Зерттеу пәні - Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті
Педагогика жоғары мектебі
Педогогика және практикалық психологиякафедрасы

Курсттық жұмыс
Тақырыбы:Мектепке дейінгі балалардың ес процесінің даму ерекшеліктері.
Орындаған:Сұлтанбай А.
Топ:ПиП19-1
Ғылыми жетекші :Махашева П.М

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ППРОЦЕСІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ -ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Мектепке дейінгі балалардың ес процесі, маңызы, ерекшеліктері. ... ...4
1.2 Мектепке дейінгі балалардың ес процесін дамытудың моделі ... ... ... .7
2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІН ДАМЫТУДЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖОЛДАРЫ
2.1 Мектепке дейінгі балалардың ес процесінің дамытудың әдістері ... ... .10
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... .15

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі : Мектепке дейінгі балалардың ес түрлерінің қалыптасуы қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Психолог - практиктер мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілетінің дамуын жан - жақты қарастыруды қажет етеді.Мектепке дейінгі балалар - балалар мемлекетіндегі ерекше халық. Мектепке дейінгі кезең баланың ақыл - ойы дамуы мен әлеуметтік даярлығына ең қолайлы кезең. Мұндай алғы шартты пайдаланып, оны жүзеге асыру аса маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Өзекті мәселелердің бірі екендігін еске ала отырып ,курсттық жұмыс тақырыбын мектепке дейінгі балалардың ес процесінің дамуының ерекшеліктерідеп алдық.
Зерттеудің мақсаты- мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесін дамыту жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- зерттеудегі ес процесінің психологиялық ерекшеліктерінің теориялық негізін құрастыру;
- мектепке дейінгі балаларға зерттеу жүргізіп, ес түрлерінің қалыптасуындағы кейбір ерекшеліктерді анықтау және оның тиімді жолдарын қарастыру ;
-ес түрлерін дамытатын әдіс - тәсілдерді аайқындау.
Зерттеу болжамы-Егер , баланың есте сақтау қабілетін диагностикалық зерттеу жұмыстары арқылы анықтасақ, онда оның ес процесін дұрыс әрі нәтижелі дамытуға мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процестеріне байланысты негізгі теорияларды зерттеп, олардың ерекшеліктерің анықтау .
Зерттеудің практикалық мәнділігі-Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілеттерінің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу объектісі :Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің дамуы.
Зерттеу пәні- Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процесі.
Зерттеу әдістері: курстық жұмыс тақырыбын толыққанды ашу мақсатында ғылыми әдістемелік әдебиеттер қаралып, балалармен тест, сауалнама жүргізу, эксперимент нәтижесін салыстырмалы талдау.
- түрлі әңгімелеу әдістерін қолдану.
- шағын тестік тапсырмалар, сауалнамалар.
Зерттеу тірек орны:Меркі ауданы Алтын Дән балабақшасы.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде:Балалармен жіті қарым-қатынас жасау.
Екінші кезеңде:Балалармен байланыс жасай отырып,олардан тест алу,әртүрлі әдістер арқылы зерттеуді жүзеге асыру.
Үшінші кезеңде:Зерттеудің нәтижесін шығарып ,балалардың ес процесінің дамуын анық білу.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, тұрады.

3

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ
ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Мектепке дейінгі балалардың ес процесі, маңызы, ерекшеліктері
Қазіргі кезде ес процесіне байланысты жинақталған фактілер мен теориялық көзқарастардағы өзекті мәселе - естің дамуы. Бұл мәселе осы кезге дейін тиянақты шешіліп, бір ізге түспеген. Ес балада ерте кезінен басталады. Осы кезде бала есінің дамуында нендей сыр бар? Естің дамуына арнаған зерттеулерде бұл мәселенің мәні метафизикалық тұрғыдан пайымдалып, философиялык талас-тартыстар туғызды да, ал естің дамуы ғылыми тұрғыдан шешімін таппай, көлеңкеде қалып қойды. Бюлерге балалардың елесінен гөрі ойының есте сақтауы ерекшелеу болып көрінеді. Оның пікірінше ойдан гөрі елес есте тиянақты сақталады. Естің дамуына арналған зерттеулер психологияда қызу талас-тартыстар да тудырды. Кейбір психологтар баланың есі дамымайды, ол туған кезде-ақ қажетті мөлшерде болады дейді. Бұл мәселе одан әрі талдануы қажет. Алайда, кейбір бақылау нәтижелеріне қарағанда, бала дамуының алғашқы кезеңінде есінің күшті болатыны рас, жасы өскен сайын бұл қасиет бәсеңдей беретіні байқалады.
Балдырған жасындағы балалардың есте сақтау қабілеті мен алғырлығы туралы мынадай мысал келтірейік. Балдырғандар есінің алғырлығын жеткіншек жасындағы балалармен, әсіресе ересек адамдардын есімен салыстыруға болмайды. Олардың есте сақтауы нақтылы, әрі тиянақты. Дегенмен, 3 жасар бала шетел тілдерін щапшаң меңгере алғанымен, олар, мәселен, география пәні бойынша жүйелі түрде берілетін білімді меңгере алмайды. Шет тілін меңгеруді қиын көретін 9 жасар бала географиядан оқытылатын білімді оңай меңгере алады, ал ересек адамдар жүйелі білімді игеріп есте сақтауда бабалардан әлдеқайда озық тұратыны мәлім. Баяндалған осындай жәйттерден өзгеше бір бағытты қолдайтын психологтар да бар. Олар ес процесінің дамуындағы шарықтау шегін табуды ойластырады. Атап айтканда, К.Гросс шәкіртінің бірі Зейдель арнайы зерттеу арқылы көптеген материалдар жинақтап, бала есінің дамуы ең жоғары дәрежеге жетеді де, одан кейін оның есі құлдырап төмендейді дейді[1,68б].Осы аталған балалардың есі жайындағы үш түрлі көзқарас та бұл процестің даму зандылықтарын жеңіл-желпі қарастырады. Мұндай көзқарастың үшеуі де естің дамуын бір ретте өрлеп дамитын процесс десе, ал екіншілері оны құлдырап төмендейтін процесс дейді. Олардың ойынша ес төте әрі тегіс жолмен дамиды. Тәжірибеде мұндай пікірлерді қостап-қолдаушылар да, сынап-мінеушілер де бар. Өйткені естің дамуы аса күрделі психикалық процесс, оның төте жолмен дамып өрістеп отыруы мүмкін емес.
Л.С.Выготскийдің ойынша, адам есінің филогенезде жетілуі есте сақтау құралдарының жақсаруы және мнемикалық функциялардың басқа психикалық процестермен және адам күйімен байланысының өзгерістері арқылы жүреді.
Ес - адамның ақыл - ойымен тығыз байланысты күрделі психикалық процесс.

4

Оның есте қалдыру, қайта жаңғырту, еске ендіру, ұмыту сияқты өзіндік процестері бар. Бір нәрсені есте сақтау оны өзге нәрселермен байланыстыру деген сөз. Сондай байланыстардың болатынын алғаш көрсеткен - Аристотель. Мұндай байланыс ассоциация деп аталады. Ал ассоциацияны шартты рефлекс теориясымен дәлелденген, ол арқылы көптеген психикалық процестердің табиғатын түсінуге болатындығын ашып көрстекен - ұлы физиолог И.П.Павлов.
Л.С.Выготский мен А.Р.Лурия өздерінің Этюды по истории поведения атты кітаптарында ес эволюциясын талдайды, салыстырмалы генетикалық зерттеу принципін фило- және онтогенез мәліметтерін салыстыруды қолданды. Выготскийдің ұсынған ес және оның дамуы жайлы концепциясының негізгі ойлары осында.Онда басты назар ес дамуының түрлі сатыларындағы ес процестерінің сапалық ерекшеліктеріне аударылатынын көру қиын емес, сонымен бірге олардың адам іс-әрекетінің ерекше түрі ретіндегі кейбір ерекшеліктері анықталды. Бұл ойлар ары қарай өзінің дамуы мен жалғасын А.Н.Леонтьевтің жұмыстарынан тапты[2,624б]. Оның еңбегі адам есінің әлеуметтік-табиғи және оның фило- мен онтогенезде қалыптасу тарихы жайлы материалистік түсініктерді одан әрі тереңдетті. Ол естің жоғары формасының табиғатын адам еңбек іс-әрекеті дамуының тарихи заңдылықтарымен байланысты талдады. Ол жүргізген эксперименттік зерттеулердің нәтижесінде Выготский концепциясында соншалықты маңызды рөл атқаратын есте сақтаудың екі жолының: тікелей және жанама есте сақтаудың жас ерекшелікке байланысты өзгеретінін анықтады. Ол бір мнемикалық процесс-тікелей есте сақтау - жас өсе келе басқа, жанама есте сақтаумен алмасатынын көрсетеді. Бұл баланың материалды есте сақтау мен қайта жаңғыртудың стимул-құралдарын меңгеруінің арқасында өтеді. Оның зерттеулерінде түрлі жолдармен: тікелей және картинкалардың көмегімен есте сақталатын мағынасыз буындар мен мағыналы сөздерді есте сақтау жайлы салыстырмалы мәліметтер келтіріледі. Есте сақтаудың оны жүзеге асыру тәсілдеріне тәуелділігі айқын көзге түседі. Тікелей есте сақтау жағдайында сыналушылар сөздерді көмекші материалға сүйенбей еске түсіреді. Жанама есте сақтау кезінде мұндай тіректер ұсынылады. Леонтьевтің еңбегінде балалық шақтағы арақатынас процестері арнайы зерттелінді. Оның теориялық негізі - Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы. Оның негізгі ойлары мынандай: Естің дамуы сандық өзгерістердің үздіксіз жолымен жүрмейді, бұл оның бір формасының сапалық түрде басқа формаға өтуін болжайтын терең диалектикалық процесс. Леонтьевтің пікірінше оны келесі схемемен көрсетуге болады: ес дамуының бірінші кезеңі - бұл оның есте сақтау мен қайта жаңғыртуға табиғи қабілеті ретінде дамуы. Дамудың бұл кезеңі қалыпты жағдайларда мектепке дейінгі жаста-ақ аяқталады. Алғашқы мектеп жасына тән кезең есте сақтау процестерінің құрылымының өзгеруімен сипатталады, есте сақтау сыртқы құралдар рөлі басым болатын жанамаланған бола бастайды.

5

Өз кезегінде жанама есте сақтау екі жолмен: сырттан әсер етуші тітіркендіргіш формасында қалатын көмекші құралдарды қолдану тәсілдерінің дамуы бойынша және сыртқы құралдардан ішкі құралдарға өту бойынша дамиды. Бұл ойларды автор екі жақты стимуляцияның функционалды әдістемесі деп аталатын әдістемені қолдана отырып, әр түрлі жастағы балаларға және ересектерге (студенттерге) жүргізген эксперименттің негізінде ұсынды. Леонтьев логикалық есті сөйлеудің құралдық функциясына сүйенетін іштей жанамаланған іс-әрекет ретінде анықтайды. Оның ойынша есте сақтау бастапқыда сыртқы заттарға сүйенетін әрекет ретінде қалыптасады. Тек кейін ішкі әрекетке айналады. Бұл заңдылық ырықты есте сақтауға қатысты болады. Есте сақтауға арналған стимул-құралдардың дамуы мына заңдылықтарға бағынды: бастапқыда олар сыртқы ретінде (мысалы, есте сақтау үшін түрлі заттарды, қолдың саусақтарын т.б. қолдану) көрінеді., ал кейін ішкіге айналады (сезім, ассоциация, бейне, ой).
Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасының жоғарғы деңгейде көтерілуі жаңа әрекет түрлерінің бала психикасына әсер етуі және үлкендердің балаға қойылатын талап тілектерінің күрделенуіне тікелей байланысты.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балада ес үдерісінің дамуы айқындалып, біршама күрделенгендігі байқалады. 3-4 жастан бастап бала қоршаған ортамен жан- жақты танысып, ойын, қарапайым еңбек іс-әрекеттерімен шұғылдана бастайды. Осының нәтижесінде бала есте сақтаудың арнайы тәсілдерін пайдаланбай-ақ, іс- әрекеттің орындалу барысында материал бала есінде өздігінен ырықсыз түрде сақталып отырады.
Мектеп жасына дейінгі кезең бала есінің ырықсыздығымен ерекшеленеді. Балалар өз өмірінде ерекше әсер етіп көңіл аударғанын өзін қызықтырған құбылысты ғана есінде жақсы сақтайды және осы кезеңде есте сақтау үшін алдына арнайы мақсат қойылады. 4 жастан бастап ырықты түрде есте сақтау жүзеге аса бастайды.
Мектепке дейінгі кезеңде бала механикалық түрде есте сақтайды деу қате түсінік. Себебі бала да өзіне қажетті материалды есіне сақтау үшін одан нені талап етіп отыр, нені есте сақтау керек, соны түсінуге тырысады. Ал егер сол материалдың мән мағынасын түсінбесе, түсіну қиынға соқса ғана бала механикалық түрде жаттау арқылы есте сақтауға тырысады.
Мектепке дейінгі кезеңде сөз-логикалық естің дамуы баяу жүзеге асады. Бұл кезде көрнекі бейнелік, эмоциялық сезімдік естің маңызы зор.
Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда қауіпті кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян ...осы уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп, тіпті кеш болуы да мүмкін деген[3,276б].Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады.

6

1.2 Мектепке дейінгі балалардың ес процесіның дамытудың моделі

Біз мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесін анықтау барысында педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі ғылыми зерттеулерді зерделеу негізінде модель ұымының мәнін анықтауды жөн көрдік.
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін дамыту негізінде есте сақтау процесінің өлшемдері мен көрсеткіштері берілген кестеде көрініс тапқан (Кесте 1).
Бұл кесте балалардың ес процесінің дамуының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді (төмен, орта, жоғары).
Төмен деңгей: балалар ес процесінің дамытуға арналған тапсырмаларға қызығушылық танытпайды, олардың қажеттілігін мойындамайды.
Орта деңгей: мектеп жасына дейінгі балалар есте сақтау процестеріне арналған тапсырмаларды, жаттығуларды орындайды, бірақ олардың қажеттілігін түсіне бермейді. Тапсырмаларды орындауға талпынысы бар.
Жоғары деңгей: балалар ес процестерін дамытуға арналған тапсырмалардың, жаттығулардың мән-мағынасын түсініп, қызуғышлықтарын көрсетіп, тапсырмаларға құлшыныс танытады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің даму жүйесінің құрылымы мына компоненттерді қарастырады:
Мотивациялық (балалардың тапсырмаларды қызығушылықпен орындауы, оқу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу үрдісінде тәрбие формаларын қолдану
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Мектеп жасына дейінгі балаларының логикалық ойлауын дамыту
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Мектепке дейінгі балалар - балалар мемлекетіндегі ерекше халық
Сөйлеу - акустикалық, жазбаша немесе пантомимикалық белгілер арқылы мәліметті жеткізудің жоғары деңгейлі тәсілі
Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлы математикалық түсініктерін қалыптастыру негіздері
Танымдық белсенділіктің теориялық негіздері
Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуі
Пәндер