Қаржылық менеджмент
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ІШКІФИРМАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖҮЕСІН ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1 Фирманың ішкі қаржылық жоспарлау жүесін талдау
мәні 5
1.2. Ішкіфирмалық қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі 6
1.3. Жалпы қаржылық жоспарлауды талдау әдістері 8
2 ФИРМАНЫҢ ІШКІ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ТАЛДАУ, ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 12
2.1 Қаржы ресурстарын қалыптастыру. 12
2.2 Кәсіпорын қызметінің қаржылық белсенділігін талдау 4
2.3 Қаржы жүйесі және оны ұйымдаструдың қағидаттары 18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІРІККЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫ ДАМЫТУ БОЛАШАҒЫ 21
3.1 Қазақстан Республикасындағы біріккен кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы 21
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24

Ішкі қаржылық жоспарлау, қоғамда талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қа-жеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен ісәрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.

1. Қ.Қ. Ілиясов, С,Құлпыбаев «Қаржы» Алматы-2005ж
2. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана на пути к рынку: тенденции и размышления. Алматы, 1994 г.
3. Бюджет жүйесі туралы. Қазақстан Республикасының Заңы «Қаржы-қаражат» 1996ж
4. Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы. – Алматы, 1998 ж. – 216 б.
5. Елемесов Р. Переходная экономика: проблемы методологии и теории. Алматы, 1998 г.
6. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О., Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері 2002 202 б.
7. Информационно-статистический сборник «Казахстан: 2005-2006годы, Алматы, Агенство РК по статистике.
8. Күлекеев Ж.Ә., Есенғалиева К.С., Тастандиева Н.Б., Микро-макроэкономика терминдерінің орысша-қазақша сөздігі Алматы-1995ж. 245б.
9. Мамыров Н.Қ., Тлеужанова М.Ә., Макроэкономика Алматы -2003ж 23-28б
10. Осипова Г.М., Экономикалық теория негіздері Алматы-2002ж 123б.
11. Оразәлі С. ХХІ қандай экономикамен келем. – Алматы. – Қазақстан. - 1996 ж. 120 б.
12. Сахариев С.С., Сахариева А.С., Әлем экономикасы, оқулық 1 бөлім,2003
13. Сахариев С.С., Сахариева А.С., Әлем экономикасы, оқулық 2 бөлім,2003
14. Мельников В.Д., Финансы, Алматы: "Каржы-каражат", 1997г.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI
М.Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Экономика факультеті
Қаржы және несие кафедрасы
курсТЫҚ ЖҰМЫС
ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ПӘНІ
ІШКІФИРМАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖҮЕСІН ТАЛДАУ
ТАҚЫРЫБЫНА
050509 күндізгіФС – 07к
автор Ермагамбетов А.С. _________
(қолы, күні)
ЖЕТЕКШІ Бактыбаева Д.С. _________
(қолы, күні)
Петропавл, 2010ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
1 ІШКІФИРМАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖҮЕСІН ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ
4
1.1 Фирманың ішкі қаржылық жоспарлау жүесін талдау
мәні
5
1.2. Ішкіфирмалық қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
6
1.3. Жалпы қаржылық жоспарлауды талдау әдістері
8
2 ФИРМАНЫҢ ІШКІ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
БЕЛСЕНДІЛІГІН ТАЛДАУ, ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
12
2.1 Қаржы ресурстарын қалыптастыру.
12
2.2 Кәсіпорын қызметінің қаржылық белсенділігін талдау
4
2.3 Қаржы жүйесі және оны ұйымдаструдың қағидаттары
18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІРІККЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫ ДАМЫТУ БОЛАШАҒЫ
21
3.1 Қазақстан Республикасындағы біріккен кәсіпорындарды дамыту
мүмкіндіктері мен болашағы
21
ҚОРЫТЫНДЫ
23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
24
КІРІСПЕ
Ішкі қаржылық жоспарлау, қоғамда талдау біреудің орынсыз тілегінен
емес, өмірлік аса қа-жеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін
және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған
әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай,
біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай
жүргізу мүмкін емес.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің
экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің
әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше
іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар
мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни
миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне
мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті
серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен ісәрекеттің
тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай
жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып
алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми
негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты
талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік
белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін,
басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген,
сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба
алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық
дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас
бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жайкүй" дегеніміз не,
соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл
ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы
(активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру
көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер)
сипатталады" деп жазған.
Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, ком-
мерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-
қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады.
М. Н. Крейнина , А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай
ұғымын былайша түсіндіреді: ''Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының
қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын
көрсеткіштер жиынтығы".
Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы,
бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем
қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды
пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің
алдында өз міндеттемелерін орындау.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын
деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып,
табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның
дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".
В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді:
"Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақ-
ша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді
пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай
жасайды.
Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі
процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі
бөлігі болып табылады". Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең
алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының
қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет)
өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері
мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы
басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз
байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі –
активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару
стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару
өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын
қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы
ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен
тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне
алады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы
қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның
қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге
қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен
уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады. Және де бұл жерде
кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде
резервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
•кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
•шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем
қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
•төленген жарғылық капиталдьщ мөлшері;
•шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мү-
лік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
•кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының
әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар
сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие
саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы
экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер
етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу жақсы
қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз
жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін
қаржылық тұрақты "кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы
үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық
жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс. Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз
облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі
біткен уақытта-облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация
иелеріне де қатысты. Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік
қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды,
кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа
қатынастар тұрғысындағы экокомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде
кепілдендірілгенін бағалайды.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты
дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі
уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары
жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына
байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады,
себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің
жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп
болуыдамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын
шы-ғындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық
есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп
туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп
беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп
беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықты-
рылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта,
берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап
отырғандығы және каржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да
ақ-параттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған: субъектіге әсер етуші тәуекел мен
белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы
түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық
ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері
туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында
анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер
де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана
(соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:
1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу,
сондай-ақ жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік
көрсеткіштен аспайды;
2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;
3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.
Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары
бо-йынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да
соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып
реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы
нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің
қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке
кіруімен байланысты.
Қаржылық жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс
мәліметтеріне ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау,
себебі бухгалтерлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан ада емес, олардың
ең маңыздылары келесілер болып табылады:
1. Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады. Баланста келтірілген
мәліметтер оны құрған кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді.
Бұл жағдайда баланс ақпараттары ретроспективалық және перспективалық талдау
мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.
2. Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелеріңде статус-квоны си-
паттайды, яғни пайдаланылып жүрген есеп саясатына сай осы кезеңде кәсіпо-
рын жалпы қандай жағдайда тұр деген сұраққа жауап береді, бірақ бұл
жағдайға ненің нәтижесінде жеткеніне жауап бермейді. Бұл сұраққа жауап беру
үшін, тек қосымша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар есеп және есеп беруде
көрсе-тілмейтін көптеген факторлардың талдануы қажет (мысалы, ғылыми-
техникалық прогресс, контрагенттегі қаржылық қиындықтар және басқалар).
3. Баланста салыстырмалы шаруашылық аралық талдау жүргізу үшін
қажетті база жоқ. Ол кеңістіктік және уақыттық салыстырулармен қамтамасыз
етпейді. Сондықтан оның талдауы динамикада жүргізілуі тиіс және
мүмкіндігінше көрсеткіштерге, олардың орташа салық және орташа
прогрессивтік маңыздылығы-на шолу жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай
мақсатпен ұқсас кәсіпорындар тобы бойынша негізгі есептік көрсеткіштерді
ашық жариялау қажет. Бұл қажетті орташа көрсеткіштерді есептеп шығаруға
мүмкіндік береді.
4. Баланста кәсіпорынның қаражаттарының айналымы туралы мәлімет
жоқ. Баланстың сол немесе басқа бабы бойынша соманың аз немесе көптігі
туралы қортындыны баланстың көрсеткіштерін айналымының сәйкес сомаларымен
салыстырғаннан кейін ғана жасауға болады.
5. Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің
жиын-тығы болып табылады, яғни онда осы балансты толтыру кезіндегі
шаруашылық операцияларының жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның есепті
кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың
динамикалық баптарына қатысты, олар "материалдар", "дайын өнім",
'"тауарлар", "дебиторлық борыш" және басқалар.

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық жоспарлау) жоспарлау деп
бөлуді кажет етіп отыр. Жоспарлаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің
негізгі ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді,
қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет
органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның каржылық жағдайы және есепті
кезеңдегі шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық
газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық
есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін
динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі
жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін
жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын
шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы,
сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығары-лып,
өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған,
басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі
жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығын-дар сияқты
жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері
болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін
анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін
көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті
жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы жоспарлау қаржылық есеп
негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның
қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда
қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық көр-
ді.
Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның
жекелей көрсеткіштерін жоспарлаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл
әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын,
кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандык тәжірибеде қолданылмаған
жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның
өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісінің,
шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және
негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік
үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым
қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті.
Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған басқарушылық
шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық
қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді. Бұрынғы қолданылып
келген жоспарлау әдістемесінде әр түрлі баптардың мәндерін, баланс бөлімі
мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік көлемдерімен салыстыру,
мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың кәсіпорынның қаржылық
жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу шешуші роль атқарды.
Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі - онда жоспарлық
көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде
көптеген параметрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік
сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде сарқынды өзгеріп
отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға
ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен
тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану
кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар,
коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған номативтерден ауытқуды талдау,
кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік
есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие
болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі
бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі
контрагенттерінің, меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген
кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау
әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау
мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы
пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де
қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережеле-
рін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға
болады:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен
кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік
есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға
мүмкіндік береді.
Тікалей (кұрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге
тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің
құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды
көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнын-дағы,
яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады.
Сондықтан да есептік бухгалтер үлгі құрылымы секілді оның жеке
көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл
деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есеп-
теуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын
бір қатар өткен кезендермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің
дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш
негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы
көрсет-кіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, одан кейін
перспективті, бол-жамдық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған
әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің ше-
телдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз,
себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар
аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы
берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды
талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі
ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте
ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.
Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады:
өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес
фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша
есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ
берілген фирманың керсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы
экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен
салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.
Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды
көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе
реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау
қорытын-ды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал
оның жеке элементтерін жалпы қорытынды керсеткішке біріктіргенде ол - кері
(синтез) болуы мүмкін.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізудің дәйектілігі
жөніндегі басылып шығарылған әдістемелік зерттеулердегі авторлардың
ұсыныстары оқырмандардың назарын аударады.
Жалпы редакциясын В.И.Стражева басқарған, Беларусь Республикасының
Мемлекттік экономикалық университетінің авторлар ұжымы кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдауды алдымен оның активтері мен пассивтерін талдаудан
бастау ұсынылады, содан кейін кәсіпорынның төлеу қабілеті мен қаржылық
тұрақтылығын, сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын талдауға және оның
қаржы жағдайын қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі .
О.В.Ефимов өзінің "Қаржылық жағдайды қалай талдау керек" деген
еңбегінде талдау әдістемесін, әрбір шаруашылық жүргізушінің маңызды
міндетінің бірі болып табылатын және де кәсіпорынның төлеу қабілеті мен
өтімділігіне қосымша баға беруге мүмкіндік беретін мүліктік массаның
кұрылымын бағалаудан бастайды.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың соңғы (ерекше) әдістемесін
А.Д.Шеремет пен Р.С.Сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен
қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі;
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау;
кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және төлеу қабілетін талдау.
Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңде өзгерісін салыстырмалы
аналитикалық баланс-нетто бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықты
абсолюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы
пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудан туындап,
ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеті мен
қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен
тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды
жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор
қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-
ақ объективті және анық баға береді, қаржылытұрақтылықтың нығаюы мен
кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.
2 ФИРМАНЫҢ ІШКІ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ
ҚАРЖЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ТАЛДАУ, ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Қаржы ресурстарын қалыптастыру
Қаржы ресурстары – мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің,
ұйымдардың қарамағындағы ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы; қоғамдық
жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құрылады.
Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға
салынатын салық, ақциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін
жарналар нысанындағы) және амортизациялық аударымдар алады.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары
(қорланым, босалқы қор)—қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бip
қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары,
ал қаржы ресурстары болса, ол мемлекеттің (оның органдары арқылы) және
шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері. Біріншіден,
қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарынын, көздерін, шаруашылық органның
немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау
мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары - бұл қорлардағы, яғни
ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы "байланылған" қаражаттар,
сондай - ақ әлі мақсатты белгілі бip бағыттылығы жоқ қорлар бойынша
қалыптаспаған ақша қаражаттары.
"Қаржы ресурстары" ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.
1.Шаруашылық жүргізу практикасында "қаржы ресурстарының" ұғымы деп
мемлекеттің, кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бip кезендегі барлық
ақша кipicтepi мен қорланымдардың жиынтығын, яғни ақша қорларын, кредит
ресурстарын, ақша резервтерін айтады.
2.Егер жиынтық өнімнің (c+v+m) материалдық - заттай және кұндық
кұрылымына, оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы
ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді.
Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды екі бөлігін бөліп
көрсетуге болады:
1) мемлекеттің кipicтepi. Олар республикалық және жергілікті
бюджеттерде шоғырланады. Мемлекеттің кipicтepi заңнамалық
тәртіппен бекітіледі және мемлекеттің функцияларына сәйкес
жұмсалынады. Мемлекеттің кipicтepiн жұмылдырудың негізгі
әдістері салықтар, қарыздар мен лотереялар, сыртқы көздерден
түсетін түсімдер;
2) бюджеттен тыс қаражаттар. Олар шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қарамағында болады. Олардың пайда болуы
мемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты. Макродеңгейдегі
қаржы ресурстарының түрлеріне мыналар жатады: шаруашылық
жүргізуші субъектісінің, таза табысы - пайдасы; амортизациялық
аударымдар; кредиттер; сақтық өтеулері; істен шыққан мүлікті
сатудан түскен тyciм - акша; орнықты пассивтер; меншікті бағалы
қағаздарды сатудан алынған табыстар; жоғарғы кұрылымдардан
аударылған қаржы ресурстары; бюджет субсидиялары және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz