Ерте жастағы аутизм балалардың ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Орталық Қазақстан Академиясы
Дефектология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы

Ерте балалық шақтағы аутизм балаларды оқыту және тәрбиелеу пәні бойынша

РЕФЕРАТ

тақырыбы: Ерте жастағы балалар аутизм бар балардың мектепке дайындығы

Орындаған:ДФ-17-02 топ студенті Алдаберген Г.А.
Тексерген: п.ғ.м. аға оқытушы Аринова К.Н.

Қарағанды 2020
Жоспар
I.Мазмұны
1.Ерте жастағы аутизм балалардың ерекшеліктері
2.Ерте жастағы аутизм балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі
3. Ерте жастағы аутист-балаларды оқытуда кешенді түзете-оқыту мен әдістері
II.Қорытынды
III.Қолданылған әдебиеттер

Мазмұны
Бала аутизімі - баланың психикасындағы ауыт - қу - лар. Бала аутизімі дегеніміз шындықтан ауытқу, өзі-өзімен болу, немқұрайлық немесе сыртқы құбылыстарға қимыл әрекеттердің болмауы, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күйі. Осы кеселмен ауратындардың мінезі тұйық, ешкіммен тілдеспей, өздерінің түсініксіз әлемінде өмір сүреді. Мұндай ауруға шалдыққандар адамдар - мен араласу, айналасымен қарым-қатынас орнату қа - білетінен айырылады. Оның сөйлеу қабілеті бұ - зы - лып, психикасы мен ақыл-есі дұрыс жетілмейді. Бірақ аутизммен ауыратындардың интеллек - туал - дық деңгейі әртүрлі болады. Кейбірінің санасы мүлде дамымай, кенже қалса, енді біреулері білім мен өнердің жекелеген салалары бойынша дарынды болып келеді. Аутизм симптом ретінде көптеген психикалық ауруларда кездеседі. Көбінесе баланың туғаннан кейін бірінші жылы немесе бірінші айларында білінеді. Бұл ауру психикалық дамуының бұзылуының ерекше түрі болып табылады. Бұл ауруда жекеше психикалық функциялары жай дамиды, ал басқа функциялар керісінше тез дамиды. Кейде жасына сай емес сөздік қоры өте бай болса, сөйлеу қабілеті төмен болуы мүмкін. Бала аутизімі диагнозын қою үшін клиникалық көріністер көбінесе толық байқалмайды.Ең алғаш аутизм деген терминді 1912 жылы швейцар психиатрі Э.Блэхер ұсынған. Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген АҚШ психиатрі - Лео Каннер. Психиатр Л.Каннер бойынша ерте жастан балалық шақтағы аутизм синдромы(Каннер синдромы) келесі көрсеткішті біріктіреді: аутистикалық уайымдар, стеротипі, үйреншікті, бір қалыпты мінез-құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер. Л.Каннер аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы деп тапқан және келесі көрсеткіштерін ажыратқан: жалғыздықты жақсы көру, ешқашан адамға тіке қарамау, мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жестарының болмауы, бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы бәрі біркелкі болып өзгермеуі, эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау, біркелкі қимылдарды қайталай береуі.Кейде аутист бала туған кезде ерекше болады: солғын, тамақ сұрап мазаламайды, жөргек суланса және бір жері ауырса да дыбыс шығармайды, үндемейді, өскен кезде ештеңеге қызықпайды, кейбір сөздерді немесе сөйлемдерді қағып алып, түсінбей қайталай береді. Жақын адамдармен, анасымен байланысы симбиотикалық, сондықтан жақын адамдарды түсіну, аяу, көну деген ұғым жоқ.Қазақстан Республикасында психикалық ауруға шалдыққан балалардың саны күн өткен сайын артып келеді. Бала аутизімі деп аталатын осы дерттің салдарынан жүздеген емес, мыңдаған бүлдіршіннің тағдыры қыл үстінде тұр. Бұлай деуімнің себебі, елімізде бұл қатерлі кеселді емдейтін психиатрлар тапшы. Кейбір дәрігерлер оны қатерлі ауру ретінде қарастырмай, жай ғана психологиялық дерттің түріне жатқызады, сөйтіп, психикалық ауруларға тек кеңес берумен шектеледі. Мұның соңы балалардың өсе келе әлеуметтік ортаға бейімделуін қиындатады, айналадағы адамдардың өзіне деген түсінбеушілігін тудырады.
1.Ерте жастағы аутизм балалардың ерекшеліктері

Әрбір ата - ана баласы өмірге келгеннен соң,оның денсаулығы мықты болғаның қалайды. Ата - анасы баланың жасаған әрбір қимылына, сөйлеген сөзіне қуанады. Әр бала қоршаған ортаның қамқорлығын қажет етеді. Бірақ кейбір балалар қоршаған ортадан алшақ, өз әлемінде өмір сүреді. Оларды еш нәрсе қызықтырмайды. Осындай балалар қарым - қатынас жасауда, қоршаған ортаға бейімделуде, ата-анасымен сөйлесуде қиындықтарға кездеседі. Бұндай белгілері арқылы балада аутизмнің кейбір белгілерін байқауға болады. Әлемдегі барлық отбасылардың ішіндегі аутизмі бар баланы тәрбиелеуші отбасы, басқа ауытқуы бар бала тәрбиелеп отырған отбасына қарағанда көп зардап шегеді. Бұнын себебі:
- аутизмі бар балаларға қандай да бір көмек жүйесінің болмауы;
- аутист баланың отбасы тіпті жақындарының да адамгершілік қолдауынан айырылғаны;
- балаға деген аса тәуелділігі үшін анасының уақыты мен бостандығының шамадан тыс шектеулілігі;
- бала жағдайының барлық ауырлығын кенеттен ұғыну; т.с.с.
Аутизм - (гр. Autos - өзім) - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл - күйі.Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық қажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айырықша түрін белгілеу үшін еңгізген. Аутизм - бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым - қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психихалық ауыруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін. Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген американдық психиатр Лео Каннер. Лео Каннер бойынша, ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді:
- аутистикалық күйзелістер;
- стериотипі үйреншікті;
- бір қалыпты мінез - құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер.
Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен аурған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқымқуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге, мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі.
Тұқымқуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар,т.б. барлығы да жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар.Кейде аутист бала туған кезде ерекше болады: солғын, тамақ сұрап мазалайды, жөргек суланса және бір жері ауырса сезбейді, өскен кезде ештенеге қызықпайды, кейбір сөйлемдерді қағып алып, түсінбей қайталай береді. Біреуден ұнаған затты көрсе, оны алмай тынышталмайтын да аутист балалар болады.Жақын адамдарын алыстан танып, алдынан қуанып қарсы алады.Аутист бала - ерекше, тәртіпсіз сияқты әсер береді, бірақ диагнозды ерте қойып, ерте емдесе баланы жазып алуға болады. Аутист бала ешкіммен араласпайды, тұйық болады, бірақ кейбіреуі оны құшақтағанды және өзі ұнататын адамды искеуді және құшақтағанды ұнатады. Бала өскен сайын сөйлеу мен зият (интелектісі) дамуы төмендейді. Аутист балалардың назарын адамға, басқа нысанға аудару және бір нәрсе үйрету қиын. Ауыру бала өзіне айтқан сөздерге мән бермейді, сұрақтарға және өзіне айтқан сөздерге мән бермейді. Бірақ барлық бала ондай емес, кейбіруі атын атап шақырғанға көңіл аударады.Аутист балаларды 4 топқа бөлуге болады:
1.Аурудың ауыр көрінісімен сипатталатын топтағы балалар безушілік, ортадан оқшаулану, ешнәрсеге көңіл аудармаумен ерекшеленеді, көп уақытта түңіледі. Мұндай балалар сөйлемейді, адамдарға, адамның көзіне және бірнәрсеге көзін тікпейді, күлмейді, жыламайды. Атын айтып шақырғанда үндемей, дыбыс шығармай, ешқандай көңіл бөлмейді. Олар бір жері ауырып жарақаттанғанды, қарындары ашып, тоңғанды сезбейді. Үй ішінде бағытсыз ары - бері жүреді, жиһаздардың үстіне шығады, терезенің алдында тиіспесең бірнеше сағат бойы отыра береді. Үлкен адам мұндай баланың назарын аударайын деп тырысқан жағдайда, бала айқайлайды, жылайды, төбелеседі, түкіреді, тырнайды, қарсылық көрсетеді.
2.Бұл топтың балалары адамның көзіне тіке қарамайды, басқа нәрселерге де көзін тіке қадап, бағытты түрде қарай алмайды, бірақ нәрселердің өздері, өздерінің түрлері мен дыбысы мен сыртқы пішінімен балалардың назарын өздеріне аудартқызады. Мысалы: кілем немесе алаша біткенше жүре береді. Бұл балалардың бір қалыптылығы: сағаттар бойы терезеде отырып бір бағытқа қарап отыра береді. Ал бір нәрсе керек болса, олар үлкен адамды ертіп апарып, керекті нәрсеге қолын салады.
3.Балалар аздап белсенді, олар қоршаған ортадан толық безбеген. Бет - әлпетінде қорқынышы бар, қимылдары еркін емес, сөздері түсініксіз,бір сөзді қайталап береді, күрмелеп сөйлейді, олар кей кездері отырып - отырып аяқасты жүгіріп кетеді, өзін - өзі жарақаттайды. Бұл топтағы балалар өте дауласқыш, еш өкінбейді, бәрін керсінше жасайды. Бала өзіне ұрысқанды қалайды, тек өзі сөйлейді, ешкімді тыңдамайды, сөйлеткізбейді. Сөйлегені өте жылдам, дыбысы қатты. Сөзі - монолог түрінде. Кейде ересек адам сияқты, күрделі сөздермен сөйлейді, бірақ мағынасын түсінбейді. Сөз қоры жақсы, бірақ та диалог құрастыра алмайды.
4.Бұл балаларда аутизмнің жеңіл түрі. Балалардың мимикасы шектеулі, алаңдаушы болып келеді, сондықтан сөздері жай, бірақ тұрақсыз. Олар ұялшақ, жасқаншақ болып келеді. Олар өтірік айтуды, алдауды білмейді.

2.Ерте жастағы аутизм балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі
Аутист балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі өткен ғасырдың 60 жылдарында алғаш рет АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде қалыптасуын бастаған. Еуропада ең бірінші аутист балаларға арналған мектеп Данияда 1920 жылы ашылған. Кейін кейбір жеке меншік мекемелер аутист балаларға көмек көрсеткен, бірақ ол кезде, нақты оқыту мен түзеудің әдістемелік, ғылыми негіздемесі болмаған.Тек әлемде емес, бұл ауру түрінің бүгінгі таңда Қазақстанда да меңдеп бара жатқаны байқалады. Қа - зақ - станда мұндай дертке қанша баланың тап болғанын нақты басып айту қиын. Себебі елімізде аутизм - ге шалдыққандарды анықтау жұ - мыс - тары дұрыс қолға алынбаған. Бұл мәселемен көбіне психолгиялық-медициналық-педагогика лық консультациялар(ПМПК) мамандары, ПМПК жанындағы түзеу диагностикалық топтар(ТДТ) мамандары, аудан орталықтарындағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері(ППТК) мамандары айналысуда.Негі - зі - нен, аутист балаға үш жасқа дейін ем қолданса, оны аталған дерттен құлан таза айық - тыру - ға болады. Ал дер кезінде шара қабылдамаса, бала өсе келе қоғамға бейімделе алмайды. Бастапқыда ата-ана баланың мінез-құлқын түсінбейді. Аутист бала да өзінің айналасында не болып жатқанын ұқпайды. Ол үнемі басқа әлемде жүргендей мінез танытады. Мұндай балалардың барлығына нақты көмектер керек.Аутизмге шалдыққан балалардың мінезі басқа қатарластарына қарағанда өзгеше болады. Олар қоғамға араласқы - сы келмейді емес, дұрыс араласа алмайды. Оның себебі, орталық жүйке жүйесі бұзылған. Мұндай дертке шалдық - қан балаларды тәрбиесі қиын бала - ларға жатқызуға болады. Мұндай ауру - ды емдеуге болады. Тек мемлекеттің толық, жан жақты қол - дауы және ата аналардың келісімі қажет.Ақтөбе облыстық ПМПК статистика есебі бойынша 2003 жылы бала аутизмі бар балалар саны 3 бала болған, 2012 жылғы есеп бойынша 33 бала. Бұл тек ата-аналардың балаларын ПМПК қаратқандары ғана, оның ішінде психоневрологиялық диспансерде есепте тұратындары, бала психиатрының бақылауында ем алып жатқандары жоқ деседе болады, себебі ата-аналар балаларын психиатр дәрігеріне уақытында қаратпайды, тіпті бас тартады. Балаларын ПМПК қаратпай жүрген ата-аналар қаншама, балабақшаға немесе мектепке барар кезде ғана ата-аналар амалсыздан ПМПК тексеріске әкеледі, бірақ, психиатрға апарып емдетуге асықпайды. Ауылдық жердегі бала аутизімі бар балалардың ата-аналар түгіл, отбасылық дәрігерлердің, бала дәрігерлерінің бұл дерт туралы қаншалықты білетіні беймәлім.Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы № 343 Заңын іске асыруда дамуында ауытқушылығы бар балалардың диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, оқу-тәрбие үрдісін жан-жақты қарастырудың қажеттігі маңызды. Осыған орай мүмкіндігі шектеулі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамыту
Ерте бала аутизмі бар балаларды тәрбиелеудің теориялық негіздері
Аутист баланың психологиялық дамуының ерекшеліктері
Аутизм дертіне шалдыққан балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзету
Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
Аутизм мәселесінің тарихы
Мектеп жасына дейінгі аутистік спектрінің бұзылысы бар балаларды педагогикалық қолдау үдерісі
Аутизм ұғымы
Аутист баланың психикалық дамуының ерекшеліктері
Қарым - қатынастың сапалы бұзылыстары
Пәндер