Туристік нарық экономикасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТЕТІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстандығы туризм; мәселесі және дамыту перспективасы
Орындаған: Мырзаханова Г
Тобы: ЭФ17-8К1
Қабылдаған: Арапова Г. М
Шымкент 2020 ж.
КІРІСПЕ
1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Туризм мәні.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.
2. 1 Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы
3 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
ҚОРЫТЫНДЫ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ
КІРІСПЕ
Туризм көптеген мемлекеттердің экономикасы мен жаһандану жағдайына ықпалды әсер ететін маңызды әлеуметтік және саяси құбылысқа айналып отыр. Қазақстанның бай мәдени-тарихи мұрасы, бірегей табиғи-территориялық кешендері, тиімді көліктік-географиялық орналасуы, дамып келе жатқан туристік сала инфрақұрылымының кейбір элементтері ұлттық туристік өнімнің ілгерілеуінің алғы шарттары болып табылады. Менің ойымша, Қазақстан Республикасы сырттан келушілер туризмін дамыту үшін көптеген алғы шарттарына ие болып отыр: ұлттық туристік өнімнің ажырамас бөлігі болатын және басқа елдермен салыстырғанда республиканың бәсекелі артықшылықтарын қалыптастыруға тікелей байланысты елдің тиімді рекреациялық-географиялық орналасуы, алуан түрлі табиғи және рекреациялық ресурстардың болуы. Одан басқа, Қазақстан бірегей және халықаралық маңызы бар мәдени-тарихи ресурстарға ие, оларды инновациялық түрде қолданған жағдайда өте сапалы ұлттық туристік өнімді қалыптастыруға қабілетті болады. “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін кеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған.
Туризм мәні. Туризмнің қызмет етуінің механизмі
Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі. Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азайлады, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істеген. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ықпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т. б. ) .
Туристік индустрия - бұл орналастыру мен көлік құралдарының, тамақтану, көңіл көтеру, танымдық, іскерлік, сауықтыру, спорттық және басқа мақсаттағы объектілер, туристік қызметті жүзеге асырушы ұйымдар, сонымен бірге, экскурсиялық және аудармашы - гидтік қызмет көрсететін ұйымдар жиынтығы. Мемлекет экономикасына туризмнің қолайлы ықпал жасауы, ел экономикасын қызмет көрсету экономикасына айналдырмай, елде жан-жақты дамыған жағдайда орын алады. Басқаша айтқанда, туризмнің экономикалық тиімділігі оның елде әлеуметтік - экономикалық кешендегі басқа салалармен өзара байланыста болуымен және олармен қатарлас дамуына тәуелді. Халықаралық туристердің келуінің белсенді және тұрақты өсуі, туризмнің даму уақытынан бастап, оның кең қолданысқа ие болғандығын көрсетеді. Туроператорлар, туристік компаниялар, қонақ үй, жоғары оқу орындарының өкілдері, шенеуніктер қатысқан бірінші кластерлік кездесуде.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы
Туризм саласы экономиканы дамыту көздерінің бірі болып саналады. Қазақстан Республикасында туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Тәуелсіздік алған соң мәдени және тарихи құндылықтарды жаңартуға бағытталған бұл саланы дамытуға алғышарттар жасалды. Сонымен қатар бұл өз кезегінде көліктік, инфрақұрылымдық, сауда орындары, денсаулық сақтау қызметтерін жетілдіруді қажет етеді. Туризм - мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен клісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Мәселен, Жамбылдың Мыңбұлағы, Көкшетаудың Оқжетпесі, Алматының шөлейт аймақтарында орналасқан Тамғалысы және басқа да аты аңызға айналған жерлерді айтуымызға болады. Өкінішке орай, туристердің көпшілігінің әуелі танысып өтетін интернет беттерінде Қазақстанның барлық туристік жерлері туралы біліп, танысуларына мүмкіндік жоқтың қасы. Қызығушылық тудыратындай айтылмаса, жазылмаса, көрсетілмесе шетелдік емес, жергілікті азаматтардың да жеріміздің әсем жерлеріне баруы қиын-ақ, және еліміздің ішкі туризмі өкініщке орай әзірге мақтанып айтарлықтай дәрежеде емес. Сол себепті де Қазақстанда қазіргі таңда көтеріліп жатқан өзекті мәселелердің бірі - туризм болғандықтан, біз дәл осы Қазақстанның ішкі туризмінің бүгінгі жетістіктері мен кемшіліктерін қарастырғанды жөн санадық.
Туризмнің дамуы барлық жақтан қарап келгенде де тек оң әсерін тигізеді. Мысалға, мұнай өнеркәсібі қоршағанортаны қатты ластайды, жергілікті тіршілікке үлкен зиянын тигізеді. Ал, туризм саласы, керісінше табиғаттың тазаруы мен күтілімін талап етеді, осыдан туристік кәсіпорындар қызметі тек жалпы экономикаға емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз пайдасын тигізеді.
ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия туризмнің туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы жүйесіне оралымды кірігуінің табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы және өзінің капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнінен тиімді салалардың бірі болып табылады. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен халықты жұмыспен қамтуды, мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру.
Қойылған мақсаттарға сәйкес бірінші кезектегі міндеттер мыналар болып айқындалды:
- туризм инфрақұрылымын дамыту;
- туризмді мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құру;
- елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру;
- туристік әлеуетті арттыру;
рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастыру.
Бағдарламада бұл бағытта мынадай шараларды іске асыру көзделген:
Қазақстан Республикасының алда тұрған Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін ескере отырып, туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеу;
- сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризмді дамыту, көші-қон, визалық және тіркеу рәсімдерін, кеден және шекара бақылауын оңайлату мәселелері жөніндегі ұлттық заңнаманы жетілдіру;
- сырттан келушілер және ішкі туризмді дамыту үшін инвестициялау және салық салу мәселелері жөніндегі қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
- туризм саласындағы статистикалық есеп пен есептілік жүйесін жетілдіру, Туризмнің қосымша шотын (ТҚШ) ұлттық шоттар жүйесіне енгізу;
- туристік саланың төлем теңгерімін қалыптастыру әдістемесін Дүниежүзілік туризм ұйымның ұсынымдарын және Біріккен Ұлттар Ұйымы Статистикалық комиссиясының шешімдерін ескере отырып жетілдіру;
- шет елдермен туризм саласындағы ынтымақтастықты саланың халықаралық шарттық базасын кеңейту негізінде жандандыру;
- туристік және қонақ үйлік қызмет көрсетулердің сапасын техникалық реттеу жүйесінің белгіленген талаптарына сәйкес арттыру;
- туризм саласындағы қызметті мүдделі орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік және жеке меншік секторлар арасында үйлестірудің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
- туристік менеджменттің тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
- туристік инфрақұрылымды дамытуды мемлекеттік қолдауды және орталық пен жергілікті атқарушы органдардың осы бағыттағы іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз ету;
- туристік саладағы жеке бастамалардың дамуына жәрдем ету.
Туризм инфрақұрылымын дамыту және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелерін шешу үшін мынадай шараларды жүзеге асыру қажет:
- электр беру желісін жүргізу;
- сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылысын салу;
- телефон желісін төсеу немесе өткізу және спутниктік байланыспен қамтамасыз ету;
- көлік жолдарын салу және қайта салу.
Бірінші кезекте коммуникациялық жүйелерді Қапшағай су қоймасындағы, Алматы облысындағы Алакөл көлінде, Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауындағы (Кендірлі ауданы), жағажай туризмі және ойын-сауық индустриясы дамыған аудандарда, Жібек жолының қазақстандық учаскесінің орталығы - Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында қамтамасыз ету қажет. Рекреациялық ресурстардың ірі шоғырланған базасында рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аумақтық аймақтар қалыптастыру қажет.
Қазақстан Республикасында санаторийлік-курорттық істі дамыту ерекше маңызға ие, ол мынадай шараларды іске асыруды талап етеді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz