барлық қазақ тілі оқулықтарында қолданылып жүр. А.Байтұрсынұлы оқулығында бірде-бір шетел сөзін термин ретінде қолданбаған, терминдерді ана тіліміздің байырғы сөздерінен жасаған. Байырғы сөздерден термин жасауға болатынын өз үлгісі арқылы көрсеткен. Бұл А.Байтұрсынұлының терминжасамдағы ұстанымы. Екінші ұстанымы шетел терминдерін қабылдаумен байланысты. А.Байтұрсынұлы және алаш зиялылары шетел терминдерін қабылдауға қарсы болмаған. Тілде баламасы жоқ жағдайда шетел терминдерін қабылдауға болады, бірақ шетел терминдерін қазақ тілінің дыбыстық заңдарына сәйкестендіріп алу керек деп санаған. Алаш оқығандарының жат сөздер және пән сөздері деген атаулары термин атауының орнынына қолданылған.
Еңбекші қазақ газетінің 1926 жылғы 12 тамыздағы санында жарияланған Қазақстан оқу кемесериетінің орынбасары Жолдыбайұлы Молдағалимен әңгіме деп берілген Қазақ тілін байытамыз атты шағын сұхбатта сол кезеңде термин жасаумен кімдер айналысқандығы және өзге тілдерден термин қабылдауда қандай қағидат басшылыққа алынғандығы, осы істі жүзеге асырудағы А.Байтұрсыновтың рөлі атап көрсетіледі. 1922 жылы Қазақстанда жат сөздерді, пән атауларын қазақшыландыратын кемесие құрылған. Кемесиенің құрылғаннан бергі жұмысы аз емес. Мың-мыңдаған сөздер қазақ тіліне аударылып, иә қазақ тіліне үйлестіріліп, қазақ тілі байытылды. Кемесиеде қазақ тіліне жетік 5-6 қазақ қызметкерлері жұмыс істейді. Оның үстіне кемесиенің жұмысына түрлі білімнің басын ұстаған мамандар қатыстырылады. Кемесиенің ағасы Қазақ елінің әсіресе тіл заңына жетік оқымысты данышпаны Байтұрсынұлы Ақымет. Кемесиенің негізгі мақсаты - қазақ тілін өнер-білімге бейім мәдениетті тіл қылу [8].
Қазақ білімпаздарының 1-съезі бекіткен қағидат негізінде толықтырылып, жүйеленген терминология қағидаттары жөніндегі баяндаманы Бакуде өткен Бірінші бүкілодақтық түркологиялық құрылтайда А.Байтұрсынұлы жасады.
Ол қағидаттары мыналар :
а) Ең алдымен термин ретінде ұғым мағынасын толық беретін қазақ сөздерін алу. Бұл қазақ тілінің жоғарыдағылар мен төмендегілердің, дәлірек айтқанда сауаттылар мен сауатсыздардың тілі болып жіктелмесі үшін керек. Қай жерде және кім бастырып шығарса да баспа өнімдері, газет-журналдар, кітапшалар пайда әкелуі үшін, тіл қалың көпшілікке түсінікті болуға тиіс. Сонда аз ғана пайызды құрайтын сауаттылар көптеген сауаты жоқтарға қызмет көрсете алады. б) Ондай сөздер қазақ тілінде болмаған жағдайда оларды туыстас тілдерден алу. Олай етуіміздің себебі : 1)туыстас тілдердің көптеген сөздерінің тұлғалары бірдей болмаса да олар ортақ түбірден тараған, сол себепті туыстас емес тілдердің сөздеріне қарағанда оларды түсіну жеңіл және естігенде де айтқанда да бөтен болып сезілмейді; 2) түркі халықтары қашанда өзара қарым-қатынаста болған және бола береді, сондықтан да бір тілдің көптеген сөздері ортақ түбірден өрбімесе де өзге тілдің тұтынушыларына таныс болуы мүмкін.
в) Жаппай қолданылатын әлемдік терминдер қабылдана алады, бірақ олар қазақ тілінің табиғатына сәйкес өзгертілуі керек. Оларды алмастыруға болатын қазақ сөздері болған жағдайда таңдауды қоғамның өзі жасауы үшін, екеуі де қатар алынуы тиіс. Жаппай қолданылатын деп біз араб сөздерін емес, қазіргі кең тараған европа сөздерін айтып отырмыз. Араб сөздеріне қарағанда оларға басымдық беріп отыруымыздың себебі біз қазір араб емес европа мәдениетіне ден қойып отырмыз. Европа мәдениетінің барлық жетістіктері тұтастай европа тілдерінде атала алады. Алайда кірме терминдер біздің қазақ тілінің айтылуына бағынуға тиіс, яғни оларға тілдің қалыпты артикуляциясынан бастау алатын біздің тіліміздің дыбыстық заңдылықтары үстемдік етуі (таратылуы) керек. Шет тілдерінің сөздерін өзіміздікі ету үшін, бұл міндетті түрде солай болуы қажет.
г) Қазақ тілінің табиғатына сәйкеспейтін барлық өзге тілдердің сөздері дәл қазақтың айтуына сәйкес өзгертілуі керек. Бұл дегеніміз, біріншіден, құрамында қазақ тіліне жат дыбыстары бар барлық сөздердің тиісті төл дыбыстарымызбен алмастырылады, екіншіден, кірме сөздердің жұрнақтары қазақ жұрнақтарымен қабылданады, төртіншіден, қазақ тіліне жат қосымшалар Оренбург-Орынбор, Самара-Самар, пуховой-бөкебай, покров-боқырау, Адамовский-Адамау т.б сияқты тілге қажетті талап шеңберінде өзгертілуге тиіс А.Байтұрсынов [9].
А.Байтұрсынұлы құрылтайға қатынасушыларға осы қағидаттарды таныстыра отырып, өзге түркілерге де ғылыми терминологияны қалыптастыруда қазақ білімпаздары жасаған осы қағидаттарды басшылыққа алуды ұсынды. Оның ұсыныстары ғалымдар тарапынан қолдау тауып, құрылтай қарарына енді.
Қазақ тілінің дыбыс, сөз және сөйлем жүйесіне арналған Тіл - құрал оқулықтарында (1914, 1915, 1925) 310 лингвистикалық термин қолданған. Оның 118-і (38,5%) қазіргі қазақ тіл білімінде қолданылып жүрсе, 192-сі (61,5%) қазір қолданылмайды. Бұл терминдерді тіл білімінің салаларына қатысты жіктесек:
- фонетикаға қатысты 108 термин (35,4%);
- лексикологияға қатысты 11 термин (3,6%);
-морфологияға қатысты 109 термин (34,9%);
- синтаксиске қатысты 64 термин (21,3%);
- жалпы тіл біліміне қатысты 18 термин (4,8%) Ахметтану бастамалары
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінде 310 тілтану терминдері қолданған. Б.Қалиевтың Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде [10] берілген терминдермен салыстыра келіп, Ахмет Байтұрсынұлы қалыптастырған терминдердің қазіргі тіл білімі еңбектерінде 118-і қолданылатынын білдік. Ахмет Байтұрсынұлы қалыптастырған әдебиеттану терминдері - 327.
1998 жылы З.Ахметов пен Т.Шаңбаевтың құрастыруымен шыққан Терминдер сөздігінде берілген терминдермен салыстыра отырып, қазіргі әдебиеттану саласында Ахмет Байтұрсынұлы қалыптастырған терминдердің 57-сі қолданылатынын білдік.
Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми ізденістері туралы ғалым Т. Қордабаев былай дейді: А.Байтұрсынов -- казақ тілін туған тілімізде зерттеудің үлгісін жасап, оның ғылыми терминдерін қалыптастырып, сөйтіп, тіліміз туралы берік негізін қалаған ғалым ғана емес, сонымен бірге оның ілгері дамуына, болашағына бағыт-бағдар сілтеген, игі әсер еткен ғалым [11 238 б.].
Ғалым аты біліммен, тіл біліміне сіңірген еңбегімен өлшенбек. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ лингвистикасына жалпы тіл біліміне, түркі тіл біліміне енгізген жаңалықтары мол.

1.3 А.Байтұрсыновтың термин жасаудағы әдіс-тәсілдері

Қазақ тіл білімінің, оның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, алдымен Ахмет Байтұрсынұлының есімі ойымызға оралады. Себебі - қазақтың ұлттық ғылым тілінің, терминологиялық қорының дамып, қалыптасуының тұтастай бір кезеңі ғалым еңбектерімен, оның ғылыми-педагогикалық, ағартушылық және ғылыми-ұйымдастырушылық қызме - тімен, қайраткерлігімен тікелей байланысты. Сондықтан да қазақ терминологиясының тарихы, оның даму, қалыптасу кезеңдері туралы сөз қозғағанда Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми шығармашылығы мен қоғамдық қызметіне жан-жақты тоқталу, оны терең зерттеу өте маңызды. ХХ ғасыр басындағы қазақ терминологиясының дамуы мен Алаш зиялыларының ұлттық ғылым тілін қалыптастырудағы рөлі туралы сөзді Ахмет Байтұрсынұлынан бастайтындығымыздың себептерін нақты тілдік-тарихи деректерге негіздей отырып айта алсақ қана біз ғалым мұрасының қадіріне жетіп, оның озық ойлары мен терминжасам тәжірибесін қажетімізге жарата аламыз. Ол бастаған жолды жалғастырып, ғылым тілін дамытудағы ол қалыптастырған лингвистикалық дәстүрді сабақтастыру мүмкіндігіне ие боламыз. Сол себептен де А.Байтұрсынов мұрасына аса мұқият қарап, оған әр қырынан үңіліп, жан-жақты зерделеу - қазақ тіл білімінің кешегі тарихы үшін ғана емес, оның алдағы уақыттағы дамуы үшін де қажет іс. Біз ғалымның қазақтың ұлттық терминологиялық қорын қалыптастыруда ұстанған бағыты, қалыптастырған қағидаттары, айтқан ойлары мен терминжасам тәжірибесі төңірегінде ой өрбітпекшіміз.
Қазақ тілінің терминологиялық қорының қалыптасуына негіз болған басты көз ұлт тілінің өз байлығы екендігі сөзсіз. Оның бастауларын әріден, түркі тілдерінен, төл тіліміздің тармақталып дербес даму тарихымен байланыста қараған жөн. Бұл терминология тарихын диахронды зерттеу барысында зерделенетін мәселелер. Ал бүгінгі қолданыстағы арнаулы лексикамызды құрайтын жекелеген сөздердің терминдік мәнде жұмсала бастауын Абайдың қара сөздерінен, XIX ғасырдың екінші жартысында шыққан кітаптар мен осы кезеңде басылып тұрған Дала уәлаяты, Түркістан уәлаяты газеттерінің беттерінен кездестіруге болады. Ал нақты ғылым салалары бойынша терминологияның қалыптасуы алғашқы ғылыми еңбектердің, оқулықтардың, терминологиялық сөздіктердің жарық көруімен, олардың өзге тілдерден аударылуы - мен тығыз байланысты. Бізде қазақ тілінде жазылған ондай еңбектердің жарық көруі аяқталған ғасырдың бірінші онжылдығынан басталады. Яғни бұл дегеніміз, қазіргі қазақтың ғылыми терминологиясының тұтас жүйе ретінде қалыптаса бастауы да дәл осы кезеңмен байланысты деген сөз.
Бұл істің басында кімдер тұрды дегенге келер болсақ, сол кезеңде қазақ тілінде алғашқы оқулықтар, оқу құралдары мен түрлі деңгейдегі ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектер жазған А.Байтұрсынұлы, Е.Омарұлы, X.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, Ж.Күдерин, С.Қожанұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, Н.Төреқұлұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Ғ.Қараш, К.Жәленов, Т.Шонанұлы сияқты қазақ зиялыларының есімдері аталуға тиіс.
Осы аталған авторлардың әрқайсы - сының қазақтың ғылым тілінің, салалық терминологияның қалыптасуына өзіндік үлестерін қосқандығы дау тудырмайды. Оған аттары аталған зиялылардың қазақ тілінде жазған еңбектерінде кез - десетін ғылыми атаулар куә бола алады. Соған қарамастан, олардың арасынан А.Байтұрсынұлының есімін ерекше атаған орынды.
Кезінде М.Әуезов, Е.Омарұлы, С.Сәдуақасұлы, М.Дулатұлы, С.Сейфуллин, Т.Шонанұлы сияқты қазақ зиялылары негі - зін қалаған ахметтану ілімі араға алпыс жыл - дан астам уақыт салып барып жалғасын та - уып отыр. А.Байтұрсынұлы ақталғаннан бер - - гі он бес-жиырма жыл уақыт ішінде ұлы тұлғаның соңына қалдырған еңбектері әр - түрлі қырынан зерттеле бастады. Бұл істен тіл - ші ғалымдар да шет қалмай, өз үлес - те - рін қосып келеді. Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Ө.Айтбаев, М.Жүсіпов, т.б. ғалымдардың жария - лаған еңбектері соның дәлелі бола алады.
А.Байтұрсынұлының ғылыми терминологияны қалыптастыруға қосқан үлесін ғалымның жекелеген немесе бір топ термин - дердің ғана авторы емес, бірнеше ғылым саласының терминдер жүйесінің негізін қа - лағанын аңғаруға болады.
Ең алдымен, А.Байтұрсынұлы - қазақ тіл білімінің терминологиясын жасаушы. Кез келген ғылымды оқып білу, меңгеру немесе оны өзгелерге үйрету сол ғылым саласында қолданатын арнаулы ұғым атауларынсыз мүмкін емес. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы осы ғылым саласындағы негізгі ұғымдарды және олардың өзара байланысын анықтап, яғни қазақ тілінің табиғатын көрсететін ұғымдар жүйесін түзумен қатар, сол ғылыми ұғымдардың атауларын да жасаған.
Ғылыми ұғымдарға ат қою оп-оңай жұмыс емес. Ол үлкен талғампаздықты, тілді шебер пайдалана білуді қажет ететін шығармашылық үдеріс. Онымен қоса, арнаулы ұғымдарға ат қою кезінде ұғымдар жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру қажет. Атаудың ықшам болуы, бірмағыналылығы және ұғым мазмұнын қамтуы тағы бар. Осындай талаптарды мүлтіксіз орындаудың қиындығы терминдерді ана тілінде жасаудан гөрі көп жағдайда оны ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып жасалған өзге тілдерден дайын қалпында ала салуға (яғни жасауға емес қабылдауға) мәжбүр ететін себептердің бірі.
Бұл тұрғыдан келгенде, ғалым қазақ тілін термин шығармашылығында пайдаланудың жарқын үлгісін көрсеткен.
А.Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген Оқу құралының (қазақша әліппе) өзінен буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дәйекші, жіңішкелік белгісі, хәріп (әріп) сияқты терминдерді ұшыратуға болады. Ал 1914-1915 жылдары және одан кейінгі жылдары 1928 жылға дейін бірнеше дүркін басылып тұрған Тіл құрал оқулықтарында (қазақ тілінің сарфы) әбден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген және қолданыла беруге тиіс зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқты жүздеген терминдердің кездесетіні белгілі. Бұл терминдердің терминге қойылатын талаптарға жауап беретіндігін дәлелдеп жату артық, өйткені олар кезінде арнайы шеттетілгендігіне қарамастан уақыт сынынан өтіп, тұрақты қолданылатын дәрежеге жетті.
Мұнда ең басты атап айтатын нәрсе - А.Байтұрсынұлы бір топ терминдерді ғана емес, бүкіл бір ғылым саласындағы арнаулы ұғымдардың атаулар жиынтығын, дәлірек айтқанда, терминдер жүйесін жасаған. Ғылымның дамуына орай ұғымдар жүйесінің ұлғайып отыруы табиғи құбылыс. Ахаң қалыптастырған терминдер жүйесі де қазақ тіл білімі дамыған сайын жаңа элементтермен толыға түсуде.
Ғалымның осындай тұтас терминдер жүйесін қалыптастыруы оның қазақ тіл білімінің терминологиясын жасаушы екендігінің дәлелі бола алады.
Белгілі әдебиеттанушы ғалым Р.Нұр - ғалиев өзінің Алашординцы атты кітабында Книга А.Байтурсынова Тіл құрал (Пособия по языку) содержит множество разделов, посвященных фонетике, морфологии, синтаксису и орфографии, заметим, каждый из этих терминов дан на казахском языке, автор, кроме того, воссоздал несуществовавщие до него понятия - такие, как гласный звук, согласный, подлежащие, сказуемое и др. Ученый снабжает термины четкими, емкими и образными определениями, и в то же время, определения эти имеют строго науч - ный характер деп жазады.
Әрине, гласный звук, согласный, подлежащие, сказуемое сынды ұғымдар лингвистикада А.Байтұрсыновқа дейін де белгілі болған, алайда қазақ тіліндегі осы дыбыс - тар мен сөйлем құрылысының табиғатын анықтап, олардың қазақша баламалары мен анықтамаларын дәл де айқын бергенін академик ғалым өте орынды атап көрсетіп отыр.
А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің ға - на емес, әдебиеттану ғылымының да негізін қалаушы ғұламалардың бірі. 1923 жылы ғалымның мерейтойына арналған мақаласында М.Әуезов Жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің басшысы деп санайды [12] деген болса, әдебиетші ғалым Р.Нұрғалиев оның Әдебиет танытқышы туралы айта келіп: ...қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-бас - ты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған [13] деп әділ көрсетеді.
Сонымен, екіншіден, қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет тео - риясын жазған ғалым осы ғылым саласының ғылыми терминологиясын да жасаған.
Терминделуші ұғымдарды дәл білдіретін жүздеген әдебиеттану терминдерін жасай отырып, ғалым олардың ғылыми терминге тән дефинициясын да (ғылыми анықтамасын) берген. Ол дегеніміз - ғылыми ұғымның, өзіне ғана тән белгілерін айқын көрсетумен қатар, олардың ұғымдар жүйесіндегі алатын орнын да көрсету деген сөз. Мысалы, Айшықтың әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады, әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніміз - өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз өлеңді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәрсен аманжолов өмірі
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
«Егемен Қазақстан» газетіндегі білім реформасы мәселесінің насихатталуы
Биологияны оқытудағы жаңа технологиясының әдістері
Қазақ тілі - бай тіл
С. Аманжолов: өмірі, қоғамдық қызметі, шығармашылық мұрасы
Биологияны оқытуда педагогикалық технологияны пайдаланудың тиімділігі
Абайдың педагогикалық көзқарасы
Байтұрсыновтану - қазақ қоғамдық ғылымының өте жас саласы
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі
Пәндер