Сөз таптарының қасиеттері


Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақ тілінде сөздердің сөз таптарына топтастырылу мәселелері
Орындаған :
Студент : Кабдуллаева Эльмира Канатовна
Мамандық: «Бастауыш білім беру»
Топ:
БББ-41
Тексерген:
Тастемирова Н. Э.
(қолы)
2019-2020 оқу жылы
Мазмұны
1. Сөз таптары туралы жалпы түсінік
1. 1Сөз таптарының шығу тарихы . . . 4-9 1. 2Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі ұстанымдары туралы . . . 9-14 1. 3 Сөз таптарының шығуы мен дамуы . . . 14-18
2. Сөз таптарынын түрлері және маңызы 2. 1 Сөз таптарының түрлері . . . 22-25 2. 2 Сөз таптарының қасиеттері . . . 25-34 Қорытынды . . . 35-36 Әдебиеттер тізімі . . . 37
Қазақ тілінде сөздердің сөз таптарына топтастырылу мәселелері
Сөз таптары туралы жалпы түсінік
1. 1Сөз таптарының шығу тарихы
Тілдің ғасырлар бойындағы тарихи дамуы барысында оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысы өзгеріссіз қала алмайды. Сөздердің лексикалық табиғатында да, грамматикалық табиғатында да алуан түрлі өзгерістер болады, олар қолданылу ыңғайына, атқаратын қызметіне қарай сараланады, топтасады. Осылайша дамудың барысында сөз таптары жасалады да, олардың әрқайсысы өзіндік жалпы кагорияльды мағынаға ие болады, морфологиялық жағынан тұлғаланады, сөз тудырушы және сөз түрлендіруші арнайы формаларға ие болып, сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқаруғаикем деледі.
Жеке, нақтылы тілдердегі немесе тілдердің тобындағы сөздерді сөз таптарына топтастыруда сөз таптарының жалпы теориясына сүйену өте-мөте қажет. Әрине, жеке, нақтылы бір тілдегі сөз таптарының санын да, табиғатын да сол тілдің өзіндік ерекшеліктерін ескермей немесе сол ерекшеліктерге байланыссыз айқындау дұрыс болмаған болар еді. Бұл жерде әңгіме сөз таптарының жалпы теориясының жеке, нақтылы тілдердегі сөздерді сөз таптарынадұрыс толптастыра білуге қатысы жайында болып отыр. Жеке тілдердегі немесе тілдердің тобындағы сөз таптарын айқындауда сол тілдердің немесе тілдердің тобының грамматикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, сөз таптарының жалпы теориясына негізделу қажет. Мұнсыз сөздерді өз таптарына топтастырылу мәселесі өзінің дұрыс шешімін таба алмайды.
Тіл білімінде ертеден бастап, сөздерді негізгі немесе атауыш сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп әр түрлі топтарға бөлу дағдысы бар. Атауыш сөздердің қатарына заттар мен құбылыстардың, сапа -белгінің және іс-әрекеттің атаулары жатады. Олардың әрқайсысында толық мағына бар және сөйлемде өздігінен мүше ретінде қызмет атқара алады. Атауыш сөздердің қатарына зат есім, сын есім, үстеу, етістік және шартты түрде сан есімдер мен есімдіктер жатқызылып жүр. Көмекші сөздерде атауыш сөздердегідей дербестік жоқ. Лексикалық мағынаның әлсіреп күңгірттенуі және ондай мағынаның грамматикалық мағынамен ұласып кетуі, сөйлемде дербес мүше бола алмауы көмекші сөздерді сипаттайтын және оларды атауыш сөздерден ажырататын белгілер болып саналады. Көмекші сөздердің қатарына әр түрлі тілдердегі артикльдер, предлогтар, жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер енеді.
Тіл білімінде сөз таптарының табиғаты жайында әр түрлі көзқарастар мен байымдаулар бар. Олардың бірі бойынша, сөз таптары сөздердің лексика-грамматикалық категориялары болып саналса, екіншілері бойынша, сөз таптары сөздердің формальды-грамматикалық категориялары, үшіншілері бойынша, сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады
Тілдің байлығы - сөздер алуан түрлі, олар тек мағынасы жағынан ғана емес, грамматикалық құрамы, атқаратын қызметі жағынан да түрлі-түрлі. Тілдегі сөздердің бұл ерекшелігін ғалымдар ерте байқаған. Сонымен байланысты тілдегі сөздерді топтастыру мәселесі туындаған.
Тілдегі сөздерді топтастыру мәселесі тіл білім ғылымында алғашқы грамматикалардан басталған. Аристотельдің сөздерді есім және етістік деп бөлгені белгілі. Содан бері ғылым дамып, эр тілдің грамматикаларында сөздердің топтары нақтыланып, барған сайын анықталып келеді. Бір тілдін өзінде сөздер әр заманда түрліше таптастырылып отырғаны белгілі. Мәселен, 1914 жылы баспадан шыққан А. Байтұрсыновтың "Тіл құрал" атты оқулығында сөздерді алдымен атауыш сөздер, шылау сөздер деп екі үлкен топқа бөлген. Атауыш сөздерге: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік деген бес сөз табын жатқызған. Ал, шылау сөздерге үстеу, демеу, жалғаулық, одағай сөздерді жатқызған. Бұл қазақ тілінде жазылған алғашқы оқулық екені белгілі. Ахмет Байтұрсынов "Тіл құралдың" 1915 жылғы басылымында сөз таптары туралы пікіріне біраз өзгерістер енгізген. Оқулықтың бұл басылымында ғалым сөздерді бұрынғы басылымдағыдай екі үлкен топқа бөлмеген. Сөздерді 9 топқа бөлген: зат 5есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулықтар, одағай.
Қазақ тілінде сөздер екі түрлі топтастырылады. : 1) сөздерді 3 топқа бөлу, 2) сөздерді әр түрлі жеке-жеке сөз таптарына бөлу. Олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқтау қажет.
Тілдегі сөз атаулыны үш топқа бөлу алғаш екі топ ретінде (атауыш сөздер, шылаулар) А. Байтұрсыновтан басталғаны жоғарыда айтылды. Сөздерді бұл тұрғыда топтастыру олардың мағыналық ерекшелігіне, атқаратын лексикалық, грамматикалық қызметіне негізделген. Сөздерді осы түрде таптастыру тек қазақ тіліне ғана қатысты құбылыс емес. Мысалы, 2004 жылғы Д. Э. Розенталь, И. Б. Голуб, М. А. Теленковалардың авторлығымен шыққан "Современный русский язык" атты оку кұралында "самостоятельные и служебные части речи" деп бөліп, одан басқа модаль сөздер, одағай жэне еліктеуіш сөздер топтары бар деп есептеп жэне олардың эрқайсысына қысқаша анықтама берген.
Демек, сөздердің бір-бірінен ерекшелігін ашу үшін қолданылып жүрген сөздерді топтастырудың бұл түрі ғылыми негізі бар, тәжірибеде өзін ақтаған, сондықтан ол XXI гасырда да сақталғаны жоғарыда келтірілген орыс тіл білімінің тәжірибесінен көрінді. Сондықтан бұл топтастыруды артық санайтын кейбір қазақ тілшілерінің пікіріне қосылуға болмайды. Өйткені бұл топтастыруда тілдегі сөздердің жалпы ерекшеліктері ашылады, соған байланысты сөздің ойды білдіретін лексикалық мағыналы топтары анықталады, олардың сөйлемдегі ойды білдірудегі қызметі белгіленеді, сондай-ақ ол белгілері жоқ атауыш сөздерге кызмет ететін де сөздер бары, көмекшілер бары анықталады. Осы екі топтың да қызметін де атқармайтын, тіпті сөйлемге қатыспайтын ерекше топтың бары осы топтастыруда анықталады.
Бірсыпыры зерттеушілер тарихи тұрғыдан сөз таптарын сөйлем мүшелерімен байланыстырады. Бұл мәселе жайында акед. И. И. Мещанинов “Сөйлем мүшелері мен сөз таптары” деген салыстырмалы-типологиялық зерттеуінде былай деп жазды. “Зат есім өзінің сөйлемде заттық мағынадағы мүше (бастауыш және толықтауыш) болуымен бөлініп шығады, сөздерде сөйлемнің атрибутивті мүшесі (анықтауыш) ретінде жұмсалуы арқылы сын есім жасалады, үстеулер пысықтауыш мүше ретінде жұмсалады, етістік басқа сөз таптарынан баяндауыш ретінде қызмет атқаруы нәтижесінде ажыратылады. Бұл жерде сөйлемнің осылай мүшеленуімен лексикалық топтар жасалады”.
Тілдің ғасырлар бойындағы тарихи дамуы барысында оның сөздік құрамы мен гграмматикалық құрылысы өзгеріссіз қала алмайды. Сөздердің лексикалық табиғатында да, грамматикалық табиғатында да алуан түрлі өзгерістер болады, олар қолданылу ыңғайына, атқаратын қызметіне қарай сараланады, топтасады. Осылайша дамудың барысында сөз таптары жасалады да, олардың әрқайсысы өзіндік жалпы кагорияльды мағынаға ие болады, морфологиялық жағынан тұлғаланады, сөз тудырушы және сөз түрлендіруші арнайы формаларға ие болып, сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқаруғаикем деледі.
Жеке, нақтылы тілдердегі немесе тілдердің тобындағы сөздерді сөз таптарына топтастыруда сөз таптарының жалпы теориясына сүйену өте-мөте қажет. Әрине, жеке, нақтылы бір тілдегі сөз таптарының санын да, табиғатын да сол тілдің өзіндік ерекшеліктерін ескермей немесе сол ерекшеліктерге байланыссыз айқындау дұрыс болмаған болар еді. Бұл жерде әңгіме сөз таптарының жалпы теориясының жеке, нақтылы тілдердегі сөздерді сөз таптарынадұрыс толптастыра білуге қатысы жайында болып отыр. Жеке тілдердегі немесе тілдердің тобындағы сөз таптарын айқындауда сол тілдердің немесе тілдердің тобының грамматикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, сөз таптарының жалпы теориясына негізделу қажет. Мұнсыз сөздерді сөз таптарына топтастырылу мәселесі өзінің дұрыс шешімін таба алмайды.
Тіл білімінде ертеден бастап, сөздерді негізгі немесе атауыш сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп әр түрлі топтарға бөлу дағдысы бар. Атауыш сөздердің қатарына заттар мен құбылыстардың, сапа -белгінің және іс-әрекеттің атаулары жатады. Олардың әрқайсысында толық мағына бар және сөйлемде өздігінен мүше ретінде қызмет атқара алады. Атауыш сөздердің қатарына зат есім, сын есім, үстеу, етістік және шартты түрде сан есімдер мен есімдіктер жатқызылып жүр. Көмекші сөздерде атауыш сөздердегідей дербестік жоқ. Лексикалық мағынаның әлсіреп күңгірттенуі және ондай мағынаның грамматикалық мағынамен ұласып кетуі, сөйлемде дербес мүше бола алмауы көмекші сөздерді сипаттайтын және оларды атауыш сөздерден ажырататын белгілер болып саналады. Көмекші сөздердің қатарына әр түрлі тілдердегі артикльдер, предлогтар, жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер енеді.
Тіл білімінде сөз таптарының табиғаты жайында әр түрлі көзқарастар мен байымдаулар бар. Олардың бірі бойынша, сөз таптары сөздердің лексика-грамматикалық категориялары болып саналса, екіншілері бойынша, сөз таптары сөздердің формальды-грамматикалық категориялары, үшіншілері бойынша, сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады.
Тіл білімінде сөз таптарының табиғаты жайында әр түрлі көзқарастар мен пайымдаулар бар. Олардың бірі бойынша, сөз таптары сөздердің лексика-грамматикалық категориялары болып саналса, екіншілері бойынша, сөз таптары сөздердің формальды-грамматикалық категориялары, үшіншілері бойынша, сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады.
Сөз таптарын сөздердің лексика-грамматикалық категориялары деп қарайтындар сөздер өзіне тән белгілері, атап айтқанда, семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері бойынша топталып, тиісінше белгілі бір сөз табына телінеді деп есептейді. Мысалы, А. А. Шахматовтың пікірі бойынша, әрбір сөз табының мағынасы сөздің негізгі лексикалық мағынасы мен оған қосымша грамматикалық ұғымдардың, грамматикалық категориялардың жиынтығынан құралады. Орыс тіліндегі зат есімдерде негізгі атауыш түсініктер (основные знаменательное представление) грамматикалық жекелік-көптік, тек (род), септік категорияларымен ұштасады да, етістіктерде - грамматикалық шақ, рай, етіс, жақ және т. б. категориялармен ұштасады. А. А. Шахматовтың бұл жерде «мағына» жайында емес, «түсінік» жайында әңгіме етуінің себебі оның грамматикалық теориясына тән психологизмге байланысты екендігі аңғарылады.
Ф. Ф. Фортунатов және оның мектебі сөз таптарын формальды-грамматикалық (дәлірек айтқанда морфологиялық) категория деп қарады. Ф. Ф. Фортунатов сөздерді «түрленетін» сөздер деп топтастырады да, «түрленетін» сөздерді «жіктелетін» (етістіктер), «септелетін» (зат есімдер) сөздер септелетіндердің ішінде тек (род) категориясына орай сөз түрлендіруші формаларға ие болатын сөздер (сын есімдер) деп іштей жіктейді. Ф. Ф. Фортунатов үстеулерді «түрленбейтін», бірақ сөз тудырушы формаларға ие болатын топқа жатқызады.
Сөз таптарын таза грамматикалық категория деп қарайтын лингвистер де бар. Мысалы, О. П. Суник сөз таптарын классификациялауда тіл білімінде негізге алынып жүрген заттық, атрибутивтік, іс-әрекет (процесс) тәрізділерді лексикалық мағына емес (ал А. А. Шахматов бұларды лексикалық мағынамен ұштастырады), жалпы грамматикалық мағына деп есептейді. Оның пікірінше, заттылық - зат есімдерге тән және оны басқа сөз таптарынан ажырататын жалпы грамматикалық мағына. О. П. Суник сөз таптарының әрқайсысына тән жеке грамматикалық категориялар мен мағыналарды, грамматикалық формаларды сөз таптарын ажырататын белгілер ретінде емес, сөз таптарының әрқайсысының өзіне тән жалпы грамматикалық мағынасынан туатын, соған бағынышты құбылыстар деп қарайды. Сонымен, О. П. Суник сөздерді сөз таптарына классификация жасауда сөз таптарының жалпы грамматикалық мағыналары - заттылық, атрибутивтілік, процессуальдық және т. б. мағыналарды негізге алады да, сөз таптарын таза грамматикалық категория ретінде қарастырады.
1. Сөз таптарына қатысты айтылғандарды жинақтай келгенде, мынандай қорытындылар жасауға болады.
2. Жеке, нақтылы тілдердегі немесе тілдердің тобындағы сөз таптарын айқындап классификация жасауда жеке, нақтылы тілдің немесе тілдер тобының грамматикалық басты ерекшеліктерін есепке ала отырып, сөз таптарының жалпы теориясына сүйену өте-мөте қажет.
3. Сөз таптары - сөздердің лексика-грамматикалық категориясы (топтары) . Олар бір-бірінен жалпы категорияльдық мағынасы мен грамматикалық белгілері жағынан ажыратылады.
4. Сөздердің топтары сөз таптары ретінде қаралғанда, ең алдымен, олардың білдіретін мағыналары, атап айтқанда, заттылық мағына, атрибутивтік мағына, процессуальдық мағына және т. б. түрдегі мағыналар негізге алынады. Сөз лексикалық құбылыс қана емес, мұнымен бірге грамматикалық құбылыс ретінде де танылады. Осыған орай, сөздерді сөз таптарына классификация жасауда олардың грамматикалық белгілері де негізге алынуы тиіс.
5. Сөз таптарының морфологиялық белгісінің мазмұнына сөз тудыру формалары мен сөз түрлендіру формалары енеді. Сөз таптарының әрқайсысының өзіне тән сөз тудырушы арнайы аффикстері болады да, сөз таптары бір-бірінен сөз тудырушы аффикстер арқылы ажыратыла алады. Сөз түрлендіру жүйесі грамматикалық категориялармен ұштасады, жекелік-көптік, септік, тек (род) , шақ, жақ, рай, етіс деп аталатын грамматикалық категориялардың бірі зат есімдерге немесе есімдерге, екіншілері етістіктерге телініп, сөз таптарын саралап ажыратуға көмектеседі.
6. Сөз таптарының синтаксистік белгісінің мазмұнына сөз табының сөйлемде мүше болу қызметі және сөздермен тіркесу ерекшелігі енеді. Белгілі бір сөз табына енетін сөздер сөйлемде белгілі бір мүше болып қызмет атқаруға икемделеді және сөздердің кез келген топтарымен емес, арнаулы бір тобымен тіркеседі, солармен қарым-қатынасқа түседі, өз ара байланысады. .
- а) Белгілі топқа жататын сөздердің семантикалық жағынан бірыңғайластығы (мысалы, зат есімге заттық атаулар, етістікке қимылдық атаулар жатады) ;
- ә) Сөз түрлендіруші грамматикалық категорияларының ортақтығы;
- б) Синтаксистік қызметінің ұқсастығы. Бірақ бұл үш белгі сөз таптарының бәрінен бірдей табыла бермейді. Мысалы, зат есім, етістіктен үш белгінің үшеуі де табылады, ал одағайға екінші (морфологиялық) белгі тән емес.
Сөз таптарының саны тілдерде бірдей емес. Мысалы, қазіргі орыс тілі грамматикасында 10 сөз табы, ал қазақ тілінде 9 сөз табы көрсетіліп жүр:
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Етістік
Үстеу
Еліктеу сөздер
Шылау
Одағай
Еліктеу сөздер қазақ тілінде бөлек сөз табы болса, орыс тілінде одағайлардың құрамына кіреді. Қазақ тілінде предлог жоқ, союз, частицы орыс тілінде бөлек сөз таптары, ал қазақ тілінде олар шылау сөзтабына біріктіріледі
Сөз таптары толық мағыналы сөздер (зат есім, сын есім, етістік, үстеу) және көмекші сөздер (шылау, демеулік, частицы, артикль т. б. ) болып табылады. Типологиялық тұрғыда есімдік пен сан есімді жеке сөзтабы ретінде қарастыру күмәнді деп есептеледі. Олар синтаксистік функциясы мен мағынасы жағынан әр текті және басқа сөз таптарына қатысты болып келеді. Кейбір тілдерде басқа сөз таптарының құрамында қаралады. Мысалы, үш, төрт есептік сан есімдері - зат есім-сан есімдер, үшінші, төртінші реттік сан есімдері сын есім-сан есім түрінде қаралады. Есімдік пен сан есім дәстүр бойынша толық мағыналы сөз таптарына жатқызылып жүр. Сөздерді тапқа бөлу мәселесі өте көне дәуірлерден басталады (Аристотель, т. б. грек ғалымдары, үнді ғалымдары Панини, Яска т. б. ) . Тіл білімінде сөз таптарын жіктеу мәселесі күні бүгінге дейін талас тудырып келеді.
Cөз таптары сөздердің белгілі жүйе негізінде қалыптасқан грамматикалық топтары болып табылады, сондықтан сөз таптары мен сөздерді түрге бөлуге ол сөздердің грамматикалық сипаттары мен белгілері негіз болады. Сөздерді сөз таптарына бөліп қарау әр сөзге байланысты, әртүрлі белгілер арқылы айқындалмай, сөз таптарына қатысты тұрақты белгілерінің негізінде, жүйелі принциптер негізінде айқындалуы керек. Ол принциптер сөздердің грамматикалық сипаттарына негізделуі тиіс.
Әрбір атаушы сөздің лексикалық мағынасы болатыны белгілі, сол лексикалық мағынасы арқылы әрбір сөз бір-бірінен ерекшеленеді, жеке-жеке единица ретінде түсініледі. Тіпті мағыналары бір-біріне жақын синоним сөздердің өзі синонимдік қатар құрғанмен, өзіндік ерекшеліктері бар бөлек-бөлек лексема ретінде өмір сүреді. Мысалы, үй, бала, ағаш, көше, білім, сондай-ақ ұзын, үлкен, көк, жақсы т. б. сөздер лексикалық мағынасы жағынан бір-бірінен алшақ сөздер: үй адам тұратын, мекендейтін баспана (ҚТТС, 9) ; бала ата-ананың перзенті, ұрпақ, тұқым (ҚТТС, 2) яғни белгілі (кіші) жастағы адам: Лексикалық мағыналары жағынан, көріп отырғанымыздай, бұл сөздердің арасында ешбір жақындық жоқ. Сонымен бірге берілген сөздердің алғашқы тобы - белгілі бір деректі я дерексіз заттың атауы, екінші тобы - заттың сындық белгісі. Атап айтқанда, лексикалық мағынаның жалпылануы, абстракциялануы негізінде әрбір сөзде жалпы грамматикалық мағына пайда болады. Айталық, үйдің лексикалық мағынасы баспана, яғни белгілі заттың нақты атауы болса, оның жалпылануы, абстракциялануы негізінде жалпы зат атауы жалпы грамматикалық мағына пайда болып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz