Қылмысқа қатысудың объективті белгілері


ЖОСПАР:
КІРІСПЕ . . . 3-4
1-БӨЛІМ. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы мен белгілері
1. 1. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы . . . 5-7
1. 2. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың объективтiк және субъективтiк белгілері . . . 8-19
2-БӨЛІМ. Қылмыстық құқық бұзушылықтағы сыбайлас қатысушылардың жауаптылығы және түрлері
2. 1. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi . . . 20-24
2. 2. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың жауаптылығы . . . 25-28
2. 3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың жанасуы . . . 29-30
3-БӨЛІМ. Қылмысқа қатысу нысандарын топтастыру және бір-бірінен ажырату мәселелері
3. 1. Қылмысқа қатысу нысандарын топтастыру негіздері және оның түрлерін құқықтық талдау . . . 31-51
3. 2. Қылмысқа қатысу нысандарын ажырату мәселелері . . . 52-55
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56-58
Пайдаланған әдебиеттер . . . 59-60
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғасырлар тоғысында тәуелсіздік туын берік қадап, өз алдына егемен ел атанған Қазақстан мемлекетінің даму бағытын басқаша саралап, жаңаша жолға түскеніне де жиырма сегіз жылдан асты. Еліміздің мызғымас ірге тасы қаланып, Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып енді, тәуелсіз мемлекет ретінде 120-дан астам елдер мойындады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жиырма сегіз жылдығына арналған салтанатты жиналысында сөйлеген сөзінде «біз осы жылдар ішінде сөз жоқ талай ондаған жылдарға татырлық жылдан өттік, біз Конституция қабылдадық, онда билік құрудың жаңа қағидаттарын бекітіп, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға алдық. Біздің басты жетістіктеріміз - 1995ж. бүкіл халқымыз қабылдаған осы Конституцияның жемісі» - деді.
Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілгендей қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен ажырамастығын тану негізге алынуы тиіс.
Бұл тұжырымдамада көзделген шараларды орындау Қазақстанда демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет құруға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған түбегейлі бағдарламасында әлеуметтік-экономикалық реформаларды және қоғамдық демократияландыруды одан әрі тереңдете түсу, құқықтық салалы реформаларды, қалыптасқан құқықты қолдану іс-тәжірибесінің өзгеруіне, жаңа құқықтық институттардың құрылуына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастардың заңнамалық реттелуін қалайды.
Қазақстан Республикасында қылмысқа қатысудың ұғымы Қазақстан Республикасының 1977 жылы қабылданған Қылмыстық Кодексінің 27-бабында «Екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады» - делінген.
Қылмысқа қатысудың түрлері қылмыс істеуге қатысқан жекелеген қатысушылардың қылмыс істеуге қатысуының дәрежесі мен сипатына байланысты қоса орындаушылық және тар мағынадағы қылмысқа қатысушы болып екі түрге бөлінеді.
Бірнеше адамның қылмысты бірге топ болып істеуін қоса орындаушылық деп атаймыз. Қылмысқа қатысудың бұл түрі бойынша қылмыс істеуге қатысқандардың барлығы да сол істеген қылмыстың объективтік жағының белгілерін басынан аяғына дейін немесе жекелеген қатысушылардың қылмыстың объективтік жағының бір бөлігін орындауға ғана қатысуын айтамыз. Мұндай ретте қылмыстың зардабы қылмысты қоса орындаушылардың ортақ әрекетінің жиынтығының нәтижесі болуда.
Тар мағынадағы қатысушылықта орындаушы қылмыс істеуге ұйымдастырушының: айдап салушының немесе көмектесушінің қатысуын білмеуі де мүмкін. Ал қоса орындаушылықта қылмысқа қатысушылардың барлығының бір-бірінің өзара әрекеті жөнінде хабардар болуы және қатысушылардың қылмысты бірге тікелей істейтінін білуі қажет.
Қазақстан аумағында қылмысқа қатысушылықпен 2003ж. - 22 356; 2004ж. - 21 993; 2005ж. - 19 342; 2006ж. - 19 491; 2007ж. - 14 360; 2008ж. - 16 573; 2009ж. - 15 310 қылмыс тіркелген. Осы сандардан қылмысқа қатысу арқылы жасалған қылмыстардың жалпы қылмыстылықтың үлес салмағын салыстырып қарасақ, онда 2003 жылы тіркелген қылмыстарда қатысушылықпен жасалған қылмыстар - 13, 6%; 2004ж. - 13, 8%; 2005ж. - 13, 8%; 2006ж. - 13, 3%; 2007ж. - 9, 6%; 2008ж. - 10, 2%; 2009ж. - 9, 2% болып отыр. Көрсетілген мәліметтерге қарағанда, қылмыс жасау төмендеп келе жатқандай көрінеді, алайда бұл - қылмысқа қатысушылықпен жасалған қылмыстылық пен қылмысқа қатысушылар жауаптылығының мән-мағынасына әлі де толық көңіл бөлінбей отырғандығының куәсі деп атап өтуге болады.
Зерттеу деңгейі. Қазақ ССР-і және Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдары негізінде қылмыстық құқықтық мәселелердің шешілуіне өз үлесін қосқан ғалымдар З. О. Ашитов, Н. М. Абдиров, А. Н. Ағыбаев, Қ. Ә. Бәкішев, Б. М. Жүнісов, Г. М. Мұқашев, И. И. Рогов, А. А. Смағұлов және т. б. ғалымдардың еңбектерін айтуға болады.
Қазақ ССР-інің Қылмыстық кодексіне байланысты қылмысқа қатысудың қылмыстық-құқықтық мәселелеріне арналған Л. М. Вайсберг, У. С. Жәкебаев, Р. Н. Судакованың ғылыми еңбектері бар.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыста қылмысқа қатысуға, және оның нысандары мен түрлерінің тарихына шолу жасау арқылы қылмысқа қатысуға терең және жан-жақты зерттеу мақсаты көзделіп отыр. Осы мақсатқа төмендегі міндеттерді шешу жолымен жетуге болады:
- Қылмысқа қатысу нысандары мен түрелерінің жауаптылығын көздейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың түрлері тарихи кезеңдердегі мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау;
- Қылмысқа қатысу нысандарының жіктелу өлшемдерін белгілеп, оларға қылмыстық-құқықтық сипаттама беру;
- Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы мен жазасын жеке даралау мәселелерін айқындау;
- Қылмысқа қатысу нысандарының ерекшеліктерін анықтау.
1-БӨЛІМ. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы мен белгілері
1. 1. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы
Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны ретінде қарастырылады, өйткені жеке дара қылмыс жасауға қарағанда қылмысты осы нысанды істеудің қауіптілік дәрежесі және келтіретін залалы да зор. Бірнеше адамның күш біріктіріп бір немесе бірнеше қылмысты істеуі олардың - қатысушылардың - өзара бірін-бірі қолдауы, қылмыс істеуді жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен бірге қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға үлкен қауіп келтіреді немесе соны келтіру қаупін туғызады. Қылмыс істеуді осылай жүзеге асыру қылмысты іс-әрекетпен өзін жоюға, қайсыбір жағдайларда бір адамның қолынан келмейтін қылмысты істеуді дайындауға немесе жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Көптеген ауыр қылмыстарды, атап айтқанда, бөтен біреудің мүлкін өте көп мөлшерде талан-таражға салу, валюталық операциялар жөніндегі ережелерді бұзу, парақорлық, әйел зорлау, кісі өлтіру сияқты қылмыстар бірлесіп істеу арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында қылмысқа қатысудың ұғымы Қазақстан Республикасының 1997 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің 27-бабында «Екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады» - делінген.
Қылмыс істеудің ерекше нысаны болып табылатын қылмысқа қатысудың өзіндік объективтік және субъективтік белгілері бар. Қылмысқа қатысудың объективтік жағының бір белгісі бір қылмысқа екі немесе одан да көп адамдардың қатысуы болып табылады. Бұл жерде қатысушылардың бәрінің есі дұрыс, қылмыстық заң бойынша жауап беретін жасқа толған болуы қажет. Есі дұрыс емес адамды немесе қылмыстық жауап беру жасына толмаған жасөспірімдерді қылмыс істеуге пайдалану қылмыс жасаудың құралдары болып саналады. Сол себептен ол қылмысқа қатысу болып саналмайды. Ондай адамдарды қылмыс істеуге пайдаланғандардың өздері қылмысты тікелей орындаушы ретінде жауап береді. Ал кәмілетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту кодекстегі 131-бап бойынша жеке қылмыс құрамы болып есептеледі. Қылмыс істеуге қатысуда екі немесе одан да көп адам қылмысты бірлесіп істейді. Объективтік жағынан алғанда қылмыс істеуге бірлесіп қатысу деп, оны істеуге бірге қатысқан әрбір қатысушылардың әрекеті белгілі бір қылмысты іс-әрекетті істеуге және соның орындалуын жүзеге асыруға бағытталуы қажет. Өзінің мәні жөнінен жекелеген адамдардың қылмысқа қатысуы әртүрлі болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің ерекше бөліміндегі тиісті баптардың көрсетілген қылмыстарды тікелей орындаушымен бірге, қатысушылар санына қылмыс істеуге біреуді көндірген (айдап салушы), қылмыс істеуді ұйымдастырған немесе оған басшылық етуші (ұйымдастырушы) немесе қылмыс жасауға жағдай туғызған (көмектесуші) адамдар да кіруі мүмкін. Қылмысты ұйымдастырушылардың айдап салушылардың; көмектесушілердің әр түрдегі және әртүрлі дәрежедегі қылмыстың істелуіне мүмкіндік туғызумен бірге уақыты жағынан істелген қылмысты орындаушының әрекетінің алдын алуы немесе сонымен тұспа-тұс келуі және олардың барлығының осы қылмысты әрекетті істеуімен себепті байланысты болуы шарт.
Әрбір қатысушының әрекеттерінің өзара себепті байланысы мен шарттарының болуы істелген қылмыстық қатысушыларының бірлескен қылмысты іс-әрекеттерінің салдары екендігін дәлелдейді; барлық қатысушылардың бірдей жағдайда жауаптылыққа тартылуының алғы шарты екендігін көрсетеді.
Қылмысқа қатысуда іс-әрекет пен қылмыстың зардабының өзара байланысының жеке адамның істеген қылмысына қарағанда өз ерекшелігі бар. Қылмысқа қатысуда қылмыстың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге орындаушылардың іс-әрекеттері ғана байланысты болады. Айдап салушы, көмектесуші, кейде ұйымдастырушы тікелей зиян келтірмейді. Олар тек қана қылмыстың зардабының тууына себепші болады. Мұндай себепші болу қылмысты тікелей орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қоздыру арқылы жүзеге асырылады. Субъективтік жағынан алғанда қылмысқа қатысу барлық қатысушылардың қылмысты қасақана істегенін білдіреді.
Бұл жерде екі немесе одан да көп адамдардың қасақана қылмыс жасауға қасақана қатысуы ұйымдастырудың, азғырушының, көмектесушінің, орындаушының істейтін қылмысының мәнісінен хабардар болатындығы және олардың өз іс-әрекеттерімен орындаушыға қылмыс істеуге мүмкіндік туғызатыны немесе оған түрткі болатыны туралы сөз болып отыр.
Қылмысқа қатысу тек қасақана істелген қылмыстарда ғана болады. Абайсыздықпен істелген қылмыстарда қылмысқа қатысушылық болмайды.
Л., Н. деген азаматтар төбелеске бірге қатысып, қарсыластарының біріне екеуі де пышақ салған. Нәтижесінде бір адам ауыр жарақаттанған. Бұлардың әрекетін халық соты нақтыланбаған. Тікелей қасақаналықпен істелген қылмысты әрекет деп бағалап, олардың Қылмыстық кодекстің 103-бабы 3-бөлігі бойынша сараланған. Себебі олар пышақ жұмсаудан кез-келген ауыр зардаптың немесе кісі өлімінің болуы мүмкіндігіне саналы түрде жол берген.
Қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының ниетінің мазмұнына орындаушының істейтін қылмысының қоғамға зияндылығының мәнісін сезу, сондай-ақ сол адамның қылмысты жалғыз өзінен емес, басқалардың әрекетімен бірге жасайтын мән-жайларды сезінуі шарт.
Қылмысты ұйымдастырушы, қылмысқа көмектесуші немесе айдап салушы қылмысты орындаушының істейтін қылмысының мәнін, ниетін, және өздерінің орындаушының қылмысты істеуіне жағдай туғызатынын сезінуі қажет.
Ал қылмысты орындаушы болса ол қылмысқа басқа қатысушылардың өзіне қылмысқа дайындалғанына немесе жасауына жәрдем жасағанын әр уақытта да хабардар болады. Оның үстіне, қылмысты орындаушылардың арасында бірлесіп қылмыс жасауға деген өзара келісім болады, мұның өзі барлық қылмысқа қатысушылардың өз әрекеттерінің келіспеушілікпен жүзеге асырылатындығын және мұның қылмысты іс-әрекеттің тиімді түрде жүзеге асырылатындығын көрсетеді.
1. 2. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың объективтiк және субъективтiк белгілері
Қылмысқа қатысудың объективті белгілері. Қылмыстық әрекеттің ерекше нысанын құрай отырып, қылмысқа қатысушылық бірқатар объективтік және субъективтік белгілермен сипатталады, кейде оларды сандық және сапалық белгілері деп те атайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 27-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылатынын негізге ала отырып, қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілері ретінде жасалған қылмысқа кем дегенде екі адамның қатысуы, іс-әрекеттердің бірлескен түрде орындауы немесе бұл іс-әрекеттерді бір-бірімен себепті байланыста болып танылатынын атап өткен жөн. Қылмысқа қатысушылықтың негізгі белгілерінің бірі - екі немесе одан көп адамдардың әрекет етуі болып табылады. Қылмысты заң қылмысқа қатысуды анықтай отырып, онда кем дегенде екі адамның қатысуы қажет екенін көрсетеді. Есі дұрыс және қылмыстық жауаптылық жасына жету секілді қылмыс субъектісіне қойылатын талаптар, қылмыстық құқық ғылымында даусыз болып есептеледі. Қылмыс субъектісінің барлық белгілері бар және оны жасау мақсатында кәмелетке толмағанды немесе есі дұрыс емес адамды пайдаланған тұлғаның әрекетінде, қылмысқа қатысудың не объективтік не субъективтік белгілері орын алмайды, мұндай жағдайларда нақты орындаушы - есі дұрыс емес немесе заңда көзделген қылмыстық жауаптылық жасына жетпеген тұлға, жай қылмысты жасау құралы, әдісі болып табылады [29, 35б. ] . Демек, жасалған қылмыстық әрекеттерді қылмысқа қатысушылыққа жатқызу үшін кем дегенде екі адамның арасында бірлесіп қылмыс жасауы - маңызды шарт болып отыр. Ал үшінші, төртінші адамдар кәмелетке толмағандар, абайсыздықта қылмыс жасаушылар болғанымен, әдеткі екі адамның әрекеті қылмысқа қатысушылыққа дәл келуі керек. Яғни, кем дегенде екі адам қылмыстық жауаптылық жасына жеткен, есі дұрыс және абайсыздықта емес, қасақаналықпен бірлесіп қылмыс жасауы жағдайында ғана қылмысқа қатысудың жоғарыда аталған объективтік белгісі орын алады.
Қылмысқа қатысушылардың арасында «бірлесу» белгісінің болуын зерттеу әдебиеттерінде әр көлемде қарастырылады. Бірлесіп қатысу белгісінің сипатын анықтағанда, кінәлілердің қоғамға қауіпті іс-әркеті өзара байланыста жасауын және қылмыстың зардабына да әрбір қатысушының байланысы болуын анықтауымыз керек. Қылмысқа қатысушылықтағы «бірлесу» белгісі қылмыс жасаудың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін түгел орын алады және бұл белгі мынадай элементтерден құралады:
а) әрбір қылмысқа қатысушылардың әрекеті басқа қатысушылардың нақты жағдайларда әрекеттер жасауының қажетті шарты болып табылады. Яғни, бірінің белгілі бір әрекеттерді жасауы, басқаларының да алдыңғы әрекетке байланысты нақты бір әрекетті іске асыруына себеп болады;
ә) қылмыстың салдары немесе қылмыс уақиғасы әр қатысушының әрекеттеріне себепті байланыста болады;
б) қылмыстың нәтижесі барлығына ортақ болады.
Қылмысқа қатысушылардың бірінің нақты бір қылмысты әрекеттерді орындауына байланысты (айдап салушылық, көмектесушілік әрекеттер), екінші адамның сол әрекетке сәйкес келесі әрекеттерді орындауы, бұл барлық қылмысқа қатысушылық нысандарына дәл келмейді. Мұндай кезекті түрдегі әрекеттерді орындау, қылмысқа қатысушылардың арасында рөл бөліп қатысу тәрізді нысанда орындалады. Ал қылмысты топ адам болып жасағанда, қатысушылар әрекеттерінің бірлескен түрде орындалуы белгісі, олардың бір тектес қылмыстық әрекеттерді жасау арқылы қылмыстың салдарына күш біріктірудің нәтижесінде жетуін білдіреді. Мысалы, бір топ адам болып бөтен адамның өміріне немесе денсаулығына зардап келтіру. Мұндай жағдайларда «бірлесу» белгісі топ мүшелерінің ортақ ниетпен біртектес әрекеттерді жасауымен көрінеді. [30, 22б. ] .
Екі немесе одан көп адамдардың қоғамға қауіпті әрекеттерін қылмысқа қатысушылыққа жатқызатын белгі - «себептілік» белгісі боп табылады.
Себепті байланыс - бұл құбылыстардың өзара байланысы. Мұнда бір қылмыс екінші бір қылмыстың пайда болуына себеп болады. Ал себеп - бұл құбылыстардың, заттардың, процестердің өзара тәуелділігінің, байланыстылығының және жалпы объективтік байланыстың бір нысанын білдіретін философиялық категория. Себеп деп салдар ретінде қарастырылатын екінші құбылысты тудыратын құбылысты түсіну қажет. Белгілі бір қоғамға жасалған қауіпті іс-әрекетті қылмыс зардабының себебі деп тану үшін біріншіден ол іс-әрекетті ерікті, саналы, негізді және мақсатқа лайықты жасалу қажет. Егер адамның еркі не таңдауы тойтарылмайтын табиғи күшпен, күштеп зорлаумен не өз әрекетін басқаруға мүмкіндік бермейтін өзге де сыртқы күштермен тоқтатылса ол әрекеттің қылмыстық құқықтық мағынасына жатқызылады. Сонымен бірге екіншіден, қауіпті іс-әрекетті істеген адам қажетті қылмыстық-құқықтық қасиеттерді иеленуі тиіс: есі дұрыстық және жауаптылық жасына толуы. Үшіншіден, адамның іс-әрекеті кемінде қоғамға қарсы, яғни белгілі бір зиянды зардаптарды тудыру мүмкіндігін иемденетін әрекет болуы тиіс. Егер әрекет қоғамға пайдалы не бейтарап болса, онда себепті байланыс жөнінде мәселе тумайды. Төртіншіден, адамның қоғамға қауіпті әрекеті қылмыстық зардабының себебі болып танылу үшін ол әрекет зиян келтірудің қажетті жағдайы болып табылуы қажет. Себепке қарағанда жағдай - бұл екінші құбылысты тікелей тудырмайтын, бірақ себепке ықпал ете отырып оның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін құбылыс. Жағдайлар себептің тууына және оның әрекет етуіне ықпал етеді. Бесіншіден, мезгілі, уақыты жағынан қылмыстың объективтік жағын құрайтын іс-әрекет қоғамға қауіпті зардаптың алдын алуы қажет. Яғни, қоғамға қауіпті зардап қоғамға қарсы іс-әрекет жасалғаннан кейін, осы іс-әрекеттің нәтижесінде туындауы тиіс. Алтыншыдан, белгілі бір қылмыста себепті байланыс бар деп тану үшін іс-әрекет пен зардап арасындағы объективті байланыспен қатар субъективті байланыс - кінәліні анықтау қажет. Себебі, кездейсоқ зиян келтіру кезінде қылмыстық жауаптылық себепті байланыстың болмауынан немесе кінәнің болмауынан туындамайды.
Сонымен, егер қылмыстың салдарымен немесе қылмыстың болу уақиғасы, адамның әрекеттерімен себепті байланыста болмаса, онда себепті байланыста әрекет жасамаған адамға қылмыстық жауаптылық туындамайды немесе абайсыздықта қылмыс жасаған болып саналуы мүмкін. Себебі бұл әрекеттердің арасындағы немесе қылмыстың зардабына деген себепті байланыстар қасақана әрекеттерден туындаған болуы керек. Яғни қасақана түрде көмектесушілік әрекеттерді орындау, қасақана түрде қылмыстың жасалуына жол ашады [30, 170б. ] . Қылмысқа қатысушылықтағы себепті байланысты жасалған қылмыс мазмұнын екі жерде ескеру керек. Біріншісі, қылмысқа қатысушылардың арасындағы байланыс, ал екіншісі, қылмысқа қатысқан әрбір адамның әрекетінен туындаған зардаппен байланысты. Бірінші келтіріп отырған байланыс туралы жоғарыда айтылды, ал әрбір қылмысты әрекеттің зардаппен себепті байланыста болуын, қатысушылардың әрекеттерінің мазмұны мен сипатынан көруге болады. Бұл көрініс, әрбір қылмысқа қатысушының қоғамға қауіпті әрекетінің бағытымен анықталады. Қылмысқа қатысушылар бір мүддеге бағытталған әрекеттерді орындауы арқылы күш біріктірген болып есептеліп, қылмыстың зардабын туындатады. Демек қылмысты ұйымдастырған, қылмысқа азғырған, көмектескен және орындаған адамдардың әрекеттерінің барлығы да қылмысқа қатысушылық болуы үшін, туындаған зардаппен себепті байланыста болуы керек. Бұл себепті байланыс мысалы, айдап салушының біреуді қылмыс жасауға азғыруымен көмектесушінің қылмыстың орындауы үшін кеңес, құрал-сайман, қылмыстың ізін жасыру әрекеттерін мойнына алумен, орындаушының қылмыстық объективтік белгілерін орындауымен анықталады. Осы әрекеттердің орындалуы арқылы ғана қылымыс толық жасалды немесе бөтен жақтың мүддесінен зардап келтіреді. Қылмысқа қатысушылықта туындаған зардап бірлесіп әрекет еткен адамдардың жиынтығы ретінде алынады. Кездейсоқ себептен туындаған әрекеттер немесе зардаптар қылмысқа қатысушылықты құрамайды. Зардаптың туындауына себепті байланыс кездейсоқ болғанда, кінә түрі қасақана болмайды. Кездейсоқ себептерден туындаған әрекеттерден зардап болғанда, ол абайсыздықта келтіріледі немесе кездейсоқ әрекетті жасағанда адамда кінәнің белгілері болмауы да мүмкін. [32, 12б. ] . Мысалы, көшеде кетіп бара жатқан екі адам жол жиегінде мастықтан құлап жатқан адамды тұрғызып, үстін қағып кетіп қалады. Мас адам тәлтіректеп барып машинаға қағылады, мас адамға көмектескен адамдардың әрекеттері мен туындаған зардаптың арасында байланыс бар, бірақ бұл байланыс кездейсоқ байланыс болып табылады.
Сонымен, қылмысқа қатысу объективті жағынан келесідей белгілермен сипатталады:
- Субъективтердің көптігі, яғни қылмысқа қатысатын және қылмыс субъектісінің барлық белгілерін қамтитын кем дегенде екі адамның болуы;
- Осы тұлғалардың іс-әрекеттерді бірлескен түрде орындауы, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекетті немесе әрекетсіздікті бірігіп жасауы, барлық қатысушылар үшін бір ортақ қылмыстық нәтиженің орнауы және қылмыстың жасалуы мен қатысушылар әрекетінің арасында қажетті себепті байланыстың болуы.
... жалғасыҚылмысқа қатысудың субъективтік белгілері . Қылмысқа қатысушылықтың субъективтік белгілері ретінде қатысушыларда қасақаналықтың, қылмыс жасауға деген ой бірлестігінің болуы және алдын ала келісімнен құралады.
Қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілері тәрізді бұл белгілер де қылмысты бірлесіп жасаудың бастапқы сатыларынан бастап қылмыс салдары туындағанға дейін орын алады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz