Туризм мәні



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТЕТІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстандығы туризм; мәселесі және дамыту перспективасы

Орындаған: Мырзаханова Г
Тобы: ЭФ17-8К1
Қабылдаған: Арапова Г.М

Шымкент 2020 ж.

КІРІСПЕ
1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Туризм мәні.
1.2 Туризмдегі қызмет көрсету әлеуметтік - экономикалық фактор ретінде.
1.3 Туризмді дамытуда маркетинг пен менеджментті қолдану ерекшеліктері
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.
2.1 Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы.
2.2 Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастырудың негіздері
2.3 Туризмнің даму үрдісіне ықпал ету жағдайлары.

3 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

ҚОРЫТЫНДЫ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Туризм көптеген мемлекеттердің экономикасы мен жаһандану жағдайына ықпалды әсер ететін маңызды әлеуметтік және саяси құбылысқа айналып отыр. Қазақстанның бай мәдени-тарихи мұрасы, бірегей табиғи-территориялық кешендері, тиімді көліктік-географиялық орналасуы, дамып келе жатқан туристік сала инфрақұрылымының кейбір элементтері ұлттық туристік өнімнің ілгерілеуінің алғы шарттары болып табылады. Менің ойымша, Қазақстан Республикасы сырттан келушілер туризмін дамыту үшін көптеген алғы шарттарына ие болып отыр: ұлттық туристік өнімнің ажырамас бөлігі болатын және басқа елдермен салыстырғанда республиканың бәсекелі артықшылықтарын қалыптастыруға тікелей байланысты елдің тиімді рекреациялық-географиялық орналасуы, алуан түрлі табиғи және рекреациялық ресурстардың болуы. Одан басқа, Қазақстан бірегей және халықаралық маңызы бар мәдени-тарихи ресурстарға ие, оларды инновациялық түрде қолданған жағдайда өте сапалы ұлттық туристік өнімді қалыптастыруға қабілетті болады. "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін кеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық - бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған.

1.1Туризм мәні. Туризмнің қызмет етуінің механизмі
Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі. Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азайлады, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істеген. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ықпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.).
Туристік индустрия - бұл орналастыру мен көлік құралдарының, тамақтану, көңіл көтеру, танымдық, іскерлік, сауықтыру, спорттық және басқа мақсаттағы объектілер, туристік қызметті жүзеге асырушы ұйымдар, сонымен бірге, экскурсиялық және аудармашы - гидтік қызмет көрсететін ұйымдар жиынтығы. Мемлекет экономикасына туризмнің қолайлы ықпал жасауы, ел экономикасын қызмет көрсету экономикасына айналдырмай, елде жан-жақты дамыған жағдайда орын алады. Басқаша айтқанда, туризмнің экономикалық тиімділігі оның елде әлеуметтік - экономикалық кешендегі басқа салалармен өзара байланыста болуымен және олармен қатарлас дамуына тәуелді. Халықаралық туристердің келуінің белсенді және тұрақты өсуі, туризмнің даму уақытынан бастап, оның кең қолданысқа ие болғандығын көрсетеді. Туроператорлар, туристік компаниялар, қонақ үй, жоғары оқу орындарының өкілдері, шенеуніктер қатысқан бірінші кластерлік кездесуде.

1.2 Туризмдегі қызмет көрсету әлеуметтік - экономикалық фактор ретінде.
Туристік индустрияны зерттей келе сервистік қызмет көрсетуге тән экономикалық және әлеуметтік мәселелердің ерекшеліктеріне тоқталу бүгінгі күнгі өзекті мәселенің бірі екені анықталды. Туризмдегі сервистік қызмет көрсетуді карастыру, оның экономикалық өсу мен оның қоғамның даму бағытында атқаратын функциональды рөлімен түсіндіріледі.
Қызмет көрсету саласының өсу қарқыны мен қызмет көрсетудің тиімділігі экономикалык базистің кеңеюіне септігін тигізіп, қоғамдық өндірістің нөтижелерін жетілдіруге әсер ететін еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады. Мұның барлығы қоғамның барлық мүшелерінің қоғамдық қажеттіліктерін толығырақ және жан-жақгы канағаттандырудың алғы шарты. Қызмет аясының бағдары табиғат және оның күштері емес, адамның өзі. Оның негізгі функциясы түлғаға, оның түйсігіне, қоғамдық өндіріс процесінде адамдардың қарым-қатынастарына әсер етуінен байқалады. Қызметтер аясы дами түсе, адамдардың тұрмыс салтының калыптасуына әсер етеді.
Рухани өсу мен үйлесімді даму жолында кең мүмкіндіктер беру, қызметтер аясының әлеуметтік бағыттылығын айқындаушы аспектілерінің бірін білдіреді. Сөйтіп, қызметтер аясы халықтың тұрмыс деңгейін көтере, халық шаруашылығының экономикалық өсуінің маңызды факторы ретінде көрінеді. Дегенмен де, кері байланыстың маңыздылығын төмендетпейміз, яғни экономикалық өсуді қамтамасыз ететін өндіріс, адам қажеттіліктерінің жиынтығын, даму деңгейін, өндірілетін өнім мен қызметтердің көлемі мен сапасы арқылы оларды қанағаттандыру дәрежесін, алатын табыстар көлемін анықтайды. Қызмет көрсету саласы адамның денсаулығы, білім алуынан бастап, бос уақытты тиімді өткізуіне дейін өмірінің барлық жақтарына, қоғамның осы әрбір мүшелері үшін жағымды жағдайлар жасау арқылы әсер ететіндігі аян. Коммуналды-тұрмыстық жағдайлар адамның өмірлік қызметінің орасан уақыт пен энергияны талап ететін аясы болып қала бермек. Халық өзінің бос уақытын өзіндік қызмет жасау бойынша үй шаруасына, коммуналды-тұрмыстық мекемелерді аралауға, балаларды күтіп-тәрбиелеуге жұмсайды. Қызметтер аясының тұрмыс салтын қалыптастыру түрғысынан алғандағы маңыздылығы, бұдан басқа қызметтер аясының өзіндік жұмыскерлерінің тұрмыс салты мен оның бүтіндей қоғамға, оның барлық мүшелерінің тұрмыс салтына әсер етуімен толықтырыла түседі.. Қызметтер аясындағы жұмыскердің өндірістік өмірлік қызметі, оның кәсіби дайындық дәрежесімен, қоғамдық-саяси даму деңгейімен, біліктілікті үнемі жоғарылату мен өндірісті жетілдіру жайлы пәруай таныту секілділермен сипатталуы қажет. Жоғары білікті мамандардың, қызметті тұтынушылардың жеке тілектерін ескере, тапсырысты дұрыс қабылдау, еңбек пен қызмет көрсетуді ғылыми түрде ұйымдастыру және т.с.с. әрекеттерді қамтитын жоғары мәдени деңгейлі қылықгы танытулары бүгінгі күн талабы. Мұнда, рынокты экономикамен қалыптасатын тұрмыс салты, айқын байқалатын еңбек сипатына ие, яғни бұл қоғамның әрбір еңбекке қабілетті мүшесі үшін міндетті тұрмыстың еңбекті кейпі деп тұжырым жасай аламыз. Адамның білім және мәдениет деңгейі, денсаулығының жағдайы тікелей оның алатын табысына әсер етуі тағы да бар. Оған қоса, денсаулығы, білімі, кәсіби дайындығы стандарттарынан жұмысшы күшінің сапасы тікелей және де сәйкесінше, жинақталған өндіріс қорларын пайдалану интенсивтілігінің тиімділігі, экономикалық өсудің карқыны, өндірістің материалды-техникалық базасының жаңартылуы қандай-да бір дәрежеде байланыстылықта болады.
Қызмет көрсету аясының көптеген салаларының, жинақтаудың маңызды болып табылатын, экономикалық рентабельділігін ескере кетуіміз қажет. Шын мәнісінде, қондырма базисінің кез келген маңызды элементі, қандай-да бір өңірдің қоғамдық өмірінің барлық жақтары, тіке және кері байланыстар механизмі арқылы қызметтер аясымен белсенді әркеттеседі.
Сонымен қорыта келе қызмет және оның түрлілігі сан жағынан, сапа жағынан копшілік халықтың әл-ауқатына әсер ете отырып, адам факторының белсендеуінің қуатты тұтқасы бола, экономикалық өсу процесіне жан-жақты әсер етеді.

1.3 Туризмді дамытуда маркетинг пен менеджментті қолдану ерекшеліктері.
Туризмді дұрыс басқару кезінде, ол жоғары халықшаруашылық және әлеуметтік тиімділікті иеленеді. Оның дамуына қаражат салу арқылы өнімділік еңбегінің өсуіне, ұлттық табыстың өсуіне, республиканың егемендігін нығайтуға тікелей қатынаста болатын әлеуметтік және экономикалық тиімділік алуға болады.
Туризм аясының болашақта дамуына ықпалын тигізетін - бұл маркетингтік қызмет. Өкінішке орай, маркетинг туризмге онша назар аудармайды. Міндеттерді шешу үшін қолданылатын негізгі әдістері мен тәсілдері ретінде туристтік маркетинг адамдардың психологиялық және әлеуметтік көзқарасының қажеттілігін қанағаттандырады, сонымен қатар қаржылық тұрғыдан ол туристік ұйымдар мен кәсіпорындардың қызмет етуі үшін неғұрлым тиімді әдістерінің анықталуына мүмкіндік береді.
Туризм аясында маркетингті қолдану өндірісті ұйымдастырумен және севистің маңызды ерекшеліктерімен қамтамасыз етілген. Бір жағынан, туристтік ұсыныстар мобильді болып табылмайды, ал туристтік қызметтер тек қана тікелей орнында тұтынылады. Туризм аясындағы кәсіпорындар (қонақ үй, мейрамханалар, демалу орындары) туристік фирмалардың жалпы шығындарындағы негізгі капиталдың маңызды үлесімен қамтамасыз етілген кеңстікте де, өз уақытында да сұраныстың өзгеруіне бейімделе алмайды. Екінші жағынан, туристік қызметтерге сұраныс баға мен табыс деңгейінің ара қатынасы бойынша икемді болып келеді, көбінесе, саяси және әлеуметтік жағдайларға тәуелді, ал сонымен қоса айтарлықтай маусымдық тербелістермен ерекшеленеді. Туристік нарықта субъектілердің қызметіне маркетинг нарықта тұтынушылармен және айналадағы бизнес-ортаның (демографиялық, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-мәдени, саяси, ғылыми-техникалық) өзара әрекет етуінің тиімділігі есебінен ұйымның тұрақты қызмет етуінің әдістері мен жолдарын іздеуге негізделеді.
Туристік фирманың маркетингтік қызметінің негізгі мақсаты тиімді тұтынушылар қуысында (нарық сегменті) жүруі қажет, коммерциялық қызмет үшін замануи нарық жағдайларын, перспективалық және инновациялық туристік өнімдерге сұраныс пен ұсынысты анықтау және алдын ала болжау, ал кейін осы білімдер негізінде фирманың тұрақты қызметіне стратегияны қолдануды жүзеге асыру қажет.
Туристік фирмалар жұмысының тиімділігі үшін маркетингтің алдында мынадай маңызды міндеттер қойылады: жаңа бизнес-идеялардың генерациясы, маркетингтік ақпараттарды қолдан отырып және синтездеу негізінде инновациялық бизнес-жобаларды өңдеу; фирма ішінде немесе фирмадан тыс бизнес-орта динамикасының есебімен клиенттермен (шынайы және потенциалды), серіктестермен жұмыс жасау; фирманың мүмкіндіктері. Көбінесе, туристік менеджменттің мақсаттары мыналарды болжайды: туристік көліктік парктер желісінің сенімділігі мен рентабельділігін арттыру; туристік базаның жабдықталуын жақсарту; өлі маусымда жұмыс істеу рентабельділігін арттыру; әртүрлі маусымда икемді баға саясатын жүргізу; баға мен нәтиже арасындағы тиімді сәйкестікті қамтамасыз ету; әртүрлі қызметтер көрсете отырып, клиенттерді тарту; тұтынушылар қажеттілігінің өзгеруіне қарай ұсыныстарды үнемі бейімдеп отыру; туризммен айналысатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты көтермелеу; жарнама саласын қарынды әрі ұтымды дамыту[12]. Әрине, аталған мақсаттардың кейбіреуіне ғана емес, сонымен бірге өзіне тиісті үлгіні жасау арқылы барлық мақсаттың жиынтығын да бағдар етіп ұстауға болады. Бұндай үлгінің басты функциясы барлық қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортамен үйлесімділікті қамтамасыз ету кезінде адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

2.1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы
Туризм саласы экономиканы дамыту көздерінің бірі болып саналады. Қазақстан Республикасында туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Тәуелсіздік алған соң мәдени және тарихи құндылықтарды жаңартуға бағытталған бұл саланы дамытуға алғышарттар жасалды. Сонымен қатар бұл өз кезегінде көліктік, инфрақұрылымдық, сауда орындары, денсаулық сақтау қызметтерін жетілдіруді қажет етеді. Туризм - мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен клісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
21 – ғасырдағы туристік фирмалардың қызметі
Қазақстанда туристік фирмалардың қызметтері
Туризм – бұл халықтың рекрациялық қажеттіліктерін тиімді түрде қанағаттандыратын экономиканың өндірістік емес саласы
Туризм пәнінің мақсаты мен міндеті
Туризмнің дамуына әсер етуші факторлар
Туристік құқықтың жалпы сипаттамасы
Жамбыл облысындағы туристік қызметтің даму жолдары (Жамбыл облысының мәліметтері бойынша)
Туризмология пәнінен дәрістер
Рекреациялық және іскерлік туризм
Іскерлік туризмнің сыныптамасы
Пәндер