Қазақ эпосы мен жыраулар поэзиясындағы жылқы образы


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ұлы даланың жеті қыры: жылқы бейнесінің әдебиетте көрініс алуы
Тараз
2020
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының ұғымы мен жылқы малының шығу тегі . . . 6
1. 2 Қазақ аңыз-әңгімелерінде тұлпар бейнесінің сомдалуы . . . 13
2 Қазақ эпосы мен жыраулар поэзиясындағы жылқы образы . . . 25
2. 1 Тұлпар туралы шығармалардың көркемдігі . . . 31
2. 2 І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы ат бейнесі . . . 44
3 Қазіргі заман әдебиетіндегі жылқы образы туралы жаңашыл туындылар . . . 52
3. 1 С. Сейфуллинның «Қызыл ат» шығармасындағы тұлпарды суреттеуі 58
Қорытынды . . . 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 66
Кіріспе
Өзектiлiк . Қазақ сөз өнерінде тұлпардың суреттелу тарихы мен тағдыры тым көне кезеңдерде жатқаны бәрімізге белгілі. Ұлттық рәміздерімізде бейнеленетін барыс, қыран секілді тұлпар символикасының да ұлттық санадағы орны ерекше. Символдардың мағынасы мен мәнін келешек ұрпаққа жеткізу - еліміздің қанша ғасырлар бойы дәстүрге айналдырған ғұрыптық ырымдар мен жоралғылардың, әр түрлі ем-домдардың негізгі себебін терең ұғынуға септігін тигізеді. Бұл - ұлтымыздың рухани мәдениетінің алғышарттарын тереңірек түсінуге, халықтық үрдісіміз бен санамызды тарих қойнауынан аршып, дала өркениетін мақтан тұтуға жетелейтіні анық. Әлем ұлттарының әдебиетіне ортақ бейне болып табылатын арғымақ, тұлпар, сәйгүліктерді сол көне замандарды жалғастырып келе жатқан мәдениет үлгісі деп қарай отырып, қазақ әдебиетінде осы дәстүрді қайта жандандырып таза тұлпар малының бейнесін сомдап, ішкі жан-дүниесін, тағдыры мен психологиясын бейнелеген шығармаларды қарастырдық. Қазақ әдебиетіндегі жылқы бейнесі - ұлтымыздың арғы-бергі тарихымен, қазақ сөз өнеріндегі белесті кезеңдер: ежелгі әдеби жәдігерлік және ақын-жыраулар мұрасынан - Абай әлеміне, одан қазіргі кезеңге дейінгі аралықтағы жетістіктерімен табиғи байланыстарылады. Тақырып өзектілігі де сол қазақ әдебиетіндегі арғы-бергі бел-белестеріміздегі жылқы бейнесінің тағдыры мен тарихын таразылаудан тұрады.
Зерттеу объектісі . Қазақ әдебиетіндегі жылқы бейнесі арнайы зерттеулерді қажет етеді. Осы уақытқа дейін қазақта жылқыға археологиялық, этнографиялық жағынан зерттеулер жасалғанымен, әдеби тұрғыдан ғылыми еңбектер әзірге жазылған жоқ. Қазақ әдебиетінің ежелгі ру-тайпалық, мифтік кезеңдерінде жылқы малы қолға үйретіліп бірте-бірте қазақтың малына айналған. Қазақ ұлты асау тұлпарды дастандары мен ән-өлеңдеріне қосып жырлаған. Қай уақыттағы қазақ әдебиетін алсақ та, ішінара сәйгүлік, арғымақ, тұлпар бейнелері сөз етіледі. Жылқы малын этнографиялық, мифтік, археологиялық тұрғыдан зерттеу жасаған ғалымдар жетерлік. Қазақ жылқысының ерекшеліктеріне терең тоқталған ғалымдар да баршылық. Ал, осы уақытқа дейін жылқы малын қазақ әдебиетінде терең зерттеген ғылыми жұмыс болмағандықтан, бұл жазған еңбегім тырнақалды жұмыс болып табылады.
Зерттеу құралы . Дипломдық жұмысымда теориялық материалдарды көркем әдебиет тілінде салыстыра отырып, ат мүсінінің әдебиеттегі бейнесі, жазушының жазу шеберлігі ашып көрсетіледі. Жазған жұмысымда төмендегі көркем әдебиеттер бойынша зерттеулер жасалды: қазақ аңыз-әңгімелерінде тұлпар бейнесінің сомдалуы, қазақ эпосы мен жыраулар поэзиясындағы жылқы образы, І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы ат бейнесі, С. Сейфуллинның «Қызыл ат» шығармасындағы тұлпарды суреттеуі, қазіргі заман әдебиетіндегі жылқы образы туралы жаңашыл туындылар.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері . Дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты - қазақ ауыз әдебиетіндегі аңыздар мен әңгімелердегі жылқы бейнесінің шығу тегі, типологиясы, даму эволюциясы мен функционалдық қызметі туралы тақырыпты толық ашумен қатар қоғамдық сананы, дәстүр жалғастығымен қазақ әдебиетіне жеке образ болып келген ат бейнесінің кезеңін таныту болып табылады. Осы орайда мынадай міндеттер туындайды: этнографиялық зерттеулерді қолдана отырып қазақ ұғымындағы жықы бейнесінің мән-мағынасын аша түсу, қазақ эпостарында жолығатын тұлпарлар образына талдау жасау, орта ғасыр әдебиетіндегі арғымақ образын зерделеу, жыраулық поэзиядағы сәйгүлік бейнесінің көркемдік мәнін сараптау, «Құлагер», «Қызыл ат» шығармаларындағы арғымақ бейнесінің мәнін ашу, қазіргі заман әдебиетіндегі жылқы образын жіктеп саралау.
Әдіснамалық зерттеу . Дипломдық жұмыcтa caлыcтырмaлы тaлдaу, aнaлитикaлық зерттеу, cуреттеу түрiндегi тaлдaу әдicтерi қолдaнылды. Дипломдық жұмыста теориялық материалдарымды көркем әдебиет тілімен салыстыра отырып тұлпар мүсіні мен көркем әдебиеттегі жазушының шеберлік-көркемдігі ашып көрсетіледі.
Тәжірибелік мәні . Бұл дипломдық жұмыс тек студенттер, филология мамандығының оқытушылары мен әдебиетті зерттеушілері үшін ғана емес, жылқыға қызығушылық тудыратын көптеген оқырмандар қауымы үшін де пайдалы бола алады. Сондай-ақ, жұмысымда жылқы малы туралы жазылған еңбектерге түсініктер, ашып айтқанда, жылқы малының шығу тегі, қазақ аңыз-әңгімелерінде тұлпар бейнесінің сомдалуы, қазақ эпосы мен жыраулар поэзиясындағы жылқы образы, тұлпар туралы шығармалардың көркемдігі және І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы ат бейнесі, сонымен қатар, қазіргі заман әдебиетіндегі жылқы образы туралы жаңашыл туындылар мен С. Сейфуллинның «Қызыл ат» шығармасындағы жылқы тегінің маңызы жайында жазылған жұмысты студенттер дипломдық және курстық жұмыстарды жазу барысында қолдануына болады.
- Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының ұғымы мен жылқы малының шығу тегі
Ел аузында: "Жылқы - жеті қазынаның бірі", "Ат -адамның қанаты", "Жылқы - түлік патшасы", "Ат ерді сақтайды" деп жылқы малын ұлықтаған ұлтымыз жүйрік жануарды тегіс тіршілік тірегі, салт-дәстүрі, өмірінің өзегімен тығыз байланыстырып келеді. Жүйрік арғымаққа қатысты қанымызда бар қасиеттер әр кезде жанымызда атой салып, бой көрсетіп қалып жатады.
Біздің тегіміз - түрік, түлігіміз - жылқы. Сол үшін де қазақ «аттың жалына қиямет күніне шейін жақсылық байлаулы тұрады» деп жылқы малын қасиеттіге санаған. Жылқы - төрт түлік малдың ішіндегі төресі болып саналады. Тәкаппар, кірпияз, паң, сырбаз, сезімтал, киелі жануар. Қазақ қазақ болып, ұлт болып сақталып қалғаны үшін - ат пен анаға қарыздар. Мұншама кең байтақ жерді ата-бабаларымыз аттың жалында, түйенің қомында, найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтай отырып, бізге аманат етіп тапсырып кетті.
Жылқы тегінің қасиеті мол, орны ерекше. Ол - мінсең көлік, жесең тамақ, ішсең сусын, кисең киім болады. Жылқының еті де, сүті мен қаны да дәрі, ем. Бие сауған әйелдің денсаулығы мықты болады, жылқы сүтінің қасиеті әйел тырнағының астынан бүкіл денесіне дариды. "Жылқы - жаным, қымыз - қаным" деп Ақтайлақ би бекер айтпаған. "Жылқының сүті - шекер, еті - бал" екенін дана халқымыз ежелде-ақ айтып кеткен.
Қазақтың ерлері ғана емес, әйелдері де жылқы тегінің табиғатын терең түсініп, түйсініп сезіне білген. Оған бір мысал да бар, Бәйдібек би жол жүріп кеткен бір күнде топ барымташылар Домалақ ананың шаңырағынан шай ішіп, сый-сияпат көреді. Үйір-үйір жылқыларды барымталаған ұрылар қайтарда да сол үйге соғып, шай ішеді. Домалақ ананың ниеті мен көңіліне риза болған барымташылар «бізден бір жылқы алыңыз» деп өтініш жасайды. Сонда ана көп жылқының ішінен ең жаман, кәрі құла сары айғырды таңдап алады. Бұл таңдауға ешкім түсінбейді. Келесі күні Домалақ ананың айтуы бойынша кәрі айғырды төбенің басына алып шығып, екі аяғына қыл арқан байлап бұрағанда, кәрі айғыр жан даусын шығарып шыңғырады. Ол дыбысты естіген үйір жылқы барымташыларға бой бермей, тым-тырақай қашып, түгелі кәрі айғырдың жанына жиналыпты. Бұл үйірі құтты кәрі айғыр болған екен. Осылайша Домалақ ананың ақылы мен арғымақтың қасиетін түсіне білетіндігі жылқысынан айрылған елге өз пайдасын тигізіпті. [А., 1996]
«Ат айналып қазығын табады», «Жылқы - жершіл» деп халқымыз бекер айтпаған. Текті жылқы басы босаса ұзақ қашықтықта да болса да туып-өскен жерін тауып алады.
Жылқы образын тереңнен зерттей отырып, елімізбен бірге жасасып келе жатқан текті жануарымыздың пайда болуы мен дамуы Ч. Дарвиннің еңбегіне сүйене отырып әйгілі палеонтолог В. О. Коволевскийден бастап, жылқының эволюциясы туралы белгілі ғалымдар қазірге дейін зерттеулер жүргізуде.
Жылқы малының шығу тегі туралы дерек көздері өте көп. Сәйгүліктің шығу тегі айдаһармен, сумен байланыстырылады. Жылқының айдаһарға ұқсайтын бір көріністегі қыры, келбеті болған. Ғалым С. Әжіғалиев ежелгі қытайлар мифологиясында тау мен ат бейнелерінің арасындағы генетикалық қатынас жөнінде де сөз қозғаған. Бұған қарап «тау мен ат» қатынасын «үңгір мен ат» байланысымен шендестіруге болады. Осыған ұқсас тағы бір аңыз Монғолияда да сақталған «Аса қадірлі деп саналған Монго Морито жотасын мекендейтін күміс аттар аспаннан түскен деседі. Жалпы, аттың аспанмен және таумен (үңгірмен) сабақтастығын «танг» (тау), «таз» (тай) сөз өзгерістерінен де байқауға болады. Көшпелі түркі фольклорында қанатты арғымақ образын сақтап отыр. Бірақ олардың көшпелі өмірі қанатты ат образын бейнелеу өнерінде сақтауға мүмкіндік берген жоқ. Ал, судан шығатын арғымақтар туралы аңыздың барлығы бір географиялық ареалға Каспий теңізінің, дәлірек айтқанда, осы теңіздің оңтүстік-шығыс (Түркменстан) және оңтүстік-батыс (Әзірбайжан) жағалауына тоғысады.
Жылқытұрпаттылық (гиппоморфизм) - мифологиядағы бейнелердің кейіптенуінің бір түрі десе де болады. Жылқытұрпаттылық деген мифтік, эпостық, шежірелік кейіпкерлердің ат бейнесінде суреттелуі. Ер адам - айғыр, әйел - бие бейнесінде суреттеле алады. Мысалы, көне грек мифологиясында теңіз тәңірі Посейдон арғымақ кейпінде суреттелген, архаикалық миф Посейдонның Деметрамен жылқы бейнесінде некелескендігін айтады. Осындай кейіптегі «некелесу» үнді мифологиясындағы Вивасват туралы мифтерде де кездеседі. Осыған ұқсас болмыстарды түркі және қазақ фольклорынан да кездестіруге болады. Шоқан Уәлиханов өз зерттеулерінде қырғыздарда арбаушы батырларға қоса арбаушы аттардың да (арбын құлын, лошадь чародей) болатындығын жаза келе, қазақта да «жылқы әулие» деген түсініктің болғанын атап өткен. Бұл жазбадан қырғыздық «арбын құлын» мен қазақтың «жылқы әулие» түсініктерінің мифтік болмысын анықтап, нақтылау керек. Қазақ фольклорында «су мен жылқы» байланысы, «су жылқылары» (теңіз жылқылары, суын айғыр, суын биелер) деген фольклорлық бейнеден көрініс тапқан. Осындай телімелік келтірімнің түркілерге де тән болғандығын дәлелдейтін мысалдардың да бар екендігін айта кеткен жөн. Ертегілер мен эпостардағы кез-келген тұлпар, тіпті оның «сумен байланысы» көрсетілмей қалған жағдайдың өзінде де су жылқысы болып саналады.
Ғұлама ғалым Ә. Марғұлан өзінің «Ежелгі жыр, аңыздар» тақырыбындағы еңбегінде «Жылқы бағу үрдісінен Қазақстан даласы ғажайып аңыздың ұясы болып табылады. Сақ, үйсін, ғұн кезеңінен бері қарай қазіргі кезеңге дейін олар жылқылардың түрлі алуан әдемі мүсінін баптап шығарған. Олардың аса қадір тұтқандары әсіресе тұлпар аттар болып саналады . . . » деген [2, 71] .
«Жылқының киелі (мифтік) табиғатының барлық кезеңдегі өзектілігі арғы қазақтарда арғымаққа, жылкы шаруашылығына қамқор болатын «арнайы» тәңіриесінің болуына жағдай жасап берген. Қазіргі таңдағы «Қамбар ата», «Дүлдүл ата», «Жылқышы ата» деп аталатын жылқы иесі мен жылқышылардың образының ар жағында осындай жүйелі тәңіриесінің жатқандығы ешқандай дау туғызбайды [3. ] .
Қамбар ата - жылқышылардың иесі, жылқы малының пірі болып табылады. Зерттеушілер оның есімін пайғамбарымыздың күйеу баласы болған Әзірет Әлінің атбегісі атанған Ганбармен байланыстырады, осы образдардың мифологиялық жүйесі мен рулық шежіреге кірген себеп-салдарын ғана қарастырамыз. Қамбар баба немесе Қамбар ата бейнесі қазақтан басқа мұсылман халықтарының барлығының фольклорында бар. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбындағы мақаласында «әлемнің жеті кереметі» секілді, қазақ халқының кең байтақ жерін мекендеген ежелгі көшпенді елдің ұрпағының жеті кереметін атап айтқан болатын. «Ұлы даланың жеті қырының» алғашқы тармағы атқа міну мәдениетіне арналуы да заңдылық. Себебі, өздерін көшпенді халықтың тікелей ұрпағымыз деп санайтын қазақ баласына атқа мініп, қымызды сапырып, қиялай кесіп қазы жеуден рақат дүние жоқ секілді. Сонымен, жарқырап бүкіл көшпенділер дәуіріне, адамзат дамуына сүбелі үлес қосқан атқа міну мәдениетіне тоқталайық. «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі», - дейді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Осы сәтте Асқар Сүлейменовтің жазған «Өзгелер маймылдан жаралса жаралған шығар, қазақ жылқыдан жаралған» деген сөзі еріксіз ойға оралады. Расында, қазақтың арғы тарихына мән беріп қарасақ еліміздің ұйқысыз өтсе де, жылқысыз өтпегенін оп-оңай байқауға болады. Өткен дәуір тарихын ат тұяғының ізімен жазған көшпенділердің артында Есік, Ботай, Берел тәрізді тарихи қорғандар қалды. Аталған тарихи мекендер жылқы тарихының, атты қолға үйрету дерегінің бастауы екенін қазіргі тарих өзі-ақ айқындап берді. «Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді» деп Елбасымыз мақаласында бұл тарихи дәлелге тиянақты тұжырым жасады. Кешегі өткен Геродоттың, Страбонның, Марко Полоның, Рубруктың зерттеулерінен көшпенділердің жылқы жалындағы мәдениеті мен атқа отыру өнерінен соғыс өнеріне жетіктігі, атқа отырудағы рухани қазынасы қаншалықты терең, қаншалықты бай болғанын байқай аламыз. «Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты» дейді Елбасы өз мақаласында. Рас, қазақтың кең-байтақ жерінде қолға үйретілген жылқы жануары жаһандық өркениетті алға сүйрегені айтпаса да белгілі. Әсіресе үзеңгі мен ауыздықты ойлап шығарған бабаларымыз әлемнің тізгінін қолына ұстады десе де болатындай. Бұл туралы әйгілі ғалым Геродот: «Олар ат үсті болсын, жаяу болсын соғыса береді, соғыстың барлық тәсілін де жетік меңгерген: садақ-найзамен қаруланған, қарапайым қару мен айбалтаны да қару ретінде пайдаланады. Сонымен қатар, олар жылқының алқымын сауытпен қаптайды, ал ауыздықтары мен жүгендерін және құйысқандарын алтынмен қаптайды» деп ақпарат берсе, араб саяхатшысы әрі зерттеушісі Ибн-батута «…Дешті Қыпшақтарда төрт доңғалағы бар үлкен арбалар бар, олар оған екі немесе бірнеше жылқы жегеді, кейде ат орнына арбаның салмағы мен мөлшеріне қарай қара мал және түйе пайдаланылады. [4, 364] . Айдаушы салт атқа мініп, ұзын бишікпен немесе ұзын шыбыртқымен бағыттап, оларды уақытылы жолға түсіріп отырады. Арбалардың үстіне бір-бірімен қайыстармен бекітілген әр түрлі ағаштардан құрастырылып жасалған үйшіктер орнатылады. Үйшіктердің сыртқы жағы киізбен немесе басқа да қалың материалмен қапталады.
Сондай-ақ, бұл арбалардағы үйшіктердің алмалы-салмалы терезелері бар. Үйшіктің ішінде отырып, сыртта болып жатқан жағдайларды аңдауға болғанымен, үйшіктің ішінде отырғандар көзге түспейді» деп жазып қалдырған. Екеуі де тарихта болған, екеуі де ежелгі қазақтарды көзімен көрген әйгілі тарихшылар. Дәл осы зерттеушілер келтірген ақпараттардың жалғасындай, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та өз мақаласында: «Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалаған. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенді халықтардың империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды» деп жазды. Сан ғасырлар бойы тақымынан тұлпары, ат басында қолынан найзасы түспеген қазақ халқын 18 ғасырдың соңында орыстың Ақ патшасы түсіруге тырысады. Тіпті қазіргі таңда тарихта аңызға айналған ІІ Екатерина айтты деп аңыз болған сөз көкейімізде сайрап тұр. «Қазақтарды атқа мінгізбеңдер. Олар атқа мінсе кімді болсын таптап кетуден тайынбайды» деп ескерткен қаймығуы орынды да еді. Себебі «Байрақ ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі - сол замандағы ең танымал эмблема, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты құралған көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі» еді. Ал әлемдік өркениетке атпен шыққан көшпенділерден нәр алған бүгінгі Еуропа адамбасты, жылқы денелі кентаврлардан бекер сескенбеген. Себебі де белгілі, бабаларымыз арғымақтың қасиетінің арқасында тізеліні бүктіріп, мойындыны иілткен. Тіпті, түркі халықтары әлі күнге дейін қуат күшін жылқының күшімен есептейтіні тегін емес секілді.
Дана халқымыздың барлық сөздік қоры, тіршілігі мен тынысы, тіпті әні мен күйі де жылқыдан еш ажыраған емес. «Дәйім менің мінгенім ал қарагер, Ауыздығын шайнайды сол қарагер. Оралыңның барында ойна да күл, Жалмайды барлығын да сұм қара жер, » деп қара өлеңнің бас кейіпкеріне айналған жылқы малы, «ат баспаймын деген жерін үш басатынын» айғақтап мақал мен мәтелге де себепкер болды. Бұл жағдай жылқының ұлттық руханиятымызға, қазақы жадымыз бен халықтық санамызға айналып кеткен бір көрінісі ғана. Ендеше, Елбасы айтқандай, «біз ғаламның барлық аймағына ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз». [5, 289] .
Елбасы тұжырымдап, нақ айтып отырған атқа міну мәдениетінің тағы бір жағымды көрінісі - адамзат өркениетіне киім кию мен ықшамдылықты алып келді. «Қазіргі киім кию үлгісінің базалық көріністері дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр алады. Атқа міну мәдениеті арқылы салт атты жауынгердің ықшам киім кию үлгісін алып келді. Ат үстінде болғанда ыңғайлы жүру үшін бабаларымыз алғаш рет киімді астыңғы және үстіңгі деп екіге бөліп қарай бастады. Осылайша, кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды» дейді Елбасымыз. Демек, ат басына мінген бабаларымыз адамзат тарихына өлшеусіз үлес қосып, өркениеттің дамуының жаңа сатысына көтергенін байқауға болады. Атқа міну мәдениеті кешегі ата-бабамыз үшін бүкіл әлемді аузына қаратқан айтулы оқиға болса, бүгінгі сол бабалардың ұрпағы аттың оң-терісін ажырата алмайтын жағдайға жетіп отыр. Жоғарыда атап өткен ІІ Екатеринаның айтқаны анық келіп, қазақ баласы «аттан түсті». 300 жылдық патшалық сүргінінен әупіріммен аман қалған ұлтымыздың руханиятының жұрнағы 70 жылдық кеңестік езгіде ессіздікке айналды. Қазіргі ұрпақ жылқы көрсе құлағын бір қағып тұра беретін есекпен шатыстыра бастады. Дәл осы сәтте Елбасының кешегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бір дем бергендей болды.
Қазақ халқы бүкіл адамзаттың өмір сүру үрдісіне елеулі әсер еткен жағдайларға куә. Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаев өзінің қазақ халқына Жолдауында «Халқымыздың табысқа қол жеткізуінің басты кепілі - өткен тарихы мен өмірін мақтан тұтып, бүгінгі күнді нақты бағалай алу және болашаққа оң көзқараста қарау» деп айтқан болатын. Сол себепті де өткенді бағалап, бүгінгіні зерделеп, келешекке сеніммен қадам жасай алу үшін тарихи сананы жаңғыртукеректігін нақты мысалдармен түйіндеп береді. Солардың бірі атқа міну мәдениеті екені және жылқы шаруашылығы Ұлы дала тарихынан тарағаны белгілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz