Шығарылған капитал


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
C. Сәдуақасов атындағы аграрлы-экономикалық институт
«Экономика және есеп» кафедрасы
Сабыр Айгерім Қайратқызы
(студенттің аты-жөні, тегі)
«ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық бағыт»
(тақырыбы)
Курстық жұмыс
Мамандығы 5В011700 - қазақ тілі мен әдебиеті
(мамандық атауы және шифры)
Көкшетау, 2016
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ БӨЛІМ . . . 3-4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1. 1. Капитал туралы түсінік және оның түрлері
1. 2. Жарғылық капиталды қалыптастыру мен құрылтайшы құжаттарды есепке алудың әдістемесі
1. 3. Жарғылық капитал есебі және оның шоттар корреспонденциясы
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ . . . 12-13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 14
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Кез келген кәсіпорының белгілі бір мөлшердегі капиталы болуы керек, себебі қазіргі нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорын өзі-өзі қаржыландыруға негізделіп жұмыс атқарады. Меншікті капиталдың кез келген кәсіпорын қызметі барысындағы маңызы зор болып табылады.
Мақсаты мен міндеті: Берілген тақырып жарғылық капитал туралы болғандықтан, курстық жұмыста осы тақырыптың мәнін ашып және талдай отырып, капиталдың түрлерін, оның ішінде жарғылық капитал қандай шотта қаралатындығын қарастыру.
1. 1. КАПИТАЛ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІҚазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Мүліктердің ақшалай өлшемге айналғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында көрсетілген мөлшерден кем болмауы тиіс. Бұл капитал сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Меншікті капитал - кәсіпорынның шаруашылық қаражаттарының бірі, субъектінің міндеттемелері шегерілгеннен кейінгі активтері.
Банктің меншікті капиталы экоомикалық қаражат санатының бір түрі болып табылады. Ол мекеменің қалыптасу көзінің және ортаның өзгеруіне байланысты дұрыс қызмет ету үшін маңызға ие бола алады. Кәсіпорынды ашу кезінде құрылтайшылар енгізген меншікті капитал серіктестіктің бастапқы қызметін ұйымдастыру үшін пайдаланылатын алғашқы қаражат немесе қызмет өсуі және кеңеюі кезеңінде қосымша қаражат бола алады. Бұдан басқа да, меншікті капитал мекемелерді қаржылық тұрақсыздықтан және шектен тыс тәуекелдерден сақтайды, оны банкроттықтан қорғанудан қамтамасыз етеді, ағымдағы шығындардың залалын жабады, клиенттердің сенімін арттырады, клиенттердің коммерциялық және тұтыну тауарларына деген қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Түрлері:
- жарғылық;
- резервтік;
- қосымша төленген;
- қосымша төленбеген;
- бөлінбеген табыс (жабылмаған кепіл)
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде шаруашылық серіктестікті қалыптастыру, құқық және міндеттерінің тәртібі көрсетілген. Азаматтық кодекстің 58-бабында шаруашылық серіктестігі жарғылық капитал құрылтайшыларының үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым ретінде сипатталады, ал өзінің қызмет процесінде жасаған, жинаған немесе құрған мүлік жеке меншігіне жатады. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталындағы салым ақшаға ақшалай қаражат, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқық, оның ішінде ақыл-ой меншігі және басқа нәрселер жатуы мүмкін.
Жарғылық капитал («жарғы» деген сөзден шыққан) - белгілі бір ұйымның атқаратын қызметінің тәртібі немесе актив құндарының екінші жағынан көрінуі, яғни жарғылық қорға салынған активтердің номиналдық құны. Ол кәсіпорынның жарғысында айқындалады, негізінен акцияларды сатудан түскен ақша есебінен құралады. Қатысушы осы салымдар шегінде фирманың міндеттемелері бойынша жауап береді. Жарғылық капитал фирма теңгерімінде оқшау есептеледі.
Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектіні құру үшін құрылтайшылық құжаттары болуы керек. Бұл құжаттың ең негізгісі жарғы болып табылады. Құрылтайшылық құжаттар нотариалдық тұрғыда расталып, заң органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жарғыда субъект серіктестік құрылтайшыларының салым ақшаларынан тұратын жарғылық капиталды жариялайды. Салым ақшаны бағалау тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі және тәуелсіз аудиторлық тексеруге жатады.
Резервтік капитал құрылтайшылық құжаттарға сәйкес акционерлік қоғамды өз қалауынша құрады. Оны басқа да ұйымдар да құруы мүмкін. Акционерлік қоғамдағы резервтік капитал залалдарды жабуға, сондай-ақ қоғамның облигацияларын жабуға және басқа қаражат болмаған жағдайда акцияны сатып алуға арналған. Серіктестікте резервтік капиталды пайдалану бағыттары жарғы бойынша анықталады.
Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен құрылады. Жыл сайынғы аудару мөлшерлемесі акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді.
Қосымша төленген капитал - қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал - кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайларынан туындайды.
Бөлінбеген табыс (жабылмаған кепіл) - кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) ) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандығы қалған бөлігі болып табылады.
«Капитал және резервтер» бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған. Капитал - бұл ұйымның активтерінде оның барлық міндетемелерін шегергеннен кейін қалған үлес.
Аталған бөлім мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
- 5000 «Шығарылған капитал»
- 5100 «Эмиссиялық кіріс»
- 5200 «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар»
- 5300 «Резервтер»
- 5400 «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) »
5000 «Шығарылған капитал» кіші бөлімі шығарылған капиталды есепке алуға арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
- 5010 «Жарияланған капитал» мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған қарапайым, артықшылықты акцияларының жиынтық атаулы құны, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар мен жарналар көрініс табады;
- 5020 «Төленбеген капитал» мұнда ұйымдардың жарғылық капиталына эмиссияланған акцияларды төлеу, салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі операциялар, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына эмиссияланған акцияларды төлеу жөніндегі жеке тұлғалар мен ұйымдардың берешегі және салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі құрылтайшылардың берешегі көрсетіледі;
5100 «Эмиссиялық кіріс» кіші бөлімі шоттардың мынадай тобын қамтиды:
- 5110 «Эмиссиялық кіріс» онда шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық кіріс есепке алынады;
5200 «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар» кіші бөлімі сатып алынған меншікті үлес құралдарын есепке алуға арналған және шоттардың мынадай тобын қамтиды:
- 5210 «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар» онда өздерінің меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде ұйым келтірген шығындар ескеріледі.
5300 «Резервтер» кіші бөлімі резервтерді есепке алуға арналған, ол қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарына және ұйымның есепке алу саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетіледі және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
- 5310 «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал» онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;
- 5320 «Қайта бағалауға арналған резерв» онда қаржылық активтерді, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
- 5330 «Шетелдік валютаны қайта есептеуге арналған резерв» онда монетарлық бап бойынша туындайтын бағамдық айырмалар көрсетіледі, ол барлық жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бөлігін құрайды, меншікті капитал ретінде ұйымның қаржылық есептелігінде, таза инвестициялардың шығарылуына дейін, одан кейін олар кіріс немесе шығыс ретінде танылуы тиіс;
- 5340 «Басқа да резервтер» онда алдындағы топтарда көрсетілмеген басқа да резервтер көрсетіледі.
5400 «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) » бөлімшесі бөлінбеген кірісті немесе жабылмаған залады есепке алу үшін арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
- 5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы) » онда есептік жылдың пайдасы немесе залалы көрсетіледі, сондай-ақ есептік жыл үшін түпкі қаржылық нәтижені қалыптастыру жөніндегі ақпарат жинақталады;
- 5420 «Есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайдасы (залалды) түзету» онда есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (залалды) түзету жөніндегі операциялар көрсетіледі;
- 5430 «Өткен жылдардағы пайда (залал) онда өткен жылдардағы пайда (залал) көрсетіледі.
1. 2. ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ҚҰРЫЛТАЙШЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Кәсіпорынның жарғылық қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңалап құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың және капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, құқық та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін.
Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түлерге бөлінеді:
- кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілгі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы;
- өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері) .
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және де басқа құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Құрытайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қайта тiркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлiк құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерiмен қуатталып бағалануы мүмкiн. Осындай бағалау кезеңiнен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құрылтайшылары өздерi қосқан сомаларының шегiнен артық бағаланған салымдарына субъектi кредиторларының алдында бiрлесiп жауап бередi.
Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады. Мүліктік құқы жоқ және де басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.
Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады:
- ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негіз;
- ол барлық құрылтайшылардың (акционерлер, қатысушылар) салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес;
- жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі.
Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерінің кемуі серіктестіктің барлық қатысушыларының салымдарының мөлшерін пропорционалды кеміту арқылы жүргізіледі.
Өндірістік кооператив жарғысы заңды тұлға жарғысының жалпы ережелерінен өзге, кооператив мүшелерінің пайдалары туралы кооператив мүшелерінің кұрамы мен пайлар салу тәртібі туралы және пайлар салу бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін олардың жауапкершілігі туралы; кооператив қызметіне оның мүшелерінің еңбекпен қатысу тәртібі туралы; кооператив пайдаларын болу мен шығындарын (залалдарын) өтеу тәртібі туралы; кооперативті басқару органдарының құрамы мен құзырлары туралы жағдайлардан тұруы тиіс.
Серіктестіктердегі капиталдың бухгалтерлік есебі жеке иеленудегіге өте ұқсас болып келеді. Негізгі айырмашылығы капиталды салу мен алу шоты бойынша әр әріптеске пайда мен зиянды бөлуінде көрінеді. «Әріптестер капиталы» баланстық есеп беру кезінде әр шот бойынша қалдықты көрсету керек.
Әр әріптес серіктестікке материалдық және материалдық емес активтерді құрылтай келісім-шартында көрсетілген тәртіпте сала алады. Салынған активтер серіктестікке активті салған күні әділ нарықтық бағасы бойынша бағалануы керек.
Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.
Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25%-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жарғылық капиталының минималды сомасына кем болмауы керек. Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі керек.
Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған санының шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің шешімімен белгіленеді. Акционерлік қоғам мен шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталының қалыптасуында ерекшеліктер бар. Толық серіктестіктің жарғылық капиталы оның құрылтайшысын анықтайды, алайда заң актісімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек, яғни жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.
Коммандиттік (сенімге негізделген) серіктестік - жарғылық капиталдың мөлшері заң актілерімен белгіленген елу еселенген айлық есептік көрсеткіштерден кем болмауы керек. Салымшылардың үлестерінің жалпы мөлшері жарғылық капиталдың 50% құрауы мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - жарғылық капиталдың мөлшерін жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Жарғылық капиталға құрылтайшылардың үлестері натуралдық және мүліктік құқық түрінде ақшалай нысанда барлық құрылтайшылардың қатысуымен немесе серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептік көрсеткішке тең сомадан асса, оны бағалауды тәуелсіз эксперт куәландыруы керек. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің тіркелуіне дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25 пайызын салулары керек, бірақ жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінен кем емес. Жалпы жиналыстың шешімінің бекітілген уақытында барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарын толық салулары керек. Бұл мерзім серіктестіктің тіркелген уақытынан кейін бір жылдан аспауы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы мына жағдайларда тексеріледі:
- кез келген қатысушының талабы бойынша тәуелсіз экспертпен;
- экспертиза қызығушылық танытқан қатысушымен төленеді;
- сот шешімі бойынша.
Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған және жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды деңгейден төмен болмауы керек.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналстырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабыданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабаланған соң, жарияланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағынан толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.
Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.
Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқықтарын қанағаттандырады:
- дивидендтер алуын;
- қоғамды басқаруына қатысуын;
- қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын.
Белгілі бір ұйымның меншікті капиталы жарғылық капиталдан, сақтық капиталдан және басқа да арнайы құрылған қорлардан құралады.
Ұйымның жарғылық капиталы құрылтайшының міндетті салымын тарту арқылы 25 (екі жүз елу миллион) теңге мөлшерінде құрылған.
Серіктестіктің құрылтайшысы жарғылық капиталға салатын салымды тек қана ақшалай берді. Бұл жағдайда жарғылық капиталға жарналарды: заңды тұлғалар - меншікті қаражаты есебінен енгізеді.
Серіктестіктің жарғылық капиталына төлем Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүргізіледі. Шағын несиелік ұйымның мемлекеттік тіркеуден өту сәтінде құрылтайшы құжаттарда жарияланған серіктестіктің жарғылық капиталына толық көлемде төлем жүргізіп отыруы тиіс.
Серіктестіктің құрылтайшысының құрылтайшылық шартымен белгіленген мерзімде өз үлесін енгізбеген құрылтайшы серіктестіктің келтірген шығынының орнын жабуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353-бабына сәйкес тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
Жарияланған жарғылық капиталды 25 (екі жүз елу миллион) теңгеден төмен азайтуға жол берілмейді.
Қоғамдық қызметті жүзеге асырумен байланысты шығынның орнын толтыру мақсатында серіктестік сақтық капитал құрады, яғни резервтік капитал. Резервтік капитал жыл сайын таза табыстың сомасынан аударым жасау арқылы құрылады. Серіктестіктің басқа да арнайы қорлар құруға құқылы. Арнайы қорларды құру мен пайдалану тәртібі туралы ереже құрылтайшылардың жалпы жиналысымен белгіленеді, бекітіледі. Серіктестіктің резервтік қоры табыс салығын төлеген соң қалатын табыстан қалыптасады. Резервтік капиталға таза табыстан аударым жалпы жиналысымен анықталатын мөлшерде есептіліктен кейінгі бірінші тоқсан ішінде бір жылғы қаржы қызметінің қорытындысы бойынша жүргізіледі. Резервтік капитал мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап екі жыл ішінде жарияланан жарғылық капиталдың кемінде бес пайызы мөлшерінде қалыптасады. Серіктестіктің резервтік капиталы кейіннен таза табыс есебінен орнын толтырумен серіктестіктің шығынын жабу мақсатында пайдаланылады.
Жарғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану шаруашылық жүргізуші субъектінің іс-қызметінің өрісі мен жағдайына, ұйымдастыру-құқықтық түріне байланысты. Жарғылық капиталды тексергенде аудитор бірінші кезекте келесі жағдайларды қарастырады:
- жарғылық капиталға көлемнің құқықтық-нормативтік акті талаптарына сай болуын;
- жарғылық капитал мөлшерін өзгеру ықтималдығын;
- бухгалтерлік есепте жарғылық капиталының шамасына ықпал ететін операцияларды көрсетудің және қолданған корресподенцияларының дұрыстығы, көбінесе олардың ішінде төмендегідей өткізбелерге ерекше көңіл бөлінеді.
- Дт «Төленбеген каптал» шотына және Кт «Салымдар мен пайлар» шотына қатысушылардың салымдары сомасына;
- жарғы капиталы мөлшері ұлғайғанда Кт « Салымдар мен пайлар» шотына, «Негізгі құралдар», «Материалдар», «Тауарлар», «Карт-шоттардағы ақша қаражаттары», «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары» және «Кассадағы ақша қаржаттары» бөлімшелерінің шоттарына жазу түседі.
Жарғылық капиталды тексеру бағдарламасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz