Мектепке дейінгі балалар - балалар мемлекетіндегі ерекше халық



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті
Педагогика жоғары мектебі
Педогогика және практикалық психологиякафедрасы

Курсттық жұмыс
Тақырыбы:Мектепке дейінгі балалардың ес процесінің даму ерекшеліктері.
Орындаған:Сұлтанбай.А
Топ:ПиП19-1
Қабылдаған:Мұқашева

1
Тақырыбы :Мектепке дейінгі балалардың ес процесінің даму ерекшеліктері
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ -ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Мектепке дейінгі балалардың ес процесі, маңызы, ерекшелігі ... ... ... ..5
1.2 Мектепке дейінгі балалардың ес процесінің дамытудың моделі ... ... ... 11
2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ДАМЫТУДЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖОЛДАРЫ
2.1 Мектепке дейінгі балалардың ес процесінің дамытудың әдістері ... ... ..14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .20

2

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Мектепке дейінгі балалардың ес түрлерінің қалыптасуы қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Психолог - практиктер мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілетінің дамуын жан - жақты қарастыруды қажет етеді. Өзекті мәселелердің бірі екендігін еске ала отырып,курсттық жұмыс тақырыбынмектепке дейінгі балалардың ес процесінің даму ерекшеліктерідеп алдық.
Қазіргі таңда замаң өзгеруіне байланысты, мектепке дейінгі шақтағы балалардың танымдық процестері, соның ішінде есте сақтау процестері қарқынды дамып жатыр соған орай біздің мақсатымыз мектеп жасына дейінгі балалардың естің барлық түрлерінің белсенді дамуын қадағалап, баланың психикасын толыққанды зерттеу.
Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау, қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін есте сақтау қабілетің дамытуымыз керек. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс - әрекеттер жасауымыз қажет.
Мектепке дейінгі балалар - балалар мемлекетіндегі ерекше халық. Мектепке дейінгі кезең баланың ақыл - ойы дамуы мен әлеуметтік даярлығына ең қолайлы кезең. Мұндай алғы шартты пайдаланып, оны жүзеге асыру аса маңызды проблемалардың бірі болып табылады.
Мектепке дейінгі жас - естің қарқынды даму жасы. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады.
Яғни, мектепке дейінгі балалар ес түрлерінің қалыптасу проблемалары жөнінде де осылай пікірлер келтірген көптеген психологтар болды. Л.Е.Выготскийдің, Д.Б.Элькониннің тұжырымдары қазіргі психологтар А.Е.Смирнов пен П.М.Зинченконың, Л.Н. Леонтьевтің тәжірбиелерінің қазіргі психология ғылымы үшін маңызы зор. А.А.Люблинскаяның зерттеу жұмыстары, Э.И.Маслимскердің тәжірбиесі мектепке дейінгі балалар ес процесінің дамуы үшін жүргізілетін диагностикалық тәжірбиелерге негіз бола алады
Зерттеудің мақсаты- ғылыми әдебиеттерге зерттеу жүргізе отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесін дамыту жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- зерттеудегі ес процесінің психологиялық ерекшеліктерінің теориялық негізін ашу, қарастыру.
- мектепке дейінгі балаларға зерттеу жүргізіп, ес түрлерінің қалыптасуындағы кейбір ерекшеліктерді анықтау және оның тиімді жолдарын қарастыру
-ес түрлерін дамытатын әдіс - тәсілдерді аайқындау. Мектепке дейінгі балалардың ес процесінің дамытудың моделің жасау, соған байланысты тапсырмалар, жаттығулар жиынтығын құру.

3

Зерттеу болжамы-Егер де, баламен диагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізілсе, және де оның есте сақтау қабілеті анықталса, онда мектеп жасына дейінгі баланың ес процесінің дұрыс және нәтижелі дамытуына мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процестеріне байланысты негізгі теорияларды зерттеп, олардың ерекшеліктерің анықтау .
Зерттеудің практикалық мәнділігі-Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілеттерінің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу объектісі-Мектепке дейінгі 3-6 жастағы балалар .
Зерттеу пәні- Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің дамуы
Зерттеу әдістері: курстық жұмыс тақырыбын толыққанды ашу мақсатында ғылыми әдістемелік әдебиеттер қаралып, балалармен тест, сауалнама жүргізу, эксперимент нәтижесін салыстырмалы талдау.
- түрлі әңгімелеу әдістерін қолдану.
- шағын тестік тапсырмалар, сауалнамалар.
Зерттеу тірек орны:үй жағдайлары.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезеңде:Оқушылармен жіті қарым-қатынас жасау.
Екінші кезеңде:Оқушылармен байланыс жасай отырып,олардан тест алу,әртүрлі әдістер арқылы зерттеуді жүзеге асыру.
Үшінші кезеңде:Зерттеудің нәтижесін шығарып ,оқушылардың ес процесінің дамуын анық білу.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, глоссарийден және қосымшадан тұрады.

4
1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Мектепке дейінгі балалардың ес процесі, маңызы, ерекшелігі

Қазіргі кезде ес процесіне байланысты жинақталған фактілер мен теориялық көзқарастардағы өзекті мәселе - естің дамуы. Бұл мәселе осы кезге дейін тиянақты шешіліп, бір ізге түспеген. Ес балада ерте кезінен басталады. Осы кезде бала есінің дамуында нендей сыр бар? Естің дамуына арнаған зерттеулерде бұл мәселенің мәні метафизикалық тұрғыдан пайымдалып, философиялык талас-тартыстар туғызды да, ал естің дамуы ғылыми тұрғыдан шешімін таппай, көлеңкеде қалып қойды. Бюлерге балалардың елесінен гөрі ойының есте сақтауы ерекшелеу болып көрінеді. Оның пікірінше ойдан гөрі елес есте тиянақты сақталады. Естің дамуына арналған зерттеулер психологияда қызу талас-тартыстар да тудырды. Кейбір психологтар баланың есі дамымайды, ол туған кезде-ақ қажетті мөлшерде болады дейді. Бұл мәселе одан әрі талдануы қажет. Алайда, кейбір бақылау нәтижелеріне қарағанда, бала дамуының алғашқы кезеңінде есінің күшті болатыны рас, жасы өскен сайын бұл қасиет бәсеңдей беретіні байқалады.
Балдырған жасындағы балалардың есте сақтау қабілеті мен алғырлығы туралы мынадай мысал келтірейік. Балдырғандар есінің алғырлығын жеткіншек жасындағы балалармен, әсіресе ересек адамдардын есімен салыстыруға болмайды. Олардың есте сақтауы нақтылы, әрі тиянақты. Дегенмен, 3 жасар бала шетел тілдерін щапшаң меңгере алғанымен, олар, мәселен, география пәні бойынша жүйелі түрде берілетін білімді меңгере алмайды. Шет тілін меңгеруді қиын көретін 9 жасар бала географиядан оқытылатын білімді оңай меңгере алады, ал ересек адамдар жүйелі білімді игеріп есте сақтауда бабалардан әлдеқайда озық тұратыны мәлім. Баяндалған осындай жәйттерден өзгеше бір бағытты қолдайтын психологтар да бар. Олар ес процесінің дамуындағы шарықтау шегін табуды ойластырады. Атап айтканда, К.Гросс шәкіртінің бірі Зейдель арнайы зерттеу арқылы көптеген материалдар жинақтап, бала есінің дамуы ең жоғары дәрежеге жетеді де, одан кейін оның есі құлдырап төмендейді дейді[1,5.б].Осы аталған балалардың есі жайындағы үш түрлі көзқарас та бұл процестің даму зандылықтарын жеңіл-желпі қарастырады. Мұндай көзқарастың үшеуі де естің дамуын бір ретте өрлеп дамитын процесс десе, ал екіншілері оны құлдырап төмендейтін процесс дейді. Олардың ойынша ес төте әрі тегіс жолмен дамиды. Тәжірибеде мұндай пікірлерді қостап-қолдаушылар да, сынап-мінеушілер де бар. Өйткені естің дамуы аса күрделі психикалық процесс, оның төте жолмен дамып өрістеп отыруы мүмкін емес.
Л.С.Выготскийдің ойынша, адам есінің филогенезде жетілуі есте сақтау құралдарының жақсаруы және мнемикалық функциялардың басқа психикалық процестермен және адам күйімен байланысының өзгерістері арқылы жүреді.

5
Сөйлеудің түрлі формаларының арқасында - ауызша, жазбаша, ішкі, сыртқы - адам есті өз еркіне бағындыруға, ақпараттарды сақтау және қайта жаңғырту процестерін басқаруға қабілетті болды.
Ес - адамның ақыл - ойымен тығыз байланысты күрделі психикалық процесс. Оның есте қалдыру, қайта жаңғырту, еске ендіру, ұмыту сияқты өзіндік процестері бар. Бір нәрсені есте сақтау оны өзге нәрселермен байланыстыру деген сөз. Сондай байланыстардың болатынын алғаш көрсеткен - Аристотель. Мұндай байланыс ассоциация деп аталады. Ал ассоциацияны шартты рефлекс теориясымен дәлелденген, ол арқылы көптеген психикалық процестердің табиғатын түсінуге болатындығын ашып көрстекен - ұлы физиолог И.П.Павлов.
Л.С.Выготский мен А.Р.Лурия өздерінің Этюды по истории поведения атты кітаптарында ес эволюциясын талдайды, салыстырмалы генетикалық зерттеу принципін фило- және онтогенез мәліметтерін салыстыруды қолданды. Выготскийдің ұсынған ес және оның дамуы жайлы концепциясының негізгі ойлары осында[2,14 б].Онда басты назар ес дамуының түрлі сатыларындағы ес процестерінің сапалық ерекшеліктеріне аударылатынын көру қиын емес, сонымен бірге олардың адам іс-әрекетінің ерекше түрі ретіндегі кейбір ерекшеліктері анықталды. Бұл ойлар ары қарай өзінің дамуы мен жалғасын А.Н.Леонтьевтің жұмыстарынан тапты[2,66б]. Оның еңбегі адам есінің әлеуметтік-табиғи және оның фило- мен онтогенезде қалыптасу тарихы жайлы материалистік түсініктерді одан әрі тереңдетті. Ол естің жоғары формасының табиғатын адам еңбек іс-әрекеті дамуының тарихи заңдылықтарымен байланысты талдады. Ол жүргізген эксперименттік зерттеулердің нәтижесінде Выготский концепциясында соншалықты маңызды рөл атқаратын есте сақтаудың екі жолының: тікелей және жанама есте сақтаудың жас ерекшелікке байланысты өзгеретінін анықтады. Ол бір мнемикалық процесс-тікелей есте сақтау - жас өсе келе басқа, жанама есте сақтаумен алмасатынын көрсетеді. Бұл баланың материалды есте сақтау мен қайта жаңғыртудың стимул-құралдарын меңгеруінің арқасында өтеді. Оның зерттеулерінде түрлі жолдармен: тікелей және картинкалардың көмегімен есте сақталатын мағынасыз буындар мен мағыналы сөздерді есте сақтау жайлы салыстырмалы мәліметтер келтіріледі. Есте сақтаудың оны жүзеге асыру тәсілдеріне тәуелділігі айқын көзге түседі. Тікелей есте сақтау жағдайында сыналушылар сөздерді көмекші материалға сүйенбей еске түсіреді. Жанама есте сақтау кезінде мұндай тіректер ұсынылады. Леонтьевтің еңбегінде балалық шақтағы арақатынас процестері арнайы зерттелінді. Оның теориялық негізі - Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы. Оның негізгі ойлары мынандай: Естің дамуы сандық өзгерістердің үздіксіз жолымен жүрмейді, бұл оның бір формасының сапалық түрде басқа формаға өтуін болжайтын терең диалектикалық процесс. Леонтьевтің пікірінше оны келесі схемемен көрсетуге болады: ес дамуының бірінші кезеңі - бұл оның есте сақтау мен қайта жаңғыртуға табиғи қабілеті ретінде дамуы. Дамудың бұл кезеңі қалыпты жағдайларда мектепке дейінгі жаста-ақ аяқталады.

6
Алғашқы мектеп жасына тән кезең ркендіргіш формасында қалатын көмекші құралдарды қолдану тәсілдерінің дамуы бойынша және сыртқы құралдардан ішкі құралдарға өту бойынша дамиды. Бұл ойларды автор екі жақты стимуляцияның функционалды әдістемесі деп аталатын әдістемені қолдана отырып, әр түрлі жастағы балаларға және ересектерге (студенттерге) жүргізген эксперименттің негізінде ұсынды. Леонтьев логикалық есті сөйлеудің құралдық функциясына сүйенетін іштей жанамаланған іс-әрекет ретінде анықтайды. Оның ойынша есте сақтау бастапқыда сыртқы заттарға сүйенетін әрекет ретінде қалыптасады. Тек кейін ішкі әрекетке айналады. Бұл заңдылық ырықты есте сақтауға қатысты болады. Есте сақтауға арналған стимул-құралдардың дамуы мына заңдылықтарға бағынды: бастапқыда олар сыртқы ретінде (мысалы, есте сақтау үшін түрлі заттарды, қолдың саусақтарын т.б. қолдану) көрінеді., ал кейін ішкіге айналады (сезім, ассоциация, бейне, ой).
Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасының жоғарғы деңгейде көтерілуі жаңа әрекет түрлерінің бала психикасына әсер етуі және үлкендердің балаға қойылатын талап тілектерінің күрделенуіне тікелей байланысты.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балада ес үдерісінің дамуы айқындалып, біршама күрделенгендігі байқалады. 3-4 жастан бастап бала қоршаған ортамен жан- жақты танысып, ойын, қарапайым еңбек іс-әрекеттерімен шұғылдана бастайды. Осының нәтижесінде бала есте сақтаудың арнайы тәсілдерін пайдаланбай-ақ, іс- әрекеттің орындалу барысында материал бала есінде өздігінен ырықсыз түрде сақталып отырады.
Мектеп жасына дейінгі кезең бала есінің ырықсыздығымен ерекшеленеді. Балалар өз өмірінде ерекше әсер етіп көңіл аударғанын өзін қызықтырған құбылысты ғана есінде жақсы сақтайды және осы кезеңде есте сақтау үшін алдына арнайы мақсат қойылады. 4 жастан бастап ырықты түрде есте сақтау жүзеге аса бастайды.
Мектепке дейінгі кезеңде бала механикалық түрде есте сақтайды деу қате түсінік. Себебі бала да өзіне қажетті материалды есіне сақтау үшін одан нені талап етіп отыр, нені есте сақтау керек, соны түсінуге тырысады. Ал егер сол материалдың мән мағынасын түсінбесе, түсіну қиынға соқса ғана бала механикалық түрде жаттау арқылы есте сақтауға тырысады.
Мектепке дейінгі кезеңде сөз-логикалық естің дамуы баяу жүзеге асады. Бұл кезде көрнекі бейнелік, эмоциялық сезімдік естің маңызы зор.
Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда қауіпті кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян ...осы уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп, тіпті кеш болуы да мүмкін деген[3,45 б].Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады.

7

Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды.
Неғұрлым баланың заттар мен құбылыстарға зер салып көңіл қою ынтасы ерекше болса, соғұрлым ырықсыз есте сақтауы айқын жүзеге асады да, барлық ынта ықыласымен зейін қояды. Заттың бейнесі оның, түсі баланы қызықтыратындай ерекше болса, оны жақсы қабылдап есінде жақсы жаңғырта алады. Балаға әңгіменің мазмұнын тек сөз жүзінде айтып берсең, ондағы бейнелерді сипаттау түрінде есінде сақтайды.
Балаларға әңгімені мән мағынасызбір ырғақпен оқып бергеннен гөрі, әр кейіпкердің мінез-құлқын, қимылын, эмоциялық көңіл-күйін мәніне келтіріп, интоннациясымен оқып, айтып берсең, есінде жақсы сақтайды.
Психологиялық зерттеулерге қарағанда, бала өз жас ерекшелігіне сәйкес түсінуге жеңіл, күнделіеті көріп, тұрмыста пайдаланып жүрген заттарды, естіп жүрген мән мағынасы ұқсас сөздерді есінде жақсы сақтайды. Сондай-ақ көріп тұрған заттың өзін өзі біліміне, өмір тәжірибесіне, түсінігіне байланысты есте сақтауы әр түрлі болады.
Ересектер тобындағы балалардың ес үдерісінің дамуы әлі де болса ырықсыз, поссивтік сипатта өтеді. Бала өткенді есіне түсіріп, қайта жаңғырту үшін де ең негізгілерін іріктеп, көз алдына елестетуге әрекет жасайды.
Іс-әрекетті есте сақтауды құрастыру, сурет салу, ойнау, еңбек әрекетін орындау барысында, ертегі, әңгімелерді тыңдау негізінде жүзеге асырып отырады.
Балада сюжеттік ойындарды ойнау арқылы ырықты есте сақтап, қайта жаңғыртуының алғашқы белгілері көріне бастайды.
Бала есте сақтау мен қайта жаңғырту тәсілдерін үлкендерден үйренеді. Мысалы, тапсырма беріп отырып, оны белгілі бір уақыт аралығында қайта жаңғыртуды талап етеді немесе бір нәрсені сұрап отырып, оқиғаның желісін баланың есіне түсіру үшін жетекші бағыттаушы сұрақтар қояды.
Есте сақтауды үйретудің ең қарапайым тәсілі қайталату және баланың ерікті есте сақтауын дамыту үшін көргенін естігенін өз сөзімен әңгімеліп айтып берудің өзі материалдың баланың есінде берік сақталуы үшін маңызы зор.
Зинаида Михаиловна Истомина 3 тен 7 жасқа дейінгілердің есінің дамуының үш дәрежесін анықтаған[4,10 б].
І дәрежесіне тән сипат: бала еске сақтау мен еске түсіру үшін арнайы мақсат қоймайды.
ІІ дәрежесінде: балада еске сақтау ешқандай арнайы тәсілдерді пайдаланбай-ақ жүзеге асады.
ІІІ дәрежесінде балада еске сақтап, қайта жаңғырту үшін арнайы әдіс-тәсілдерді пайдаланып, еске сақтау мақсатты түрде жүзеге асады.
Еске сақтаудың осы 2-ші және 3-ші дәрежесіне бала 6 жасқа келгенде жетеді.

8
Бала 6 жасқа келгенде тек механикалық есі емес, сөз логикалық есі жақсы дамығанын байқауға болады.
Баланың сөз логикалық есінің жақсы дамығанын оның жақсы түсінген материалды есінде сақтап қайта жаңғыртуынан байқауға болады. Мысалы, 6 жастағы бала ертегі әңгіменің мазмұнын өз сөзіменөайталап айтқан кезде өзіне онша таныс емес азамат деген сөзді өзіне таныс күнделікті айтылып жүрген ағай деген сөзбен ауыстыра алады.
Кейде олар ертегі әңгіменің мазмұнын өзгертпей, өз логикасымен толықтырып, қосып, тек жүйесін ғана өзгертуі мүмкін.
Баланың әңгіменің жүйесін өзгертуі ондағы кейіпкерлерге деген көзқарасына байланысты болады. Егер кейіпкерді жақсы қарым-қатынас кезінде оның жаманшылық жақтарып ұмытып кетеді де, тек жақсылығын өзіне ұнаған жерін ғана есінде сақтайды.
Баланың сөз логикалық есін дамытуда оқу әрекетімен шұғылдануының маңызы зор. Осы кезеңдегі сөз-логикалық естің жүзеге асуының өзі үш кезеңнен өтеді:
Практикалық
Сөздік әрекеттік
Ақыл-ой әрекеті негізінде
6-7 жасқа келгенде бала өз ойын сөзбен байланыстырып, қорытынды жасап, есінде сақтай алады. Сөздің көмегімен есінде қалған материалға талдау жасай алады және топтастырып логикалық байланыс жасайды.
6-7 жас бала қимыл - қозғалысы дамуының ең маңызды кезеңі.
Осы кезеңде қимыл - қозғалыс есінің дамуына байланысты күрделі қозғалыстарды нақты анық етіп қиындықсыз жылдам меңгереді және де өзгертіп орындауға да икемді болады. Сондай-ақ эмоциялық есіде ерекше дами бастайды, оны бейнелік естен бөліп қарау болмайды.
Бала есінің даму ерекшеліктері тек жасына ғана байланысты емес екенін есте сақтау керек. Соңғы жылдардағы психологиялық зерттеулер бойынша, ер балаға қарағанда қыз баланың бас миының оң жақ бөлігінен гөрі сол жақ бөлігінің дамуында айырмащылық болатыны айқындалды. Яғни, қыз баланың бас миының сол жақ бөлігінің дамуы тез жүзеге асады, ал ер баланың бас миының оң жақ бөлігі тез дамиды[5,9 б].
Есті дамытудың әр түрлі жолдары бар. Негізінде ес мидың жұмыс істеу қабілеттілігін көрсетеді, өйткені ес үдерісі арқылы әр түрлі материал есте сақталып, кейін қайтадан жаңғыртылады.
Ес үдерісінің нашар қалыптасуы іштен туа пайда болмайды, есте сақтаудың нашар болуы баланың ес үдерісін күнделікті өмірде тәрбие үдерісін дұрыс дамытуға тікелей байланысты.
Бала ес үдерісін дамыту үшін бірнеше есте сақтау тәсілдерін білу керек. Мысалы:
2 топтың балаларына көлемі бірдей мәтінді жаттап келіп, айтып беруге тапсырма берген кезде 1-топқа еске сақтап, кейін қайта жаңғырту керектігі түсіндіріледі, ал екінші топтың балаларына тек жаттап келіндер дейді.

9

1-топтың еске сақтауы 2-топқа қарағанда сапалы болады.
Бала материалдың мән мағынасын жақсы түсінсе, есінде бәрін жақсы сақтайды.
Бала еске сақтауға тиіс материалды көзімен көріп, қолымен ұстап тәжірибе жүзінде ұзақ тікелей әрекет етсе, есінде жақсы сақтайды, ал тез есте сақтаса тез ұмытады, әсіресе оқу әрекетін меңгерту кезінде баланың әр түрлі есінің типтік ерекшеліктерін ескеру керек.
Мектепке дайындық кезеңінде көріп, естіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құлжанова Назипа Сағызбайқызы
Зерттеу пәні - Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процесі
Астана қаласына теміржолшылар балаларының келуін ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің қалыптасу жолдары
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы
1917-1920 ж.ж Кеңес мемлекетіндегі мәдени құрылыс
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жеке түзетумен оқыту мүмкіншілігі
Пәндер