Ветеринариялық құжаттардың бланкілеріне қойылатын талаптар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БАИШЕВ УНИВЕРСИТЕТ

Ауылшаруашылық және экология кафедрасы

Байбулатова Айдана

Ветеринариялық құжаттарды дайындау және беру тәртібі мен ережелері

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

5В120200- мамандығы Ветеринариялық-санитария

Орындаған: Ветеринариялық-санитария мамандығының 3-ші курс студенті Байбулатова А.
Тексерген: аға оқытушы Масабаева А.Н.

Ақтөбе, 2020
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.1Ветеринариядағы құжаттардың жалпы ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.2Ветеринарлық сертификат алу тәртібі мен ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.3Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) алу тәртібі мен ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 8
2.4 Ветеринариялық-санитариялық қорытындыны беру тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.5Ветеринариялық анықтама берілу тәртібі мен ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .11
2.6 Ветеринариялық құжаттардың бланкілеріне қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.7Ветеринарлық паспорт беру тәртібі мен ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4
2.8Есептік құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.9Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың ветеринариялық есепке алуды жүргiзу және есептiлiктi ұсыну тәртiбi бойынша ветеринарлық құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.10Ветеринарлық клиникадағы ветеринарлық құжаттама жүргізу тәртібі ... ... ... ... ... ... ..20
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Кіріспе

Ветеринария ісін ұйымдастыру құжаттарды дайындау және беру тәртібі ветеринарлық мамандардың және мекемелердің жұмыс тәсілдері мен мақсаттарын, ветеринарлық шаралардың ұйымдастырудағы құжаттамаға негізделген.Ветеринарлық қызметтің ең басты мақсаты санитарлық сапасы жоғары сапалы ӛнімдер мен шикізаттар ӛңдіруді қамтамасыз ету, сондай ақ халықты зооантрозоноздардан сақтау, елімізді шет елдерден келетін қауіпті мал ауруларынан қорғау шараларын үнемі жүргізіп отыруда қолданылатын құжаттарды реттеу.
Курстың мақсаты: ветеринарлық құжаттарды дайындау мен беру тәртібі мен ережелерді меңгеру.
Курстық жұмыстың міндеттері құжат түрлерін берілу ережелерімен танысу мен беру тәртібін меңгеру.
Қазақстан Республикасының ветеринарлық қызметінің құрылымын; ветеринарлық заңдылықтың ережелеріне сәйкес малшаруашылығына қызмет кӛрсету тәртібін; ветеринарлық мекемелердің және қызметтердің жұмыс түрлерін мен әдістерін; ветеринарлық қызмет кӛрсету кезінде ветеринарлық мамандардың халықпен қарым қатынасын; мемлекеттік, ведомствалық және жеке кәсіпкерлік ветеринария қызметкерлердің жұмыс ақысын мӛлшерлеу және ұйымдастыру-осы ветеринарлық құжаттамалардың дұрыстығына байланысты жүргізіледі. Ветеринарлық заңдылықты меңгеріп оқуда қойылған мақсаттарын шешу үшін қолданады. Ветеринария саласында басты назар ветеринарлық шараларды ұйымдастыру және жоспарлау, қала және ауылдық жерлерін ауылшаруашылық кәсіпорындарда аурулардың ошақтарын жою, эпизотияға қарсы және хирургиялық шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау, жұқпалы аурулармен келтіретін зиянды есептеу мәселелеріне аударылады, сонымен қатар бухгалтерлік есеп және қаржыландыру негіздерімен, есептесу құжаттарымен, коммерциялық құрылымдардың ұйымшылық және қаржыландыру қызметімен танысу негіздері құжаттама болып табылады.

1Әдебиетке шолу

А.Ф.Сабирьянов және В. В. Вавилов(2013) мәлеметтері бойынша Мемле-кеттік қызметті, мемлекеттік ветеринариялық қызмет көрсету стан-дартын іске асыру кезінде әкімшілік рәсімдерді қолданудың жоғары тиім-ділігін, жүргізілген жоспарлы тексерулердің санын арттыруды, аумақта мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асырудың тиімділігін арттыруды, сондай-ақ жергілікті жерлерде ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарын қолдануда.."
Біздің елімізде Мемлекеттік ветеринариялық органдар Ветеринарияны мемлекеттік Республикалық органы (ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті) мен облыстардағы, аудандардағы және қалалардағы мемлекеттік ветеринариялық қызметтің жергілікті атқару органдары түрінде берілген. Мемлекеттік ветеринариялық органдар тиісті деңгейде өз құзыреттері шеңберінде ветеринариялық істі басқарып отырады.Ветеринария басқармасының республикалық органы өз қызметін жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңын, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті бекіткен осы орган туралы ережені, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің өкімдері мен қаулыларын, ветеринария бойынша нұсқамалар мен өзге нормативтік құжаттарды басшылық етеді. Қол астындағы мекемелер мен кәсіпорындарда қолданыстағы заңнамалардың дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді. Ветеринария басқармасының республикалық органы өзіне жүктелген міндеттемелерге сәйкес келесі функцияларды атқарады:республика аумағында жануарлар ауруларын профифлактикалау мен олармен күресу бойынша шаралар өткізілуін, жануар текті өнімдердің, шикізаттардың ветеринариялық-санитарлық тұрғыдан алғанда сапалы шығарылуын жүзеге асырып, бақылайды;республика аумағын өзге мемлекеттерден аса қауіпті жануар аурулары қоздырушыларының енуінен қорғау бойынша шараларды құрастырып, ұйымдастырады;Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі органдарымен бірлесе отырып адамдар мен жануарларға ортақ ауруларды (зооантропоноздарды) профилактикалау және олармен күресу бойынша шараларды құрастырады;ішкі тасымалдауларды, жануарларды импорттау мен экспорттауды, жануар текті өнімдер мен шикізаттарды өңдеу, сақтау және тасымалдауды, сонымен қатар азықтар мен ветеринариялық қызмет бақылауындағы жүктерді бақылауында ұстайды;ветеринария мәселелеріне қатысты нұсқаулықтарды, ұсыныстарды, ережелерді және өзге нормативтік құжаттарды құрастырып, бекітеді.

2Негізгі бөлім

2.1Ветеринариядағы құжаттардың жалпы ережелері

Ветеринария лық құжаттарды дайындау және беру тәртібі мен ережелері "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-4) тармақшасына, сондай-ақ "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес,бұйық бойынша: беріліп отырған Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекітілді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен беріледі.
Осы Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі - Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 46-4) тармақшасына, сондай-ақ "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық құжаттарды және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды беру тәртібін айқындайды. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады.аталмыш ұғымдар құжаттарды рәсімдеудің маңызды бөлігі десекте болады.Асыл тұқымдық куәлiк - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын асыл тұқымдық зауыт, асыл тұқымдық шаруашылық, асыл тұқымдық орталық, асыл тұқымды жануар ұрықтарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық өндіруші және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін, асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) ата-тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растайтын құжат. Ведомствоның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала) орналасқан аумақтық бөлімшелер.Ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосы (бұдан әрі - ведомство) - Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті.Жануарлар - адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар жануарлардың және құстардың барлық түрi, сондай-ақ құрлықта, суда, ауада және топырақта табиғи еркіндік жағдайындағы жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскілер, жәндіктер және басқалар).Өндірістік бақылау бөлімшелері - жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнiң әкiмшiлiктерi құрған, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн айқындау жөнiндегi бөлiмшелер.Өтініш беруші - ветеринариялық құжатты алуға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға.Ветеринариялық сертификаттың, ветеринариялық-санитариялық қорытындының, ветеринариялық анықтаманың бланкілері мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, ветеринариялық сертификат қажет болған кезде ағылшын тілінде беріледі. Ветеринариялық құжаттың нөмірі мыналарды қамтитын әріптік және сандық символдардан (символдар дефис арқылы бөлінеді) тұрады:алдыңғы екі символ - ҚР литерлік коды (Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның - ISO кодына сәйкес келетін екі әріптік қысқарған атау);үшінші символ - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды;
төртінші - бесінші символдар - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;алтыншы - он бірінші символдар - құжаттың реттік нөмірі.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-137 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес енгізіледі. Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада берілген ветеринариялық құжаттарды нөмірлеген кезде төртінші-бесінші символдарда нөлдер көрсетіледі.Берілген ветеринариялық құжаттарды есепке алу қатаң есептілік бланкілерімен қатар жүргізіледі, ветеринариялық құжаттардың көшірмелері мен түбіртектері үш жыл ішінде сақталуға жатады.Межелі пунктінде ветеринариялық анықтамалар келіп түскен күннен бастап үш жыл ішінде сақталуға жатады.Қағаз бланкілерде ресімделген ветеринариялық құжаттар мәтінінде әр түрлі сиямен, қолмен, қаріппен толтыруға, сондай-ақ ветеринариялық құжат нысанында көзделген немесе басқа келісілген жағдайларда жүзеге асырылатын сызуларды (түзетудің жанына мөр, анық қол қойылады және түзетуді енгізуші жауапты лауазымды адамның жазбаша тегі, аты, әкесінің аты, көрсетіледі) қоспағанда, түзетуге жол берілмейді.Ветеринариялық құжат осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қағаз бланкілерде айқын мөр бедері бар мөрмен расталып, ресімделеді ветеринариялық құжаттың берілген күні, оны берген лауазымды адам лауазымының толық атауы, аты-жөні, қолы көрсетіледі.

2.2Ветеринарлық сертификат алу тәртібі мен ережелері

Ветеринария құжаттарының алдыңғы маңызды құжаты болып саналатын ветеринарлық сертификат Қазақстан республикасының Ветеринария Заңына сәйкес 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.01.2019 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен орындалады.Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекетік ветеринариялық-санитариялық инспектормен Заңның 16 бабына сәйкес ветеринариялық сертификат беріледі. Үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерге) экспорттау кезінде ветеринариялық сертификат осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда беріледі.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат 2010 жылғы 18 қарашадағы Кедендік одақ комиссиясының № 455 шешімімен бекітілген ветеринариялық сертификаттардың бірыңғай нысаны бойынша беріледі. Ветеринариялық сертификат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 болып тіркелген) бекітілген Аумақты аймақтарға болу қағидаларына сәйкес аумақтың аймақтарға бөлінуін ескере отырып беріледі. Ветеринариялық сертификат қағидалары өте маңызды.Қағидаларға сәйкес саламатсыз және буферлік аймақтарда орналасқан компартменттерді қоспағанда, аталған аймақтардан орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге және импорттаушы ел Қазақстан Республикасынан орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге қатысты уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралар енгізген жағдайда берілмейді.Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Жануарларды бес басқа дейінгі санда орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде олар туралы жазба жануардың лақап атын және жеке нөмірін, сондай-ақ жынысын, тұқымын, жасын көрсете отырып, тікелей ветеринариялық сертификатқа енгізіледі.Жануарларды бес бастан жоғары санда орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде ветеринариялық сертификатқа жоғарыда аталған сертификатты берген Инспектордың, тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың қолымен және мөрімен куәландырылған тізімдеме қоса беріледі. Қазақстан Республикасы аумағынан үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерге) шығарылатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге ветеринариялық сертификат экспорттаушы ел талаптарына сәйкес және Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы "Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" № 16-04647 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10254 болып тіркелген) сәйкес берілген тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына рұқсат бар болған кезде беріледі.Қазақстан Республикасы аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге шығарылатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге ветеринариялық сертификат Кедендік одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға (бұдан әрі - Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар) сәйкес беріледі.
Қазақстан Республикасына үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) әкелінетін талаптары бойынша Бірыңғай ветеринариялық (ветеринария-санитариялық) талаптардан ерекшеленетіп орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер және олардан өндірілген өнімдер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге шығарылмайды.Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.11.2015 № 7-11041 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Өтініш беруші ветеринариялық сертификатты алу үшін тасымалдауға дейін кемінде үш жұмыс күні мерзімінде тиісті аумақтық бөлімшеге немесе "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы құжаттарын тапсырады. Ветеринариялық сертификатты алу үшін мынадай құжаттар қажет болып табылады.Олар:осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. Екінші,жануарлардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-168 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарына берілген ветеринариялық паспорт немесе ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме, ит және мысықтың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптармен бекітілген нысан бойынша ветеринариялық паспорт немесе халықаралық паспорт.Үшінші,асыл тұқымды жануарлардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде әр жануар басына және асыл тұқымдық өнімге (материалға) қосымша - "Асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру (жою) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-21079 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13035 болып тіркелген) сәйкес берілген асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжат.Төртінші,жануарлардан алынатын өнімді, шикізатты, жемшөпті тасымалдау кезінде ("Кедендік одақта ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қағадалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесінде "*" символымен белгіленген, ол бойынша тек эпизоотиялық саламаттылық расталатын өнімді қоспағанда) - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-119 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) бекітілген Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық зертхана немесе ұлттық аккредиттеу жүйелерінде аккредиттелген және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зертханалары берген сараптама актісі (сынақ хаттамасы).

2.3Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) алу тәртібі мен ережелері

Ветеринария саласында ауруға қатысты және өзге де жағдайларға байланысты сараптама актісін (сынақ хаттамасын):өндіріс объектісі бекіткен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесі келіскен Өнімді мониторингтік зерттеу жоспары (бұдан әрі - Мониторинг жоспары) бар болған кезде жүргізілсе зерттелетін қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша Мониторинг жоспары шеңберінде зерттелетін өнім сараптама актісін (сынақ хаттамасын) берген сәттен бастап 1 (бір ай) ішінде оны пайдалану кезеңіне сәйкес болған кезде жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінен салқындатылған етті, тағамдық жұмыртқаларды әкету (экспорт) үшін берілген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде пайдалануға жол беріледі. Негізінен балықты және басқа да су жануарларын (тірі, жаңа ауланған, салқындатылған, мұздатылған балық, сондай-ақ шаяндар, гаммарус, салина артемиясы (цисталар)) бес килограммнан артық тасымалдау кезінде - "Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14117 болып тіркелген) (бұдан әрі - балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама) сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі балықтың және басқа да су жануарларының (тірі, жаңа ауланған, салқындатылған, мұздатылған балық, сондай-ақ шаяндар, гаммарус, салина артемиясы (цисталар)) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) көлеміне берген балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтамаболып табылады.Объектінің үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде - тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына рұқсат етіледі.Үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет), Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге әкету мақсатында республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігінен республиканың басқа әкімшілік-аумақтық бірлігіне орны ауыстырылған (тасымалданған) объектілердің орнын ауыстыру (тасымалдау) және (немесе) республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі ауысқан кезде - ветеринариялық анықтама түрі болып табылады.бланк үшін төлем жасағаны туралы түбіртек қажет болады. Осы құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.Заңнама ерекшелігіне байланысты Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2019 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен көрсетілген.Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор өтініштерде көрсетілген мәліметтердің "Ветеринариялық (ветеринариялық - санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1587 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғынан тексереді, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық сертификатты беру журналына аталған мәліметтерді енгізеді, ветеринариялық зертхананың сараптама актілерін (сынақ хаттамасын), қайдан ауланғаны тұралы анықтаманы зерделейді, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні қарап тексеруді және көлік құралының ветеринариялық-санитариялық жай-күйінің үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерге) экспорттау кезінде қабылдаған экспорттаушы елдің талаптары мен қағидаларына сәйкестігіне, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге шығару кезінде Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігіне бағалауды жүргізеді.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкестігі анықталған кезде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор қолымен және мөрімен расталған ветеринариялық сертификат беріледі. Өтініш түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беріледі."Кедендік одақта ветеринариялық-санитариялық шаралар қолдану туралы" Кедендік одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық сертификаттардың бірыңғай нысанына сәйкес Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) талаптардың 39-тарауында көрсетілген дайын сүт, май және балық өнімдеріне арналған № 4 нысандағы ветеринариялық сертификат өтініш берген күні ресімделеді. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.03.2016 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Кедендік одақтың кедендік шекарасына сай келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен қиылысқанда өткізу пункттерінде ветеринариялық сертификатта 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 Кедендік одақ комиссиясы шешімімен бекітілген Кедендік одақтың кедендік шекарасында және Кедендік одақтың кедендік аумағында ветеринариялық бақылау жүргізудің бірыңғай тәртібі туралы ережеге сәйкес тиісті мөртабан қойылады, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1559 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 7-1142 "Зертханалық бақылауды қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ ветеринария саласындағы уәкілетті орган мен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10897 болып тіркелген).Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге ветеринариялық сертификат беруден бас тартуға мыналар негіздеме болып табылады:атап айцтсақ,өтініш беруші ветеринариялық сертификат алу үшін ұсынған құжаттарының жәненемесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау және ветеринариялық сертификат алу үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі,сонымен қатар өтініш берушіге қатысты ветеринариялық сертификат алуын талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы және деөтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші ветеринариялық сертификат алуына байланысты белгілі бір құқықтан айырылуы негіздеме болып табылады.13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен көрсетілген.
Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден келетін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектіге соңғы межелі пунктіне дейін деген "Әкелуге рұқсат етілген" мөртабан қойылған экспорттаушы елдің ветеринариялық сертификаты қолданылады.Үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерге) әкелінетін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер өткізу пункттерінде бақылау аяқталған соң межелі (жеткізу) орындарына жіберіледі, ол жерде экспорттаушы елдің ветеринариялық сертификаты Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес Кедендік одақтың ветеринариялық сертификатына қайта ресімделе отырып бақылау жүргізіледі.Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті партиясын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден межелі орынға келген кезде анағұрлым ұсақ партияларға бөлген жағдайда, жаңа алушылар үшін ветеринариялық сертификаттардың көшірмелері ресімделеді, оларға (парақтың сыртқы бетінде) мынадай деректер енгізіледі: орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің және жаңа көлік құралының ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі, көлік құралының нөмірі, оған тиеп-артылған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер саны, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні алушының атауы және орналасқан орны, қайта тиеу күні. Мәліметтер лауазымды адамның қол қоюымен және мөрімен куәландырылады. Ветеринариялық сертификаттың түпнұсқасы партияларды бөлуді жүргізген ұйымда сақталады.Етке, былғары-үлбір шикізатына ветеринариялық сертификат мемлекеттік ветеринариялық зертхананың сараптама актісінің (сынақ хаттамасы) негізінде олар таңбаланғаннан кейін ғана беріледі.Республика шегінен тыс шығарылатын етте, былғары-үлбір шикізатында таңбаның немесе мөртабанның айқын белгілері болмаса, оларды әкетуге берілген ветеринариялық сертификат жарамсыз болып есептеледі.

2.4 Ветеринариялық-санитариялық қорытындыны беру тәртібі

Ветеринариялық қортынды кез-келген ветеринариялық саланың негізгі атқарылған жұмысының көрсеткіші ретінде қаралым тәртібі зор құжат болып табылады.Ветеринариялық заңнамаға сәйкес 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2019 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен көрсетілген.Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бас жергілікті атқарушы органдары Заңның 10 бабына сәйкес мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық дәрігерлердің тізімін (бұдан әрі - ЖАО тізімі) бекітеді.Ветеринариялық-санитариялы қ қорытындыны ЖАО тізіміндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық дәрігер мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлеріне (бұдан әрі - объект) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысанда ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде береді.Өтініш беруші ветеринариялық-санитариялық қорытынды алу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесінің кеңсесіне немесе портал арқылы құжат береді.
Өтінішке бланк үшін төлем жасағаны туралы түбіртек қоса беріледі.Осы қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш.Екіншіден,құқық белгілеуші құжаты тиісті үй-жайлардың жеке меншік құқығында немесе үй-жайды жалға алған құқығындағы келісім-шартың болуы шарт.Үшіншіден,бланк үшін төлем жасағаны туралы түбіртек.
Мемлекеттік ветеринариялық дәрігер құжаттар топтамасын үш жұмыс күні ішінде қарағаннан кейін объектіні инспекциялауды жүргізеді.Мемлекеттік ветеринариялық дәрігер:құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын объектінің орналасу орны бойынша объектіні зерттеп қарауға дейін хабарландырады;объектіні зерттеп қарауды қамтамасыз етеді;объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тесереді;объектінің Заңның 8-бабы 9), 46-1), 46-2) және 46-3) тармақшаларына сәйкес бекітілетін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға (бұдан әрі - ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар және талаптар) сәйкестігін тексереді;2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру нәтижелері туралы акті жасайды және осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге шешім қабылдау үшін тексерістің аяқталуына кеш емес мерзімде тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық дәрігердің қарауына енгізеді.Ескерту жағдайын жазатын болсақ,21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.03.2016 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЖАО тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық дәрігер бір жұмыс күні ішінде:
қолымен және мөрмен куәландырылған объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкесітігі туралы;қолымен және мөрмен куәландырылған анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды қоса отырып, объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды береді. Бұзушылықтарды жойғаннан кейін осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен ветеринариялық-санитариялық қорытынды беріледі.Объектінің сәйкес еместігі туралы қорытынды:объекті ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;ұсынылған құжаттардағы объектілер туралы ақпарат сәйкес келмеген жағдайда;объектінің шығу (орналасқан) орнындағы жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайдың өзгеруі (нашарлауы) кезінде беріледі.

2.5Ветеринариялық анықтама берілу тәртібі мен ережелері

Ветеринариялық анықтаманы беру тәртібі осы құжаттың маңыздылығы мен әр тауар мен бағамдық өнімге байланысты негізделген.4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2019 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен ерекшеленеді.Ветеринариялық анықтама жануардың ветеринариялық паспортының және жеке нөмірінің, ветеринариялық қарап-тексеру нәтижелерінің, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуалдың, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда немесе одан алынған үзіндіде бар жануарлар туралы мәліметтердің, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) көлемге (балықтарды және басқа су жануарларын (тірі, жаңа, салқындатылған, мұздатылған балықтар, сондай-ақ шаяндар, гаммарус, салина артемиясы (цисталар)) бес килограммнан артық тасымалдау кезінде) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманың, ветеринариялық құжаттың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) әкелінетін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) бақылау объектілерін республика аумағы бойынша орнын ауыстырған кезде)) бар болуы негізінде жануарға, жануардан алынатын өнім мен шикізатқа беріледі және өтініш беруші жүгінген күні ресімделеді.Ветеринариялық анықтама Қазақстан Республикасы аумағында жарамды және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті түрде барлық жолдарын толтыра отырып беріледі. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) әкелінген ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орнын ауыстырған кезде ветеринариялық анықтамада ол бойынша республика аумағына ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісі әкелінген ветеринариялық құжат туралы мәліметтер де (құжаттың күні және нөмірі, тауарды шығарған ел) көрсетіледі.
Берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтер олар берілген, межелі пунктке келген кезде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, ветеринариялық анықтамалар берілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті межелі пунктке келген күннен бастап бір тәулік ішінде ақпараттық жүйеге енгізіледі.Жануарға, жануардан алынатын өнім мен шикізатқа, жемшөпке берілген ветеринариялық анықтама межелі пунктке дейін, ал жануардан алынған сүтке берілген ветеринариялық анықтама берілген сәтінен бастап бір ай ішінде жарамды.
Жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың, жемшөптің шыққан жерінің эпизоотиялық ахуалы өзгерген жағдайда бұрын берілген ветеринариялық анықтама алып қойылады.Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық - санитарлық бақылауды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
БАСҚАРУ ҚҰЖАТТАРЫН РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Құжаттарды бір ізге келтіру және стандарттау
Ұйымдастыру шаруашылық шаралары
Құжаттардың деректемелерін ресімдеу
Жалпы білім беру ортасына балаларды қосудағы рөлі. Жергілікті нормативтік актілердің үлгілері
Биологиялық препараттарды тасмалду кезіндегі ветеринариялық бақылау
Ресми іс қағаздары термині
Ветеринарлық кәсіпкерлікке лицензия беру
Пәндер