Желілік интернет дүкен
Баишев университетінің студенті
Байниязов Әділхан Іхмұханұлы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Спорттық киімдер дүкенінің жұмысын автоматтандыру үшін бағдарлама құру
Мамандығы 5В070300 - Ақпараттық жүйелер
2019-2020 оқу жылы
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік факультеті
Ақпараттық технологиялар, математика және физика кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Спорт дүкенінің тауар айналымының автоматтандырылған жүйесін құру
Беттер саны 85
Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны 17
Қосымшалар 28
Орындаған Ташбаева Назерке Омарбекқызы
2018 ж. ____ _______________ қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісінің м.а.,а-ш.ғ.к., асс.профессор
_______________
Серікбаев Ә.У..
Жетекші:
аға оқытушы
_______________
Чингенжинова Ж.С.
Арнайы тараулар кеңесшілері:
Экономикалық бөлім
т.ғ.к., профессор
_______________
Қарымсақова Г.
Өміртіршілік қауіпсіздігі
_______________
Сапарбаев С.
Норма бақылау
ф-м.ғ.к., доцент
_______________
Киргизбаева Б.Ж.
Сарапшы
_______________
_______________
Алматы 2018 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
9
1.1 Қойылған мәселенің қазіргі жағдайы
11
1.2 Ақпараттық жүйені жасау қажеттілігін негіздеу
11
1.3 Автоматтандырылған ақпарат жүйелерінің классификациясы
14
1.4 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді енгізудің әсерлері және проблемалары
15
1.5 Мәліметтер қорын ұйымдастыру
19
1.6 Есептің қойылымы
22
2 Программалық қамтамасын таңдау
23
2.1 Borland Delphі ортасының интерфейсі
23
2.2 Динамо спорт дүкенінің автоматтандырылған жүйесінің проектісін құрудағы визуалды компоненттер
33
2.3 Borland Delphi ортасында автоматтандыру жүйесін жасау
35
2.4 Деректер қорында сұраныс және есеп құру
43
2.5 Borland Delphi-де кестелерді байланыстыру әдістері
46
2.6 Деректер қоры объекттері және компоненттері
52
3 Программаның баяндалуы
60
3.1 Жалпы мағлұматтар
61
3.2 Функционалдық тағайындар
61
3.3 Логикалық құрылымның баяндалуы
61
3.4 Шақыру және жүктеу
64
3.5 Қажетті техникалық жабдықтар
64
3.6 Кіріс мәліметтер
64
3.7 Шығыс мәліметтер
64
3.8 Қолданушыға нұсқаулық
64
ҚОРЫТЫНДЫ
69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
70
ҚОСЫМША
71
КІРІСПЕ
Соңғы жылдарда Интернет жылдам түрде дамып, адамдардың өзара хабарласудың жаңа әдістері пайда болды. Бұл дамудың ең алдында World Wide Web тұр. Күнделікті осы жаңа коммуникациялық аяда мыңдаған жаңа сайттар ашылады, ал қолданушыларға жаңа қызмет түрлері ұсынылып жатады. Нарықтың кеңінен дамуымен қатар, оларды игерген жаңа технологиялар мен өндірушілерге деген үлкен сұраныс пайда болды.
Қазіргі таңда интернет-технология ақпаратты жіберудің және компьютерлік өңдеудің ең дамыған, алдыңғы қатарлы салалардың бірі болып табылады. Интернет қашықтан оқуға, интернет-дүкенге, интернет-банкингке және тағы да басқа әртүрлі ресурстарға қатынас жасауға мүмкіндік береді. Бұл қосымшалар қолданушылардың интерактивті өзара қарым-қатынастарын қамтамасыз ететін тораптық компьютерлік технологияларға негізделеді. Интернет-қосымшаларды құруды және оны жүзеге асыру принциптерін білу ақпараттық технологиялар саласындағы мамандардың ең маңызды кәсіби дағдылары болып табылады.
Қазіргі таңда өзінің Интернет-өкілі жоқ бірде-бір фирманы немесе ұйымды кездестіру мүмкін емес. Бүгінде сайт бизнестің кіріспе атрибуты ретінде қажет, мысалға, фирмалық бланк, буклет немесе визитка сияқты. Өндірісте берік позицияға ие болған және тұрақты табысы бар ірі компаниялар корпоративті сайттармен танымал. Web-сайттарда осы компания жайлы, оның ұсынатын тауарлары мен қызметтері, прайс - парақтары және мекен - жайлары туралы ақпараттармен танысуға болады.
Сонымен қатар сайттар арқылы кез келген уақытта жаңартылатын ақпараттарды біліп отыруға болады. Web-сайттың көптеген жетістіктері бар. Біріншіден, сайт компанияға желі арқылы жаңа клиенттер мен серіктестер табуға мүмкіндік береді. Екіншіден, көптеген жарнамаларға кететін шығындар мен уақытты үнемдейді, сонымен қатар осы сайт арқылы компания өзінің өнімі туралы қолданушыларға толық ақпарат береді. Үшіншіден, компанияда клиенттермен жұмыс істеуде сапалық сервисі қамтамасыз етіледі. Мысалға, офистерге қарағанда, сайтқа кез келген уақытта кіріп, толық ақпарат алуға болады. Сонымен қатар сайттағы прайс - парағы мен логотиптер көрнектірек болады.
Интернеттегі ресурстар санының көптігін ескере отырып, қазіргі кездегі Web-қосымшалар тораптық мәліметтер базаларының басқару жүйелерін (МББЖ) қолданады. Мұндай МББЖ-ды қолдану сұраныстарды тез, әрі тиімді өңдеуге және мәліметтерді сақтауға мүмкіндік береді.
Бұл дипломдық жұмыста компьютер және оның қосалқы бөлшектерімен online режімде танысуға, оларды таңдауға және сатып алуға тапсырыс беруге мүмкіндік беретін Web-қосымша құрылған. Қосымшаны құру барысында PHP (Personal Home Page) технологиясы және мәліметтер базасының MySQL сервері қолданылған.
1 ИНТЕРНЕТ ДҮКЕНІН ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
0.1 Желілік интернет дүкен
Интернет желісі арқылы тауарларды сатып алу қазіргі таңда кең қолданысқа ие болып отыр. Интернет дүкені арқылы үйреншікті сатып алу процесіне деген көзқарасты, экономикаға қомақты әсерін тигізе алады. Электронды коммерцияның дамуының маңызын Интернет желісінің ары қарай дамуымен тығыз байланыстырады, яғни бұл интернет дүкен желі үшін оның дамуына қаражат әкеле алатын қозғалтқыш күш болып табылады.
Интернет дүкен бұл - тауарларды немесе қызмет қөрсетулерді дүние жүзі бойынша барлық желі қолданушыларына сататын және жарнамалайтын Интернеттегі орын.
Интернет дүкен бұл - Интернет желсінде бизнесті жүзеге асыру мақсатында екі материалды емес материяның үйлесімі: компьютерлік ақпарат және олардың электронды орналасуы.
Компьютерлі ақпарат жағынан: ақырғы соңда сіздің дүкенінізге айналатынның барлығы (яғни экранда пайда болатын компания логотипі, фирма жайындағы ақпарат, өнім каталогы және т.б.) сіздің немесе фирманың иелігіндегі компьютерде туындайды, ол арқылы сіз Интернет желісіне қосыласыз, және де барлық ақпарат сонда сақталады.
Электронды орналасуы жағынан: дүкен жазылған компьютер интернеттің бір бөлігі, сондақтан ол оған кіріп шыққысы келген немесе ақпаратпен танысқысы келген желінің кез-келген қолданушысы үшін ашық.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық технологиялардағы төңкеріс бизнесті жүргізу жайындағы барлық дәстүрлі көзқарастарды өзгертуде. Электронды коммерция әдеттегі бәсекелестіктегі мүмкіндіктерді теңестіреді, яғни үлкен және кішігірім компанияларға бір деңгейдегі сапа, баға және өнім түрлерінен сайысқа түсуге мүмкіндік береді. Жергілікті газетте жарнама беру бағасымен теңдей бола отырып, ол сауда ұжымдарына дүниежүзлік нарыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл кішігірім компаниялар үшін кейде жалғыз мүмкіндік.
Тауарлар мен қызмет көрсетулердің алға жүруі жағынан немесе потенциалды сатып алушыларды хабарландыру жағынан (бұл жағдайда, Интернет желісінің қолданушылары) интернет дүкендер де сол баяғы функцияларды атқарады, мысалға:
oo брошюралар мен листовкалар;
oo каталогтар;
oo газеттер мен журналдардағы хабарландырулар;
oo радио және телевизиядағы роликтер;
oo плакаттар және жарнамалық тумбалар.
Алайда интернет дүкеннің оларға қарағандағы ерекшелігі, оған деген сұраныс жоғалғаннан кейін өзі де қоса жоғалып кетпейді (мысалға, газет бетіндегі жарнама). Ол еш нәрсеге тәуелсіз жұмыс істей береді, яғни өз қызметтерін сіздің қалауыныздың шегіне дейін ұсынып, сіздің уақытыңызды шектемейді.
Сонымен қатар сатып алушылармен байланысты қамтамасыз ететін түрлі интерактивты байланыс құрылғылары бар, олар мультимедияға негізделген және де тапсырыстарды өңдеуде де колданылуы мүмкін.
Интернет дүкенді құру ақпарат пен жарнаманы жаюға негізделген болатын болса, онда Интернеттегі бизнесті элктронды пошта, таратулар тізімі мен телеконференциялар арқылы жүзеге асыруға болады, олар да сол мақсаттарға құрылған емес пе? Бірақ мұндай байланыс формалары өте тартымды болғандықтан, жарнама тарату мақсатында қолданылған кездерінде қолданушылардың бұрыс реакциясын туғызады. Мультимедиялық мүмкіндіктері бір жағынан дүкендердің түрлі-түсті витриналарына жақын. WWW жүйесі, Интернеттегі жарнама мен коммерция үшін артығырақ.
Интернет дүкендер басқарушылар үшін жаңа, қолданыстағы жарнама түрлерінен асып түсетін мүмкіндіктерді береді, оның қызмет алаңы мен аудиториясы күннен күнге кеңеюде.
1.1.1 Жеке интернет дүкен артықшылықтары
Бүгінгі күнде әрбір фирманың, оның өз өнімдерін бүкіл әлемге ұсынуға мүмкіндік беретін жеке интернет дүкені болуы мүмкін. Өйткені олар кез-келген мезгілде осындай дүкенге кіріп, сол мезгілде өздерінің тапсырысын беру мүмкіндігіне ие. Артықшылығы айқындай анық - уақыт үнемділігі. Тапсырыс берушіге сатушыға жолуғудың қажеті жоқ, сатушының өзі потенциалды сатып алушыларға өз ұсыныстарымен келеді.
Интернет дүкенде сатып алу және сату операцияларын қай жерден немесе қай уақытта болмасын жүзеге асыруға болады. Ол үшін тек компьютер және желімен байланысты қамтамасыз ететін кез-келген құрылғы қажет.
Сонымен қатар мұндай дүкен ешқашан жабылмайды. Сатып алушылар оған жылдың әр мезгілі мен тәуліктің кез-келген мезетінде кіре алады. Осылайша интернет дүкендегі өнімге қол жеткізе алатын адамдар саны көбейеді, өйткені олар өнімді өздеріне ыңғайлы уақытта, сүйікті орнынан қозғалмастан сатып ала алады.
Неліктен өз интернет дүкенді құрып, өнім немесе қызметтерді интернет арқылы сату және ұсыну мүмкіндігімен қолданбасқа? Осыны жүзеге асыру қиынға соқпас - интернет дүкенді құр да, сата бер.
Интернет дүкеннің қарапайым дүкенмен салыстырғанда артықшылықтары аз емес. Олар:
oo сатулар көлемін ұлғайту: қосалқы сату мекенін құрса, сатылатын тауарлар немесе қызметтер көлемі ұлғаяды;
oo өткізу рыногін кеңейту: қазіргі күнде интернет желісінде 50 миллионнан астам адам қолдануда, олардың көбі сіздердің компанияларыңызбен, өнімініңізбен және қызметтеріңізбен танысатын болады;
oo өңдіріс шығындарын азайту: ұсыныс пен тауарларды және қызметтерді сатуға кететін шығындар интернет дүкен арқылы сатылғанда азырақ, сондықтан өндірістік шығындар азаяды;
oo бәсекелестеріңізден озу: потенциалды сатып алушыларға тауар жайындағы ақпаратты жеткізу процессі бірнеше секундты ғана алғандықтан, сіздің бірінші болу мүмкіндігіңіз артады;
oo басқа мемлекеттермен сауда-саттық жүргізу мүмкіндігі: сіз өз өніміңізді кез-келген мемлекетте, онда қарапайым дүкен орталығын ашпай-ақ сата аласыз;
oo жер бетінің кез-келген бір нүктесінде сату мүмкіндігіне ие боласыздар: өйткені сіздің дүкеніңіз электронды және барлық келесімдер онлайн режимінде орындалады;
oo күн немесе түн болғанына қарамастан, тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, жылына 365 күн жұмыс істей аласыз, сіздің интернет дүкеніңіз, яғни сіздің бизнесіңіз сіз дем алғанда, ұйықтағанда немесе басқа да істермен айналысқанда жұмыс істей береді;
oo сіз бір-бірімен байланыссыз бірнеше жобаға ие бола аласыз: үйреншкті бізнес шарттарына сәйкес бір мезгілде бір-бірімен байланыссыз бірнеше жобамен айналысу мүмкін емес, мысалға қаражаттық инвестициялар мен комикстерді сату. Ал Интернетте қанша дүкен керек болса, солардың барлығын ашуға болады, және олардың әр қайсысы өз міндетін атқаратын болады;
oo копрорация-алыптарымен бәсекеге түсіп, онда жетістіктерге жетуге болады: өйткені барлық интернет дүкендер бір принцип негізінде құрылады (компьютерлік графика, текст және т.б. көмегімен), кішігірім компания немесе жеке кәсіпкер фирма-алыптардың дүкендерінен кем түспейтін дүкенді құрулары мүмкін;
oo өзіңіздің ой идеяныз дұрыс немесе бұрыс екендігін едәуір қаражаттың көмегінсіз тексеру мүмкіндігі: яғни сізге офисті жалға алу, құрал-жабдықтарды сатып алу, жарнама және жұмысшылардың жалақысы сияқты шығындарға мыңдаған долларлық қаражат қажет емес. Интернет дүкенді құру - бұл өз жобаңыздың тиімділігін тексере алатын арзан және тиімді әдіс;
oo бұқарамен байланыстарыңызды тығыздату және компаниядағы ішкі қарым-қатынасты жақсарту: дүкен әрдайым бұқара үшін ашық, сондықтан онда соңғы пресс-релиздерді көрсетуге, жаңа өнімдердің әзірленуі жайында ақпарат беру, сұрастыруларды және тағы басқаларды өткізу сіздің фирмаңызға танымалдылық әкеліп, оның сол саладағы орнын жақсарта түседі;
oo сатып алушыларға деген қызмет деңгейін жоғарлату: егер үйреншікті дүкендер белгілі бір тәулік мезгілінде жабық болатын болса, интернет дүкендерді демалыс уақытында да ашық қалдыруға болады, онда сатып алушылар әрдайым өздеріне қажетті ақпаратты таба алады;
oo барлық жұмыс персоналы үшін бір тек мәліметтер банкін қамтамасыз етеді: офистерде болмаған жұмыскерлер үшін (олар семинарда немесе клиенттермен кездесуде болулары мүмкін), электронды дүкен ақпаратқа қол жеткізудің қолайлы құралы болады, офис жабық болған жағдайда да;
oo бүгінгі таңда әрбір адам және әрбір мекеме өзінің қоғамдық статусы жайлы, Интернет адресінің болуы және интернет дүкені болуы жайында ойлануда, ол яғни әсіресе бизнес жайында заманға сай жүруін білдіреді.
Негізгі түсініктер
Электронды бизнес дегенде Интернеттегі барлық жұмыстық қарам-қатынастарды айтады. Яғни, сауда-саттық, жеткізу, өнімді тарату жайындағы келісім, факторинг, лизинг, жобалау, консалтинг, инжиниринг, инвестициялық келісімдер, сақтандыру, эксплуатация және концессия жайындағы келісімдер, сонымен қатар банк қызметтері, ортақ қызмет ету және де басқа да өндірістік және іскерлік ынтымақтастықтар.
Электронды бизнес субьектілерінің қарым-қатынасы электронды байланыс және ақпаратты өңдеу құралдары арқылы жүзеге асады, олардың негізін корпоративті желілердің және Интернет желісінің ақппаратты-программалық қамтамасызы құрайды.
Көбінесе электроннды бизнес терминин электронды коммерции (E-коммерции) түсінігімен теңдестіреді. Электронды коммерцияға электронды бизнестің Интернет арқылы сауда-саттықпен байланысты түрлерін ғана жатқызған жөн. Электронды коммерцияға сәйкес болар түсінік бұл -Электронды сауда-саттық. Электронды сауда-саттық бұйымы ретінде тек өнімдер ғана емес, қызметтер де түсініледі, соңғысының құрамына ақпараттық қызмет көрсетулер жатады.
Жалпы жағдайда электронды коммерция жүйесі ретінде белгілі бір Интернет-технологияны түсініледі, ол жүйе қатысушыларына келесідей мүмкіндіктерді береді:
oo түрлі категориялардағы өнім мен қызметтерді өндіруші және жеткізушілерге Интернетте өздерінің өнімдері мен қызметтерін қоюға, сонымен қатар клиенттерден тапсырыстарды қабылдау және өңдеуге мүмкіндік береді;
oo сатып алушыларға (клиенттерге) - стандартты браузерлер арқылы қажетті және ұсынылған тауарлар мен қызметтер жайында ақпаратты қарастыруға (каталогтар, прайс-беттер), тапсырыстарды рәсімдеуге (өтінім, сұраныс) және тапсырыс берілген тауарларға (қызметтерге) қол жеткізуге мүмкіндік береді;
oo өндірушілер мен жеткізушілерге - төлемдерді қабыл алуға, ал сатып алушыларға - кейбір төлем жүйесін қолдана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға; бұл жағдайда жүйенің бір қатысушысы ретінде банк болады.
Жүзеге асырылған электронды коммерция жүйелерінде негізінен электронды коммерцияның екі схемасы қолданылады.
А схемасы: бизнес-пайдаланушы (business-to-customer, b2c). Бұл схема сатушы мен сатып алушы арасындағы қарым-қатынасты суреттегенімен қатар, басқа да бір-бірімен байланысты организациялар арасындағы байланыстарды сипаттайды (жеткізуші-өндіруші, дилер-дистрибьютор). Бұл схеманың негізгі варианты -- сатушы-сатып алушы -- каталогтармен сату және үйге жеткізу арқылы сауда-саттықтың пайда болуынан бері өзгерген емес.
Б схемасы: бизнес-бизнес (business-to-business, b2b). Бұл схема ортақ бизнеске қатысатын екі организация арасындағы қарым-қатынасты сипаттайды.
Интернет дүкен -- бұл қосалқы жүйе, ол электронды коммерция жүйесінің технологиясы негізінде құрылған. Әдеттегі дүкен сияқты интернет дүкен келесі функцияларды атқарады: сатып алушыға тауар (қызметтер) беру, тапсырыстарды өңдеу, тауарларды сату және жеткізу.
Интернет дүкеннің әдеттегі дүкеннен негізгі ерекшелігі мүмкін болар жағдайлардың барлығында Интерентті қолдану.
Электронды коммерции провайдері деп Интернетте төлемдерді орындау қызметтерін жүзеге асыруға көмектесетін организацияны айтады, ол электронды коммерция организациясы үшін басқа да қызметтерді атқаруы мүмкін.
Интернеттегі негізгі төлем құралдары болып несиелік карточкалар мен электронды салт ақша саналады. Электронды коммерцияның провайдерлері ролінде банк құрылымдарымен және Интернет-провайдерлерімен тығыз байланысты фирмалар болады. Қазақстанда электронды коммерция провайдерлерінің саны әлі аз.
Электронды коммерцияның провайдерлерінің жуықталған жұмыс істеу схемасы келесідей болады. Интернет дүкен сатып алушыдан тапсырысты қабылдап, сатып алушыны электронды коммерцияның провайдері серверні қайта адрестейді. Соңғысы қорғалған протокол арқылы сатып алушының несиелік картасының мәліметтерін біледі де, белгілі бір банкпен байланыса отырып оны верификациялайды, ақшаны алып оны дүкен шотына жібереді. Мұның барлығы сатып алушы үшін ешқандай қиындыққа соқпайды, одан тек төлем ақы суммасынан процент алынады (5-10%).
1.1.2 Интернет дүкен түрлері
Онлайн режимінде жұмыс істейтін интернет дүкендердің функционалды мүмкіндіктеріне байланысты, оларды келесі үш категорияның біріне жатқызуға болады:
oo интернет-витрина;
oo сауда-саттық автомат;
oo автоматталған дүкен.
Интернет дүкеннің Интернет-витрины түрінде болған жағдайында бұл қарапайым web-сайттың логикалық түрде кеңейтілген түрі, онда тауарлар жайында барлық ақпарат орналастырылып, қажетінде жаңартылып тұрады. Негізінде Интернет-витрина тек жарнамалық функцияны орындайды. Мұндай интернет дүкенге кіргеннен кейін қолданушы қарапайым циклдан өтуі қажет: компанияға телефон шалу немесе оған кіріп шығу, төлеу және жеткізу.
Сатып алушының тауарды сатып алуға дайын болғаны мен нақты сатып алу арасында бірталай уақыт өтеді. Интернет-витринаны құру және оны басқаруға кететін шығындар көлемі едәуір аз. Мұндай категориядағы интернет дүкен өзін тек бір жағдайда ғана ақтайды, егер ондағы өнімді зерттеу қарапайым дүкен шегінде өте көп уақытты қажет ететін болса.
Сауда-саттық автоматтың Интернет-витринадан айырмашылығы -онда нақты сауда жүзеге асырылады. Сауда операцияларын жүргізу жүйесі қандайда бір әдіспен организацияның бизнес-процесімен интеграцияланған. Жасалған тапсырыстар бойынша берілген ақпарат бірнеше өніммен өңделуі мүмкін: автоматталған түрде, немесе менеджердің көмегі арқылы. Мұндай интернет дүкен сатып алушылар саны шектелнген пилоттық және тестілік жобалар үшін қолайлы.
Автоматталған дүкен жалпы жағдайда автоматты түрде тапсырысты қабылдайды, счет жазып береді, төлемді қабыл алады, сонымен қатар тауарды сатып алушыға жеткізу туралы тапсырысты құрастырады. Сауда операцияларының бизнес-процестермен интеграция деңгейі жоғары. Менеджер тек жүйенің жұмысына деген жалпы бақылауды жүргізеді. Мұндай түрдегі интернет дүкендер жетерліктей күрделі болуда, және оларды құру үшін қомақты қаржы қажет, алайда олар сатулар көлемін әсерлі түрде жоғарлатады.
1.1.3 Электронды коммерцияның даму болашағы
Қолданушының таңдау мүмкіндігі теориясы мен альтернативті шығындар конценциясына сүйенер болсақ, онда Қазақстандағы Интернет компаниялары жақын арада Интернет коммерцияның жылдам өсуіне сенім арту дұрыс болмас.
Электронды сауданың қызметтеріне деген төлеу қабілетіне ие болған сұраныс деңгейі қазіргі кезде едәуір төмен. Сұраныс деңгейі өседі, егер Интернет-дүкендер үйреншікті дүкендерге қарағанда жетерлік жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсете алса - тиімді бағалар, қосалқы қызмет көрсетулер, тауарға төлеудің сенімді жүйесін, жылдам және аздан жеткізу жүйесін қамтамасыз етсе. Сатып алушыларды тартуда маркетингтік және жарнамалық шаралар үлкен роль атқарулары керек.
Электронды келісімнің арзан болуы жайындағы жалпы сенімділік әлі күнге дейін нақты жағдайда үлкен қателік болуда. Интернет-дүкендерде бағалар көп жағдайларды жоғыры, ал кей жағдайларда көп жоғары болады. Әрине, бағаға тауарды өз құны және оны жеткізуге деген шығындар кіреді. Бұл жадайда сатып алушының өз уақытын қаншаға бағалайтынына келіп тірелеміз. Әрбір адам өзі үшін келесі мәселені шешу керек: онлайн сатып алу үшін үстінен $5 төлеу ме, әлде оның орнына үйреншікті дүкенге барып 1-2 сағат уақытын қию ма. Осыған қоса келесі психологиялық факторда есте сақтаған жөн, тауардың өз бағасы мен келісімді орындауға кететін шығындар қатынасы. $100 тұратын тауар үшін қосымша $5 төлеген адамның осыған деген көзқарасы мен осымен салыстырғанда едәуір арзан тауарды сатып алған сатып алушының көзқарастары әртүрлі ($5_$10 шегінде). Көбіне сатып алушы бос уақыттың альтернативті бағасын есептей алмайды да, өз шығындарына сүйеніп, сол баяғы $5 үнемдедім деп ойлайды, алайды рационалды есептеулер нәтижелеріне сүйенер болсақ - қате шешім.
Өткені өзгерістерге қарамастан біздің мемлекетіміздің экономикасы жалпы алғанда ақша жағынан дифицитті кешуде. АҚШ-тың экономикасы уақыт бойынша дефицитті кешуде. Жағдай күннен күнге өзгеріп жатқанымен (біз де сол жолмен жүрудеміз), жетілген мемлекеттердегі секілді өз уақытымызды жоғары бағалау деңгейіне жету бізге әлдеқайдам. Біз өз уақытымызды қадірлей бастаған кезімізде, бізде ақша да пайда болады, ал Интернет-коммерция дамуға деген үлкен импульске ие болады.
Қазақстан халқының табыс деңгейі едәуір төмен, әсіресе переферияда. Интернет-коммерция нарыған тікелей интернет Желісінің қолдануылар санымен бағалауға болмайды. Сол қолданушылардың сапалы құрылымы өте маңызды. Нәтижеде 1.6-дан 2 млн қолданушыдан (түрлі санаулар бойынша) тек бірнеше мың адам үшін ғана онлайн-сауда жасамау үшін обьективті себеп жоқ. Ал бұл потенцилды сатып алушылардың санының өте аз екенін көрсетеді. Барлығын экономиямен жасап үйренген АҚШ немесе Германия тұрғындары үшін $5 соммасы онша да әсерлі емес. Қазақстандағы әрбір адам басына шаққандағы табыс деңгейі айына $60-дан артық емес. Желіні қолдануды өздеріне тек кедейлік деңгейінен асқан адамдар рұқсат ете алады, олардың әрқайсысы өз айлығының бірден он бөлігін өздеріне түсініксіз шығындарға жіберуі мүмкін емес. Қазақстан халқыны өмір сүру деңгейі өссе, Интернет-коммерция да өседі.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы жағдайдың сенімсіз екенін білдірмейді. Бұл Интернет-коммерцияға деген глобалды көзқарас. Электронды сауда үйреншікті саудаға қарағанда тиімді болатын тауарлар және қызмет көрсетулер нарыға бар және олар үшін жалпы пробемалардың маңыздылығы төмен. Мысалға ақпараттық мазмұнды сату (мұнда жеткізу уақыты өте маңызды), немесе салыстырмалы түрдегі қымбат тауарларды сату (олар жетерліктей қаражатқа ие адамдармен жасалады, мысалға автомобильдер немесе компьютерлер), немесе өте сирек кездесетін тауарларды сату, оларды табуға кеткен шығындар және оларды иелену маңызы (кітаптар, түрлі техникаға арналған қосалқылар). Кейбір тауарлар үшін бір мезгілде бірнеше сондай факторлар болады (тұрғын үйді сатып алу немесе жалға алу). Жалпы ережеге осындай бағынбаушылықтар көп, және де Интернет дүкенді құрушының негізгі мақсаты осыларды іздестіру және табу. Бұл кез келген нарықтың есебі.
Электронды коммерция облысында жұмыс істейтін көптеген компаниялар алдарына қойылған мақсаттарды орындап, нарықтық экономиканың агресивтілігіне сәтті түрде жауап беріп жатқаны практикада байқалуда.
Сонымен, электронды коммерция (және нақтылай алынған Интернет-коммерция) бизнестің барлық проблемасына қатысты емес.
Бұл шығындарды азайту және сатулар көлемін ұлғайтуға арналған жақсы инструмент. Бірақ бұл инструмент өзіне дұрыс көзқарасты қажет етеді. Және де өте перспективті, Қазақстан шарттарында да. Интернет-коммерция өз нарығын құруы мүмкін, онда Интернет-компаниялар өз шарттарын қоя бастайды.
1.2 Online режімінде дүкендердің жұмыс істеу принциптері
Интернеттің толық құқықты қолданушысы болып табылсаңыз, сіз үлкен көлемдегі ақпараттың қайнар көзіне кіруге рұқсат аласыз. Осыған қоса көптеген интернет қызметтерінің жемістерін де пайдалана аласыз. Ол қызметтердің барлығы да, ең алдымен, тұтынушылардың уақытын үнемдеуге арналған. Осындай қызметтердің бірі - қазіргі уақытта динамикалық дамып келе жатқан - интернет-дүкендер.
Интернет-дүкендердің соншалықты дамуы - интернет желісінің кең таралуы және қолжетерлік болуы. Үйден немесе кеңседен шықпай-ақ тауар сатып алу - ыңғайлы және қолайлы.
Интернет арқылы сауда жасаудың негізгі себептеріне келсек, глобальді желі Интернет көптеген келесідегідей мүмкіндіктер береді:
а) Глобальді қарастырсақ, күніне 50 миллионға жуық адам World Wide Web-ке кіреді. Жақын болашақта электронды пошта адресі әр адамда нақты телефон номері сияқты болады.
ә) Сіздің немесе кіші компанияңыздың электронды бетшесі немесе сайты болса, онда әрбір клиент сіз туралы барлық информацияны көре алады.
б) Жарнама жасау мүмкіндігі.
Сіз барлық информацияны енгізбей - ақ, тек компанияның телефонын немесе каталогын қойсаңыз да үлкен пайда әкеледі.
в) Әртүрлі жарнаманы көбейту.
Әрбір визит карточкісіне немесе журналдардағы жарнаманың соңына телефоннан және адрестен кейін электронды адрестің болуының пайдасы сөзсіз. Клиенттерге керекті мәліметтің барлығы интернетте берілген жағдай уақытты үнемдеудің тағы да бір жолы. Байланыс үшін электрондық хат алмасудың көмегі орасан зор.
г) Клиенттік сервис.
Клиент не қажет екенін әрқашан саулнама, дауыс беру және т.б. қызметтер арқылы біле алады.
ғ) Ашық ақпарат.
д) Халықаралық сауда жүйесін жасау.
Web сайт арқылы сіздің халықаралық сауда жасау мүмкіндігіңіз бар, яғни бір көшеде тұрған көрші дүкендер сияқты сауда жасай аласыз. Тағы бір мүмкіншілігі: сіздің офисіңіз қаншалықты алыс болғанмен, барлық ақпаратты сіз Интернет арқылы, яғни Web-сайт арқылы аласыз.
е) Жаңа продукция мен сервисті тестілеу саудасы.
Жаңа тауар мен сервисті жарнамалау өте қымбатқа түседі, әсіресе жұмысын жаңа бастап жатқан компаниялар үшін. Ал интернетте жаңа тауарды немесе сервисті жарнамалау әр бетті жаңартқан сайын, глобальді түрде болады. Интернет арқылы сіз тауардың өтімділігі туралы хабарды да лезде аласыз.
ж)Жоғары демографиялық нарыққа қол жеткізу.
з)Мамандандырылған нарыққа қол жеткізу;
Сіздің негізгі клиенттеріңіз сізді табуы өте тез болады.
и) Күніне 24 сағат, жетісіне 7 күн енуге болады.
к) сату көбейеді.
Компьютерлік фирмада жұмыс істеген кезімде менің алдымда мынадай тапсырмалар тұрды:
а) Локальді компьютерде орналасқан мәліметтер базасын WEB-серверге көшіру.
ә) Іске асыру технологиясын таңдау.
б) Интернет - дүкенге әрбір қолданушыға түсінікті де ыңғайлы интерфейс жасау.
в) Интернет - дүкен скрипттерін жазу үшін программалау тілін таңдау.
г) Интернет браузер арқылы магазинді қарастыру мүмкінідігн жасау.
Дербес компьютер біздің өмірімізге еніп, біздің достарымызға айнала бастады. Сіз офисіңізден шықпай ақ, тіпті үйіңізден де шықпай - ақ, мысалы, ауа райы өте жаман кезде Университетте оқи аласыз, дүкендерге кіріп, тауар сатып ала аласыз.
Менің ойымша дипломдық жұмыстың маңызы осыдан - ақ айқын көрінуде. Жұмыста көптеген жаңа технологиялар, мысалы, PHP, HTML және мәліметтер базасы жүйесі MySQL, және Web сервер Apache қолданылады.
Интернет - дүкен жасау мақсаты неде? Оған мынадай жауаптар бар:
а) Сату магазинін әрқашан халық көре алады.
ә) Бизнес жасау мүмкіндігі
б) Әрбір клиентпен сіз интерактивті түрде сөйлесе аласыз
в) Жаңалықтарды жаңартып отыру. Сөйтіп әрбір клиент магазиндегі өзгерістерді біліп отырады.
г) Басқа да себептер
1.3 Клиент-серверлік технологиялар
Клиент-серверлік технология көптен белгілі, алайды бұрын көп жағдайларда өндіріс масштабындағы үлкен желілерде қолданған. Бүгін, Internet дамуына байланысты, бұл технология программалық қамтамасызды жүзеге асырушылардың көп қызығушылығыны ие. Әлемде түрді тақырыптар бойынша өте көп ақпарат топталынған. Клиент-программасы қолданушы интерфейсі функциясын атқарады және Internet ақпараттық ресурстарының көбіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл мағынада ол клиент пен белгілі протоколдағы сервердің қарапайым байланыс шегінен шығады, мысалға telnet. Бір жағынан кеңінен тараған көзқарас: WWW-клиенттері болатын, Mosaic немесе Netscape, бұл тек Internet-тегі графикалық интерфейс - дұрыс. Алайда алдында айтылғандай WWW технологиясын базалық компоненттері (HTML, URL) Mosaic ресурстарына қол жеткізуде соңды ролді атқармайды, сондықтан мультипротоколды клиенттер Internet басқа ақпараттық технологияларына емес нақтылай World Wide Web қатысты болулары керек. Нақтылай алғанда клиент бұл HTML интерпретаторы. Сонымен типтік интерпритатор, клиент командаларына (разметка) байланысты түрлі функцияларды орындайды.
HTTP
Протокол
Сервер
Клиент
CGI
спецификациясы
Басқа да протоколдар:
FTP, Gopher, WAIS, SMTP,
NNTP және т.с.с.
GIF, JPEG, MPEG және т.с.с. форматты файлдарды қарауға арналған программалар
Қолданушының қолданбалы программаларын жіберу программалары
HTML құжаттары
HTML формалары
Қолданбалы программалар
МББЖ-нің интерфейс программалары
Басқа қорларға шлюз-программалар
1.1 - сурет. Клиент-сервер құрылымы
Бұл функцияларға тек қана экран бетінде тексті орналастыру ғана емес, сонымен қатар алынған HTML-текстін өңдеу барысында сервермен ақпарат алмасу кіреді, ол текстке графикалық образдарды кіргізгенде айқын байқалады. URL-спецификациясын анализдегенде немесе сервер бұйрықтары бойынша клиент HTML фоматынан бөлек фоматтағы құжаттармен жұмыс жасау үшін, мысалға GIF, JPEG, MPEG, Postscript қосалқы сыртқы бағдарламаларды іске қосады. Негізінен клиент арқылы бағдарламаларды іске қосу үшін, документ типіне тәуелсіз Luncher бағдарламасы құрастырылған болатын, алайда соңғы кездері MIME типтері арқылы іске қосылытын бағдарламалар жайында келісу механизмі кең тарады. WWW бағдарламалық комплексінің келесі бөлігін HTTP протоколындағы сервер, сервермен басқарылатын HTML форматындағы құжаттардың мәліметтер базасы және CGI спецификациясы стандартында құрылған программалық қамтамасыз құрайды. Соңғы күндерге дейін (Netscape пайда болғанға дейін), нақты жағдайда тек екі HTTP-сервері қолданылатын, CERN сервері және NCSA сервері. Бірақ қазір базалық серверлер саны кеңейді. Жаңа қанағаттандарушы MS-Windows сервері және Unix-платформалары үшін Apachie-сервер пайда болды. Басқалары да бар, бірақ соңғы екеуін қолданыста жеңілдігінен атап өткен жөн. Windows үшін сервер бұл - shareware, бірақ Netscape - те сияқты іштей құрылған самоликвидаторы жоқ. Біздің мемлекетімізде персоналды компьютерлердің таралуына орай, мұндай программалық қамтамасыз WWW не екендігін тануға мүмкіндік береді. Екінші сервер - бұл коммерциализация қаупіне жауап. Netscape бұрынғыдай өзінің Netsite серверін тегін таратпайды және де NCSA-сервер де коммерциялық негізде таралады деген сөздер айтылуда. Нәтижесінде Apachie құрастырылған болатын, ол құрастырушыларының айтулары бойынша freeware негізінде таратылатын болады және HTTP протоколына қосымшаларды жүзеге асыруда, ол рұқсатсыз қол жеткізу мүмкіндігінен қорғанумен байланысты, олар осы протоколды құрастырушылармен ұсынылған және де барлық коммерциялық серверлерде реализацяланады.
HTML құжаттарының мәліметтер базасы, бұл HTML форматындағы тексттік файлдардан және оларға қатысты графика мен басқа ресурстардан құралатын файлдық жүйе бөлігі. Экранды формалар элементтерін қамтитын құжаттарға назар аударған жөн. Бұл құжаттар нақтылай сырттай программалық қамтамасызға қол жеткізуді қамтамасыз етеді
Сервермен жұмыс жасайтын қосалқы программалық қамтамасызды программа-шлюздер және басқалар деп бөлуге болады. Шлюздер - бұл сервердің басқа протоколдардың серверлерімен қатынасын қамтамасыз ететін программа, мысалға ftp, немесе желіде үлестірілген Oracle серверлері. Басқа программалар - бұл серверден мәліметтерді қабылдайтын немесе қандайдабір жұмысты жүзеге асыратын программалар: ағымды күнді алу, графикалық ссылкалардың реализациясы, жергілікті мәліметтер базасына қол жеткізу немесе жай ғана есептеулер.
1.4 Есептің қойылымы
Дипломдық жұмыстың мақсаты компьютер және қосалқы бөлшектерді сатумен айналысатын интернет-дүкенді құру болып табылады. Қазіргі кезде Интернет-дүкен интернет желісінде ең тез дамып келе жатқан қызмет түрінің бірі. Құрылған Web-қосымша арқылы қолданушы базада бар тауарлармен және олардың бағаларымен танысып, қажетті тауарға on-line режімде тапсырыс беруге мүмкіндігі болу керек.
Дипломдық жұмыстың нәтижесінде келесі негізгі тапсырмалар орындалуы қажет:
oo web-қосымшаның құрылымын құру;
oo программалық қамтаманы таңдау;
oo тиімді және түсінікті қолданушылық интерфейсті құру;
oo тұтынушылардың сауалнамаларын қабылдау және өңдеу беттерін ұйымдастыру;
oo сайт бойынша іздеу жүйесін ұйымдастыру;
oo қажетті компьютер және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беруді ұйымдастыру;
oo сайтқа жаңалықтар енгізілетін жүйені ұйымдастыру.
Web-қосымшаны құру барысында РНР серверлік бағдарламалау тілі, РНР тіліне ендірілген HTML гипермәтіндік тілі, РНР тілі және MySQL деректер қоры қолданылады.
2 Компьютер және оның қосалқы бөлшектерін сатумен айналысатын интернет-дүкен құру
2.1 Программалау құралдарын таңдауды негіздеу
Ақпараттық-оқу порталын жобалау үшін келесі программалық құралдар қолданылды:
oo Apache 2.0.55
oo MySQL 5.0.24
oo PHP 5.0.4
Apache - әлемдегі танымал веб-серверлердің бірі, оның ерекшеліктері: баптаудың үлкен мүмкіндіктері, веб-сервер жұмысы үшін көп түрлі протоколдардың қолдауы, жоғары өнімділік, көптеген бағдарламалау тілдерімен және дерекқорлармен интеграциялану мүмкіндігі, ашық бастапқы код, түрлі операциялық жүйелермен (Windows, Unix, Linux) сәйкестігі.
Apache-дың тағы бір артықшылығы - оның көп тілге аударылған толық құжаттаманың болуы, және де баптау файлдарының салыстырмалы қарапайымдылығы.
Сонымен қатар оның жақсы масштабталушылығы мен кеңейтілімділігін, белгілі бір сервердің жұмысына лайық тек қажетті модульдердің бастапқы кодтарын жинақтау мүмкіндігін атап өткен жөн. Apache-дың аппараттық қамтамаға күй талғамайтындығы оның қазіргі компьютерлердің кез-келгеніне қосуға мүмкіндік ашады.
MySQL - бұл жылдам, сенімді және қолдануда жеңіл реляциялық деректер қорымен басқаратын жүйе. MySQL МББЖ GNU GPL лицензиясымен таратылатын бастапқы коды ашық программалық қамтама. Бірнеше жыл бойы MySQL өндірістік жағдайларда тиімді қолданады және қажетті тұрақтылық пен жұмыстың жоғары жылдамдығын қамтамасыз ете отыра, үлкен дерекқорлармен басқаруда қолданылады. Сонымен қатар, MySQL дамыған функционалдылық, қол жетерлік және қауіпсіздік сияқты қастиеттерге ие, және де осы қасиеттер Интернет арқылы дерекқорға қатынауды ұймдастыруға жақсы келеді. MySQL-дың танымалдығына тағы да оның әйгілі веб-программалау тілдерінде сәйкес модульдердің бар болуы үлес қосады.
MySQL клиенттердің мәліметтер серверіне қосылудың түрлі әдістерін қолдайды. Қосылу TCPIP сокеты арқылы кез-келген платформада мүмкін. Одан басқа, түрлі платформаларда арнайы қосылу әдістері болады: Windows операциялық жүйесінде бұл атаулы арналар (named pipe), Unix-ортада бұл сокеттер. ConnectorODBC және ConnectorJDBC интерфейстері MySQL-ге сәйкесінше ODBC және JDBC байланыстарын қолданатын клиенттік программаларды қолдайды.
Жобалаушылармен MySQL көптеген тілдерге аударылған. Сервер Unicod-ты қосқанда түрлі кодтық кестелерді қолдайды, қателер туралы хабрламаларды түрлі тілдерде жариялай алады, MySQL мәліметтер базасында ақпарат таңдалынған кодта сақталынады.
PHP - негізінен түрлі Интернет-қосымшалар саласында қолданылатын скрипттік программалау тілі. PHP құрылымының синтаксисі С++ программалау тілінің синтаксисіне ұқсайды. PHP - бұл Perl-дің орнына келген салыстырмалы жас тіл, ол негізінен веб-программалауға арналған, үйренуге күрделі емес, оның практикалық қолдануын кеңейтетін қосылатын түрлі модульдері бар. PHP-ді қолданудың басты мақсаты - қолданушының талабына сәйкес динамикалық HTML құру.
PHP-дің Perl тілімен салыстырғанда оның синьаксисінің жеңілдігінде. PHP веб-сервердің бір бөлігі сияқты жұмыс істейді, яғни хостингтің қорларын үнемдейді, CGI сценарийлерге қарағанда операциялық жүйеде жаңа үрдістерді тудырмайды. Әсіресе ол көп қаралатын көп бетті сайтта PHP кодының салыстырмалы қысқа үзінділері жазылған кезде байқалады. Дәл осы жағдайда Perl көптеген үрдістерді тудырар еді.
2.1.1 HTML гипермәтіндік тілі туралы түсінік
Интернеттің барлық WEB парақтарына ортақ белгі бар, олардың барлығы HTML тілінде жазылған. WEB парақтарды құру процесі программалау процесіне өте ұқсас болғанменен, HTML программалаудың ерекше тілі. HTML - гипертекстті белгілеу тілі. Ол жай мәтінді WEB парақ түрінде көрсететіндей ережелерді анықтайды.
Интернет дамуының жаңаша кезеңі 90 - шы жылдары ақпарат алмасудың жаңа протоколының пайда болуымен басталды. Бұл протокол HTTP (Hyper Text Transfer Protocol - гипертекстті мәтін беру протоколы). Бұл протоколмен бірге файлдарды интернет арқылы беретін HTML серверінің ауқымды желісін көрсететін World Wide Web қызметі пайда болды. Бұл файлдардың негізгі бөлігі HTML тілінде жазылған Web парақтар арнайы файлдарды көрсетеді. Интернетте Web парақтар осындай файлдардың HTTP серверінде орналастырылуымен көрсетіледі.
Web парақтар әр түрлі болуы және еркін тақырыптарға арналуы мүмкін. Бірақ олардың барлығы бір негізді - HTML тілін қолданады. Әдетте, HTML құжаттарының кеңейтулері мынадай болады: *.HTM немесе HTML. HTML тілі, ол World Wide Web қызметімен қатар пайда болып, онымен бірге дамып отырды.
Гипермәтін - бұл форматтау, илюстрация, мультимедиялық қойылымдар және гиперссылкалар сияқты қосымша элементтерді басқаратын арнайы кодтары бар мәтін. Бұл баяндамадағы ең маңыздысы - тіл.
Web парақтардың компьютер экранында өңделген түрде берілуіне қарамастан HTML тілі құжаттарды өңдеу үшін тағайындалмаған. Мысалы, Word мәтіндік процессор көмегімен мәтін өңделген кезде оның баспаға қандай принтер және қағазға басып шығарылатыны туралы алдын-ала анық болды. Ал құжат интернетте орналасса, оның қандай компьютерде қолданылатыны беймәлім болады.
Әртүрлі құрылғылар үшін құжаттарды дайындау қажет болғандықтан HTML тілі құжат форматын баяндауға арналмаған. Ол құжаттың функцияналды белгіленуі үшін, яғни мәтін фрагменттерінің тағайындалуын анықтау үшін қолданылады. Мысалы, егер мәтінде тақырып кездессе, онда HTML коды бұл фрагменттің тақырыбы екенін көрсетеді. Көру бағдарламасы (броузер) осындай кодты алып, тақырыппен не істеу керек екенін өзі шешеді.
Шығыс мәтінді белгілеу үшін қолданылатын HTML кодтары тегтер деп аталады. Тег - символдар жинағы. Барлық тегтер () символымен басталып, () символымен аяқталады. Осындай символдар жұбын кейде бұрыштық жақшалар деп те атайды. Ашылатын бұрыштық жақшадан кейін тегті анықтайтын кілттік сөз жүреді. HTML тілінде әр тегтердің арнайы тағайындалуы бар. Тегтер атауындағы әріптер регисторының маңызы жоқ- кіші әріп сияқты үлкен әріпті де қолдана беруге болады. HTML - дің 1 тегі құжаттың бір бөлігіне ғана әсер етеді. Мысалы, абзацқа. Мұндай жағдайда жұп: ашып-жабушы тегтері қолданылады. Ашушы тег әсер тудырады. Ал жабушы оның орындалуын тоқтатады. Жабушы тегтер (1) символымен басталады. Кейбір тегтер бір ретті әсер тудырады. Бұл кезде жабушы тегтін қажеті жоқ. Егер де тегте HTML тілінде жоқ кілттік сөз көрсетілсе, онда тег орындалмайды. Құжаттардың броузерде көрсету барысында тегтің өзі көрінбейді, бірақ құжаттың көріну әдісіне әсер етеді.
Кейде ашушы тегтерде эффектке әсер ететін атрибуттар болуы мүмкін. Атрибуттар- бұл қосымша кілттік сөздер. Кейбір атрибуттар, атрибуттардың мәнін көрсетуді талап етеді. Бұл мән кілттік сөзден (=) белгісімен бөлінеді.
Атрибут мәні тырнақшада тұру керек. Жабушы тегтердің ешқашан атрибуттары болмайды.
Бағдарламалау тілдерінде коментарий - мәтіндік қатарларды қолдану мүмкіндігі бар. Олар бағдарламаның бөлігі емес. HTML тілінің де осындай мүмкіндігі бар. HTML тілінде коментарий (!---) арнайы тегімен басталады. Осы тегтің артынан жүретін сөз коментарий болып табылады. Коментарийді символы аяқтайды. Коментарийде () символынан басқа, барлық символдар бола алады.
HTML құжаты құжаттың негізгі мәтінінен және жәй символдар жиыны болып табылатын белгілеу тегтерінен тұрады. Осылайша HTML құжаты жәй текстік файл. Оны құру үшін текстік редактор пайдаланылады. Мысалы, блокнот.
1. Барлық HTML құжаттардың қатаң құрылымы бар. Құжат HTML тегімен басталып және HTML тегімен аяқталу керек. Бұл тегтер жұбы броузерға HTML құжаты екенін хабарлайды.
2. HTML құжаты тақырып бөлімінен және құжат денесінен тұрады. Тақырып бөлімі HEAD және HEAD тегтеріне алынып, құжат туралы мәліметті сақтайды. TITLE және TITLE тегтерінің арасында құжаттардың ресми аты сақталады. Windows жүйесінде жұмыс істейтін көптеген броузерлар, броузер терезесінің тақырып қатарын аяқтау үшін осы тақырып қолданылады.
3. Құжат мәтіні құжат денесінде сакқталады. Ол тегтердің арасында орналасады. Құжат денесі Body және Body тегтердің арасында орналасады. Баяндалған 4 тегтер жұбы HTML құжатының негізгі құрылымын анықтайды. Олар барлық HTML құжаттарында кездеседі. Тәжірибеде осы негізгі құрылымды тегтерді оллардың қабысуынсыз қайда орналасқанын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz