Саяси партиялардың маңызы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
АҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ

СОӨЖ

Пән: Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Мамандық: В067 Әуе көлігі және техналогиялар
Тақырып:Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, әлеуметтік
революционерлер, Алаш,Үш Жүз ,Шуро-и Исламия,
Шуро-и-улемия және т.б.

Орындаған: ТЭ-20-2.1 тобының тобының
1 курс студенті Қуанышұлы Мағжан
Тексерген: оқытушы, т.ғ.к, ассоц., проф. Булгауов Ш.Т

Алматы 2020

Жоспар:

Кіріспе
І. БӨЛІМ абаб
1.1.Тарау.Саяси партиялардың маңызы.
1.2.Тарау.Саяси партиялардың негізгі мақсаты.
ІІ БӨЛІМ
2.1.Тарау.Партиялардың қалыптасуы және олардың бағдарламалары.
2.2.Тарау.Партиялардың түрлері.
ІІІ.Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазақстанда ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі әлеуметтік-саяси, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде Алаш қозғалысы өмірге келген еді. Қозғалыстың басты тірегі 1917 жылы шілдеде құрылған жалпыұлттық Алаш партиясы еді. Қазақтың ұлттық-демократиялық зиялыларының көрнекті өкілдері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхаммеджан Тынышбай, Міржақып Дулатұлы т.б. ондаған қайраткерлер 1905-1917 жылдары осынау бірінші жалпыұлттық саяси ұйымды құру жолында көп күш жұмсады. Қоғамдық-саяси өмірге араласа бастағанда Алаш партиясы өзінің негізгі міндеттерін екі мақсатқа жету: 1) қазақ халқын отарлық езгіден азат ету; 2) қазақ қоғамының дүниежүзілік мәдени қауымдастыққа енуін қамтамасыз ету деп жариялады. Өзінің саяси табиғатына сай Алаш партиясы әртекті қазақ ұлттық-демократиялық зиялылардың саяси ұйымы болды.

І. БӨЛІМ

1.1.Тарау. Саяси партиялардың қоғамдағы маңызы.

XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары сан жағынан көп болған жоқ. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қазақ қоғамында жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломды иемденген мамандардың саны жүз отыздан, ал арнайы орта оқу орындарын бітіргендердің саны жеті жүзден асып жығылатын еді. Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярланатын курстар мен училищелерді есепке алмағанда, арнайы оқу орындары болған емес. Түрлі мекемелерде, өкімшілік орындарында қызмет жасаған қазақ мамандары, негізінен, ресейлік оқу орындарында білім алды.
Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі болған жоқ, керісінше, қараңғылықта үстау оған тиімдірек көрінді. Ал XIX ғасырдың соңғы ширегінде ашыла бастаған азын-аулақ мектептер мен гимназиялар жергілікті жұртты ислам дінінің зиянды әсерінен сақтау және далада орыс ықпалын дамыту үшін керек болды. Ресейде партиялар ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады. Қазақстан да сол кезеңдегі империяның бір бөлігі ретінде осы үдерістерге тартыла бастады. Қазақстан аумағындағы ірі қалаларда жалпыресейлік партиялар мен ұйымдардың (кадеттер, ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясы, социалист-революционерлер, меньшевиктер және т.б.) филиалдары пайда бола бастады. Қазақ зиялылары арасында ұлт-азаттық түғырдағы алғашқы Алаш және Үш жүз партиялары құрылды. Олар қазақ мемлекеттілігін қайта қүруды және қазақ халқының мәдениетін, оның өмірлік және құқықтық жүйесін қорғауды мақсат етіп қойды. Одан бөлек, ел тұрғындарының бір бөлігі Түркістан аймағында әрекет ететін жергілікті мұсылман партиялары мен ұйымдарына белсенді түрде қолдау білдірді. Яғни, осы кезеңде көппартиялық пен парламентаризмнің пайда бола бастағаны туралы айтуға болғанымен, бір мезгілде демократия негіздері жаңадан қаланып жатқандықтан оның қалыптасқаны және дамығандығы туралы айтуға әлі де ерте еді. Ресей империясындағы сайлаулар еркін және теңқұқықты болмады -- олар сословиелік принцип бойынша жүргізілді. Қазақтардың Мемлекеттік Думадағы үлесі де тым мардымсыз болатын. Ресейдегі және оның бір бөлігі болып табылатын сол кезеңдегі Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасу тарихы революция алып келген қайғылы оқиғалармен аяқталды. Алаш партиясының қайраткерлері 1917-1918 жылдардағы Қазақстанда орын алған оқиғаларға белсенді қатысты. Олардың Алашорда ұлттық өкіметін жариялаған үндеуін большевиктер сатқындық деп айыптап, оны таратып жіберді. Алаш ұйымының көптеген қатысушылары қуғындауларға түсіп, олардың бір бөлігі кеңес билігіне қолдау білдірді. Дегенмен 30 жылдары олар да қуғын-сүргінге ұшырап, көпшілігі атылу жазасына ілігіп кетті. Большевиктер азамат соғысында жеңіске жеткеннен кейін КСРО-да қызмет атқаратын бірден-бір партия -- Кеңестер Одағының Коммунистік партиясы (КПСС) қалды. Біздің республикада оның филиалы болып табылатын Қазақстан Компартиясы қызмет атқарды. Яғни, 1917 жылғы қазан төңкерісі парламентаризм мен демократия негіздерінің қалыптасуының табиғи барысына нүкте қойды деп айтуға болады. Кеңестер Одағында өткен ғасырдың 80 жылдарының соңына дейін Коммунистік партияға балама партиялар мен үйымдарды қүру туралы сөз қозғаудың өзі артық еді. Кеңестік жүйеде қайта құрудың басталуы (1985 жыл) елдің дамуындағы жаңа жолдарды іздестіруге алып келді. Шығармашылық және зиялы қауым арасында, одан кейін тұрғындардың кең бөліктерінің арасында қоғамда белең алған экономикалық және саяси тоқыраудан шығуға қатысты әртүрлі пікірлер қалыптаса бастады. Жаңару мен демократияландыру идеяларының негізінде халық фронттары, демократиялық күштер одағы, демократиялық партия, демократиялық одақ және басқа да осы бағыттағы көптеген балама ұйымдар пайда бола бастады. Ұлттық тәуелсіздік үшін күреске одақтас республикалардағы бүқаралық қозғалыстар қатысты. Қазақстанның суверенитеттілігі идеясының жақтаушылары бірнеше ұйымдарға бірікті. Осы қатарда бастапқыда Қазақстанның Азат азаматтық қозғалысы, Алаш, Желтоқсан партиялары кең танымал болды.
1.2.Тарау. Саяси партиялардың негізгі мақсаты.
Саяси партиялардың негізгі мақсаты -- қоғамның саяси өміріне қатысу, билікті алуға қол жеткізу және мемлекетті басқаруға ұмтылу. Саяси жүйедегі партиялардың рөлдерін зерттеу саясаттанудағы маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Осы саладағы көрнекті теоретиктер қатарында М.Вейнер, М.Дюверже, Р.Шварценберг, Дж. Сартори тәрізді ғалымдарды айтуға болады. Әртүрлі елдердегі партиялардың қызмет атқаруы, саяси партиялар мен партиялық жүйелерді типологиялау, әртүрлі саяси режимдердегі партиялық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесулері -- аталған ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің басты бағыттары болып табылады. Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. Партия деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кездегі саяси партиялар Европада 19 ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының еңгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар кездеседі. Осыған байланысты саяси партиялардың ролі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, олардың саяси сауаттылығын арттырады, жұмысына ұйымшылдық және мақсаттылық сипат береді. Оның белгілі бір идеологиясы болады. Ол идеология саясаттың басты принциптерін белгілеуге, саяси партияның ұйымдық құрлысы мен практикалық іс-әрекетін анықтауға негіз болады. Олар партияның бағдарламалары мен жарғыларында айқындалады. Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруінің өзі сол жіктеудің арасында дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу керектігінен шығады. Поляктің саясаттанушыс А.Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады: қоғамның ірі топтарының мақсат мүдделерін анықтау, тұжырымдау, негіздеу, олардың белсенділігін арттырып, жинақтау,саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау; саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін,элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысы, мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау; мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу; қоғамдық пікірді қалыптастыру; жалпы қоғамды , оның белгілі бір бөлігін саяси тәрбиелеу; мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар дайындау мен ұсыну.Саяси партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын париялармен байланысты нығайтумен үнемі айналысады. Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті-азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік - экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керек. Соның арқасында қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жоқ шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды. Саяси партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда демократиялық қоғам құру жолында
Саяси партиялардың қоғамда алатын орны
Саяси партиялар мен қоғамдық - саяси қозғалыстар жайлы ақпарат
Қазақстандағы саяси партиялар азаматтық қоғамды қалыптастырушы субъекті ретінде
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының бірегей кешенді институты ретінде негіздеу
Саяси партия
Көппартиялық жүйе – демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Партиялардың түрлері
Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеу
Пәндер