Басып кету - қозғалыстағы көлік құралының кедергіні басып кетуі немесе қозғалыстағы объектінің көлік құралына соғылуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс мазмұны:
І Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------3 -4
ІІ Негізгі бөлім------------------------------ ----------------------------------- ----------------------------------- -----------------5-20
2.1 Жол сипаттамаларын зерттеу әдістері ----------------------------------- --------------------------------5-8
2.2 Жол-көлік оқиғасы, оның түсінігі және түрлері. Жол-көлік
оқиғасының элементтері------------------------ ----------------------------------- ----------------------------------- ----8-16
2.3 Жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау, оның түсінігі және әдістері--------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- ---------------------------16-24
ІІІ Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- ------------------25-26
IV Қолданылған әдебиеттер тізімі----------------------------- ----------------------------------- ------------------27

І Кіріспе
Қазіргі қоғам дамуындағы көліктің рөлі мен орнын белгілей отырып экономикалық теория оны жалпы арналған еңбек құралы, өңдірістің жалпы шарттарының бірі ретінде қарастырады. Кәсіпорын ішіндегі жұмысшылар мен еңбек құралдарын тасымалдай отырып, көлік технологиялық еңбек бөлінісінің нәтижесінде туындайтын байласынстарды жүзеге асырады. Бұл функцияларды ішкі өндірістік көлік атқарады. Өндірушілер (жіберушілер) мен тұтынушылар арасында әр түрлі өнім түрлерін тасымалдай отырып, көлік аймақтық еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болған байланыстарды іске асырады.
Көлік бір жағынан - нарық сараланымы (сегмент) яғни тауарлар айырбасын нақты іске асырушы және тұрғын халыққа қызмет көрсетуші, ал екінші жағынан - он нарық субъектісі ретінде тауарлар мен жүргізушілерді тасымалдай отырып өз қызметін сатады. Мұндай қызметті көліктің әрбір түрі әрқалай іске асыруы мүмкін және осының нәтижесінде олар көлік нарығын қалыптастырады.Сонымен қатар көлікке оны халық шаруашылығының басқа салаларынан ерекшелендіретін кейбір өзгешеліктер тән.
Біріншіден, көлік жаңа заттық өнім өндірмейді, алайда айналым аясындағы өндіріс үрдісінің жалғасы іспетті болып табылады.
Екіншіден, көлік өнімін, яғни жолаушы және жүк тасымалын, көлік өндірісінің үдерісінен бөліп қарау мүмкін емес. Оны жинақтап, қор жасау да мүмкін емес.
Үшіншіден, көлік өнімінің құрылымында шикізат болмайды. Оның өзіндік құнындағы еңбекақының үлесі өнеркәсіптегіден екі есе жоғары. Өтелім, отын және электр қуаты үшін жұмсалатын қаражат көліктің барлық пайдалану шығындарының жартысына жуығын құрайды.
Төртіншіден, көлікті дамытуға бөлінетін қаржы айналымы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға жұмсалатын қаржы айналымынан өзгеше болады. Көлік нарығында жаңа зат түріндегі тауар емес, керісінше көлік өнеркәсібінің өндіріс үдерісінің өзі жүзеге асырылады, сондықтан көлік жүйесі жұмысының тиімділігі мен сапасына қойылатын талаптар көлік қызметінің соңғы нәтижесі болып саналады.

ІІ Негізгі бөлім
2.1 Жол сипаттамаларын зерттеу әдістері
Құжаттық зерттеу
Бұл әдістің негізгі белгісі материалдарды кабинеттік жағдайларда зерттеу болып табылады, сондықтан бұл әдісті кейде камералық деп те атайды. Құжаттамалық зерттеуді арнайы жинақталған мағлұматтар негізінде, сондай-ақ іс жүзіндегі және өзге мақсаттарда қолданылатын мағлұматтар негізінде де жүзеге асыруға болады.
Жүктерді тасымалдау қашықтығы іс жүзіндегі көше-жол тораптарына сәйкес келетін фактілік бағытжолдар бойынша анықталады. Сұрақтамалық зерттеуді, сонымен қатар жүргізушілердің қозғалысты ұйымдастырудағы немесе жол жағдайларындағы кемшіліктер туралы ескертулерін жалпыламалау үшін де пайдалануға болады.
Камералық зерттеулердің маңызды бөлімін (тарауы) қозғалыс өлшемдерінің өсуі мен автомобильдер паркінің өзара құрылымдастығы туралы ғылыми болжамға негізделген. Жол-көлік оқиғасының жол полиция ақпаратындағы есепке алу картотекасын дәйекті зерттеу олардың жан-жақты талдамасын орындауға және жол-көлік оқиғасының пайда болуына әкеп соққан себептер мен себепкерлерді жалпыламалауға мүмкіндік береді.
Қолда бар жобалық құжаттамаларды көше-жол тораптарында талдау қозғалысты ұйымдастыру шешімдерді өңдеп шығаруға қажетті жол сипаттамаларын (жалпы енін, жолақтар санын, бұрылулар радиусын және т.с.с) алдын-ала дайындап шығаруға мүмкіндік береді.

Шынайы зерттеулер
Шынайы зерттеулер уақыттың берілген кезеңінде факт жүзінде өтетін жол қозғалысының нақты жағдайларын және көрсеткіштерін тіркеуге негізделген. Әдістердің бұл тобы қазіргі уақытта кең таралған және өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Шынайы зерттеулер жолдардың күйі туралы нақты ақпараттарды алудың жалғыз (бірыңғай) әдісі болып табылады және іс жүзіндегі көлік және жүргізушілер ағындарының дәл сипаттамасын беруге мүмкіндік етеді.
Жол қозғалысы сипаттамаларының шынайы зерттеулері ақпаратты алу әдісінен және алынған ақпараттың сипатынан тәуелді екі топқа бөлінуі мүмкін:
көптеген сипаттамаларды және олардың уақыты бойынша өзгерулерін алуға мүмкіндік беретін стационарлық кедендерде зерттеу;
жол қозғалысының алуан түрлі себепкерлерінің кеңістіктің және кеңістікті-уақыттың сипаттамаларын алуға мүмкіндік беретін жылжымалы құралдардың көмегімен зерттеу.
Екінші топқа жататын зерттеулерді көбінесе автомобиль-зертхананың немесе ағында "жүзетін" автомобильдің көмегімен жүзеге асырады. Барлық шынайы зерттеулер үшін жалпы шарт жол-көше торабының зерттелетін нүктесінде бақылаушының қатысуы қажеттілігі болып табылады. Жол қозғалысының нақты зерттеулері белсенді немесе енжарлы әдістермен жүргізіледі.
Көлік ағындарын стационарлық посттарды зерттеу. Бақылаудың стационарлық кедені көлік ағынының құрамы, қарқындылығы, көлік құралының лездік жылдамдығы мен кідірістері туралы ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Нұсқалған ақпаратты қарапайым техникалық құралдардың (секунд өлшеуіштің, бірліктерді механикалық есептегіштің) көмегімен жай көзбен бақылау арқылы, сондай-ақ автоматтық тіркеу құралдарын қолдана отырып алуға болады.
Көлік ағындарын жылжымалы құралдармен зерттеу. Қозғалысты стационарлық кеденде зерттеу кезінде алынған ақпарат тек жолдың берілген нүктесіне (қимасына) ғана жатқызылады. Көше-жол торабындағы қозғалыс тәртіптерінің кеңістікті - уақыттық сипаттамаларын алу үшін жылжымалы құралдар - жылжымалы зертханалар, тікұшақтар және т.с.с. қолданылады. "Жүзу" автомобильдің, яғни ағындағы көлік құралдарының негізгі массасына тән жылдамдықпен қозғалатын автомобильдің көмегімен зерттеу әдістері кең таралған. Бұл әдісті пайдалану мысалы жылдамдықтың кеңістіктік сипаттамасын бүкіл жол торабының бойына зерттеу болып табылады. Автомобиль-зертханамен басып озылған және автомобиль-зертхананы басып озған автомобильдердің шашлық теңдігін қозғалыс тәртібі дұрыстығының сыртқы белгісі ретінде қарастыруға болады.

Қозғалысты модельдеу
Қозғалыс барысын физикалық немесе математикалық әдістерімен, мысалы ЭЕМ-ның көмегімен жасанды үндемей өндіруге негізделген физикалық моделдеудің қарапайым мысалы ретінде әртүрлі көлік құралының ептілік және аялдау мүмкіндерін тексеру әдісін алуға болады.
Көлік құралдарының математикалық жазбасына негізделген матема-тикалық модельдеу (есептеу тәжірибесі) кеңінен таралған. Шынайы тәжірибе нәтижелерін зерттеу бернелік қатынастарды және теориялық үлестірулерді алуға мүмкіндік береді, осылардан шыға отырып математикалық модельдерді тұрғызады.
Зерттеулердің ұйымдастырушылық және әдістемелік міндеттері жүргізілетін зеттеу жұмыстарының мақсаттарына және масштабтарына және олардың аспаптық жарақтау мүмкіндіктерінен тәуелді болады.
Әрбір зерттеу ережесі бойынша, 4 негізгі кезеңдерден тұрады:
1-ші кезең: бағдарлама жобасын және зерттеулер әдістемесін өңдеп шығару;
2-ші кезең: зерттеулерді дайындау (әзірлеу);
3-ші кезең: зерттеулерді тікелей жүргізу;
4-ші кезең: алынған нәтижелерді өңдеу және есеп беру жазбасын құрастыру.
Жол қозғалысының параметрлерiн зерттеу
Жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғатын қауіпті жағдайларды жылдамдықты дұрыс таңдамау қала сыртындағы жолдарға қарағанда қала ішінде көбірек (53 %) болады. Жол көлік оқиғаларының қаладағы таратылуы төмендегідей:
екі қиылыс аралығындағы жолдарда 76,9%;
реттелмейтін қиылыстарда 8 %;
реттелетін қиылыстарда 4,9%;
жалпы пайдалатын көліктердің тоқтайтын аумақтарында 6,3 %.
Ал қала сыртындағы жолдарда жол-көлік оқиғаларының 10 % астамы жол бұрылыстарынан өткен кезде және 13,4 % өрлер мен құламаларда қозғалыс жылдамдығын дұрыс қабылдамауға байланысты болады.

2.2 Жол-көлік оқиғасы, оның түсінігі және түрлері. Жол-көлік
оқиғасының элементтері.
Жол- көлік оқиғасы өз табиғатында ең бір динамикалы түрде пайда
болатын құбылыс болып табылады. Жол-көлік оқиғасының түсінігіне
байланысты криминалист ғалымдардың арасында принципиалдық
дәрежеде айырмашылық жоқ. Себебі, жол-көлік оқиғасының негізгі
мәнді түсінігі арнайы нормативті актіде көрсетілген. Ол акт
Қазақстан Ішкі Істер Министрінің бұйрығымен бекітілген, 1992 жылдың 12
желтоқсанында қабылданған "жол-көлік оқиғаларын тіркеу ережесі" болып
табылады. Бұл ережеге сәйкес "жол-көлік оқиғасы дегеніміз
қозғалыстағы көлік құралының қатысуымен нәтижесінде кісі өліміне немесе
оның дене жарақатын алуына, көлік құралдарында, құрлыстарда, жүктерде
және тағы басқа материалдық объектілерде ақаулардың пайда болуына алып
келіп соғатын оқиғалар"9. Осындай анықтаманы криминалист ғалым
Г.А. Мозговых та береді. Оның айтуы бойынша "жол-көлік оқиғасы дегеніміз-
міндетті түрде қозғалыстағы көлік құралы қатысатын, нәтижесінде
кісі өлімі болатын немесе оның денесіне жарақаттар түсетін, көлік
құралдары мен қоршаған ортаға материалдық ақаулар келтіретін
оқиға"10. Жоғарыда айтылғандай жол-көлік оқиғасының өзіне тән ерекшеліктері бар.Оны былайша топтастыруға болады:
1. Жол-көлік оқиғасы динамикалық сипатқа ие, себебі оның
қатысушысы -- көлік құралы жол-көлік оқиғасы алдында қозғалыс үстінде болады;
2. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде белгілі бір материалдық залалдар
келтіреді. Ол залалдар әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Мысалы, көлік
құралына, айналадағы қозғалмайтын объектілерге (үйлер, ғимараттар,
ағаштар,т.б.), жаяу жүргіншілерге келтірілген залалдар.
3. Міндетті түрде қатысушысы қозғалыстағы көлік құралы болады.
Бұл жағдайда көлік құралы ретінде "жол-көлік оқиғаларын тіркеу
ережесіне" сәйкес автомобильдер, мотоциклдер, мотоколяскалар, мопедтер,
алынбалы двигателі бар велосипедтер және т.б. өздігімен жүретін
механизмдер, ат жегілген арбалар танылады.
4. Жол-көлік оқиғалары жол үстінде немесе жол шетінде пайда болады.
Яғни, жол -- көлік оқиғасының болуы жолға байланысты туындайды.
Осы белгілерінен көрінгендей жол -- көлік оқиғасы өзіне тән
криминалистік зерттеу әдістерін қолдануды талап етеді. Сол себепті,
криминалистикада жол -- көлік оқиғаларына байланысты қылмыстарды тергеудің кешенді түрдегі методикасы анықталып, бекітілген. Негізі, кез-келген зерттеу үшін зерттеу объектілерін жүйелеп, түрлерге бөліп, топтастырып алу керек. Жол-көлік оқиғаларының түрлері "жол -- көлік оқиғаларын тіркеу ережесінде" анықталған. Оған сәйкес мынадай төмендегідей түрлері көрсетілген
1. Соқтығысу - қозғалыстағы көлік құралдарының немесе темір жол
составтарымен, кенет тоқтаған көлік құралдарымен, темір жол составының
рельс үстінде тоқтап қалған көлік құралдарымен соқтығысу оқиғасы.
2. Лақтыру-қозғалыстағы көлік құралдарының лақтырылып кетуі.
1. Қозғалыссыз тұрған көлік құралына соғылу-қозғалыстағы көлік
құралының қозғалыссыз тұрған көлік құралына, арбаға немесе жартылай арбаға соғылуы.
2. Кедергілерді басып кету -- көлік құралының қозғалмайтын кедергіні
басып кетуі немесе соғылуы.
3. Жаяу жүргіншіні басып кетуі -- қозғалыстағы көлік құралының жаяу
жүргіншіні басып кетуі немесе жаяу жүргіншінің көлік құралына өзінің
соғылуы. Бұл оқиғалар қатарына көлік құралдарымен тасымалданатын жүктердің құлауы нәтижесінде адамдар денсаулығына залалдардың келу оқиғалары дажатады.
6. Велосипед айдаушыны басып кетуі -- көлік құралының велосипед
айдаушыны басып кетуі немесе велосипед айдаушының өзінің көлік құралына
соғылуы.
7. Ат арбаны басып кету -- қозғалыстағы көлік құралының ат арбаны басып
кетуі немесе ат арбаның өзінің көлік құралына соғылуы.
8. Жануарларды басып кету-қозғалыстағы көлік құралының құстарды,
жабайы немесе үй жануарларын басып кетуі немесе сол құстар мен жануарлардың
өздерінің көлік құралдарына соғылуы, бұл оқиғалар, нәтижесінде адамдардың
жеке басына залал келтірілгенде немесе басқа да материалдық залал
келтірілгенде ғана тіркеуге алынады.
9. Басқа да оқиғалар - трамвайлардың рельстен шығып кетуі, көлік
құралдарындағы жүктердің адамға жануарға немесе басқа көлік құралына
құлауы, қозғалысқа қатысушылар болып табылмайтын тұлғаларды басып кету,кенеттен пайда болған кедергілерді (құлаған жүк, жұлынып қалған дөңгелек) басып кету, жүргіншілердің қозғалыстағы көлік құралынан немесе оның ішінде қозғалыс троекториясының кенет өзгеруі немесе тежегішті басу нәтижесінде құлап кету оқиғалары, т.б. Мұндай заңды түрде бекітілген жол -- көлік оқиғаларын топтастырудан басқа криминалисттік ғылымда өзіндік көзқарастар бар. Мысалы, Ю.Д. Кисляков мынадай топтастыруды ұсынады:
1. Жол бетінде ақаулар немесе кедергілер жоқ кезінде қозғалыстағы
көлік құралының жол бетінен сырғып кетуі немесе лақтарып жіберуі;
2. Көлік құралдарының соқтығысуы;
3. Көлік құралынан басқа кез-келген қозғалмалы затты басып кету;
4. Көлік құралының қозғалмайтын кедергіні немесе жол бетінің
ақауларын басып кетуі;
5 Басқа да оқиғалар
Бұдан басқа М.Б. Мұқашев келесідей тәртіппен топтастырады:
1. Басып кету-қозғалыстағы көлік құралының кедергіні басып кетуі
немесе қозғалыстағы объектінің көлік құралына соғылуы.
2. Соқтығысу-екі немесе одан да көп қозғалыстағы көлік құралының
өзара соқтығысуы.
3. Лақтырып жіберу-қозғалыстағы көлік құралының лақтырылып жіберуі.
4. Басқа да оқиғалар
Оның ойы бойынша Жол-көлік оқиғаларын тіркеу ережісіндегі жол- көлік оқиғаларының түрлері тіркеудің жан-жақтылығын сипаттағанымен тергеу міндеттерін шешуге көмектеспейді. Себебі, бұл топтастыру оқиғаның
механизміне емес, объектілер мен қатысушыларға байланысты бөлінген. Ал,
тергеуші үшін мысалы, жаяу жүргіншіні басып кетті ме, велосипедистті басып
кетті ме, оның ешқандай мәні жоқ. Ол үшін басып кету объектісі қозғалатын
объекті ме, қозғалмайтын объекті ме және ол жол үстінде жасалды ма, жолдан
тыс жасалды ма, осы сияқты мәселелер маңызды болады. Сондықтан, топтастыру оқиғаның жасалу механизміне қарай құрылуы керек 15.
Бұлардан басқа жол-көлік оқиғалары құрамалы болуы мүмкін. Мысалы,
алдымен соқтығысып одан кейін жол шетіне лақтырылып жіберілуі немесе
лақтырылу нәтижесінде соқтығысу, т.б. Мұндай жағдайда белгілі бір
кезектілік пайда болады. Сондықтан, топтастырудың бір түріне
жатқызған кезде ең бастапқы жол-көлік оқиғасы негізге алынады. Жол-көлік
оқиғаларын топтастырудың да мәні осындай күрделі оқиғалар кезінде айқын
көрінеді.Криминалистика ілімінде жол-көлік оқиғаларының криминалисттік маңызына төмендегідей сипаттамалар жатқызылады:
- оқиғаның механизмі мен жасалу өдісі
- жол жағдайы және онымен анықталатын тергеу жағдайлары.
- оқиғаның нәтижесі мен одан түскен іздер.
- жол-көлік оқиғаларының себептері мен оған әсер
еткен жағдайлар. Бұлар жол-көлік оқиғаларының криминалистік мағынасының элементтері болып табылады. Байқағанымыздай, жол-көлік оқиғасының механизмі бастапқы орынға қойылған. Оның басты себебі жоғарыда айтылғандай жол-көлік оқиғасының механизмі оқиға болған жерді қарауда анықталуға жататын, істің одан әрі жылжу тағдырын шешетін құбылыс ретінде танылады. Жол-көлік оқиғасының механизмі дегеніміз жол-көлік оқиғасының пайда болуының себептері мен жағдайларының және олардың пайда болуын анықтайтың факторлардың өзара жиынтығы.
Оның құрамына болған оқиғаның барлық процесі мен жол жүру
қатысушыларының әрекеттері кіреді. Жол-көлік оқиғасының механизмінің
құрамдас элементтері А.П. Онучинмен былай анықталады:
1. жол-көлік оқиғасының бастапқы сатысы-қалыпты жағдай пайда болған
кездегі оқиға қатысушыларының өзара орналасуы және әрекеттері.
2. жол-көлік оқиғасының кульминациялық сатысы -контакт кезіндегі
оқиғаға қатысушылардың орналасу жағдайы.
3. Финалдық сатысы-көлік құралдарының қозғалысының толықтай тоқтауы
Мұндай позицияны В. А. Иларионов та қолдайды. Ол жол- көлік
оқиғасының механизмінің элементтерін атай отырып сатыларының жүру ретш көрсетеді. Осы сияқты жүйені В.К.Глистин мен Б.Е.Боровский де ұсынады19.
Ал, В.Н.Герасимов жол-көлік оқиғасының механизмін жеті сатыға бөліп,
оны үш кезеңге топтастырады. Оның айтуы бойынша бірінші кезеңге
апат алдындағы жағдай , екінші кезеңге - апаттық жағдайдың өзі, үшінші
кезеңге апат нәтижесін жеңілдетуге бағытталған шаралар. Бірінші кезең сатылары:
1.Апаттық-ситуациялық саты-қатысушылардың апаттық қауіпті
сезіну сатысы.
2. Шешім қабылдау сатысы - нақты әрекеттерді құрайды. Бұл кезең
шешім қабылдап оны жүзеге асыруды қамтиды.
3. Шешімді жүзеге асыру нәтижесінің сатысы- шешімді жүзеге асыру
барысында қате шешімдерді түзету мүмкіндігі мен нәтижесінің пайда болуын
көрсетеді.
Екінші кезең сатылары.
1. Жол-көлік оқиғасына қатысушылардың өзара әрекеттерінің
дамушы динамикасын көрсету сатысы.Мұнда "жүргізуші-автомобиль-
жол жағдайы " жүйесінің элементтерінің контактіге дейінгі жағдайы, ал
контактінің алдын - алу мүлдем жүзеге аспауы кезінде болатын саты.
2.Жол-көлік оқиғасы қатысушыларының механикалық контактіге түсуі
немесе бұл сатыны контактілік - апаттық деп атайды. Мұның нәтижесінде
қатысушыларды белгілі бір ақаулар пайда болады.
3. Жол - көлік оқиғасының бітуі, қатысушылардың статикалық
күйге келуімен сипатталады.
Үшінші кезенде апаттың нәтижесін жеңілдететін шаралар, мысалы,
жәбірленушіге көмек көрсету, оларды медициналық мекемеге жеткізу немесе
жүргізуші оқиға болған жерден кетіп қалса, оны іздеу шараларын жүргізу
керек. Мұны апаттан кейінгі саты деп атауға болады. Осындай сипаттама бере
отырып, В.Н.Герасимов жол-көлік оқиғасының механизмін төмендегідей
түсіндіреді: " жол-көлік оқиғасының механизмі дегеніміз "жүргізуші-
автомобиль-жол жағдайы" жүйесінің элементтерінің өзара әсерлесуінің
психофизиологиялық реакциялары мен физикалық динамикалық құбылыстарының кенеттен дамып кеткен, нәтижесі апатты құрайтын жиынтығы. Жоғарыда айтылғандай жол-көлік оқиғасының механизмі күрделі процестерді құрайды. Оның ішіндегі маңыздыларының бірі В.Н. Герасимов атап көрсеткен психофизиологиялық жағдай. Бұл криминалистік тұрғыдан тереңірек зерттеуді талап ететін құбылыс. Сондықтан да қөптеген авторлар осы түсініктің мағынасына үлкен мән береді. Жол-көлік оқиғасының мәнін құраушы тағы бір элемент жол жағдайы болып табылады. Жол жағдайы зерттеу барысында жол - көлік оқиғасының механизмін анықтауға көмектесуші фактор ретінде сипатталады . Жол-көлік оқиғасы болған жердің жағдайы белгілі бір кеңістікте және уақытта белгіленген аумақтағы жердің нақты сипаты. Ол төмендегідей құрамдас элементтерден тұрады:
- Жол көлік оқиғасы болар алдындағы жағдай;
- Жол көлік оқиғасы болған жердің жағдайы;
- Жол көлік оқиғасынан кейшп жағдай;
В.Н.Герасимов "Жол көлік оқиғасы болған жердің жағдайы өзара
тәуелділікте болатын, бірақ тепе-теңдігі жоқ, нақты бір жерде, нақты бір
объектілердің қатысуымен, нақты уақытта жүзеге асатын құбылыстар,
процестердің күрделі жүйесі ретінде сипатталады" дей келе төмендегідей жүйені ұсынады:
- Апатқа дейінгі жағдай;
- Жол жағдайы;
- Көлік құралдары мен олардың техникалық жағдайы;
- Оқиғаның даму барысындағы жағдай;
- Жол-көлік оқиғасының қатысушылары мен
оларды
міндеттемелері;
- Оқиғадан кейінгі жағдай;
Апатқа дейінгі жағдайға жол-көлік оқиғасының болуының
себептері мен жағдайларының жүйесі, жол-көлік оқиғасының орны,
уақыты,т.б элементтер жатады. Апатқа дейінгі жағдай жол-көлік оқиғасының
болған жерінің жағдайымен байланысты, ол бастапқы зонада басталуы
мүмкін. Мысалы, автомобильдің зауыттан шыққан кезде белгілі бір
ақауларының болуы немесе мас адамға автомобильді жүргізуге рүқсат беруі ,
т.б. Бұл жол-көлік оқиғасы бойынша оқиға болған жерді қарау кезінде емес,
басқа тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде анықталуы мүмкін.
Жол-көлік оқиғасы болған жердің жағдайы жол-көлік оқиғасы болуы
жағдайларының жүйесімен сипатталады. Бұл жол жағдайының
орталық ақпараттық көзі, барлық жағдайлар бойынша мәліметтерді құрайды.
Барлық тергеу әрекеттері осы жол-көлік оқиғасы болған жердің жағдайын
анықтауға бағытталған. Оның құрамына мынадай элементтер кіреді:
1.Оқиға болған жердің орналасқан орны;
2.Ауа -райы жағдайы;
З.Жол
жағдайы;
4, Оқиға болған жерге түскен іздер;
Б. М. Нұрғалиев жол - көлік оқиғасының болған жерінің жағдайын
анализдеу барысында үш бөлікке бөледі:
Бірінші бөлікке - нақты құрылыммен реттелген құбылыстар мен
объектілердің жиынтығы жатады. Бұлар оқиға болған жердің кеңістікте
орналасу орыны, жолдың орналасу ерекшіліктері, құрылыстар мен ғимараттардың орналасу жағдайы, т. б. болып келеді, яғни оқиға болған кезден бастап өзгеріске ұшырамайтын объектілер. Екінші бөлікті өзгермелі құрылымы бар объектілер құрайды. Мысалы, ауа райының жағдайы, соның өзгермелілігі әсерінен пайда болатын жолдың жағдайы, жарықтану жағдайы, т.б. Бұл оқиға болған жерді қарауға дейін сақталмайтын құбылыстар болып табылады. Үшінші бөлікке объектілердің өзара немесе қоршаған ортамен байланысы айқын түрде көрінбейтін объектілер жатады.
Олар: соғылған автомобильдердің орналасқан орны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жол-көлік оқиғалары
Жол - көлік оқиғаларының болған жерін қарау
Жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау
Көлік құралымен орын алған оқиға болған жерді қарау
Қазақстандағы қылмыстар
ЖОЛ - КӨЛІК АПАТТАРЫ ЖӘНЕ СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР
Оқиға болған жерді тексеру
Көлік қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
Жол қиылысының бағыттары бойынша қозғалысты басқару
Алматы қаласының 29 бағдар автобусын спутниктік бақылау жүйесімен жабдықтау жобасы
Пәндер