Қылмыстық - атқару құқығының түсінігі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Студенттің өзіндік жұмысы

Ф 11. 01-2020

1-баспа 25. 06. 2020

logo_DU2.png

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра:”Азаматтық құқық және процесс”

Реферат

Тақырыбы: « Атқару өндірісінің түсінігі»

Курс: 4

Пәні:Атқару өндірісі

Студент: Қали Ақерке

Оқытушы: Телесбаев Бексұлтан

Тобы:В17ЮП-3

Тараз

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

1. Қылмыстық-атқару құқығының түсінігі

2. Қылмыстық-атқару құқығының қағидалары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Мемлекеттің қылмыстық-атқару қызметі сотталғандарды түзеу және қылмысты ескерту саласында, сотталғандармен қатынас жасау туралы халықаралық қауымдастықпен өңделген жағдайлармен сонымен қатар қылмыстық атқару ғылымының жетістігімен негізделетін қылмыстық-атқару саясатымен анықталады.

Қазақстан Республикасында жүріп жатқан демократияландыру және ізгілендіру үрдістері қарастырылып отырған қылмыстық-атқару саласындағы мемлекеттік қызметінің саясатын ары қарай жетілдіруді және қылмыстық жазалауларды орындауды дүниежүзілік қауымдастық стандарттарына, принциптеріне сәйкестендіруді талап етеді.

Оқу құралының мақсаты соңғы кезде Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан жаңа саяси-әлеуметтік, құқықтық-экономикалық жағдайларға байланысты тиісті курсты оқытуды уақыт талабына сай қамтамасыз ету болып табылады.

Беріліп отырған оқу құралында «Қылмыстық-атқару құқығы» курсы жалпы бөлімінің негізгі тақырыптары қарастырылған, олар осы аталған курстың бағдарламасы негізінде дайындалған.

Бұл оқу құралында сондай-ақ жаңа тақырып «Қылмыстық-атқару заңнамасы мен Қазақстанның пенитенциарлық жүйесінің тарихи-құқықтық негіздері» қарастырылған. Автордың ойынша қылмыстық жазаны атқарушы мекемелер жүйесінің қалыптасуын тарихи-құқықтық аспектіде оқып білудің маңызды ғылыми мәні бар. Ол бүгінгі түзеу мекемелерінің қызмет ерекшеліктерін талдап білуге, бұл мекемелердің даму бағытын анықтауға, осылардың негізінде жалпы көлемде оларды одан әрі жетілдірудің жолдарын атап көрсетуге көмектеседі.

Бұл оқу құралы Қазақстан Республикасының Конституциясы ережелеріне, Қылмыстық, Қылмыстық-процессуальды, Қылмыстық-атқару заңнамаларына, адам мен азамат құқықтары және сотталғандармен айналысудың халықаралық актілеріне, сондай-ақ қылмыстық-атқару ғылымымен айналысатын отандық, шетел ғалым заңгерлердің еңбегіне және мұражай материалдарына сүйеніп жазылған.

1. Қылмыстық-атқару құқығының түсінігі

Қылмыстық жаза дегеніміз қылмыс жасаған кінәлі адамға сот үкімімен тағайындалатын қылмыстық заңмен бекітілген мемлекеттік күштеудің ерекше шарасы.

Сот қылмыстық жаза тағайындағанда заңда көрсетілген қылмыстық жаза мақсатына жету жолдарын қарастырады. Қылмыстық жаза мақсаты ҚР Қылмыстық кодексінің 38-бабында, ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 2-бабында көрсетілген. Қылмыстық жазаның мақсаты болып саналатындар:

- әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;

- сотталғандарды түзеу;

- сотталғандардың жаңа қылмыстар жасауының алдын алу (арнайы алдын алу) ;

- өзге адамдардың жаңа қылмыстар жасауының алдын алу (жалпы алдын алу) .

Сот тағайындаған қылмыстық жазаны орындаған кезде әр алуан қоғамдық қатынастар туындайды. Қылмыстық-атқару құқығы сол қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару құқығының өзіне тән пәні, әдістері мен тәсілдері және норма жүйесі бар болғандықтан бұл құқық саласы өз алдына дербес құқық саласы болып саналады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару құқығының өзіне тән пәні бар. Қылмыстық-атқару құқығының пәні осы құқық саласы қандай қоғамдық қатынастарды реттейді деген сұраққа жауап береді. Олай болса Қылмыстық-атқару құқығының пәні деп барлық қылмыстық жазалар түрлерін атқару кезінде пайда болатын және осы құқық саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастарды айтамыз.

Қылмыстық-атқару құқығының пәні болып заң нормаларымен реттелетін қылмыстық жазаларды орындаушы мекемелер мен органдардың қызмет тәртібі саналады. Әр түрлі жазаларды атқаратын мекемелер, органдар және сотталғандар арасында пайда болатын қатынастар да қылмыстық-атқару құқығының пәні болып есептеледі.

Осы құқық саласының пәніне сотталғандардың түзеу процесіне қатысатын жұртшылықтың, жеке азаматтардың, мекемелер мен кәсіпорын және қоғамдық ұйымдар арасындағы құқық нормаларымен реттелетін қатынастар да кіреді.

Жазаларын өтеп шыққандарға көмек көрсету, олардың әлеуметтік жағдайларға бейімделуі кезінде пайда болатын қатынастар да осы құқықтың пәні болып саналады.

Қылмыстық-атқару құқығының пәніне сотталғандарды түзету процесі кезінде қолданылатын түзету құралдарын қолдану тәртібі де жатады.

Қылмыстық-атқару құқығының құқықты реттеу әдістері мен тәсілдері бар. Қылмыстық-атқару құқығының әдісі дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.

Қылмыстық-атқару құқығының пәні мен әдістерінің айырмашылығы сонда, қылмыстық-атқару құқығы қандай қоғамдық қатынастарды реттейді деген сұраққа қылмыстық-атқару құқығының пәні жауап берсе, ал сол қоғамдық қатынастарды құқық нормаларымен қалай реттейді деген сұраққа қылмыстық-атқару құқығының әдістері жауап береді. Олай болса, қолданылатын әдістер мен тәсілдердің түрлері қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты болады.

Қылмыстық-атқару құқығында мынадай әдіс түрлері қолданылады: императивті әдіс, дипозитивті әдіс, ұсыныстық әдіс, мадақтау әдісі және тағы басқалары.

Қылмыстық-атқару құқығында құқықтық реттеудің негізгі әдісі императивті әдіс (биліктің бұйрық әдісі) болып табылады.

Диспозитивті әдіс дегеніміз субъектілерге белгілі бір шекте өз арақатынастарын өздері шешуге мүмкіндік беретін әдіс.

Мадақтау әдісі дегеніміз қоғамға пайдалы мақсатқа жету жолдарын мадақтау арқылы субъектілердің шешім қабылдауларына әсер ететін әдіс.

Ұсыныстық әдіс дегеніміз құқық субъектілеріне мақсатты тәртіп нұсқамасын ұсыну арқылы әсер ету әдісі.

Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық-атқару құқығының да нормалар жүйесі бар. Нормалар жүйесі деп заң нормаларының белгілі бір тәртіппен орналасқан құрылымын айтамыз.

Қылмыстық-атқару құқығы жеке сала болса да ол өзіне басқа да салалардан мысалы, қылмыстық құқық, азаматтық құқық салаларынан кірген кейбір нормаларды қабылдайды. Керісінше қылмыстық-атқару құқығының кейбір нормалары басқа құқық салаларына кіреді. Бұл нормалардың құқықтық жаратылысына байланысты басқалай қарым-қатынасты да реттейтіндігін еске сақтау қажет, солай болғандықтан, ол өзінің маңызын өзгертеді. Сол себептен оларды таза күйінде құқықтың басқа салаларының нормалары деп есептемеу керек.

Қорыта айтқанда қылмыстық-атқару құқығы дегеніміз Қазақстан Республикасының заң шығару органы қабылдаған қылмыстық жазаларды атқару кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару құқығының өзіне тән пәні, құқықты реттеу әдістері мен тәсілдері және құқықтық нормалар жүйесі бар. Осы үш элементтің бар болу себебінен қылмыстық-атқару құқығы өз алдына жеке құқық саласы болып есептеледі.

2. Қылмыстық-атқару құқығының қағидалары

Қылмыспен қүресу саласында мемлекет белгілі бір саясат жүргізеді. Қылмыспен күрес әр алуан бағыттарда жүретіндіктен жүргізілетін саясатта бірнеше түрге бөлінеді: қылмыстық-құқықтық саясат; қылмыстық іс жүргізу саясаты; қылмыстық-атқару саясаты; постпенитенциарлық саясат.

Мемлекет өзінің қылмыстық-атқару саясатына сүйеніп және оны көрсете отырып қылмыстық-атқару заңнамасын құрастырады, қылмыстық жазаны атқаратын мемлекеттік мекемелер мен органдар жүйесін құрады.

Қылмыстық-атқару саясатының стратегиясы, негізгі нысандары, заңнамалары қоғамда қалыптасқан экономикалық жағдайға, қоғамның адамгершілік жағдайына, оның құқықтық санасы деңгейіне, адам құқықтары бойынша халықаралық актілерге тағы да басқа жағдайларға байланысты болады.

Сонымен қатар қылмыстық-атқару саясатының бағыты, қабылданатын заңдар мен заң нормалары белгілі бір принциптерге негізделуі тиіс. Қылмыстық-атқару құқығының принциптері дегеніміз қылмыстық-атқару саясатының және қылмыстық-атқару құқығының институтары мен нормаларының дамуына негіз болатын түпкі, бастапқы идеялар.

Қылмыстық атқару құқығы принциптеріне жалпы құқықтық, салалық (арнайы) және салааралық принциптер кіреді. Олар барлық қылмыстық-атқарудың заң шығаруы арқылы өтеді және міндетті түрде:

- қылмыстық-атқару саясатының жалпы бағытын көрсетеді;

- қылмыстық-атқару заңын жетілдіруді және негізгі даму бағытын айқындайды;

- жалпы құқық принциптерімен ара қатынаста және іштей келісімде болады;

- тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 6-бабында мынадай принциптер көрсетілген:

- заңдылық;

- баршаның заң алдындағы теңдігі;

- гуманизм (ізгілік) ;

- демократизм и жариялық;

- жазаларды атқарудың саралануы мен жеке даралығы;

- жазаны түзеу ықпалымен біріктіруді қамтамасыз ету.

Біздің ойымызша заңдылық принципінің мағынасына мыналар кіреді: қылмыстық жазалардың орындалу тәртібі мен шарттары тек қана заңмен белгіленуі тиіс; сотталғандар қалмыстық жазаны өтеген уақытта заңмен бекітілген міндеттерді ғана орындап және заңда көрсетілген құқықтарға ғана иелік етулері қажет; қылмыстық жазаны орындаушы субъектілердің қызметтері тек қана заң негізінде жүргізілуі қерек; қылмыстық-атқару заңын, оның нормалары тек қана заңды жолмен қабылдау қажет.

Заң алдындағы баршаның тендік принципі сотталған адамдардың құқықтық мәртебелері олардың ұлтына, ана тіліне, жынысына, дініне, әлеуметтік және басқада жағдайына байланысты болмауын талап етеді. Адам мен азаматтар заң алдында тең құқықты. Бұл принцип Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының 1-тармағында бекітілген[1] .

Гуманизм принципі сотталғандарға кішіпейілділік білдіру, олардың мұқтажына ықыласпен қарау, дер кезінде медициналық, әлеуметтік көмек көрсету, жазаны өтегеннен кейін оларды еңбекке орналасуға, күнделікті тұрмысына көмектесу, сотталғандардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету т. с. с. талап етеді.

Қылмыстық-атқару құқығының гуманизм принципі тек қана мемлекеттердің шағарған заңдарында ғана емес, адам құқығы және сотталғандармен айналысу туралы көптеген Халықаралық актілерде бекітілген.

Демократизм принципінің мағынасы біріншіден, қылмыстық атқару заңын, оның нормалары тек қана заңды жолмен және халық атынан заң шығарушы органдар қабылдауын қажет етеді. Екіншіден, демократизм дегеніміз заңмен белгіленген құқықтар мен бостандықтарға иелік етіп, сонымен қатар заңға бағыну, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбау болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс екені бекітілген.

Жариялық принципі сотталғандарды тәрбиелеу жұмысына жұртшылықты, азаматтарды, басқа да мекемелер мен кәсіпорын әкімшіліктерін тартуға, олардың жазаны атқару органдарының қызметіне бақылау жүргізуін талап етеді. Жариялық принципі қылмыстық жазаны атқаруға, сотталғандарды түзеу жұмыстарына байланысты ақпараттарды құпия ұстамай, керісінше оларды жұртшылыққа жеткізіп отыруды талап етеді.

Жазаларды атқарудың саралану принципі сотталғандарды жастарына, жыныстарына, соттылықтарына байланысты топтарға бөліп, оларды жекелеп ұстау талабын қояды.

Жазаларды атқарудың жеке даралық принципі тәрбие жұмысын жүргізгенде сотталғандарды түзеудің негізгі құралдарын қолданған кезде әрбір сотталған адамның педагогикалық, психологиялық, физиологиялық т с. с. тек қана сол жеке тұлғаға тән ерекшеліктерді ескеруді талап етеді.

Жазаны түзеу ықпалымен біріктіруді қамтамасыз ету принципі қылмыстық жазаны өтеу кезінде сотталғандармен тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруды, сотталғандарды түзеудің негізгі құралдарын қолдануды талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қағидаларының жалпы түсінігі
Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару құқығы
«Қылмыстық атқару-құқығы» пәнінен лекциялар
Мамандықтың пәндер каталогы
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Қылмыстық іс жүргізу құқығы
Құқық нормаларын талқылау түрлері
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
«ҚР қылмыстық-атқару құқығы» пәнінен лекциялар
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz