Сәкен Сейфуллиннің қоғамдық


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,

РЕФЕРАТ

Жасаған; Сапарова Нигина ЗИКР 20-13

Тексерген; Әсемгүл Мұратқызы

Нұрсұлтан қаласы 2020ж

Жоспар;

Кіріспе;

1«Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы»

2 «Сәкен Сейфуллиннің қоғамдық. саяси қызметінің алғашқы кезеңі»
3 «Сәкен Сейфуллиннің мемлекеттік қызметі»
4«20. 30 жылдардағы идеологиялық күрес және Сәкен Сейфуллин»

Сәкен Сейфуллин (1894-1938)

Ғасыр басында, Ұлы Октябрь революциясы таңына ұласа шыңдалған, қағамдық, әлеуметтік, идеялық, әдеби-мәдени өмір майданында саналы күрескер болып, революционер ақын ретінде қалыптасқан Сәкен Сейфуллин -қазақ тарихындағы аса бір ғажайып тұлға Сәкен (Садуақас) Сейфуллин (1894-1938) Ақмола уезі Нілді болысы, бірінші ауылда (қазіргі Жезқазған облысы Ақадыр ауданында) орта шаруаның семьясында дүниеге келген. Алдымен ауыл молдасынан сауат ашқан ол Нілді мыс заводындағы орыс-қазақ мектебінен білім алады. 1908-1913 жылдары Ақмоладағы Приходская школада, кейіннен екі класты училищеде оқиды. 1916жылы Омскінің мұғалімдер семинариясын бітіріп, оқытушы болады. С. Сейфуллиннің әдеби қызметі Ұлы Октябрь революциясына дейін басталған. Өткен күндер атты алғашқы өлеңдер жинағы 1914 жылы Қазанда жарық көреді. Бұл жылдардағы өлең-жырларында ақын қарапайым еңбекшілер, мал баққанкедей-батырақтарды аяусыз қанауға ұшыратқан қазақ байлары мен патшаәкімдерін сынға алады. Патша өкіметіне қарсы 1916 жылғы халық көтерілістітұсында -С. Сейфуллин қалың бұқара жағында1917 жылы С. Сейфуллин қазақ топырағында алғашқылардың бірі болып қоғамқайраткері ретінде қалыптаса бастайды. 1918 жылы Коммунистік партияқатарына енед. Бұл кездерде С. Сейфуллин революция жауларына қарсыбұрынғыдан да саналы түрде белсенді күрес жолында. Ақ гвардияшылар меналашордашылардың ел ішінде кескілескен ұрыс, қақтығысты үдетіп тұрған шағы, ол осы қайнаған қызу майданның бел ортасында. Қазақстанда Совет өкіметінорнату жолындағы ауыр күрес мезгілінің бірінде ол ақ гвардияшылардың қолынатүсіп, атаман Анненковтың азап вагонында, Колчак түрмесінде жеті ай болып, сан алуан қорлық, зұлымдық тозағын бастан кешіреді. Ұлы Октябрь революциясына кезеңінде С. Сейфуллин қазақ еңбекшілерінтізе қоса топтасуға, Совет өкіметін нығайту үшін күш салуға үндейтіжалынды жырларын жазды. Жас қазақ марсельезасы, Кел, жігіттер, Асығыптез аттандық, Жолдастар сияқты, т. б. өлеңдері-осындай өршіл сипаттағыдүниелер.

С. Сейфуллин жиырмасыншы жылдары жас Қазақ Совет Республикасының саяси-қоғамдық, мемлекеттік өміріне тікелей араласады. Ол ВЦИК пен ҚазЦИК-тіңмүшесі, республика халық ағарту комиссарының орынбасары, Қазақстан халықкомиссарлары Советінің председателі болады. Отызыншы жылдары ол республиканың мәдени-ағарту, оқу-педогогикалық, көркем әдебиет істерімен айналасатын мекемелерінде қызмет атқарады. Сәкен Сейфуллиннің өзгеден өзгеше, айырықша ақындық белгісі-асқанжаңашыл-өнерде де, өмірде де-жаңаға құмар ақын болып қалыптасуында. Сәкен Сейфуллиннің поэзиясының жаңашыл мәнін ақынның Ұлы Октябрь революциясының от-жалынында шыңдалған ғаламат күрескерлік бейнесінен бөліпалып қарау қиын. Кереғар екі идея, екі дүние белдескен ғасырдың қиынасуында тәуекел сапарға аттанған алды да, биік асуға қарай өр кеудесімен қасқая қарсы жүрді. Оның жаңашыл келбетінен қайрауы жеткен, қайнары мхалық қуатын танисыз. Өмірде де өзгеше Сәкен поэзиясы революциялық өлең туын көтерді. Қазақ поэзиясының үздік дәстүрлерін бойынасіңірген ақын ендігі жерде ұлттық өнерді тың мазмұнмен байытты. Біз осы дәуірлерден алыстаған сайын Сәкен поэзиясның қызыл алауын, отты жылдардың ыстық лебін неғұрлым айқын сезіне түсеміз. Сәкен Сейфуллин поэзиясы біздермен бірге еңбек етіп, коммунистік қоғамның бақытты келешегіне бастар жолдағы екпін қосып, тыныс бермек. Әлемдік дамудың ұлы бетбұрыс шағында өтіп жатқан тарихи істермен байланысы аз, соқа бастың қамынан аса алмаған адамнан жаңашыл ой күтуге болмас еді. Нағыз революциялық дәуір перзенті болған Сәкен Сейфуллин қазақ ауылына дүбірлі заманның революциялық идеяларын алғаш таратушылар тобынан табылады. Не егіншілік мәдениетінен, не ірі цивилизация құрылыстарынан

кенеулі үрдіс сақтай алмаған, қаймағы бұзылмаған көне феодалдық салт сана құшағындағы ұлан-байтақ қазақ даласы революциялық идеялар жедел өріс алыкете қоятындай қолайлы орта емес еді. Алайда Октябрь дабылы ұйқыдағысахараны дүр сілкіндірді де, қазақ халқын қасиетті революциялық күрескеболды. Дауылға қарай аспандай ұшатын тәкаббар альбатрос сияқты алып ақын:бәрің де бәріне жету үшін жаңа өмір, жаңа дүние күрескерлерінің қатарынатұрыңдар деген тегеурінді ұран тастады. «Сәкен Сейфуллиннің қоғамдық-саяси қызметінің алғашқы кезеңі» деп аталатын бірінші бөлім екі бөлімшеден тұрады. Бөлімде С. Сейфуллиннің демократиялық идеяларды бойына сіңіріп, қоғамдық-саяси көзқарасының айқындалуы, 1917 жылғы түрлі саяси күштердің әркелкілігі кезінде Кеңес өкіметі жағына шығу себептері қамтылып, талдау жасалды.
Зерттеу нәтижесі С. Сейфуллиннің саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен жағдайларды былайша негіздеуге жол ашты: Біріншіден, C. Сейфуллиннің балалық және жастық шағы қазақ халқы патшаның отарлау қыспағы мен қазақ ауылының бай-болыстарының екі жақты езгісіне түскен кезеңмен тұспа-тұс келді. Ауыл молдасынан аз уақыт сауатын ашып, Нілдідегі орыс-қазақ мектебінде оқуын жалғастырған С. Сейфуллин теңдіктен жұрдай жұмысшы қауымының да ауыр халін көріп, көкірегіне түйді. 1905 жылдың желтоқсанындағы Өспен кеніші жұмысшыларының ереуілі - жас Сейфуллиннің санасына ой салған күрес мектебі болды.
Екіншіден, 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында Н. Нұрмақов, М. Жұмабаев секілді талапты жастармен бірге оқып, ағартушылық мақсатта «Бірлік» ұйымын құруы олардың қазақ халқының мүддесі жолындағы көзқарастарының бірлігіне әкелді. Қоғамдағы саяси оқиғаларға құлақ түруі, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың сабақтары С. Сейфуллинге бұқара халықтың жағына шығып, күрескерлік жолға түсуіне ықпал етті.
С. Сейфуллин Ақпан төңкерісінен кейін уақытша биліктің қазақ комитетінің басшысы болды. Ол ұйымдастырған «Жас қазақ» ұйымы қысқа мерзімде болыстық комитеттерге халық қалаған өкілдерді сайлау, қалыңмалға шек қою, әйелдерді басқару ісіне қатыстыру, сауатсыздықты жою сынды сол уақыт үшін ең көкейкесті мәселелерді іске асырып, Ақмола уезі көлемінде үлкен беделге ие болды. Бұл жайында С. Сейфуллиннің өзі: «бір күнде он сегіз әйел бостандық қағазын алды» дейді. Қарастырылған уақытта түрлі саяси топтардың талқысына түскен мәселе - болашақ мемлекет құрылысының жобасы болды. 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда өткен І Жалпықазақтық съезде қазақ интеллигенциясының «Ресейдің демократиялық, федеративті республика» болуы жайында бірауыздан ортақ шешімге келуінде С. Сейфуллиннің де өзіндік ұстанымы, көзқарасы болғаны айқындалды. Ол басқарған «Жас қазақ» ұйымы съезге «Ресейдің федеративті республика» болуын қуаттайтыны жайында жеделхат жіберіп болжамы айқын, бағыты нық ұйым екендігін көрсетті. Қос төңкеріс арасындағы кезеңде С. Сейфуллинге саяси бағытын айқындау оңай болған жоқ. 1916 жылғы көтерілістің сабақтары, бай-болыстардың бұрынғыша артықшылыққа ие болуы, облыстық қазақ комитетінің тарапынан халықтың арыз-шағымының әділ шешімін таппауы Уақытша биліктің әлсіздігіне, баянсыздығына көз жеткізді. Кеңес өкіметінің ұрандары қазақ халқының мақсат-мүддесіне сай келіп, С. Сейфуллинді большевиктерге жақындата түсті. 1917 жылы 27 желтоқсанда құрылған Ақмола уездік жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары кеңесінің мүшелігіне сайланған С. Сейфуллин 1918 жылдың 28 ақпаны мен 2 наурызы аралығындағы Ақмола кеңестерінің І съезінде Президиум құрамына кіріп, оқу комиссары болды. Уездік кеңестің құрамында С. Сейфуллин еңбекші халықтың талабына сай халыққа жер беру, астықпен қамтамасыз ету, тегін білім беру, медициналық пункттер ашу, сегіз сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты мәселелерді іске асыруға күш салды. Сәкен ұлт-азаттық көтеріліске дейін қаладағы ірі байдың қызы - Рахимаға үйленген еді. Сонда оның жары жаңа заманның тәртібін әкеме қолданба деп шарт қояды. Сол кезде кедей өкіметінің жаршысы болып жүрген ақын екі оттың ортасында қалады. Отбасының берекесі қаша бастайды.

Дегенмен Сейфуллин өз бағытынан тайған жоқ. Шығармашылығын да жалғастырды. Ақмолада жүргенде "Біз асығыс жиналдық" деген өлеңін жазды. Ал 1917 жылдың сәуір айында "Жас қазақ" ұйымын құрды.

Бір жылдан соң Ақмолаға ақтар келіп, сол жердегі кеңес үкіметін құлатады. Сейфуллин тұтқындалып, түрмеге қамалады. Одан кейін атаман Анненковтың "өлім пойызымен" Колчак түрмесіне жеткізіледі. Осының бәрін "Тар жол, тайғақ кешу" романында жазған.

Сәкен Сейфуллиннің көрген қиындықтары, Колчак түрмесінде отырғаны - бәрі-бәрі оның большевиктер арасындағы беделін көтерді. Содан Ресейдің адамдары оны Қазақстанның басшылығына ұсынады. Ал 1922 жылы ол Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы болып сайланады. Бұл Қазақстанның премьер-министрімен пара-пар қызмет болды. Осылайша, 28 жасында үкіметті басқарған Сәкен Сейфуллин қазақ еліне қызмет етеді. Өзіне сөгіс жарияланғанына қарамастан, бюджет қаражатының тең жартысын білім беруге салады.

"Сәкен Сейфуллин үкімет басына келісімен жаңа өндіріс орындарын ашайық, қазақ пролетариатын көбейтейік, қыз-жігіттерді оқытып, білімге баулиық, қазақты "қырғыз" емес, "қазақ" деп атап, тарихи қателікті түзейік, мәдениет ошақтарын ашайық, емхана, мектеп сияқты өмірге қажетті нысандарды салайық, сондай-ақ, басқа да ұлттық мәселелерді күн тәртібіне қойып, шеше бастады. Соның нәтижесінде қазақ тілі тұңғыш рет мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілді", - дейді сәкентанушы Амантай Кәкен.

Өнертанушы Серік Оспановтың айтуынша, Сәкен Сейфуллин қазақтың әндері мен күйлерін сақтап қалуға күш салды. Александр Затаевичке тапсырыс та берген екен.

"Ол Затаевичке нотаға түсір, мен саған сол үшін ақша төлеймін деп тапсырыс берген. Соның бәрін шығарғанына 284 рубль алтындай ақша бөледі. Сосын Затаевичке айтады, бұл ақшаның аз екенін білемін, бірақ мен сізге мемлекетіміздің үлкен сыйлығын алып беремін дейді. Содан Қазақстанның бірінші халық әртісі атағын Александр Затаевич алған", - дейді Оспанов.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәкен Сейфуллин шығармашылығының зерттелуі
Сәкен Сейфуллиннің мемлекеттік қызметі
Сәкен Сейфуллин және қазақ мәдениеті
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин
Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының танудың технологиясы. мектепте дастан оқыту мәселесі
С. Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешу» романындағы күрескер ақынның бейнесі
Сәбит пен Сәкен шығармашылық байланыстылығы
Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы
Қазақ әдебиетіндегі Сәкен Сейфуллиннің бейнесі
Сәкен Сейфуллин – жаңашыл ақын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz