Бетон араласпасын жайғастыру


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті
Жалпы техникалық пәндер кафедрасы
Жунусова Гульзада Сериковна
«Өскемен қаласында қуаттылығы 15 000 м 3 /жыл. композитті арматураны қолданып ғимараттың іргетасына арналған бұйым өндіретін цех»
Дипломдық жобаға
ТҮСІНІКТЕМЕЛІК ЖАЗБА
5В07300 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
Орал 2020
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті
Жалпы техникалық пәндер кафедрасы
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ Кафедра меңгерушісі
а/ш. ғ. к.
С. М. Исмуханов
«» 2020 ж.
Дипломдық жобаға
ТҮСІНІКТЕМЕЛІК ЖАЗБА
«Өскемен қаласында қуаттылығы 15 000 м 3 /жыл. композитті арматураны қолданып ғимараттың іргетасына арналған бұйым өндіретін цех»
5В073000-Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
Орындаған: Шынболатов М. Ж.
Пікір беруші Жетекші
т. ғ. к., аға оқытушы
С. С. Уразова «» 2020ж. «___» 2020 ж.
Орал 2020
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті
Жалпы техникалық пәндер кафедрасы
5В07300- Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырылымдарын өндіру
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
а/ш. ғ. к.
С. М. Исмуханов
«» 2020 ж.
Дипломдық жоба орындауға
Тапсырма
Білім алушы Жунусова Гульзада Сериковна
Тақырыбы: «Өскемен қаласында қуаттылығы 15 000 м 3 /жыл. композитті арматураны қолданып ғимараттың іргетасына арналған бұйым өндіретін цех»
Университет ректорының «» . 2019 ж. № бұйрығымен бекітілген
Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі « » 2020 ж.
Дипломдық жобаның бастапқы берілістері Құрылыс алаңы Өскемен қаласы, технологиялық тізбек өнімділігі 15000 м 3 /жыл, . Ғимараттардың іргетас бұйымдарын өндіру, дәстүрлі болат арматурасын композитті арматурамен алмастыру.
Дипломдық жобада қарастырылатын мәселелер тізімі
а) Технологиялық бөлім
ә) Жылу техникалық бөлім
б) Сәулет-құрылыстық бөлім
в) Технологиялық процестердің автоматикасы және автоматтандыру жүйесі
г) Экономикалық бөлім
ғ) Қауіпсіздік және еңбек қорғау
Сызбалық материалдар тізімі Бас жоспар сызбасы, цехтың қима көрінісі, технологиялық картасы, технологиялық тізбегі, автоматика сызбасы, техника-экономикалық көрсеткіштер сызбасы.
Ұсынылған негізгі әдебиет
Дипломдық жобаны дайындау
Кестесі
Жетекші
Тапсырманы орындауға алған білім алушы Г. С. Жунусова
Күні «___» 2019 ж.
АҢДАТПА
Дайындалған дипломдық жобада темірбетон өндіретін шағын зауыттың жобасы көрсетілген. Зауыт композитті арматураны пайдаланып ғимараттардың іргетасына арналған бұйымдар өндіреді. Дипломдық жобада бетонның оңтайлы құрамы таңдалған, шығарылатын өнімдердің технологиялық сызбасы, қалыптау цехының жоспарлары, бұйымдардың технологиялық картасы және негізі технико - экономикалық көрсеткіштері көрсетілген. Бұйымдарға қолданылатын шикізаттық материалдардың құрамы, қолданылатын қондырғы - құралдар, технологиялық есеп - қисаптар және бұйымдарға қойылатын талаптар сипатталған.
Композитті арматура - шыны, базальт, көміртегі талшықтары негізіндегі термопластикалық және термореактивтік полимерлі байланыстырғыш сіңірілген металл емес өзектер.
Композитті арматураның артықшылықтары:
- Үзілу беріктігі бойынша АIII класты болат арматурасынан 3 есе берік.
- Жеңіл. Композитті арматура металға қарағанда ондаған есе жеңіл. Бұл темірбетон өндірісі жұмыстарында еңбек шығынын ауқымды түрде азайтады.
- Коррозияға төзімді. Композитті арматура агрессивті орталарда коррозиялық әсерге ұшырамайды.
- Диэлектрик. Арматура диамагнитті және диэлектрлік қасиетке ие, сондықтан композитті арматура аурухана, аэропорт, радиолокациондық станция секілді ғимараттарға қолдануға болады.
- Экономикалық үнемдірек. Экономикалық эффект диаметрі кіші композитті арматураларды қолдану арқылы жүзеге асады.
АННОТАЦИЯ
В данной дипломной проекте указан проект малого завода, который производит железобетон. Завод, пользуясь композитной арматурой, производит материалы для фундаментов здании. В дипломной проекте подобран подходящий состав бетона, а так же технологические чертежи выробатоваемых материалов, проект цеха по формировке, технологическая карта материала и главные технико-экономические показатели указаны в данной работе. Охарактеризован состав сырья, который используется при изготовлении материала, а также используемые оборудование, технологические счета и описаны требования к материалам.
Композитная арматура - неметаллические стержни из стеклянных, базальтовых, углеродных или арамидных волокон, пропитанных термореактивным или термопластичным полимерным связующим и отверждённых.
Преимущества композитной арматуры:
- Прочность на разрыв в 3 раза выше прочностных характеристик стальной арматуры класса АIII.
- Композитная арматура легче металлической в 9 раз при равнопрочной замене, что дает значительное сокращение трудозатрат при проведении железобетонных работ.
- Арматура не подвергается коррозийному воздействию в большинстве агрессивных сред.
- Арматура является диамагнитной и имеет диэлектрические свойства, что позволяет применять ее в таких зданиях и сооружениях, как больницы, аэропорты, радиолокационные станции.
- Экономический эффект достигается за счет использования композитной арматуры меньших диаметров по сравнению с металлической арматурой, а также за счет экономия на логистике.
ABSTRACT
In this thesis project set projects of small plant that produces concrete. The plant, using a composite reinforcement, produces materials for building foundations. In research project to find a suitable concrete composition, as well as the technological blueprints materials, project workshop, technological map material and the main technical and economic indicators are shown in this paper. Characterized by the raw material used in the manufacture of the material and equipment used, and the counting process described demands on materials.
Composite fittings - non-metallic rods of glass, basalt, carbon or aramid fibers impregnated with thermosetting or thermoplastic polymeric binder and solidified.
Advantages of composite reinforcement:
- Tensile strength is 3 times higher strength properties of steel reinforcement class AIII.
- Composite rebar metal lighter 9 times at full-strength replacement that provides a significant reduction in labor costs during the concrete works.
- Valves not exposed to the corrosive effects of most aggressive media.
- Reinforcement is diamagnetic and has a dielectric properties, which allows to use it in such buildings and structures such as hospitals, airports, radar stations.
- Economic effect is achieved by using composite reinforcement of smaller diameter than the metal reinforcement, as well as by savings on logistics.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағынан дамуы әрқашанда күрделі құрылыстың тиімді және жедел жүргізілуімен тікелей байланысты болатыны белгілі. Қоғамдық өндірістің дамуына және әлеуметтік міндеттердің шешілуіне арналған халық шаруашылық қорларын тұрғызу және оны тездете жаңғырту, сонымен қатар, құрылыс өндірісі тиімділігін қарқынды жоғарылату - күрделі құрылыстың басты мақсаты болып табылады.
Қазіргі кезде құрастырмалы темірбетон мен конструкциялардың өндіріс технологияларында, атап айтқанда, олардың қасиеттерін жетілдіру бағытында көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Темірбетонның дамуы, оның өндіріс көлемінің жоғарылауы және елімізде қолданылуы ғылым мен техника салаларындағы жетістіктерімен, құрылыстың жоғарғы дәрежедегі индустриалды базасының құрылуымен тығыз байланысты.
Біздің елімізде бетон және темірбетон тұрғын үй, азаматтық, өндірістік және ауылшаруашылық құрылысының қажеттілігін қамтамасыз ететін ең негізгі құрылыс материалы болып қалуда. Қазіргі уақытта темірбетон құрылысының қуатты базасы құрылған. Құрылыс жұмысының сапасын арттыру, оның құндылығын төмендету және мерзімін қысқартудың негізгі шешімі - құрылысты индустриаландыру шартымен ғана жүзеге асады.
Қазіргі таңда Республикамыз даму дәрежесінде тұрғандықтан, дамыған елдер тәжірибесін бізге тиімді қолдана отырып экономиканы қайта құру қажет болады. Шикізаттық база мемлекетінен дамыған өндірістік, индустриялық елге ауысуымыз қажет. Сапалы және арзан бағалы құрылыс материалдарын шығаруға өндірісті модернизациялау, жаңа технологияны енгізу және жергілікті материалдарды қолдану арқылы қол жеткізуге болады.Бұл дипломдық жұмыста жобаланып отырған өндіріс орыны композитті арматураны пайдаланып ғимараттар іргетасына арналған бұйымдарды өндіруге бағытталған. Жылдық өндірістік қуаттылығы 15 000 м 3 /жылына.
Композитті арматура - шыны, базальт, көміртегі талшықтары негізіндегі термопластикалық және термореактивтік полимерлі байланыстырғыш сіңірілген металл емес өзектер. Физико-механикалық қасиеттеріне және техникалық ерекшеліктеріне қарай композитті арматура металл арматурасының баламасы бола алады. Композитті арматура металл арматурасынан бірнеше артықшылықтарымен ерекшеленеді. Металл арматурасына қарағанда композитті арматура 2, 5-3 есе берік және 10 еседей жеңіл. Композитті арматура коррозияға ұшырамайды және химиялық әсерлерге өте төзімді. Салыстырмалы түрде тасымалдау шығыны да аз. Композитті арматураның құны металл арматурасынан төмен. Жалпы композитті арматураны өнім өндірісі мен құрылыс жұмыстарына пайдалану өте тиімді технология болып табылады. Алғаш композитті арматураны бетон конструкцияларында пайдалану ісі 20-шы ғасырдың 70-ші жылдарында бастау алған болатын. Бұл ұтымды технология елімізде енді ғана қарқын алып келеді.
- Технологиялық бөлім
1. 1 Құрылысқа арналған алаңды таңдау
Композитті арматураны пайдаланып жылына 15 000 м 3 ғимараттың іргетасына арналған бұйым өндіретін зауытты ШҚО орталығы болып табылатын Өскемен қаласында орналастыру жоспарланып отыр.
Облыс аумағында жобаланып отырған зауыттың құрылысы мен дамуына әсер ететін жағдайлар бар. Облыс аумағы - 283, 226 мың шаршы шақырым, мұнда 1, 4 млн. шамасында халық тұрады (халық саны жөнінен 14 облыс бойынша 3-ші орында) . Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымында 15 аудан, 10 қала, 30 кент, 870 ауыл бар. Облыстың жер қойнауы кен байлықтарына толы. Жылдан жылға халық санының, әсіресе қала халқының санының өсуі азаматтық, тұрғын үй және өнеркәсіптік құрылыстардың қарқынды дамуына әсер етеді. Құрылыстың қарқынды дамуы өз кезегінде жобаланып отырған зауыт өнімінің сұранысқа ие болуын қамтамасыз етеді. Өнеркәсіптік құрылыстардың көбеюіне «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының әсері зор. Ал азаматтық және тұрғын үй құрылысының қарқынды жоспарланып дамуы "Қол жетімді баспана - 2020" бағдарламасы аясында жүргізілуде.
ШҚО облысының аумағы пайдалы қазбаларға ғана емес, сонымен қатар, жобаланған бұйымды өндіруге қажет минералды-шикізат базасына да бай. Бұл сапалы және арзан құрылыс бұйымдарын шығаруға мүмкіндік береді.
Жаңа өндірісті қолдау және бизнесті дамыту мақсатында Өскемен қаласында арнайы мүмкіндіктер берілген. Инженерлік коммуникациясы дайын күйінде кәсіпкерлерге бизнесті дамыту аймағы ұсынылған, онда жаңа өндірісті орналастыруға болады:
- аймақтың жер телімінің жалпы алаңшасы - 26, 6 га;
- өндірістік аймақ 176105 ш. м. ;
- жалпы пайдалану аймағы - 89942 ш. м. ;
- сумен қамту желісінің ұзындығы - 2, 574;
- канализация желісінің ұзындығы - 1, 8 км (1148 м. куб/тәулігіне, 95, 6 куб/сағ) ;
- жылу желілерінің ұзындығы - 1, 018 км (жалпы - 1442 Гкал/сағ, олардың 1219 - жылу, 0, 223 - ыстық су) ;
- электрмен қамту желінің ұзындығы - 1, 267 км (орнатылған қуаттылық - 2 Мвт/а немесе 20 кіші станцияны 100 квт/а қоюға болады) .
Жоғарыда келтірілген факторларды талдай отырып, құрылысқа арналған алаң ретінде Өскемен қаласы таңдалды.
1. 2 Цехтың жұмыс тәртібі
Жұмыс тәртібін есептеудің негізгі мақсаты технологиялық жабдықтарды есептеуде, шикізаттарды есептеуде, тізімдік жұмысшы құрамын есептеуде негіз болуы қажет.
Өндірістің жұмыс тәртібі жылдық жұмыс күнімен, жұмыс ауысымының мөлшерімен, ауысымдағы жұмыс сағатымен сипатталады.
Жұмыс тәртібі өндірісті жобалаудың технологиялық нормаларына сай орнатылады, олар жоқ болған жағдайда технология талаптарына сай жасайды.
Жұмыс тәртібін орнатуда барлық жағдайды қарастыру қажет, технологиялық қажеттіліктерді ескере отырып үш ауысымдық жұмысты барынша қарастырмауға тырысу керек, өйткені түнгі ауысымда өндіріс сферасында жұмыс істейтін жұмысшыларға қолайсыз жағдайлар туындайды.
Жабдықтың жұмыс істеу уақытының номиналды жылдық фонды төмендегі формуламен анықталады
Т г = N∙ n ∙ t, (1)
Т г = 255∙2∙8 = 4080,
мұндағы N - жылдық жұмыс күнінің мөлшері;
n-тәуліктегі жұмыс ауысымының мөлшері;
t - ауысымдағы жұмыстың сағаттық ұзақтылығы.
Жалпы және бөлек тізбектер мен өндіріс қуатына негізделген үздіксіз және үзілмелі аптадағы сағаттық жұмыс істейтін технологиялық жабдықтардың жұмыс уақытын есептеу фонды төмендегі формуламен анықталады
Ф рас = Т ∙ С ∙ К т. н , (2)
Ф рас = 255∙16∙0. 8=3264,
мұндағы Т - бір жылдағы тәуліктік жұмыс саны, тәулік;
К т. н - қолданылған жабдықтардың орташа жылдық коэффициенті (0, 8-0, 95) ;
С - тәуліктегі жұмыс сағатының саны.
Қабылданған зауыттың жұмыс тәртібі 1-кестеге енгізіледі.
Негізгі технологиялық жабдықтардың жұмыс істеу уақытының жылдық фонды
С=К об ∙N r , (3)
мұндағы К об -жабдықтарды пайдалану коэффициенті, (К об = 0, 8) ;
Nr - жылдағы жұмыс күнінің саны, (N r - 255),
C=0, 8×255=204 тәул.
1-кесте-Цехтың жұмыс тәртібі
1. 3 Өндіріс өнімінің номенклатурасы
Жобаланып отырған өндіріс орынында құрама іргетас бұйымының 3 түрі өндірілетін болады: іргетас блогы, іргетас плитасы, стакан типті іргетас бұйымы. Бұйымдар мынадай техникалық құжаттар талаптарына сай өндіріледі: іргетас плитасы - МЕМСТ 13580-85, іргетас блогы - МЕМСТ 13579-78 және стакан типті іргетас бұйымы - МЕМСТ 24476-80 және 1. 020-1/83 сериялы құжат.
Стакан типті іргетас бұйымы - ғимараттардың колонналарын орнату үшін арналған. Өндірілетін бұйым 400х400 мм өлшемді колонналар үшін шығарылады. Бұйымның аязға төзімділігі F100, су өткізбегіштігі W2.
Іргетас плитасы - ғимараттардың таспалы іргетасы құрылысында төселетін іргетас бұйымы. Бұйымды су сіңірілген және құрғақ жер қабатында 40 °C-қа дейінгі сыртқы ауа температурасында, сейсмикалық қауіптілігі 9 балға тең аймақтарда қолдануға рұқсат етіледі. Аязға төзімділігі F200, су өткізбегіштігі W6.
Іргетас блогы - құрылыс нысанының іргетасын қалауға қажетті, болашақ ғимарат қабырғаларына тірек ретінде қызмет ететін бұйым. Жертөлелер мен жер асты нысандарына қабырға қызметін атқарады. Аязға төзімділігі F100, су өткізбегіштігі W2. Бұл бұйым армирлеусіз өндіріледі.
2-кесте-Өнім номенклатурасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz