Қалдықтарды өңдеу технологиясы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Саякова Н.С.
Зиятаева Л.Б.
Жұмадилова Ж.К.

Тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

5В060800 - Экология мамандығы бойынша

Талдықорған 2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі ________ (Т.А.Ж.)

Тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)

5В060800 - Экология мамандығы бойынша

Орындаған: Саякова Н.С.
Зиятаева Л.Б.
Жұмадилова Ж.К.
Ғылыми жетекшісі:х.ғ.к.,доцентКанаева З.К.

рн
Мазмұны
беті

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 Қалдықтар
1.1 Қалдықтардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1.1 Тұрмыстық қалдықтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1.2 Ауылшаруашылық қалдықтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
1.1.3 Өнеркәсіптік қалдықтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...

1.2 Қалдықтарды пайдаға асыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.1. Қалдықтарды өңдеу технологиясы ... ... ... ... ... ... ..

1.3 Биогаз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3.1. Биогаз тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3.1.1 Биотехнология, Биогаз алу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ..
1.3.1.2 Биометанды алу, қи түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..

2 Дипломдық жобаны талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...



Түсіндірме хат

Жобаның негізгі мақсаты: Тұрмыстық қалдықтар қоршаған ортаға көп мөлшерде шығарылуда, сол себепті ауа, су, топырақ ластануда. Сондықтан, тұрмыстық қалдықтардың бірі - мал қиларының қоршаған ортаға әсерін анықтау және шикізат ретінде пайдаға асыру болып табылады.
Жобаның міндеттері:
Мал қиларын тыңайтқыш ретінде сапасын бағалау;
Үй жағдайында биогаз өндіру үшін, биогаз шығаратын реактордың материалдарын және қондырғының макетін жасау;
Биогазды қолдану тиімділігін есептеу.
Зерттеу болжамы: Бұл энергия ресурстарының қоршаған ортаға зияны жоқ және экологиялық тепе - теңдікті сақтауға, әлемдік ресурстарды экономикалық түрде қолдануға өз үлесін қосады.
Жобаның жаңашылдығы: Тұрмыстық қалдықтардан, оның ішінде мал қиларынан биогаз алу технологиясын жобалау және қолданысқа енгізуді ұсыну.
Зерттеу өзектілігі: Біздің ашық тастаған қалдық, қоқыстық заттар толығымен жоюылу үшін қаншама уақыт қажет ететіндігін бәріміз білсек те біріміз біле бермейміз, немқұрайлы қараймыз. Қоқыс қалдықтарды арнайы қоқыс жәшігіне салмағандықтан қоршаған орта, ауа, топырақ ластануда. Ауаға тараған қалдық, қоқыстық заттардың вирустары топыраққа сіңіп жағымсыз иіс, метан (CH4), күкіртті сутек (H2S), индол (C8H7N) газдары бөлініп ауаны ластаумен, қатар адамдар арасында іш ауруларын, жоғарғы тыныс жолдарының ауруларын көптеп таратуда. Сол себепті биогаз өндіру - энергия үнемдеу және тұрмыстық қалдықтарды бейтараптау, қоршаған ортаны сақтау тұрғысынан өте маңызды.

КІРІСПЕ
Адамзат баласы өзінің бүкіл ғұмырында табиғаттың байлықтарын өз керегіне жаратып қолданған. Бұрынғы замaнның өзінде де зиянын келтірген. Адамзаттың тарапынан сондай зиян тигізушіліктің бірі-қоршаған ортаны қалдықтармен ластау. Қалдықтарды өндеумен кәдеге жарату бүгінгі күннің басты мәселесі. Бұл әлемдік деңгейдегі мәселе Қаныш Сатпаев атындағы ұлттық техникалық университетінің мәліметі бойынша, Швецияда тұтыну қалдықтарының 25% қайта өңделіп, пайдалануға жіберіледі, Жапонияда ол 30% құрайды. Германияда 35%, ал Қазақстанда коммуналдық тұрмыстық қалдықтардың тек 2,5% -ы ғана кәдеге жаратылып, қалған 97,5% -ы компоненттерге бөлінбестен тасымалданып, полигондарға немесе Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасының талаптарына сай емес арнаулы орындарға жинақталып, ашық қоқыстарда қордаланады. Нәтижесінде, өңірдің экологиялық жағдайының нашарлауына үлкен үлес қосады[1].
Қалдықтарды қайта өңдеу - адамзаттың өзектi проблемасының бiрi болып отыр. Әлемдегi жетекшi елдердiң тәжiрибесi көрсеткендей, бұл проблеманы оңтайлы шешуге толық мүмкiндiк бар. Мәселен, Швейцарияда әрбiр тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге мiндеттi: шыныны шыныға, металды металға, қағазды қағазға. Соның нәтижесiнде, шыны сауыттардың 90 пайызы, қағаз өнiмдерiнiң үштен бiрi қайта өңдеуге пайдаланылады. Осыдан келiп, Швейцария мен Сингапур сияқты елдер әлемдегi экологиялық ең таза мемлекеттердiң қатарында есептеледi. Шынында да, қазiргi уақытта тұрмыстық және өндiрiстiк қалдықтарды жинақтау, жою, өңдеу бүкiл мемлекеттiк мәселеге айналып отыр. Әлемде қоқысты болашақ өнімнің әлеуетті шикізаты ретінде қарастырады және ол бизнестің элементі болып табылады. Бірақ қоқысты тиімді пайдалану және өңдеу үшін оларды бөлу кажет, мысалы қағаз қоқысын бөлек, шыны заттарды бөлек, пластикалық бөтелкелерді бөлек, полиэтилен пакеттерін бөлек жинау қажет. Осы қалдықтарды жинау үшін арнайы кәсіпорындар керек. Кәсіпорындар арнайы құрал-жабдықтармен, жинау орынмен, мамандармен камтамасыз етілуі қажет.Әрине қалдықты 100 пайыз өңдеу мүмкін емес, тек қана 75 пайызын өңдеуге болады, сондықтан қалған 25 пайызын жою үшін қоқыс күйдіретін зауыт қажет.Адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, жегі құртша топырақ құнарын жеп жатады.Ағаш жапырақтарын жаққанда ауаға улы заттар таралады . (ангидрид, бензопирен, күкіртті сутек және диоксин).

1 ҚАЛДЫҚТАР

Қалдықтар - қоршаған ортаны ластайтын көздердің бірі. Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады.
Қалдықтарды қайтадан қолдану - қоршаған ортаны қорғаумен, бастапқы минералдарды, электр энергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген заттар мен материалдар қалдықтарға жатқызыла береді, шын мәнінде оларды әртүрлі қажеттілікке немесе басқа өндірістерге шикізат ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И. Менделеев "Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады" деп айтқан. Сонымен қатар, ол озат өнім алуға технологияның басты мақсаты пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет деп те ескерткен.Сондықтан, ішінара немесе толығымен қайта өңдеу арқылы қажеттілікке жаратылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурс ретінде қарауға болады.
Біздің халық шаруашылығында жыл сайын шығатын қалдықтардың көлемі 1 млрд. тоннадай болады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек біздің елде жиналған сұйық өндіріс қалдықтарының көлемі 10 млрд. тонна шамасында. Табиғи ресурстардың қоры шексіз еместігіне байланысты оларды кешенді түрде пайдалануға ерекше көңіл аударып, атап айтқанда аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияларды жасау және халық шаруашылығының әртүрлі салаларында шикізат базасын қалдықтарды кеңінен пайдалану элементтердің 2-3% ғана алынып, 97-98% пайдасыз қалдық ретінде тасталынады.
Қазақстанның түсті және қара металлургия саласындағы көптеген өнеркәсіптерден бөлініп шығатын газдар күкірт қышқылын алуға шикізат ретінде пайдаланылып келеді. Металлургия өнеркәсіптерінің құрамында күкірті бар газдардан алынған қышқылдың өзіндік кұны, сонымсн катар,1 т өнімге жұмсалған қаржының үлес салмағы табиғи шикізаттан өндірілген күкірт қышқылына қарағанда 2 еседей төмен.
Қазіргі кезде Қазақстанда 20 миллиард тоннадан астам қалдықтар, соның ішінде 230 миллион тонна радиоактивті қалдықтар бар. Парламентаридің "Қалдықтар" туралы заңында әр адамға жылына 60 тонна қалдық түзіледі деп есептелген.
Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы міндеттерді шешудегі басымдықтар:
-қалдықтар санының төмендету;
-қалдықтардағы қауіпті заттардың мөлшерін азайту;
-қалдықтарды барынша пайдалану, қайталама пайдалану, рециклинг және компостірлеу;
-экологиялық таза қайта өңдеу, артық жылуды кәдеге жарату
-қалдықтарды термиялық зарарсыздандыру жағдайында;
-қалдықтарды өңдеуден кейін қалған қалдықтарды экологиялық таза жою (көму).

1.1 ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Сызба

Қатты тұрмыстық қалдықтардың әлемдік мөлшері жылына шамамен 1 млрд. м3 құрайды. Көптеген елдерде, ҚТҚ полигондарға шығаруды жалғастыруда. Құрамында органикалық және минералды заттардың көп мөлшерін табиғи биологиялық айналымнан қайтарымсыз алып тастау, көму және өртеу әлемдік экологиялық мәселе болып отыр.
Экожүйелерді тұрақты күйде сақтаудың маңызды шарты - пайда болатын қалдықтардың зиянды әсерін азайту және оларды пайдалану дәрежесін шикізат ресурсы ретінде арттыру болып табылады.Бұл проблеманы ішінара шешу жолдарының бірі - топырақтың құнарлылығын сақтау үшін органикалық құрамды қалдықтарды пайдалану.
Биотермиялық өңделген қатты тұрмыстық қалдықтарды ауыл шаруашылығы және қалалық жерлерде енгізу - заттардың биологиялық айналымдарының тұйықталуының белсенді элементтерінің бірі болып табылады.

1.1.1 ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР

ҚТҚ залалсыздандырудың 30-дан астам әдістері белгілі .Жалпы әлемдік тәжірибеде төрт негізгі әдіс кеңінен қолданылады: қоқыс тастайтын жерлерде (полигондарда) көму, жағу, рециклинг және компостирлеу[2].
Мегаполис қалдықтарын көму үшін барлық жағдайды оқшаулауды және көлемді жаңа алаңдарды талап етеді. 1 т қалдықты көму үшін 3м2 аудан қажет екені белгілі.Кейбір болжамдар бойынша, қоқыс төгілетін аумақтың ауданы полигон орналасқан алаңнан шамамен 10 есе артық болған. Бұл аумақтар экологиялық апат аймақтарымен салыстырылады. ҚТҚ полигондары мен үйінділері техногенді өзгерген экожүйелер, оларды жақын болашақта қалпына келтіру мүмкін емес. Мұндай жүйелер "антропогендік экологиялық жүйелер" және "экологиялық - экономикалық жүйелер"деп аталады[3].
Полигон аумағына төгілген қалдықтар геологиялық ортаға, жер асты суларына, ауа ортасына, сондай-ақ жер үсті суларына, су асты шөгінділеріне, іргелес аумақтардың топырақ және өсімдік жамылғысына әсерін тигізеді. Көмілген қалдықтар табиғи экожүйесінің барлық құрылымдық компоненттерінің өзгеруіне әкеледі:Органикалық емес және органикалық заттардың құрамы күрт өзгереді, олар биологиялық айналымға кері әсерін: қалдықтарды трансформациялау, су, ауа және судың химиялық құрамын, жергілікті жер бедерінің элементтерін өзгертеді. ТҚҚ полигондарында құрамында органикалық қалдықтардың ыдырау процестерінің жүру ұзақтығы 20-дан 100 жылға дейін[4].
ҚТҚ жағу кезінде негізгі экологиялық қауіп-қатер:көміртегінің қос тотығы, су буы және әртүрлі қоспалар түріндегі газ тәрізді өнімдер. Олар да ластаушы заттардың құрамына байланысты болады.
Қазіргі экономика мен экологияның арасындағы қарама-қайшылық кезінде әлемнің көптеген елдеріндің стратегиясында қалдықтарды басқару компоненінен экономикалық компоненті басым. Тек дамыған елдер ғана экологиялық мәселелерді шешуге қаржы салады. Нәтижесінде 90% -дан астам қатты тұрмыстық қалдықтар ғаламшарда қоқыс орындары мен полигондарда көміледі. Бұл - биосфера мен тірі ағзаларға ең үлкен қауіп болып табылады[5].

1.1.2 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАЛДЫҚТАРЫ

Мал шаруашылығының қалдықтарын қайта өңдеу - ауыл шаруашылығындағы қиын проблемалардың бірі болып табылады. Мал шаруашылығ қалдықтарының көлемі бойынша Ресей алдыңғы орында тұр. Мал және құс шаруашылығының қалдықтарын пайдаға жаратудың тиімді бағыттарының бірі - олардан биогаз алу. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде ауылшаруашылық қалдықтардан (шошқа, сиыр көңі және тауық көңі) биогаз алу жұмыстары сәтті жүргізілуде. Европа елдерінің арасында ауылшаруашылығы қалдықтарынан биометан алу 1979 жылдардан бастап тез дамып келеді. Көп жағдайда фермадағы малдардың астындағы төсеніштер сұйық тезек өздігінен ағып кететіндей етіп орнатылады. Бұл, сонымен қатар, қоршаған ортаның температурасында процесстерді жүргізе алады.
Австрияның Андрэс Бауер СОН ГМБХ фирмасы тауықтың қиын кәдеге жаратуда микробиологиялық процесс арқылы өңдеп және құрғатып жоғары сапалы органикалық тыңайтқышқа айналдыруды ұйымдастыруда.
Тауықтың қиын 4-7 тәулік аралығында қайта өңдейді. Биореакторда шикізат биохимиялық және биофизикалық дезинфекцияланып, салқын ашытқанда нитрофикацияға айналады. Процесс барысында қи микробиологиялық ыдырайды. Түзілген тыңайтқыш тазаланған және құрамында химикаттар жоқ болады.
Қалдықтарды тазалап, пайдаға жарату процессі үнемді, ол периодты режимде 48 сағатта жүзеге асады. Қондырғы экологиялық таза болып табылады.
Қазіргі уақытта осындай жолмен жасалған биотехнологияны қолданып, мал және құс шаруашылығы қалдықтарын микробиологиялық әдіспен өңдеп, дәстүрлі емес, әртүрлі өнім алынуда. Бұл мал және құс шаруашылығы бар өндірістік аудандарды экологиялық таза аумаққа айналдыруда және әртүрлі биоөнімдер шығаратын кәсіпорындар салуға мүмкіндік береді.
Метандық ашыту немесе биометоногенез дегеніміз - биомассаның энергияға айналу процессі. Бұл жаңалықты 1976 жылы батпақтағы газда метан барын анықтаған Вольта ашты[6].
Ауыл шаруашылығының қоршаған ортаға қосатын қолайсыз әсерлері жеткілікті. Он мыңдай ірі қара өсіретін шаруашылықтан шығатын қалдықтардың мөлшері 100-150 мың шамасында халқы бар кішігірім қалалардан шығатын қалдықтармен теңдес келеді. Ал 7 тауықтан шығатын қалдықтар көлемі бір адамнан шығатын шығынмен парапар. Орта есеппен 1 мың жұмыртқалайтын тауықтан жылына 2 мыңға дейін қатты түрдегі қалдық және 100 мың м3 органикалық компоненттермен қаныққан ақаба су шығып отырады. Шошқа өсіретін фермаларға келетін болсақ, 100 мың басы болса, әр сағат сайын ауаға, сасық, жағымсыз иісті былай қойғанда, шамамен 1,5 млрд. Микроорганизмдер, 160 кг аммиак, 14 кг күкіртті сутек және 25 кг шаңды шығарып отырады. Қазіргі кезде көптеген шаруашылықтар экологиялық жағдайды сақтаудан гөрі экономикалық қызығушылықты алға ұстанады. БДДСҰ деректері бойынша ауыл шаруашылық қалдықтарының зияндылығы коммуналды - тұрмыстық қалдықтардыкинен 10 есе зия екен, себебі олпрдың құрамында жүзге жуық әртүрлі ауру қоздырғыштары кездесетіні мәлімделген.
Бұрынғы кезде малдар далада жайылғанда экологиялық мәселелер жоқтың қасы еді, себебі малдардан бөлінген сұйық қалдық болсын, қаттысы болсын біраз жерге аз мөлшерде шашырап, табиғи үдерістер циклына қатысып, ыдырап отыратын. Ал қазіргі шақта оларды бір жерге жинақтағаннан олардың ыдырауы бәсеңдеп, атмосфералық ауаға ластағыштарды көп мөлшерде шығарып, жұқпалы ауруларды қоздыратын микроағзалардың ошағына айналды[7].

1.1.3 ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАЛДЫҚТАР

Өндіріс қалдықтар - құрамы және физикалық-химиялық қасиеті жағынан түрліше болатын қалдықтар. Қалдықтар мөлшері өндіріс технологиясына, бастапқы шикізаттың сапасына, материалдық көлемділігіне, өндіріс процестерін ұйымдастыру барысына байланысты[8].
Өнеркәсіпті өндірістердің (химиялық,мұнай өндіруші,мұнай өндейтін) газ түріндегі қалдықтары, транспорттан шығарылатын газдар,ТЭЦ және өндіріс пештерінің трубаларынан шығатын газдар, пластмасса өндірісінің қалдықтары және т.б. кең тараған ластаушы көздері болып табылады. Бұл негізінен H2S,SO2, CO ,CO2, қаныққан және қанықпаған көмірсутектер,қышқылдық бөгде заттар ,шекті жіберілетін концентрациясы өте төмен улы заттар. Басқа ластаушы көздерге мұнай өндірісінің қалдықтары (мұнай,мазут және т.б.)жатады. Газ түрінде шығарылатын заттарды залалсыздандыру технологиясын жасау және өндіріске екіншілік ресурстар ретінде енгізу - бұл СО-ны, СО2-ны, SO2-ні, SO3 дейін каталитикалық тотықтыру; СО-ны гидрлеу;H2S-ті S-ке дейін тотықсыздандыру,сонымен бірге, мұнайлы және мұнай газ қалдықтарын өңдеудің өндірістік маңызды каталитикалық процестері: гидрокүкіртсіздендіру немесе гидрокрекинг ,каталитикалық крекинг, риформинг ,алкильдеу және т.б.
Қоршаған ортаның ластануына ерекше әсер ететін қара және түсті металлургия мекемелерінен шығарылатын заттар CO, Mn ,AsX ,Sb ,Hg - буы және т.б. химиялық өндірістен шығарылатын заттар: бейорганикалық өндіріс шаңдары, органикалық заттар, күкіртті көміртек , хлор қосылыстары ,көмір өндірісінен шығарылатын заттар: СО,SO2, шайырлы заттардың айдалу өнімдері: автотранспорттан шығарылатын заттар. Мысалы, әлемдегі автомашиналардың саны 1990-1991 жылдары 400 млн. жуық болды. Бір автомобиль орташа есеппен 4 тонна оттек жұтады да, атмосфераға 800 кг CO және әртүрлі көмірсутектер,альдегидтер,формальде гид,тетраэтил қорғасынның жану өнімі қорғасын қосылыстарын шығарады. Сондықтан автотранспорттан шығатын ластаушылардың жалпы көлемі бұл мерзімде 416 тоннаны құрайды.
Ауыл шаруашылығынан шығарылатын ластаушы заттар: пестицидтер , мал және құс шаруашылығының қалдықтары, ет өндірісінің қалдықтары, энергетикалық жылу мекемелері болып табылады. Негізгі ластаушы көздері: пестицидтер (егістік алқапты авихимиялық өңдеу); отынның жану өнімдері: мұнай,газ,көмір,табиғи және мұнайға серік газдар ,ағаштар.

1-кесте - Өнеркәсіп мекемелерінен шығарылатын заттар

Жылу электрстанциялары
29,0%
Түсті металлургия өндірістері
10,5%
Мұнай-химиялық өндірісі
15,5%
Қара, түсті металлургия
24,0%
Құрылыс материалдарын өңдеу
8,1%
Химия өндірісі
1,3%
Автокөліктер
13,3% (60-80% қалада)

Кесте-2.Күкірт диоксиді бойынша өндірістен шығарылатын заттардың көрсеткіштері

Өндіріс
SO2
Жылу электрстанциялары
58,6%
Түсті металлургия өндірістері
17,6%
Қара, түсті металлургия
18,5%
Химия өндірісі
5,3%

Кесте-3.Транспорт және өнеркәсіп мекемелерінің қалдықтары

Автокөліктер
70,0%
Ауыл шаруашылығындағы көліктер
9,4%
Әуежай көліктері
7,3%
Мұхит және өзен көліктері
4,1%
Теміржол көліктері
9,2%

Кесте-4.Ауаны ластайтын негізгі заттар

Шығарылатын көздері
Газ және бу тәрізді заттар
Сұйық және қатты заттар
Мұнай өңдеу өндірісі
Күкірт диоксиді,көміртек оксиді,азот оксидтері,күкіртсутегі,аммиак ,көмірсутектер ,оттекті және азот құрылымды органикалық қосылыстар
Органикалық және бейорганикалық шаңдар ,шайырлы қосылыстар
Мұнай химиялық
Көміртек оксиді, оттек құрылымды органикалық қосылыстар
Органикалық шаңдар , қышқылдар ,шайырлы және органикалық қосылстар
Химиялық
Күкіртті көміртек,көміртек оксиді, хлор, металдық сынап, көмірсутекте
Органикалық шаңдар,техникалық көміртегі,қышқылдар
Отынды жағатын қондырғылар ( ТЭЦ ,өндірістік пештер және т.б.)
Күкірт диоксиді,көміртек оксиді ,азот оксидтері, оттек құрамды органикалық қосылыстар
Бейорганикалық шаңдар ,техникалық көміртегі

Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндіріс қалдықтары әлі күнге,көбінесе тиісті экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлы жинағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесінде, көптеген өңірлердің топырағы, жер асты және жер үсті сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Тасталған қалдықтардың үнемі ұлғайып отырған көлемі жаңа техногендік ландшафтар қалыптастырады. Үйінділер мен террикондар биіктігі өскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздеріне айналады.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың негізгі массасы бөлшектенбестен шығарылып, ашық полигондарға тасталады, оның 97%-ы Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай емес. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсері бағаланбастан жүргізілген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-ы ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады.
Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемаларды шешу үшін өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетілдіру жөніндегі салалық және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу қажет. Осы бағдарламалар шеңберінде қатты қалдықтарды басқару жүйесінің әзірленуі, қалдықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын кемітуге бағытталған нормативтік құжаттарды әзірлеу және енгізу , қалдықтарды басқарудың есебін жүргізу және бақылау жүйесін ұйымдастыру, қалдықтарды ұқсату және қайталама пайдалану жөніндегі үлгілік бағдарламаны әзірлеу, неғұрлым таза өндірісті енгізу жөніндегі ғылыми зерттеулерді жүргізу,қалдықтарды көму және басқа да ағынды суларды жерге төгу шартары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуі тиіс[9].

1.2 Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту немесе болдырмау үшін оларды міндетті түрде жіктеуге, топтастыруға тура келеді. Тұрмыстық қалдықтарды жіктеу және топтастыру аса күрделі де қиын мәселе. Қалдықтарды ең алдымен агрегаттық күйлеріне байланысты топтастыруға болады. Бұл кәдімгі қатты, сұйық және газ тәрізді деп жіктеу болып табылады.[10]
Тұрмыстық қалдықтар пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді. Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді.
Жанбайтын пайдаға асырылатын қалдықтарға үй-жайды жөндеуден өткізу кезінде түзілетін қоқыстар, ыдыс-аяқтардың сынықтары, т.б. жатқызуға болады. Ыдыс-аяқ сынықтарын құрылыс материалдары ретінде, яғни қабырғаларға мозаика түрінде жапыстыруға, есік алдын, үй іргетасын әрлегенде пайдаланып жатады. Ал, мүлде пайдалануға жарамайтындары көмуге жіберіледі.
Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтарын, қағаз қалдықтары - макулатураны, құрамында резеңкесі бар қалдықтарды, түрлі майлар мен еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехтарда жағады. Бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыру үшін пайдаланады. Ал жағу үдерісінің нәтижесінде шыққан қалдықтар көмуге жіберіледі. Кейбір қалдықтарды көму алдында жағу арқылы көлемін кішірейтуге болады.
Улы қалдықтарды көму, сақтау, жинақтау, тасымалдау туралы шешім қабылдау үшін олардың қауіптілік (уыттылық) сыныбын негізге алу маңызды. Қалдықтар уыттылық сыныбы мен қоршаған ортаға келтіретін зиянына байланысты үш топқа бөлінеді:
:: Ұзақ мерзімге сақтауға болмайтын қалдықтар;
:: Сақтау көлемі мен мерзімі шектелген қалдықтар,
:: Үш жылға дейінгі ұзақ мерзімге сақтауға рұқсат етілген қалдықтар.
Ұзақ мерзімге сақтауға болмайтын қалдықтардың уыттылық сыныбы жоғары болады.
Тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды негізгі түрлері келесі түрде топтастырылады [11]:
:: тамақ қалдықтары;
:: макулатура;
:: консерві қалбырлары;
:: фольга;
:: металл сынықтары;
:: шыны ыдыстар;
:: хлоры жоқ пластмасса заттар;
:: хлоры бар пластмасса заттар;
:: батарейкалар.
Қазақстанның қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясаты Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамада айқындалған және қалдықтарды бөлектеп жинауды енгізуге, инвестицияларды, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы тарта отырып, қайталама шикізаттан өнім ала отырып, қалдықтарды қайта өңдеу секторын дамытуға бағытталған. Тұжырымдамаға сәйкес 2030 жылға қарай қалдықтарды өңдеу үлесі 40%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізілуі тиіс.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласын дамыту мақсатында нормативтік құқықтық база жетілдірілді. Атап айтқанда, Экологиялық кодекске түзетулер енгізілді.
2016 жылдан бастап полигондарда құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды; металл сынықтарын; пайдаланылған майлар мен сұйықтықтарды; батареяларды; электрондық қалдықтарды көмуге тыйым салынады.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап пластмассаны, макулатураны, картон мен қағаз қалдықтарын, шыныны көмуге тыйым салынды.
2021 жылдан бастап - құрылыс және тамақ қалдықтарына.
Осы нормаларды енгізу қалдықтарды өңдеу саласында шағын және орта бизнесті ынталандыруға және дамытуға мүмкіндік берді[12].
Адамзат барда еш уақытта таусылмайтын қор - қоқыс. Ендеше полигондарда үйіліп жатқан қоқыс үйінділерін сұрыптап, жаңа өнім шығаруға әбден мүмкін. Қоқыс саласы бизнес көзіне айналуы үшін қомақты қаражатты, жақсы дайындықты талап етіп тұр. Сондықтан бұл салаға кәсіпкерлік тәжірибесі мен капиталы бар бизнесмендер араласа алады. Ең кемінде көлемі 1000 шаршы метрден асатын қойма, қайта өңдеу цехтары, жоғары температураларда өртейтін пештер, қоқыс сұрыптауыш машина, темір арқанды аспалы магнит, жүк көлігі керек. Осы саламен айналысып, бизнеске айналдырамын деген кәсіпкерлерге бағыт сілтейтін KazWaste (http:www.kaz-waste.kzkaz) қалдықтарды басқару бойынша қауымдастығы бар. Ұйым 2013 жылы кәсіпорындарға, мемлекет органдарына, жұртшылыққа қалдықтарды басқару саласындағы қызметті жүзеге асыру барысында туындап отыратын мәселелерді шешу ісінде көмек көрсету мақсатында құрылған. Қауымдастықтың құрамына жасыл экономиканы қолдайтын жеке кәсіпкерлер мен 30-дан астам ұйымдар кірген. Қалдықтар саласындағы мәселелерді инновациялық технологияларды қатыстырумен, халықаралық стандарттарды ұстанумен кәсіби тұрғыдан шешуге бағытталған. Қауымдастық жұмысы өнеркәсіптік кәсіпорындардың, мемлекет пен халықтың мүддесін қорғауға ықпалын тигізеді. Қауымдастық құрамында тозығы жеткен көлік шиналарын қайта өңдейтін 6 компания (Inter Rubber Recycling, Soltustik Rubber Recycling, Kazakhstan Rubber Recycling, ЭКО Шина, КазКаучук, Ж.Құрылыс компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері), пластик қалдықтарын пайдаға асыру және қайта өңдеу бойынша "Soyuz Plast" компаниясы, электр құрылғыларын өңдейтін 2 компания ("ALEKS-ASU", ПромТехноРесурсKZ), медициналық қалдықтарын қайта өңдеу бойынша екі компания, қалдықтарды кешенді басқару бойынша 10 компания, қалдықтардан қағаз өнімдерін шығаратын 1 компания (Kagazy Recycling), өңдірістен шыққан қауіпті қалдықтарды жою бойынша 1 компания (Промотход Казахстан) жұмыс істейді. Пакетке оңды-солды салынған түрлі санаттағы тұрмыс қалдықтары қала шетіне барып үйіліп жатқанынан залал көп келеді. Басынан дұрыс жиналмаған қоқыс қайта өңделетін шикізат ретіндегі құндылығын жояды - қағаз өнімдері бүлінеді, бөтелкелер жарылады, жуындымен араласады. Күнделікті шығатын тұрмыс қалдықтарын сұрыптап, арнайы қоқыс жәшіктеріне салу, макулатура, шина мен бөтелкелерді өткізіп, пайда табу әрі қоршаған ортаны қорғау - азаматтық іс[13]

1.2.1 ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Неміс (Израиль) өңдеу технологиясын мүмкіндігін қарастырайық:
Әлемдік тәжірибеде мынадай өңдеу және залалсыздандыру технологиялары белгілі:
-қалдықтарды табиғи ыдырату кезінде полигондарда көму. Мұндай жағдайларда қалдықтардың жартылай ыдырау кезеңі 30-60 жыл;
-қоқысты жағу және газдандыру;
-коммерциялық қайта өңдеу:металл, шыны және т.б.;
-биотермалау(белсенді компостирлеу);
-микроаэрофильді процесс(жылу энергиясын және қатты органикалық тыңайтқыштарды алу);
-газ генераторларында жанатын газдар(жылу және электр энергиясы)
-ең соңында құрылыс материалдары ретінде қолдану (жол жабыны). Аталған технологиялардың белгілі бір кемшіліктері де бар:
Қалдықтарды жағу - Органикалық тыңайтқыштарды алу үшін пайдалы бастапқы шикізат болып табылатын органикалық құрамдас бөлікті жояды. Қалдықтарды жағу кезінде атмосфераға зиянды газдардың көп мөлшері шығады.
- Қалықтарды сепарациялау арқылы толық мәселе шешілмейді.
- Қалдықтардың органикалық бөлігін зарарсыздандыру - көміртегінің 50%-ға ыдырауына алып келеді.
Қазіргі қоғам электр энергиясының балама көздерін жиі қолдануға тырысады, бұл әлемдегі ресурстарды үнемдеу проблемасын шешуге көмектеседі, сондай-ақ, жұмыстың қандай да бір түріне арналған шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Өз мақсаттарына жету үшін адам табиғат энергиясын қолдануға жиі жүгінеді. Үйге арналған биогаз қондырғысы сізге өз күшіңізбен өндірілетін энергия көзін - биогаз алуға мүмкіндік береді. Бұл отын кез келген адамның қалыпты өмірінде қолданысқа жарайды.
Мұндай конструкцияның негізгі артықшылықтары неде, ол қандай мақсатта пайдаланыла алатынын және қарапайым биогаз қондырғысын өз қолыңызбен қалай жасауға болатынын талдайық.
Мұндай құрылғы не үшін қолданылады? Бұл - фермер шаруашылығында да, тұрмыста да, кәсіпорындарда да қолданылуы мүмкін экологиялық отын, биогаз өндіру. Биогаз жылу, электр энергиясын өндіру үшін, автомобиль отыны ретінде қолданылуы мүмкін. Қондырғыны жинақтау және толтыру әрбір нақты жағдайға қажетті қуаттылыққа, пайдаланылатын бастапқы шикізаттың түріне және алынатын түпкілікті өнімге байланысты көптеген түрлері бар.
Биогаз қондырғысының жұмыс істеу принципі түсінікті, сондықтан оны қолдану әрқашан және барлық жерде рұқсат етіледі. Белгілі бір жерде агрегатты жайластыру қажеттілігі мен орындылығына әсер ететін басты фактор - процесте қажет болатын органикалық шикізаттың жұмыс үшін жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілуі.

Тұрмыстық
қалдықтар
Тұрмыстық
қалдықтар

Бейорганикалық
Бейорганикалық
Органикалық
Органикалық

Пластик
Пластик
Қара және түсті металлдар
Қара және түсті металлдар
Биологиялық процесс
Биологиялық процесс

Биоорганика
Биоорганика
Шыны және басқалары
Шыны және басқалары
-Фильтрация жүйесі;
-Метанды алу;
-Метанореактор.

-Фильтрация жүйесі;
-Метанды алу;
-Метанореактор.

Биогаз
Биогаз
Тыңайтқыштар
Тыңайтқыштар

Су
Су

ҚТҚ өңдеу процесінің технологиялық схемасы

Бұл технологияның кемшілігі: қалдықтарды өңдеу технологиясы атмосфераға метан мен көміртегі диоксидінің бөлінуі және парниктік газдардың шығуы.

Технологияның артықшылығы:
-электр станцияларында пайдаланылатын биогаздың пайда болуы
-муниципалдық көлік секторында (әлдеқайда аз зиянды шығарындылар);
-сұрыпталған тұрмыстық құралдың 90% - дан астамын шаруашылық айналымға қайтару
-материалдар қалдықтары (металдар, пластмасса, шыны) және т. б.;
-жоғары сапалы тыңайтқыштар өндірісі[14].
Биотехнология -- (био bios-тіршілік+thechne, (грекше) - өнер, шеберлік және logos -- ғылым) -- тірі ағзалар (организмдер) мен биологиялық әрекеттеді өндірісте пайдалану. Биотехнология терминін алғаш рет 1917 жылы венгер инженері Карл Эреки енгізді. Карл Эрекидің пікірінше, биотехнология -- бұл тірі организмдер көмегімен белгілі бір өнімдерді өндіру жөніндегі барлық бағыттардағы жұмыстар болып табылады. Қазіргі кезде бұл терминге төмендегідей анықтама береді:
-биотехнология(биопроцесстер технологиясы) -- бұл биологиялық агенттерден микроорганизмдерден, өсімдік және жануарлар жасушаларынан, жасушалық компоненттерден құнды өнімдерді алуды өндірістік мақсатта пайдалану.
-биотехнология -- 20 ғасырдың соңында әлемдік ғылым мен экономиканың жетекші басымдықтарының бірі болды.
-биотехнология -- биологиялық процестер мен объектілерді пайдалануға негізделген экономикалық жағынан тиімді, маңызды заттарды өндіру мен жоғарғы өнімді микроорганизмдердің штаммдарын алу, өсімдіктердің сорттары мен формаларын, жануарлардың асыл тұқымын шығарумен айналысатын ғылым мен өндірістің жаңа бағыты. Яғни, адамға қажетті өнімдерді биологиялық объектілердің көмегімен өнімдерді өндіру. Бұл ретте микроорганизмдер мен өсімдіктер және жануарлар жасушалары, жасуша органоидтері немесе биологиялық белсенді молекулалар қолданылады.

Биогаз
Биогаз - түрлі органикалық заттарды анаэробты ферментациялау (қайта булау) кезінде, яғни, ауа қатынасынсыз жүретін үрдістер нәтижесінде алынған газ тәріздес өнімді айтамыз. Әрбір шаруа қожалығында жыл ағымында айтарлықтай көлемде қи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалдықтарды физика-химиялық әдіспен утилизациялау технологиясы
Жеміс шырындарын өңдеу қалдықтарынан алынған биоактивті қосылыстар
Қалдық туралы жалпы мәліметтер, олардың құрылымы, классификациясы
Сольвенің аммиакты тәсілмен сода технологиясы
Жарма дақылдарын ақтау
Радиоактивті қалдықтардың жер қойнауындағы сақтау орындары мен қорымдарын құрудың қазіргі программалары мен жобалары
Гидрокүкіртсіздендіру үрдісінде мұнай шикізатының катализі
Органикалық қалдықтарды өңдеу әдістері
Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортада ыдырау мерзімі
Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигондар
Пәндер