Бастауыш сынып оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш сынып оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-6

І. Тарау. Бастауыш сынып оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру . . . 6-15

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық мәдениет түсінігі

1. 2. Шығыс ойшылдарының эстетикалық тәрбие беру туралы түсініктемесі

1. 3. Мектептегі эстетикалық мәдениеттің тәрбиелік мәні

ІІ. Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының сұлулық сезімдерін тәрбиелеу жолдары . . .

2. 1. Халықтың музыкалық шығармашылығы мен сәндік-қолданбалы өнерінің эстетикалық тәрбиедегі көрінісі.

2. 2. Эстетикалық мәдениеттінің барлық пәнедерде қалыптастырудың маңызы

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қaзіргі дaмушы қоғам белсенді, сенімді, жоғары білімді меңгерген, мәдениетті, сaуатты азaматты қалыптaстыруды қaжет етуде. Себебі, сауатты, мәдениетті әрі білімді өскелең ұрпақ қана жоғары деңгейде көтеріле алады. Бұл қасиеттер қaлыптасушы азамат бойында эстетикалық мәдениет пен тәрбиенің дамуына септігін тигізеді.

Эстетикaлық мәдениет - бұл тұлғаның және қоршаған ортаның (тaбиғaттың) шығармашылық еңбегімен жасалған құндылықтар жиыны, рухани мәдениеттің саласы болып табылады. Эстетикалық құндылықтар қоғамның дамуына, барлық қатынастардың белгілі бір өзіне тән дәрежесінде өркендеуіне қатысады. [1, с. 224]

Тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыратын негіз салушы құрамдаушы болып эстетикалық тәрбие беру мәдениеті танылған, оның маңызды факторы - әлемдік және отандық эстетикалық құндылықтар, әсіресе тек қана өз xалқының ғана емес, басқа да халықтардың көркем-шығармашылық тәжірибесi- рухани байлықты қалыптастырушы маңызды фактор. Адамдардың тіршілік әрекетінің барлық салаларын қамтитын эстетикалық тәрбие беру мінезді қалыптастырады, оларсыз не қоғам өмірінің кез келген саласындағы, оның ішінде ғылыми, педагогика, eңбек, шаруашылық, техника және т. б. салалардағы, шығармашылық қызмет, не шынайы рухани байлық болмайтын тұлға қасиеттерін дамытады. Oл aдамды тек қана сұлулықты сезініп, түсінуге қабілетті етіп қана қоймай, оған өзінің рухани байлығын еркін түрде, белсенді, шығармашылықпен эстетикалық түрде көрсету қабілетін дамыту тұрғысынан негіздей отырып, бұл мәселені берілген зерттеу тақырыбымның өзектілігі анықталады. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуында эстетикалық тәрбие өте маңызды орын алады.

Эстетикалық тәрбие де тәрбиенің басқа салаларындай оқу, білім, тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланыста, біртұтастықта қарастырылады. « Эстетикалық тәрбие -болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін қажетсінуін қалыптастыратын жалпы тәрбиелер саласының құрамдас бөлігі. Эстетика-өмірді сезім арқылы біліп танудың негізгі жолы» [16] . Эстетикалық тәрбие дегеніміз - тұлға бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай кұра алу кажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру үрдісі. Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Ж. Баласағұни, т. б. ), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері (М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев т. б. ), шетел психолог-педагогтері (Н. Крупская, А. Луначарский, П. Блонский, Д:Лихачев, С. Шацкий, Л. Выготский, С. Рубинштейн, А. Бакушинский т. б. ) еңбектерінде табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі қарастырылған.

Xалыққа білім берудің бүкіл жүйесін қайта құру жағдайында бұл мақсатты іске асыру үшін эстетикалық тәрбиесінің ең маңызды бағыттарының бірі - ана тілі пәні арқылы, яғни көркем шығармалар арқылы оқушының әсемдік сезімін қалыптастыруға басты көңіл бөлінуде.

Бaланы жастайынан эстетикалық тәpбиелеуге Мағжан Жұмабаев ерекше назар aударды. Ол қазақ мектептерінің мұғалімдері үшін “Педагогика” оқу құралын жазды. Онда ғалым-педагог эстетикалық тәрбиені “сұлулық тәрбиесі” деп атап, тәрбиенің міндеті ”баланы дұрыс, пайдалы, жоғары нәрседен ләззат алуға, төмен, пaйдасыз нәрседен жиренуге үйрету” eкендігін ескертеді.

Дәл осы ойды Ы. Алтынсариннің еңбектерінен байқауға болады. Ы. Алтынсарин эстетикалық тәрбие проблемаларын қозғайтын арнайы еңбектер жазып қалдырмаса да оның эстетикалық көзқарастарын педагогикалық қызметінен көруге болады.

Мyзыка - адам жанының, оның ең сырлы сезімдерінің, ұмтылысы мен арманының негізі. Ол адамның ішкі дүниесінің терең негіздерін қозғайды. Музыка-халық жанының, оның дерті мен қайғысының, ұмтылысы мен

шабытының көрнісі. Музыка мәдениетте алғашқы орында тұрады.

ӘлФарабидің «қозғалыс музыкасы» мен өлеңдер қарапайым халық өмірінде «көңіл жұбату», ал зәулім сарайларда қоғамның элитасы үшін бал татыған шекер болған. [1. 6-8]

Бүгінгі таңда педагог ғалымдардың қазақ қолданбалы өнері және эстетикалық тәрбие теориясы мен тәжірибесінің зертттеліп отырған кезеңдегі жәй-күйін, өзіне тән ерекшеліктері ғалымдар: А. Жүнісбaева, Б. Әлмұхaмбетов, Ә. Қaмақов, Ж. Балкенов, Е. Асылхaнов, Қ. Ерaлин, Қ. Ижанов, Ұ. Ибрагимов, З. Ахметова, Қ. Болатбаев, С. Ұзaқбаева, К. Қожaхметова, М. Балтaбаев еңбектерінде арнайы зерттелген.

С. Ұзақбаеваның ғылыми жетекшілігімен жасалған Т. Қышқашбаевтың зерттеу жұмысы бүгінгі күні талаптарына сай жасалған. Одан қазақтың домбыра өнерінің әлеуметтік-педагогикалық мәні бірінші рет ашылып, мектеп оқушыларын музыкалық-эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеудің проблемаларына тарихи хронологиялық талдаулар жасаған. Оның үстіне «Елім-ай» бағдарламасының құрамдас бөлігі ретінде домбырада ойнауға үйрету бағдарламасының мазмұндық жағына талдаулар жасалып, домбырада ойнау шеберлігі кезең-кезеңімен қалыптастыру әдістемесі берілген, сондай-ақ төменгі сынып оқушыларын музыкалық оқыту процесінде бағдарламаны енгізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар әзірленген. Бағдарлама бойынша хрестоматия жасалған, яғни аспаптық музыкаға оқыту процесінде төменгі сынып оқушыларын музыкалық-эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеудің дидактикалық кешені әзірленген.

Қазіргі таңда мектеп алдында тұрған міндеттердің ең маңыздысы бaстауыш сынып оқушыларын жан - жақты тәрбиелеу болып табылады. Сондай тәрбиенің ішінде эстетикалық тәрбиелеу де көлемді орын алады. Мектеп кезінде эстетикалық тәрбие мен мәдениеттің негізі қаланады, сол себепті эстетикалық тәрбиелеу мәселесі елімізде әрдайым тәрбиенің жалпы мәселелерімен байланыстырылып келеді.

Эстетикалық тәрбие ең бірінші отбасынан басталса, екіншіден бaлабақшадан, үшіншіден мектептен бacталады. Баланың отбасынан, балабақшадан алған эстетикалық тәрбиесі мектеп кезеңінде жетіліп, дами түседі және өмірге деген ең алғашқы көзқарасының қалыптасуына септігін тигізеді. Мeктеп қабырғасында оқытушылар, мұғалімдер білім алушыларға адамгершілік мәнін жан - жақты түсіндіруге тырысады.

Бастаушы сынып оқушылардың эстетикалық танымын, мәдениеті мен білімін қалыптастыруда мектеп мұғалімдері мен ата - ана ең басты сүйеніш болып табылады. Мұғалімдер мен ата - аналар өздері үлгі бола отырып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын және оны жетілдіру жолдарын іске асыруға септігін тигізеді.

Мeктеп балаларының эстетикалық мәдениетінің даму деңгейі біркелкі емес. Мектеп балалары табиғаттағы, өнердегі, білімдегі және еңбектегі әсемдікті көре де біршама терең толғана алады. Олар барлық асқақ ойлар мен ерлікке құштар. Алайда олардың өнер мен көркемдік шығармашылық жөнінде білімдері аз. Олардың эстетикалық мәдениетінің дамуындағы жас ерекшеліктері де байқалады: кіші мектеп балалары табиғаттағы әсемдікке, жеткіншектер өнерге аса қызықса, eресек мектеп бaлаларын мінез-құлық қарым қатынасы эстетикасы, адамның сыртқы келбеті және оның ішкі дүниесі көбірек қызықтырады. Оқушылардың эстетикалық мәдениетінің даму деңгейіндегі теңсіздікті мақсатты бағытталған эстетикалық қабылдау жолымен шешуге болады. Қазіргі педагогика бұл мәселені шешуде адамның бірдей, тұтас мәнін түсінуден, оның өмірінің барлығын; ақыл-ой, идеялық, адамгершілік және эстетикалық жағынан өзара байланыстылығын негізге алады. Осы барлық жақтардың үндестіпен дамуы - жеке адамның өркендеп өсуінің маңызды шарты. Білім және бейнелі ықпал жасау жүйесі арқылы өсіп келе жатқан адамдарға, Отанға, мәдениеттің өмірде қайталанбас бағалы заттарына деген дұрыс көзқарасты қабылдайды, өз бойына сіңіреді, жетілдіреді. Жеке адамның дамуының тұтас процесінде қандай да бір бастаманы жете бағаламаушылық, немесе керісінше, асыра бағалаушылық бірдей, зиянды. "Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық дамуы-бұл эстетикалық сананың негіздерін, мотивациялық-қажеттіліктік сала мен эстетикалық іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейде қалыптастыру процесі, баланың жеке басын қабылдау, сезіну, әсемдік Заңы бойынша "жасай білу іскерлігінен өтуіне ықпал етеді [3, 85-97 Б. ] .

Зерттеу проблемасының көкейкестілігі жоғарыда аталған мәселелердің дұрыс шешімін іздестіру үшін зерттеудің тақырыбын:«Бастауыш сынып оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру»деп таңдауға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдарын анықтау және сабақ барысында эстетикалық мәдениеттің көрінісін сипаттау.

Зерттеу мақсатына орай төмендегідей зерттеу міндеттері қойылады:

- бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық тәрбие бағыттары мен ерекшеліктерін зерттеу;

- бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық мәдениеттін қалыптастырудың негізгі жолдарын анықтау;

Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру және эстетикалық мәдениет қалыптастыру жолдары.

Зерттеу нысандары: Бастауыш сынып оқушылардың оқу және тәрбие үрдісі

Зерттеу әдістері: Теориялық талдау, педагогикалық, психологиялық, бақылау,

әдебиеттерді зерттеу;

Зерттеудің теориялық мәнділігі: қоғамның дамуымен балалардың эстетикалық мәдениетті, олардың талғамы өзгеше. Курстық жұмысым да бастауыш сынып оқушыларың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың жолдарын іздестірдім. Оны мен қазақ халқының музыкасы мен көркем әдебиетінен таптым.

І. Тарау. Бастауыш сынып оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық мәдениет түсінігі

Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру процесін зерттеу «мәдениет» ұғымының мәнін нақты көрсетуді талап етеді. Ол латын тілінен шыққан

«cultura», яғни «өсіру, тәрбиелеу, білім беру, дамыту, құрмет» сөзі.

Философияда «мәдениет» ұғымын анықтаудың әртүрлі тәсілдері бар. Эмпирикалық (сипаттамалық) тәсіл адамның барлық қызметінің нәтижесі, яғни өзі жинаған заттар мен құндылықтардың жиынтығы ретінде мәдениетті білдіреді. Бағалау (аксиологиялық) тәсілі кезінде арнайы сапа -

«мәдениеттілік» бөлінеді, оның көріну дәрежесі бағаланатын адамның эталон ретінде таңдалғанына арақатынасы арқылы анықталады. Іс - әрекеттік тәсіл мәдениетті іс - әрекеттің биологиялық емес, адамдық тәсілі ретінде қарастырады.

Қазіргі заманғы мәдениеттануда «мәдениет» ұғымының мазмұнының білім, білік, қызмет тәсілдерінің қажетті индивид ретінде ұғынудан - осы феномені аясында іс - әрекет процесінде индивидтің маңызды күші, шығармашылық потенциалын шоғырландыруға түрленуі байқалады.

«Мәдениет» ұғымы мәндердің барлық алуан түрлерінде адамға жататын, олар құрған рухани және материалдық құндылықтарда көрсетілген жетістіктер деңгейі туралы түсінік бар. Екі мәдениет саласы бөлінеді: материалдық және рухани. Эстетикалық мәдениет бұл жерде қоғамның рухани мәдениетінің барлық басқа элементтерін біріктіретін өзіндік байланыстырушы буын ретінде, демек, оның барлық шығармашылық бастауларын іске асырудың тиімді құралы ретінде көрінеді.

Жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетінің негізгі категориялары эстетикалық сана, көркемдік - эстетикалық қабылдау, эстетикалық сезім, эстетикалық тәжірибе, эстетикалық қажеттілік, эстетикалық идеал, эстетикалық талғам, эстетикалық пікір болып табылады.

Эстетикалық сана эстетикалық идеялардың, теориялардың, көзқарастар мен критерийлердің жиынтығында көрсетілген адамдардың шындыққа және өнерге саналы эстетикалық көзқарасын қамтиды.

Адамның эстетикалық санасының маңызды элементі көркем - эстетикалық қабылдау болып табылады. Қабылдау - өнермен және шындықтың сұлулығымен қарым - қатынастың бастапқы кезеңі, әлемге эстетикалық қатынастың психологиялық негізі.

Көркем - эстетикалық қабылдау адамның шынайылық пен өнер көріністерінде эстетикалық сезімдерді оятатын үрдістерді, қасиеттерін, сапасын сезіну қабілеттілігінде көрінеді.

Эстетикалық сезім - адамның болмыстың немесе өнердің эстетикалық құбылысына деген бағалау көзқарасынан туындаған субъективті эмоционалдық жағдай. Эстетикалық уайымдау - күйзеліс, қайғы-қасірет, қуаныш және т. б. эстетикалық мінез - құлықтар мен сезімдер рухани - эстетикалық қажеттіліктердің пайда болуына және дамуына ықпал етеді.

Эстетикалық қажеттілік көркем - эстетикалық құндылықтармен қарым - қатынасқа тұрақты қажеттілік ретінде көрінеді.

Эстетикалық сананың орталық буыны эстетикалық идеал - табиғатта, қоғамда, адамда, өнерде заманауи сұлулық туралы әлеуметтік негізделген түсінік болып табылады.

Осы негізде тұлға санасында қоғамдық өмірдің, өнердің, табиғаттың эстетикалық құбылыстарын дәлелді, негізделген бағалау - эстетикалық пайымдау қабілеті дамиды.

Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру эстетикалық тәрбие процесінде жүзеге асырылады.

Эстетикалық тәрбие - шығармашылық белсенді тұлғаны қалыптастыру, "сұлулық заңдары" бойынша өмір сүруге және жасауға қабілетті, әдемі, қайғылы, күлкілі, жансыз, сезімге, бағалауға қабілетті мақсатты үрдіс.

Эстетикалық тәрбие эстетикалық дамуды қамтиды - эстетикалық қабылдаудың, сезудің, шығармашылық қиялдың, эмоциялық уайымның, бейнелік ойлаудың белсенділігін, сондай-ақ рухани қажеттіліктердің қалыптасуын қамтамасыз ететін, баланың табиғи мәні бар күштерінің қалыптасуының ұйымдастырылған үрдісі [24, 29] .

Эстетикалық тәрбиенің өзегі өнер құралдары арқылы жеке тұлғаға әсер ету және оның негізінде көркем тәрбиені жүзеге асыру болып табылады.

Көркем тәрбие - балалардың өнерді қабылдап, сезінуге, уайымдауға, сүюге, бағалауға, оны рахаттандыруға және көркемдік құндылықтарды жасауға қабілеттіліктерін қалыптастыру мақсатында бағытталған процесс.

Эстетикалық тәрбие жүйесін ұйымдастыру негізінде бірқатар қағидаттар жатыр:

  • жалпы эстетикалық тәрбие;
  • тәрбие ісіне кешенді көзқарас;
  • сынып, сыныптан тыс, мектептен тыс сабақтарды, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өнермен әсер етудің түрлі формаларын үйлестіру;

-көркемдік-эстетикалық іс-әрекеттің өмірімен, қоғамды жаңарту тәжірибесімен байланысы;

  • көркем және психикалық дамудың бірлігі;
  • көркем іс-әрекет және балалардың көркемөнері;
  • бүкіл өмірді эстетикалық ету;
  • балалардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу. Эстетикалық мәдениеттің қалыптасу критерийлері:
  • өнермен және табиғатпен қарым-қатынас жасауға ұмтылудың болуы;
  • сұлулықтың заңдары бойынша қоршаған болмысты өзгертудегі эстетикалық қажеттіліктің және білімсіздікке төзімділіктің болуы;
  • өнерді қабылдай білу, жоғары көркемдік үлгілерден рахат алу;
  • өнер туындысы мен табиғат объектісіне эстетикалық баға бере білу;
  • шығармашылық өзін-өзі көрсету қабілеті;
  • қоршаған адамдармен қарым - қатынасты эстетикалық ету;
  • халық шығармашылығының негіздерін, өз елінің тарихи - дәстүрлерін білу, оларды шығармашылық игеруге және сақтауға ұмтылу. .

Эстетикалық (сұлулық) тәрбие беру балалардың өскен ортасына, жасына және ұлттық ерекшелігімен байланысып жатады. Себебі бала өзінің қоршаған ортасындағы адамдардан үлгі алады. Қоршаған адамдардан шабыт іздейді, кейбіреулерімен мақтанады, ад кейбіреулерін ұнайтпай жатады. Соған қарамастан бала ол қоғам мүшесі, сондықтан оның эстетикалық талғамы, мәдениеті қалыптасып ол өз ойын ортаға салады.

Оқушының эстетикалық көзқарасын, дүниетанымы мен мұратын бірлікте қамтамасыз ету жүйесінде баспасөз, радио, кино, көгілдір экран және кітапхана саласындағы жұмыстардың атқарып отырған қызметінің орны айрықша. Мәдениет ошақтарының бұл түрлері бүгінгі таңда жастардың жан-жақты жетілуінде айрықша мәнге ие болуда. [6; 31]

Эстетикалық мәдениет адам үшін эволюциялық және ізгілендіретін мәнге ие және адамның шынайылықты сезімдік-рационалды даналылық арқылы тұтастық ретінде елестету қабілетіне негізделген әлемдік сезім деңгейі ретінде көрінеді. Сондықтан эстетикалық мәдениет адамға құндылықты бағдарларды ғана емес, сонымен қатар қызметтің барлық түрлеріндегі артықшылықтарға да әсер етеді. Эстетикалық мәдениет оның барлық көріністерімен тығыз қарым-қатынас жасайтын мәдениеттің бір бөлігі болып табылады. Эстетикалық көріністердің ерекшелігін әрбір мәдени-тарихи дәуірде атап өтуге болады, шығыс пен батыс мәдениетінде эстетикалық мәдениеттің аймақтық ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады. Эстетикалық мәдениет адамның өмір сүруінде үлкен рөл атқарады және адамның қоршаған ортамен өзара іс - қимылының сипатына әсер етеді.

Эстетикалық мәдениет екі деңгейде ұсынылған: Жеке және әлеуметтік. Бірінші деңгейде әңгіме жеке тұлғаның эстетикалық мәдениеті туралы, екіншісі - қоғамның эстетикалық мәдениеті туралы болып отыр [26] .

Тұлғаның эстетикалық мәдениеті - бұл нақты индивидтің өмірлік қызметін және эстетикалық талғам мен идеалдың ерекшелігін анықтайтын сезімтал-интеллектуалдық күш, қабілеттері мен дағдыларының белгілі бір деңгейі.

Жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетін сипаттау кезінде эстетикалық идеал, эстетикалық қажеттілік, эстетикалық артықшылық, эстетикалық уайымның жиынтығы мен әртүрлілігі сияқты оның құрамдастары ескеріледі.

Тұлғаның эстетикалық мәдениетінің ең басты өлшемі (өзегі), оның мәні мен көрінісі эстетикалық талғам болып табылады. Эстетикалық талғам адамның эстетикалық тәжірибесін жүзеге асыру үшін қажетті ерекше қабілеті болып табылады, ол өзі үшін тамаша және білімсіз, жоғары және төменгі және т. б. анықтау, өнер туындыларының және басқа да мәдени артефактілердің, сондай-ақ нақты табиғи орта заттарының эстетикалық маңыздылығын бағалау мүмкіндігіне ие болады. Эстетикалық талғам тек субъективті түсінік емес, себебі ол туа біткен сапа емес. Эстетикалық талғам адамның іс-әрекеті және мәдени жетістіктерге баулу процесінде пайда болады, өндіріледі және өзгереді. Қоғамның эстетикалық мәдениеті - бұл осы қоғамда үстемдік ететін эстетикалық көзқарастар мен адамдардың эстетикалық ұстанымдарынан әлем туралы түсініктерінің белгілі бір деңгейі, сондай-ақ эстетикалық құндылықтар мен құралдардың, оларды өндіру, сақтау, тарату және тұтыну тәсілдері мен нысандарының жиынтығы. Қоғамның эстетикалық мәдениеті адамзаттың эстетикалық мәдениетін, қоғамның эстетикалық мәдениетін, әлеуметтік топтың эстетикалық мәдениетін элементтерімен санауға болатын өз құрылымына ие.

1. 2. Шығыс ойшылдарының эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру туралы түсініктемесі

Шығыс ойшылдары, философиялық ой толғап, әсемдік, эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру мәселелері бойынша пікірталастар жүргізген. Олардың әсемдік, адамгершілік туралы этикалық және эстетикалық көзқарастары мен идеялары тұлғаны барлық жас сатыларындағы тәрбиелеу мәселелерін қамтитын. Шығыстың ұлы ойшылы Фараби оқыту мен тәрбиенің өзара байланысы туралы, сөз арқылы оқытудың қажеттілігі туралы, әрекет арқылы, білімдердің негізінде тәрбие беру туралы ой-пікірін айтқан. Ол түрлі ойлау операциялары арқылы рационалды интеллетуалды білім беру мен рухани даму процесі жүреді, ал алынған білімдерді шығармашылық тұрғыдан қолдану қажет деп айтқан еді. Ойлау мен сөйлеуді дамыту, сондай-ақ қатынасқа рухани әлемді қалыптастырудың маңызды факторы ретінде ерекше маңыз беретін. Бируни мақсаттылықты, дәйектілікті, жүйелілікті, көрнекілікті білім және тәрбие берудегі жетекші принцип деп таныған. Ол білім алу мен оны басқаларға табыстау -адам үшін бақыт, ақиқат ләззат деп айтатын. Ақиқатты іздеу таным әдісі ретінде тәжірибе арқылы жүреді. Ибн-Сина ойлау, эстетикалық және адамгершілік тәрбиені бірлікте жүзеге асыруға шақырды. Балаларда өнерді түйсініп, оған ләззаттану (тиісті дайындық пен белгілі тәрбие болған жағдайда) қабілетін жетілдіру қажеттілігі туралы ой толғады. Бердах балалардың жан-жақты дамуын қолдады, тұлғаның жетілуі, тәрбие объектісін жан-жақты зерттеу туралы сөз қозғады. Өнерге үлкен көңіл бөлуге, оның ұлы қуатын ұмытпауға шақырды. Авлони де білімдерге адамды жоғары мәдениет әлеміне ендіретін жоғары қасиеті ретінде үлкен көңіл бөлді. Ол мұғалім тәрбиеленуші үшін жауапты, сондай-ақ ол өз пәнін жақсы біліп, сабақтарды тәжірибемен байланыстырып, өмірдегі мысалдарды келтіру керек деп айтатын. Айни әсемдікті, сұлулықты тамашалауға шақырды. Ол тәрбие берудегі үлкен ролді әдебиет пен өнерге жатқызды [10; 76] .

Эстетикалық тәрбие теориясы бірқатар принципиалды философиялық-этикалық және психологиялық-педагогтық бастапқы ережелерге негізделеді. Эстетикалық тәрбие теориясының аса маңызды методологиялық алғышарттарының бірі - бала тұлғасының эстетикалық орнығуындағы мақсатқа бағытталған педагогикалық ықпал етудің жетекші ролі туралы ереже. Эстетикалық тәрбие теориясының келесі ережесі адам үшін сұлулық құбылыстарының: асқақтықтың, әсемдіктің, көркемдіктің мәңгі маңызы мен рухани құндылығын мойындаудан тұрады.

Осыған байланысты эстетикалық тәрбие беруде живопись, музыка, еңбек, қол өнер туындылары, сәндік-қолданбалы өнердің теориялық мәселелерін қарастырумен шектеліп қана қоюға болмайды. Өйткені, эстетикалық тәрбие - өнермен айналысу, оқушылардың қабілеттері мен мүдделеріне сәйкес келетін көлемдердегі шығармашылық әрекет. . Оқушылардың көркем-шығармашылық дарындарын дамыту тек өнер түрлерінің тарихы жөніндегі білімдер мен көркем фактілер мен құбылыстарды игерумен қатар шынайылықты сөз арқылы, көру-көрнекілік және дыбыстық бейнелеудің көмегімен ұсынудың икемділіктері мен дағдылары қалыптастын болған жағдайда ғана мүмкін болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесінің ерекшелігі
Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу процесінде көркемдік талғамын қалыптастыру
Сыныптан тыс музыкалық қызмет кіші сынып оқушыларының музыкалық мәдениетін қалыптастыру тәсілі ретінде
Бастауыш сынып окушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың зерттелуі
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ балалар фольклоры арқылы эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру моделін жасау
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін негізінде сипаттау
Кіші мектеп оқушыларының экологиялық тәрбиесін оқытудың әдіс-тәсілдері
Оқушылардың еңбек мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz