Мал азықтық қант қызылшасын сақтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Аграрлы-биологиялық факультеті

Өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қант қызылшасын сақтау

Орындаған:аграрлы-биологиялық факультетінің 5В072800-тобының 2-курс студенті
Жұмабай Рысжан
Тексерген:_______________

Қостанай, 2019 жыл
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. Қызылшаның маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, сорттары ... .7
1.2 Қант өндірісінің технологиялық процесстері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Қант өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
II. Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.1 Қант қызылшасы сақтау және қант алу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3.Технологиялық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
3.1 Тамыр жемістерге қойылатын технологиялық талаптар ... ... ... ... ... ... ... .20
3.2 Мал азықтық қант қызылшасын сақтау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Кіріспе
Қанттың отаны Үндiстан Қанттың шыққан жерi Ежелгi Үндiстан деп есептеледi. Бiздiң елiмiзде қанттың қант қызылшасынан өндiрiлетiнiн бiлемiз. Бiрақ қант жасауды дәл 1747 жылдан басталғанын екінiң бiрi бiле бермейдi. Нақ сол жылы немiстiң А. С. Маргграф деген химигi не болар екен деген оймен қызылшадан ақ кристалл зат шығарып, дәмiн татып көргенде борық қантынан аумайтынын байқайды. Алайда жұрт бұған мүлдем ден қоймай, бұл әдiс елу жылдай елеусiз қала берген. Қант өндiрудiң өнеркәсiптiк технологиясын жасап 1802 жылы Кунер қаласында алғашқы қант зауытын салдырған. А. С. Маргграфтың дарынды да iскер шәкiртi Ф. К. Ахард болды. Қазiргi уақытта қант қызылшасы мен, қант борығы жер шарында әрқайсысы шамамен 7миллион гектар алқапта өсiрiледi. Дегенмен қызылшада қант аз болғандықтан дүние жүзiнде қанттың 60%.-ы қант борығынан өндiрiледi.
Қант қызылшасы біздің еліміздің егістігіндегі ең маңызды техникалық дақылдардың бірі. Әйтсе де қазіргі кездегі алып қант өндірісі тамыржемістің қантсыздығынан және түсімнің төмендеуінен туындайтын дағдарыстан қасірет шегіп отыр.Басқа да егістік дақылдары атап айтқанда бидай. картоп секілді. қант қызылшасын егудің де тиімді екенін әлемдік тәжірибе көрсетеді. Мысалы, 1990 жылы Германия астық дақылдарының 56,6%-ін айдалған жерден алды, ол ел табысының 9,5%-ін құрады. Сол уақыттарда қант қызылшасының 5,3%-ы айдалған жерден алынды және ол табысының 4,3% үлесін құрады.
Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде 17-19%-дан қант болады. Қант қызылшасы-жылу сүйгіш өсімдік. Қант қызылшасының тұқымы қант заттарында дайындалады. Мұнда тазаланған тұқым 2 фракцияға (3,5-4,5 мм және 4,5-5,5 мм) бөлінеді. Негізінен тұқым себуді топырақтың 10 см тереңдіктегі температурасы 5,60 С жылығанда бастайды. Бұл кезең көбінесе наурыздың үш-он күндігі мен сәуірдің 1-жартысына сәйкес келеді. Органикалық заттарға бай, құнары қара топырақта жақсы өседі. Оған топырақтың қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (pH 6,5-7,5). Қазақстанның суғармалы жерлерінде негізінен қатар аралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданаылады. Қазақстанда қант қызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі. 1991 жылдан Қазақстанда қант қызылшасының бір тұқымды жаңа сорттары аудандастырылып себілді. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты мен тамыр биті көбейеді. Сондықтан қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда. оның өнімділігін арттырып, қанттылығын көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор. Мал азықтық қант қызылшасының (Beta vulgaris z.v. crassa) құрамында көмірсулар, витаминдер, тұздар, азотсыз экстракты заттар бар. Сондықтан ол жоғары сапалы және жұғымды мал азықтық дақыл. Бұл қызылша Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі.
Қант өндірісін көтеру - өте күрделі технологиялық процесс, ол егілген қант қызылшасы сұрыптарының өнімділігіне және төзімділігіне, алынған шикізаттың сапалы өндірісіне байланысты. Жоғары қанттылықты және салмағы үлкен тамыржемісті қант қызылшасының төзімді сұрыптарын алуға, бағытталған селекциялық жұмыстарда, қант жинауда арттыруға агротехникалық шаралармен қатар егілу ауданы да негізгі рөл атқарады.
Қант қызылшасының селекциялық процесі өте күрделі және қиын, сонымен бірге екі жылдық айқас тозаңданушы дақыл. Сонымен қатар, жаңа сұрыптар үш талапты қанағаттандыруы тиіс: жоғары өнімділікті, әртүрлі фитопатогендерге төзімділікті және қоршаған ортадағы экстремальді жағдайларды. Биотикалық және абиотикалық стрестерге төзімді селекциялық мәселелерді шешуде биотехникалық әдістер үлкен рөл атқарады.
Өсімдік селекциясының ағзалық деңгейден жасушалық деңгейге алмастырылуында, сонымен қатар орасан көп өсімдік ағзалары жасушаларында, селективті ортадан керекті түрдің іріктелуінде микробиологиялық әдістер қолданылады. Жасушалық сұрыптардың алғышарты болып қант қызылшасының ұсақ дисперсті суспензиялық культурасы табылады.
Өсімдіктің суспензиялық культурасын алудың негізгі әдісі - каллусты ұлпаны қоректі ортада фрагменттеу және өсіру болып табылады.
Қазіргі кезде қызылша қант кешенін құрудың қажеттігі еліміздің ауыл шаруашылығын дағдарыстан шығару, оның экономикалық жағдайын тұрақтандыру, өндірістік шаруашылық байланысты қалпына келтіру қажеттілігімен, шаруашылық субъектілердің барлық салаларының мүдделерін сақтау, экономиканың осы сферасында өндірістік - экономикалық процесстерді басқаруды жетілдірумен анықталған.
Қызылша қант кешенін құрудың маңызы, оның шығаратын өнімінің стратегиялық маңыздылығымен қамтылған. Қант өсімдік жаратылысты картоп, өсімдік майлары тәрізді тұтыныу әлем халқын физиологиялық энергияның көп бөлігімен қамтамасыз ететін азық-түліктің негізгі жаппай түрінің тобына кіреді. Тамақ өнімдерінің ішінде қант-маңызды орындардың бірін алады. Мұндай тұжырым өнімнің ұзақ мерзім сақтауға жарамдылығына, еліміздің аймақтары арасында үлкен көлемде тасымалдауға ыңғайлылығына, оны жеміс-жидек өнімдерін өңдеуге шикізат компоненті ретінде пайдалануға, адаммен жеңіл және тез сіңірілуіне, өндірістік запастарды қалыптастыруда қажеттілігіне негізделген.
Республикадағы қант өндірісі қант қызылшасын өсіру мен қант-шикізатының оптималды көлемін әкелуді ұтымды үйлестіру негізінде кешенді дамуы қажеттігін атап өту қажет. Бұл келесі себептермен қамтылған, біріншіден "Қазақстан өз мүмкіндіктерін толығымен пайдалағанда ішкі рыноктың қажетін өз шикізаты есебінен кем дегенде 25-30%-дейін қамтамысыз етеді.
I. Қызылшаның маңызы

Қант қызылшасы бағалы техникалық дақыл. Республикада қантты негізінен қант қызылшасынан алады, өйткені оның тамыржемісі көмірсуларға бай, құрамында 13-20% сахароза болады, сондықтан ол қант өнеркәсібінде шикізат болып саналады.
Қантты сонымен қатар қант қамысынан (балқурай) өндіреді. Балқурай - тропикалық және субтропикалық белдеулердің көпжылдық өсімдігі, оны жер шарының 70-тен аса елдері өсіреді. Балқурай қантының үлесі әлем өндірісінің 60%-дан астамын құрайды. Балқурай қантының шығымдылығы қант қызылшасынан екі есеге жуықтай төмен.
Қанттың тамаша дәмдік қасиеті бар, ол кең таралған және ағзаға тез сіңетін қуат көзі. Қатты шаршағанда қан құрамындағы қант мөлшері азаятыны белгілі. Қантты тағамдарды пайдалану - адам ағзасының жұмыс қабілетін, физикалық күш пен ой қуатын сақтау мен оны тез қалпына келтіретін негізгі факторлардың бірі.
Қант қызылшасын өнеркәсіптік өңдеудегі қосымша өнімдер - жапырақтар, сығынды және сірнелердің құндылығы жоғары.
Қант қызылшасының жапырақтары, тамыр салмағының үштен бірінен жартысына дейінгі бөлігін құрайды. Жеке малазықтық құндылығы бойынша екпе шөптер көк балаусасынан кем түспейді. 1 кг ақуыз бен жақсы қамтамасыз етілген. (110г) жапырақтары бір малазықтық өлшемге тең. Қант қызылшасының бір 1 гектардағы 250-300цг жемісі тамыр өнімінде, оның тек жапырақтары шамамен 2000 малазықтық өлшем береді.
Қант қызылшасын зауытта өңдеуден алынатын сығынды мен сірненің малазықтық маңызы зор. Қансызданған қызылша жаңқасы болатын сығындыда 15% құрғақ заттар, оның ішінде 1,3% шикі протеин және 10% жуық көмірсулар болады; 1ц Шикі сығындының мал азықтық құндылығы 8 азықтық өлшемге тең; сығынды шығымы тамыр массасының 80% құрайды.
Малазықтық сірнеде 60% деін қант болады және оның малазықтық құндылығы дәнге жақындайды, себебі оның 1 кг-да 0,77 малазықтық өлшем және 45 г қорытылатын протеин бар. Сонымен қатар сірне кондитер және тағам өндірісіне шикізат та болады.
Қант қызылшасы 1 гектардан 250-300 ц тамыр мен 100-150ц жапырақ өнімін бергенде алынатын қосымша өнімдердің (жапырақтар, сығынды, сірнелер) мал азықтық құндалығы 5000-ға жуық мал азықтық өлшемді құрайды.
Дефекациялық лас қалдықтар (қызылша қантын өндірудегі қалдықтар) тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.
100ц тамыр жемісті өңдегенде 13-16ц қант, 83-90ц сығынды және 3,5-4,0ц сірне алынады.
Қант қызылшасы тамыржемісінің шамамен 40-50% мал азық болса, оны арнайы малазық ретінде де өсіруге болады.
Демек, біздің елімізде қант қызылшасы техникалық дақыл ғана емес, маңызды малазықтық дақыл. Малазықтық құндылығы бойынша қант қызылшасы мал азықтық қызылшадан екі еседен артыққа асып түседі: оның 1 кг-да 0,26 мал азықтық өлшем, 12г. Қорытылатын протеин 0,5 кальций және 0,5 г фосфор болады. Басқа тамыржемістілерге қарағанда қант қызылшасы біршама жақсы сақталады.
Қант қызылшасының агротехникалық маңызы да зор. Ауыспалы егістерге оны өнгізуде егіншілік мәдениеті артады. Қант қызылшасының топырағы терең өңдеу мен өсіп, жетілу кезеңіндегі жүргізілетін күтіп, баптау шараларының арқасында, танап келесі егілетін дақылдар үшін арамшөптерден тазартылады және онда ылғал жиналады. Демек, қант қызылшасы көптеген ауылшаруашылық дақылдарына құнды дақыл және ауыспалы егістердің жалпы өнімділігін көтереді.
Қант қызылшасын жер шарында 9,5 млн гектарға өсіреді, оның жартысына жуығы ТМД мемлекеттерінің үлесіне тиеді (Украина, Ресей, Молдава,Беларусс).
Қант қызылшасы Республиканың оңтүстік шығысында (Алматы және Жамбыл облыстар) суармалы жерлерде өсіріледі.
Егер 1991 жылға дейін Қазақстандағы қант қызылшасының егіс ауданы 57 мың гектар құраса, соңғы жылдары дақыл 20 мыңдай гектар жерге ғана егіліп жүр. Республикада 7 қант зауыты бар, қант қызылшасы шикізатының аздығынан олар балқурайдан қант өндіруге қайта жабдықталған. Қант қызылшасы тамыржемісінің орташа өнімділігі 210-230цга құрайды.

1.1 Морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, сорттары

Қант қызылшасы (Beta vulgaris L.V. Saccharifera) - Алабұталар тұқымдасы (Chenopodiaceae) қызылша туысының (Beta L.) малазықтық (v-Crassa), жапырақтар (v-Cicla) және асханалық (v.Escultnta) түр тармақтары кіретін түрдің-екі жылдық өсімдігі. Мәдени екі жылдық қызылша б.э.д 2000-1500 жылдардан әрі Алғы Азияда өсіре бастаған жабайы біржылдықтан (Beta vulgaris) шықты. Өсірілетін өсімдіктердің ішінде қант қызылшасының шығу тегі салыстырмалы беріректе болуымен ерекшеленеді және ол толығымен адамның араласуымен жасалынған жалғыз ауыл шаруашылғы дақылы. Қант қызылшасының бірінші жылы жертаған жапырақтары мен тамыр жемістері, екінші жылы-гүл түзіп, тұқым беретін өркендері өсіп жетілді.
Қант қызылшасының ұзын жіңішке тамыршалары бар олар жан жағына 40-50 см тарайды, ал негізгі кіндік тамыры 2-2,5м топырақ тереңдігіне дейін енуге қабілетті. Оның орталық тамыры өсіп, толысып тамыржеміске айналады. Жетілген өсімдігінің тамыржеміс массасы 500-800 г және одан да жоғары болады.
Тамыржемісінің пішіні - конус тәрізді, құрылысы: басы, мойны және нағыз тамырдан тұрады. Басы - тамыржемістің үстіңгі бөлігі, түрі өзгерген сабақ, онда жапырақтар орналасады. Басында тамыржемістің басқа бөлігіне қарағанда қанттың мөлшері аз. Мойын - тамыржемістің басы мен нағыз тамырдың арасында орналасады. Онда жапырақтар мен тамыршалар болмайды. Тамырдың өзі - тамыржемістің төменгі конус тәрізді бөлігі. Тамырдың ұзына бойындағы жапырақшаларынан көп жанама тамыршалар тарайды. Қанттың мөлшер (19-20%) тамыржемістің ортаңғы бөлігінде болады.
Пісіп, жетілген тамыржемісте шамамен - 75% су, 25% құрғақ заттар (сорты мен өсіп, жетілу жағдайына қарай 16-24% қант) болады. Қанттылығына жоғары агротехника көп әсер етеді.
Қант қызылшасының жапырақтары ірі, бүтін, жүрек тәрізді, сағақты. Пішідері жасына қарай өзгереді: жас жапырақтарының сағақтары қысқа және тақтасы дөңгелек, ал үлкейгендерінің сағақтары ұзарады да жүрек тәрізденеді. Жапырақ тақтасының толқынды, ойықты немесе тегіс болуы сорттық бөлігі мен өсіру жағдайына байланысты. Жеке жапырақтың ұзындығы 50-70 см дейін. Бірінші жылы өсімдік 60-қа таяу жапырақтар түзеді.
Қант қызылшасы тұқымды тіршілігінің екінші жылы - қыста сақаталған тамыржемісті көктемде топыраққа отырғанда гүлді өркендер пайда болғанан кейін барып береді.
Гүлдері - қосжынысты, гүлсеріктері жасылдау. Гүлденуі 20-40 күнге созылады. Қант қызылшасы айқас тозаңданады. Тозаңдануы жел мен насекомдар арқылы жүреді.
Жемісі - жаңғақша. Көп тұқымды қант қызылшасының жемістері 2-5 тұқым мен тізбектеліп шоғырланған. 1000 тұқымның массасы 20-дан 50г дейін. Бір тұқымды қант қызылшасының жемістері бір жаңғақшадан тұрады, сондықтан механикалық себуге ыңғайлы.
Тұқымның сыртында бурыл жылтыр қабықша болады. Тұқымның ұрығы (перисперманың қоректің заттар орналасқан жер) айнала сақина тәрізді қоршап тұрады, ол екі тұқым жармағынан, орталарында орналасқан бүйіршіктерден және ұрық тамыршаларынан тұрады.

Биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.

Қант қызылшасы басқадай тамыржемістілер сияқты екі жылдық өсімдік.
Қант қызылшасының бірінші жылындағы вгетациялық кезең ұзақтығы 150-170, ал екінші жылы - 100-130 күн. Алғашқы 50-60 күнде негізінен жапырақ өседі, келесі 50-60 күнде - тамыр, ал соңғы 50-60 күнде тамыржемісіне қанттар жиналады.
Қант қызылшасының тұқымы 3-40С өніп шыға бастайды.Тұқымның бөртуі үшін құрғақ тұқым массасымен салыстырғанда 130-150% ылғал қажет.
Қант қызылшасы тұқым жарнағын топырақтың бетіне шығаратындықтан, тұқым себер алдында топырақты өңдеулер мұқият жүргізіліп, өсімдік көгінің уақытында пайда болуына кедергі келтіретін топырақ қабыршақтары жойылуы керек.
Тұқым жарнағының топырақ бетіне шығуы мен оның жасылдануы қосқұлақтану кезеңі деп аталады. Тұқымы өніп шыққаннан 8-10 күн өткеннен кейін, нағыз жапырақтардың бірінші жұбы пайда болады. Әрі қарай әр 2-3 күннен кейін үш жұпқа дейін жаңа жұп жапырақтар, сонан соң дара жапырақтар шығады. Барлығы 60-80, кейде одан да көп жапырақтар түзіледі.
Қант қызылшасы өсу жағдайына өте жоғары талап қояды. Қант қызылшасы тамырына жиналатын қанттың мөлшері жарық қарқынына тікелей байланысты болуынан, жауын шашынды бұлыңғыр ауа райында тамыр жеміс өнімділігі мен оның қанттылығы төмен болады.
Қант қызылшасы ұзық күннің өсімдігі. Күн жарығының ұзақтығы мен қарқындылығы қызылшаның өсіп, жетілуіне, сондай-ақ қант, көмірсулар түзуіне көп әсер етеді. Жарық жақсы түскен сайын, көмірсулар синтезделу үрдісі жақсы өтеді. Жарықтың жетіспеуінен қант қызылшасының өнімділігі мен қанттылығы күрт төмендейді.
Дақылдың жылуға талабы орташа. Вегетациялық кезеңіне қажетті белсенді температура жиынтығы - 24000С. Өсіп, жетілуіне ыңғайлы температура - 20-220С.
Қосқұлақтану кезеңіндегі өскіндар - 3-40С үсікті көтермейді, бірақ екі нағыз жапырақтану кезеңінде - 6-70С үсікке шалдығады.
Қант қызылшасы ылғалды көп қажет етеді. Оның транспирациялық коэффициенті 240-400 аралығында болғанмен, құралатын органикалық массаның жақсы мөлшері көп болғандықтан, жоғары өнім алу үшін топырақта ылғал жеткілікті болу қажет. Өсімдіктің ылғалды көп қажет етуі жапырақтар мен тамырдың қарқынды өсу кезеңінде болады. Сонымен қатар, қант қызылшасы өзінің мықты тамыр жүйесінің арқасында топырақтың терең қабытынан өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етуіне байланысты, құрғақшылыққа да төзімді өсімдікке жатады.
Қант қызылшасы жоғары өнімді жақсы жарық пен ылғал мол жағдайларда береді.
Бұл дақыл топырақ аэрациясына жоғары талап қояды. Ауа тұқымның өсіп-өнуі мен тамыржемістер қалыптасуының барлық кезеңдерінде қажет. Ауыр, нашар өңденген топырақта ауаның жеткіліксіз болуынан тамыржемістің өсіп-жетілуі нашарлап, өнім төмендеп кетеді.
Топырақ қышқылдығына қант қызылшасы сезімтал. Оған топырақ ортасының реакциясы бейтарап жіне әлсіз болуы өте қолайлы (рН 6,5-7,5).
Қант қызылшасы қоректік заттарға бай қара, қара-қоңыр топырақты жерлерде мол өнім береді.
Республикада қант қызылшасы негізінен Алматы, Жамбыл облыстарында кәдімгі сұр топырақты жерлерде өсіріледі. Елімізде оның 28 сортын өсіруге рұқсат етілген, және кең тарағандары - Ялтушковская однасемянная, Ялтушковская односемянная 30, Рекорд, Ризор, Роксан, Амели, Венера, Георгина.

1.2 Қант өндірісінің технологиялық процесстері

Қант өндірісінің технологиялықпроцестері келесі қадамдардан тұрады:
1. Экстракция

2. Тазарту

3. Буландыру
4. Кристаллизация жасау

Қант- құрамы біртекті жалпы сахарозадан түратын өнім. Қант жеңіл және толық организімге сіңеді, энергия көзі және глюкоген, май түзілудің материалы болып табылады. 100г қанттың энергетикалык құндылығы 410 ккал құрайды. Қант өндірісінде өндірілетін қанттың негізгі түрлері: құмшекер және рафинад болып табылады. Құмшекерді 16-18 % , ал кейде 25% сахарозасы бар қант қызылшасынан алады [8].
Рафинад қант кәдімгі құмшекермен салыстырған едәуір жоғары тазалық дәрежесімен сипатталады. Ондағы сахароза мөлшері 99.9 % болу керек.
Барлық рафинад қанттар үшін шикізат ретінде стандартты сопалы құмшекер қолданады. Рафинад қантының әр түрлерін алудың ерекшелігі бар, бірақ алғашқы өңдеу кезендері бірдей. Ол құмшекерді еріту, тазалау, және алынған сиропты мөлдірлету, Сиропты вакуум аппаратта сахароза кристалдары түзілгенше қайнату операцияларынан тұрады. Ары қарай рафинад утфелін шығарылатын қант түріне байланысты өңдейді.
Рафинатталған құмшекерді рафинад утфелінен сахароза кристалдарын бөлу, сумен жуу және кептіру арқылы алады. Оны кристалдардың өлшемі бойынша майда 0.2-0.8мм , орташа 0.5-1.2мм, ірі 1.0-2.5мм , және ерекше ірі 2.0-4.0мм түрлеріне іріктейді.Рафинад ұнтағы рафинад қантының түйірлерін ұнтақ болғанша майдалап алады, бөлшектерінің өлшемі 0.1 мм [9].
Біздің елімізде қантты құрамында 17,5% қант болатын қант қызылшасынан өндіріледі. Қант өндірісінің негізгі үдерістеріне тоқталатып кетейік. Қызылшадан тез және толығымен қант алу үшін оны жұқа үшбұрышты бөліктерге - жаңқаларға кеседі. Мұндай қызылша жаңқасын арнайы пышақтар арқылы алады. Жаңқаның сапасы оның ұзындығы бойынша бақыланады. Ауруы жоқ қызылшадан алынған жаңқаның ұзындығы 25мм болады. Диффузияланған шырын құрамында әртүрлі қасиеттері бар заттардың қосындысы бар болғандықтан, оны бірқатар әдістер арқылы тазартады. Ең кең тараған әдіс оны әк(известь) арқылы (СаО) өңдеу және көмірқышқыл газымен қалдығынан тазарту, яғни дефекация және сатурация деп аталатын әдістер. Шырынның құрамында 17% құрғақ зат, оның 15% сахароза, 21% органикалық қант емес заттар болады. Диффузиялық шырынды тазалау мынадай негізгі операциялардан тұрады: дефекация, 1 сатурация, сүзу, 2 сатурация, сульфиттеу. Дефекация 2 рет жүргізіледі: бірінші - алдын-ала дефекациялау, мұнда қызылша салмағын 0,2-0,3% мөлшердегі әкпен өңдейді. Оның мақсаты диффузияланған шырын құрамындағы бос қышқылдарды әктің әсері арқылы нейтралдап, коллоидты және қант емес заттарды ұйытып тұнбаға түсіру. Екінші - негізгі дефекациялауда қызылшаға 2,5-3% әк(СаО) енгізіп өңдейді, яғни мөлдірлендіреді. Оның ұзақтығы 8-10 минут созылады [10].
Қант өндірісінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы жайлы
Қант қызылшасын сақтау мен қант алу технологиясы
Қант қызылшасын сақтау тәсілдері
Қант қызылшасының даму тарихы
Қант қызылшасы басқадай тамыржемістілер сияқты екі жылдық өсімдік
Алматы облысы Көксу ауданының табиғи жағдайында қант қызылшасының аурулары
Малазықтық қант қызылшасының сақталуы
Қант қызылшасы егіншілік шаруашылығының мәдениетіне талғамды өсімдік
Қант қызылшасын тұқымға өсіру
Қант қызылшасының биологиялық ерекшеліктері
Пәндер