Бақылау шығындары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1
ӨНІМ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН БАСҚАРУ МӘНІ МЕН ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
8
1.1
Сапаны басқару эволюциясы мен даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ...
1.2
Өнім мен қызметтің сапа көрсеткіштері мен басқару әдістері ... ... ..
1.3
Заманауи бағытта өнім сапасын басқарудың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
20
2
КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНІМ МЕН ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН БАСҚАРУДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ҚҰРАМЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ АРСЕЛОРМИТТАЛ ТЕМИРТАУ АҚ мысалында ... .
2.1
Кәсіпорын қызметі мен сапаны басқару жүйесіне сипаттама ... ...
26
2.2
Кәсіпорын өнімдер мен қызметтерінің сапа факторларының шығындар құрамын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
34
2.3
Кәсіпорындағы өнімдер мен қызметтердің сапасын жүйелі басқару қызметін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНІМДЕР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
51
3.1
Кәсіпорында өнімдер мен қызметтердің сапасын басқарудағы негізгі мәселелері мен ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2
Өнімнің сапасын басқаруды ақпараттық қамтамасыз етуді стандарттауды жетілдірудің негізгі бағыты ретінде ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ...
ҚОСМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
55

Сапаны басқару эволюциясы мен даму кезеңдері
"Сапа" ұғымы басқару саласында көптеген философтар мен теоретиктермен сипатталған.Сапа түсінігі пайда болып,дамуынан бері әр түрлі ғалымдар мен зерттеушілердің сапа туралы өз пікірлері қалыптасты.
Неміс сапа қоғамы мынадай анықтама береді: сапа бұйымның немесе процестердің қасиеттері мен белгілерінің жиынтығы болып табылады, бұл олардың пайдалану мақсаты бойынша жарамдылығының дәрежесін туындатады.
Арманд Фейгенбаум сапаны инженер немесе маркетолог емес, тұтынушының шешімі ретінде анықтайды.
Дж. Джуран "сапа спиралі"ұғымын енгізді, оның қайталанатын сатылары ретінде нарықты зерттеуді, жобалық тапсырманы әзірлеуді, жобалау, техникалық шарттарды жасауды, технологияны әзірлеуді және өндірісті дайындауды, өндіруді, сапаны бақылауды, жеткізуді, сатудан кейінгі қызмет көрсетуді және кәдеге жаратылуын көрсеткен. [1, б. 23]
Сапа-объектінің белгіленген болжамды тұтынуды қанағаттандыру қабілетіне жататын сипаттамаларының жиынтығы.
Өнімнің сапасы-өнімнің мақсатына сәйкес белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын негіздейтін қасиеттерінің жиынтығы[2, б.4]
Тауар сапасы - әлемдік экономиканың ең үлкен категориясы, өсіп келе жатқан экологиялық дағдарыстағы оның келешектегі дамуының маңызды проблемасы. Өндіру кезіндегі оның жетілуі мен қамтамасыз етілуі баяғыдан бері адамзатты қызықтыруда.
Жер шарының көптеген аймақтарында оның дамуы табиғат пен адамның арқасында және оларға кейде кесірін тигізіп те жүзеге асу кезінде, қазіргі жаппай өндіріс заманында ерекше көкейтесті сипатына ие болды.
Сондықтан ХХ ғасырдың ортасынан бастап көптеген дамыған елдерде сапаны жоғарылату мәселесі жалпыұлттық ретінде қарастырылуда. Қазіргі заманда өнімнің бәсекеге қабілеттілігі негізгі фактор ретінде сапаны жоғарылатуға бағдарлау дүниежүзіндегі ірі фирмалардың ұзақмерзімді стратегиясы болып табылады.Сапаны басқару жөніндегі белгілі американдық маман Дж.Харингтон өзінің әйгілі Американдық корпорацияларда сапаны басқару кітабында өнім сапасы - 80-ші және 90-шы жылдардың әлемдік нарығында негізгі күрес алаңы және осы күресте ұтылыстың құны - экономикалық апат деп көрсеткен.
Соңғы онжылдықтарда сапаны қамтамасыз ету мәселесі ерекше назар аудартуда. Бұл келесі жағдайлармен анықталады.
Біріншіден, соңғы жылдары әлемдік нарықта, ең алдымен, американдық және жапондық өндірушілер арасында, бәсекелестік күрестің қатаң болуы. Зерттеулердің көрсеткіштері бойынша, егер бұйымның сапасы әлемдік деңгейден 50% төмен болса, тәжірбиеде осы өнімді өткізу мүмкін емес.
Екіншіден, ғылыми-техникалық үдеудің дамуымен байланысты, себебі ол, бір жағынан, сапаның өсуін қамтамасыз етуіне мүмкіндік берсе, екінші жағынан - шығындар мен оған қойылатын талаптарды жоғарылатады (жетілдірілген техника білікті еңбекті де қолдануды қажет етеді).
Үшіншіден, дамыған елдерде өндірістің қоғамдық-экономикалық жағдайының өзгеруімен байланысты, дәлірек айтсақ, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы жаппай өндірістен, бір ғана қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған тауарды саралап таңдауға мүмкіндіктерді туғызуы. Өндірістің күрделенуі жүзеге асып, мамандандыру тереңдетіліп, шағын мөлшерді өндірістердің бөлігі артып, сапаның көрсеткіштері даралана түседі, яғни әрбір бұйым талғамдары мен қаржы мүмкіндіктері ескерілген әртүрлі тұтынушылар үшін әртүрлі сапа көрсеткіштері бар түрлі нұсқаларға ие. Мысалы, Филипс корпорациясы теледидардың негізгі 25 үлгілерінің негізінде оның 500-ге жуық модификациясын шығарады.
Төртіншіден, тұтынушы және оның мәдениетінің өзгеруімен байланысты. Соңғы екі-үш онжылдықта өнім сапасына қойылатын талаптар маңызды өзгерістерге ұшырады. Инфляция кезінде тұтынушының жарнамаларға шалдыққыштығы азайып, сапаның сенімділік, жөндеуге жарамдылығы, энергияны үнемдеу, пайдаланудағы ыңғайлық пен қауіпсіздік, пайдаланудағы шығындардың жалпы дәрежесі сияқты көрсеткіштерге назар аударады.
Дамыған елдердің сапаны қамтамасыз етуге жұмсайтын шығындар өспелі ВНП бөлімін құрайды, өндіруші-фирма үшін сату көлемі құнының 10 және одан да астам пайызды құрайды. Тұтынушы да пайдаланудағы шығындардың өсуіне қатысты көп шығындалады, ал ол шығындар, кейде, бұйымның сатып алар кездегі бастапқы құнынан да асады. Көптеген компаниялар толық шығындардың есебінде құралған нарықтық стратегияларын құра бастады, яғни бұйымның өмірлік циклы бойында жобалау мен өндіру шығындарынан басқа тұтыну шығындары да кіретін шығындары. Сапаны кешенді басқару теориясының негізін қалаушы А.Фейгенбаум бір фирманың мысалында осындай стратегияның ұтымдылығын көрсетеді. Ертерек шығарылған бұйымдарға қарағанда модернизацияланған бұйымның сату бағасы өскенде және сонымен қатар сенімділікті көтеру мен пайдаланым шығындарын және, ең алдымен, еңбекке бұйымды жарамды қалыпта ұстауға кеткен шығындарды сапаны қамтамасыз етудің кешенді бағдарламасын енгізу арқасында, зерттеліп жатқан фирманың сату көлемі 4 есе көбейді.
Бесіншіден, экологиялық мәселелердің асқынуы. Осыған сәйкес, қоғамның экологиялық таза, яғни сапалы өнім шығару талаптары өседі.
Бұл мәселе өндірістің және еңбек өнімділігі өсу темптері төмендеуі, құнсыздану, энергетикалық және экологиялық дағдарыс, жергілікті нарықта шетел өндірушілер жағынан бәсекелестіктің қатаңдауы жағдайында, сондай-ақ халықаралық сапа стандарттарына өскен талаптарға байланысты отандық кәсіпорындар үшін маңызды, көкейтесті болады.
Сапа мәселесі тәжірбиелік қана емес, теориялық та болып табылады. Сондықтан, сапаны басқарудың маңызын анықтаудан гөрі, сапа деген түсініктің өзін ашып алған жөн.
Стандарт ретінде Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйымның 1986 жылғы берген анықтамасы қабылданған. Кейінірек, 1994 жылы сапа түсінігі дәлірек анықталған. Осыған сәйкес, сапа - белгіленген немесе жорамалдағы қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеттеріне қатысты нысан сипатының жиынтығы. Егер өнім сапасы жайлы айтатын болсақ, онда өнім жарамдылығына себепкер арнайы қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеттеріне қатысты өнім қасиеттерінің жиынтығы деп түсінеміз.
Сапа- фирма мәртебесі, пайданың өсуі, фирманың гүлденуі және сапаны басқару жөніндегі іс- шаралар басшыдан бастап нақты орындаушыға дейін барлық қызметкерлер үшін альфа мен амегаға айналады.
Өнімнің сапасы-кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші. Өнімнің сапасын арттыру едәуір дәрежеде кәсіпорынның нарық жағдайында өміршеңдігін, ғылыми-техникалық прогресс қарқынын, өндіріс тиімділігінің өсуін, кәсіпорында пайдаланылатын ресурстардың барлық түрлерін үнемдеуді айқындайды. Өнім сапасының өсуі-әлемнің жетекші фирмалары жұмысының тән үрдісі.[3, б.2]
Өнім сапасының жоғарылауы- әлемнің барлық озық фирмалары қызметіне тән сипаты. Ол американдық, еуропалық, азиялық кәсіпорындар болсын бүкіл әлемді қамтыды. Және өндірілген өнім сапасы фирмалар арасындағы негізгі бәсекелестік болып табылады.
Сонымен, экономикалық тұрғыдан, өнім сапасы - бұл өнімнің тағайындалуына сәйкес белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруына жарайтын өнім қасиеттерінің жиынтығы деп білеміз (ГОСТ 15467-79). Егер өнеркәсіп іс-шараларының басты мақсаты пайда табу болса, бұл мақсатқа жетудегі сапа рөлі басты болып келеді. Сапа жүйесі - бұл, ең алдымен, тұтынушының талаптарына сәйкес өнімді тұтынушыға жеткізіп тұруды қамтамасыз ететін өнеркәсіптің жұмысын ұйымдастыру тәсілі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе өнім сапасы күрделі түсінік екені анық. Ол басқалардан еңбек сапасы түсінігімен тығыз байланысты, себебі соңғы аталған, өнім сапасының басты себебі болып табылады.
Еңбек сапасы дегенде күрделілік, қиындылық пен еңбектің қоғамдық маңыздылығы сияқты өлшемдерін түсінеді. Жұмысшының біліктілігі жоғары болған сайын, еңбек сапасы жоғары болады. Бұл потенциалды мінездеме, жұмысты сапалы істеудің басты шарттарының бірі. Орындаушы сапалы және әсерлі жұмыс істеу үшін , ол бір жағынан, тапсырманы уақытында бітіруге қабілетті болу керек, ал екінші жағынан - тапсырманы максималды әсерлі және жоғары сапада орындауға ұмтылу керек. Бұл ұшін ол оның еңбегі дұрыс бағаланып ынталандыратынын сезіну керек.
Сапаны басқару саласындағы әйгілі жапон маманы К.Исикава сапа мәселесін кадрлар, оларды дайындау, ынталандыру еңбекке қатынасы мәселесінен бөлінбейтінін атап кеткен. Сапаны басқару оқытудан басталып, оқытумен аяқталады.
Жалпы айтқанда, сапа термині де белгілі өзгерістерге ұшырады. Оның өзгеруіне жоғарыда айтылып кеткен өндіріс және пайдалану құрылымындағы сапалы өзгерістер әсер етті.
Жоғарыда айтқанды қорытындылай келе, сапа тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты факторы ретінде оның өзегін құрайды. Жоғары сапалы тауар - бұл бәсекеге қабілетті немесе бәсекеге жоғары қабілетті тауар сияқты, төмен сапалы тауар бәсекеге төмен қабілетті болып келеді. Тәжірбиеде осығын қатысты ерекшеліктер тек жалпы қағидаларды растайды.
1.2 Өнім мен қызметтің сапа көрсеткіштері мен басқару әдістері
Өнімнің сапа деңгейі онық салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде қалыптасады.Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Өнім сапасының көрсеткіші деп өнімнің сапасын құрайтын бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық бағасы түсініледі. Өнімнің сапасын бағалау өнімнің мақсатына сәйкес белгіленген көрсеткіштердің жиынтығы бойынша жүзеге асырылады. Өнім сапасының көрсеткіштері серпінді және салыстырмалы сипатта болады, өйткені белгіленген және болжамды қажеттіліктер уақытпен өзгеруі мүмкін
1.Өнімнің тағайындалу көрсеткіштері. Осы топтың көрсеткіштері тұтынушылар мен өндірушілерде алғашқы қатарлы қызығушылық тудырады, себебі әсіресе олар өнімнің тағайындалуына сәйкестігінде белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруда өнімнің жарамдылығын көрсетеді. Тіптен осы көрсеткіштердің құрамы бұйымның тағайындалуы мен сипаты жайлы мейлінше түсінік алуға көмектеседі.
2.Өнімнің сенімділік көрсеткіштері.Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын анықтауда сенімділік көрсеткіштері маңызды рөл ойнайды, себебі ең жетілдірілген бұйымның өзі тағайындалу көрсеткіштері бойынша белгіленген қызметтерді қажетті сенімділік деңгейімен жабдықталуын баса атқара алмайды. Сенімділік - техникалық қызмет көрсету, жөндеу, қолдану шарттары, сақтау мен көлікте тасымалдаудың белгіленген режимдерінде талап етілетін қызметтерді орындау қабілеттерін сипаттайтын барлық өлшемдердің белгіленген мән шектерінің уақытында сақтап отыратын обьектінің қасиеті.
3. Өнімнің көлікпен тасымалдауының көрсеткіштері. Өнімнің көлікпен тасымалдануының көрсеткіштері өнімнің кеңістікте орын алмастыруына (транспорттауына), яғни, оны қолданумен немесе пайдаланумен ілестірілмейтін, сонымен бірге көлікпен тасымалдануымен байланысты даярлаушы және аяқтаушы операцияларға бейімделушілігін сипаттайды.
4. Стандарттау мен унификациялау көрсеткіштері. Стандарттау мен унификациялау көрсеткіштері өнімнің стандартын, унификациялылығын және түпнұсқалық құрамдық бөліктер мен қанықтығы, сонымен бірге басқа бұйымдармен унификация деңгейі, яғни, нақты бұйымдағы бұйым стандартталған бөлшектердің, нақты жинақталатын бірліктердің, блоктары және тағы басқа да құрамдық бөліктерін қолдану деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткіштер бұйымның құрастырмалық бір түрлілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
5. Патенттік құқықтық көрсеткіштер. Өнім сапасының патенттік құқықтық көрсеткіштері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz