Туристік ресурстарды дамыту
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Халықаралық туризм кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Туристік бизнесті басқару пәні бойынша
Халықаралық туризм мамандығы бойынша
Тақырыбы: _Қазақстандағы туризм экономикасының жағдайын заманауи бағалау____
Жұмыс қорғалып Орындаған
бағаланды студент: Исаева А.С , ЭФ 17 - 8дтк
_________________ (Қолы, аты-жөні, тобы)
(бағасы,күні)
Комиссия мүшелері Жетекшісі: Арапова Г.М
_________________ (Қолы, аты-жөні)
(қолы, аты-жөні)
_________________
(қолы, аты-жөні)
Норма бақылау:
_________________
(қолы, аты-жөні)
ШЫМКЕНТ - 2020ж.
М.О.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Халықаралық туризм кафедрасы
БЕКІТЕМІН Каф.меңгерушісі___________ ________________2020ж.
Туристік бизнесті басқару пәні бойынша курстық жұмысқа
ТАПСЫРМА №_____
Студент: Исаева А.С Тобы: ЭФ 17 - 8дтк
(аты-жөні)
Курстық жұмыстың тақырыбы: Қазақстандағы туризм экономикасының жағдайын заманауи бағалау
Бастапқы мәліметтер: ___________________________________ ________
___________________________________ ___________________________
№
Курстық жұмыстың мазмұны
Орындалу мерзімі
Шамалы көлемі
(парақ саны)
1
2
3
4
5
Әдебиеттер: 1. ___________________________________ ______________
2.___________________________________ _________________________
3.___________________________________ _________________________
Тапсырманың берілген күні ________ жұмыстың қорғалу күні________ Жұмыстың жетекшісі: _____________________________
Тапсырманы орындауға қабылдаған студент: ______________________
(күні, студент қолы)
Аннотация
ЭФ 17 - 8дтк тобының студенті Исаева Арна курстық жұмысына
Тақырыбы: Қазақстандағы туризм экономикасының жағдайын заманауи бағалау
Жұмыс көлемі _27 парақ_
Кесте саны _____4______
Cурет саны ____ 1______
Сызбанұсқа ____ 1______
Қосымша саны _____4_____
Қолданылған әдебиеттер саны _____12_______
Студент: Исаева А.С _____
қолы

_________________________________ _ Жоғары мектебі
Халықаралық туризм кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Каф.меңгерушісі__________
________________2020ж.
Хаттама №_______
Туристік бизнесті басқару пәні бойынша курстық жұмысты қорғауға
ЭФ 17 - 8дтк тобының студенті Исаева А.С
Курстық жұмыстың (жоба) тақырыбы: Қазақстандағы туризм экономикасының жағдайын заманауи бағалау
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Курстық жұмыс қорғалғанда мынадай сұрақтарға жауап алынды:

___________________________________ ___________________________________ ________ ___________________________________ ________ _________________________

Курстық жұмыс орындалғанда мынадай балдарға ие болды (60 мүмкінінен) ________, қорғау бағаланады (40 мүмкінінен) _____балл.
Жалпы балы ___________ Жұмыс бағасы ________________
Курстық жұмыс жетекшісі ___________________________________ ____
Комиссия мүшесі ___________________________________ ___________

Қорғалу күні ___________2020ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЗАМАНАУИ БАҚЫЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8
1.1
Туризмнің экономикадағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8
1.2
Туриcтік қызмет көрсету нарығының әлеуметтік-экономикалық аспектілерінің дамуының шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11
1.3
Қазіргі уақытта Қазақстанда туризмнің даму перспективасы ... ... ... ...
13
2
2.1
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ ... ... .
Мемлекеттік бағдарламаның туризмнің дамуына ықпалы ... ... ... ... ... .
15
15
3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУРИСТІК САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2019 - 2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18
3.1
Туристік ресурстарды дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18
3.2
Елдің туристік әлеуетін халықаралық нарықта ілгерілетудің заманауи жүйесін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
21
3.3
Ұлттық туристік брендті ілгерілетуді қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ...
24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
30
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
31
КІРІСПЕ
Қазіргі жағдайда әлемдік экономиканың дамуы жеке экономикалық жүйелердің дамуына әсер ететін шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларының қалыптасуымен сипатталады. Бірқатар дамыған мемлекеттердің ұлттық экономикасы дамуының қолайлы жағдайы, демалыс және бос уақыт саласындағы тұтынушылық қажеттіліктердің өзгеруі, туристік қызметтердің қолжетімділігінің артуы әлемдік туристік ағынның өсуіне айтарлықтай дәрежеде әсер етіп, дамыған мемлекеттер ғана емес, сонымен қатар, дамушы мемлекеттердің де туристік қызмет нарығының экономикалық, әлеуметтік, инновациялық және басқа да аспектілеріне ықпалын тигізді. Шет ел тәжірибесіндегі туризм саласының дамуына құйылған қаражаттың мемлекетке айтарлықтай пайда әкелегендігін көріп отырмыз. Негізгі әлеуметтік және экономикалық құбылыс ретінде туризм заманауи жағдайларда көптеген елдің экономикасына оң әсер етті. Қазіргі уақытта экономиканың табысты саласы бола отырып, ол елдегі жалпы ішкі өнімді қалыптастыру мен сыртқы сауда балансын нығайтуда, қосымша жұмыс орындарын құру мен халықты еңбекпен қамту үрдісінде үлкен маңызға ие болып отыр. Туризм экономиканың негізгі салаларына әсер етеді, атап айтқанда, көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтыну тауарлары өндірісі және т.б., яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың өзіндік катализаторы болып табылады.
Қазіргі таңда елдегі туризм саласын дамытуда негізгі 5 туристік кластерді іске асыру жолға қойылып, 2015 жылы 2020 жылға дейінгі туризмді дамыту Тұжырымдамасы қабылданды. Осы шараны өткізуде елімізде жетпістен аса туристік маршруттар ұйымдастырылып, ірі ойын-сауық орталықтары ашылып, тұрғылықты халыққа қосымша жұмыс орындары ұсынылуда, біліктілікті арттыру курстары жүргізіліп, туризм саласының дамуына үлкен серпін беріп отыр. Курстық зерттеу жұмысы ел экономикасының дамуындағы жаңа бір өркендеу түйіні ретінде, өңірлердің тұрақты дамуы мен халықты жұмыспен қамту, әл-ауқатын жақсарту, ішкі сұранысты арттырып, инфрақұрылымдарды жетілдіріп, ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізетін туристік қызмет көрсету нарығының тенденциясы мен даму болашағына әлеуметтік-экономикалық аспектілердің әсерін жан-жақты қарастырады. Қазақстандағы туристік қызмет көрсету нарығының әлеуметтікэкономикалық аспектілерінің жете зерттелмеуі, туристік қызмет көрсету нарығын қалыптастыру мен тұрақты дамыту әдістемелерінің жүйелендірілмегендігі, аймақтардың жалпы туристік кызмет көрсету нарығының даму динамикасын талдай отырып, жеке аймақтар бойынша әсер ететін факторлардың толыққанды анықталмауы, еліміздегі туристік қызмет көрсету нарығын дамыту бағыттары мен әлеуметтік-экономикалық жағдайының тұрақты дамуға әсері мен оның компоненттерінің ғылыми тұрғыда нақтыланбауы диссертациялық тақырыптың өзектілігін нақтылай түседі.
Қазақстандық туристік нарықты дамыту мен жетілдіру жолындағы кедергілер мен мəселелерді шешу бірнеше кезеңмен біртіндеп жүзеге асырылуы қажет, үкімет пен атқарушы биліктің жергілікті органдары арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бұл туризмнің барлық түрлерін дамытуды жеделдетеді, сондай-ақ əлемдік туристік қызметтерде Қазақстанның тартымды туристік имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында туристік қызмет көрсету нарығының ел экономикасы мен әлеуметтік саласының дамуына тигізер әсерін зерттеу маңызды және ол терең теориялық ізденістер мен кешенді талдау арқылы осы саланы дамыту бойынша ғылыми дәлелденген негіздеме дайындауды қажет ететіндігі тақырыптың өзектілігін айқындайды.
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Туризмнің экономикадағы рөлі
Қазіргі туристік индустрия халықаралық қызметтер саудасында ең ірі жоғары табысты және қарқынды дамушы сегменттердің бірі болып табылады. Ол дүниежүзінде көптеген мемлекеттерде валюта ағымының негізгі көзі. Туризмнің дамуы - болашақта ұзақ мерзімді және экономикалық тиімді перспектива, өйткені туризм шетелдік валюта ағымын қамтамасыз етеді және мемлекеттің төлемқабілеттілік балансы мен жиынтық экспортқа жағымды әсерін тигізетңндігімен қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігі анықталады.
Берілген мақалада автормен елімізде туризмді ұйымдастырудың экономикалық тетіктерін қарастырылған, туризмнің қоғам өміріне ықпалы талданып, туризм саласын ұйымдастырудың үлгілері салыстырмалы түрде ұсынылған.
Қазақстан Республикасы нарықтық экономика жағдайында екпінді түрде дамуда, бірақ бұл мұнай өндірісі мен металлургия саласының арқасында, ал туризм тек даму деңгейінде. Қазақстан Республикасының мақсаты шикізат негізіндегі бағыттан ауытқып, сервисті-технологиялық экономикаға көшу жағдайына дайындықты негізге ала отырып, экономика салаларын әртараптандыру жолымен мемлекеттің тұрақты дамуына қол жеткізу болып табылатын, 2019-2020 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы бойынша негізгі көңіл қызмет көрсету саласына бағыттау мәселесі тұр. Қызмет көрсету саласының шегінде туризм саласы маңызды орын алады.
Қазақстан Республикасының аса бай тарихы, бірегей тарихи ескерткіштері, тиімді географиялық орналасуы, табиғи және климаттық жағдайы, саяси тұрақтылық, серіктестікке барынша ашықтығы мен дайындығы - туристік саланы қарқынды дамытуды қамтамасыз етеді.
Қазақстандық туризмнің дамуы мемлекет үшін экономикалық тиімді перспектива, өйткені ол қалпына келетін табиғи ресурстарға негізделеді, ал өндірістік ресурстар (мұнай, газ, көмір) уақыт өте таусылады, яғни қалпына келмейді. Соңғы онжылдықта Қазақстанға туристік бағыт ретінде дүниежүзінде қызығушылық айтарлықтай жоғарылады. Саяхаттаушылардың үлкен бөлігін қызықтыру үшін жергілікті туроператорлармен ұсынылатын туристік қызмет спектрі жылдан жылға өсуде. Бірақ аталған мемлекетте туристік ағымды тежейтін мәселелер қатары бар, бұл кешендендірілмеген, ескірген материалды- техникалық база, төмен деңгейдегі сервис және туристік қызметке деген шығын көлемінің үлкендігі. Аталған мәселелерді шешу арқылы мемлекетке келуші туристер ағымын жоғарылатуға болады, яғни Қазақстанға да жақсы мүмкіндіктер ашылады: шетелдік валюта ағымы есебінде бюджетті толтыру, жұмыспен қамтамасыз ету нарығын кеңейту, халықтың табысын және өмір сүру деңгейін жоғарылату, сәйкесінше, бұл нәтижесінде мемлекеттің толықтай гүлденуі мен тұрақты түрде дамуына әкеледі. ҚР Президенті Н.Назарбаев ағымдағы жылдағы халыққа жолдауында ("Нұрлы жол") атап өткендей, бұл салада бір жұмыс орынын ұйымдастыру басқа өнеркәсіп салаларымен салыстырғанда 10 есе арзанырақ болып табылады. Сондықтан, мемлекет дүниежүзілік шаруашылықтың ең ірі, жоғарғы табысты салалардың бірінің ары қарайғы дамуына көңіл бөліп, жағдай жасауы қажет, ол - туристік индустрия. Қазақстанда туризм экономиканың басым салаларының қатарына қосылғандықтан, үнемі даму жағдайын зерттеуді және болашақта тиімді даму бағыттарын қарастыруды талап етеді.
Туризм көптеген дамыған және дамушы елдер үшін валюталық түсімдерінің кайнар көзі болып табылады. Жоғарыда атап өткендей, Қазақстан үшін де бұл экономика секторы маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында көптеген туризм түрлерін және туристік қызметтің формаларын дамыту үшін ресурстары мен мүмкіншіліктері жетерлік. Қазақстан Республикасында туристік индустрияның дамуы халықтың әл-ахуалының деңгейінің артуының нәтижесі болып табылады және қоғам өміріне өз ықпалын тигізеді .
Өкінішке орай, Қазақстан және дамыған еуропа нарығында да туризмде көрсетілген қызметтің сапасына көп көңіл бөлінбейді. Туризм саласында кәсіпкерлер өз тәжірибелеріне және жұмыс өтіліне сүйене отырып, іс әрекет жасайды.
Көптеген туристік кәсіпорындар осы саладағы түбегейлі ғылыми зерттеулерсіз және сапалы іс- шараларсыз пайдаларын жоғарылатуға мүмкіндіктері болмай, клиенттері мен қызмет өндірісінің көлемін кеңейте алмады.
Сурет -1 Туризмнің экономикадағы рөлі
Туризм саласындағы жоғары деңгейдегі сұраныстың пайда болуы осы саладағы ғылыми зерттеулер мен басқа да іс-шараларды жоспарлауға көп көңіл бөлу керектігін негіздеді.
Туризм индустриясы көптеген шағын және орта кәсіпорындармен сипатталады. Олардың қазіргі кезде кажетті зерттеу құралдары, "ноу-хау", немесе тәжірибелі жұмыстарды атқаруға жұмысшыларды жалдайтын қаражаты жоқ. Олар тек қана жарнама жүргізуді, өткізуді және нарықты зерттеу мен өнімді жетілдіру әрекеттерін жасайды. Бұл қызмет көрсетудің көптеген салаларында колданылады. Бәсекенің күшеюі және клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігі үшін маркетингті қолдануына алып келеді, яғни бәсекелік күресте жетістікті қамтамасыз ету және сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуі үшін стратегиялык маркетингтік жоспар құрады.
Қазақстан Республикасы əлемдегі елдердің ішінде аумағы бойынша тоғызыншы орында, қарлы мұздақтардан бастап құмды бархандар мен тау шыңдарына дейін барлығы бар. Қазақстанның жеке аймақтарында таңқалдыратын түрлі табиғи ландшафттар мен адам қолы тимеген жабайы табиғат, бай тарихи жəне мəдени мұрасы, белсенді демалудың таусылмайтын мүмкіндіктері бар. Осының бəрі Қазақстанда ішкі туризмді дамытудың жəне шетелдік туристерді қабылдаудың үлкен əлеуеті бар екендігін көрсетеді.
Республика нарықтық экономика жағдайында алға қарай даму үстінде, оны 2019 - 2020 ж. The Global Competitiveness Index қорытындысы бойынша 2018 жылы 42 орында болуы көрсетеді .
Алайда елдің мұнай өндіру мен металлургия саласы үстінде. Туризм саласына келсек, ұзаққа созылған пайда болу кезеңінде деп айтуға болады, ел экономикасына туризм саласының ықпалы онша мардымды емес. Елдің ЖІӨ-гі үлесі шамамен 1,7 %, басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстырғанда əлдеқайда төмен.
Туристік инфрақұрылымның дамымауы, қызмет көрсету сервис сапасының төмендігі, Қазақстан туралы жоғары қауіпті ел деген мифтің тұрақты болып қалуы, азаматтардың материалдық мүмкіндіктерінің шектеулігі, мемлекет пен жеке сектор мүдделерінің келіспеушілігі туризм саласының дамуын тежейді, бұл елге əлемдік туристік ағынның 1 %-дан төмен болуының себебі болып табылады .
Қазақстандағы туристік сала негізінен сыртқа шығу туризмінің дамуына бағытталған. Ал сырттан кіру жəне ішкі туризмді дамытуға назар қойылмаған. Осы жоғарыда айтылғандар негізінде зерттеу тақырыбы өзекті деп қорытынды жасалып, нəтижесі берілген мақалада келтіріледі.
Туриcтік қызмет көрсету нарығының әлеуметтік-экономикалық аспектілерінің дамуының шетелдік тәжірибесі
Туризм саласының дамуы мен туристік қызметтерді зерттеуші экономист-ғалымдардың пікірлерін жалпылай келе, біздің көзқарасымыз бойынша: "Туризмді дұрыс ұйымдастыру - нарықтағы кәсіпорынның мінез-құлқының тұжырымдамасы, стратегиясы және тактикасы. Туризмді дұрыс ұйымдастырудың мақсаты - сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және осының негізінде оның өсуі мен мол пайда табу мақсатына жетуін көздейді" - деп тұжырымдауға болады.
Туризмді ұйымдастырудағы шет елдік тәжірибеге талдау жасай отырып, ұйымдастырудың екі үлгісін бөліп қарастырдық. Яғни, туризмді ұйымдастырудың еуропалық және азиялық үлгілері.
Туризмді ұйымдастырудың еуропалық үлгісі әлемге әйгілі курорттарымен танымал Италия, Испания және Франция елдерінде қолданылады. Бұл елдердегі туризмді дамыту мәселелері көп салалы министрлік деңгейінде шешіледі. Туристік саламен айналысатын министрліктің бөлімі мемлекеттік реттеу бойынша мынадай іс-шаралар жүргізеді: нормативтік-құқықтық негізін дайындайды, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерімен айналысады, статистикалық мәліметтерді өңдейді, аймақтардың осы бағыттағы қызметтерін реттейді, осы салаға қатысты көрмелер ұйымдастырады және шет елдердегі туристік өкілдіктерді басқарады.
Дамыған еуропалық елдердегі мемлекеттік туристік әкімшілік жергілікті басқару орындарымен және жеке бизнеспен бірлесе отырып тірлік жасайды. Ал, бұл өз кезегінде туризмді дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың міндеттерін шешуде жеке қаржылық ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Бұл саясаттың нәтижесі ретінде туристік қызметтерді реттеудегі аралас (мемлекеттік-жеке) меншікті институттарды алуға болады.
Туризмді басқарудың мұндай жүйесінің арқасында, аталған елдер жоғары индустриялы туризмі бар әлемдік туристік орталықтарға айналып отыр. Бұл елдердегі туризмнен келетін кірістер бюджеттің маңызды баптарына кіреді.
Туризм дамуының бастапқы кезеңінде мемлекеттік басқару органдарының маңызы үлкен. Оның себебі, алғашқы кезеңде туристік саланың инфрақұрылымын жасау үшін қуатты қаржылық салымдар қажет болады. Мұндай қаржылық көмекті тек мемлекет бере алады. Мемлекетке кірістер әкеле бастайтын жоғары дамыған және бәсекелестік мүмкіншілігі үлкен туризм саласы қалыптасқаннан кейін, мемлекеттік органдар негізінен туризм дамуын реттеуші қызметіне ауысады.
Туристік индустрияны ұйымдастырудың азиялық үлгісі Түркия, Египет, Тунис, Марокко және Қытай елдерінде таралған. Бұл үлгідегі елдерде туристік саланы ұйымдастыру мен басқару беделді әрі күшті министрлікке жүктелген. Бұл елдерде туризм экономиканың басым бағыттарының бірі болып саналады. Мемлекеттің көмегінің нәтижесінде аталған елдерде туризм мен курорттар жоғары ырғақпен дамуда.
Жалпы туризмді дамытудың экономикалық тетіктерінің негізгі мақсаты - туристік қызметтердің бәсекелестігін арттыратын ұтымды даму үлгісін құру.
Экономикалық тетіктер экономикалық әдістер мен тұтқалардың көмегімен өндірісті және шаруашылықты жүргізетін тұтастай жүйені білдіреді.
Туристік қызметтерді ұйымдастырудың экономикалық тетіктеріне келетін болсақ экономикалық факторларына мән беру керек.
Қазақстан үшін сұраныс өлшемдерін халықаралық стандарттарға сай ұстауда мынадай мәселелерді шешуі қажет: жалпы тұрғындардың кіріс деңгейін көтеру; көрсетілетін туристік қызметтер бойынша сапасын көтеру үшін қатал нормативтер мен нормаларды қабылдау және т.б.
Қазақстанда туризм өндірісінің дамымай қалуының тағы бір себебі экономика саласы ретінде онымен мемлекеттік деңгейде тікелей айналыспады. Туризмді аумақтық ұйымдастыру мен мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті басқару органдарының тарапынан туристік қызметті басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеуші фактор болып табылады. Ал Қазақстанның халықаралық сауда ұйымына кіруінің өзі сұранысты арттыратын факторға жатады.
Туризмді ұйымдастырудың экономикалық тетіктерінің ішінде инвестицияларды арттыру бойынша мемлекеттік саясатты атап өттік. Өйткені, туризм саласында жоспарланып отырған ірі жобаларды жүзеге асыру тікелей осы инвестиция мәселесімен байланысты болып табылады.
Қазіргі жағдайда Қазақстан үшін әлемдік туристік қауымдастықта өз орнын табудың мүмкіндігі туып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет осы саланы ұйымдастыру мен басқаруды өз деңгейінде жүргізуі керек. Қазақстан өзінің туристік өнімімен халықаралық нарыққа шыққанына көп уақыт болған жоқ. Сол себептен, қазақстандық туристік өнім өзінің өмір сүру шеңберіндегі енгізу кезеңінде тұр. Бұл кезеңде туристік қызметтердің сапасын көтеруге қажетті табиғи және экономикалық әлеуеттердің деңгейін көтеру керек.
Қорыта келе, туристік қызметтерді ұйымдастыру мен реттеу жағдайларын, туризмнің экономикалық дамудағы құндылығын, кемшіліктерін және мүмкіндіктерін бағалаудың шетелдік тәжірибесін кешенді шолу, отандық туризмді дамытудың талдамалық негіздерін жасауға мүмкіндік беретіндігін атап өтуге болады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда туризмнің даму перспективасы
Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия туризмнің туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы жүйесіне оралымды кірігуінің табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы және өзінің капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнінен тиімді салалардың бірі болып табылады.Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен халықты жұмыспен қамтуды, мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру.
Қойылған мақсаттарға сәйкес бірінші кезектегі міндеттер мыналар болып айқындалды:
- туризм инфрақұрылымын дамыту;
- туризмді мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құру;
- елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру;
- туристік әлеуетті арттыру;
рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастыру.
Бағдарламада бұл бағытта мынадай шараларды іске асыру көзделген:
Қазақстан Республикасының алда тұрған Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін ескере отырып, туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеу;
- сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризмді дамыту, көші-қон, визалық және тіркеу рәсімдерін, кеден және шекара бақылауын оңайлату мәселелері жөніндегі ұлттық заңнаманы жетілдіру;
- сырттан келушілер және ішкі туризмді дамыту үшін инвестициялау және салық салу мәселелері жөніндегі қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
- туризм саласындағы статистикалық есеп пен есептілік жүйесін жетілдіру, Туризмнің қосымша шотын (ТҚШ) ұлттық шоттар жүйесіне енгізу;
- туристік саланың төлем теңгерімін қалыптастыру әдістемесін Дүниежүзілік туризм ұйымның ұсынымдарын және Біріккен Ұлттар Ұйымы Статистикалық комиссиясының шешімдерін ескере отырып жетілдіру;
- шет елдермен туризм саласындағы ынтымақтастықты саланың халықаралық шарттық базасын кеңейту негізінде жандандыру;
- туристік және қонақ үйлік қызмет көрсетулердің сапасын техникалық реттеу жүйесінің белгіленген талаптарына сәйкес арттыру;
- туризм саласындағы қызметті мүдделі орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік және жеке меншік секторлар арасында үйлестірудің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
- туристік менеджменттің тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
- туристік инфрақұрылымды дамытуды мемлекеттік қолдауды және орталық пен жергілікті атқарушы органдардың осы бағыттағы іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз ету;
- туристік саладағы жеке бастамалардың дамуына жәрдем ету.
Туризм инфрақұрылымын дамыту және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелерін шешу үшін мынадай шараларды жүзеге асыру қажет:
- электр беру желісін жүргізу;
- сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылысын салу;
- телефон желісін төсеу немесе өткізу және спутниктік байланыспен қамтамасыз ету;
- көлік жолдарын салу және қайта салу.
Бірінші кезекте коммуникациялық жүйелерді Қапшағай су қоймасындағы, Алматы облысындағы Алакөл көлінде, Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауындағы (Кендірлі ауданы), жағажай туризмі және ойын-сауық индустриясы дамыған аудандарда, Жібек жолының қазақстандық учаскесінің орталығы - Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында қамтамасыз ету қажет.Рекреациялық ресурстардың ірі шоғырланған базасында рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аумақтық аймақтар қалыптастыру қажет.
Қазақстан Республикасында санаторийлік-курорттық істі дамыту ерекше маңызға ие, ол мынадай шараларды іске асыруды талап етеді:
- санаторийлік-курорттық объектілерге сертификаттау және жіктеу жүргізу;
- санаторийлік-курорттық oбъектілердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
- санаторийлік-курорттық мақсаттағы объектілердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету.
2 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
2.1 Мемлекеттік бағдарламаның туризмнің дамуына ықпалы
Туристік индустрияны зерттей келе сервистік қызмет көрсетуге тән экономикалық және әлеуметтік мәселелердің ерекшеліктеріне тоқталу бүгінгі күнгі өзекті мәселенің бірі екені анықталды. Туризмдегі сервистік қызмет көрсетуді карастыру, оның экономикалық өсу мен оның қоғамның даму бағытында атқаратын функциональды рөлімен түсіндіріледі.Қызмет көрсету саласының өсу қарқыны мен қызмет көрсетудің тиімділігі экономикалык базистің кеңеюіне септігін тигізіп, қоғамдық өндірістің нөтижелерін жетілдіруге әсер ететін еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады. Мұның барлығы қоғамның барлық мүшелерінің қоғамдық қажеттіліктерін толығырақ және жан-жақгы канағаттандырудың алғы шарты. Қызмет аясының бағдары табиғат және оның күштері емес, адамның өзі. Оның негізгі функциясы түлғаға, оның түйсігіне, қоғамдық өндіріс процесінде адамдардың қарым-қатынастарына әсер етуінен байқалады. Қызметтер аясы дами түсе, адамдардың тұрмыс салтының калыптасуына әсер етеді.Рухани өсу мен үйлесімді даму жолында кең мүмкіндіктер беру, қызметтер аясының әлеуметтік бағыттылығын айқындаушы аспектілерінің бірін білдіреді. Сөйтіп, қызметтер аясы халықтың тұрмыс деңгейін көтере, халық шаруашылығының экономикалық өсуінің маңызды факторы ретінде көрінеді. Дегенмен де, кері байланыстың маңыздылығын төмендетпейміз, яғни экономикалық өсуді қамтамасыз ететін өндіріс, адам қажеттіліктерінің жиынтығын, даму деңгейін, өндірілетін өнім мен қызметтердің көлемі мен сапасы арқылы оларды қанағаттандыру дәрежесін, алатын табыстар көлемін анықтайды. Казіргі кезендегі өндіргіш күштер дамуының заңдылықтарының бірі -өндірістік процестегі жеке тұтыну рөлінің белсенділігі. Түпкі сұранымның негізгі құрамасы бола, халықтың шығындары көбіне экономикалык, өсудің динамикасы мен құрылымды параметрлерін анықтайды. Осымен бірге, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, әлеуметтік-мәдени және психологиялық факторларының күрделі кешенінің әсерімен, халықтың тапсырыстары мен қажеттіліктерінің үздіксіз кеңеюі және жаңартылуы орын алуда және де ол тұтыну шығындарының өзгермелі кұрылымында өз бейнесін алады. Әртүрлі қызметтер мен затты игіліктерге деген сұраным динамикасы әрбір елдің өзіндік ерекшеліктерімен анықталады. Мұнымен қатар, экономистердің еңбектерінде жеке тұтыну қорын сипаттайтын және жалпы даму үстіндегі әлемге тән жалпылама мезеттер сөз етілген. Солардың ішіндегі негізгісі тұтыну қорының сандық және сапалық толықтырылуының жергілікті өндірісті-техникалық база мүмкіндіктерінен алға кетуі нәтижесінде индустриалды дамыған мемлекеттермен салыстырғанда, оның халық шаруашылық пропорцияларына белсенді әсер етуі. Қазіргі кезде табиғи орта өндіріске ғана емес, сонымен қатар, тұтынуға да әсер ететіндігін дәлелдеу қажетігін туғызбайды. Және де жеке елдер, облыстар және тіптен тұрғылықгы жерлер арасында орын алатын тұрмыстық жағдайлардағы теңсіздікті мейлінше төмендету мақсатымен шараларды қолданғанымен, оларды толықтай жою мүмкін емес екендігін ескеру қажет. Халықтың тұрмыстық жағдайларындағы аймақтық ерекшеліктер сипатын айқындау, осы ерекшеліктерді қандай жолдармен қысқартуға болады және солайша, шаруашылықтанудың рыноктық реформаларын құру жағдайларында осы маңызды мәселені шешу жолдарын қалайша белгілеу қажет екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Қызмет көрсету саласы адамның денсаулығы, білім алуынан бастап, бос уақытты тиімді өткізуіне дейін өмірінің барлық жақтарына, қоғамның осы әрбір мүшелері үшін жағымды жағдайлар жасау арқылы әсер ететіндігі аян. Коммуналды-тұрмыстық жағдайлар адамның өмірлік қызметінің орасан уақыт пен энергияны талап ететін аясы болып қала бермек. Халық өзінің бос уақытын өзіндік қызмет жасау бойынша үй шаруасына, коммуналды-тұрмыстық мекемелерді аралауға, балаларды күтіп-тәрбиелеуге жұмсайды.
Қызметтер аясының тұрмыс салтын қалыптастыру түрғысынан алғандағы маңыздылығы, бұдан басқа қызметтер аясының өзіндік жұмыскерлерінің тұрмыс салты мен оның бүтіндей қоғамға, оның барлық мүшелерінің тұрмыс салтына әсер етуімен толықтырыла түседі. Қызметтер аясындағы жұмыскердің өндірістік өмірлік қызметі, оның кәсіби дайындық дәрежесімен, қоғамдық-саяси даму деңгейімен, біліктілікті үнемі жоғарылату мен өндірісті жетілдіру жайлы пәруай таныту секілділермен сипатталуы қажет. Жоғары білікті мамандардың, қызметті тұтынушылардың жеке тілектерін ескере, тапсырысты дұрыс қабылдау, еңбек пен қызмет көрсетуді ғылыми түрде ұйымдастыру және т.с.с. әрекеттерді қамтитын жоғары мәдени деңгейлі қылықгы танытулары бүгінгі күн талабы. Мұнда, рынокты экономикамен қалыптасатын тұрмыс салты, айқын байқалатын еңбек сипатына ие, яғни бұл қоғамның әрбір еңбекке қабілетті мүшесі үшін міндетті тұрмыстың еңбекті кейпі деп тұжырым жасай аламыз. Мысалы, үй шаруасын жүргізудегі уақыт шығынын қысқарта, адамды тартымсыз және еңбек сыйымды жұмысты орындаудан босата, еңбек сыйымды жұмысты орындаудан босата, қызметтер аясы адамдардың бос уақытының шегін кеңейте отырып, олардың рухани және табиғи дамуына септігін тигізеді. Әсіресе әйелдердің, үй жұмысынан қолы босауы есебінен балаларға көп көңіл бөліп, тәрбиесі мен мәдени дамуында өз орнын алуынан, бос уақытының ұлғаюының әлеуметтік маңызын көреміз. Сөйтіп, қызметтер аясы уақыттың үнемделуі мен оның рационалды пайдалануына атсалысады. Бос уақыттың әсерін бір жағынан экономикалық өсу факторы ретінде қарастыруға болса, екінші жағынан - бұл бос уақыт пен жұмыс уақытының тығыз ара-катынасында байқалатын уақытты үнемдеу заңының әрекет ету механизмінің көрінуі.
Саяси экономикалық аспектіде аталмыш ара-қатынас жұмыс уақытының азаюы, бос уақыттың үлғаюына негіз құрайтынында көрінеді. Бос уақыттың ұлғаюы жүмыскер біліктілігін жоғарылатуға жағымды жағдайлар орнатса, олардың біліктілік деңгейінің жоғарылауы еңбек ауысуының экономикалық заңының толық жүзеге асуының бірде-бір себебі болады, ал оның негізінде қоғамдық уақыттың барлық құрама бөліктерін тиімді пайдалануға әбден болады.
Тәжірибе көрсеткендей, экономикалық талдау және әлеуметтік зерттеулер көз жеткізіп отырғандай, бос уақыттың пассивтілігі көптеген субъективті жөне объективті себептермен түсіндіріледі. Бос уақыт бүгінде әлі де болса толыктай адамның жан-жақгы дамуын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz