Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 236 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ

Астана
2016

УДК 323324(075) ББК 66.3(5Каз)3я7 О-75
Баспаға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ғылыми кеңесі ұсынған
Рецензенттер:
Ғ. Т. Телебаев - филос.ғ.д., профессор; А. А. Смағұлов - з.ғ.д., профессор;
Қ.Қ. Мусин - з.ғ.к., доцент;
Г. И. Досмағамбетова - сасяи.ғ.к., доцент.
О-75 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері: оқу құралы Жалпы редакциясын басқарған б.ғ.д., профессор Б. С. Абдрасилов. - Астана: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, 2016. - 176 б.
Редакциялық алқа: Ә. Ғ. Мұхамеджанова, э.ғ.д., профессор; Г. Ә. Жүнісбекова, э.ғ.к., профессордың міндетін атқарушы; Т. К. Бурбаев, филос. ғ.д., профессор; М. И. Жұмағұлов, з.ғ.д., профессор.
ISBN 978-601-287-158-6
Авторлар ұжымы:
Б. С. Абдрасилов - кіріспе; М. М. Нарбинова - § 1; Р. С.-А. Жүсіпова, Е. А. Шаханов - § 2; Ж. Х. Қосанов, М. А. Әленов - § 3; Ж. Ж. Дәулетбаева, А. Н. Нұрлан, Е. К. Жаров - § 4; Т. Қ. Бөрібаев - § 5; А. К. Сәдуақасова, Т. Ж. Жақиянов - § 6; Л. М. Иватова - § 7; А. П. Әбуов, Ғ. А. Ысқақова -
§ 8; З. Ә. Исаева - § 9; Т. Қ. Бөлеев - § 10; М. Ш. Қоғамов - § 11; М. И. Жұмагұлов - § 12; Ж. Е. Садықанова, Н. Ж. Мұхаметқалиев
- § 13; З. Л. Федотова, Н. М. Примашев - § 14; Г. Ә. Жүнісбекова, Р. А. Түрчекенова - § 15; С. С. Мүксімов - § 16; Л. О. Дёмушкина, Б. А. Мұқашева - § 17.
Оқу құралында алғаш рет тарихи және қазіргі тұрғыдан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері байыпталады. Авторлық ұжым бұл феноменді оның әмбебап мәнін, шығу табиғатын, сыбайлас жемқорлықтың орнықтылығы себептерін ашып көрсете отырып, жүйелі түрде зерттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілерін талдайды.
Оқу құралы білім алушылар, оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, сондай-ақ осы мәселелеге қызығушылық танытатын барша қауымға арналады.

УДК 323324(075) ББК 66.3(5Каз)3я7

ISBN 978-601-287-158-6

(C) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, 2016

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5
1- ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 7
§ 1. Сыбайлас жемқорлық ұғымы 7
§ 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары 11
§ 3. Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның құбылысы ретінде 17
§ 4. Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру 21
2- ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ТЕТІКТЕРІ МЕН ДАМУ ИНСТИТУТТАРЫ 34
§ 5. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы отбасы рөлі 34
§ 6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері 38
§ 7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетігі ретінде қоғамдық бақылау 44
§ 8. Саяси партиялар мен БАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру құралдары ретінде 57
§ 9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие 67
§ 10. Сыбайлас жемқорлық тәртіптің психологиялық тетіктері 71
3- ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
ҮШІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК 87
§ 11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың
конституциялық негіздері 87
§ 12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың эволюциясы 93
§ 13. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін
құқықтық жауапкершілік 115
4- ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖӘНЕ БИЗНЕС ОРТАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 131
§ 14. Мемлекеттік қызметті реформалаудың сыбайлас
жемқорлыққа қарсы аспектісі 131
§ 15. Мемлекеттік жоспарлау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдың тетігі ретінде 140
§ 16. Мемлекеттік қызметтер екөрсету процесін жетілдіру 150
§ 17. Бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру 157
Негізгі әдебиет 163

5

КІРІСПЕ
Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады. 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты рухани- этикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл екенін көрсетті.
Осыған байланысты елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс келешек түлектердің қызмет бейініне қарамастан барлық оқу орындарын қамтуға тиіс. Өткен жылдан бастап барлық жоғары оқу орындарындағы оқу процесіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері атты жаңа пән енгізіле бастады. Дегенмен, бізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дүниетанымдық, этикалық, рухани аспектілерін жан-жақты көрсететін тиісті әдебиет әлі аз, ал бұл проблема бойынша қолда бар әдебиет көбіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық аспектілерін ашуға бағытталған.
Қалыптасқан мән-жайды назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғалымдар тобы бұл проблема бойынша оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету үшін оқу құралын жасау туралы бастама білдірді. Ұсынылатын оқу құралы Академияның профессор-оқытушылар құрамының жұмыс нәтижесі болып табылады, оқу орнының құрылымдық бөлімшелерінде құқық қорғау, экономикалық және тәрбиелік моделдерін қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді тетіктері жүйелі түрде әзірленуде.
Авторлар ұжымына әртүрлі бейіндегі мамандар кірді, олардың ішінде - практикалық тәжірибесібармемлекеттік қызметшілер, педагогика, философия, экономика, юриспруденция саласында зерттеулер жүргізетін ғалымдар бар. Авторлық ұжымның мұн дай іріктелуі белгіленген міндеттерді шешуге және тарихи әрі қазіргі заман тұрғысынан алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті проблемаларын байыптауға кешенді көзқарасты қамтамасыз етті. Жүйелі тәсілдің міндетін белгілеген авторлар сыбайлас жемқорлықтың мәнін, табиғатын, шығу тегін, оның орнықтылығының себебін ашу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік-эконом икалық, құқықтық, мәдени, рухани-этикалық аспектілерге сапалы талдау ұсыну әрекетін жасады. Оқу құралында қамтылған мәселелер кешеніне орай оларды төрт тарауға топтау орынды деп табылып, олардың әрқайсысы тиісті
тақырыптық блокты қамтыды.

6
Оқу құралы аясында оқырмандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сияқты ұғымдармен танысып, қазіргі күннің құбылысы ретіндегі сыбайлас жемқорлық және оның тарихи тамырлары туралы мәлімет алады. Тұлғаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұрғысынан тәрбиелеуде отбасының рөліне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздеріне, шетелдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға айрықша назар аударылған.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері оқу құралында авторлар оқытудың тәрбиелік сипатына сүйенді, сондықтан ол жоғары оқу орындарының барлық мамандықтары мен дайындық бағыттары бойынша оқу процесінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының соңғы жылдары жинақтаған тәжірибесін пайдаланғанымызды, Академияда еліміздің мемлекеттік қызметшілерін оқытудың барлық бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылық пәндері енгізгенін атап көрсету қажет.
Бұл тақырып бойынша бірінші оқу құралының жарыққа шығуы және оның отандық жоғары оқу орындарының білім беру процесінде пайдаланылуы бұл пәнді оқытудың жаңа модельдері мен әдістемелерін өмірге әкелуі мүмкін. Оқу құралының мән-мазмұны бойынша берілетін кез келген ескертулер, ұсыныстар бұл ұжымдық еңбектің мазмұнын жақсарту тұрғысынан алғанда мұқият қаралады және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы білім беру саясатының бұл маңызды бағыты бойынша ынтымақтастыққа дайын.

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
§ 1. Сыбайлас жемқорлық ұғымыСыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін сыбайлас жемқорлық ұғымының мазмұнын, осы этностық әлеуметтік құбылыстың тарихи түп-тамырын түсінбейінше, ұғыну мүмкін емес.
Сыбайлас жемқорлық ұғымы қазіргі ғылыми және қоғамдық-саяси әдебиетте кеңінен қолданылады.
Сыбайлас жемқорлық сөзі (латын тілінен corumper) көптеген мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан тайдыру, притон, құбылмалылық, істі бұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысын таптау, rumpere көп мағыналы (бұзу, қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын
со қосымшасы сыбайлас жемқорлық - бұл бірнеше субъектілердің қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді.
Бұдан өзге, латынша corruptio параға сатып алу, іріп-шіру дегенді білдіреді, сыбайласу етістігі біреуді ақшамен немесе өзге де материалдық игіліктермен параға сатып алу дегенді білдіреді.
Рим құқығында corrumpire сөзі сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, алдау, бұрмалау, параға сатып алу, сондай-ақ құлдырау, бұзылғандық, нашар жағдай, (пікір немесе көзқарастың) құбылмалылығы деген мағынаны білдіреді[1].
Сыбайлас жемқорлық ұғымының жалпыға танымал тұжырымдарымен қатар, латын термині corruptio екі түбірлі сөзден cor (жүрек, жан, рух, ақыл-ес) және ruptum (бүлдіру, бұзу) шығады деген пікір бар. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың мәні лауазымды тұлғаны параға сатып алуда немесе оларды байытуда емес, ал әлеуметтік жүйені, оның ішінде мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін бұзуда (ыдырату, іріп-шіру), мемлекеттің, азаматтардың заңды мүдделерін қоғамдағы өзінің жағдайын жеке мақсатына пайдакүнемдік арқылы сатып кетуде. Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы. Ежелгі дереккөздерді талдау сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппараттың туындауымен қатар пайда болған және әртүрлі тарихи даму кезеңінде
барлық елдерге сол немесе өзге дәрежеде тән болды.
Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы деректерінің бірі - Ежелгі Вавилон мұрағаттары (біздің эрамызға дейінгі XXIV екінші жартысы), кейіннен вавилон патшасы Хаммурапидің атақты заңдары (біздің эрамызға дейінгі XIX ғасыр).
Ежелгі құқық көздерінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны үшін нақты жазалануы тиіс екені көрсетіледі: § 5. Егер судья істі талқылап, шешім шығарып, мөрі бар құжатты дайындаса, сосын өз шешімін өзгертсе, онда бұл судьяны шешімін өзгерткенін әшкерелеген жөн және осы істегі талап сомасын жиырма есе етіп төлеуі тиіс, одан бөлек жиналыста оны судьялар орынтағынан қуылуы тиіс және ол орнына қайтып келіп, сотта судьялармен бірлесіп отырмауы тиіс. § 6. Егер адам құдайдың затын ұрлап алса, ол адам өлтірілуі керек, сонымен қатар оның қолынан ұрланған затты қабылдаған адам да өлтірілуі тиіс [2].

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ

Ежелгі Үндістанда біздің эрамызға дейінгі ІІ ғасыр мен біздің эрамыздағы ІІ ғасыр арасында брахман мектептерінің бірі құрастырған Ману Заңдары ежелгі үнді құқығының ескерткішін, брахманизмнің діни және этикалық догматтарына сәйкес үндістердің жеке және қоғамдық өміріндегі мінез-құлқын реттейтін нұсқаулар мен ережелердің жинағы білдіреді, сонымен қатар мемлекетті басқару және сот өндірісі бойынша өсиеттерді қамтиды.
8
Заңдар судья шенеуніктерін сот өндірісінің қағидаларын басшылыққа алуға шақырды және әділетсіз шешім шығарып, аспанға қол жеткізуді білдіретін мәңгілік рахаттан айырылуға болатынын есте сақтауды ескертеді [2].Сыбайлас жемқорлық туралы кең ауқымды мәліметтер антик дәуірінің мұрасында кездеседі. Ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель өз жұмыстарында бірнеше рет билікті асыра пайдалану мен парақорлық- тың қоғамның экономикалық, саяси және рухани өміріне күйретуші және бұзушы ықпалы туралы ескерткен, пайдакүнемдік - мемлекеттік басқаруда жол берілмейтін, сыбайлас жемқорлықтың себептері деп атаған.
Аристотель Саясат деген еңбегінде сыбайлас жемқорлықты мемлекетті күйретуге әкелмесе де, азғындауына әкелетін маңызды фактор деп атап көрсеткен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Аристотель мемлекеттік тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізі деп санаған: Кез келген мемлекеттік құрылыста ең бастысы - бұл заңдар және қалған тәртіп арқылы істі лауазымды адамның пайда таба алмайтындай етіп құру керек [3].
Кейіннен Гегель былай деп атап көрсетті: Афинада әрбір азаматтың қандай қаражатқа өмір сүретіні жөнінде есеп беруге міндеттейтін заң болған, ал қазіргі кезде бұнда ешкімнің шаруасы болмауы тиіс дейді [4]. Рим құқығында сыбайлас жемқорлық заң нысанын иеленді.
Бұған мысал ретінде рим құқығының жиынтығын - XII кестелер Заңын (біздің эрамызға дейінгі V ғасыр, латынша leges duodecim tabularum) келтіреміз, онда corrumpere термині соттағы жауап беруді ақшаға алмастыру немесе судьяны параға са тып алу деген мағынада пайдаланылады: Сот ісін жүргізу кезінде (істі талқылау үшін) тағайындал- ған және осы іс бойынша ақша сомасын алған деп айыпталған судья немесе делдалды өлім жазасына кесетін заң қаулысын қатал деп есептейсің бе? [2]. Орта ғасыр кезеңінде сыбайлас жемқорлық ұғымы шіркеулік, канондық мәнді иеленіп, азғыру, шайтанның азғыруы және
күнә ретінде теологиялық бағытта болды. Латын сөзі corruptibilitas адамның баянсыздығын, бұзылуға бейімделуін білдіреді. Католицизм дін оқуындағы сыбайлас жемқорлық күнәһарлықтың көрінісіне айналды. Италия ойшылы мен саясаткері Н. Макиавелли (1469-1527 жж.) еңбектерінде сыбайлас жемқорлықты пайымдауға маңызды серпін берілген. Өзінің Билеуші атты еңбегінде (1513 ж.) ол сыбайлас жемқорлықты жария мүмкіндіктерді жеке басының мүддесіне қарай пайдалану ретінде анықтады, сыбайлас жемқорлықты алдын ала қиын анықталатын, бірақ жеңіл емделетін, ал ол асқынып кеткенде, анықталуы
оңай, бірақ емделуі қиын аурумен салыстырған [5].

Ағылшын мемлекеттік қайраткері және философы Т. Гоббс (1588 - 1679 жж.) Левиафан атты еңбегінде (1651 ж.) былай деп жазады:
1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
9
Өз байлығына былыққан адамдар қылмыстарды батыл жасай береді, себебі олар мемлекеттік әділетпен сыбайласу арқылы жазадан қашып құтыламын немесе ақшаға не басқа да сыйақы түрімен кешірім аламын деп үміттенеді. Гоббс бойынша сыбайлас жемқорлық барлық уақытта да және кез келген қызықтырып азғындау кезінде барлық заңдарға деген жек көрушілік туындайтын тамыр [6]. XVII ғасырдың ортасында жасалған осы тұжырым ХХІ ғасырда да өзекті болмақ.Неміс философы М. Вебер (1864-1920 жж.) сыбайлас жемқорлық туралы ұғымның дамуына өз үлесін қосты. Саясат міндет және кәсіп ретінде (1919 ж.) еңбегінде ғалым саясаттан өзінің кәсібін және міндетін жасаудың екі тәсілін бөліп көрсетті: не саясат үшін өмір сүру, не саясат есебінен өмір сүру... Саясат есебінен кәсіп ретінде оны тұрақты табыс көзіне айналдыру тырысатындар, ал саясат үшін өзге мақсатты көздейтіндер өмір сүреді [7]. Вебер парақорлық пен сыбайлас жемқорлық орта ғасыр қоғамына тән әкімшілік аппараттың ажырамас қасиеті деп санады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы алғашқы ескертулерді тарихшылар біздің эрамызға дейінгі XXIV ғасырға - шенеуніктердің тарапынан асыра сілтеушіліктің жолын кесу мен сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер үшін жауапкершілік белгілейтін мемлекеттік аппарат реформасын ұйымдастырған шумер билеушісі Урукагиннің уақытына жатқызылады.
Осылайша, шамамен төрт мыңжылдық бұрын Ежелгі Вавилонда парақорлық үшін жауапкершіліктің болғанын Хаммурапи патшаның заңдары, сондай-ақ египет фараондарының заңдары көрсетеді. Сыбайлас жемқорлық Рим империясы тұсында да нақты айқындалған, ол XII кесте Заңдарында көрініс тапты. Рим империясының құлдырау себептерінің бірі - сыбайлас жемқорлық болған. Сол кезеңде мемлекеттік орындарда, мемлекеттік лауазымдарға тағайындау кезінде парақорлық жайлаған. [8].
Мемлекеттік басқару өнері бойынша ежелгі үнді Артхашастра трактатында (біздің эрамызға дейінгі IV ғасыр) патша алдында тұрған маңызды міндет қазынаны тонауға қарсы күрес болып табылады деп атап көрсетілген. Трактатта қазынаны тонаудың 40 тәсілі санап көрсетілген және айлакер шенеуніктердің айласынан гөрі аспандағы ұшатын құстың жолын болжау оңай, ал бұл қазіргі заман үшін де. Қазынаны тонауға қарсы күрестің негізгі құралы - аңду болды [2].
Сыбайлас жемқорлық туралы шығыс өркениетінде де айтылған. әль-Фараби шенеуніктер өз лауазымдарына қабілеттеріне қарай орналасуы қажет деп санаған.
ХІІ ғасырдағы Қытайдың саяси қайраткері Ванг Анши сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептерінің бірі ретінде нашар заңнама мен нашар шенеуніктер деп көрсеткен [9].
Бұл - ежелгі дәуірдің өзінде көрнекті ойшылдардың өзі саламатты дамушы қоғам құруға мүмкіндік беретін ашық және адал қатынастарға шақырған, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің әлеуметтік феномені ретінде нақты және сыйымды анықтамасын табуға тырысқан және

ғылымда танымал үлгілерден сыбайлас жемқорлық дендеген қоғам үлмемлекеттік және халықаралық институттарының беделін түсіреді. Ол заң үстемдігіне, демократия мен адам құқықтарына қатер төндіріп, билікке, мемлекеттік басқару, теңдік пен әлеуметтік әділдік қағидаттарына нұқсан келтіреді, бәсекелестікке кедергі келтіреді, экономикалық дамуды қиындатып және демократиялық институттардың тұрақтылығы мен қоғамдық моральдық ұстанымға қауіп төндіреді.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
10
Осындай жағымсыз үрдістерді жою үшін мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қалыптастыруға кірісті.
Тірек сөздер: сыбайлас жемқорлықтың тарихи аспектілері, сыбайлас жемқорлық, әлеуметке қарсы құбылыс.
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?
2. Сыбайлас жемқорлықтың анықтамасын беріңіз.
3. Ұғымның этимологиялық анықтамасы қандай?
4. Сыбайлас жемқорлықты зерттеудің негізгі тәсілдерін талдаңыз.
5. Сыбайлас жемқорлық біздің өмірімізде. Сіз онымен ұшырастыңыз ба?
6. Сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұра аламыз?
7. Сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне ықпалы.
Рефераттардың үлгілік тақырыптары
1. Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы мен негізгі белгілері.
2. Сыбайлас жемқорлықтың дамуының тарихи аспектілері.
3. Сыбайлас жемқорлық ұғымы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастырудың тарихи кезеңдері.
4. Қазіргі әлемдегі сыбайлас жемқорлықтың себептері мен шарттары.

Әдебиет
1. Большой юридический словарь. http:slovar.ccpravo.
2. Хрестоматия по всеобщей истории гос ударства и права: учеб. пособие М. Черниловский. - М., 1994.
3. Аристотель. - М.: Мысль, 1983. - 830 с.
4. Гегель Г. В. Ф. Философия права. - М.: Мысль, 1990. - 524 с.
5. Макиавелли Н. Государь. - М.: ЭКСМО-Пресс, 2001. - С. 656.
6. Гоббс Т. Левиафан. http:www.lib.ru.
7. Вебер М. Политика как призвание и профессия. - М.: Прогресс, 1990.
8. Жетписбаева Б. А. Антикоррупционное законодательство Республики Казахстан. - Астана, 2011.
9. Есембаева Ж. Е. Правовые средства борьбы с коррупцией: маг. дисс. - Астана, 2013. - 103 с.
10. Синюкова Т. Н. Понятие и подходы к содержанию коррупции Юридическая наука и практика: Вестник Нижегородской академии МВД России. Выпуск № 1 (29) 2015.
11. Материалы сайта Transparency International. https:www. transparency.org.
12. О противодействии коррупции: Закон Республики Казахстан от 18 ноября 2015 года № 410-V. http:adilet.zan.kz.

§ 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқор- лыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары
1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
11
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады. Сондықтан бұл параграфта сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феноменін қарастырамыз. Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың көмегімен адамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам мен өздерін сезінеді. Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана болып бөлінеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана ұғымы қоғамдық сананың барлық нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана - бұл адамдардың сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңында мүдделер қақтығысы жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін деп айқындалады [1].
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың ерекшелігі оның барлық көрінісінде мүдделер қақтығысына жағымсыз, төзбеушілік қатынастың призмасы арқылы өмірлік болмысты көрсетеді, содан кейін жаңғыртады. Ол жалпыға міндетті мінез-құлық нормаларын белгілеуді талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез- құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы санаға нысандандыру, белгілілік пен кесімділік тән. Сондай-ақ моральдық және құқықтық міндеттерді орындауға қатаң бақылау талабы тән. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың рөлі оның танымдық, реттеуші,
бағалаушылық, болжамдық функцияларында көрінеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың танымдық функциясы (гносеологиялық) әлеуметтік зұлымдық ретінде сыбайлас жемқорлық туралы білімді жинақтау және оның негізінде адами өзара қарым- қатынастар әлемін одан әрі пайымдау мүмкіндігінен тұрады. Реттеуші функциясы. Белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана

құндылықты бағдарлар арқылы қоғамдық қатынастардың реттеушісі болады. Осы реттеудің нәтижесі - сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік болады.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
12
Бағалау функциясы өмірлік тәжірибе мен практика негізінде әлеуметтік өмірдің әртүрлі жағы мен құбылыстарына тұлғаның белгілі бір эмоционалдық қатынасынан көрінеді. Моральдық және құқықтық нормалар, моральдық-құқықтық жүйенің басқа элементтері бағалау объектісіне айналады. Бағалау функциясы тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қатынасын айқындайды. Оның көмегімен моральға және этикалық кодекске, құқық пен заңнамаға, құқық қорғау органдарына, азаматтық қоғамға, борышқа, айналасындағылар мен өзінің де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына деген қатынас бағаланады.Болжамдық функция моральдық-құқықтық жүйенің болашақтағы жай-күйін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын көре білу мүмкіндігінен тұрады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сияқты рухани мәдениеттің интегративті нысаны болып табылады.
Мәдениеттің, сонымен қатар адам санасындай басымдықтары да бар, әлеуметтік деп айқындалатын барлығының қалыптасуы мен дамуында атқаратын рөлі де бар.
Ақиқатты игеру тәсілі ретінде мәдениет - жекелеген бағалау, нормалар емес, олардың жиынтығы, сомасы емес, керісінше тұтастық ретінде алынған құндылықты элементтер. Мәдениет сана феномені ретінде тұтастықты білдіреді. Мәдениет - пассивті, қажетсіз, жүзеге аспаған білім, білік, сенімдер емес. Ол өзіндік процесті, ішкі қызметті білдіреді, оның негізінде өзара іс-қимыл, өзара өту және білім, білік-дағдының, тұлғаның құзыретінің, оның сенімінің, ақпараттық, сезімдік және күш- жігер компоненттерінің түйісу жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет рухани мәдениет жүйесінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Адам мәдениет субъектісі ретінде еңбек, саяси, этикалық, эстетикалық, адамгершілік және басқа мәдениеттердің жанашыры болып табылады, ол өзара тығыз байланысты, ал әртүрлі үйлесімде кірпияз симбиозды қалыптастырады.
Мәдениет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет айрықша функцияларды орындап, қоғамның белгілі бір тұтастығы мен ұйымшылдығын сақтай отырып, ерекше орын алады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет өз мазмұнына мәдениет- тердің барлық қалған түрлерінің элементтерін қамтиды, бұл олардың тұтастығының жалғыз субъектісі ретінде адамның өзінің табиғатымен байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ерекшелігі мәдениеттердің барлық түрлерімен өзара байланыста ғана емес. Оның мазмұны бірінші кезекте құқық пен адамгершілікті қамтиды. Мәдениеттердің барлық түрлері арасындағы диалог олардың арасындағы тығыз байланыстың барын белгілейді, олардың өзара толықтырушы рөлін атап өтіп, күшейтеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілеті.

Осындай адамның мазмұны құқықтық мәдениет болып табылатыны маңызды.
1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
13
Қазіргі әдебиетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мазмұны негізінен құқықтық құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті толықтай құқықтық мәдениетке апару дұрыс емес. Құқықтық мәдениет мысалы, адамгершілік, саяси мәдениетпен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің тек бөлігі ғана.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - бұл жаппай сана және оның жекелеген элементтері емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - сыбайлас жемқорлықты қабылдамау негізінде жататын осы жүйемен тіпті сәйкес келмейтін құндылықтар жүйесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - адамгершілік пен азғындық (орынды және орынсыз, мейірімділік пен зұлымдық, пайдалы және пайдасыз), құқықтық және құқықтық емес, ақылды және ақымақтық, тамаша және бейберекет призмасы арқылы адами қатынастар әлеміне көзқарас. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары мораль- дық, құқықтық, саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлық- қа қарсы мәдениет қазіргі уақытта шынайы қажетті құбылыс мәртебесін иеленеді, оны әлеуметтендіру процесінде қоғамның барлық әрекетке
қабілетті мүшелері игеруі тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ұғымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі деп түсініледі. Сондай-ақ ол білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім - тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.
Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады [1].
Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мынаны көздейді:
oo сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъек- тілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік;
oo моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу;
oo құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру;

oo қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәжін ынталандыру;
oo СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
14
мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру. Осыған байланысты мыналар қажет:
oo сыбайлас жемқорлыққа саналы қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға моральдық иммунитетті қалыптастыру және осының негізінде сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша құзыреттерді дамыту;
oo Қазақстан азаматтарының мінез-құлқы моделін қалыптастыру, бұл ретте сыбайлас жемқорлық сөзінің өзін қабылдамау, адамгершілік тойтарыс, төзбеушілікті туындатуы тиіс;
oo құқықтық құндылықтарды жоққа шығару, заң мен тәртіпті құрмет- темеуді білдіретін құқықтық нигилизмді жою (латынша nihil - ештеңе);
oo құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамта- масыз ету.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл ұғымының мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет- ті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі ретінде ашылады. Ал сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі [1].
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет нақты әлеуметтік жүйенің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағдарланған, сондықтан оның түбегейлі қасиеті сыбайлас жемқорлықты тұтас, жүйелі - оның барлық адамгершілік, заңдық, экономикалық, саяси, ресурстық, технологиялық, экологиялық, әлеуметтік-психологиялық аспектілерінде, байланыстары мен көріністерінде болжай білу болып табылады.
Әлеуметтілік, әлеуметтендіру сияқты адамгершілікті қолдау мемле- кеттің қызметіндегі институттардың, құқықтың, тетіктердің, тәртіптің, рәсімдердің белгілі бір жай-күйін қажет етеді. Бұл мәселеде өркениеттік біртектіліктің ерекше мәні бар.
Біздің еліміз үшін бұл көптеген басқа да мемлекеттер үшін де маңызды. Жаңа қазақстандық мемлекетті құру жағдайында тәуелсіз Қазақстанның өзіндік табыс коды, әлеуеті мен құндылықтары бар екенін ұмытпау қажет, оны сыбайлас жемқорлықтың шығу себебін жоя отырып, оған қарсы күресте жандандырған жөн.
Қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті социумды тұрақтандырудың басты факторларының бірі болып табылады, қоғамның кез келген құрылымдық деңгейінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы күрестің табыстылығын айқындайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуде заңнаманың сапасы, құқық қолдану нысандары, шарттық міндеттемелерді сақтау, азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау да маңызды. Моральдық-құқықтық қағидаттарды білу мен ұтымды конформистік сенімдерді үйлестіру - қоғам өміріндегі тәртіптіліктің қуат- ты факторы.
1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
15
Қорытындыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың, тіпті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейі тұлға мен қоғамның сыбайлас жемқорлықтың тұрақсыздандыру күшін сезіну дәрежесіне байланысты екенін белгілеуге болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің міндеті - сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті білім алушы жастардың азаматтық позициясы ретінде бекіту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға берік иммунитетті нықтау, оларды жария түрде жоққа шығару болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз не?
Адамгершілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымындағы орны қандай?
Сыбайлас жемқорлық мінез-құлық үлгісінің мазмұны.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ұғымдары
Сыбайлас жемқорлық сана және сыбайлас жемқорлық мәдениет ұғымдарының теориялық мазмұны олардың күнделікті қолданылуына сәйкес келе ме?
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары.
Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің жағдайын талдаңыз.
6.
7.
1.
2.
3.
4.
5.
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
Тірек сөздер: сыбайлас жемқорлық, мүдделер қақтығысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адамгершілік мәдениет, сыбайлас жемқорлық мінез-құлық себептері.
Рефераттардың үлгілік тақырыбы
1. Сыбайлас жемқорлық, парақорлық, қызметтік жағдайын асыра пайдалану ұғымдары: олардың айырмашылықтары мен ұқсастығы.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәждемесі.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана және оның қазіргі жағдайлардағы ерекшеліктері.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің өзара байланысы.

Әдебиет
1. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
16
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы. http:adilet.zan.kz 2. Алексеев С. В. Коррупция: социологический анализ под ред. О. В. Бондаренко. - Шахты: Изд-во ЮРГУЭС, 2008. - 270 с.
3. Антикоррупционная политика: учебное пособие под ред. Г. А. Сатарова. - М., 2004. - 368 с.
4. Дамаскин О. В. Коррупция: состояние, причины, противодействие. - М., 2009. - 304 с.
5. Добреньков В. И., Исправников Н. Р. Коррупция: современные подходы к исследованию. - М., 2009. - 207 с.
6. 6. Ожегов С. И., Шведова Н. Ю. Толковый словарь русского языка. - М.: Изда-тельство Азъ, 1992.
7. Мемлекеттік қызмет туралы: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453-І Заңы (2014 жылғы 28 қарашадағы жағдай бойынша өзгерістері және толықтыруларымен).
8. Назарбаев Н. А. Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол: Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша adilet.zan.kz.

§ 3. Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның құбылысы ретінде
1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
17
Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің құбылысы ретінде. Сыбайлас жемқорлықты феномен ретінде қоғамдық санадан, оның белгілі бір әлеуметтік жағдайларда қалыптасуы мен өзгеру динамикасынан бөліп қарастыруға болмайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды тергеу, кінәлілерді жауапкершілікке тарту - мамандардың ісі, бірақ осы жұмыстың нәтижелері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдің туындау себептеріне қатысты еліміздің әрбір азаматының өзіндік жеке пікірі болуы тиіс. Ол өзінің жеке бағдарларын, адамгершілік ұстанымдарын, діни идеяларын басшылыққа алуы тиіс, сондықтан оның сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері туралы түсінігі нормативтік және ғылыми дефинициялардан ерекшеленуі мүмкін.Қоғамдық өмірдің жағымсыз құбылысы ретінде сыбайлас жемқорлық қоғамдық айыптауды туындатады, алайда әртүрлі әлеуметтік топтарда оларға төзімділік дәрежесі бірдей емес. Өмірінде сыбайлас жемқорлық фактілерімен ұшырасқан әрбір адам оны азамат пен мемлекет өкілі арасындағы өзара қарым-қатынаста, азаматтардың өз арасында және бизнес саласында орын алмауы тиіс қоғамдық зұлымдық ретінде бағалайды.
Моральдық нормалар мен олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы рөлі. Адамзат өркениеті тарихында діни ілімге негізделген мораль нормалары тұлғаның қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Адамның моральдық қағидаттарды саналы түрде сақтауы оның сыбайлас жемқорлыққа деген қатынасы бойынша ұстанымына байланысты. Ол оны кез келген мемлекеттік құрылыстың мәңгі жолсерігі немесе нақты қарсы тұра алатын және қарсы тұру қажет жағымсыз қоғамдық құбылыс ретінде қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлық қоғамдық зұлымдық ретінде қоғамға ыдыратушы ықпал етеді. Әсіресе бұл адамдардың қылмыстық мінез- құлқын, сыбайлас жемқорлық фактілерін Интернет желісіне қол жеткізетін тіпті оқушылардан жасыра алмайтын қазіргі ақпараттық технологиялар ғасырында қауіпті. Жастарды тәрбиелеудегі кемшіліктер мен қателіктер, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық ықпал үшін әлсіз санаттарына тиісті көңіл бөлмеу аса жағымсыз салдарға әкеледі. Сыбайлас жемқорлық дендеген адамдардың адуындығы мен арсыздығы, олардың қылмыстық қызметінің нәтижелері адамгершілік құндылықтарының құнын жояды және қоғамның адамгершілік ұстанымдарын әлсіретуі мүмкін. Адамгершілік, әділдікке сену, этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау қажетті жағдайлар кешенін білдіреді. Осы құрамдас бөліктерсіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптаса алмайды және мемлекеттік жазалау саясаты пәрменді бола алмайды.
Мінез-құлық актілеріндегі моральдық қағидаттардың басымдығының құқықтық тыйымдар немесе қылмыстық аңду қаупіне қарағанда әсері көп. Мораль, оның жазылған және жазылмаған заңдары болмауы тиіс салаларға ақша ережелерін енгізуге қарсы тұра алады, анықталуы бойынша сатып алуға болмайтын нәрсе ақылы алу үшін қолжетімді бола

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
18
алмайды: құрмет, лауазым, дәреже және көптеген басқалар, олардың қоғам алдындағы құндылығын түсіруі мүмкін. Сыбайлас жемқорлықты елдегі адамдар әділетсіздік деп негізді түрде қабылдайды. Бұл жерде әрбір адам өздері байқайтын болмысты оның санасында қалыптасқан тәрбие мен идеологиялық ұстаным негізінде адамгершілік тұрғысынан бағалайтынын тағы да атап өткен жөн.Егер адамгершілік ережелердің кешені жұмыс істемесе, қоғам азғындаған, ал мемлекет - әлсіз болады, егер социум өмірінде мораль тиісті орын алмаса, азғынданған қоғамның болашағы жоқ.
Адамгершілік және қылмыстық идеология қақтығысы. Сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз қоғамдық құбылыс ретіндегі ерекшелігі қоғамдық процестер өзгерісінде өте жылдам қозғалғыш келеді, оның қауіптілігін елемеу әртүрлі тәртіптің шығындарына әкеледі. Экономикалық шығындардан және халықаралық аренадағы беделін жоғалтудан бөлек (индекс CPI) [2], кез келген мемлекет қылмыстық идеологияны тарату проблемасына ұшырасады. Ең қауіптісі белгілі бір топтардың бай тап өкілдерінің санасында тоғышарлық элементтерінің тамыр жаюымен сән-салтанатта өмір сүретін, шамадан артық тұтынуға ұмтылуын жете бағаламау болып табылады. Бұл кемістік зиянсыз емес, ол адамдардың санасында өзіндік мінез-құлық стандарттарын қалыптастырады, кейіннен құқықтық түзетуге келмейді. Н. Бердяев тоғышарлықты ауыздықталмаған рахатқа батудың кері жағы, ал тоғышарлық нормалар, оның пікірінше, адамның қайырымды өзін-өзі шектеуіне сенбеушіліктің жемісі деп атаған [3, 186 - б.].
Адамдар бұны жақсы түсінеді, демек, сыбайлас жемқорлық және оның көріністері дегеніміз не, олардың болашағына және жас ұрпақтың болашағына қандай қауіп төндіреді жөнінде ойланады.
Осылайша, адамдардың түсінігінде қазіргі сыбайлас жемқорлық:
oo қоғамдық санаға, тұрмыс пен қызметтік жұмысқа терең тамыр жайған зұлымдық;
oo билік басындағы адамдардың жүзеге асыратын қылмыстық әрекеті;
oo адамгершілік мінез-құлық шектеулері жоқ, бірақ қоғамдық процестерге кері ықпал ете алатын арам адамдардың өмір сүру қалпы сияқты көрінеді.
Адамдардың позитивті адамгершілік бағдары болатын мінез-құлық ережелері бір мезгілде пайда болмайды, олар - олардың қайда пайда болғанына, қандай формацияда тамыр жайғанына және әлеуметтік норма белгілерін қашан иеленгеніне қарамастан тарихи тәжірибенің нәтижесі болып табылады. Мысал ретінде әрбір совет оқушысы жаттап алған екі цитатаны келтірейік:
1. Ғылымда даңғыл жол жоқ, шаршағаннан қорықпай оның тастақ жерлеріне өрмелейтіндер ғана оның шырқау шыңына жетеді (К. Маркс);
2. Адамзат жасаған барлық байлықты білу арқылы өз біліміңді байытқанда ғана коммунист бола аласың (В. И. Ленин).
Бұл сөздердің өнегелік құндылығы бұқара санасында айқындаушы орын алады, яғни бұрындары олар қарапайым ұран ғана болған. Оларды адамдар ұстанып, жастар тәлім-тәрбие алатын, ал еңбектік, партия, өндірістік тәртіпті бұзу ауыр моральдық шығындарға әкелетін.

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ

Адамгершілік бастаулары тамыр жайған қоғамда заңдар сақталады, жемқор өзін қолайсыз сезінеді, оның іс-әрекеті шектелген және өзінің қылмыстық мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Басқаша айтқанда, мораль (қолданыстағы мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде) және жоғары өнегелі орта жемқордың қылмыстық іс-әрекетін аса қиындатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін жазалау шаралары жеткіліксіз. Сот тағайындайтын жазаның қаталдығы мен жұрт алдында тұтқындау кезінде қарапайым адам оның алдына қазіргі болмыс қойған қарапайым сұрақтарға жауап табуы тиіс. Өзі байқаған нәрседен адам сыбайлас жемқорлыққа және оның қоғам өмірі мен өзінің өмірлік қағидаттарына жағымсыз ықпалына қатысты өз тұжырымын жасайды.
19
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жазалау тетіктеріне немесе ғылыми зерттеулерге ғана сүйенбеуі тиіс. Адамдардың сыбайлас жемқорлық туралы моральдық құндылықтар негізінде қалыптасатын түсінігін басты мәселе қойған жөн. Тек қана осы жол арқылы мемлекет қарапайым адамдардың мемлекет және сыбайлас жемқорлық билік ұғымдарын теңдестіруіне жол бермеуі тиіс. Егер соңғысы бұқара халықтың санасында тамыр жайса, онда сыбайлас жемқорлық мыңдаған жемқорлар жазаланса да жойылмайды.Адамгершілік ұстанымы мықты адам сыбайлас жемқорлықты былайша сипаттайды:
oo өзі үшін, өз елі және оның болашағы үшін төнетін нақты қауіп;
oo азаматтың өзін азаматты болып табылатын елмен байланыстыруын тоқтатуының бір себебі;
oo ұлттық байлықты тонау және қоғамдық сананы бұзу арқылы параға сатып алу және заңсыз баюдың қылмыстық сызбасы;
oo мемлекеттің құрылысына, өнегелік құндылықтарына қол сұғатын және бұқара санасына жалған құндылықтарды енгізу үшін жағдайлар жасайтын қылмыстық идеологияны заңсыз енгізу;
oo заңдар жұмыс істемейтін және әділдікке орын жоқ әділетсіз өмір.
Сыбайлас жемқорлықты жағымсыз құбылыс ретінде қабылдай отырып, оның әртүрлі көріністерін зерттей, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша әдістерді әзірлей отырып, мемлекет жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нәтижелерін көрсеткен жөн. Оң нәтижелер бар екеніне құқық қорғау статистикасы мен сот практикасы дәлел бола алады. Оң өзгерістер туралы ауыз ашпау адамдардың құқықтық саясаттың тиімділігіне сенбеушілігін туғызады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына көмектеспейді.
Тірек сөздер: сыбайлас жемқорлық, өнегесіздік, ымырасыздық, арамдық, мансапқорлық, ашкөздік.
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1. Сыбайлас жемқорлық феномені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері
Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның құбылысы ретінде
Сыбайлас жемқорлық тәртіптің психологиялық тетіктері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Сыбайлас жемқорлық қарсы мәдениеттің мағынасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік
Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ұғымы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ұғымы туралы
Пәндер