Шығыстық қисса - дастандардың табиғаты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология және әлем тілдері факультеті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Шығыстық қисса-дастандардағы әйелдер бейнесі

Орындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығының 4 курс
студенті Қайырғалиева А.Б.
Жетекшісі: Филология ғылымдарының
кандидаты Карбозов Е.К.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І ҚИССA ЖAНРЫ: ДAМУ СAТЫЛАРЫ ЖӘНЕ ОБРAЗДAР ГЕНЕЗИСІ
1.1 Шығыстық қисса-дастандардың табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Қисса-дастандардағы образдар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .
1.3 Жағымды және жағымсыз әйел образы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
ІІ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ ШЕҢБЕРІНДЕ
2.1 Назиралық дәстүрде жазылған ғашықтық дастандардағы әйел кейпінің әртүрлілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Қыз бала тәрбиесіндегі қисса-дастандардың маңызы ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ұлттық әдебиеттану ғылымында қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу, қисса-дастандардың дәуірін зерделеу оңайға түскен жоқ. Ежелгі әдебиет пен мәдениетке үңілу, зерттей отырып, мәселені тану тұрғысынан келгенде ғалымдардың аянып қалмағаны белгілі. Әсіресе қисса-дастандардың өзгеріске түсіп, зерттеуді қажет етіп, нәтижесінде елге үлгі-өнеге боларлық құнды дүниелердің бізге жетуі айтарлықтай еңбекті талап етті. Халқымыздың шығыс елдерімен рухани сабақтастығы, бай мифологиясы, тарихи, діни, адами құндылықтары қисса-дастандар жанры негізінде қалыптасып, дамығанын ескерсек, дастандардағы әр деталь, әр кейіпкер, іс-әрекеттер мен наным сенімдер халықтың өсуіне, өзіндік өмір дағдысын қалыптастыруына ықпал етті. Әдебиет тарихындағы көркем туындылардың қайсысын алып қарасақ та, халық ауыз әдебиетінен, түп-төркінінен бастау алып, өзінің дәстүрлік жалғасын табады. Бүгінде әлем әдебиетінің алтын қорына қосылып, биік сатыға көтерілген ғажап туындылары бар қазақ әдебиетіндегі түрлі сарындар, алуан тақырыптар, өлмес идеялардың қай-қайсысы да о баста ауыз әдебиетінде, оның ішінде поэзия саласында көрініс тапқан.
Әдебиет жанрының барлық кезеңдерінде жазылған түрлі тақырыптағы шығармаларда да, шығыстық қисса-дастандардың тақырыбына өзек болған сол қоғамдағы негізгі мәселелерде де әйел адамның алатын орны ерекше. Әйел бейнесі, әйел тағдыры, әйел позициясы қай заманда да бағасын жоғалтқан емес. Қоғам мен әдебиетті егіз ұғым ретінде қарастырсақ, қоғамдағы негізгі мәселелерді, адами құндылықтарды жазудан әдебиет, әсте, бас тарта алмайды. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы басты мәселелер де әйелдің халімен, әйелдің қоғамдағы орнымен өлшеніп отырған.
Диплом жұмысында шығыстық қисса-дастандардағы әйел образын жан-жақты қарастырып, дастандарды қоғам өмірімен, тәрбие мәселесімен сабақтастыра отырып талдау жасалынады. Әсіресе, қыз бала тәрбиесіндегі қисса-дастандардың алар орны мен тәрбиелік маңызы айқын көрсетіледі.
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақ әдебиетіндегі прозалық және поэзиялық шығармалардағы әйел образы зерттеліп, салыстырылып жүр. Әйтсе де, шығыстық дастандардағы әйел бейнесін қарастыру, тәрбие ұғымымен сабақтастыру, бір арнаға тоғыстыру тұрғысынан әдебиет әлі де зерттеуді қажет етеді. Бұл бағытта әдебиеттану ғылымында нақты зерттеу жұмыстарының бола қоймауы - жұмыстың өзекті мәселеге айналып, зерттеуді қажет ететіндігін айқындай түседі. Бастысы, зерттеу тақырыбы - қоғам өмірінің айнасы әйел бейнесін аша түсуі, оның рөлі мен ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын айқындауы, үлгі ре тінде нақты мысалдармен талқылануы мәнді, өзекті болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты шығыстық қисса дастандардағы образдар генезисіне, әсіресе әйел образына талдау жасау және оның ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын айқындау. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді орындау алға қойылды:
- шығыстық қисса дастандардың табиғатын, олардың зерттелуін негізге ала отырып, образдар жүйесін талдау;
- жағымды және жағымсыз әйел бейнесін зерттеудің ғылыми маңызы мен жаңашылдық сипатын ашу;
- ғалымдардың тақырыпқа ұқсас еңбектерін талқылап, жұмыстарының мән-маңызын анықтау;
- дастандардағы әйел бейнесінің бірнеше нұсқада, бірнеше кейіпте берілуін талқылау;
- ХХІ ғасырдағы әйел образы мен қисса-дастандардағы әйел образын салыстыра отырып, дастандардың тәрбиелік маңызын айқындау.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысы шығыстық қисса-дастандардағы әйел тағдырын, мінез-құлқын арнайы қарастыратын, тәрбиелеудегі артық немесе кем тұстарын көрсететін ғылыми еңбек болғандықтан, өмір шындығын бүкпесіз көрсетуге, кейіпкер бейнесіне жан-жақты талдау жасауға басты назар аударылды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде төмендегідей дәлелдемелер мен тұжырымдамалар негізге алынып отыр:
Шаһнама, Тотынама, Махаббатнама, Мың бір түн желісінде жазылған қиссаларға образдық талдау жүргізіліп, әйел образы арнайы қарастырылды;
өмір шындығын бейнелеген дастандардағы әйел кейпінің әдеби ортаға тигізген, қоғамға тигізген әсер-ықпалы жан-жақты көрсетілді;
әдебиетте нәзира дәстүрінде жазылған дастандардағы әйелдердің әртүрлі сомдалуы, олардың мінез-құлықтарының бірнеше нұсқада берілуі бір арнаға тоғысып, жүйеленді;
қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлі мен дастандардағы бейнесі салыстырмалы түрде қарастырылып, нақты тәрбиелік маңызы зерделенді;
шығыстық қисса-дастандардағы әйелдер бейнесі алғаш рет зерттеу еңбектің нысанына айналды.
Зерттеу нысаны мен негізгі дерек көздері. Зерттеудің дереккөзі ретінде қисса-дастандардағы образдар жүйесі туралы жазылған мақалалар, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тақырыпқа қатысты материалдар алынды. Зерттеу барысында қисса-дастандардың табиғаты мен даму сатыларына арналып жазылған көлемді зерттеу еңбектері, монографиялық еңбектер, әдебиеттегі әйел образына байланысты жарық көрген дерек материалдары басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Диплом жұмысының тақырыбын ашуда, оны зерттеуде, мәселенің шешімін табуда және мақсатқа қол жеткізуде әдебиеттің өзекті мәселелері мен тарихын зерттеген, зерттеп жүрген білікті әдебиеттанушы ғалымдардың еңбектері мейлінше кең пайдаланылды. Атап айтқанда, М.Әуезов, А.Қыраубаева, П.Бисенбаев, т.б ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ғалым-зерттеушілердің еңбектері басшылыққа алынды. Сондай-ақ әдебиет мәселелерін қарастырған орыс, қытай, түркі ғалымдарының зерттеулері пайдаланылып, тиісті тұстарда сілтеме жасалып отырды.
Диплом жұмысының ғылыми-тәжірибелік мәні. Қай заманда, қай қоғамда болмасын әйел адамның орны, оның ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі, болмыс-бітіміндегі құндылықтары, отбасындағы міндеттері өте маңызды. Зерттеуде шығыстық қисса-дастандардағы әйел образына талдау жасалып, оның ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы айқындалған. Сондықтан бұл еңбекті жоғары оқу орындарында, арнайы курстар мен семинарларда, мектеп оқушылары үшін қосымша оқулық ретінде, қыз балалар оқитын мектеп-интернаттарында тәрбиелік оқу құралы ретінде пайдалануға болады.
Диплом жұмысының әдістері. Дипломдық жұмыста әдебиет саласының майталмандары, зерттеуші-ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынып, жұмыс саралау үшін дәстүрлі обьективті-аналитикалық, ой тұжырымдарын жасау үшін талдау, жинақтау, салыстыру, жүйелеу әдістерімен жүзеге асты. Нәтижесінде тақырып жан-жақты талданып, қойылған мақсатқа жетті.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлім мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ҚИССA ЖAНРЫ: ДAМУ СAТЫЛАРЫ ЖӘНЕ ОБРAЗДAР ГЕНЕЗИСІ
Шығыстық қисса-дастандардың табиғаты
Адам қашанда ізгіліктің, жақсылықтың, жаңалықтың иесі болары хақ. Ал адамзат қоғамында тәрбиелік маңызы жоғары, танымдық аясы кең, рухани мұрасы мол, көпке бұйыра бермейтін асыл құндылықтар кездеседі. Сөзсіз, олардың бірегейі зерттеліп, бірі зерттеуден тысқары қалып та жатады. Еліміз тәуелсіздік алғалы жоқтың орны толып, қол жетпей жүрген биікке ұмтылып, етек-жеңіміз жиылып, асыл мұраларымыз зерттеліп, жинақталып, бір арнаға тоғыстырылды. Қазіргі таңда рухани құнды жәдігеріміздің бірі ретінде үлкен зерттеулерді қажет еткен қисса-дастандарды айтуға болады.
Ислам мәдениеті түркі өркениеті жетістіктері мен шығыстық классикалық әдебиет үрдісін сабақтастыра білді. Нәтижесінде рухани мәдениет қазынасы саналатын шығыс әдебиеті мен көркем сөз өнері дәстүрінің негізі саналатын түркі әдебиеті шығыстық қисса-дастандардың озық үлгілерін жарыққа шығарды.
Қисса-дастандар - кейіпкерлердің адами мұраттары мен өмір сүру дағдыларын көркем бейнелейтін, шығыс әдебиетімен рухани байланысқа ие туындылар. Қисса-дастандардың даму тарихы, ғылыми тұрғыда зерттелуі, жанры мен ерекшеліктері жазба әдебиетіне де, фольклорға да тән. Қиссатану ғылымының зерттелуіне үлес қосқан бірнеше қазақ және әр ұлтты ғалым-зерттеушілердің еңбектері жарық көрген. М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, Е. Ысмайылов, Б. Шалабаев, М. Ғабдуллин, Х. Сүйіншәлиев, А. Қыраубаева еңбектерінде қисса-дастандардағы жалпы мәселелер сөз болса, оларды танып-білудің маңызы Б. Кенжебаев, З. Ахметов, М. Бөжеев, Ә. Қоңыратбаев, Ы. Дүйсенбаев, М. Ғұмарова, Р. Бердібаевтардың мақаласында кездеседі. Кейіннен Ш. Сәтбаева, С. Қасқабасов, Н. Келімбетов, Ө. Күмісбаев, Б. Әзібаева зерттеулерінде жалғасын тапты. Сонымен қатар, бұл дәуірде қисса-дастандар жинағы да шыға бастаған-ды. Яғни, ескі мұраға деген көзқарас та біршама ғылыми бағытқа ауысып, түзеле бастаған болатын.
Академик С. Мұқанов өзінің зерттеу еңбегінде қисса-дастандарды көркем әдебиеттің эпикалық түріне қосылатын жанр ретінде қарастырып, қазақ тіліне иран, араб, шағатай тілдерінен келген деп есептейді. Бұл жанрды эпикалық деп айтуға себеп, қисса-дастандарда оқиғаға көп адам қатысып, олардың бет-бейнесі, мінез-құлқы шығарманың драмалық түрде шиеленісуі нәтижесінде айқындалады. Қисса-дастандардың белгілі бір дәуірдің шындығын көрсететінін тілге тиек етіп, оларды азаматтық және соғыс тақырыбындағы қисса-дастандар деп екіге бөліп қарастырады. Азаматтық тақырыпта жазылған қисса-дастандарды ғашықтық тақырыбына құрылады деп санаса, соғыс тақырыбындағы қисса-дастандар ислам дінін насихаттау төңірегінде жазылады деп есептейді. Дастандардағы Жүсіп пен Зылихи, Бәдігүл мен Сейфүлмәлік, Әміре мен Зияда, Ләйлі мен Мәжнүн арабтардан ауысқан, ал Фархат пен Шырын, Бізжігіт пен Сақыпжамал, Таһир мен Зухра Орта Азияның өзінде туған кейіпкерлер деп көрсетеді. (ПӘ)
Әдебиеттегі бұл жанр түрін Р. Бердібай ғашықтық (романдық) дастандарға жатқызып, ғылыми тұрғыда өзіндік ерекшеліктерін сипаттап, табиғатын аша түседі. Жүсіп-Зылиха, Хұсрау-Шырын, Ләйлі-Мәжнүн Таһир-Зухра сынды іңкәрлік жырларын қазақ эпосы мен мәдениетінен бөліп алуға болмайтынын, бұлардың байырғы қазақ жырларынан еш кем түспейтінін айтады. Шығарманың композициялық құрылымында ғашықтық аңсардың, бас бостандығының, айнымас адал махаббаттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССА МЕН ДАСТАН ЖАНРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
Ежелгі дәуір әдебиетінің мәселелерін тереңдете қарастырған ғалымның жұмыстары сан - салалы
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі нәзиралық шығармалар
Қисса Сейітбатталдың тақырыптық, нұсқалық және көркемдік ерекшеліктері
Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы шығыстық дәстүр
Қазақ әдебиетіндегі Зар заман ағымы мен нәзирагөйлік дәстүр (ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы)
Абай поэзиясының шығыстық негіздері
Пәндер