Коммерциялық қатынастағы поездарды технологиялық тексеру


КІРІСПЕ
Қазақстанның ТМД республикаларымен, Батыс және Европа елдерімен дамып жатқан сауда-саттық байланыстары темір жолдарының жүйесін және жұмыс тиімділігін ары қарай дамыту, транспорттық қамтуда өте маңызды экономикалық шешімдер қабылдау темір жолдарға байланысты.
Ауыл шаруашылығын және жергілікті тұрғындарды тасымалдау, өндірістің қажеттілігін өз уақытылы, сапалы және толығымен қамту темір жол көлігінің міндеті, сонымен қатар өз кезегінде маңызды экономикалық, әлеуметтік және политикалық тапсырмаларды орындайды.
Елдің халықтық шаруашылығын тасымалдаудағы қажеттілігін толығымен қанағаттандыру тапсырмасын тиімді орындау темір жол мен станцияның басты желілі бөлімшелері атқарады.
Темір жол станцияларында тасымалдау процессі басталады және аяқталады, ал жүк станцияларында вагон ағынының ең басты қайта өңдеу көлемі жүргізіледі. Тасымалдау мөлшерін ары қарай үлкейтудің басты қорының бірі техникалық құрылғысын қолданудағы интенсификация, вагон айналымын үлкейту, локомотивтерді пайдалануды жақсарту және еңбек өндірісін жоғарлату болып табылады. Осыған байланысты станция бөлімшесінің жұмыс дәрежесін көтеру қайта өңдеу мөлшерін үлкейту үшін және станциядағы вагондардың бос тұруын азайту үшін жаңа технологиялар және техника енгізу негізінде жүргізіледі.
Соңғы жылдары инженерлік қауым, өндіріс новаторларымен технологияны ары қарай дамыту, жаңа техниканы дамыту, ЭВМ технологиясын енгізу жөнінде көптеген ой-пікірлер туындады. Жоғары салмақтағы және ұзындықтағы поездарды құрастыруды ұйымдастыру, көптоптық құрылымды тез құрастыру тәсілдері, еңбекке ынталандыру және ұйымның ұжымдық қалпын тарату, вагондарды кешенді пайдалану жүйелері сияқты бастамалар қарастырылады.
Л станциясы станцияны басқару автоматтандырылған жүйесімен қамтылған. Электронды-есептеу техникасы орнатылған кешен автоматты өңдеу функциясына және АСУСС базасының мұрағатында ақпарат сақтау, және де поездарға шығу құжатын беруіне байланысты өндірістің жоғарылығын және СЦТ жұмыскерледің еңбек сапасын, автоматтық жоспарлауға байланысты станцияны басқару бойынша оперативтік шешімдерді қабылдауды, станция процессін ұйымдастыру бойынша мінездеме беруді, станцияны басқару бойынша қабылдау үшін шыққан нәтижені беруді қамтамасыз етеді.
Станция жұмысының технологиялық процессі вагондарды өңдеу бойынша жоспарлық тапсырмаларды орындау үшін станцияның барлық технологиялық құрылғыларын толығымен пайдалануды, еңбек өндірісін өсіру негізінде вагондардың станцияда аз уақыт тұруы үшін қабылдауды және жөнелтуді, тасымалдайтын жүктерді және қозғалмалы құрылымды сақтауды, поездар қозғалысының қауыпсіздігін және маневрлық жұмыстардың өндірісін, вагондарды қайта өңдеудің шығынының бағасын түсіруді көздейді және қамтамасыз етеді.
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Темір жол станциясының техникалық пайдалану сипаттамасы
Л станциясы жұмыс сипаттамасы бойынша вагондарды беретін мемлекет аралық түйіспе бөлімшесі болып саналады. Жұмыс көлемі бойынша 1 классқа жатады. Поезд қозғалысы кезіндегі жанасатын айдау және негізгі дабылқаққыш құрылғысы мен байланысы:
Тақ бағытта:
-Л- Б айдауы - екі жолды бөлімше. Тақ жол бойынша бір бағытты автоматтық блоктау тақ жүктердің және жолаушылар поездының қозғалысы үшін. Жұп жол бойынша бір бағытты автоматтық блоктау жұп жүктердің және жолаушылар поездары үшін;
- Л - П айдауы - тепловоздық тягамен жартылай автоматтандырылған бір жолды бөлімше;
Жұп бағытында:
- Л - С айдауы - екі жолды бөлімше. Тақ жол бойынша бір бағытты автоматтық блоктау тақ жүктердің және жолаушылар поездының қозғалысы үшін. Жұп жол бойынша бір бағытты автоматтық блоктау жұп жүктердің және жолаушылар поездары үшін;
- Л - М айдауы - бір жолды екі жақты автоматтық блоктау.
Л станциясы электрлі орталықтандырылған белгі мен бағыттамамен жабдықталған. Л станциясында екі қабылдау-жөнелту паркі және бір сұрыптау паркі бар.
Тақ қабылдау-жөнелту паркі 19 жолдан тұрады:
- 1, 2 - барлық бағыттағы жолаушылар поездары үшін қабылдау-жөнелту жолы,
- 3 - барлық бағыттағы жүк поездары үшін қабылдау-жөнелту жолы, сонымен қатар ұзын құрылымдағы және ауыр салмақтағы поездар үшін,
- 4, 5 - барлық бағыттағы жүк поездары үшін қабылдау-жөнелту жолы,
- 6 - барлық бағыттағы жүк поездары үшін қабылдау-жөнелту жолы, сонымен қатар ауыр салмақтағы поездар үшін,
- 7, 8 - барлық бағыттағы жүк поездары үшін қабылдау-жөнелту жолы,
- 9, 10, 11, 12 - барлық бағыттағы жүк поездары үшін қабылдау-жөнелту жолы, сонымен қатар ұзын құрылымдағы және ауыр салмақтағы поездар үшін,
- 13 - барлық бағыттағы жүк поездары үшін қабылдау-жөнелту жолы,
14 - барлық бағыттағы жүк поездары үшін қабылдау-жөнелту жолы, сонымен қатар ұзын құрылымдағы және ауыр салмақтағы поездар үшін,
- 2А, 18, 20, 19 - басты жолдар, жұп және тақ жүк поездарды өткізу үшін,
- 17-й - жүріс жолы, жұп және тақ жүк поездарды өткізу үшін,
Сұрыптау паркі поездарды құрастыру және ажырату үшін, вагондарды жинау және барлық бағыттағы топ, сонымен қатар поездардың категориялары, түрі және вагондардың жабдықтары үшін қарастырылған. Сұрыптау паркінде аз қуатты бар және вагондарды ажырату кезінде тежеу үшін тоғыз табандықлақтырғыш құрлғысымен жабдықталған.
Сұрыптау паркі 10 жолдан тұрады:
- 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 - барлық бағыттарға жүк поездарын жинау және құрастыру үшін сұрыптау жолдары,
- 9 - сұрыптау жолы - ағымдағы ақауы бар вагондарды жөндеу үшін,
- 10 - сұрыптау жолы - цистерналардың жоғарғы қақпағын тексеру, жабық вагондар, эстакададағы астық тасушы үшін, және де цистерналардың, астық тасушының, жабық вагондардың жоғарғы қақпағын пломбалау үшін.
Басқада станциялық жолдар:
- 21- жол - тартымдық,
- 24- жол - ЭЧ,
- 25-, 26- жолдар - қалпына келтіретін поездардың тіреуі үшін,
- 27- жол - ВМ жүгі тиелген вагондардың тұрақтауы үшін,
- 28- жол - өр поездының тоқтауы үшін,
- 29- жол - ағымды жөндеуге вагондарды дайындау пункті,
- 29а-жол - вагондарды бөлу үшін,
- 37- жол - тартымдық,
- 38- жол - ШЧ,
- 72- жол - локомотивтерді басып озу үшін,
- 76- жол - сақтандырғыш,
- 81-жол - тартымдық,
- 82-жол - салмақтық,
- 83, 84 - қосу жолдары.
81-і тартымдық жолы жолдардағы көмір түсіру және болдың дистанциялық жолының РЭБ жолына кіру үшін вагондарды жинау және беру үшін пайдаланылады.
Қозғалыс құрылымына қызмет жасау және ағытпасыз жөндеу жүргізу үшін станцияда мынадай құрылғылар бар:
- тақ қабылдау-жөнелту паркінде 2 -3 жолдардың арасында қосалқы бөлшектерді сақтау және пайдалану үшін стеллаждар орналасқан және 14-і және 1-і сұрыптау жолдарының арасында, 2-3 жолдардың және 11-12 жолдардың арасында өзі жүретін РУ арбасына раналған жолдар орналасқан;
- тақ қабылдау-жөнелту паркіндегі 10-11 жолдардың арасында қосалқы бөлшектерді сақтау және пайдалану үшін стеллаждар орналасқан.
Тақ паркінің жұп қылтасында 2-3 жолдардың, 4-5 жолдардың, 6-7 жолдардың, 8-9 жолдардың, 10-11 жолдардың, 12-13 жолдардың, 13-14 жолдардың арасында локомотивтік бригаданың тасымалдау құжатын қабылдау үшін бункерлер орналасқан. Техникалық кеңсеге станцияның паркінен тасымалдау құжаттарын жеткізу және оны ары қарай өңдеуді техникалық кеңсенің жұмыскері жүргізеді.
Тақ паркінің жұп қылтасында вагондардың және контейнерлердің жоғарғы бөлігін тексеруді поездарды қабылдаушы және әскери күзеті 9-10 жолдардың арасында жүргізеді, сонымен қатар тақ паркінің тақ қылтасында 5-6 жолдардың арасында темір мұнаралары орнатылған. Жұп паркіне келген поездардың жоғарғы жағын, контейнерлерді тексеруді поездарды қабылдаушылар және ВЖДО жұмыскерлеріжұп паркінің жұп қылтасында орналасқан постың екінші қабатынан жүргізіледі.
Станцияның паркінде және қылтасында жарықтандыру үшін мыналар орнатылған:
а) жұп паркінде: тақ қылтасында - 6 прожекторлық 1 прожектор діңгегі; парктың ортасында - 24 прожекторлы 4 прожектор діңгегі; жұп қылтасында 12 прожекторлы 2 прожектор діңгегі; ал перронда темір бетонды негізге орнатылған 20 шам орнатылған.
б) сұрыптау паркінде: тақ қылтасында - 18 прожекторлық 3 прожектор діңгегі, 6 прожекторлық 2 ригель; жұп қылтасында - 12 прожекторлық 2 прожектор діңгегі, қатты маңдайшада 4 шам; жылжыту жолында - темір бетон негізінде 5 шам орнатылған.
в) жұп паркінде: тақ қылтасында - 6 прожекторлық 1 прожектор діңгегі; жұп қылтасында - 6 прожекторлық 1 прожектор діңгегі; темір бетон негізінде 4 шам; парк ортасында қатты маңдайшада 12 шам орнатылған.
Станцияда 171-і нұсқағыш электрленген орталығымен және 32 жол электрлі оқшалаумен жабдықталған, соның ішіндегі 9 жол АЛСН кодтау құрылғысымен жабдықталған. 321/323, 325/327, 329/331 нұсқағыштарды есептемегенде барлық орталықтандырылған нұсқағыштар пневнообувкамен жабдықталған,
2 ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2. 1. 1 Станцияның эксплуатациялық жұмысының сипаттамасы.
Л станциясы жолаушылар және жүк транзиттық поездарын қайта өңдеусіз локомотивті және локомотив бригадасын ауыстыруымен қабылдауды және жөнелтуді, қайта өңдеуге түскен поездарды ажырату және Қ, Ж, А, Е, М, бағыты бойынша бөлімшелік поездарды құрастыруды жүргізеді. Л - Е, Л - Ж бөліміне құрама поездарды құрастыруды жүргізеді.
Станцияда барлық поездарға техникалық қызмет көрсетіледі, барлық категория бойынша жүк поездарына коммерциялық тексеру, ағытпасыз вагондарға жөндеу және коммерциялық ақауларды жою, цистернаның, астық тасығыштың, жабық вагондардың жоғарғы қақпағының жағдайын тексеру, аз салмақтағы және аз құрылымдағы поездарды толтыру жұмысы жүргізіледі. Технологиялық орталықта поездық ақпаратты өңдеу және тасымалдау құжаттарын өңдеу тасымалдау құжаттарымен және натурдық қағаздармен жүргізіледі, қажет болса натурдық қағаздар дұрысталады немесе жаңадан толтырылады.
Станциялық технологиялық орталығымен әр поездға вагондардың қабылданғаны және қабылданбағаны көрсетіле отырып таратушы поезд ведомосі толтырылады.
Жолаушылар поездарымен жүргізілетін операциялар: қабылдау және жөнелту, локомотивті және локомотив бригадасын ауыстыру; класстық вагондарды тіркеу және ағыту; жолаушыларды отырғызу және түсіру; жүк арту, жүкті және поштаны түсіру; қол жүгін өлшеу; кедендік қол жүгін тексеру және шекаралық визалық бақылау.
Станция вагондарды жүктеуге дайындау, жүк түсіруден кейін вагондарды жинау, жабық вагондарды жуу және жөндеу, астық тасығыштарды жүк артуға дайындау операцияларын жүргізеді. Ағынды жөндеу техникалық ақауы бар вагондарға және коммерциялық кемістерді жою үшін жүргізіледі. Вагондарды өлшеу вагондық таразыда жүргізіледі.
Вагон ағыны бір жылға белгілейтін жүк поездарының құрастыру жоспарына байланысты. Бөлімшенің эксплуатациялық жұмысы мен тәуліктік вагон ағынына байланысты бөлек поездар үшін жоспарға оперативтік түзетулер жасалады. Көрсетілген түзетулер диспетчердің бұйрығымен толтырылып қол қойылады:
егер түзетулер станцияның бір бөлімшесіне қатысты болса, тасымалдау бөлімінің кезекшісімен;
егер түзетулер станцияның әр түрлі тасымалдау бөліміне қатысты болса, тасымалдау Департаментінің тасымалдау процессінің Басқармасының оперативті-бұйыру бөлімінің басшысының орынбасарымен.
Л станциясы бойынша вагон айналымының қорытындысы.
Л станциясы бойынша 2010 жылдан 2012 жылға дейін орташа тәуліктік вагон айналым 47, 05 % өсті. (Диаграмма 1. 4. 1) . соның ішінде дара жол А-Ә бағыты бойынша 103% өсті (Диаграмма 1. 4. 2) .
А-Ә бөлімшесінің әрі қарай дамуына байланысты вагон ағынының үлкеюін орташа есеппен жыл сайын 20-30% болжауға болады. 2010 жылдан 2013 жылға дейінгі Л станциясының орташа тәуліктік вагон айналымы 2 диаграммада көрсетілген.
2. 1. 2 Станция жұмысын оперативтік басқару және жоспарлау.
«Темір жол станциясының ережесі» негізінде станция басшысы станция жұмысын басқаруды өзінің орынбасарлары арқылы жүргізеді.
Станция жұмысын оперативтік басқару, тәуліктік және ауысымдық жоспарлардың орындалуын қадағалау және технологиялық процесске қатысты поездарды өңдеуді ұйымдастыру, поездардың қауыпсіз қозғалуын, маневрлық жұмыстың, жұмыскерлердің жеке техникалық қауыпсіздігін қамтамасыз етуді станция басшысының оперативтік жұмысы бойынша орынбасары атқарады.
Станция бойынша жүк және коммерциялық жұмыстарын басқаруды станция басшысының орынбасары жүргізеді.
Технологиялық процесстерді құрастыруды және енгізуді және озық еңбек тәсілдерін, техникалық қамтуды күшейту бойынша іс-шараларды жүргізуді, жаңа техникалық құрылғыларды рационалдық пайдалануды, поездар қозғалысының қауыпсіздігін және жеке техникалық қауыпсіздігін қамтамасыз етуді, сонымен қатар станция жұмысын қорытындылауды станцияның басты инженерінің басқаруымен жүргізіледі.
Ауысымды-тәуліктік жоспарға байланысты станция жұмысын оперативті басқару және жоспарлау маневрлық диспетчермен жүргізіледі.
Маневрлық жұмысты басқаруды маневрлық диспетчер станцияның, парктің, сұрыптау дөңесінің кезекшісінің көмегімен жүргізіледі.
Маневрлық диспетчердің үкімі бойынша поездарды уақытылы және қауыпсіз қабылдау, поездарды жөнелту, сұрыптау дөңесінің жұмысы, поездарды технологиялық нормада өңделуін орындау жұмысы поездарды қабылдау мен жөнелтуге және маневрлық жұмысқа қатысты барлық жұмыскерлемен орындалады.
Станция бойынша кезекші.
поездарды қабылдауды, жөнелтуді және станцияның қылтасында және қабылдау-жөнелту паркінің аумағындағы маневрлық жұмыстарды, поездар қозғалысының тәртібін жүргізуді, поездар қозғалысына қатысты түйінді және поезды бөлімшелерінің диспетчерлерімен сөйлесулер жүргізуді басқарады;
орталықтандыру постың кезекшілерінің арқасында парк бойынша вагондарды бекітуді, тежеуіш табандықтарын алуды, барлық поездарға ескерту беруді қадағалайды;
жолаушылар, жүк поездарының және маневрлық қозғалыстардың қауыпсіздігін қамтамасыз етеді, поездарды технологиялық нормада өңдеуді орындайды және поездар қозғалысының тәртібін қадағалайды.
Орталықтандыру постың кезекшісі:
бағытты қабылдауды дайындайды, поездарды жөнелтуді және маневрлық қозғалысты, көрші станцияның кезекшісімен және поездық бөлімшенің диспетчерлерімен, парктің кезекшілерімен, маневрлық локомотивтің жүргізушісімен және поезд құрастырушымен, дөңес кезекшілерімен және ЭЦ маневрлық мұнара постының кезекшісімен поездың қозғалысы бойынша сөйлесулер жүргізеді.
Электрлі орталықтандырылған маневрлық мұнара постының кезекшісі сұрыптау паркінің тақ қылтасында және тартымдық жолдарындаға маневрлық жұмыстармен басқарады.
Дөңес кезекшісі дөңесте және сұрыптау паркінде маневрлық жұмыстарды басқарады, поездарды құрастыруды және ажыратуды жүргізеді. Дөңес бригадасының құрамына кіреді, поездарды құрастыру және ажырату тапсырмасының орындалуын қадағалайды, дөңес құрылғыларын және локомотивтердің тиімді пайдалануын, қозғалыстың қауыпсіздігін, жүктің және қозғалмалы құрылымның сақталуын, қозғалыс жылдамдығын реттеушілердің және поезд құрастырушыладың жеке техникалық қауыпсіздігін қадағалайды.
Кезекшілік барысында технологиялық орталық жұмысын басқаруды поездар ақпаратын және тасымалдау құжаттарын өңдеуді станцияның технологиялық орталығының аға операторы жүргізеді.
Технологиялық орталықтың жұмыскерлері мынаны қамтамасыз етеді: барлық бағытта келіп жеткен поездарды алу және қабылдау-жөнелту паркіндегі өз құрылымдағы поездарға тіркеу, ЭВМ-нен алынған поездың натурлық қағазы бойынша алыңған номерлерді тексеру, натурлық қағаздарды түзету, тасымалдау құжатын өңдеу, Қарталыдан түсетін және Қарталыға кететін поездарға поездық таратушы ведомості дайындау және енгізу.
2. 2 Коммерциялық қатынастағы поездарды технологиялық тексеру
2. 2. 1 Поездарды коммерциялық тексерудегі жалпы талаптар
Л станциясының қабылдаушылар жұмысын АҚ НК «ҚТЖ» коммерциялық тексеру пунктінің бригадирі қадағалайды. ПКО Оңтүстік-Орал темір жолының жұмысын Оңтүстік-Орал темір жолының вагондар тарату пунктінің басшысы басқарады.
Поездардың келуі жайлы ақпаратты поездарды қабылдаушылар ДСП-дан поездың келер уақытымен және номері белгіленген жариялау байланысы арқылы қабылдайды. Натурлық қағаз бойынша поездарды коммерциялық тексеру, транзиттық поездардың құрылымын соңғы тексеру жүргізіледі, анықталған ақаулар поездар технологиялық тоқтауда тұрған ауқытта жүргізіледі.
Қабылдау және тапсыру тобы 2 поезды қабылдаушыдан тұрады. жұп және тақ поездарда байқалған коммерциялық қателіктерді жою Оңтүстік-орал темір жолының және АҚ НК «ҚТЖ» поездарды қабылдаушыларымен жүргізіледі, тәртіп бойынша вагондарды поездан ағытпай-ақ. Егер поездағы, вагондағы жөндеуге тұра келетін коммерциялық ақаулықтарды жою үшін вагондар поездан ағытылып сұрыптау паркінің 10 жолына барады. Ақаулықтарды жою механизмен және АҚ нк «ҚТЖ» күшімен жүргізіледі. Вагондарды ағыту үшін тапсырысты аға қабылдаушы поездарды Л станциясының жұп поездарына береді, коммерциялық ақау пайда болған сәтте тақ поездарға Оңтүстік-Орал темір жолының аға қабылдаушысы жалпы ГУ-23 қалпындағы акт негізінде жүргізеді.
Коммерциялық қатынастағы поездарды тексеру ГУ-98 қалыптағы коммерциялық ақауларды тіркеу кітабына жазылады, және міндетті түрде поездарды қабылдаушы әр тексеру үшін қолын қояды. Егер ақаулар болмаған жағдайда ГУ-98 кітабында поезд номерінің қарсысына «Коммерциялық ақаулар анықталған жоқ» деп жазылады. ГУ-98 қалпындағы кітабының парақтары тігілген және номерленген болуы керек, және де осыған міндетті жұмыскерлердің қолы қойылған болуы керек (Оңтүстік-орал жолының вагондар беру пунктінің басшысы және АҚ НК «ҚТЖ» ПКО бригадирі) . Кітапты толтырып болған соң Л станциясының мұрағатында сақталады және ППВ басшысының сұрауы бойынша беріледі. Қажетті кітаптар санын Л станциясының басшысы қамтамасыз етеді.
Қабылдайтын және тапсыратын жақтармен бірігіп толтырылатын ГУ-23 қалпындағы жалпы актың барлық бланкінде Л станциясының мөрі болуы керек, және де міндетті түрде номерленген және кітапша түрінде тігілген болуы керек. Номерлеуді Л станциясының акті үстелі жүргізеді. Л станциясының бланкілерімен Л станциясының басшысы қамтамасыз етеді. Мемлекет аралық вагон беру пунктінде Л станциясының ГУ-23 қалпындағы Қарталы станциясының мөрі басылған бланкілері рұқсат етілмейді.
Егер вагондарда және контейнерлерде қозғалыс қауыпсіздігіне немесе тасымалдайтын жүктерге қауыпті коммерциялық ақаулар табылған сәттеГУ-23 қалпындағы жалпы акт үш данада толтырлады, ол актта екі жақтың поезд қабылдаушыларының қолы қойылады. Егер келген поезд бағыт жолында нұсқаулықтарының күзетінде болса, онда нұсқағыштар тексеру барысында қатысады және жалпы қалыпта акт қабылдаушылармен бірге толтырылады. Актың бірінші данасы тасымалдау құжаттарына тіркеледі, екінші данасы тараут ведомостіне, ал үшіншісі станцияда қалады. Қабылдауш жақ тапсырушы жағынан пайда болғанақауларға қатысты қабылдаудан бас тартса, Гу-23 қалыпындағы жалпы актіде «Қол қоюдан бас тартты, және бас тарту себебі» деген сөздер жазылады.
Вагондар тексеру барысында жүктердің ұрланған фактілері болса, Гу-23 қалпындағы жалпы актің көшірмесі Л станциясындағы желілік полиции бөлімшесіне жіберіледі.
Ұрланған фактілері бар вагондар және контейнерлер, қораптың бұзылуы, кескін, ашықтығы, алынғандығы көрініп тұрса, поезд келген сәттен бастап 1 сағат ішінде жалпы қалыптағы акт толтырылып вагон поездан ағытылуы керек. Жүкке барлық жағдайларға қарамастан жақындауға болмайды, жүк толығымен күзетке тапсырылады.
Оңтүстік-Оралды темір жолынан немесе АҚ НК «ҚТЖ» келген вагондар, және коммерциялық қатынаста комиссиондық жүк тексеру ережесіне қатысты, комиссиондық ақауды жойғаннан кейін Л станциясына қабылданады. Оңтүстік-Орал жолынан және АҚ НК «ҚТЖ» жолынан келген вагондарда поездардың қозғалысына қауіп туғызатын коммерциялық ақаулар болса, сол ақауларды жою үшін Л станциясында вагондар ағытылады. Кейбір жағдайларда вагондар артқа қайтарылуы мүмкін, егер тапсырушы жақ сұратса, бұл жерде міндетті түрде жалпы қалыпта акт толтырылады. Коммерциялық қатынаста вагондарды тексеру техникалық тексерумен және кедендік бақылау қатар жүргізіледі.
Құрылымдағы вагондардың жүк бекітулері олқы болса, поездар қозғалысына қауыпсіздік немесе тасымалданатын жүктің сақтығын қамтамасыз етпесе, поезды жөнелту рұқсат етілмейді.
Оңтүстік-Орал темір жолынан немесе АҚ НК «ҚТЖ» жолынан келген вагондар тексеру барысында ақаулар пайда болғаннан кейін коммерциялық қатынаста ақауды жойғаннан кейін қайтадан тексеруден өтеді және Л станциясында кедендік органдардың рұқсатымен жүргізіледі.
Стандарттық жүйеге сәйкес қауыпсіз еңбек шарттарына міндеттілік Л станциясының басшысына жүктеледі. Жеке техникалық қауыпсіздік үшін міндеттілік вагондарды тарату пунктінің басшысына жүктеледі.
Азаймайтын жабдықтардың қоры және коммерциялық ақауларды жою үшін арналған құралдарды АҚ НК «Қазақстан Темір Жолы» қамтамасыз етеді.
Л станциясының басшысы Оңтүстік-Орал темір жолының поездар қабылдаушыларын «жұп» және «тақ» паркінде бөлмемен қамтамасыз етеді, телефондық байланыспен «жұп» және «тақ» паркінде, электр қуатымен қамтамасыз етеді.
2. 2. 2 Тақ транзитті поездарды тексеру
ПТО операторымен құрылымды дистанциялық қоршағаннан кейін және ол жайлы парктық байланыс арқылы станция бойынша кезекшілерге жариялағаннан кейін поездарды қабылдаушылар құрылымның ұзына бойы өтіп коммерциялық тексеруге кіріседі. Тексеру барысында ЗПУ бақылау белгісі саналады және тексеріледі, ЗПУ түрлері, жабық вагондардың есіктері, сырт жөндеулері белгіленеді, дәнекерлеп пісірудің орны, платформада жүктің орналасуы және бекітілуі тексеріледі. Әр вагонды тексеріп болған соң, вагон арасындағы аралықта қабылдаушылар бір-бірінің жазғанын салыстырады
Жүктің жағдайына қарай артудың дұрыстығына байланысты тексеруді талап ететін вагондар, тасымалдау құжатына сәйкестігі, орынның санына сәйкестігі, вагондар мен контейнерлердің төбесінің бүтіндігі, астықтасығыштың, жабық вагондардың және цистерналардың арту қақпағындағы ЗПУ сәйкестігі және дұрыстығы, пломбалау құлағындағы пропилдардың болмауы жазбаша түрде ауысым бригадиріне тапсырыс жазылады. Тексеру қабылдаушылармен бірге ФГП ВО ЖДТ РФ жұмыскерлерімен тексеру мұнарасынан немесе эстакададан жүргізіледі. Тексеру барысындағы ақпараттар поезд қабылдаушының жұмыс кітапшасына жазылады.
Техникалық кеңсеге тасымалдау құжаттары түскеннен кейін босамаған ППВ ЮУРЖД бригадирі құрылымдағы барлық вагондарға жалпы қалыптағы акт толтырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz