Бала тәрбиесінде отбасына әлеуметтік - педагогикалық көмек көрсету



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы

Күндізгі оқыту факультеті

Ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасы

Иминжанов Арман

Мектеп-интернаттары мен балалар үйінің мектеп бітірушілерімен әлеуметтік жұмыс

Курстық жұмыс

Ғылыми жетекші:
ІІО ӘЖҰ кафедрасының
оқытушысы
полиция майоры
А. Танкибаева

Қостанай, 2020
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Мектептегі әлеуметтік педагогтың мақсаты мен міндеттері
1.1 Әлеуеттік педагогтың жалпы білім беру мектептеріндегі жұмысының жылдық жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Мектептегі әлеуметтік педагогтың қызметтік функциялары мен нормативтік-құқықтық құжаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
ІІ. Мектептегі әлеуметтік жұмыс технологиясы
2.1 Әлеуметтік педагогтің ата-аналармен жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ...23
2.2 Үйде оқытылатын оқушылармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Қазіргі таңда өскелең ұрпақты тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Олардың әлеуметтік ортаға бейімделуі, қоғамда өз орындарын дұрыс бағыттай алуы, құқықтарының қорғалуы, үлкендер тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырамауын бүгінде әлеуметтік тәрбие беретін мамандар ұйымдастыруы қажет.
Сонымен қатар, қазіргі таңда мектепте жасөспірімдерге, олардың әлеуметтік жағдайын көтеру, материалдық көмек көрсету, әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік педагог мамандары қызмет атқарады.
Әлеуметтік педагог - социумның әлеуметтік диагнозын қою барысында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, олардың қабілетін, қызығушылығын зерттейді. Ресми емес ұйымдардың балалар мен жасөспірімдерге тигізетін оңды және теріс ықпалдарын анықтайды. Ол психологиялық, медициналық, құқықтық, адамгершілік - этикалық және басқа да сипаттағы проблемаларды шешуге көмектеседі. Қоғам мен отбасы, бала тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола отырып, тәрбиеленушінің шынайы өмірге қалыптасуына, балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани адамгершілік қарым-қатынастарға ықпал етеді.
Сондықтан да, мектептегі әлеуметтік педагогтардың қызметін ұйымдастыру, ортада әлеуметтік мәртебесін көтеру және іс-қағаздармен жұмыс жүргізу барысында осы әдістемелік нұсқау ұсынылып отыр. Балалардың құқықтарын қорғау үшін нормативтік құқықтық актілер мен мектептегі әлеуметтік педагог жұмысын жүргізудегі Қазақстан Респбликасының заңдарының негізгі баптары және жоспарлары, іс-құжаттары, тренингтер мен жаттығулар қарастырылған.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қәзір қоғамымыз әлеуметтік-рухани дағдарысты басынан кешіруде. Қазақстан 1989 жылы БҰҰ қабылдаған Бала құқығы туралы конвенцияны мақұлдады. Конвенция мазмұны негізгі 4 талап қояды, баланың өмір сүру құқығы, баланы қорғау, дамуына жағдай жасау, қоғамдық өмірге белсене араласу құқын құрметтеу. Негізгі басымдық баланы қайсыбір себептері болмасын кемсітпеу. Конвенция әлеуметтік қорғалмаған балалар тобына, жетімдерге, мүгедектерге, құқық бұзушыларға ерекше көңіл бөледі.
Әлеуметтік педагогика - ортаның, қоғамның, тәрбиеге, әлеуметтенуге әсер ету факторын зерттейтін педагогиканың бір саласы.
Әлеуметтік педагогиканың мақсаты - оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру.
Зерттеу мақсаты: Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы педагогикалық ұжым мен отбасы ынтымақтастығы және бірлескен іс-әрекеттеріне талдау жасау.
Зерттеу міндеттері:
- оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы отбасының қазіргі кезеңдегі ролін анықтау;
- мектепте оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің мәнін айқындау
- тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда сынып жетекшісінің жұмыс мазмұнына талдама жасау.
Зерттеу нысаны: Мектептегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы әлеуметтік педагогтың ролі.
Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Мектептегі әлеуметтік педагогтың мақсаты мен міндеттері
1.1 Әлеуеттік педагогтың жалпы білім беру мектептеріндегі жұмысының жылдық жоспары
Әлеуметтік педагог мектеп директорына тікелей бағынады, мектеп Жарғысын, аталмыш нұсқаулықты, басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып өз қызметін жүзеге асырады.
Мақсаты
Әр тұлғаның психология-медико-педагогикалық жағдайының ерекшелігін, микро ортасын, өмір сүру жағдайын, өмірге қызығушылығын, жеке әлеуметтік жағдайларын зерттеу, анықтау және оқушының тәртібіндегі кездесетін қиыншылықтарын қадағалай отырып, өз уақытысында әлеуметтік көмек көрсету, мүддесін қолдау, құқығын қорғау.
Міндеттері
Әлеуметтік педагог өз қызметтік мақсатын жүзеге асыру барысында мына міндеттерді атқарады:
- Мектепте, отбасында, өмір сүру ортасында, жастар мен балалар қоғамдарында және ұйымдарында баланың тұлғалану үдерісінің дамуына тікелей әсер ету.
- Баланың құқықтары мен қызығушылықтарын, түрлі инстанцияларда және мектепте баланың қорғанышы ретінде өзі немесе басқа да мамандарды қатыстыра отырып қорғайды.
- Бала тәрбиесінде отбасына әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету. Тұлғалану үдерісіне кері әсерін тигізетін әлеуметтік қатерлі отбасыларын анықтайды.
- Қорғаншы мен қамқоршыларды қажет ететін балалар мен жастарды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді.
- Мінез-құлқында ауытқу байқалатын балалар мен жастарды дер кезінде анықтау, асоциалдық мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарын (қылмыстың, құқық бұзушылықтың, маскүнемдіктің, таксикоманияның, наркоманияның және т.б. алдын алу).
- Салауатты өмір салтын ұйымдастыру мәселелерімен айналысады, оқушылардың ақыл-ой және физикалық дамуына байланысты түзету-оңалдыру әрекетін ұйымдастырады.
- Түрлі әлеуметтік топтарда сенімді қарым-қатынасқа түсе алуына көмек көрсету, әлеуметтену үдерісіне (кәсіп таңдауда, жұмысқа тұруда, денсаулығын нығайтуда, бос уақыттарын ұйымдастыруда және т.б.) ықпал ету
- Ата-аналарға, педагогтарға, басқа да ұйымдардың қызметкерлеріне әлеуметтік-педагогикалық кеңес берумен айналысады.
Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді:
:: балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін
психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді;
:: социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау
арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік-педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады;
:: баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен
тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылуы себептерін анықтап, алдын ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуын қамтамасыз ету.
Мектептегі әлеуметтік педагогтің ахуалы
Әлеуметтік педагог - мектеп қызметкерлері мектепте оқушылардың әлеуметтік және мамандық алуда өзін-өзі дамуына жағдай жасайды, педагогтар мен ата-аналардың негізгі гуманизмдік қағидаларға қарай іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Сондықтан тарихи және мәдени салт-дәстүрдің жалғасын табуға көмектесетін мектеп қызметкері.
Мектептегі әлеуметтік педагогтің негізгі нысаны баланың құқығын қорғау, баланың дамуына жағдай жасау, жанұямен мектептің арасындағы байланыс пен әріптестік қатынастың жүргізіп отыру.
Әлеуметтік педагог мектеп әкімшілігімен, мұғаліммен, педагог-психологпен, салауаттанушымен, медбикемен, тәрбиешілерімен, оқушылармен олардың ата-аналарымен өзара байланысқа түседі.
Әлеуметтік педагог өз қызметінде бағытталған мақсаты бойынша мемлекеттік басқарушы органдармен, қоғамдық ұжымдармен, 16 жасқа дейінгі, яғни оқушыларға қызығушылық білдіретін ұйымдармен байланыс құрады; білім беру бөлімінде педагогикалық кеңестерге қатысады, жергілікті билік өкілдерімен және жанұямен балаларды әлуметтік қорғау қызметтік орындармен байланыс жүргізеді.
Әлеуметтік педагогті жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару Қазақстан Респуликасының еңбек кодексінде негізделеді.
Әлеуметтік педагогқа білім беру ұйымдары басшылық жүргізеді.
Әлеуметтік педагогті сыннан өткізу арнайы сыннан өткізетін коммисия құрылып заң бойынша қаралады.
Әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті білім беру ұйымдарының жарлықтары мен ахуалын байланысты қарастырады.
Әлеуметтік педагогтің іс-әрекетіндегі сауалдарды ұйымдастыру
Әлеуметтік педагог педагогикалық ұжымда тең деңгейде мүше бола алады. Білім мекемелерінде педагогикалық кеңестер мен әдістемелік жиналыстарға қатысады.
Әлеуметтік педагогтың жеке кабинеті болуы керек. Ол кеңсе заттармен сейфтердегі жеке іс-қағаздарды сақтайды, техникалық заттармен және жалақы шығындарына тәсілдермен қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік педагог іс әрекеті әлеуметтік педагогтың жұмыс уақыты уақытылы болуы тиіс, мектепте өзге клиенттерге де уақытылы және ыңғайлы болуы қажет.
Білім мекемелерінде әлеуметтік педагогтың жұмыс уақытын басшылық белгілейді. Графикте уақыт бегіленеді, сыртта жүріп басқа мекемелермен байланысқан уақыты есептеледі.
Әлеуметтік педагогтың еңбекақысы, демалысы білім беру мекемелерінде заң бойынша шешіледі.
Әлеуметтік педагогтің кәсіптілігі
Әлеуметтік педагогтің кәсібилік сапасы жоғары болуы тиіс. Ол әлеуметтік педагогтің жеке қасиеттеріне, өзге адамдармен араласуына, оларды түсінуіне, өзара байланысуына, адамдарға сенімділік білдіруіне де байланысты болады.
Әлеуметтік педагог мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:
- табиғилық - айналадағылармен өзара қарым-қатынастағы процесте өзі-өзіне қабілетті;
- мейірімділік - мейрімді, әрқашан да адамдарға және айналасындағыларға мейрімділікпен қарап, оларға қол ұшын беруге даяр болу;
- эмпатия - әлемді өзге адамдармен елестеткендей елестету, мәселе болған жағдайда компромистік шешімге келуге іздену, әлемге оң қараспен қарау;
- ақ жарқын - өз ойы мен сезімін ашық айтып, оны әңгімелесушіге дұрыс жеткізе білу;
- кішіпейіл - жұмсақ, сыпайы түрде өзге адамдармен қарым-қарынаста болу;
- нақтылық - қойылған сұраққа оң жауап беру, өз ойын толық жеткізу.
Әлеуметтік педагогтің іс-әрекетіндегі негізгі қағидалары
Әлеуметтік педагогтың іс-әрекетіндегі негізгі қағидалары:
Өзара іс-әрекет - бекітілген қағидасы:
- шиеленісті оқиғалар мен туындаған мәселелер кезінде оны әріптестердің арасында бағытталған мақсат бойынша шешуге ықпал етеді;
- білім мекемелерінде педагогикалық ортаны қалыптастырады;
- барлық әлеуметтік институттарды өзара іс-әрекетте байланысты орнатады, оқушылардың әлеуметтенуіндегі бірқатар сұрақтар шешуге көмектеседі.
Жеке тұлғаға ықпал етуге арналған - негізделген қағидасы:
- жеке тұлғаға гуманистік тұрғыдан қатынас жасау;
- мұғалім секілді, оқушының да бостандығы мен құқығына құрметпен қарау;
- тұлғаның әлеуметтенуі мен өзін-өзі дамытуына нұсқау беру, әсер ету;
- оның шығармашылығының кеңеюіне көмектесу.
Жеке тұлғаны қабылдау және оң түйсікті - сезінуші қағидасы:
- баланы да үлкенді де сол қалпында қабылдау;
- әрбір тұлғаның қасиеттерінің жоғарылығын бақылау;
- тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілетіне оптимистік тұрғыдан сенім білдіру;
Ұқыптылық - сақтық қағидасы:
- қарым-қатынаста ашық қатынас орнату;
- алған ақпаратқа үмітпен және сенімді болу;
- ата-ананың мұғалімдердің, оқушылар мен әлеуметтік педагог арасындағы кәсіпшілік құпияларды сақтау.
Мектеп оқушысының қоршаған ортамен байланыстарының сипаты өзгеруі үшін оқу орындарының барлық түрлері шын мәнінде әлеуметтік және мәдени тәрбие орындары ретінде танылып, оларда әлеуметтік педагогикаға лайықты орын алуы қажет.
Ал енді қоғамға,әрбір оқушы мен оның отбасысына қажет болып отырған әлеуметтік педагог дегеніміз кім, ол қандай болуы керек?
Әлеуметтік педагог -- - өзінің негізгі жұмыс бағытын оққушылардың сабақтан бос уақытын тиімді пайдалану мәселесімен айналысады. Олар ата-аналармен бірлесе отырып, мектептен тыс көптеген қызықты жұмыстар жүргізе алады. Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттері әлеуметтік педагогтың үлесіне тиеді.
Алдымен әлеуметтік педагог әрбір өскелең жас адамға ақылшы, ұстаз, ұйымдастырушы, психолог, тәрбиеші, үлестіруші-әдіскер, олардыың әлеуметтік құқықтарын қорғаушы болуға тиіс. Әлеуметтік педагог кәсіби психологиялық жағынан дербес жасампаз адамдарға, жоғары оқу орнында алған білімі мен машығы негізінде оқушы жастар мен олардың отбасыларының құқықтарын әлеуметтік жағынан қорғай алатын, жеке адамның әлеуметтік ортада,оқу барысында, еңбек қызметінде және бос уақытында жан-жақты жарасымды дамуының мәселелерін пайымдап, іске асыра алатын әлеуметтік педагогтарға ғана тиесілі. Әлеуметтік педагогтың жұмыс объектілері оқушылар мен ата-аналар ғана емес, сонымен қатар, әртүрлі жастағы адамдар, клубтар, секциялар, топтар және қоғамдық бірлестіктер.Мұндай ортада барлығы өздерін еркін ұстайды, тәуелсіз сезінеді. Сондықтан да бұл ортада жұмыс істеп, оқушының бос уақыттағы тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру қиын да күрделі жұмыс.
Әлбетте, бұл міндеттерді іске асыру үшін әлеуметтік педагогтар мемлекеттік, кооперативтік, мәдениет мекемелері, спорт ұйымдары мен кітапханалар ұйымдарының, балаларды қорғаушы және оларға қамқоршы ұйымдардың, бірлестіктердің т.б. көмегін пайдаланады.
Біліктілігі жоғары маман ретінде әлеуметтік педагогтар, сондай-ақ баланы әлеуметке бейімдеудің жалпы, ауқымды мәселелерімен қатар тиісті мекемелерде балалар тамағына бөлінген қаржының дұрыс жұмсалуын бақылау, интернат типті тәрбие орындарында гуманитарлық көмекте әділ болуы, т.б. сияқты жеке мәселелерді де шешеді.
Қазіргі әлеуметтік педагогтың ең алдымен әлеуметтік педагогика, әлеуметтік психология, педагогикалық социология, жас шамасының психологиясы мен педагогиикасы, акмеология, жастар мәдениеті, отбасын тану, құқық тану, ортаны педагогикаландыру сияқты салалардан арнайы білімі болуы тиіс.
Бүгінгі таңда ауыл мектептерінде әлеуметтік педагогтардың аса қажеттілігі туындап отырғандығы мәлім. Әлеуметтік педагог ауыл мектепптерінде тек мектеп оқушыларымен ғана емес, білім процесіндегі ересектерге де дағдарыс жағдайынан және қиын ситуациялардан (бақытсыз жағдай, ұжым мен ата-аналармен, әкімшілікпен конфликт, аурулар және т.б.) шығу жолдарын көрсетеді.
Әлеуметтік педагог жұмысындағы жасөспірімдермен жұмысының өзіндік ерекшелігі бар. Біріншіден, ол жасөспірімдермен жұмыста, олардың іс-әрекет мәселелерін нақтылауда оқушының оқу және тәрбие жетістігі мәселесіне ден қояды, жасөспірімдердің өмірсүйгіштік, оптимистік, отансүйгіштік бағытта бола білу, әртүрлі сәтсіздіктерді алдын-ала білу қасиеттерін қалыптастыруға ата-аналармен бірлесе отырып жұыс жүргізеді.
Әлеуметтік педагогтың жұмысының негізгі мақсаты -- оқушылардың дамуын, тәрбиесін, білім алуын әлеуметтік тұрғыдан қорғау. Әлеуметтік педагогтың негізгі жұмысының басы алға мақсат қоюдан басталады. Өскелең ұрпаққа заман талабына сай тәрбиелеу, тұлғаның бойына жауапкершілікті, өз отанына деген міндет-борышын атқаруға, оның гүлденіп, өркендеуіне атсалысуына үйрету, өз тіліне, өзіне сүйіспеншілігін қалыптастыру, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор көрсету, табиғатты аялауға ықпал ету. Жалпы айтқанда осының бәрі ауыл жасөспірімдерінің өнегелі қасиеттерін қалыптастыру мен азаматтық тәрбиелердің негізінде жүріп отырады.
Міндеттері
Оқушылардың қажеттілігі мен қызығушылықтарын, мінезден ауытқушылығын, әлеуметтік ортаға бейімделу және әлеуметтік қорғалу деғңгейін анықтау.
Оқушыға қажетті қолдау мен әлеуметтік көмекті өз уақытысында көрсету.
Оқушы -- жеке тұлға мен мекеменің, отбасы, орта, әлеуметтік қызмет мамандарын, әкімшілік орындарды тікелей байланыстырушы.
Жеке тұлғаның бостандығы мен құқығын жүзеге асыруда, оқушыларды қолдау мен көмек көрсетуде т.б. әлеуметтік қорғау барысында шара қолдану.
Әлеуметтік инициативаны дамытуа, әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған, мерекелік шаралар ұйымдастыру және оларды талдап, бекітуге қатысу.
Мекемеде, отбасыда, және қоршаған әлеуметтік ортада білім алушы жеке тұлғанның қауіпсіздігі мен психологиялық үйлесімділігіне жағдай туғызуына ықпал ету.
Оқушының салауатты өмір салты үшін әлеуметтік ауытқушылық пен құқық бұзушылығының алдын алу.
Оқушыларға көмек көрсету үшін мұғалімдердің, ата-аналардың, әлеуметтік қызмет көрсету мамандарының, әкімшілік ұйым өкілдерінің өзара әрекетін үйлестіру.
Көрсетілген мақсат-міндеттерден әлеуметтік педагогтың төмендегідей жылдық жоспарын жасауға болады.
Әлеуеттік педагогтың жалпы білім беру мектептеріндегі жұмысының жылдық жоспарын төмендегідей бейнеде көруге болады.
Тамыз
Жаңадан келген оқушыларға диагностика жасау.
Әлеуметтік медико-педагогикалық сарапшыларға осы мағлұматтарды тапсыру.
Алынған нәтижелерді талдау және түзете-дамытып оқытудағы сыныптарды қалыптастыру.
Жүргізілген диагностикалыық нәтиже бойынша оқушыларға деген көзқарас қалыптастыру.
Оқушыларды қорғауда және әлеуметтік қолдауда әкімшілік ұйымдары мен әлеуметтік қызметкерлер мамандарының өзара әрекеттесуі.
Алынған мағлұматтарды талдау негізінде әлеуметтік педагогтың түзету жұмыс жоспарын жүргізу.
Қырккүйек.
Сынып жетекшілерімен жұмыс:
А) оқушыларға жүргізілген диагностикалық жұмыс нәтижелерін сынып жетекшілеріне таныстыру;
Б) түзете-дамытып оқытуда сынып оқушылары туралы педагогикаалық көзқарас пен мінез-құлқын қалыптастыруға кеңес беру;
В) түзете-дамытып оқыту сыныптарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда біркелкі талаптарға байланысты жоспар құру;
Г) өткен оқу жылында өткізлген педагогикалық консилиумды мектеп мұғалімдерімен келісе отырып талдау;
Ж) мектеп бітіруші оқушыларға (9-11 сынып) педагогикалық мінездеме беруге байланысты кеңес беру;
2.Оқушылармен жұмыс:
а) мектеп оқушыларының қоршаған ортасының дамуын бақылау, мониторинг жасау;
б) оқушылардың мінез-құлқындағы ерекшелігін диагностикалау;
в) жалпы оқу қабілеті мен дағдыларды диагностикалау;
г) оқушылардың әлеуметтік ортасын диагностикалау (отбасы, қарым-қатынас жасайтын ортасы, қызығушылығы мен қажеттілігі);
ж) оқушыға әлеуметтік психолого-педагоикалық мінездеме құру;
е) оқушыларға жүргізілетін түзету жұмыстарының жолдарын жасау;
3.Отбасымен жұмыс.
А) оқушылардың әлеуметтiк өмірінің жағдайын диагностикалау;
Б) оқушылардың отбасымен зерттеу жұмыстарын талдау;
В) ата-аналар жиналысында, ата-аналарға дәріс тақырыптарын өңдеу;
Г) сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысын талдау, ұсыныс беру;
Ж) оқушылардың мектепке, әлеуметтік ортаға бейімделу процесін мектеп ішінде бақылауға жоспар құру;
Е) ата-аналарға жеке кеңес беруді жүргізу.
Қазан
1.Түзете-дамытып оқыту сыныптарында диагностиканы жүргізу минимумы.
Түзете-дамыта оқыту сыныптарында қоғамдық іскерлік пен дағдылады қалыптастыру жұмыстары.
Түзете-дамыта оқыту сыныптарында сенсорлық -- моторлық дағдыларды жүзеге асыруға бағытталған жұмыс.
Оқушылар мен ата-аналарға жеке кеңес беру.
Қараша
Түзете-дамыта оқыту сыныптарында түзету жұмысы (бейімделмеудің алдын алу, оқу түрткісін қалыптастыру, жалпы оқу іскерлігі мен дағдысын жасау).
Жаңадан келген оқушыларды мектепке бейімдеу бағдарламасын жүзеге асыру.
Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне оқушылардың әлеуметтік карталарын жинауға және талдауға көмек көрсету.
Ата-аналар мен окушыларға жеке кеңес беру.
Оқушылардың әлеуметтік педагогикалық ерекшелік мағлұматтарын диагностикалау.
Желтоқсан
Оқушылардың әлеуметтік психолого-педагогикалық өзгерістерінің мониторинг- динамикасы.
Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерін мониторинг нәтижесімен таныстыру.
Әлеуметтік қызметкер мен әкімшілік органдарымен мониторинг нәтижесін көрсету.
Мониторинг жүргізуде анықталған өзгерістерді әлеуметтік педагогикалық процесте түзету.
Қаңтар
1. Оқушылар мен мұғалімдерге жеке кеңес беру.
Оқушылардың жинақталған мәліметтерінің әлеуметтік-педагогикалық ерекшеліктерін қорытындылау.
Әлеуметтік қызметкерлермен, әкімшілікпен кеңесе отрырып, жергілікті мерекелерге жоспар жасау.
Әлеуметтік қызметкерлермен әкімшілік органдардан алған мағлұматтарды диагностикалау негізінде еңбек нарығына қажетті және басқа да мамандыққа оқушыларды кәсіби бағыттау жұмысына жоспар құру.
Оқу мотивациясы жоғары оқушылардың үздіксіз оқуын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс.
Ақпан
1. Оқушылардың әлеуметтік картасын толтыру үшін сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің материал жинауына көмек көрсету.
2. Ата-аналар мен оқушыларға жеке кеңес беру,
3. Оқушылардың әлеуметтік педагогикалық ерекшелігі жөніндегі мағлұматтарын диагностикалау.
4. Әлеуметтік қызметкер, мұғалім, психолог, әкімшілік органдарының өкілдерімен кеңесе отырып мерекелік шараларды өткізу.
Наурыз
Әлеуметтік-педагогикалық аумақтағы мониторинг-динамикалық өзгерістерді қарастыру.
Әлеуметтік-педагогикалық процесте мониторинг өзгерістерді біле отырып түзету жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналарды, сынып жетекшілерін, пән мұғалімдерін мониторинг нәтижесімен таныстыру, әлеуметтік қызметкерлер мен әкімшілік органдарына осы мониторинг туралы мағлұмат беру.
Сынып жетекшілерінің оқушылардың педагогикалық мінездемелерін толтыруын қадағалау.
Ата-ана және оқушыларға жиналған мағлұматтар бойынша жеке кеңес беру.
Түзете-дамытып оқытудағы сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған жұмыс.
Сәуір
Әлеуметтік педагогтың сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, ата-аналарымен мониторинг-динамикалық нәтиженің өзгеруіне байланысты бірлесе жұмыс жүргізуі.
9-11 сынып оқушыларымен жеке кәсіби жұмыс жүргізу.
Мектептегі әлеуметтік педагогикалық қызметті өз деңгейінде талдау және жүзеге асыру.
Оқушыларды аттестация жүргізу барысында стресстік жағдайлардың туындау мүмкіндігіне байланысты тұрақтылығын қалыптастыруға әлеуметтік-психолого-педагогикалық іс-шаралар жүргізу.
Оқушыларды оқу-тәрбие процесіне бейімдеу.
6. Ата-аналар, оқушылар, мұғалімдерге мәліметтердегі көрсеткішке байланнысты жеке кеңес беру.
Мамыр
Келесі оқу жылында кемшіліктер жібермеу үшін мектептегі өткен оқу жылындағы әлеуметтік педагогикалық қызмет жұмыстарын талдау.
Жаңа оқу жылының жұмыс жоспарын құру.
Қорытынды педагогикалық кеңесте талқыланған сынып жетекшілерінің педагогикалық консилиум және әдістемелік бірлестіктегі жұмыстарын талдау.
Сынып жетекшілеріне педагогикалық көрсеткіштердің қорытындысындағы кемшіліктерді түзетуге ұсыныс жасап, кеңес беру.
Жаздық еңбек-сауықтыру кезеңдерін ұйымдастыру үшін ата-аналарға әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру.
Жаңа оқу жылының ата-аналар жиналысына тақырыптар құру.
Мектептегі әлеуметтік педагогикалық жұмыс динамикасының өзгерістерін айқындау үшін өткен оқу жылына әлеуметтік-психолого-педагогикалық талдау жасау.
Сынып жетекшілерінің, пән мұғалімдерінің алдағы іс-әрекет мақсатына болжау жасау.
Әлеуметтік педагогикалық қызметтің қорытынды нәтижелерін педагогикалық кеңесте талдау.
Ескерту. Берілген әлеуметтік жұмыс жоспарын оқушылардың контингент ерекшелігіне байланысты құруына, өзгерістер енгізуіне, апталық жоспар жасап толықтыруына болады.
Қазіргі жағдайда мектептің, отбасының және көпшіліктің өзара байланысын жақсартатын әлеуметтік педагогтар даярлаудың ауқымын кеңейту керектігі өте айқын сезілуде. Мұндай категориядағы кәсіби білікті мамандарды дайындауға және қайта даярлауғаерекше көңіл аударуы қажет. Міне, сонда ғана бала тәрбиесіндегі мектеп, отбасы және көпшілік ұйымдардың арасындағы байланысты жақсартатын мамандар саны көбейіп, сапасы артады. Мұны өмір талап етіп отыр.

1.2 Мектептегі әлеуметтік педагогтың қызметтік функциялары мен нормативтік-құқықтық құжаттары
Мектепте әлеуметтік педагогтың жұмысы өте ауқымды. Оның клиенттері оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер болады. Өз мақсатында мынадай функцияларды атқарады.
1. Аналитикалық диагностикалық:
- әлеуметтік диагноз жеке тұлғалық мүмкіндіктерді және әлеуметтік тұрмыстық өмір қызметін үйренеді;
- жасөспірімдер мен баланың девиантты мінез-құлқының себептерін қарастырады, сәтсіз отбасылардың әлеуметтік себебін анықтайды.
2. Жобалау:
- бала тәрбиесіне және тұлғаның дамуына әлеуметтік педагогикалық оқиға процесіне бағдарлау және жобалау;
- тұлғаның өз-өзі дамыту және өз-өзін тәрбиелеу процесіндегі болашағын анықтау;
- өзінің әлеуметтік-педагогикалық жұмысын уақытылы және кезекті етіп жоспарлау.
3. Ұйымдастырушы - қатынастық:
- мектеп оқушыларына әлеуметтік тәрбие беру процесінде мүмкіндіктерді пайдалану, тек жергілікті еңбек және демалыстың мектеп қызметкерлері қатар, мөлтек аудан тұрғындарымен әлеуметтік тәрбие процесін жүргізу;
- жеке және ресми қарым-қатынасты ұстау;
- әлеумет пен оқушылар арасындағы оң және теріс іс-әрекеттерінен хабардар болу;
- жасөспірімдермен балалар арасындағы демократиялы, жүйелі өзара қарым-қатынасты қалыптастыру, сонымен бірге жеке тұлғалық және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп пен отбасының тәрбие жұмыстарының маңыздылығы
Отбасымен жұмысты ұйымдастыру формалары
Жайсыз отбасылармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық қызмет ерекшеліктері
Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Оқушылардың отбасына бару
Отбасында бала тәрбиелеу әдістері
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру
Мектеп, жанұя, қоғамдық ұйымдардың тәрбие жағдайындағы интеграциясы
Отбасымен педагогикалық жұмыстардың мәні және әдістері
Отбасы жүйесі
Пәндер