Әлеуметтік философияның функциялары. Әлеуметтік философия


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

«С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КЕАҚ

c741f485-621c-4ea0-b255-c512cf7781eb

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Әлеуметтік философия.

Орындаған:Абдикайр Х.

Тобы:ГК-18/2

Тексерген:Нартаев М.

Атырау, 2020 жыл

Жоспар

1 Әлеуметтік философия

2 Әлеуметтік философияның функциялары

Әлеуметтік философия - қоғам мен адам туралы философиялық принциптер мен заңдылықтар туралы мәселені қарастырады. Әлеуметтік философияның зерттейтін пәні адам және адам туған қоғамдық болмыс болып табылады. Оның басқа ғылымдардан айырмашылығы қоғамдық зерттейтін (тарих, әлеуметтану, мәдениет тарихы т. б. ) Түсініктерге назар аударады. Ең алдымен «қауымдастық», «қоғам» терминдерін ажырата білу керек. Қауымдастық қазіргі заманға сай анықталады немесе адамдардың өзара әрекеттері олардың жалпы шыққан тегімен, тілмен, көзқарастармен байланысты болады. Қоғам халықтың азық ретінде және зерделі ұйымдастырылған үлкен топтардың іс - әрекеті біріккен қоғамдық негізде емес, біріккен мүдде мен шартта. Қоғам түсінігі халық, ұлт, мемлекет түсінігінен ажыратылып алу керек. Ұлт - бұл мемлекеттік, экономикалық, саяси және адамдардың рухани қарым - қатынас байланысқан бір немесе бірнеше халықтың ұйымдасқан өмірінің нысаны. Мемлекет құқық пен заң негізінде ұйымдасқан өмір нысаны, халық және ұлт адам өркениетінің тарихи азығы. Бұл барлық түсініктер өзара байланысты және бір - бірінің түсінігін толықтырып отырады.

Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой - пікірлер, идеялар мен ұғымдар алғашқы дәуірінде-ақ қалыптаса бастады. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болды, ол қалай дамиды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде, қоғамдық құбылыстар мен процестердің байланысы қандай, өзара әсер, себеп, қарым - қатынастар заңдылықтары бар ма, тағы басқа көптеген сұрақтар, ой - пікірлер және идеялар туады. Ал мұндай ой-пікірлер мен идеялар адамдардың қоғамға бірігуінен және осының негізінде өздерінің тіршілігін сақтау, күн көру, одан әрі дамыту қажеттілігінен, олардың тікелей тәжірибелік өмірімен байланысты пайда болды.

Қоғамдық құбылыстарды, процестерді, тарихты танып-білуде, өзгертуде философия тарихында материализм мен идеализмнің арасында ұдайы қарама - қарсы кескілескен күрестер жүргізіледі. Материализм қоғамды, оның даму заңдарын дұрыс ғылыми тұрғыдан түсіндірмекші болып әрекет жасаса, идеализм, керісінше, ғылымға жат, қоғамдық тәжірибеге сүйенбеген, көбінесе оларды діни тұрғыдан түсіндірмекші болады. Өйткені, бұл бағыттарды қолдаушы қоғамда әр түрлі әлеуметтік таптар мен топтар болады.

Әлеуметтік философияның функциялары

“Әлеуметтік философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады”. Мұнан шығатыны: әлеуметтік философия адамның қоғамдық өмірінің барлық “әлемдерінің” - тарих, мәдениет, дін, саясат, құқық, экономика және т. б. әлемдерінің түпкі, онтологиялық негіздерін зерттейтін философиялық ілім саласы.

Бұдан әлеуметтік философияны әлеуметтік құбылыстар мен үрдістерді танудың теориялық-методологиялық мәселелері, заңдылықтары, социум болмысының логикасы қызықтыратыны туралы тұжырымдаманы қосайық. Және ақырында, С. Л. Франктың анықтауынша, әлеуметтік философияның зерттеу аймағы - қоғамдық өмірдің мәні, оның индивидуалды адам өмірімен қатынасы және қоғамдық өмірдің құндылық қырларының жалпы өмірдің фундаментальды құндылықтарына қатынасы. Осылайша, “әлеуметтік философияның” көпқырлы, көпөлшемді “түпкілікті формуласын” тауып және тегі жағынан тарихи, табиғаты жағынан философиялық болып табылатын әлеуметтанумен, мәдениеттанумен салыстырғанда оның немен айналысатынын біле аламыз.

Бұл формуладан шығатыны - әлеуметтік философия функцияларын тек философиялық жүйеде ғана емес, бүкіл әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесінде де жеткілікті түрде айқын жеткізуге болатындығы. Ең алдымен, әлеуметтік философия бойынша оқулық және арнайы әдебиет авторларымен толық келісе отырып, оның дүниетанымдық қызмет атқаратынын тиянақтауға болады, өйткені ол “әлеуметтік әлемді” бейнелеп қана қоймай, оның саналы бейнесі ретінде “оны жаратады да”. Әлеуметтік философия әлеуметтік әлемнің тек картинасы, бейнесі ғана емес. Ол сонымен қатар, әлеуметтік идеалдар мен құндылықтарды нақты шындықпен салыстыра отырып, оның нақты өмірмен байланысын анықтай отырып, осы әлемді жаратады да.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философиялық дүниетаным және дүниетанымның тарихи түрлері
Философиялық көзқарастың ерекшелігі
Әлеуметтік философияның функциялары
«Философия көзқарас ретінде»
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі
Әлеуметтік философия түсінігі
Мәдениет аясындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны
Философия функциясы
Адам және қоғам өміріндегі философиялық мәселелердің өзектілігі
Философия, оның пәнi және қоғамдағы ролi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz