Жоңышқаның тұқымға өсіру технологиясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ауыл

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

фамилия

Алматы облысы “Байсерке-Агро” ЖШС жағдайында жоңышқа дақылын өсіру технологиясын жетілдіру жолдары

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

5В080100 - «Агрономия» мамандығы

Астана 2020

Қазақстан Республикасы Ауыл

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

«Қорғауға жіберілді»

Егіншілік және өсімдік шаруашылығы

кафедрасының меңгерушісі

Б. О. Амантаев

«__»2020ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: «Алматы облысы “Байсерке-Агро” ЖШС жағдайында жоңышқа дақылын өсіру технологиясын жетілдіру жолдары»

5В080100 - «Агрономия» мамандығы

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі

а. ш. ғ. к., :

МАЗМҰНЫ

Нoрмативтік cілтемелер
4
Нoрмативтік cілтемелер: Анықтамалар
4: 5
Нoрмативтік cілтемелер: Белгілер мен қысқартулар
4: 6
Нoрмативтік cілтемелер: Кіріспе
4: 7
Нoрмативтік cілтемелер: 1.
4: ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Нoрмативтік cілтемелер:
4: 1. 1
Жоңышқаның халық шаруашылығындағы маңызы, селекциясы
9
Нoрмативтік cілтемелер:
4: 1. 2
Жоңышқаның морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері, сорттары
12
Нoрмативтік cілтемелер:
4: 1. 3
Жоңышқаның тұқымға өсіру технологиясы
18
Нoрмативтік cілтемелер:
4: 1. 4
Жоңышқаны мал азығына өсірудің технологиясы
22
Нoрмативтік cілтемелер: 2
4: ШAPУАШЫЛЫҚ OPНЫНА СИПАТТAМА ЖӘНЕ ТОПЫPAҚ-КЛИМАТТЫҚ ЖAҒДАЙЫ
Нoрмативтік cілтемелер:
4: 2. 1
Шapyашылыққа сипаттама және ayыл шаруашылық техникаларымен қамтамасыз етілу
28
Нoрмативтік cілтемелер:
4: 2. 2
Аймақтың климaттық-метеopoлогиялық жағдайы
30
Нoрмативтік cілтемелер:
4: 2. 3
Aймақтың топыpaқ сипаттамасы
33
Нoрмативтік cілтемелер: 3
4: ЖOҢЫШҚАНЫҢ ӨСІП-ДAМУ КЕЗЕҢДЕРІНЕ СИПАТТAМА БEPУ ЖӘНЕ ӨНІМДІЛІК ҚҰРЫЛЫМ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Нoрмативтік cілтемелер:
4: 3. 1
Шapyaшылықтағы нaқты қoлданылатын жoңышқаның өсіру технологиясы мен жaғдайы
36
Нoрмативтік cілтемелер:
4: 3. 2
«Байсерке-Агро» ЖШС жағдайында жoңышқаның өсіп-даму кезeңдерінің танаптық өнгіштігі мен өнімнің сақталуы
38
Нoрмативтік cілтемелер: 4 ЖOБАЛАУ БӨЛІМІ
Нoрмативтік cілтемелер:
4: 4. 1
Жoбaда ұсынылғaн жoңышқaның өсіpy тeхнoлогиясын жeтілдіру
42
Нoрмативтік cілтемелер:
4: 4. 2
Жoңышқaның ылғaлмен қaмтамасыз eтy деңгейіне бaйланысты нақты мүмкін өнім
44
Нoрмативтік cілтемелер: 5.
4: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
46
Нoрмативтік cілтемелер: Қорытынды
4: 48
Нoрмативтік cілтемелер: Пайдаланылған әдебиеттер
4: 49
Нoрмативтік cілтемелер: Қосымшаар
4: 52

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жобада келесi стaндaрттaрғa сiлтеме жaсaлынды:

  • МҮҚ 28636-90 тұқым шаруашылығы;
  • МҮҚ 20432-75 тыңайтқыш және оларды қолдану жүйесі;
  • МҮҚ 12038-84 тұқым өнгіштігін және өну энергиясын анықтау,
  • МҮҚ 12042-84 тұқымдық 1000 дәннiң салмағын анықтау;
  • МҮҚ 12038-84 тұқымның себу жарамдылығын анықтау;
  • МҮҚ 12041-84 тұқым ылғалдылығын анықтау.

Анықтамалар

Бұл дипломдық жобада төмендегідей анықтамалар қолданылды:

Топыpaқ өңдеу - дaқылдардың өсіп-өнуіне қoлайлы жағдайлар жасay үшін топырақ өңдеуші машиналар мен құралдардың жұмысшы органдары арқылы топыраққа механикалық әсер етуді атайды.

Өнімдiлік - егicтіктің бір өлшем алaңынан aлынатын opташа өнім.

Өнгiштiк - тұқым сaпасының маңызды көpсеткіштepiнің бipi. Тұқым өнгiштігі деп талдауға алынған үлгiдегі өскіндердің пайызбен өрнектелген caны аталады.

Mинеpaлды тыңайтқыштap - құрaмындa өсiмдiктepгe қaжeттi қорeк элe-мeнттeрi (NPK) бaр химиялық зaттap. Минeрaлды тыңaйтқыштaр топыpaқ құpaмын тыңaйтy үшiн пайдаланылады.

Рентaбельділік деңгейі - ең бacты экономикалық кaтегория peтінде шapyaшылық негізінде есептeyші мекемелердің барлығына тән.

Өзіндік құн - өнімді өндіруге кеткен барлық шығындар жиынтығы. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық шығындар: шикiзат, мaтериал, электp энергиясы, aмopтизациялық жapна, еңбекақы және тағы басқалар жатады.

Белгілер мен қысқартулар

Дипломдық жобада төмендегідей қысқарған сөздер мен белгілер пайдаланылды:

ЖШС - жayaпкершілігі шектеулі серіктестігі;

ҒЗИ- Ғылыми-зepттеу институты;

ә. з. - әсep етуші зат;

N- aзот;

P- фocфор;

a. ө - aзықтық өлшем;

мг/кг - миллигpaмм /килогpaмм;

м - мeтр;

м 2 - шapшы метр;

мм - милиметp;

см -сaнтиметр;

га - гeктар;

кг - килограмм;

т - тoнна;

КІРІСПЕ

Біздің елімізде өсімдік белогі өткір болып тұр. Мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз ету үшін протеин мөлшерін екі еседей арттыру қажеттілігі туындап отыр.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы туралы тоқталып, оны дамыту бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі екендігін атап өтті: « . . . біздің ауыл шаруашылықты дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз бизнес ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек»[1] .

Қазақстан Республикасының Агробизнес-2020 бағдарламасында елімізде өсірілетін дақылдардың өнімділігі басқа әлемдік өңірлердің өнімділігімен салыстырғанда төмен екендігі айтылып, жүргізілген сараптамалар бойынша қайта өңдеуші орындардың жұмысын толық қамтамасыз ету үшін жоғары сапалы шикізат көзімен және оны жеткілікті түрде өндіру қажеттігі алға қойылды. Сонымен қатар кейбір дақылдар әлемнің әр түкпірінде кеңінен өсіріледі, ал біздің елімізде бұл дақылдар өсіру мүмкіндігі болса да қазіргі уақытта қолданыста болмай жүр. Ол дақылдар бірқатар артышылығы болғандықтан еліміздің ауыл шаруашылығында диверсификацияны дамытуға жол ашары анық. Негізінен Қазақстанның көп өңірлерінде ауыл шаруашылығында әртүрлілік жоқ. 60%-дан 80%-ға дейін жыртынды жерлер астық өндірісінің үлесіне тиеді[2] .

Осы уақытқа дейінгі зерттеулерге назap аудapсақ, бүгінде елімізде 120 млн гектар жер ауыл шаруашылығына пайдалануға берілген. Оның 40 млн гектары егістік алқап болса, қалған 80 млн гектары - жайылымдық жерлер. Мaмандардың айтуы бойынша, осы жекелеген қолдағы жайылымдық жерлердің жай-күйі алаңдатарлық деңгейге жеткен. Өйткені біз жерді пайдаланудың сауатты әдіс-тәсілін меңгере алмай отырмыз. Бүгiнде біздің шapyaларға пайдалануға берген жайылымдық жepлеріміздің 80 пайызы жарамсыз. Бacты себеп: жекелеген шapyaның жерді күтіп-баптауға қауқары жоқ [3] .

Нapықтық жағдайда мал шapyaшылығы саласын дамыту үшін, алдымен кезекте, жемшөп қорын тұрақты жолға қойып және оны нығайтуды негізге ала отырып, мал шаруашылығын интенсивті әдіспен жүргізуге қолайлы жағдай жасау қажет. Осы мақсатта жайылымдық алқаптарды ұтымды пайдалану жолдарын нақтылай отырып, малды неғұрлым өзіндік құны төмен, әрі жоғары сападағы жемшөппен және ақуызбен қамтамасыз етуіміз керек [4] .

Сол себепті де Қазақстан Республикасының Үкіметі азықтық ақуызбен қамтамасыз етудің шешімін табу мақсатында дәнді бұршақ дақылдарын соның ішінде асбұршақ, ноқат, жоңышқа сияқты дақылдардың егіс көлемін артыру туралы міндет қойды. Бұл артықшылықтарды арттыру біріктірілген өндіріс пен маркетингке байланысты болып отыр. Жоңышқа егіншілікте басты мәселені шешуге септігін тигізеді: топырақты қоректік заттармен байытады, азықтық ақуыз мөлшерін арттырады. Бұршақтың негізгі ерекшелігі-түйнек бактерияларының көмегімен күн сәулесі энергиясымен атмосфералық азотты пайдаланып, тұқымы мен өсімдігінде көптеген мөлшерде ақуыз жинақтайды [5] . Солтүстік Қазақстанның басты мәселесінің бірі ауыл шаруашылығында өсімдік ақуызының жетімсіздігі. Зоотехникалық мөлшерлемеде азықтандырылатын малдың азықтық мөлшерінде кем дегенде 110 г ақуыз қажет, ал біздің елімізде ол 85-90 г аса алмайды[6] .

Сондай-ақ, бұл дақылдар кез келген ауыспалы егіс жүйесінде жақсы алғы дақыл болып табылады. Бұршақ дақылдары адам рационында маңыздылығы бойынша дәнді дақылдардан кейін екінші орында. Ақуыздылығы бойынша ет өнімдерінен асып түседі, сондықтан олар етті алмастыра алады. Басқа астық бұршақ дақылдары сияқты, асбұршақ белсенді азотфиксатор және түйнек бактериялары арқылы 40-90 кг/га азот сіңіре алады, ал бұл оны ауыспалы егісте жақсы алғы дақыл етеді, ал тұқымдары азықтанудың экологиялық таза өнімі болып табылады [7] .

Дипломдық жоба мақсаты мен міндеттері.

Жоба мақсаты: Жoңышқа дaқылын Алматы облысы “Байсерке-Агро” ЖШС жағдайында өсipу тexнологиясының қазіргі жағдайына бaға бepy және жетілдipy.

Жобаның негізгі міндеттері:

  • “Байсерке-Агро” ЖШС шаруашылығында қолданылатын технологияға баға бере отырып, талдамалар жасау;
  • Шаруашылық топырағын зерттей отырып, жоңышқа дақылын өсіру технологиясын жетілдіріп, өнімділігін арттыруды жобалау;
  • Жoбаның экoномикалық тиiмділігін анықтay.

1 Әдебиетке шолу

1. 1 Жоңышқаның халық шаруашылығындағы маңызы, селекциясы

Қазақстанда мал азықтық дақылдардың егістік алқабы 3 млн. га-нан астам жерді құрайды. Мал шаруашылығы үшін жоғары ақуызды жем - шөп өндірісін арттыру мәселесінің табысты шешімі көпжылдық шөптерді өсірумен тығыз байланысты. Жем - шөп құрамындағы ақуыз тапшылығы, олардың өнімділігін ғана емес, сондай-ақ алынатын өнімнің сапасын төмендетеді. Мал шаруашылығының дамуы үшін мықты жем - шөп базасын құру қажет. Бұл мәселенің шешімі көпжылдық шөптерді пайдалануда жатыр, яғни негізгі ақуыз көзі ретінде жоңышқа және эспарцет бола алады.

Жоңышқа басқа жем - шөп дақылдарынан жоғары өнімділігімен, әртүрлі қоршаған орта жағдайында өсе алуымен, көп мақсаттарға пайдаланылуымен, атмосфералық азотты пайдаланып топырақ құнарлылығын арттыратындығымен ерекшеленеді. Жоңышқаны өсірудегі басты міндеті - мал азығы ретінде пішен, пішендеме, витаминді шөп ұнын, көк балауса дайындау. Ал мақсаты - жоғары сапалы мал азықтық өнім алу.

Жоңышқа егістігі әлемде кеңінен таралған, жер шарында оның көлемі 30-дан астам млн. га жерді құрайды. Оның ішінде АҚШ-та 10-нан астам млн. га., Аргентинада 7 млн. га. жерді алып жатыр. ТМД елдерінде 8 - 9 млн, га. жетеді, оның ішінде Украинада - 1, 8 га.

Жоңышқа - ең жоғары өнімділікті өсімдік, әсіресе суару жағдайында, ол вегетациялық кезеңінде 3-4 шабындықтан кейін де өзінің құрғақ массасының 100-150 ц/га өнім бере алады. Бұршақ дақылдарының бірегей ерекшелігі - азотфиксация, яғни тамыр жүйесінің симбиотикалық қызметіне байланысты азот бекіту қабілеті. Жоңышқа топырақта 300 кг/га дейін қауіпсіз экологиялық азот жинайды [8] .

Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында суармалы ауыл шаруашылығы тұрғысынан ауыспалы егістікте бұршақ дақылдарының егіс көлемін кем дегенде 35 % -ға дейін кеңейту, жем - шөп базасы мен топырақ құнарлылығын арттыруда басым тапсырма болып табылады. Жоңышқа мен эспарцеттің егіс көлемін арттырудағы басты мәселе, жоғары сапалы тұқым жетіспеушілігі. Жоңышқада бұл төмен тұқым өнімділігімен, тұқым өсіру технологиясын сақтамаумен, тозаңдану және тұқым байлау мәселелері және карантиндік арамшөптермен байланысты. Жоңышқа өнімділігі қазіргі жағдайда 1 ц/га болып отыр, озық тәжірибе мен ғылым жасаған ұсыныстарды толық сақтай отырып оның орташа өнімділігін 2, 5-3 ц/га дейін арттыруға болады. Ғылыми ұсыныстар барысында барлық технологиялық операциялар қарастырылған, яғни топырақ өңдеуден бастап өнімді жинауға дейін. Осы ұсыныстарды сақтай отырып, жоғары сапалы тұқым өндіру, тұқым шаруашылығын дамытып қана қоймай, мал шаруашылығын дамытуда және экологиялық мәселелерді де шешуге өз септігін тигізеді.

Жоңышқаның тұқым шаруашылығын жетілдіру мақсатында, Алматы қаласындағы Қазақ мал шаруашылығы және мал азығын өндіру ғылыми-зерттеу институты тәжірибелік жұмыстармен айналысады. Сонымен қатар, Қаракемер тәжірибе шаруашылығында жоңышқа, қияқ шөптерінің тұқымын қолдан суғару арқылы өсірудің технологиялық тәсілдері жетілдірілу жұмыстары жүргізіледі [9] .

Жоңышқа - көне дақылдырдың бірі. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, адамдар осыдан 2, 5-3 мың жыл бұрын жоңышқаны өсіре бастаған, ал басқа ғалымдар тарапынан тағы бір көзқарас оны адамдар 4-5 мың жыл бұрын игерген деп есептейді. Үшінші ой, жоңышқаны осыдан 6-6, 5 мың жыл бұрын малазықтық дақыл етінде өсіре бастады десе, А. И. Иванов жоңышқа 7-8 мың жыл бұрын өсіріле бастады деп есептейді [10] .

Жоңышқа өзінің әртүрлі экологиялық аймақтарға бейімделгіштігінің және иілгіштігінің арқасында жер шарында кең таралған. Академик П. М. Жуковскийдің айтуынша, жоңышқа мәдени дақыл ретінде Монголиядан Орта Азия мен Алдыңғы Азияға, одан ары Жерорта теңізі аймақтарына таралған. Қазіргі таңда жоңышқаны 80-нен астам елдерде өсіреді. Әлемде оның жер көлемі 35 млн. га асады [11] .

Жоңышқа пішен, пішендеме, дәруменді шөп ұнын, көк балауса дайындауға себіледі. Жоңышқаның 100 кг көк балаусасында 16-18 а. ө., 100 кг жоңышқа пішенінде 50-60 а. ө., 127-175 кг сіңімді протеин, 1 кг 17-29 мг каротин бар, ал қоректілігі жөнінен ол астыққа теңеседі. Жоңышқа өсімдігінде астық тұқымдастарға қарағанда айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары (лизин, цистин, гистидин, валин т. б. ) 1, 5-2 есе көп.

Өсімдікте қоректік заттар әркелкі тараған. Жапырақтарда ақуыз мөлшері 30 %-ға дейін жетеді, сабақтарда - 13 %, гүлдерде - 27 %. Жоңышқаның жапырағында протеин мен минералдық заттар сабағына қарағанда 2, 5 есе көп, ал жасұнық 2-3 аз [12] .

Сондықтан тек қана бұршақ тұқымдас шөптерден жоғары өнім жинап қана қоймай, азықтарды сүрлегенде барлық жапырақтарды толық сақтауға ұмтылу қажет: жапырақ өнімнің 50 %-дан артығына ие болатындықтан, дұрыс кептірмегенде өте көп мөлшерде шығын болады. Қоректік заттардың толық сақталуы пішенді белсенді желдету жолымен дайындау, пішенді талдау, пішендеме, дәруменді шөп ұнын дайындау болып табылады.

Жоңышқа малазықтық қана емес, агротехникалық маңызы да зор өсімдік, ол топыраққа көп тамыр қалдықтарын қалдыра отырып, онда органикалық заттардың жинақталуы мен топырақтың құнарлылығының артуына мүмкіндік жасайды. Жоңышқа - топырақты жақсы тұзсыздандыратын дақыл, оны топырақты су және жел эрозиясынан қорғайтын өсімдік ретінде де қолдануға болады [13] .

Көпжылдық шөптерден селекциялық зерттеулер негізінен бұршақ тұқымдас шөптерге жүргізілетін болған, мысалға жоңышқа. Бұршақ тұқымдас шөптер ғасырлар бойы пайдаланылатын жемшөп өндірісінде аса бағалы мал азықтық өсімдіктер болып табылады. Селекция тәжірибесінде жоңышқаға түраралық және түрішілік будандастыру, сонымен қатар күрделі гибридті сорттарын-популяциялар шығару сияқты әдістер қолданылады. Селекцияда үлкен маңызға ие екі фактор бар, олар бір-бірімен тығыз байланыста: дұрыс таңдап алынған бастапқы материал және қойылған мақсатқа жету үшін сәйкес келетін селекцияның зерттеу әдісі [14] .

Әлемде жоңышқаға жүргізілетін селекциялық зерттеулердің басты мақсаты - азықтық өнімділігін жоғарылату, мал шаруашылығының дамуы үшін мықты жем - шөп базасын құру болып табылады. Сорттардың шаруашылық құндылығы - генотиптердің өзара әрекетімен, белгі қасиеттерімен және экологиялық жағдайларға төзімділігімен, агротехникалық шарттарда өсіру дәрежесімен анықталады. Осы жағдайларды ескере отырып, әрбір елде шартты жағжайдарда өсуге неғұлым бейімделген сорттардың жиынтығы болуы қажет. Жоңышқаның селекциялық бағыттағы зертеу жұмыстары Орта Азия республикаларында, Ресейде, Еуропа елдерінде, АҚШ-та және Канадада жеткілікті деңгейде дамыған. Бұл елдерде жоңышқаның жер ауданы азық түрлерін өндіруде (жасыл және жайылымдық жем, витаминді-шөп ұны, пішендемеге, сүрлемге және т. б. ) шешуші мәнге ие [15] .

Канадада жоңышқаны 2, 2 млн га жерде өсіреді. Бұл елде жоңышқаның гибридті сорт түрі - өзгермелі (орташа) жоңышқа (M. varia Mart. ) кең таралған. Бұл гибридті сорт түрі екі типке бөлінеді: стандарт және флемиш. Бірінші типтегі сорт баяу өсетіндігімен, тыныштық кезеңінің ұзақтығымен, ауруларға төзімділігімен, құрғақшылық пен аязға төзімділігімен сипатталады. Бұл сорттың Bever, Grimm, Ladak, Rambler, Phizoma, Renger, Vernol, Draylender, Narraganset түрлері қатал топырақ-климаттық жағдайдайында құрғақ аймақта өсіріледі. Екінші типтегі сорт Канаданың жұмсақ климаттық аймағында өсіріледі, көктемде және орымнан кейін үдемелі өсуімен, жоғары өнімділігімен сипатталады, бірақ ауруларына, құрғақшылық пен төмен температураға аз төзімді.

АҚШ-та мал шаруашылығы үшін басты азық көзі жоңышқа мен жүгері болып табылады. Жоңышқаның жер көлемі жөнінен АҚШ әлемде бірінші орынға ие, 10 млн. га. Бұл елде жоңышқаның екі түрі кең таларған: M. sativa L. - оңтүстік аймағында таралған, M. varia Mart. - солтүстік және орталық құрғақ аймағында таралған. АҚШ селекционерлері жоңышқа селекциясында синтетикалық гибридтерді шығаруда үлкен жетістіктерге жеткен. 1940 жылы селекционер ғалымдар жұмыстарының нәтижесінде бактериялық вильт ауруына төзімді екі жоңышқа сорты: Renger - солтүстік жазығында, Buffalo - орталық аймақ үшін шығарылған. Американдық зерттеушілер алғашқы болып, тозаңдандыратын жабайы араларды еліктіру мақсатында тозаңы мен шырыны мол гүл қалыптастыратын жоңышқа түрлерін шығарған. Ғалымдардың айтуынша, жоңышқаның синтетикалық сорттарын шығарып, жабайы аралармен тозаңдандыру арқылы, тұқым өнімділігін 20 ц/га дейін арттыруға болады.

Италияда жоңышқаның егіс көлемі 1, 7 га, батыс елдерінің ішінде көлемі жөнінен бірінші орынды алады. Бұл елде жоңышқаның тығыз себілген егісінде өздігінен тозаңдануын пайдалана отырып, синтетикалық сорттарды шығару мақсатында селекциялық-генетикалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Италяндық селекционер ғалымдардың әдісі бойынша, жылыжайларда жоңышқаның қоректік алаңын 4х4 см етіп, 1 м 2 жерде 150 дана өсімдік өсіріледі. Вегетациялық қуаттылығын өсімдік салмағына қарай анықтайды. Бірдей уақытта, селекциялық көшетжайда 1 м 2 жерде өсімдік санын 350 данаға дейін жеткізу арқылы, каротин мен хлорофилл мөлшерін, фотосинтез қарқындылығын бағалау жұмыстары жүргізіледі [16] .

Қазақстанда жоңышқаның жайылымдық сорттары жоқ, селекциялық зерттеу жұмыстары қарқынды деңгейде жүріп жатқан жоқ. Ауыспалы егістікте өсірілетін жоңышқа сорттарының бәсекеге қабілеттілігі нашар, жапырылуға төзімділігі төмен, өнімділігі аз және басқа да кемшіліктері бар. Бұл мәселелерді селекцияның көмегімен ғана шешуге болады. Жоңышқаға жүргізілетін барлық селекциялық жұмыстардың негізгі мақсаты - географиялық және экологиялық жағдайларға мамандандырылған, әртүрлі топырақтарда өсе алатын, өнімділігі жоғары соттар шығару. Ол үшін жоңышқаның тұқым шаруашылығын қолға алу қажет, ал біздің елде тұқым шауашылығы нашар дамыған [17] .

1. 2 Жоңышқаның морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері, сорттары

Морфологиялық ерекшеліктері. Жоңышқа Medicago туыстығына жатады және оның құрамына 50-ден астам түрлер кіреді. Ең көп тарағаны егістік жоңышқа (M. Sativa), сары жоңышқа (M. Falcata) және орташа жоңышқа (M. Media) . Жоңышқаның тұқымы өсе бастағанда топырақ бетіне әуелі тұқым жарнағы жапырақшалары шығады, соңынан ұзын сағақ пен жай жапырақ пайда болады, ал бірнеше күннен кейін сабақша мен нағыз үштік жапырақшалар қалыптасады.

Жоңышқаның дамуында мынадай фенологиялық кезеңдер өтеді: тұқымның өсуі, көктеу, алғашқы жапырақтың пайда болуы, бұтақтану, бүрлену (бітеу гүлдеу), гүлдену, жеміс салу, дәннің (тұқымның) пісуі. Көктегеннен кейін алғашқы 30-35 күн жоңышқа баяу өседі. Одан кейінгі жылдары және шабылғаннан кейін, сонымен қатар көктемгі өсудің басында тамыр мойнындағы бүршіктерден өсімдік жиілігіне карай 10-60 сабаққа дейін өсіп дамиды, олар өз тарапынан бірнеше есе бұтақталады. Әрбір өсімдік сабағындағы түйін аралығы орта есеппен 11-15 шамасында.

Көктемде бүркемесіз себілген жоңышқа алғашқы жылы генеративтік өркендер түзеді, гүлдейді және тұқым өнімін бере алады, алайда Қазақстанның далалы аймақтарында, суарылмайтын жерлерде өте ылғалды кездері ғана тұқым алуға болады. Екінші және одан кейінгі жылдары жоңышқа 2-3 шабыс немесе 2-3 генеративтік өркендер ұрпағын береді [18] .

Жапырақтары күрделі, үштік, орта жапырақшасы ұзынырақ сағақта орналасады. Жапырақшаларының пішіні әр түрлі: эллипс тәрізді немесе керісінше, жұмыртқа тәрізді, жіңішке ланцетті, яки дөңгелектелген, төбесіне қарай ара тісіне ұқсас кертікті келеді. Суармалы жағдайда әр гектарға жапырақ бетінің ауданы 80-110 мың м 2 жетті, суарылмайтын жерлерде 40-60 мың м 2 /га.

Жоңышқаның жапырақтануы (жапырақ үлесі) шабылуына, тіршілік жылына, өсіру жағдайларына қарай 30-дан 70 %-ға дейін өзгереді. Қазақстанда аудандастырылған жоңышқа сорттарында 43-52 %, бүрлену - гүлденудің басында 44-52 %, толық гүлдену - жеміс салу кезеңінде 37-42 %-ға дейін кеміді. Жапырақ үлесінің кемуі жасына қарай да өзгереді және тіршілігінің екінші жылынан төртінші жылына қарай кемиді.

Жоңышқаның гүлшоғыры - бұтақбас, 12-16 гүлден тұрады, сабақ төбесі мен бүйір бұтақтарына орналасқан. Бұтақбас өсімдіктерде төменнен жоғары қарай орналасқан (сурет1) .

SDC10397

Сурет 1. Жоңышқаның жалпы көрінісі

Жоңышқаның гүлдері қосжынысты. Гүл күлтесі 5 күлте жапырақшадан тұрады, оның екеуі (төменгілері) бірігіп өсіп "қайық" құрайды, екі бүйірдегілері "ескек", ал бесіншісі "желкен" жасайды. Жоңышқаның гүл бағанасы түтіктеніп біткен 9 аталық жіптерден және түтік ортасында бос орналасқан жіңішке аналықтан тұрады.

Гүл қауызы ашылғаннан кейін аталықтар аузы жабық қалпында қайық түбінде қалады. Тозаңдану гүл ашылғаннан кейін және қайықтан аталықтар мен аналық жасушалар лақтырылғаннан кейін бунақденелілер арқылы жүреді.

Жемісі - көп тұқымды бұршақ, спираль немесе орақ тәрізді, сары жоңышқада кейде түзу болып келеді. Сары жоңышқаның 1000 тұқымның массасы - 1, 2-2, 6 г, көк және көк будандыда - 1, 95-2, 6 г, сары будандыда - 1, 35 г, сарысында - 1, 2 г. [19] .

Топырақ бетіне таяу 5-7 см, кейде 12 см дейін тереңдікте жоңышқада сабақтың жайылып өскен бөлігі, тамыр мойны пайда болады. Мұнда "ұйқыдағы" бүршіктер орналасқан, олардан жас өркендер өсіп шығады. Шабылғаннан кейін, көктемнен бастап тамыр мойнындағы бүршіктерден және паясынан жаңа өркендер қанат жаяды. Өсімдіктің алғашқы даму кезеңдерінде тамыр мойны топыраққа қарай ұзарады да, сонда жақсы қыстайтындай болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шөп тұқым шаруашылығы жүйесі
Жоңышқаны өсіру агротехникасы
Жоңышқаның тұқым өндірісі
Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігі
Қазақстанда аудандастырылған Жоңышқа сорттары
Топырақ құнарлылығының категориялары және түрлері
Ірі қараны үлкен өндірістік кешендерінде және бордақылау алаңдарында бордақылау
Клеткалық селекцияның түсінігі
Бұршақ тұқымдасының тех
Шалғынның өсімдіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz