Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
1. 1 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық ерекшеліктері . . .
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімге қойылатын талап
1. 3 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары . . . ………. . … . . .
ІІ. Тарау БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін диагностикалық әдістер арқылы анықтау. … . . . … . . .
2. 2 Оқушылардың креативтілік қабілеттерін сабақта және сыныптан тыс жұмыстар арқылы дамыту . . .
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі : XXI ғaсыр - бәсеке ғaсыры, бұл бәсеке енжaрлықты және керітaртпaлықты көтермейді. Еліміз егемендігін aлғaннaнкейін, өзін бүкіл әлемге мойындата бaстaғaн осы кезеңде біздің қоғам дарындыда, қaбілетті және жaн-жақты жетілген aдaмдарды қaжет етеді. Сондықтaн дa еліміздің білім бaрудегі ұлттық жүйесіміз өте қaрқынды өзгерістер сaтысындa тұр. Бүгінгі таңғы негізгі мақсатымыздың бірі - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті және өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу болып келеді. Бұл үшін мектеп оқушылардың белсендігін арттыру, ізденімпаздылыққа үйрету және білімді өз беттерінше алып және оны қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеуге көкейкесті мәселе болып тұр.
Н. Ә. Назарбаевтың «Болaшаққа бaғдар: рухaни жaңғыру» атты бағдарламалық мақаласында халықтың рухани өмірінде болашаққа ұмтылар бағыт-бағдарын былайша айқындап беріп отыр: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес ол адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады деп айтқан. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лaйықты қасиеттергеде ие болуы керек. Осы мәселелерді жүзеге асыруда мектеп басшысы мен ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беруге қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында баяндалып отырғандай, бүгінде әлем технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістерге кезеңіне қадам басып келеді және жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде[1] .
Білім беру Заңының үшінші тарауының он бірінші бабында осылай айтылған: « жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамытып және адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» [2] .
Яғни, мұғалімнің басты мақсаттарының бірі оқушыны біліммен ғана байытып қоймай, даралыққа, шығармашылыққада негіздеу болып табылады.
Мұғалімдік беделін мемлекеттік деңгейге көтеру қажет. Оқыту жүйесіндегі мұғалім-ең басты тұлғаболып келеді. Ұстаз-білген адамға ата-анадан кейінгі дүниеге көзін ашушы және білім, тәрбие беруші.
Қазақстан Республикасының Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізінде "әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы - жеке адамның дарындылығын дамыту" мәселесіне көңіл бөлініп, заң тармағына енуі -«болашақ кілті - жастарымыздын қолында» дегенді танытатыны сөзсіз[3] .
Себеі ым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейге дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді және жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет болуда. Ал, мұндай мамандар дарынды балаларымыздың ішінен шығады.
Қазіргі кездегі білім берудегі жаңа құрылымы және оқу әдістемелік мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңарту және шығармашылық ізденістерін шыңдауын қажет етіп отырады.
Инновациялық ғылыми-техникалық даму дәуірінде мамандардың тұлғасына, заман мен қоғам қойып отырған талаптарға сәйкес алдына жан-жақты жетілген үйлесімдіжәне шығармашыл адамын тәрбиелеу - еліміздің басты міндеті болып отыр. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын бастауыш мектептің алар орны ерекше болып келеді. Сондықтан қазіргі кездегі педагогтерге қойылатын талаптар да жоғары болуда. Осы талаптарды ҚР жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасынан да көруге болады .
Баланың шығармашылығын, дарындылығын, шығармашылық бағыттында дамыту және оны тәрбиелеуде бүгінгі таңдағы көкейкестің мәселесіболып отыр. Біздің қоғамыздағы, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістерден шығармашылық қабілеттері бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаның алдында үлкен талаптар қойылуда. Оқушылардың дарындылығына табиғаты, және шығармашылық мүмкіншілктерінің психологиялық құрылымымы болып келеді. Осының барлығы арнайы ізденісті қажет ететін мәселелер қазіргі психология ғылымында осы мәселеге қатысты біраз деректер жинақталып, зерттеу жұмыстары жүргізілу барысыында, мысалы: шет елдің психолгтары М. Корне, Н. С. Лейтас және Г. И. Россолимоның тесттерінің көп көмегін тигізген. Көптеген тесттер басында ми дамуын зерттейтін диагносика әдісі ретінде өмірге келген. Ресейдің психологтары Д. Д. Эльконин, В. В. Давыдов, Н. Хмель, А. М. Матюшкин сынды ғалымдар көп еңбек сіңіріп, Отандық психолог ғалымдар Ж. Қараев, С. Смаилов, Р. Омарова, А. Әбілқасымова, С. Бегалиева, М. Құдайқұлов, Т. Сабыров, Т. Тәжібаев зерттеулерінде көптеген нәтижеге жетіп, жемісті, тасбысты жұмыстарды атқарған .
Қазақстан Республикамыздағы бұл мәселелергеге назар аударған ғалымдар Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешева жоғарғы сыныпып оқушылардың шығармаларды жазғызу, В. Д. Чернов қосымша факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырған, ал Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеу жұмыстарының негізгі идеясы балаларды сөз өнеріне баули отырып, көркем-шығармашылық қабілеттерін дамытуға болады, М. Мұхамединнің ойын әрекеттрі арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындап көрсеткен.
Баланың әлеуеттік және шығармашылық қабілеттерін ашу мектептің маңызды жұмыстарының біріне айналып отыр. Бүгінгі таңда болашақ жастарға, жеткіншектерге әлемдік ғылым мен прогресс деңгейі сәйкес білім мен тәрбие беру және оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіруі. Сонымен іскерлігін зерттеу және арттыру әділетті коғамның міндеті болып табылады. Міне, осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке тұлғалар қажетті. Ондай тұлғаларды балабақшада, мектепте, орта және жоғары оку орындары арқылы дайындайды. Жаңалыққа жаны құмар жан тәрбиелеу мектептен басталады. Сондықтан, оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі соңғы кезде қолға алынды деуге болады. Жаңа пәндердің пайда болуы, оқу мазмұнына шығармашылық тапсырмалардың енуі, арнайы педагогикалық әдістемелер, технологиялардың қолданыла бастауы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуі-үлкен жетістік. Зерттеу проблемасының көкейкестілігіне орай зерттеу тақырбымызды:
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетінің болуы үшін, мұғалімнің шығармашылық қабілетінің атқаратын рөлін көрсету.
Зерттеудің міндеті:
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту туралы әдебиеттерді, авторлардың еңбектерін талдау, саралау;
- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық диагностикалық әдістер арқылы анықтау;
- оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін ескеру арқылы щығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Зерттеу нысаны: бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісі
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық деңгейін дамыту мақсатында логикалық және қызықты тапсырмаларды, сайыс, интеллектуалдық ойындарды сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда іске асу жолдары.
Зерттеу әдістері: теориялық талдау, педагогикалық - психологиялық бақылау, әдебиеттерді зерттеу .
Ғылыми болжам: Егер ұстаз, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық деңгейін дұрыс анықтап, олардың психологиялық және дара ерекшеліктерін ескеріп, белсенділіктерін дамытуға ықпал жасайтын қызықты тапсырмалар, пікірталас, сыныптан тыс жұмыстарды жүйелі қолданып отырса, онда олардың шығармашылық деңгейі ойдағыдай артып отырар еді.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту туралы педагог ғалымдардың педагогикалық көзқарастары
Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілетті дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу - ұстазың парызы болып келеді. Баланың дарындылығын өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім алуда, басқалардан аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінен айқын көрінеді.
Баланың белгілі бір іс-әрекетке белсенділігі жас кезінен ақ байқалады. Ал күнделікті өмірде қабілетті баланы қалай анықтауға боладыдегн сұрық туындалып отыруда? Жаңа адамды, болашақ қоғам адамын рухани зияткерлік жағынан дамыта тәрбиелеуде - бүгінгі күннің өзекті мәселес іболуда. Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар және көзкарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған болатвн, сондықтан еңбектерінде-адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болып келген
Ғылымда шығармашылық туралы термин тек ХІХ-ХХ ғасырларда ғана пайда болып, зерттеліне бастады. «Шығармашылық-тура мағынасында жаңалықтарды ашу дегенді білдіреді». С. Ожеговтың сөздігінде «Шығармашылық -материалдық және мәдени құндылықтарды жасауға» делінген болатын[4] .
Шығармашылық дамның жеке ерекшеліктері, табиғи дарындылығы мен даналығының көрінісі, шығармашылық қабілеттердің деңгейлері ғылыми тұрғыда қарастырылып, осы ғалымдар зерттегендер болған: А. Брушлинский, А. Матюшкин, Я. Пономарев, С. Рубинштейн, Л. Выготский, Д. Богоявленская, Ю. Гильбух, М. Махмутов т. б. Қазақстанда: М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, Т. Тәжібаев, Т. Сабыровтың психологиялық еңбектеріндеде тұлғаның жеке басының дамуы мен шығармашылығының әр түрлі аспектілері қарастырлған болатын.
Шығармашылық қабілеттер әрбір тұлғада болады. Ол әсіресе балалық шақта, оның ойнауған кезде, қиялдауға, бір нәрсені елестетуге тырысуы арқылы айқын көріне бастайды. Шығармашылық-қоғамның түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұлғаның түрлі сапалы материалдық, рухани құндылықтарын жасайтын әрекет жасау түріболады. Ойлаудың жоғары түрі, бұрын белгілі болмаған тәсілдер арқылы шешілген.
«Шығармашылық» сөзінің этимологиясы «ойдан шығару»және «ойланып табу»деген мағына береді. Шығармашылық деген тұлғаны белсенділігі мен дербестігінің және қиял-ойын іске асырудың жоғары формасы білдіреді.
ХХ ғасырдың 60- жылдарынан бастап ағылшын-американдық психологияда креативтілікті зерттеу кеңінен қолданылды. Креативтіліктің анықталуына дәстүрлі интеллект тестері мен мәселелік жағдайларды шешу арасындағы хабарлардың жеткіліксіз болуы себепті болды. Креативтілікті жеке тұлғаның шығармашылық жетістіктерімен байланыстырады. Креативтілік-қазіргі кезде көптеген психологтардың кең түрде зерттеп жатқан мәселелерінің біріболған. Креативтілік шығармашылық жетістіктермен байланысты, бірақ, ол әлі де толық дәлелденбегенболатын . Креативтілік сөзі-латынша жасау, адамның шығармашылық дарын деңгейі, шығармашылық қабілеті дегенді білдіреді.
Философиялық сөздіктерде «креативтілік» - ойлап табу, жасап шығару деп делінген. Ойлап табу қабілеттілігі - проблема мен жағдайды жаңа өзгеше көзқараспен қарайтын шығармашылық қабілет. Креативтілікті зерттеу екі бағытта жүреді. 1- бағыт-креативтілік интеллектпен байланысты ма және танымдық үрдістермен алмастырыла ма деген сұрақа жауап іздесе, 2-бағыт-жеке тұлға психологиялық ерекшеліктерімен қоса креативтілік аспектісі бола ма және жекелік, мотивациялық белгілерімен беріледі ме деген сұрақтармен айналысады.
Жаңңа тапқыр мен шешім қабылдауға әкелетін әрекет-әр түрлі деңгейде, бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі психологиялық үрдістерболып келеді. Бұл мәселені зерттеген ғалымдар педагогикалық және шығармашылық кезеңдерден тұратынын анықтаған:
1) шығармашылық ойлардың пайда болуы;
2) түпкі ойдын талдануы;
3) шығармашылық ойларды әрекетке айналдыруы;
4) шығармашылықтың нәтижесін талдап бағалау (В. А. Каан-Каалик, Н. Д. Никандров) ;
1) жаңалықтарды көрсету;
2) ғылымилық өнертапқыштықтарды құрастыру, модельдеу;
3) жетілдіру (В. И. Загвяязинскйй)
Осындай кезеңдерде қызығушылық пен интеллект, қажетті білімді тез арада меңгереды байқампаздық, ойлау операцияларын іске қоса алу, тапқырлық, интузиазм, табандылық, еркіндік пен өзіне деген сенушіліктер сияқты тірек сапалардың болуы шығармашылық әрекетті нәтижелі етеді.
Шығармашылықтың ерекшелігтері креативтілікті зерттеу бағыттында сақталып отыр . осында ойлаудың сатылы екендігі тірек болады. Тұлғаның ерекше қабілеттері, яғни жаңатың идеяларды ойлауы, мәселені тез шешуі, дәстүрлі схемадан ауытқуын адаптивтілік қабілеті немесе оны креативтілік (шығармашылық кабілеттер) деп те атайды. Креативтілік-кабілеттіліктерді анықтайтын ойлау және жеке басының сапа жиынтығы. Крееативтіліктің бір компонентіне адамның дивергеентті ойлауға қабілеттілігі жатады. Оқушынын шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәселесін талдау ең біріншіден "қабілет" ұғымының мәнін терең түсініп алуын қажет етеді. Философияда "қабілеттерді" адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктерді дей келе, олар қоғамдық және тарихи іс-әрекетгердің нәтижесіндеғана қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын көрсеткен. [5] .
Қабілеттер деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамдардың касиеттерінің синтезін атайды .
Шығармашылық жаңа-жаңалық» сөзімен астарлас келеді. Психологияда бұл ұғымға «жаңалық ашатын адам әрекеті» деген анықтама беріледі. Бұл ойды тарқаатар болсақ: шығармашылық-тұлғаның жетілген ең жоғарғы қасиеттері, білімділіктің биік белгісі, маманның мақсаткерлік мерейі, ісмерлік пен іскерліктің іргетасы, дара түлғаның дарындылығы. Кәсіби шеберліктің шыңы да щығармашылықпен шырайлы. Талаптың таудай талпынысы да щығармашылық топырағында тасқындайды. Қәзіргідей нарықтық қоғам мүшелері үшін бедерлі белес биігі. Нарыкқа оқытушы өзінің жоғары кәсіби шығармашылығымен ғана шыға алады, саудаласа, бәсекелесе алады. Ендеше жаңаша бой түзеп жатқан мемлекетіміздің педагогикасына жаңа рухтандырушы, шабыт беруші идея керек екендігінде созжоқ. Осындай ұлттық педагогикалық идеяға-оқушының, мұғалімнің ішкі күш-қуатын үздіксіз жетілдіруге бағытталған оқу-тәрбие жүйесін жатқызған болар едік. Барлық деңгейдегі білім беру ісін шығармашылық педагогикасының қағидаларына сәйкестендіру осы түйінді мәселені шешудің бір жолы дегіміз келеді. Бүл жерде шығармашылық күш-қуат ұғымының мәнін аша түсу қажеттілігі де туады [6] .
Шығармашылық - бұл түлғаның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы және ізденуі. Өмірдеде дұрыс жолды табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуге қажетті. Тұлға бойындағы қабілеттеді дамыта отырып, олардың өшуіне жол бермей оның рухани күшін нығайта отырып, өмірден өзінің орнын табуға көмектеседі.
Отанымыздың әйгілі психолог Қ. Жарықбаев шығармашыл тұлға туралы былай деген: «Басқалардан көмек күтпей ақ, мәселені шешуде басқа біреулердің әдісін қайталамай, қалайда жалғыз шешуге тырысатын адам - шығармашыл ойдың иесі болады». Ал,, Т. Тәжібаев «қабілет-іс-әрекеттерінің белгілі бір түрлерін ойдағыдай және нәтижелі орындауда көрінетін тұлғаның жеке қасиеті» - деп түсінік берген.
Өзінің монографиялық еңбегінде Б. Тұрғынбаева <шығармашылық-мәселелік сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін нәтижеде ғана жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті дей келіп, Д. Богоявленская, А. Брушлинский, Я. Пономарев, Н. Кузьмина, А. Матюшкин, Ю. Кулюткин, Г. Сухобская, т. б. ғалымдардың еңбектерін талдай отыра, шығармашылық әлеуетке төмендегідше анықтамаларды береді: <Бұл адамның жаңа жағдайға сәйкес әрекет тәсілін өзгерте алуға негіз болған білім, білік, дағдылары; әрекеттің нәтижесін айқындайтын жаңалық, сонылық, қайталанбастық; тұлғаның өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға әкелетін өнертапқыштық, елес, сыни ойлау, жаңалыққа деген ашықтық, сияқты жеке қасиеттерінің жүйесі> .
Қорыта келе айтарым, шығармашылық-проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіріп, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті деген тұжырым жасауға боладым. Оқушылардын өз білімін көтеруге қатысуы оның ғылымилық, әлеуметтік, болашақтағы кәсіби әрекетіндегі мәселелерді, табысты шешуін қамтамасыз етеді, яғни, өмірлік шығармашылығын дамытады. [7] .
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларның шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімге қойылатын талаптар
Мұғалімдік деген киелі мамандықтың сырларын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп, кептелі көңілдегі арман толастамай, толқу мен қуаныш қатар келіп, мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келеміз. Қандай да заман, қандай да реформа болсын мектептің басты тұлғасы - мұғалім екені сөзсіз.
Демек, мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге асады. Бүгінгі күні мектептің, оқытушы қасиетті міндеті - рухани бай және де жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Рухани байлық, еңбіріншіден, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп тамырында жататыны сөзсіз. Бұл ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданыпта келеді. Еңдеше, бар ұлттық байлықтың, білімнің кілті де мұғалімнің қолында екені сөзсіз. Ендеше рухани бай, халықтың ұлттық әдет-салтын сақтаған, шығармашылығы дамыған мұғалім ғана баланы шығармашылықтардың шыңына жетелей алады.
К. Роджер, А. Маслоу шығармашылыққа қабілеттерге ие болу үшін мұғалімде төмендегідей қасиеттері болуы керек деп есептейді:
- өзінің бармүмкіндігін толық көрсете алу (самореализация) ;
- берілген қызметке шексіз берілу, жетілдіруге ұмтылыс жасау;
- жеке өзі болу, ашықтық, әлеуметтік рөлдің маскасын пайдаланбауға;
- мәселелерді, шындықты дұрыс қабылдауға, шешудің жаңа жолдарын іздестіруге;
- өзінді және басқаларды да қандай болса солай дұрыс қабылдау;
- өзіне сенімділігіне, еркіндігіне, өзінің потенциалына суйену;
- өз қызметіне сын көзбен қарай білу, рефлекссияға қабілеттілігі;
- икемділігінің, шын ниеттілігінің, ақкөңілдігінің, эмоционалдығынын болуы;
Мұғалімнің педагогикалық шығармашылығын И, Харламов оқу-тәрбие әрекетіне әр түрлі әдістемелік түрлендірулерді енгізіп, оқу және тәрбие тәсілдері мен әдістерін рационалдау арқылы жүзеге асырған. Кәсіби әрекеттің жоғары деңгейі ретінде ғалым педагогикалық жаңашылдықты атап көрсетеді. И, Харламовтың пікірінше, жаңашыл мұғалімдер педагогикалық үрдісті жаңартушы табылады келеді. Сонымен қатар жаңа бағдарламалар құрады, оқу-тәрбие мәселелерін шешуде жаңа идеялар ұсынады.
Әртүрлі әдебиеттерге теориялық талдауды жасау барысыңда бастауыш мектеп оқытушыға қойылатын бірнеше негізгі талаптар бар екені көрсетілген.
1-ші талап - педагогикалық қабілеттіліктің болуы - оқушылармен жұмыс жүргізуге бейімділіктен; балаларға сүйіспеншіліктен; олармен қарым-қатынаста қанағаттанудан көрінетін тұлғалық сапа. Көбінесе педагогикалық қабілеттер сөз сөйлеу мәдениетін, ән айту, сурет салу, балаларды ұйымдастыру және т. б. нақты әрекеттерді орындай білумен сипатталады.
Демек, В. А. Сластенин қабілеттердің мынадай негізгі топтарын бөліп көрсеткен:
1. Үйымдастырушылық.
2. Дидактикалық. көрнекілік, құрал-жабдықтарды іріктеу және дайындау;
3. Рецептивтік.
4. Коммуникативтік.
5. Субъективтік.
6. Зерттеушілік.
7. Ғылыми-танымдық.
Ұлы педагогтың К. Д. Ушинскийдің пікірін П. Ф. Каптерев одан әрі дамытты, және былай деп жазады: "Педагогикалық үрдіс оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті: бір жағынан, бұл мұғалімнің бағыттаушы, ал екінші жағынан - оқушының өзіндік ішкі әрекеті ". Осыған орай В. В. Давыдов: "Кіші мектепте шығармашылық қабілеттіліктерді оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі - оқуға құштарлық, ынталылық» - дейді.
Әр балалардың шығармашылық қабілеттері өз табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушыға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашып көрсету. Осы міндеттерді орындауға мұғалімге бірден-бір керегі - дұрыс, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалану.
Отандық әйгілі жазушымыз Ж. Аймауытов өз еңбектерінде «жақсы қойылған сұрақ, жақсы жауап тілейді» дей отырып, балалардың шығармашылық қиялын дамытуға байланысты жақсы тапсырмалар мен жақсы сұрақтар қойылса, соған сәйкес бала киялының жан-жақты, әрі мәнді көрінуіне әсерін тигізетіндігін дәлелдейді, Оқыту адамдардың табиғатына қарай болсын»деп айтылған ойы бала бойындағы қабілет құрылымы, бағыты, жүйесіне орай тапсырмалар беру - баланың білімді тез, әрі жеңіл меңгеруіне, қабілеті мен қиялының айқындылығына себепші болады. Оқулықтан өмірге емес, өмірден оқулыққа қарай жылжысын» деген ойынан бала мектептегі оқу бағдарламасынан алған білім жүйесін, өмірде білімді қолдана алуға, қоғамға пайда келтіретін жаңа ұсыныстар мен ой қорытындыларын шығара алуға, жаңа бейне жасауға бейім болу қажетті деп түсіуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz