Қытайдағы қазақтар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

аймақтық ерекшеліктері

Ethnography of Chinese Kazakhs:

common values and regional features

Этнография китайских казахов:

общие ценности и региональные особенности

Магистрлық диссертация

Құндыз ТҰРДЫҚЫЗЫ

Нұр-Сұлтан 2019

Жоспар

Кіріспе

Бірінші тарау: жалпы этнографиясы.

1. 1. Қытай қазақтарының қоныстануы және этникалық тарихыи мәселелері.

1. 2. Қытай қазақтарының этнографиясының жалпы сипаты.

1. 3. Қытай қазақтарының материалдық мәдениеті.

1. 4. Қытай қазақтарының рухани мәдениеті.

Екінші тарау: ортақ құндылыұтары мен аймақтық ерекшелігі.

2. 1. Қытай қазақтары тарихи қоныстануының, ру-тайпаларының ерекшеліктері: топонимикалық, этникалық карталары.

2. 2. Қытай қазақтарының шаруашылығының ортақ құндылықтары мен аймақтық ерекшеліктері.

2. 3. Қытай қазақтарының материалдық мәдениетінің ортақ құндылықтары мен аймақтық ерекшеліктері.

2. 4. Қытай қазақтарының рухани мәдениетінің ортақ құндылықтары мен аймақтық ерекшеліктері.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Қосымша материал:

ҚХР-ындағы қазақтар қоныстанған өңірдің картасы, қазақ автономиялы обылыс, аудандар және қазақ саны.

Қысқарған сөздер.

Кіріспе

Диссертацияның өзектілігі: Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері, қазақтың тарихы қайта қаралып, кеткені келіп, кемтігі толып келеді деуге болады. Оның басыты көрінісі біріншіден , шекараның сыртында жүрген әр қазақты елге шақырды. Сол шекараның сыртындағы ағайынның тарихи-мәдени өмірін, тұрмыс-тіршілігн, салт-санасын Тәуелсіз қазқа елінің сырттағы дияспорасы ретінде зерттеп, зерделей бастады. Осы негізде ұжымдық зерттеулер жасалды, еңбектер жазылды. Жекелеген авторлардң да азд-көпті кітаптары арғы-бергі бетте жарық көрді. Алайда, этнографиялық тұрғыдан ғылыми, кешенді зерттеліп болып кетті деу қыйын. Жүиеден Шыйнжияңдағы қазақтардың жалпы қазақтың мәтериалдық және рухани өміріне қосқан үлестері, оларда сақталған ұлттық құндылықтары ғылыми айналымға толық түсе қойған жоқ. Қытайдағы қазақтардың этнографиясы өз ішінен, ғылыми деңгейде салыстырып зерттелеген жоқ.

Екіншіден , отандық ғалым - Г. М. Мендикулова Қытай қазақтарын «қазақ диаспорасы» емес, қазақ «ирреденті»(бөліндісі) деп есептейді. Бұл өте дұрыс әрі нақты тарихи шындыққа сай көзқарас. Шындығында Қытайдаы қазақтар Қазақстанның шеттегі кейін қалыптасқан дияспорасы емес, қайта бөліндісі болып табылады. «Екі нар сүйкенсе ортасында шыбын өледі» дегендей, кезінде Алпауыт держава болғысы келген Орыс пен Аспан асты елі менмін деп отырған Қытай елі далйып жатқан даламызға көзін салғанда ортасында құрбандық болып бөлініп кеткен бөлегі осы Қытайдағы қазақтар еді. Айталық, Қытайдағы қазақтар мекен еткен өңірдің, таулары Қазақстанмен тұтасып жатыр. Асылында солай, екі елдің географиялық ландшафтарына қарасаңыз; Қазақстан Алатауының аржағы Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы делінеді. Ал, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауын бүгінде қазақтар мекендейді. Шыңдары көк тіреген Хантәңір тауы да екі елге ортақ. Мынау Тарбағатайдың арғы жағы да Тарбағатай аталатын аймақ, ол жерді де қалың найман ен жайлап жатыр. Алтайдың арғы беті де Алтай. Мұзтаудың басына бұлт, тасына қыран ғана қона алатын ақбас шыңын, арғы жақтағы керей, наймандар да, бергі жақтағы қаратай наймандарда қатар тамашалап, бауырына мал өрістетіп отыр. Ал, өзендеріне келсек, жалпы ұзындығы 4248 километр болып, Семей, Ақсу, Өскемен, Павлодар, Омбы қалаларын басып өтіп, солтүстік мұзды мұхитқа құятын ертіс өзені - осы Қытайдағы Алтайдан бастау алады. Алакөлге құятын еміл өзені Тарбағатайдың Қытайда қалған бөлегіндегі Орқашар тауынан бастау алады. Ал, Балқаш көлін байытып тұрған Іле өзені де Іленің Қытайдағы бөлегінен басталады. Енді табанының астындағы жердің өзі осыншалы туыстық танытып отырған елдің басым бөлегі - «керегсі ағаштан, атасы бір Алаштан», Алаш болғанда да тура қазіргі қазақты құрап отырған ру-таиплардың ішіндегі Орта жүздің керей-найманы екенін айтып жату бір қарасаң басы артық сөз сияқты. Олай болатыны, керй мен найманның ата қонысы арыға бармай-ақ Шыңғысхан дәуірінің өзінде Осы аяулы Алтай болғанын Қытайдың тарихи жазбаларынан қазып алған жоқпызба? Алайда, оны басы артық іс деп отыра бермей, ғылыми тұрғаыдан дәлелдеп, ғылыми айналымға түсірмесең, бәрібір, бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың санасына ауызша айтып құя алмайсың. Себебі, қазақ деген ұлттың фольклормен тәрбиелентеін ұрпағыының дәуірі аяқтады. «Атаңнан қалған алты арыс жері болмаса, көресің қайдан көгілдір инеліктерді» деп ақын Жұматай Жақыпбаев айтқандай айналасы айшылық, көледенңі күншілік бабалрымыз қалдырған ұланғайыр жер болмаса, оның үстінде ел қайдан болады, ел болмаса елдің тарихы қайдан болады. Ал, бізде жерде, елде бар екен, енді сол жердің, елдің тарихын неге жазбасқа. Неге келер ұрпаққа таза тарихты, бабалар жасаған құндыылқтарды саф, таза күйінде жеткізуге тырыспасқа. Бабаларымыз Көшссе қона білді, қонса көше білді, сүйтіп жүріп ұлы Тұран өркениетін жасады. Күллі адамзат мәдениетіне өзі үлесін қосты, «көшпенділер мәдениеті» деген көл-көсір мәдени-мұра қалдырыд. Шығыс түркстанның ежелден-ақ қазақтың ата күлдігі екенін географиялық карталардың өзі көрсетеді. Өкіншке орай, бүгінде ол шекараның сыртында қалғандықтан тарихта біздікі екені мойындала бермейді. Ал, бұл дүние сыртқа мойындалмаса да, Шерхан Мұртазаның «Қытай қазағы, Моңғол қазағы, Иран қазағы, Өзбек қазағы деген қазақ жоқ, жер бетінде бір ғана қазақ бар» - дегеніндей, жер бетіндегі бар қазақ бір қазақ екені жас ұрпақтың санасына сіңірілуі керке дүние. Және Қытайдағы қазақ ирредентінің бөлініп қалуының тарихи себептерімен толық танып біліу біздің ел үшін аса қажетті мәселе деп ойлймын.

Диссертацияның зерттелу деңгейі: Жалпы Қазқастан Тәуелсіздік алғаннан бері ұлттың өткенін зерделеп, ертеңіне көз жіберуде кезек күттірмейтін мәселеге айналғаны белгілі. Осыған орай этнографиялықы зерттулердің әр өңірдегі қазақта әр келкі басталып, дамуына байланысты бұл мәселе, әсіресе Қытайдағы қазақтарда тұтас траихи зерттеумен қатар келеді. бұл Қытайдағы қазақтың өзі тарапынан сонда өмір сүріп жатқан қазақ этносын зерттеу ретінде басталды. Ары қарай, Қытайдағы аз санды ұлттардың ұлттық құндылұтарына, мәдени мұрасына мән беру, оны жинап, реттеп, Қытай мемлекетінің «Бейзаттық мәдни мұра» тізіміне енгізіумен жалғасын тапты. Бұл барыстағы алғашқы еңбектерде Қытайдағы қазақ ғалымдары мен Қазақ танушы Қытай ғалымдардың да айтарлықтай еңбегі бар. Қытай азат болғаннан кейінгі қазақ тануға қатысты алғашқы еңбек - Нығымет Мыңжанидың «Қазақтың қысқаша тарихы»(1987ж) деген еңбегі. Және де Ғалымның «Қазақ тілінің тарихына шолу», «Қытайдағы қазақтар», «Қазақ ұлтының тегі және қазақ атауының төркіні мен мағынасы», «Ислам дінінің қазақ халқына таралуы және оның ықпалы» қатарлы мақалалар жазды. «Қазақ ру-тайпаларының таңбалары мен ұрандары», «Қазақтың мифтік аңыздары» атты зерттеу жұмыстары тек Қытайдағы қазақтардың ғана емес жалпы қазақ үшін құнды еңбек деуге тұрарлық еді [1] . Мұнда автор тек ҚХР-ындағы қазақтың ғана емес, күллі қазақтың келіп шығуын тарихи дерекетремен, аңыздарға сүиене отырып таратады. Қазақстан Тәуелсіздік алмай тұрған кезде, шетелдегі қазақтар жағынан жарық көрген еңбек, кезінде Қытайда ғана емес бірнеше шетел басылымдарында да қызу талқыға түсіпті. 1992-інші жылы Қытай тарпынан мемлекеттік сыйлық та алыпты.

Екінші бір көлемді еңбек, жоағарда айтып өткен, саналы өмірін қазақты тануға арнаған белгілі Қытай ғалымы, Нығымет Мыңжанимен 40 жыл бірге ғылыми зерттеу шұғылданған - Қытай тарихшысы, ғалым, профессор Су Бихайдың 1989-ыншы жылы жариялаған «Қазақ мәдениетінің тарихы» атты монографиясы болды. Одан кейінде, Шығыс түркстандағы қазақтар мекен еткен өңірдің таумен тасын аралап жүріп фотоға түсіріп, шамасынша зерттеп қалдырға - «Шинжияң петроглифтері» аттаы еңбегін атауға болады. Су Бихайдың соңғы бір көлемді дүниесі ол әрине - «Қазақтың жалпы тарихы» аталатын еңбегі болды. Ғалымның бұл еңбегі өткен ғасырдың соңында жазылып қойылсада, дер кезінде жарық көруі мүмкін болмады. Себебі, Қытай еліндегі бір аз санды ұлт ретінде қаралатын қазақ этносына осынша көлемді еңбек арнап, оның тарихын өмір бойы зерттеп өтуді, коммунистік Қытай биілігі де, тарихшыары да қабылдай алмаған болу керек. Сүйтіп, ол жақта жолы болмаған қазақ тарихы туралы бір көлемді еңбек, Нұр-Сұлтан қаласындағы Еуразия Ұлттық университетіні шығыс тану кафедарасының профессоры Тұрсынқан Законұлының мұрындық болумен әзер баспа бетін көрді [2] . Осыдан былайғы зерттеу еңбектердің шоғырын ретімен, Шинжияң Қоғамдық ғылымдар академиясыныңң академигі, тарихшы Жақып Мырзақановтың зерттеулерімен жалғасып жатыр. Ғалымның еңбектері «Қазақ ұлты»(ұлттар баспасы 1989), «Қазақ халқы және оның салт-санасы»(Шыңжаң Халық баспасы, қазақша, 1992; қытайша, 1999), «Тарихи этнографиялық зерттеулер»(Іле Халық баспасы, 1990), «Ғасырлар қойнауынан»(Жалын баспасы, 2004), «Абылай хан»(Ұлттар баспасы, 2000), «Күшлік хан» (Ұлттар баспасы, 2002), «Қазақ тарихы мен мәдениетінен зерттеулер»(Шыңжаң Халық баспасы, 2011), «Қазақ мәдениетінің айдыны» қатарлы ғылыми кітаптары Қытайдағы қазақты тануға қосқан өлшеусіз ұлес деуге болады. «Қытай тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» атты мемлекеттік ғылыми тапсыртың да басы-қасында жетекшілік етіп, құрастыру алқасында жетекші және бас редактор болды [3] . Ендігі бір ізденіс Ясиын Құмарұлының қоржынындағы «Алыстағы ата мұра»(«Алыста» - жері алыс, уақыты алыс 2003ж), «Қазақтың салт-дәстүрі»(2003ж) және «Көшпелілер және орта жазық мәдениеті»(Көшпелілер және байырғы қытай мәдениеті 2011ж) атты монографиялары басылым көрді. Сонымен бірге, «Қазақ мақал-мәтелдерінің үлкен түсіндірме сөздігі»(2009), «Қазақ тілі жайындағы математикалық зерттеулер»(1997), «Қазақтың салт-дәстүрі»(2006) атты еңбектерін де атауға болады. Бұлардың бәрі де Қытайдағы қазақтың этографиясымен танысу, білу үшін қолға түсе бермейтін дүние боп табылады [4] .

Осындай халқына берері мол зерттеушілердің біреуі - Зейнолла Сәнік. Зйнолла Сәнік Қытайда жүргенде жалпы осы саланы негіздеп зерттеген адам. Бар еңбегін сол жақта жазып, жариялаған. Сосын, елге жаңағы еңбектерін ала келіп, көп томдық етіп баспадан бірақ шығарды. Оның ішінде толық екі томы тұтас этнографияға арналған [5] . Келесі бір еңбек тарих ғылымының аға зерттеушісі, профессор Жақып Жүнісұлына тиеселі. Ғалымның «Қытай қазақ оқу-ағарту тарихының», «Үйсіндер және үйсін елі», «Қазақ хандықтары және олардың заңдары туралы алғашқы ізденіс», «Қазақ оқу-ағартуының тарихына қысқаша шолу», «Қазақтың тегі және қалыптасуы»(1994 жылы Іле Халық баспасы) атты еңбектері бар [6] . Қытайдан елге оралған тағы бір Тарих ғылымдарының докторы Нәбижан Мұқаметханұлы Чиң хандығы мен қазақтардың қарым-қатынасы туралы, Абылайхан туралы зерттеулері мен Уаң Биңхуа, Уаң Миңжылар жазған «Үйсін туралы зерттеу» атты еңбекті аударуымен белгілі. Соңғы жылдары Қазақстанға ат басын бұрғаннан кейін де «Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы(1860-1920) » атты еңбегі жарық көрді [7] .

Ел болғасын, ел болғанда басқа емес қазақ болғасын ру-таипасыз этнография зерттелмейтіні белгілі. Сондай еңбектердің легінде жалпы қазақ шежіресінене бастау алған, әр рудың шежіресі тұрады. Солардың ішніде, Жәнімқан Ошанның «Керей тарихы» атты тақырыпқа дисертация қорғап, қазаққа қатысты Қытай деректерін аудару, зерттеу жұмысынынң басында болғанын айта кеткен жөн [8] .

Ары қарай Байахымет Жұмабайұлының «Қазақтың сауда мәдениетінің тарихы» дейтін кітабымен түйінделеді. Бүгінде аузын ашса, «Тарихымызда сауда болмады ғой, сүйтіп, біз сауданың жолын аса біле бермейміз» деген сияқты әңгімеге құштар жұртқа, біздің сауда тарихымыздың қайдан басталып, қайда барғанын көрсетуге бұл бір бағдар шам іспетті. Жалпы, қысқаша шолу жасай келгенде Қытайдағы қазқатардың этнографиясының зерттелу деңгейі осы [9] . Ол жақта қалған бір жарым миллиондай қазақ үшін бұл еңбек көп те емес, аз да емес. Бірақ, жалғасты кешенді зерттеуді қажет ететін тұстары да жоқ емес.

Ал, Қазақстанда, шеттегі қазақ дияспорасының қалыптасу тарихының жазылуымен басталды. Шеттегі қазақ дияспорасының қалыптасуы мен дамуын зерттеп-зерделеген әрине, отандық ғалымдар. Солардың ішінде мынаыдай екі еңбекті баса айтуға болады. Біріншсі - Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі - Философия және саясаттану институтының ұжымдық еңбегі - «Қазақ диаспорасы: бүгіні мен ертеңі» атты еңбегі болса [10], Екінші бірі - Гүлнар Омарвеаның - «Қазақ диаспорасы» атты еңбегі болып табылады [11] . Бұл екі еңбекте де авторалр шеттегі диаспораның қалыптасу, дамуымен бірге олардың заттық және рухани мәдениетін қоса сипаттайды. Әрине, оның ішінде Қытайдағы қазақ ирридентері де қазақтың шеттегі дияспорасы ретінде зерттелді. Дегенмен, жалпы бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның шекараның сыртында қылып кеткен қазақтың тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, салт-санасынан хабардар етуге үлкен әсерін тигізді деуге болады.

Бұлардан кейінгі жемісті еңбектер қатарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым көмитеті, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты құрастырған «Шетел қазақтарының өнері», «Шетелдегі қазақ фольклоры» , «Шетелдегі қазақ әдебиеті» сынды ұжымдық монографиялар толықтыра тұседі. Мұнда, Қытайдағы қазақтың өнері, фолкьлоры кешенді зерттелген деп айтуға болады [12] . Осымен қатар Қытайдағы қазақтың ән-күйі де толықтай зерттелмесе де, біршама жиналды деп есептеуге болады. Шинжияң қазақтарының біраз әні жиналды. Осы жаққа жеіп «Алтай, Трабағатай әндері» деп айтылп та жүр. Ал, күйлері

Тағы бір қомақты қазына, ақ сандықтай ашылып, ішінен жібек шашылып, әр айтқан сөзі аңызға бергісіз өмір кешкен қазақтың ардақты қарты Жағда Бабалықұлын айналып өте алмас еді. Жағда Бабалықұлы елге Тәуелсіздіктен бүрын оралған. Ол кісінің көзінің тірісінде еңбектері баспа бетін көрмесе де, белгілі ақын, журналист Қасымхан Бегманов арнайы барып көптеген сұхбаттар алып, Дәстүр журналында жариялап тұрған. Ұлтына, оның әр бір мұрасына, тіптен әр бір ауыз сөзіне шын жанашыр Қасымхан Бегманов кейін бұл сұхбаттарды кітап етіп құрастырған болатын. Кітаптың аты «Халқы мықтының - салты мықты» деп аталды [13] . Міне, осы кітаптың, әр бір сұхбатында, әр парағында қаншама этнографиялық ұғым-түсінктер мен халықтық ілімнің бастау көзі жатқанын бір оқыған кісі білмей қалуы мүмкін емес.

Диссертацияның дерекнамасы: зерттеу жұмысының жалпы дерекнамасы ел мен жердің шежіресі болған ауыз әдебиеті, рулардың шежіресі, жекелей және ұжымдық зерттеу еңбектері. Сонымен қатар Қытайдағы қазақтар тұрған өңірлерде халық ішінен айлап-жылдап жыйналып, реттеліп, аудан көлемінде жарияланған, әр ауданның хаылқ аузы әдебиеті мұралары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтардың Қытайға қоныс аударуы
Қытайдағы қазақ диаспорасының әлеуметтік жағдайы
Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы
Қытай қазақтарының тарихы 18-20 ғасыр
Қазақтардың Қытай жеріне ауа көшуі
Шыңжан өлкесіндегі қазақтар
ҚХР-дaғы иcлaм дiнi: тaрaлуы, ерекшелiктерi және қaзiргi жaғдaйы
Қытайдағы қазақ диаспорасының саяси-әлеуметтік, құқықтық жағдайы
Қытай халық құрамындағы түркі тілдес халықтар
ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдарындағы Қытай қазақтарының cаяси-әлеуметтік жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz