МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРУ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ ... ... ... ... ... .І4
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ ... ... ... ... .І9
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ, МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ АУДАРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ІІ БӨЛІМ. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРУ КЕЗІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9
2.1 АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТОПТАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.2 ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ МАҒЫНАЛЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ҰҚСАСТЫҚТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

КІРІСПЕ

Ақпаратты беру кезінде, әдетте, іс-әрекеттің мағынасын, қызметін, немесе процесті. Зерттеу жұмысының объектісі мақал-мәтелдердің қазақ тілінен ағылшын тіліне аударылуы. Зерттеу жұмысы болып аударылу жолдары болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - мақал-мәтелдерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару.
Курстық жұмыста белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі нұсқаулар:
таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерді қарастыру;
мақал-мәтелдерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару жолдарын анықтау;
мақал-мәтелдерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару кезіндегі мағыналық ерекшеліктерін, ұқсастықтарын қарастыру;
таңдалған мысалдардың мағыналарының айырмашылықтарын талдау.
Берілген мақсаттарды іске асыру мақсатында берілген курстық жұмысты зерттеу. Жұмыстың практикалық маңыздылығы болып курстық жұмыстың зерттеу жұмыстарының нәтижесі табылады.
Мақал-мәтелдерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару атты бірінші бөлімде, Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері, ұқсастықтары атты екінші бөлімде, қорытындыда зерттеу кезіндегі басты нәтижелер тақыланады.

І БӨЛІМ. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРУ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы -- XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең - оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.
Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым -- Ш.Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н.Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Щ.Ибрагимов, М.Терентьев,
Я. Лютш, Ф.Катанов, В.В. Катаринский, П.М. Мелиоранский, Н.Н. Пантусов, А.Е. Алекторов т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше.
Халық мұрасын жүйеге келтіру, насихаттауда зор үлес қосқан танымал ғалым -- Ә. Диваев. Ғалым жинақталған материалдың барлық нұсқасын толық қамтуды көздей отырып, өз топтамаларын 1900-1927 жылдар аралығында "Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области", "Этнографические материалы" жинақтарының, "Туркестанские ведомости" газетінің" басылымдарында жариялады. Сондай-ақ, "Киргизские пословицы, записанные в Копальском уезде Семиреченской области" деген топтамасын 1900 жылы Қазан қаласында жариялаған Н.Н. Пантусовтың еңбегін де ерекше атап өткен жөн. Сөздік құрамның негізгі қаттауын қарайтын мақал-мәтелдерді жинақтау, жүйелеу, жариялау жұмыстары әр кезеңге орай жалғасын тапты.
Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған іргелі монографиялық зерттеулер де, мақалалар да баршылық. Солардың ішінен ғалым Б. Шалабаев алғашқылардың бірі болып, аталмыш тұрақты тіркестер тобын арнайы қарастырып, олардың негізгі мағыналық топтарын, жанрлық ерекшеліктерін анықтады. М. Ғабдуллин өзінің "Қазақ халкының ауыз әдебиеті" деген еңбегінде қазақ халкының шаруашылығын, кәсібін, тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын мақал-мәтелдердің өмір танытқыштық мәні мен қызметін айқындаса, С. Нұрышев оларды даму тарихы тұрғысынан қарастырды.
Қазан революциясынан бұрын басылып шыққан жинақтарды негізі зерттеу материалы ретінде ала отырып, ғалым мақал-мәтелдердің құрамы мен құрылымын, жасалу жолдарын, лексика-семантикалық, стилдік ерекшелікгерін жан-жақты талдап таратады. М.Әлімбаевтың "Өрнекті сөз- ортақ қазына" (1967) деп аталған зерттеу жұмысы аударма мәселесіне арналған. Жұмыста зерттеушінің қазақ мақал-мәтелдерінің тілде қалыптасу тарихы, жасалу жолдары, тілде қолданылуы, бір тілден екінші тілге аудару мәселесі, тәржімалаудың амал-тәсілдері жөнінде құнды пікірлері, теориялық және практикалық мәні зор ұсыныстары баяндалады. Еңбектің поэтикалық аудармаға бой ұру басымдылығына қарамастан, бұл - ғылымда өзіндік орны, елеулі үлесі бар еңбек. Б. Адамбаевтың "Халық даналығы" атты монографиялық еңбегі (1976) "Мақал-мәтелдер" және "Шешендік сөздер" деген өзара байланысты екі бөлімнен тұрады. Жұмыс осы аталған тілдік бірліктердің жанрлық табиғатын, тәрбиелік мәнін, құрылымы мен әдеби-көркемдік ерекшеліктерін талдауға арналған. Сондай-ақ, мақал-мәтелдердің окказионалды өзгерістері, варианттылығы Ғ.Тұрабаеваның, құрамы мен құрылымы, компоненттерінің байланысу тәсілдері, синтаксистік белгілері, инверсиялануы С.Кенжемұратованың, фразеологиялық тұтастықтар мен мақал-мәтелдер ұласымдылығы, танымдық-прагматикалық аспектілері Д.Бегалықызының ғылыми зерттеулерінде баяндалған.
Тіл-тілдегі паремиологиялық жүйені салыстыра-салғастыра зерттеуге арналған жұлстар қатарының біртіндеп толығып келетіндігі байқалады. Мысалы, А. Нұрмахановтың зерттеуі түркі тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жалпылығы мен кейбір өзгешеліктерін саралауға бағытталса, Э. Мұқышева қазақ және неміс тілдеріндегі мақал-мәтелдерінің өзара сәйкес тұстары мен ерекше белгілерін, ұлттық мәдени компоненттерін анықтайды. Зерттеу нысаны ретінде алынған тілдік бірліктердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері, қазақ және араб тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жасалу жолдары, типологиялық универсалия және уникалия құбылыстары
А. Донбаеваның жұмысында қаралған.
Сонымен, қазақ мақал-мәтелдерінің (әрі карай қысқаша- MM түрінде беріледі) зерттелу тарихына шолу жасау барысында оның бес бағытта жүргізіліп келгендігі анықталды:
а) тілішілес, яғни бір тіл аясындағы зерттеулер; ә) туыс тілдерді салыстыра талдауға; б) әртектес тілдер бірліктерін салғастыра қарауға; в) этнолингвистикалық астарын ашуға және г) қолданбалы мақсатқа негізделген зерттеу жұмыстары.
Мақал-мәтелдер - қалай, тура сол ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін берекелі мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне үйретуде олар ауыспалы, сондықтан таңдалған тақырып өзекті болып табылады. Мақал-мәтелдер - ауызша халық шығармашылығының кең тараған жанры. Олар адамдарды баяғыдан бері алып жүреді. Тиянақты ұйқас, кәдімгі формасы, қысқалылық сияқты мәнерлі сөздер мақал-мәтелдерді тұрақты, есте сақтаулы, сөйлеуде қажет етеді.
Мақал-мәтелдер - халық шығармашылығының көне жанры. Олар көне заманда пайда болды, және өз пайда болу тарихымен ғасырлар тереңіне кетеді. Олардың көбі жазу шықпай тұрып пайда болды. Сондықтан олардың алғашқы қайнар-көздері туралы мәселе ашық болып саналады. Ағылшын мақал-мәтелдер пайда болуының осындай негізгі қайнар көздері: халықтық, әдебиеттік, библиялы пайда болуы, басқа тілден алынуы және мақал-мәтелдер ретінде Шекспир цитаталарының пайдаланылуы.
Мақалдарды мәтелдерден айыру керек. Мақалдың басты өзгешелігі болып оның бітімі және дидактикалық мазмұны табылады. Мәтел үйрету мінезімен, ақылды қорытындының бітімсіздігімен айырылады.
Мақал-мәтелдер -- сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, М.М. Копыленко, А.В. Кунин, И.В. Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.
Зерттеу барысында, ағылшын тіліндегі ММ-дерді топтастырып, жүйеге келтіріп, баспадан шығару ісіне ғалымдардың баса назар аударғаны және ағылшын мақал-мәтелдерін тек өз аясында зерттеудің, жан-жақты емес, бір қырынан ғана қарастырудың орын алғандығы байқалды. Біздің пайымдауымызша, екі немесе бірнеше тілді салыстыра - салғастыра зерттеу жұмыстарының бірнеше білімін теориялық тұрғыдан толықтыра, жегілдіре түсері даусыз.
Мақал-мәтелдердің шығу төркіні, тілде қалыптасуы деген ережеге келер болсақ, оның күрделілігі де, түпдеректі қалтқысыз жабудың қиындығы да түсінікті. Дегенмен, қазақ халқының рухани қазынасын, сөз маржандарын қалыпқа келтіру барысында елеулі еңбек сіңірген Б.Адамбаевтың "мақал-мәтелдер әуелде аузы дуалы жеке кісінің аузынан шыққанымен, біреуден біреуге, ұрпақтан-ұрпаққа ауыса жүріп өңделген, өзгерген, бүкіл елге тарап, оны халық ақиқат деп таныған қағидаға, тіпті ережеге - заңға айналған" деген ой тұжырымымен толық келісуге болады.9,17 Тарихи деректер, ғылыми ізденістердің нәтижелері, танымал ғалымдардың пайымдаулары да жоғарыда айтылған пікірмен өзектес. Себебі, кез-келген сөз ұрпақтан ұрпаққа жетіп, ақиқат ретінде таныла бермесі хақ. Өз дәуірінің озық ойлы кемеңгерлерінің халықтың көкейінен шығатын, ұтқыр ойы, бейнелі, өткір сөзі ғана кеңінен таралып, танымал болуы мүмкін. Халықтың дана билері мен шешендерінің бір кезде аузынан шығып, кейіннен ел аузында мақал-мәтел ретінде қолданысқа енген сөздерінен бірер мысал келтірейік. Майқы би:
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Даналығымен, шешендігімен, қара қылды қақ жарған әділдігімен жастайынан елді аузына қаратқан Төле би сөздерінің де ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, халық арасында мақал-мәтел ретінде кең қолданыс тапқаны байқалды:
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, -ел жетім.
Сондай-ақ, халықтық мақал-мәтелге айналып, жиі қолданылып жүрген "Көпті қорлаған көмусіз қалады" тіркесінің Әйтеке бидің, ал "Бұлақ көрсең көзін аш" Бәйдібек бидің дуалы ұзынан шыққан тілдік бірліктер деген деректер бар, мұндай мысалдарды әрі қарай тізбектеп, қатарын көбейте беруге болады.
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ

Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы "Book of Proverbs in the Old Testament" атты топтама V ғасырда жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты. Оның 1500 жылы "Collectanea" (818 MM), 1508 жылы Венецияда "Chiliades" (3260 MM) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.
Артына өшпес тарихи із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғашқы "A Dialogue Containing the Number in Effect of all the Proverbs in the English Tongue" атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін 1550, 1555, 1560 жылдары жарыққа шығарды. Сондай-ақ, 1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe "Bibliotheca Scholastica Instructissima or, a Treasurie of Ancient Adagies, and Sententious Proverbes", 1639 жылы пастор Дж. Клардың (John Clarke) "Paroemiologia Anglo-Latina", 1640 жылы Дж. Хербергтің "Outlandish Proverbs", 1659 жылы Дж. Хауэльдің "Proverbs", 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдің 'English Proverbs" атты енбектері жарық көрді. Келесі ғасырларда бұрынғы ескі жинақтар толықтырылып, қайта бастырылып отырды. Зерттеу барысында мамандардың көбінесе ағылшын тілі мақал-мәтелдерін жинаққа енгізу үрдісімен шектелгенін көреміз.
Ағылшын тілі мақал-мәтелдерін ғылыми тұрғыдан арнайы, жан-жақты қарастырған зерттеу жұмыстарының бар екендігі мәлім. Мысалы,
Л. И. Швыдкояның ғылыми зерттеуінде мақалдар мен афоризмдер "клише" деген атаумен бір топқа біріктіріліп, олардың синонимдік қатары берілген. С.И. Вяльцеваның ағылшын мақал-мәтелдерін стильдік, ал Э.Ахундованың зерттеуі синтаксистік ерекшеліктері тұрғысынан талдауға арналған. Ағылшын тілінің тұрақты тіркестерін зерттеу жұмыстары ғалым А.В. Кунин есімімен тығыз байланысты. Ол өзінің "Курс английского языка", "Курс фразеологии современного английского языка" тәрізді көлемді ғылыми еңбектері мен "Англо-русский фразеологический словарь" сөздігі т.б. арқылы ағылшын тілі табиғатының кейбір өзгеге беймәлім тұстарын айқындап, жалпы тіл ғылымына елеулі үлес қосты және салғастырмалы негіздегі ізденістерге бағыт-бағдар берді. Мақал-мәтелдердің басқа тілдік бірліктермен салыстыра алғанда өзіндік ерекшеліктерін, күрделілігін, мән-мазмұнының терендігін айқын көрсететін тұстардың бірі -- аударма жұмысы. Кейбір жалпыхалықтық универсалдық сипатқа ие түрлерін есепке алмағанда, әдетте, мақал-мәтелдер бір тілден екінші тілге тікелей аударылмайды. Бір тілден екінші тілге тәржімелеу барысында мағынасы мен тіркес құрамындағы сыңарлары дәлме-дәл келетін теңбе-тең баламасы (абсолюттік балама) немесе контекстік мағынасы сәйкес эквиваленті қолданылуы мүмкін. Әсіресе, ілеспе аудармада шапшаңдық, жинақылық, нолдік қажет. Осы мақсатка негізделген, практикалық мәні бар жұмыстардың бірі -- Т.Баймаханова, Н. Өтешева, Н. Байтөлеевалардың құрастыруымен жарық көрген "Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском и казахском языках" атты еңбек. Жұмыста мақал-мәтелдер он мағыналық топқа бөлініп, олардың орыс және казақ тілдеріндегі баламалары берілген. Алайда, ағылшын ММ-дерінің қазақ тілінде баламалары бола тұра, тікелей аударылған тұстары да баршылық.
Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті кітап інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен таралып, көп оқылғандықтан, інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған. Зерттеу барысында олардың ауқымды бір бөлігінің тұпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындығы айқындалды. Мысалы: Үоu саnnоt sегvе Gоt and mаmmоn (сөзбе-сөз аудармасы*: Сен құдай мен мамонаға бірдей қызмет ете алмайсың); А soft answer turneth away wrath (с.с.а.: Жұмсақ (жылы) жауап ашуды қайтарады) т.б. Түп-төркіні інжілге барып саятын мақал-мәтелдердің сәл өзгеріске ұшыраған түрлері де кездеседі.
Ақын-жазушы, саясаткерлердің ұғымды, үйлесімді айтылған қысқа, әрі нұсқа, айшықты сөздерінің де ағылшын тілінің сөздік қорын байытуға едәуір үлес қосқаны нақтыланды. Мысалы: Тһе customer is always right і ( (с.с.а.: Әр0ашан тұтынушынікі дұрыс) тіркесінің Еуропадағы ең үлкен сауда орталықтарының бірі "Сэлфриджезді" (Selfridge's) ашқан Г.Селфриджге тиесілілігі жөнінде деректер бар. Себебі, оның барлық дүкендерінде "Тһе сиstоmег іs аlways гіgһt", яғни "әрқашан тұтынушынікі дұрыс" деген қатаң қағида қалыптасқан. Көпшілік көңілінен шыкқан осы сөз кейіннен халық арасында жиі айтылып, дәстүрлі қолданыска енген. Ағылшын тілінде бұл тәрізді қолдануға даяр, астарлы "авторлы" тіркестердің мол қоры бар.
Сонымен, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бөлігі қасиетті кітап інжілден, ал келесі бір бөлігі дарынды Шекспир сыңды керкемсөз шеберлерінің, халыққа танымал ақын-жазушылардың туындыларынан, сондай-ақ, көрнекті саясаткерлер сөздерінен бастау алғандықтары байқалады.
Қазақ және ағылшын паремиологизмдерінің түпдеректеріне қатысты негізгі айырма мынада: Қазақ ММ-дерінің ауқымды тобы жеке тұлғаға (би,шешен, ақылғөй, дана қариялар т.б.) байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып отырған. Ал ағылшын ММ-дерінің негізгі бұлағы діни ағым, қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады және сондай-ақ Шекспир сынды ұлы тұлғалардың айшықты, мәнді сөз үлгілері ерекше орын алады. 1, 175
Ағылшын зерттеушілері аталмыш тіркестің қазіргі заман ағымына сай келіп тұрғанымен, көненің көзі екендігін ескертеді және оның алғашқы қолданысын біздің жыл санауымыз бойынша 320 жылдардағы Теопрастус (Тһеорatrus) жазбаларымен ұштастырады.
"Тһеге іs а timе оf еvегуthing (с.с.а.: Әр нәрсенің өз уақыты бар).
Қазақша баламасы: Сабапқы ине сәтімен.
Бұл ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің " То еvегуthing tһеге іs а sеаsоn, апd а tіmе tо еvегу риrроsе under tһе һеаvеn". (с.с.а.: Аспан астында әр нәрсенің, әр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет, өнегелерінен ықтималдық, тұрақты қалыпқа енген.9, 152
Зерделей қарасақ, мақал-мәтелдер адам баласының бар өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі салалардың барлығын дерлік қамтиды екен. Солардың қомақты бір бөлігі -- еңбек жайлы мақал-мәтелдер. Мұның сыры еңбекгің тіршіліктің негізі, қоғамның, өмірдің қайнар көзі болғандығында болса керек. Көненің көзі іспеттес тұрақты тіркестер тобы келер ұрпаққа еңбек етпегеннің ішіп-жемейтінін түсіндіре келіп, оларды еңбек сүйгіштікке, адал еңбек етуге баулиды, жалқаулық, бойкүйездік, жатып ішер арамтамақтықтан бойды аулақ салуға шақырады,
Қонақжайлық - қазақ ұлтының сүтімен кіріп, сүйегіне сіңген ұлы дәстүрдің бірі. Өткен ғасырда поляк саяхатшысы әрі зиялысы А.Янушкеевич "Дүние жүзін қазақ жайласа, жер шарын тегін аралап шығар едім",- деп қазақ халқының қонақ жайлылығын риза көңілмен бағалаған екен. Қазаққа қонақ болу үшін оның таныс болуы, діндес, тендес болуы шарт емес, қонақасыны "бөлінбеген еншім" деп тануының өзі кеңінен таралып, дәстүрге айналған халық жорасының бірден-бір көрсеткіші. Алайда, А соnstant guest іs пеvег welkome. Бір күнгі қонақ - күт, Екі күнгі қонақ - жұт тәрізді тұрақты тұлғалар жиі келген келген қонақтың қадірін жоғалтатынын, оған өзі қалағандай құрмет көрсетілмейтінін бейнелі түрде жеткізеді. Екі ел мақал-мәтелдерін талдап-тарату барысында алыс жатқан, салт-санасы, әдет-ғұрпы, тілі-діні әр басқа халықтардың айтайын деген ой-тұжырымы, көзқарасы мен өмірлік ұстанымдарының өзара сәйкес келіп жататындығы анықталды. Мұның сыры өмірдің өзінде, адамзаттың көріп-біліп, көңілге түйген ойында, өмірден алған тәжірибесінде жатса керек.2, 208
Қазақ және ағылшын тілдерінде ақша-қаражат жайлы мақал-мәтелдер де кездеседі.
Мысалы, " Таке саге оf реnсе апd the роunds will tаке саге оf tһеmsеlvеs" (с.с.а.: Пэнсті үнемдеп ұстасаң, фунт өз-өзін үнемдейді). Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер; Береке бір тиыннан.
Ағылшын тілі мақал-мәтелдерінің алтын қорынан ауа-райына, аспан денелеріне, табиғат құбылыстарына қатысты мақал-мәтелдерді жиі кездестіруге болады.
Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын "Маппеrs такеth тап", Маппеrs таке tһе тап" (с.с.а.: Адамды адам ететін оның әдептілігі) тұлғасы ықшам, алайда мәні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида, дәстүрлерге, заман талабына байланысты калыптаскдн. Әсіресе, ХІV ғасырда Англияда мәдениеттіліктің негізгі шарттарына, өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударылып, мүлтіксіз орындалуы талап етілді. Әдептілік, ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады. Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық мақал-мәтелге айналып, кеңінен қолданыс тапты.
Мысалы, Соосі таппеss таке iһ а тап.
Адамды адам ететін оның әдептілігі) ; If yои sit bу worthier тап tһап tһуsеlf аrt опе, Suffеr һіт fіrst tо tоисһ tһе теаt (с.с.а.: Егер өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсаң, одан үлгі ал, ягаи соған қарап ас іш) т.б.
"Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас" деген мақал. қазақтың әдет-ғұрпына, өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз. Өзара қарым-катынасын жекжат болып нығайтқысы келген адамдардың балаларын атастырып, күйеу жігіт қайтыс болса, әмеңгерлікпен туған бауырының, болмаса жас ерекшелігіне карамай туыстарының біріне қосуы тәрізді мәселелер ата дәстүрі бойынша шешімін табатын. Балғын жас қаздардың тіпті әкесінен де үлкен қарт кісілерге тұрмысқа шығуға мәжбүр болуының негізгі себептері, қыз әкесінің сіңірі шыққан кедейлігі, не жетім қыздың жалғыздығы екендігін көптеген мұражай деректері дәлелдейді. Жоғарыда келтірілген мақалдың шығуына мұның шаға алмай, тағдырдың дегеніне көнген арулардың қайғы-қасіреті себеп болған тәрізді.
Діни мифологиялық наным-сенімге байланысты ММ-дердің этнолингвистикалық уәжі. Ағылшын және казақ тілдеріңде наным-сенімге байланысты макал-мәтелдер де кездеседі. Мысалы, ағылшын тіліндегі "Gоd һеlрs tһоsе who һеlр tһеmself" (с.с.а.: Өзіне өзі көмектескендерге құдай да жәрдемдеседі) тіркесінің шығу төркінің біздің жыл санауымызға дейінгі 570 жылы жазылған "Геракл және күймеші" атты Эзоптың (Аезор) аңыз әңгімесімен байланыстырамыз. Мифтік әңгіменің жалпы мазмұнына келер болсақ, күймесі батпақка батып түрып калған күймеші оны шығаруға талпыныс жасамастан, көмекке құдіретті де күшті Гераклді шандырады. Адамның бұл қылығына катты ашуланған Геракл: "күйменің доңғалағының артына иығынды тіреп итер де, өгізінді алға айда" дейді және алдағы уақытта еш әрекет қылмастан өзін шақыруға қатаң тыйым салады. Осы ой түйіні XVIII ғ. дейінгі әдебиеттерде әр түрлі жолдармен берілген. Мысалы, Дж.Барэт (Іоһп Вагеі) "Аn Аtуеагіе" (1580) атты еңбегінде: "Gоd helps thоsе іn tһеіг аnаіге, which aге іndustrious" (с.с.а.: Құдай еңбек сүйгіштерге көмектеседі) десе, Дж. Херберт (G. Herbert) "Jасиlа Рtudеntum" деген шығармасында "Неlр tһуsеlf, аnd Gоt will һеlр tһее" (с.с.а.: Өзіңе өзің көмектес, сонда сондай да жәрдем береді) деп, сәл түрлендіре қолданған. Қазіргі уақытта тұрақты қолданысқа ие "Got һеlр thоsе, wһо һеlр tһеmsеlf" мақалы алғаш рет 1736 жылы Б.Франклиннің (В. Ғгаnкlіп) "Роог Rісһагd's Аlmаnаск" атта еңбегінде қолданылды.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі наным-сенімге, оның ішінде, жаратқан ие, алла тағалаға қатысты ММ-дерді салғастыра зерттей отырып, олардың семантикалық жағынан өзара сәйкес келетіндігі анықталды. ММ-дер арқылы берілетін ойдың өзара өзектесіп, астасып келу себебін әртектес тілдер өкілдерінің өмір сабағының, ғасырлар бойғы тіршілікте көзі жетіп, көкейіне түйген тәжірибе жиынтығының ұқсастығымен ұштастырамыз.

ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ, МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ АУДАРУ ЖОЛДАРЫ
Фразеологизмдерді зерттеушілердің қай-қайсысы болсын оларды басқа тілге жеткізудің филология ғылымында үлкен мәселе екеніне тоқталып отырады Бұл туралы шолу талдауды Ә.Ө. Айтбаевтың Аудармадағы фразеологиялық құбылыс16,147 еңбегінде қарастырылған, яғни қай тілдің фразеологиялық бірлігін алсақ та, олардың сол ұлтқа тән бейнелік ерекшелігі, тарихи қалыптасуы болатындықтан, келесі тілге соның өңін өзгертпей, ұлттык бояуын, эмоциялық-экспрессивтік сипатын сақтап жеткізу аудармашыдан үлкен біліктілікті қажет етеді. Сондықтан да фразеологиялық бірліктердің аударылуын сөз етпес бұрын аудармашыға оның тілдік табиғатын түсініп алу қажет болады.
Фразеологизмдердің бейнелік қасиеті, экспрессивті-эмоционалдық бояуы, құрастырушы сыңарларының бірлігі контекст арқылы айқындалып отырады, сондықтан бұларды контекст аясында қарастырған жөн. Ал аудармада контекстің қызметі өлшеусіз екені өзінен өзі мәлім. Бұған қоса фразеологизмдердің стильдік жіктердегі ролі, жеке автордың стилін анықтаудағы рөлі айрықша.
Көркем шығармада болсын, саяси, публицистикалық шығармада болсын фразеологизмдер жиі қолданылып, оларда айтылған ойдың ұтымдылығын, ұшқырлығын арттырып отырады. Демек, бұл бірліктер тілдегі лексикалық бірліктер сияқты мағына жағынан түрленіп, белгілі бір стильдік қолданысқа сай пайдаланылып отырады.
Фразеологизмдердің жалпы сипаттары, өзіндік ерекшелігін түгендемесек те, ұзын-ырғасын санамалап шығуға болады:
1. Фразеологиялық бірліктер белгілі бір дәрежеде лексикалық бірлікке ұқсап тұрады, номинативтік, көпмағыналық, ауыспалы мағынаға ие бола алады;
2. Фразеологиялық бірліктер контекстен тыс тұрганда еркін тіркестермен омонимдес болып тұрады. Мысалы: контекст болмаса бұл кісінің көзі ашылды деген сөйлемдегі көзі ашылды фразеологиялық тіркесінің мағынасын түсіне алмаған болар едік;
3. Көптеген фразеологиялық бірліктердің тууында тарихи себеп, ұлттық салт-дәстүрлік негіз болады. Сондықтан аудармада фразеологизмдердің үлттық бояуын жеткізу елеулі қиындық тудырады. Бұл тұрғыдан фразеологизмдер ұлттық реалия создерге ұқсас жатады;
4. Фразеологиялық тіркестің компоненттерінің магынасы олардың тұтас мағынасына тікелей қатысты болмауы мүмкін. Бұл аудармашыны адастыруы ықтимал;
5. Фразеологизмдер стилистикалық тұрғыдан әр түрлі топтарға қатысты болады.
Фразеологиялық орамдар тіл білімінде әр түрғыдан едэуір дәрежеде зерттеледі. Алайда оны жіктеуде, шегін айқындауда тоқтамды түрде келісілген пікір пәтуасы бола қойған жоқ.
Мәселен, оның құрамына күрделі создер де, метафоралық қолданыстар да тіпті қос сөздер де кіріп жүрген жайттар кездеседі.
Фразеологиялық бірліктер лингвистикада соңғы кездерде тұтас шығатын мағынаға компоненттерінің қатысы жағынан, компоненттерінің тұрақтылығы жағынан дәлелді түрде жіктеліп түр. Көпшілік жүгінетін В. Виноградовтың жіктеуі бойынша фразеологизмдер фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек болып болінсе, М.Н. Шанский бұған фразеологиялық сөйлемше дегенді қосады. Қазақ фразеологизмдерінің бірегей зерттеушісі ғалым I. Кеңесбаев бұл бірліктерді негізінен екі арнаға -фразеологиялық түйдек (идиом сипатындағы тіркес), фразеологиялық тіркестерге бөледі. Сонымен қоса фразеологиялық орамдардың мақал-мәтелдерден елеулі айырмасы болатынын ескерте отырып мақал-мәтелдерді де тұрақты сөз тіркесіне жатқызады. 13,218
Айта кету керек, кейінгі кезде қазақ тіл білімінде де байкалып жүрген зерттеу тәсілдері - компоненттік талдау жолымен, этнолингвистикалық жолмен фразеологиялық бірліктерді зерттеу аударма теориясы үшін де мол материал, кең мүмкіндік берер еді. Бірақ бұл жолдармен зерттеу айтарлықтай деңгейге жетті деп айта қою қиын.
Сонымен жоғарыда көрсетілген классификациялардың қай-қайсын алмасақ та құрылымдық-семантикалық тұрғыға - идиомдық және тұрақтылыққа сүйенетінін байқауға болады. Мәселен, тұтастықтар мен бірліктер құрастырушы сыңарлары өзінің номинативті мағынасынан түгелдей немесе жартылай айрылып, ол тіркесті тұтас алғанда жеке сезге бара-бар болып тұрады. Мысалы: қас пен көздің арасында - жылдам (әңгіме қас пен көз туралы болып тұрган жоқ), сол сияқты: жүрек жұтқан - батыл, бос белбеу - былжыр, түйе үстінен сирац үйіткен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақал-мәтелдерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару кезіндегі құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері, ұқсастықтары
Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал мәтелдерді аудару
Қазақ тіліндегі мақал - мәтелдердің зерттелуі
Ағылшын тілінен орыс тіліне мақал-мәтелдерді аударудағы лексикалық мәселелер
Фразеологизмдерді аудару тәсілдері
Фразеологиялық бірліктердің көлемі
«Қазақ және ағылшын тілдеріндегі (адам, қоғам, табиғат) мақал-мәтелдердің этномәдени сипаты»
Мақал-мәтелдердің зерттелуі және құрылымдық сипаты, басқа тілдерге аударылуы
Көркем әдебиеттердегі фразеологизмдердің ролі және оларды аудару мәселесі
Пәндер