Канаданы Францияның отарлауы тарихы


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
SILKWAY Халықаралық университеті
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы, тарих және география» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Канаданы Францияның отарлауы тарихы
Орындаған: Сманқұлова Г. Н. СКО 114-71
Ғылыми жетекшісі: т. ғ. к., доцент Алиев Ө.
Шымкент, 2020 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І тарау. Канада мемлекетінің қалыптасу тарихы . . . 5
І. 1. Европалықтардың Канада жағалауларына алғаш рет келуі . . . 8
І. 2. Канаданы отарлаудың басталуы және отарлық империялардың құрылуы . . . 10
І. 3. Француз отарлық империясының құрылуы . . . 15
ІІ тарау. Еуропадағы ХVІІ ғасырдағы француз үстемдігі . . . 22
IІІтарау. Батыс Европа елдерінің жаңа ашылған жерлерге жүргізген отарлаушылық саясаты . . . 27
ІV тарау. Канададағы сеньоралдық жүйенің құрылымы және Францияның Канададағы жаңа жерлерді игеріп, бағалы аң терісі саудасының географиясын кеңейтуі . . . 37
V тарау. ХVІІ - ХVІІІ ғасырдағы отарлық иеліктер үшін ағылшын - француз
күресі және Францияның құлауы . . . 43
Қорытынды . . . 53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 54
Қосымшалар . . . 55
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілілігі: Ұлы географиялық жаңалықтар дәуірінде талай елдердің Үнді мемлекетіне жақын жолдарды ашуға ұмтылу нәтижесінде жол-жөнекей ашылған Канаданы отарлау Франция мен Англияның қарастырылып отырылған кезеңдегі бұлжымас тарихи тағдыры еді. Қазіргі кезеңде табиғат байлықтарының бірқатарын өндіруде әлемде алдыңғы қатарлы орындарды алып, әрі өзінің оңтүстік көршісі - Америка Құрама Штаттарының экономикалық жағынан қолбаласына айналған Канаданы қазіргі кезеңде тек франкоканадалықтар мен ағылшынканадалықтар ғана мекендейді. Оның өзінде франкоканадалықтар мекендеген Квебек штаты өзінің қиын жағдайы, франкоканадалықтардың саяси езілуі және тағы да басқа саяси күрестерді жүргізуде. Франкоканадалықтардың мұндай ауыртпашылықтарды көтеруі олардың өздерін ағылшындардың үстемдігін Канада аумағында мойындауының нәтижесінде болған жағдай екендігі тарихи процесс пен заңдылықтардың нәтижесінде бізге белгілі. Сонымен қатар, да, франкоканадалықтардың да тек қана келімсектер екені де белгілі. Алайда, осындай қым-қиғаш, саналуан саяси күрес барысында жергілікті тұрғындардың дауысы, олардың өздерінің саяси бас бостандығын талап етуі және тағысын тағылары, қысқаша айтқанда олардың өмірде бар екендігі және сол жерді мекендеген еркін адамдар екендігі неліктен сезілмейді? деген сұрақ үнемі бой көрсетіп тұрды. Осыған орай Канаданы француздардың отарлау тарихы, оның байырғы тұрғындарының тарихи тағдыры тұтас әлемде демократиялық қоғамдардың дамытылуы жағдайында терең зерттеліп, ашық айтылуы және өзінің тарихи сабақтары мен нәтижелерін міндетті түрде беруі тиіс өзекті тақырып деп шештік.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - отарлаудың қиыр солтүстік ел - Канаданы да айналып өтпегендігін, отарлау процесінің тұтас әлемдік тарихи заңдылық екендігін жан-жақты ашып көрсету.
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін біз Англияның отарлық елге айналуының тарихи алғышарттарын, Солтүстік Американы отарға айналдыру процесін талдау және оған сипаттама беру, сондай-ақ отарлау процесінің тарихи сабақтарын тұжырымдау міндеттерін өз жұмысымыздың негізі етіп алдық.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Жұмыс ХVІ-ХІХ ғасырларды, яғни, Франция капитализмінің Канаданы отарлау кезеңін қамтиды.
Жұмыстың теориялық және методикалық негізі. Тарихнама, архивтану және деректану ғылымдарының отандық жетістіктерімен қоса, Ресей тарихшыларымен озық үлгілі зерттеулері басшылыққа алынды. Мәселені анықтау үшін және оны жарыққа шығару жолында материалдың түп нұсқасы ортаға қойылып, оны талдау, салыстыру және қорытынды түйін жасау, құрылымдық тұрғыдан жүйелеу тәсілі қолданылды. Мұның өзі жұмыстың ғылыми өресін, құндылығын онан сайын арттыра түседі деп сенеміз.
Канада тарихы Солтүстік Америка тарихымен ұштастырылып қарастырылып, негізгі шынайы жағдайда көбіне-көп Америка Құрама Штаттарының тарихы көлеңкесінде қалып кете беретін тарих болып қалыптасқан. Сонымен қатар, экономикалық жағынан да АҚШ-тың басыбайлы боданы сипатына енген Канада тарихына көп көңіл де аударылмаған. Осындай кері факторларға қарамастан, Канада тарихына бірқатар орыс тарихшыларының зерттеулері арналған. Біз қарастырып отырған жұмыс тақырыбын ашу үшін алдымен Солтүстік Американың байырғы тұрғынлары - ирокез, Гурон және т. б. тайпалардың пайда болуы мен дамуы, әлеуметтік қарым-қатынасы мен олардың отарлану тарихына бірқатар дипломдық зерттеулер жүргізу үшін біз Ю. П. Аверинаның редакциялығымен жарық көрген «Североамериканские индейцы», М. Берзинаның «Формирование этнического состава населения Канады» атты еңбектерін пайдаландық. Аталған зерттеулер Солтүстік Американы мекендеген елдің байырғы тұрғындары мен ру-тайпалары, оардың мекендеген жерлері туралы толық мәліметтер мен деректер берілген.
Сондай-ақ, Канада тарихы, оның ішінде оны отарлаудың ерте кезеңдері мен француздық дәуірі, Францияның Канадағы елді-мекендерінің пайда болуы, Францияның сеньоральдық әкімшілік жүйесінің қалыптастырылуы барысы, елдің табиғи байлығы - бағалы терілі аңдардың жаппай қырылып жойылу процесі, елдің байырғы тұрғындарының да бағалы терілі аңдарының тағдырына ортақтас болып, ұлт ретінде жойылуы, сөйтіп, олардың орнына франкоканадалық және ағылшынканадалық дейтін жаңа пайда болған ұлтсымақтардың келуі, тіпті франкоканадалықтардың ұлттық еркіндігін сақтау мәселесінің бой көрсетуі - отарлық басқыншылықтың нәтижесінде ұлан-ғайыр аймақты мекендеген, алайда әлі де болса, ұлт ретінде тұтастанып үлгермеген, дамудың неғұрлым төменгі сатысында тұрған ру-тайпалардың жер бетіне толық жойылып кету тарихын толық сипаттап берген тұжырымдық сипаттағы еңбек - В. А. Тишков пен Л. В. Кошелевтің «История Канады» еңбегі де диплом жұмысының негізін құрады.
Жоғарыда көрсетілген еңбектер және Малидович И. И. «История открытии и исследования Северной Америки», Инестай Х. «По следам Лейфа Счастливого», Бейклесс Дж. «Америка глазами первооткрывателей», Фидлер А. «Канада пахнущая смолой», Райерсон С. Б. «Основание Канады»; Милейковский А. Г. «Канада и англо-французской противоречия» және т. б. авторлардың еңбектері мен зерттеулері пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, бес тараудан және қорытынды бөлім, пайдаланған әдебиет тізімі мен қосымшалардан тұрады.
І тарау. Канада мемлекетінің қалыптасу тарихы
Канада жеріне қоныстану XV-XVI ғасырларда басталды. Алғашқы рет ағылшындар мен шотландықтар Ньюфауленд аралы мен Әулие Лаврентий өзенінің төменгі ағысына қоныстанды.
Европалықтардың Жаңа дүниені ашуы кезінде Солтүстік Американы адамдар бірқатар толық мекендеп қойған болатын. Мыңжылдықтар бойында бұл жерде солтүстікамерикандық нәсіл қалыптасып, ХV ғасырдың соңына қарай бірқатар даму деңгейіне көтерілген болатын. Осы кезеңдегі халықтың жалпы саны 9-10 миллион адамға жетіп, олардың өздері бірнеше саяси-мәдени топтарға бөлінді.
Тынық мұхиттың батыс жағалауын отырықшы балықшылар тайпалары: хайда, цимшиан, нутка, квакиутл, жағалаулық сэнуштар және инуктар мекендеді. Канаданың кең-байтақ прерияларын бизонды аулайтын кри, ассинибой және т. б. тайпалардан құралған аңшылар қоныстанды. Материктің шығысы мен батысында Канада ормандарын атапаск және солтүстік-шығыс алтониск, ормандық сэлиштер тайпалары мекендеді. Олардың ішінде ең атақтылары - оджибье, монтанья, микмактар, беотуктар еді.
Солтүстік Американың Ұлы көліне дейін жеткен тайпалар отырықшыланып, осы жерде жер өңдеумен айналысты. Бұл тайпалардың шығыс және оңтүстік шығыс бөліктері ирокез тайпа одағына кіретін - гурондар, бейтараптар, могауктар, сенекалар, онейдалар, онондагалар, каюгалардан құрылды. Ирокездер жүгері, асбұршақ, асқабақ өсіріп, аңшылық және сауда кәсіптерімен айналысты. Ирокез тайпа одағы осы кезеңде материктегі басқа тайпаларға қарағанда даму деңгейі жағынан ерекше жоғары сатыда тұрған болатын. ХVІ ғ. ортасында-ақ, олар Ирокездер лигасын құрды. Нақ осындай тайпа одақтары әр жерлерде де құрылып, бұл канадалық тайпа одақтарының біртіндеп, халық (народность) түріне өту кезеңінде тұрған болатын. ХVІ ғасырда үндіс тайпаларының арасында алғашқы сауда қатынастары қалыптаса бастайды. Оның өзінде 60 мың үндістер мекендеген Шығыс Канада үшін (Онтария мен Квебек жер аумақтары) Әулие Лаврентий өзені негізгі сауда жолына айналды. Европалықтар келгенге дейін Монреаль, Квебек, Труа-Ривиера, Тадуссака жерлері үнділіктердің сауда жасайтын негізгі орталықтары болды [2] .
Европалықтар отарлағанға дейінгі Солтүстік Амерканың қоғамдық қатынасы әртүрлі дәрежеде, яғни, аңшылық тайпаларда - рулық құрылыс, отырықшы балықшылар мен жерөңдеушілерде - рулық қауым ыдырап, классикалық қоғам үлгісі қалыптасып келе жатқан саналуан кезеңдерде тұрды. Солтүстік америкадағы классикалық қоғамда да оның халқының мүліік теңсіздігіне өтуі, билеушілердің үнемі бір әулеттен шығып, тұрақтануы әсіресе ирокез тайпаларында анық байқалды. Ирокездердің рулық қоғамын американдық ғалым Л. Морган толық зерттеп, барлық тайпалардың рулық қоғамы ирокездер қоғамының белгілерімен сәйкес келеді деген тұжырымға келді. Алайда ирокездердің өзбеттерінше табиғи жолмен дамып, жетілуі мүмкін болған жоқ, ол эволюцияны европалықтардың материкті ашып, құрлыққа көптеп келе бастауы, сөйтіп, отарлық кезеңнің басталуы тоқтатты.
1608 жылы Квебек, 1642 жылы Монреаль қаласының іргетасы қаланды. 1763 жылғы Париж келісімі бойынша Канада Ұлыбританияның иелігіне өтті. Канада 10 провинция мен екі аумақтан тұратын парламенттік конфедерация. Басқару жүйесі жөнінен федеративтік конституциялық монархия. Ресми түрде Ұлыбритания королевасы мемлекет басшысы болып есептеледі.
Канаданың қоңыржай белдеуде орналасқан оңтүстік - шығыс бөлігі қолайлы. Бұл өлкенің басты байлығы - көгілдір көлдер мен қалың ормандар. Көлдердің жалпы саны жөнінен д. ж. 1 - орын алады. Канадалық Кордильера қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Мұнда мыс, алтын, күміс, сирек кездесетін металдар, мұнай мен газ өндіріледі. Өзендер мен көлдерде құндыз мекендейді, олардың көптігі сонша, кезінде алғашқы қоныстанушылар Квебек провенциясын «құндыздар корольдігі» деп атаған. Құндыз Канаданың ұлттық символдарының бірі болып табылады. Канада аумағының 35%-ын алып жатқан ормандарда бағалы ағаш түрлері өседі.
Мысалы Виннипег өзенінің атауы үндіс тілінен аударғанда «лай су» делінсе, Ред - Ривер өзенінің атауы аты ағылшынша «қызыл өзен» дегенді білдіреді. Ұлы көлдерден Сеңгір тауларына дейін созылған Оңтүстік - батыс бөлігін - прерийлер алып жатыр. Құнарлы қара топырақта астық дақылдары өсіріледі. Канада дүние жүзінде астық жинаушы ірі мемлекеттердің бірі.
Елдің байырғы халықтары эскимостар мен үндістер. Эскимостардың негізгі кәсібі балық және аң аулау. Қазірде Канада үндістердің үлесі 4 пайыз. Әрбір шаршы шақырымға 3 адамнан. Оңтүстік - шығысында 100 адамнан асады. Канада халқының саны 32, 2 млн адамды құрайды. Халықтың орташа тығыздығы әр шаршы километрге 3 адам болғанымен, халық ел аумағы бойынша біркелкі орналаспаған. Қазіргі кезде Канадада үндістердің 600 - ге жуық тайпалары мекендейді, олардың ел халқындағы үлес салмағы 4% ғана.
Халқының басым көпшілігі шағын қалаларда тұрады. Урбандалу деңгейі 76 пайыз. Ауыл халқына бытыраңқы түрдегі қоныстану тән. Қалаларына тән басты белгі - көгалдар мен саябақтардың көптігі. Елдегі ірі қалалар - Торонто, Монреаль, Ванкувер.
Канада атауы үндістер тілінде «қоныс», «қауымдастық» дегенді білдіреді. Канаданың негізгі халқын Еуропадан, әсіресе Англия мен Франциядан қоныс аударғандар құрайды. XIX ғасырдың соңында Канадаға украиндар келе бастады. Олардың шоғырланған жерлері - Альберта, Саскачеван, манитоба провенциялары.
Канадада немістер, италиялықтар, голландықтар, поляктар, еврейлер, норвегтер, шведтер мен орыстар тұрады.
Діни нанымы бойынша халықтың басым көпшілігін христиан дініндегілер (католиктер - 46%, протестанттар - 41%, православие дініндегілер 2%) құрайды. Сонымен қатар мұсылмандар, иудейлер, буддизм мен дәстүрлі діндердің өкілдері бар.
Канадалықтардың өмір жасының орташа ұзақтығы 80 жас, Канада халқының өмір жасының ұзақ болуын медициналық жәрдемнің тегін болуымен, жалпы тұрмыс жағдайының жоғарылығымен түсіндіруге болады.
Канада халқының басым көпшілігі шағын қалаларда тұрады, урбандалу деңгейі - 76%.
Канаданын ең ірі қалалар - Торонто, Монреаль, Ванкувер.
Канада жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлы ел. Шаруашылық құрылымында үлкен жетілікке енетін басқа елдер тәрізді, материалдық емес сала басым.
Басты салалары-машина жасау, ағаш өңдеу, отын-энергитика, түсті металлургия
І. 1. Европалықтардың Канада жағалауларына алғаш рет келуі
Европалықтар Канада жағалауларына Христофер Колумбтың Жаңа Дүниені алғаш рет ашуынан әлдеқайда бұрын келген болатын. Олар қазіргі скандинавиялық тайпалардың ата-бабалары - норманн тайпалары еді. Олар ІХ ғасырға дейін-ақ, Исландияны отарлауды бастады, осы жерден олар Гренландия аралдарына, онан ары қарай Американың солтүстік жағалауларына келді [3] .
Жаңа жерлерді отарлаудың негізгі әрекеттерін алғаш рет норвегиялық Торфанин Карлесфин жасады. Ол 1008 ж. өзінің отбасы және 250 адамы бар 3 кемемен Винландқа келіп, ол жерде 3 жылға жуық өмір сүрді. Ол жердегі табиғат жағдайының қатаңдығы, азық-түліктің тапшылығы және жергілікті эскимос тайпаларының үнемі жасап отырған шабуылдары - алғашқы отаршылдарды еліне қайта оралуға мәжбүр етті. Нормандықтардың Солтүстік Америкаға жасаған саяхаттары осымен тоқтатылып қалмады, бірақ, онша нәтижелі де болмады. Бұл туралы сол кездегі сына жазуларында қалған деректер бар [4] . Осы кезден бастап канаданы отарлау кезеңінде ХҮІ ғ. дейін созылған үзіліс басталды. Орта ғасырдың бұл кезінде Европаның өзінде де норманндардың Канадаға жасаған саяхаттары ұмыт болды. Колумб пен оның ізбасарлары норманндардың отарлары туралы ешқандай хабары болған жоқ.
Үнді мен Қытайдың керемет байлықтары европалықтарды Солтүстік мұзды мұхиттың сұрапыл дауылдарына да қарсы тұрып, жол-жөнекей Канаданы ашуға мәжбүр етті. Жаңа жерлерді іздеп табу, оның байлықтарын иемденуге ұмтылыс Христофер Колумб 1492 жылы Американы ашқаннан кейін бірден өршіді. Осы кезде Канадаға саяхат жасаған ағылшын теңізшісі тарихқа қысқартылған Джон Кабот деген атпен енген Джованни Каботиньи болатын. Ол Азияға солтүстік сулар арқылы жол таппақ болып, өзінің үш ұлымен ағылшын монархы Генрих УІІ жүзуге патент сұрайды. Теңізде оқшауланып қалудан қорыққан және теңіз саудасын жасауға ұмтылған ағылшын билеушісі бұл өтінішті жедел қанағаттандырады. 1497 жылдың мамыр айында Джон Кабот 18 теңізшімен бірге «Мэтью» деген кемемен теңіз саяхатына шығады, сөйтіп ол Солтүстік Америкка жағалауларынна барып 11 аптаның ішінде қайтып келеді. Англияда Канадаға дейін жетіп, одан соң кері оралуға кеткен бұл ең қысқа уақыт рекордын Каботтан кейін ешкім де 1 ғасыр бойы қайталай алған жоқ. Джон Кабот майсым айының соңғы аптасында жаңа аралдарды тауып, оны «алғашқы көрінген жерлер» - Ньюфаундленд деп атады. Қытайдың солтүстік жағалауын аштым деп ойлаған Кабот, Англияға қайтып оралғаннан кейін жаңа саяхатқа даяраланады. Оған Генрих УІІ-нің қазынасынанн 1 кеме, ал көпестердің қаражатына 4 кеме салынып беріліп, жақсы даярланған бұл саяхат сәтсіздікке ұшырады.
Осыдан кейін тек 1536 ж. ғана, 30 жылға созылған үзілістен соң, капитан Роберт Хордың басшылығымен 2 кеме өте ұзаққа созылған Кейн-Бретон және Ньюфаунленд жағалауларына өз саяхаттарын жасады [5] .
Бұл кезеңде Канада жағалауларына флоренциялық Джованни Веренцанно бастаған франциялық экспедиция 1524 ж. келіп жетккен болатын. Франция басқа европалық елдерге қарағанда Канадаға әлдеқайда кеш келді. Алайда, Веренцанноның экспедициясы тарихта өте маңызды орынға ие болды. Ол өзінің ашқан жерлерін картаға латынша Жаңа Галлия, яғни Жаңа Франция деп белгіледі. Осы Жаңа Галлия Францияның болашақ отарының негізі болды.
Бірақ, осы алғашқы саяхаттардың барлығы - Қытайға баратын жолдағы жерлерді көктей басып өту ғана болатын, ол жерлерде ағылшындар да, француздар да, португаллдықтар да мәңгілікке қоныс теуіп, отарлау, сөйтіп, жаңадан ашылған жерлерді шаруашылық мақсатқа пайдалануды көздеген жоқ. Отарлау тарихы француз теңізшісі Жак Картьенің тұсында басталды.
І. 2. Канаданы отарлаудың басталуы және отарлық империялардың құрылуы
Канаданы отарлау Англиямен Францияның Солтүстік Америкада үстемдік ету үшін бәсекелестігі жағдайында өтті. Алғашқы ағылшын француз әскери қақтығысын 1680-1690 жылы өтсе, кейін испан мұрагерлігі үшін болған соғыстан кейін 1713 жылы Франция көптеген жерлерінен айырылды. Ал, жеті жылдық соғыстан кейін ( 1756 -1763) ағылшындар Францияны Канадан мүлде ығыстырып щығарды. 1791 жылы Ұлыбританияның конституциялық актісі бойынша Канада 2 провинцияға - Төменгі Канадаға (халқы французша сөйлейтін) бөлінді. Жоғарғы Канадаға (халқы ағылшын тілінде сөйлейтіндер ) бөлінді. Отардағы билік ағылшын тектілерінен шыққан ақсүйектер мен шенуніктер қолында болды. 1820 - 30 ж нарықтық қатынастар тез дамып, елге метрополиядан эмигранттар қаптады. 1837 жылдан бастап Британ аралынан келген эмигранттарға Канаданың Француздар тұратын бөлігі ашық қарсылық көрсете бастады. 1841 жылы жоғарғы және төменгі Канада бір провинцияға бірігіп, солтүстік америкадағы ағылшын отарларын бір орталыққа біріктіру жолында күрес бастады. Нәтижесінде елде либералдық және консерваторлық партиялар құрылды. 1867 жылы ағылшып парламенті Канада доминоны федерацясын құру жөніндегі акт қабылдауға мәжбүр болды Федерацияның құрамына жаңадан провинциялар енгізіліп, ақ нәсілдер үндістер мекендеген территорияларды жаппай тартыпала бастады. 19 ғасырдың аяғы -20 ғасырдың бас кезінде Канада экономикасы жедел дамып, халық саны 64% -ға көбейді, елтауарлы бидай өндірудің экспортты аймағына айналды.
XV ғасырдың соныңда Америка мен Индияға теңіз жолдары ашылғаннан кейін Еуропа елдерінде Еуропа емес елдерді жаулап алу басталды. XVI және XVII ғғ аралығында Еуропа отарлары Африка жағалауларын, Улкен және Кіші Антиль аралдарын, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Американы және оңтүстік жартылай аралдарды, Азия аралдарын жаулап алды. XVIII ғ отарлар саны көбейіп Австралия мен Океанияға дейін жетті, XIX ғ Еуропа мемлекеттері Африканы бөлініске салды.
Жаңа кезеңде отарлық империялардың құрылуы халықаралық қатынастардың бір бөлігі ретінде есептелді. XVI- XIX ғғ аралығында Еуропа мемелекеттерінің сырты саясаты мен дипломатиясы жаңа территорияларды жаулап алуға және оларды кеңейтуге бағытталған болатын. Сондықтан отарлау саясаты көптеген ұлы державалардың сыртқы саясатында үлкен рөл ойнады. XIX ғ 1 жартысында отарлау саясатының құрамы мен жүйесі өзгерді. Қомақты реформалар енгізілді. 1833 ж құлдықты жою туралы жарғы Англияның отарлы мемлекеттерінде ұлтшылдық ығыстыру режимінің орнауына әкелді.
Метрополия экономикасына ауыл шаруашылығы қажет болған соң Үндістан мен Цейлонда плантациялар салынды. Ол Англияны шаймен, мақтамен, табакпен қамтамасыз етті.
XIX ғ. 30 жылдарында голландықтар Индонезияда «мәжбүрлі мәдениет жүйесін» енгізді. Осы жүйе арқылы метрополиялар үлкен табыс көздеріне ие болған. 500 жылдың ішінде Отарлау саясаты көптеген өзгерістерге ұшыраған еді: Біреуі жаңа территорияларды иемденсе, екіншілері олардан айырылып отырды, үшіншілері болса айырылған территорияларының орнына жаңаларын иемденді.
Португалия мен Испанияда отарлық империялардың пайда болуы Алғашқы Отар мемлекеттер Португалия мен Испания болды. Олар жерді меридиан арқылы бөліскке салған болатын. XV ғ. Европа ақша металлы алтынға зар еді. «Алтын қажеттілігі» Испания мен Португалияны мұхиттің аржағына итермеледі сол себепті жаңа географиялық ашулар жасалып алғашқы отар мемлекеттерді жауланды.
Ірі мемлекеттер қатарына жатпаған Португалия, бар болғаны 1 млн халқы бар, әскері жоқ мемлекет жерлерді жаулап алу үшін өз жүйесін құрады. XV ғасырда Африка жағалауларына және аралдарына ие болады. Индияға, Америкаға теңіз жолдары ашылған соң Португалия Африка жағалауларында, Индияда және Зонд аралдарында, Бразилияда берік тұрақтанып алады. Бірақ кейін осы иеліктерінің жартысынан айырылып қалады. 1580 ж Португалияны Испания королі II Филлип басып алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz