Анатомиялық элементтер мен белгілер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Орталық Азия Университеті

Кішкенебаев Д. Ғ.

«АДАМНЫҢ СЫРТҚЫ БЕЙНЕСІ ТУРАЛЫ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ІЛІМ»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 5В030100 - «Құқықтану»

Алматы 2020

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі

Орталық Азия Университеті

«Қорғауға жіберілген»

Кафедра меңгерушісі

«АДАМНЫҢ СЫРТҚЫ БЕЙНЕСІ ТУРАЛЫ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ІЛІМ»

тақырыбында

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В030100 - «Құқықтану

Орындаған

Ғылыми жетекші

Норма бақылаушы

Алматы 2020

ЖОСПАР

  1. Кіріспе . . . 1-3
  2. Негізгі бөлім . . . 4-36

2. 1 Криминалистикалық габитология және оның ғылыми негіздері

2. 2 Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі

2. 3 «Ауызша суреттеудің» әдістемесі және әдістері

3. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және құқықтық

негіздері

3. 1 Криминалистикалық тіркеудің түрлері

3. 2 Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары

  1. Қорытынды . . . 37-38
  2. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 39

Кіріспе

Қылмысты ашып, тергеу үшін адамның сырткы келбетінің белгілерін пайдалану-дың ғылыми негіздерін француз криминалисі А. Бертильон 94 салды. 19 ғасырдың 70 жылдары ол тіркеу максатында қылмыс-кердін белгілерін сипаттау жүйесін үсынды. Онда адамның сырткы келбетінің әр белгісі нақты анықтама мен белгіге ие болады.

Кейін анатомияның антропологияның, психологиялық, фи-зиологиялық, морфологиялық, сот медицинасының және басқа ла ғылымдардың жетістіктерін қолдану аркылы, сонымен катар тергеу, жедел-ізЛІЬтіру және сараптама тәжірибесін ескере оты-рып, криминалистикада адамның бет әлпеті туралы ілім - габитоскопия калыптасты.

Криминалистикалық габитоскопия - адамның сыртқы келбетінің әр түрлі көріністе сақталып калу зандылықтарын зерделейтін және қылмысты ашу, тергеу және оның алдын алу мақсатында адамның бет келбеті туралы деректерді жинау, зерт-теу және пайдалану әдістері мен техникалық криминалистік тәсілдерді қүрастырушы криминалистік техниканың саласы.

Адамның сыртқы кескінінің элементгер жүйесі.

Адамның сыртқы кескінінің элементгер жүйесі түрінде, яғни көрінетін детальдар (бөлшектер) ретінде қарастыруға болады,

Бастың, беттің, дененің, аяқ-қолдың құрылысы; адамның функционалдык белгілері (жүріс-тұрысы, мимикасы) ; жалпы физикалық деректер (жынысы, жасы, антропологиялық типі) ; киімі мен қолға ұстайтын ұсақ затгардың детальдары - осының бәрі криминалистік маңызы бар элементтер болып табылады.

Бір адамның бет келбеті екінші адамның бет келбетінен белгілерімен, атап айтқанда сырткы бейненің жеке сипатгама-ларымен немесе оның элементтерімен ерекшеленеді.

Криминалистік идентификация теориясында белгі зерттеулердегі зат касиеттерінің объективті көрінісі ретінде анықталады.

Габитоскопия адамның бет келбетінің белгілері жалпы бет келбетінің немесе оның элементтерінін, байқалатын сипаттама-лары ретінде аныкталады.

Сипатгамалау жалпыдан - жекеге, жоғарыдан - төменге қағидасы бойынша жүргізіледі.

Мандай - ашық (мандай беттің элементі, ал ашық белгісі) немесе күлағы - сопақ түрлі (құлақ, бет келбетінің элементі, сопак белгісі) .

Адамның сыртқы бейнесінің белгілері және элементтері жүйесін классификациялауға сәйкес карастырады. Онын негізінде адамның сыртқы бейнесінің элементтері мен белгілерінің тиістілігі жатыр.

Анатомиялық элементтер мен белгілер.

Адамның сыртқы пішіні элеменггерін бақылау (зерделеу) барысында көрінетін денесінің мүшелері жатады: жалпы денесі, басы, беті, мойыны, иығы, кеудесі, арқасы, аяқ-қолы, шашы әжімдері, операция мен жаракат іздері. Олардың келесі белгілері болады: нысаны, түрі, мөлшері, орны, түсі, нұсқасы, үйлесімі элементгерінің нысаны, нүскасы, конфигурациясы (үйлесі) гео-метриялық фигуралар мен сызықтарға (үшбүрышты, ирек т. б. ) және кең тараған заттарға (алмұрт тәрізді т. б. ) сәйкес аныкта-лады. «Нысан» (форма) термині әмбебап мағынаға ие, ал «нұска» (контур) термині элементтердің сырткы шегін сипаттау үшін, «үйлесім» (конфигурация) термині - толықтығы мен ені маңыз-ды емес элементгерді сипаттау үшін қолданылады. «Көлем» (величина) арқылы абсолюттік және салыстырмалы мөлшер элементтің сандық сипаттамасын: үзындығын, енің, биіктігін жуандығын, т. б. белгілеу үшін қолданылады.

Адамның сыртқы келбетінің бейнеленуі.

Қылмысты ашу және тергеу тәжірибесінде қолданатын адам-нын сыртқы келбетінін бейнеленуін субъективті және объек-тивті деп бөледі.

Субъективті бейнелену адамды немесе оның бейнесін көзбен бір немесе бірнеше көру нәтижесінде пайда болады. Әдетге ба-кылау (қарау) кейін онда пайда болған бейнені материалды белгіленген бейнемен (сипаттамамен, суретпен) толыктырыла-ды. Демек, шындығы, растығы көрген адамның жеке касиет-теріне және көру жағдайына байланысты бейнелену субъективті болады.

Объективті бейнелену адамның келбетін арнайы кұралдар мен әдістер арқылы кабылдау нәтижесінде пайда болады, сон-дықтан олардын шынайылығы өте жоғары.

Субъективті бейнелегенде - ойдағы бейне; сипаттама; субъ-ективті портрет жатады объективті бейнеленуге фотосуреттер; кипопленкалар; бейнетаспалар; рентген суретгері мен флюорог-рафиялар, маскалар мен адамның іздері жатады.

Субъективті бейнеленудің кең тараған түрі - ойдағы бейне. Ол көп факторлардың әсеріне, атап айтқанда: бақылап отырған адамның сол кездегі жағдайының, эмоцияларының, жынысы-ның, жасының, жалпы дамуының, кергіштігінің, мамандығы-ның (субъективті факторлар) әсеріне байланысты боладьі.

1. Адамның сыртқы белгілерін сипаттаудың сілтемелері криминалистика ілімінде пайда болмас бұрын әдеби шығармалар-да кеңінен пайдаланған. Көбінесе адамды сипаттау барысында жазушылар белгілі жүйеге қарамастан, өздерінің қарапайым, күнделікті пайдаланып жүрген сипаттауды келістіріп жүзеге асырған.

Габитоскопия негізінде кылмыскерлердің бет әлпеті белгілері мен сыртқы пішінінің белгілерін сипаттау арқылы ұстауы көне заманнан бастап қолданған, бірақ, кеңінен тарамаған. Осы тұрғыда XVIIIғасырда Ұлыбритания мен Франция мемлекеттерінде бас бостандығынан айыру орындарында, сол мекеменің қызметкерлерінің бақылауымен кылмыскерлерді жабыктүрдегі шерулерін өткізу арқылы полиция агенттеріне қылмыскерлерді түр-әлпетін естеріне сақтап калуларына ықпалын тигізіп, сонымен қатар олардың арасынан бұрын сотты болғандарды айқындауға септігін тигізіп отырған. Себебі мекеменің күзетін қамтамасыз етіп отырған тұлғалар қылмыскерлердің бет әлпетін, жүріс-тұрысының белгілерін жаттап естеріне сақтап отырган. Ал криминалистика іліміне габитоскопия кейіннен XIX ғасырдың екінші жартысында, дәлірек айтқанда 80 жылдары белгілі Француз ғалымы Альфонс Бертильонның жасаған еңбектерінін нәтижесінде қылмыспен күресуші органдарында адамның сыртқы бетәлпетін сипаттаудың жүйесі пайда болды. Бұл жұмысы «сөздік портрет» атауымен жарық көрді де, кейіннен фото-портретті идентификациялайтын сараптамаларда кеңінен қолданылды, сонымен қатар айта кететін бір мәселе бұл «сөздік портрет» жүйесін жедел-іздестіру барысында колданылуы.

Көптеген тергеулік және жедел іздестірушілік шараларды жүзеге асыру барысында, құқық органдарынан бой тасалап кеткен кылмыскерлерді, сонымен қатар жазасын өтеу жерлерінен кашып кеткен қылмыскерлерді іздеу мен ұстау барысында, тану үшін көрсету мен куәландыру, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларды іздестіруді жүзеге асыруда, бастапқы ақпараттарды жинастыру барысында атқаратын қызметі өте зор.

Габитоскопия деген сөз латын және грек тілінің екі сөзінен құралған біріншісі - латын тіліндегі (габитус) сыртқы келбеті, ал екіншісі - грек тіліндегі (скопия) қараймын деген екі сезден құралған. Осы жоғарыда көрсетілген жайттарды ескеріп, 2001 жылы жарық көрген Б. М. Нұрғалиев пен А. О. Шакеновтің «Криминалистика» атты оқу қүралында берген түсініктері бойынша криминалистикалық габитоскопия деп адамның сыртқы келбетініңтүрлі бейнеде суреттелініп қалу заңдылыктарын оқып-үйрететін және қылмыстың алдын алу, тергеу мақсаттарында сырт-келбет туралы мағлұматтарды пайдалану кезінде қолданатын техникалық кұралдар мен әдістерді дамытатын криминалистикалық техниканың саласын айтамыз.

Негізінде криминалистикалык техниканың осы тарауына қатысты көптеген ғалымдардың жұмыстары бар, оларды атап кететін болсақ, олар: Р. А. Рейсс, В. А. Лебедьев, Н. С. Бокарин, С. М. Потапов, Н. В. Терзиев, Н. И. Якимов, А. А. Гусев, В. А. Снетков, З. И. Кирсанов, П. Г. Орлов, А. П. Пересункин, А. М. Зинин, И. Ф. Пантелеев, П. П. Цветков деген ғалымдарды атап кеткен жөн болар. Осы ғалымдардың жұмыстарына токтала келіп, криминалистикалық габитоскопияның келесі тұрғыдағы түсінігін беруге болады.

Адамның сырткы келбетінің әр түрлі көріністе сакталып қалу зандылыктарын зерделейтін және қылмысты ашу, тергеу оның алдын алу максатында адамның бет келбеті туралы деректерді жинау, зерттеу және пайдалану әдістері мен техникалық криминалистік тәсілдерді кұрастырушы криминалистикалык техниканың саласы.

Криминалистикалық габитоскопия дегеніміз, бұл - қылмыстарды алдын алуда, ашуда және тергеуде маңызы бар ақиқатты айқындау үшін белгілерді қолдануына мүмкіндік беретін әдістеме ретінде адамның сыртқы келбетінің материалдық және идеалды бейнелері туралы ілім бола тура, кршиналистикалық техника тарауының бір саласы болып табылады. Антропологиялық жалпы және сот медицинасының, адамның морфологиялық, криминалистикалық техниканың дамып, жетілуімен сот фотосурет-еуі мен тергеулік, жедел-іздестірушілік және сараптамалық тәжірибенің жетілуінің нәтижесінде криминалистикада габитоскопия ілімі туралы оқу пайда болды десе де болады. Криминалистикалық габитоскопияның негізіне: адамның ажары, бейнесі, жүзі, көркі, көрінісі, нұсқасы, рабайы, сұры, тұрпаты, шырайы, әлпеті, өңі, өн-түсі, үсті-басы кіреді. Осы сипаттың барлығын бір сөзбен айтқанда адамның бет-әлпеті кіреді десек қателеспейміз.

Криминалистикалық габитоскопияның затына келесілер кіреді:

- адамның сыртқы келбеті туралы криминалистикалык ілімнің түсінігі, оның қасиеттерін, белгілерін және элементтерінің жайттары туралы мағлұматтарды толығымен оқып үйрету;

- адамның сыртқы келбетінің түрлі бейнеде суреттелініп қалуының зандылықтарын окытып үйрету;

- адамның сыртқы келбеті туралы мағлұматтарды жинау, айқындау зерттеу және қолданудың жалпы заңдылықтарын, қажетті әдістер мен құралдарды пайдалану негізіндегі жайттары туралы мағлұматтарды толығымен окып үйрету;

- криминалистикалық сараптаманы, сот портреттік сараптаманы және фотосәйкестіру әдісін адамның бас сүйек қалдықтары бойынша алғашкы келбетін қалпына келтіру.

Ғылыми-техниканың ұдайы ілгері жылжуына байланысты криминалистикалық габитоскопияға қатысты адамның бет әлпетін қылмыстарды тергеу, ашу, оларды алдына алу барысында қолданылатын техникалық құралдар және ол белгілерді дұрыс пайдаланудың тактикалық тәсілдері өзгертіліп, жетілдіріліп және оларды колдану өрісі ұлғайып отырды. Осы себептер қылмыстарды тіркеудің жаңаланған тұр-әлпетті сипаттайтын тәсілінің жүйесінің пайда болуына әкеліп соқтырды. Соттық фотосуреттеуді пайда болуына байланысты қылмыскерлердің сыртқы келбетін сипаттаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болып, оларды суретке түсірумен қатар бет әлпетін сипаттау әрекеттері бірдей жүзеге асырылып отырылды. Кейіннен криминалисти-калық мақсаттарда адамдардың сыртқы келбетін сипаттаудың және фотосуреттік бекітудің катаң ережелері пайда болып, портреттік сараптама және адамның бас сүйегі бойынша тұлғаның бет-пішінін қалпына келтірудің ғылыми негізделген әдістемесі қалыптасқан. Адамның бас сүйегі бойынша тұлғаның бет-пішінін калпына келтірудің ғылыми негізінін әдістемесін Ресейде атақты орыс ғалымы Герасимов іске асырған.

Криминалистикалык тұрғыда жүйелендірілген адамның сыртқы келбетінің белгілерін пайдалану, кылмыстарды ашу мен тергеу барысы бағыттарының басқа да мүмкіндіктерін кәрсетеді. Атап айтқанда бұл криминалистикалық түрғыда жүйелендірілген адамның сыртқы келбетінің белгілері келесі міндеттерді шешу үшін қажет:

а) қылмыс субъектілерінің жеке басын тексеру мен куәландыруда;

ә) қылмыстық істің ашылуы мен тергеуіне байланысты сол іс бойынша мүдделі және мүдделі емес тұлғалармен танысу үшін;

б) қылмыс жасап, сот және қалмыстық із кесу органдарынан бой тасалап жүрген қылмыскерлерді, хабар-ошарсыз кеткен тұлғалардын іздеуін ұйымдастыру барысында жеке басы анықталмаған мәйіттердің табылғанында;

в) жазасын етеу жерінен қашкан қылмыскер тұлғаларды іздеуге (жергілікті, республикалык және ТМД-лық іздеуге) жариялауда және іздестіру кестесін толтыру барысында;

г) мәйіттер мен адамдарды тану үшін көрсету барысында;

д) куәлардың, қылмыс оқиғасын ез көзімен керген тұлғалардың, жәбірленушілердің айтуы бойынша жеке басы анықталмаған қылмыскерлердің қиысты (композициялық) суреттерін салу үшін;

е) криминалистикалық сараптаманы, сот портреттік сараптаманы және фотосәйкестіру әдісін қолданып жүргізілетін сараптамаларды жүргізу барысында;

ж) сүйек калдықтары (бас сүйек) бойынша мәйіттің жеке басын анықтау үшін тірі күйіндегі калпына келтіру (реконструкциялау) барысында.

Габитоскопия криминалистикалық ілім ретінде адамның сыртқы келбетінің қалыптасуы заңдылыктарын айкындайды, сол адам келбетінің элементтері мен белгілерін жүйелендіреді, қылмысты жасауға катысы бар немесе хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларды іздестіру, анықтау мен идентификациялау үшін адамның сыртқы келбеті туралы мәліметтерді жинау мен пайдалану кұралдары мен тәсілдерін даярлайды.

Адамның сыртқы келбетінің белгілері, сол тұлғаның барлык өмір сүру барысында аса қатты өзгерістерге ұшырамай, тұрақты болып отырады. Негізінде бұл тұжырымды жоғарыда атап кеткен Француз ғалымы А. Бертельен: «адамның антропологиялық белгілері бойынша тіркеуді жүргізу қажет», - деген. Дегенмен бұл аталып отырылған белгілер өзгеріске ұшырайтыны айқындалынған. Негізінде адамның дене бітімі 25 жасқа дейін өзгеріске ұшырап дене бітімі калыптасады. Сол мезеттен бастап адамның сырқы келбеті өзгеріске ұшырамайды.

Адамньщ келбетінің даралығы, өзгеріске ұшырамауы және тұрақтылығы, ақпараттар көздерін жинактау барысында материалды (объективті) және идеалды (субъективті) келбетінің белгілері арқылы кайта калпына келтіруге мүмкіндік тудырып, оның маңызы өте зор болады.

Объективті акпараттардық катарына - адамның өзі, фотосуреттері, рентгенді және флюрограммалы түсірілген суреттері, кино және бейне фильмдері, мәйіттің бет-перделері, денесінің әр түрлі бөліктерінен алынған жабысындылар (кұлак бакалшағы, қолдың, алаканның, табанның, аяктың) және сүйегінің калдықтары.

Субъективтік акпараттардың катарына - адамның ойында қалған бейнелер, салынған суреттер, киысты (композициялық) суреттері, беттін, және бас сүйекті пластикалык қалпына келтіру (реконструкциялау), сөздік портрет жүйесінін негізінде немесе еркін тұрғыда сипатталынуы.

Адамның сыртқы келбетінің белгілері өзіне тән (кайталануы болмайтын), салыстырмалы өзгермейді және материалдық бейнелерде бекітіле алады, сонымен қатар баска да адамдардың естерінде сақталуы мүмкін.

Криминалистикалық габитоскопия жүйесі:

а) қылмыс субъектілерінің жеке басан тексеру мен куәландыруда;

ә) қылмыстық істін ашылуы мен тергеуіне байланысты сол іс бойынша мүдделі және мүдделі емес тұлғалармен танысу үшін;

б) қылмыс жасап, сот және қылмыстық із кесу органдарынан бой тасалап жүрген қылмыскерлерді, хабар-ошарсыз кеткен тұлғалардың іздеуін ұйымдастыру барысында жеке басы анықталмаған мәйіттердің табылғанында;

в) жазасын өтеу жерінен кашқан кылмыскер тұлғаларды іздеуге (жергілікті, республикалық және ТМД-лық іздеуге) жариялауда және іздестіру кестесін толтыру барысында;

г) мәйіттер мен адамдарды тану үшін көрсету барысында;

д) куәлардың, қылмыс оқиғасын өз көзімен көрген тұлғалардың, жәбірленушілердің айтуы бойынша жеке басы анықталмаған қылмыскерлердің композициялық суреттерін салу үшін;

е) криминалистикалық сараптаманы, сот портреттік сараптаманы және фотосәйкестендіру әдісін қолданып жүргізілетін сараптамаларды жүргізу барысында;

ж) сүйек қалдыктары (бас сүйек) бойынша мәйіттін жеке басын анықтау үшін тірі күйіндегі қалпына келтіру (реконструкциялау) барысында.

Криминалистикалық габитоскопияның пәні:

- адамның сыртқы келбеті туралы криминалистикалык ілімнің түсінігі, оның касиеттерін, белгілерін және элементтерінің жайттары туралы мағлұматтарды толығымен оқып үйрету;

- адамның сыртқы келбетінің түрлі бейнеде суреттелініп калуының заңдылықтарын окытып үйрету;

- адамның сыртқы келбеті туралы мағлұматтарды жинау, айкындау зерттеу және қолданудын жалпы заңдылықтарын кажетті әдістер мен кұралдарды пайдалану негізінде мағлұматтарды толығымен оқып үйрету;

- криминалистикалық сараптаманы, сот портреттік сараптаманы және фотосәйкестендіру әдісін, адамнын бас сүйек қалдықтары бойынша алғашкы келбетін калпына келтіру.

2. Криминалистикалық габитоскопияда адамнын сыртқы келбетінің элементтерін және белгілерін жіктеу маңызды рөль атқарады. Егер де белгілеріне тоқталатын болсақ, онда белгілер - бұл сыртқы келбеттің толыктай немесе оның жеке элементтерінің жеке сипаты, мысалы, адамның басы, құлағы, мойны және тағы да басқа дене бітімінің бөлшектерінен алынып, оның жеке сипаттамалары қалыптасады.

Адамның келбетінің белгілері өзіндік жөне ілесіп алынып ғана болып бөлінеді. Өзіндікті ашып айтатын болсақ, оларға мыналар жатады: ол адамның жеке өзіндік қасиеттері, оның сыртқы түріне, бет әлпетіне тән белгілер, ал ілесіп алынылғандардың катарына - адам келбетінің айырғысыз болып табылмайтын, бірақ онын ерекшеліктерін сипаттай алатын белгілерді алуға болады. Мысалы, адамның көзінің көру кабілетінің нашарлауына қатысты көзілдірік киюі, яки болмаса киімнің ерекше заттары және т. б. Өздік болып табылатын белгілер өзінің ішінде екіге жіктеледі, олар: морфологиялық және функционалдық. Бұл жіктелу түрі бірте-бірте шешуші болып бара жатыр. Бірақ тәжірибеде бұл жіктелуді функционалды және анатомиялық деп атап кеткен.

Адамның жалпы физикалық белгілеріне: жыныстық белгілері жатады. Адамның пішінінің (фигурасының), бетаузының құрылымы, шаш бүршегінің бар болуы, я болмаса болмауы, сонымен катар бет-аузының манайында болуы, шашының таралғандығы (причес) және т. б. белгілері кіреді.

Адам жасын білдіретін белгілердің қатарына: жастығын, орта буында екендігін, ұлғайған және өте карт жаста екендігін көрсететін белгілер, яғни бет қыртысынын, түсі, әжімдері, басындағы, бет-аузындағы шаштүсі, оның тығыздығы (коюлығы, сиректігі), дене бітімінің пішіні (фигурасы) және козғалу дағдылығын көрсететін белгілер, мысалы, адамның абыржуы, я болмаса күйгелектеніп қысқа өлшемдегі кадам жасауы, аяғын әлсіз басып, кей жағдайларда сүйретіп, сылтып басуының ерекшеліктері жатады.

Нәсілді-этникалық таптық белгілеріне - адамның антропологиялық нәсілдік, ұлттық топқа жататындығын білдіретін бет пішінінің белгілері (азиат, европейд, монголид, кавказдық сияқты белгілері) кіреді. Бұл белгілер тәжірибеде кеңінен колданылады, мысалы, жәбірленуші сипаттау барысында кавказ нәсілді деп кылмыскердің сипатын берген жағдайда іздеуге катысты шеңбер азаяды.

Конституциялық қалыптасу белгілері - бүл белгілердің тарапына атлетикалық дене бітімі, эстетикалық дене бітімін және әдеттегі дене бітімі көрсететін белгілер жатады.

Анатомиялық белгілердің қатарына мыналар жатады адамның дене кұрылымының белгілері (пішіні, фигурасы, бойы, пропорциясы, толықтығы) және адам денесінің баска да бөліктері (басы, бет-аузы, мойны, иығы, төсі, аркасы, іші, қолдары, сонымен қатар алақандары, қол саусақтары, тырнақтары аяғы және т. б. ) Бастың және бет-ауыздың анатомиялық белгілері (дәлірек айтқанда - анатоморфологиялық белгілері) және олардың элементтері криминалистикалық габитоскопияда жеткілікті мөлшерде жіктелген. Себебі адамның бет-аузы мен басы адамның есінде жиі қалады.

Адамның сыртқы келбетінің анатомиялык белгілері тұрпаттары шығыңқы, кіріңкі, тегіс, дөңгеленген болады, жобасы және кескін үйлесімі адамның бет-аузын жанынан карастыру арқылы айқындауға болды. Ауқымы бойынша: биіктігі, терендігі, ұзындығы, енінің өлшемі толығымен кіреді, дәлірек айтканда үлкендігі, кішілігі, орташа өлшемде болуы және басқа да өлшемдерімен пропорционалдығы кіреді.

Анатомиялық белгілеріне токталатын болсақ, олар ерекше топтама құрып, адамның дүниеге келгенінен бастап пайда бо-ған кемістіктермен ұштасады немесе ауру сыркаттармен, төтенше, аяқ-асты күтпеген жағдайдың салдарында пайда болған, патологиялық немесе т. б. жағдайлардың салдарынан пайда болған белгілермен үштасады. Кейбір жағдайларда оларды ерекше (айрықша көзге түсетін) белгілер деп атайды. Бұл белгілер ерекше түрде тергеу кезінде жүзеге асырылатын тануға ұсыну секілді тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қылмыскерлерге іздеу салғанда, сонымен қатар сараптамалық зерттеулер жүргізу барысында орасан зор орын алады. Олардың тарапына келесі физикалық кемістіктер жатады:

-дене бөлшегінің болмауы;

- көздің, колдың, аяктың, тістін орнында протездердің болуы;

-омыртқасының қисайып орналасуы, бір қолының, я болмаса аяқ-колдың бір-бірінен қыскалығы басқа да кемтарлығы т. б.

Сонымен катар адам денесінің теріс қабат қыртысының беткі кабатында орналасқан белгілердің де маңызы өте зор. Бұл белгілер қатарына пигментті дактар жатады, мысалы, қылмыскердің қолында сүйелдің болуы, күйіп қалғандықтан калған дақтары, қол саусақ іздерінің папеллярллы дақтардың морфологиялық, өзіндік ерекшеліктері, денеге бастырылып жазылған мәтіндер, суреттер мен таңбалар /мәселен, олардың түсі, орналаскан жері/, адамның тері кыртысының үстінгі қабатының күйі /қатпарлануы, әжімділігі және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Габитоскопия ұғымы. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері
Адам сырт келбеті туралы криминалистикалық ілім
Криминалистикалық портреттiк зерттеудің және сараптаманың негiзi. Адамның сыртқы бейнесi туралы ақпаратты жинау оны қолдану
Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны
Жапырақтардың микроскопиялық талдауы
Адамның сырт бейнесін криминалистикалық оқу
Тривиалды атаулар
Алмалы-салмалы протезді бекітумен тұрақтандырудың қазіргі заманғы әдістері
Жеке адамды тану үшін көрсету
Трасология – іздерді зерттейтін криминалистикалық техниканың бір саласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz