Азаматтық жауапкершілік түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән:
Тақырыбы: Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі

Орындаған:
Ю-18-3к-тобының студенті
Жайлмурат Раушан
Ғылыми жетекші:

ҚАРАҒАНДЫ 2020

КІРІСПЕ

1.Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.Азаматтық - құқықтың жауапкершілік формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
3.Азаматтық жауапкершілік түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.Адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян және моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
5.Зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Адам өміріне келтірілген зиян үшін жауапкершілік әрқашан өзекті болып табылады. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары,-деп жарияланған. Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Азаматтық құқық адам құқығын қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына (игіліктеріне) және заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіру заң шығарушының назарынан тыс қалмайды және қоғамдық қатынастардың реттеушісі ретіндегі азаматтық құқықтың құндылығын дәлелдеп, көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
1)ҚР Азаматтық құқығының адам өміріне зиян келтіргені үшін жауапқа тартуға болатын бап-тармақтарымен толық танысу.
2)Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрлерін, оларлың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастыру.
Зиян келтіргені үшін жауаптылық, азаматтық құқықта - азаматтың жеке басына немесе мүлкіне не заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіргені үшін зиян келтірушінің жәбірленушіге оны толық көлемде өтеуге міндеттілігі. Заңда немесе шартта зиян келтірушінің жәбірленушіге зиянның өтеуінен тыс өтемақы төлеуге міндеттілігі белгіленуі мүмкін. Зиян келтірген адам өзінің кінәсіз екенін дәлелдеген жағдайда зиянды өтеуден босатылады. Егер зиян жәбірленушінің өтінішімен немесе келісімімен келтірілсе, ал зиян келтірушінің әрекеттері қоғамның адамгершілік қағидаттарын бұзбаған болса, ол зиянды өтеуден босатылуы мүмкін. Қажетті қорғаныс жағдайында келтірілген зиян қорғаныс шегінен шығып кетпесе, өтелмейді. Аса қажеттілік жағдайда келтірілген зиян, яки зиян келтірушінің өзіне немесе басқа адамдарға төнген қауіпті жою үшін жасалған әрекеттерден келтірілген зиян, бұл қауіп басқадай жолмен жойылмайтын болған жағдайда, өтелуге тиіс. Мұндай зиянның келтірілуіне себеп болған мән-жайды ескере отырып, сот оны өтеу міндеттілігін үшінші бір адамға (зиян келтіруші соның мүддесі үшін әрекет еткен болса) жүктеуі мүмкін. Жұмыс беруші, яки заңды тұлға немесе азамат өзінің қызметкері еңбек (қызмет бабындағы, лауазымдық) міндеттерін орындау кезінде келтірген зиянды өтеуге міндетті. Жалпы ереже бойынша, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ, олардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан, соның ішінде заңға немесе өзге құқықтық актіге сай келмейтін акт шығаруы салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян өтелуге тиіс
1. АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ

Жауапкершілік термині әртүрлі аспектіде қолданылады. Жеке айтатын болсақ: әлеуметтік, рухани, экономикалық және юридистикалық жауапкершілікті кездестіруге болады. Әлеуметтік жауапкершілік түсінігі жалпылама ұқсас. Онымен қоғамдағы болып жатқан жауапкершіліктің барлық түрі қамтылады. Осы тұрғыдан қарағанда рухани, экономикалық юридистикалық жауапкершілік - тек әлеуметтік жауапкершіліктің түрі ғана.
Алайда әлеуметтік жауапкершілік ерекше мағынаға ие болып, әлеуметтік психологиялық сипатта болады. Әдебиеттерде осы жауапкершілік түсінігіне ұқсастыруға тырысады. В.А Тархованың пікірі бойынша: өзінің істеген әрекетіне жауап бере отырып міндеттеменің реттелу құқығы- юридистикалық жауапкершілік ,-дейді. Юридистикалық жауапкершіліктің осындай түсінігі жауапкершілік түсінігін шектен тыс үлкейтіп, оның тәжірибелік мағынасынан айырады.Қоғамдық өмірде рухани жауапкершілік категориясы үлкен маңызға ие. Ол ұнамдылықты бұзу нормасымен байланысқан және қоғамға жат қылықты қоғамдық айыптау түрімен ерекшеленеді.
Әдебиеттерде және заңдылықтарда экономкалық жауапкершілік түсінігі екі түрлі мағынада қолданылады. Барлығынан бұрын ол Мүлікті жауапкершілік түсінігімен астасып жатады. Және бұнда ешқандай қорқыныш жоқ. Нарықтық экономикаға өтуімізге және әкімшілік халықтық әдістің экономикалық әдіске өту,осындай түсінікті құқыққа сиымды етіп көрсетеді. Яғни нарықтық қатынастарды реттеуде жол ашады. Экономиканың ықпаламен экономикалық әдістердің заңмен бекітілуі экономикалық жауапкершілікті құқық бұзушыға мүліктік ықпал ету шарасы ретінде экономикалық жауапкершілікті юридистикалық жауапкершіліктің бір түріне айналдырады. Заң әдебиеттерінде экономикалық жауапкершілік түсінігіне юридистикалық жауапкершіліктің ерекше бір түрі ретінде қатыстыруға тырысады. Бұл жағдайда әкімшілік-құқықтық шара туралы сөз болып, ал азаматтық құқықтық жауапкершілік түсінігі қарастырылмады. Алайда, нарықтық экономика жағдайында экономикалық жауапкершілік түсінігі мағынасын жоғалтады. Азаматтық- құқықтық жауапкершілік юридистикалық жауапкершілікті құрайтын, өзіне тиісті барлық белгісімен юридистикалық жауапкершіліктің бір түрін құрайды. Юридистикалық жауапкершілік үшін оған негізгі төрт белгі тән: юридистикалық жауапкершілік құқық нормасын бұзушыға қолданылатын мемлекттік мәжбүрлеуге ықпал ететін шаралардың тек бір түрі; екіншіден, ол құқықтың бұзылуына жол берген тарапқа ғана қолданылады; үшіншіден, құқық бұзушыға тек қана мемлекеттік немесе басқа құзіретті орган қолданады; төртіншіден, жауапкершілікті қолдану үшін юридистикалық жауапкершілік болып табылатын құқық бұзушыға қолданатын санкция заңымен белгіленуі керек. Юридистикалық жауапкершілік құқық бұзушыға қолданатын мемлекеттік мәжбүрге ықпал ету шараларының ерекше бір түрі ретінде саналады. Сонымен қатар адамдардың іс-әрекетіне әсер етет ін басқа да тәсілдермен ерекшеленеді. Азаматтық-құқықтық катынастың көпшілік бөлігі міндеттеменің бұзылуынан пайда болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүліктік қатынастармен байланыста болғандықтан ол төмендегідей қасиеттерімен ерекшеленеді:
а) борышкордың міндеттемені бүзуынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге өндіріп беру;
ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын кадағалау;
б) борышқорды міндеттемені орындамаганы немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;
в) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу;
г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше дәлелдеу болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мынадай негізгі қызметтерді аткарады: жазалау, қалпына келтіру, тәрбиелік.
Жазалау қызметі -- міндеттемені бүзған немесе шығып келтірген түлғаның мүлкінің азаюы.
Тәрбиелік қызметі -- құқық бұзушы болашақта мұндай әрекеттер жасауға жол бергізбейді.
Қалпына келтіру қызметі -- шығын келген тұлғаныц мүліктік жағдайын қалпына келтіру.
Мысалы, мемлекттік мәжбүрлеуші шара -ретіндегі реттеуші сипатқа ие болатын, бірақ юридистикалық жауапкершілік бола алмайтын оперативті ықпал ету шаралары болып табылады. Жоғарыда көрсетілгендей юридистикалық жауапкершілікті азаматтық құқықта ерекшеліктері бар. Бұл қасиеттер қоғамдық қатынасты реттеуші азаматтық құқықтық пәні және әдісі ретінде, сонымен қатар жалпы құқық жүйесі ретінде азаматтық құқықтың қызметін атқарады. Азаматтық құқықты реттейтін ерекше қатынастар секілді мүліктік сипатқа ие болып, мүліктік қатынастарды қүрайды. Азаматтық қүқық бойынша жауапкершілік қүқық бұзушыға қолданылатын экономикалық ықпал ету қызметін орындай отырып, қоғамдық қатынастарды реттейтін экономикалық әдістерінің бірі болып табылады. Бірақ азаматтық құқық жеке мүліктік емес қатынастарды, сонымен қатар тікелей мүліктік емес қатынастарды да реттейді.Осы уақытқа дейін жеке мүліктік емес қатынастарды бұзу мүліктік сипатта болады деген пікір қалыптасты. Яғни ол үшін жауапкершілік мүліктік сипатта болмауы тиіс. Алайда, өмірдің өзі көрсеткендей, көп жағдайларда азаматтардың немесе ұйымдардың жеке мүліктік емес құқықтарын бұзу, тиімсіз мүліктік сипаттағы жауапкершілікке әкеліп соғуы мүмкін.
Сонымен, азамат туралы жалған мәлімет жариялау, оған жұмысқа тұруға немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан жаңа заңдылық бойынша жәбірленушіге жалған мәлімет жариялау арқылы келтірілген рухани залалды өтеу құқығына ие болады. Ал азаматтар үшін құқыққа қарсы іс-әрекет арқылы келтірілген физикалық кемсітушілікті өтетуге құқылы.

Азаматтық Кодекстің 1-ші бабында былай деп көрсетілген:

1. Азаматтық заңдармен тауар - ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзгеде мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады.
2. Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені оларды бұзу құқық бұзушыға мүліктік сипаттағы жауапкершілікке әкеп соғады.
Ал заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 44-бабында көрсетілгендей, меншік иесі қаржыландыратын мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардан басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Меншік иесі қаржыландыратын мекеме немесе қазыналық кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша тиісті мүлікті меншіктенуші жауапты болады. Азаматтық құқық тауар иелерінен тәуелсіз және тең құқықты қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық қатынас міндеттеме бұзылған жағдайда екіншісіне жүктейтін тең құқылы талаптар арасында құрылады. Азаматтық талап жауапкершілікте болу фактісін көрсетеді. Талапкердің пайдасына өндірілетін құқық бұзушыға жүктелетін мүліктік санкциялар қолданылады. Алайда кейбір жағдайларда құқық бұзушы зиян келтіріп қана қоймай арам ниетпен жасалса және қоғамдық, мемлекеттік қызығушылықты тудырса, онда заңда белгілегендей белгілі мөлшерде мемлекет кірісіне ұсталатын мүліктік санкциялар қолданылуы мүмкін.
Азаматтық құқықпен реттелетін тауар-ақша қатынастары эквиваленті өтелетін сипаттак болады. Бұдан шығатын қорытынды, талапкерге зиян немесе шығынды эквиваленті түрде өтейді. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ерекшелігі оның концепциялық сипатта болуында. Оның мақсаты-талапкердің мүліктік сферасын қайта қалпына келтіру. Көрсетілген жағдай өз кезінде азаматтық құқықтың жауапкершіліктің шегін анықтайды. Талапкерге мүліктік сфераны қалпына келтіру тек қана оған келтірген зиянды немесе шығын мөлшерімен жауапкершілік мөлшерінің сәйкес келуі. Бұл жалпы ереженің кейбір қолданылмайтын кездері бар. Егер де жауапкершілік мөлшері заңмен шектелмеген болса, берілген жағдайды түсіндіре отырып, азаматтық құқық экономикалық қатынастарды реттеумен қоса тәрбиеленуші және контрагентке міндеттемені орындату үшін ықпал етуші сипатқа ие. Азаматтық құқық қатынастағы тараптардың заң бойынша бір-біріне ұқсас теңдей жауапкершіліктер әрқашан қатал қолданыла бермеді. Бұл жерде негізгі қатысушышаруашылық іс-әрекеттер жеңілдіктермен артықшылықтарды пайдалана білді. Осыған ұқсас жауапкершілік мөлшерінің шектеулі құрылыс, транспорт, кәсіпорындарда және тағы да басқа ұйымдарда етек алды. Үкімет мүліктік жауапкершіліктен жыл сайын шарттағы міндеттемені бұзған кәсіпорындар және ұйымдарды жеңіл өнеркәсіп саласын мәжбүрлеу шараларын босатып жіберіп отырды. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты осындай жағдайлар заңның кейбір тұстарының өзгертулеріне әкеп соқты.
Жоғарыдағы мысалдан бір шешімге келетін болсақ, азаматтық құқықтық жауапкершілік мүліктік сипаттағы санкция қолданумен байланысқан, бұзылған құқықтарды реттейтін және азаматтық айналымға қатысушылардың тең құқығын экономикалық тұрғыда әсер ететін мемлекеттік мәжбүрлеу түрлерінің бірі.

2. Азаматтық - құқықтың жауапкершілік формалары

Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің формасы ретінде құқық бұзушыға жүктелетін косымша міндеттер түсіндіріледі. Азаматтык заңдылық жауапкершіліктің әртүрлі формасын карастырады. Жауапкершілік шығынды өтеу арқылы (20-бап, Азаматық Кодекс), айып төлеу арқылы (Азаматтық Кодекс 298-бап), кепіл жоғалту арқылы (Азаматық Кодекс 337-бап) жүзеге асырыладыАзаматтық кодекстің 20-бабында былай деп көрсетілген:
1. Азамат өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлікпен
жауап береді, бұған заң құжаттарына сәйкес ақы өндіріп алуға болмайтын
мүліктер кірмейді.
2. Азаматтардың ақы өндіріп алуға болмайтын мүлкінің тізбесі Қазақстан Республикасының АІЖК белгіленеді.
Азаматтық кодекстің 298-бабында: "Міндеттемені бұзғаны үшін борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады".
Борышқор кінәлі болған кезде, егер заңдарға немесе шартта өзгеше көзделмесе, міндетемені орындамағаны және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауап береді. Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда, мерзімін өткеріп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңмен немесе шартпен белгіленген ақша соммасы айыптөлеу (айыппұл, өсім) деп танылады.
Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша жасалады. Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеп соқтырады. Немесе беруші тараптардың келісімінде айып төлеу міндетті көзделген көзделмегеніне карамастан, заңдарда белгіленген айып төлеуді талап етуге құкылы. Егер заңдарда тиым салынбаса, тараптардың келісімімен заңда айып төлеу мөлшері көбейтілуі мүмкін. Айып төлеу мөлшері нақты ақша соммасында немесе орындалмағанына не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгіленеді. Егер төлеуге тиісті айып немесе берушінің шеккен залалдары мен салыстырғанда тым көп болса, сот борышқордың міндеттемені орындау дәрежесін және борышқор мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін ескере отырып, айып төлеу мөлшерін азайтуға құқылы. Міндеттемені бұзғаны үшін борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде міндеттемнің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады. Азаматтық кұқықтық жауапкершіліктің келесі түрі кепілпұл.
Кепіл шартқа сәйкес пайда болады. Кепіл заң құжаттарының негізіңде, егер заң күжаттарында қандай мүлік және қандай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілде жатқан деп танылатаны көзделсе, оларда көрсетілген міндеттемелердің пайда болуы кезінде де туындайды. Егер шартта немесе заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, кепіл талапты оның нақты қанағаттандырылатын кезіндегі көлемді проценттерін қоса алғанда, орындау мерзімін өткізіп алу арқылы келтірілген шығындардың өтелуін, айып салуды, кепілден алынған мүлікті үстау жөніндегі кажетті шығындарды, сондай-ақ өндіріп алу жөніндегі шығындарды өтеуді қамтамсыз етеді.
Кепіл туралы шартта өзгеше көзделмеген, кепіл құқығы кепілі тіркелуге жататын мүлік жөніндегі шартты тіркеу кезінен бастап, басқа мүлік жөнінен -- бүл мүлікті кепіл ұстаушыға берген кезден бастап, ал егер ол беруге жатпаса, кепіл туралы шарт жасасқан кезден бастап пайда болады. Егер борышқор міндеттемені тиісті дәрежеде алу үшін өзіне байланысты шаралардың барлығын қолданып дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады. Кәсіпкерлік кызметті жүзеге асырған кезде міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жағдайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б) салдарынан тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік болмағандығынан дәлелдей алмаса, мүліктік жауаптылықты көтереді.
Заңдарда немесе шарт жауапкершіліктің және одан басталудың өзге негіздері ескерілуі мүмкін.Міндеттемені қасақана бұзғаны үшін жауапкершілікті жою немесе шектеу туралы алдын-ала жасалған шарт жарамсыз болады. Қазақстан Респуликасы Азаматтық Кодексінің 337-бабы бойынша: Уағдаласушы тараптардың біреуінің шарты бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасаумен орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сомма кепілпұл деп танылады.
Кепіл пұл туралы келісім кепілпұлдың соммасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Бүл ереже негізгі міндеттеме нотариалдық жолмен куәландыруға тиіс болатын жағдайда да колданылады.
Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамай кепілпұл келісімін
жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады деп көрсетілген.
Шартта өзгеше көзделмесе, міндеттеменің орындалмауына жауапты тарап екінші тарапқа кепілпұл сомасын ескере отырып шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.
Жоғарыда айтылған баптардың ішінен шығынды өтеу ерекше орынды алады. Олай дейтін себебіміз азаматтардың қүқықтарының бұзылуы көп жағдайларда шығынға әкеп соғады. Егер заңда немесе шартта көзделмесе, азаматтық қүқықтық жауапкершіліктің осы түрі үлкен мағына беріп, азаматтық құқық бұзушылықтың көп ретінде қолданылады.
Егер арендаға алушы мүліктің нашарлауына жол берсе, онда арендаға беруші аренда туралы занда немесе шартта көзделмеседе оған келтірілген шығынды өтеуге құқылы. Арендаға беруші арендаға берілген мүліктің нашарлағаны үшін айып төлетуді тек қана арендаға алушымен шартта көзделсе және бекітілсе ғана жүзеге асырылады.
Азаматтық құқықтардың бұзылуымен байланысты көп жағдайларды шығынды өтеу белгіленгендіктен азаматтық құқықтық жауапкершіліктің осы түрі жалпы шара ретінде саналады.
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің жалпы шарасы ретінде келтірілген зиянды өтеу міндеттеменің кез келген түрінде колданылады. Азаматтық Кодекстің, 349 бабы міндеттемеге анықтама береді:
Міндеттемені орындамау, не тиісті дәрежеде орындамау (мезгілінде орындамау, тауарлар мен жүмыстарды толық орындамау, міндеттеме
мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды бұзып орындау) -тиісінше
орындамау оның бұзылуы деп түсініледі. Тиісті дәрежеде орындауға
мүмкіндік болмаған жағдайда борышқор бүл туралы несие берушіге дереу
хабарлауға міндетті.
Міндеттемені бұзғандығы үшін борышқорды жауапқа тарту несие берушінің талап етуі бойынша жүргізіледі.
Міндеттемені бұзу оның кез-келген жағдайына қатысты: орындаудың уақыты, орны, әдісі, саны және сапасы. Құқық бұзушылықтың әртүрлілігіне байланысты оларды екі түрге бөлуге болады: орындамау және тиісінше орындамау.
Міндеттемені орындамау - бұл борышқордың негативті әрекеті немесе әрекетсіздігі.
Егер борышқор несие берушіге хабарлап, алайда зиян несие берушінің кінәсінен болса, борышқордың жауапкершілік мөлшерін азайтуы мүмкін. Жауапкершілікке тарту азаматтық құқық нормаларының санкциясын іске асыру кызыметін атқарады.
Құкық бұзушылық үшін жауапкершілік, біріншіден, борышқордың міндеттемені орындауға ықпал етеді; екіншіден, оның тиісінше орындалмағаны немесе орьндамағаны үшін жазалайды; үшіншіден, несие беруші келтірілген зиянды өтеу үшін міңдеттемеге қатысады; төртіншіден, осындай шығындарды өтейді; бесіншіден, басқа тараптардың көз алдында борышқордың тәртіпсіздік фактілерін әшкерлейді.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мына жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін:
А) несие берушінің талабын қанағаттандырып борышқордың жауапкершілікті өз еркімен өтеуі;
Б) жауапкершілік мөлшерін келімсіз тәртіпте ұстайтын несие берушінің бір жақты әрекеті:
В) міндеттеменің тиісінше орындалмағаны немесе орындалмағаны үшін борышқорға кұзіретті органдардың жауапкершілікті орындатуға шығарылған шешімі.
Шығынды өтеу -- азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы тараптын екінші тараптың адцында жауапкершілікте болуын көрсетеді.
Сонымен, шығынды өтеу құқық бұзушының есебінен талапкердің мүлкін келтіруге бағытталған. Шығынды өтеу компенсациялық сипатка ие. Шығын ретінде қүқық бұзушының талапкерге мүліктік сипатта бағытталған кертартпа салдарлары жатады. Солдардың алғашқы бөлімі ретінде мүлікке нақты кемшілік келтіру кіреді. Ол айқын шығын деп аталады. Екінші бөлім талапкердің мүлкі арқылы табысынын көбеймеуіне байланысты айырылып қалған пайда деп аталады. Айырылып қалған пайда өзіне әдеттегі азаматтық айналымдағы секілді құқығы бұзылмағанда түсетін табысты қамтиды. Егер арендаға алушының кінәсінен алынған саяжай өртеніп кетсе, онда арендаға берушіге кайта жөндеу бағасы және калпына келтіру барысында түспеген аренда ақшасы да өтеледі (оған келтірілген шығынды өтетуге құқылы).
Арендаға беруші арендаға берілген мүліктің нашарлағаны үшін айып төлеуді тек қана арендаға алушы мен шартта көзделсе және бекітілсе ғана асырылады да келтірілген зияннын толық өтелуі қағидасын қамтамасыз етеді. Азаматтық кодекстің 9-бабының 4 бөлігіне сәйкес құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне келтірілген залалдың толық өтелуін талап ете алады.
Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай калған табыстары (айырылып қалған пайда) залалдар деп түсініледі.
Егер тәртіп бүзудың құқықтың салдарынан пайда болуы тәртіп бұзушының кінәсіне байланысты болса. заң қүжаттарында өзгеше көзделгеннен басқа жағдайларда ол кінәлі деп ұйғарылады.
Бұл ереже бойынша өтелуге екі шығын жатады нақты нұқсан және айырылып қалған пайда. Жоғарыда көрсетілген мысалдағыдай арендаға алушы қайта жөндеу құқығын және жөндеу кезінде төленбей қалған аренда ақысын өтеуі тиіс, егер де заңда немесе шартта шығында өтеу көлемі аз мөлшерде деп көрсетілмесе туындайды.
Алайда, белгілі бір қызметпен байланысты заңмен келтірілген шығынды өтеу кейбір міндеттемелердің түріне байланысты шектелуі мүмкін.(АК 358-бап)
Міндеттеменің кейбір түрлері бойынша және кызметтің бір түрлеріне байланысты міндеттемелер бойынша заң құжаттары залалды толық өтеу құқығын шектей алады. (шектелген жауапкершілік) 3. Егер міндеттеменің осы түрі немесе осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мөлшері заңмен белгіленген болса, қосылу шарты бойынша немесе тұтынушы ретінде азамат несие беруші болып табылатын өзге шарт бойынша борышқордың жауапкершілік мөлшерін шектеу жөніндегі келісім жарамсыз болады.
Транспорттық кодекстер мен жарлықтар тасымалданушының шектелуі Жауапкершілігін құрайды. Мысалы СССР-дың әуе кодексінде көрсетілгендей келісілген бағамен жүктің жеткізілуін, егер тасымалдаушы жүктің жеткізу құнының өскендігін дәлелдесе, онда келісілген баға көлемінде өтейді. Ал бұндай жағдайларда айрылып калған пайда өндірілмейді.
Баға әрқашан ауысуымен инфляция шартына сәйкес шығын есепке алынбайды. Бұндай ереже Азаматтық Кодекстің 385-бабында бекітілген: 1-ші шарттың орындалуы тараптардың келісімімен белгіленген баға бойынша төленеді. Заң құжаттарында көзделген жағдайларда оған уәкілдік берілген мемелекеттік органдар белгілейтін немесе реттейтін баға (тарифтер, бағалар. ставкалар және т.б) қолданылады.
Шарт жасалғаннан кейін бағаны өзгертуге шартта, заң кұжаттарында көзделген реттер мен жағдайларға немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша жол беріледі.
Ақылы шартта баға көзделмеген және шарт ережелерін негізге ала отырып оны анықтау мүмкін болмаған реттерде шартты орындау шарт жасау кезінде осыған ұқсас жағдайларда әдетте осы сияқты тауарлар. жұмыс немесе қызмет үшін алынатын баға бойынша жүргізілуге тиіс деп есптеледі.
Шығынды өтеу кезінде тиісінше орындалмағаны немесе орындалмағаны үшін сол күнгі баға есепке алынып, ал егер борышқор мойындамаған ретте талап арыз берген күнгі баға есепке алынады. Көрсетілген ереже тек қана заңмен, басқа нормативті актімен немесе шартта бекітілмесе ғана орындалады. Істің жағдайына қарай сот шешім шығарған күнгі бағаны белгілей алады. Айырылып қалған пайданы есепке алу кезінде несие берушінің оны алу үшін дайындық шаралары ескеріледі.
Егер құқық бұзған азамат осының салдарынан табыс тапқан болса, онда несие беруші алынбаған пайданың табыстан кем немесе мөлшерде шығынды өтеуге құқылы. Мысалы, арендаға алушы арендаға алған мүлікті бір мерзім кешіктіру арқылы табыс тапқан болса, онда арендаға беруші айырылған пайданы табыстан кем немесе мөлшерде өтеуді талап ете алады. Себебі арендаға алушы құқыққа сыйымсыз әрекет арқылы арендаға алынған мүлікті пайдаланған.

3.Азаматтық Жауапкершілік түрлері.
Жауапкершілік түрлері - Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түрлерге бөлінуі оның алға қойған мақсаттарының белгілеріне қарай жүзеге асырылады. Сонымен негізгі мағына шартты және шарттан тыс жауапкершілікке бөлеміз. Шарттан тыс жауапкершілік құқық бұзушыға тек қана шартта белгіленбеген санкция қолдану кезінде пайда болады. Мысалы, сатылған заттың кемшілегі үшін тутынушының алдында сатушымен қатар затты дайындаушы да жауапкершілікте болады. Алайда сатушы тұтынушының алдында шартты қатынаста құрылғандықтан шартты жауапкершілікте, ал дайындаушы - тұтынушы мен затты дайындаушының арасында шартттық қатынас болмағандыктан шарттан тыс жауапкершілікте болады.
Заңдылық мағынасына қарай шартты және шарттан тыс жауапкершіліктің заңмен және шарттың жағдайларына қарай белгіленеді.Тараптар шартқа отыру кезінде заңда қарастырылмаған жауапкершілікті құқық бұзушылык үшін белгілей алады немесе заңмен салыстырылғанда жауапкершілік мөлшерін көбейтуге немесе азайтуға құқылы.

Шартта және шарттан тыс жауапкершілікті ажыратудың қажеттілігі олардың әртүрлі ережеге бағынуына байланысты туындап отырады. Сонымен, егер зиян талапкерге шарт жасамай-ақ келтірілсе, онда ол өтелутиіс. Тараптық шартқа отыру кезінде зиян келтіргені үшін жауапкершілік көзделіп, бірақ ол міндеттемені орындаудан бас тартса, осы шарттың құқықтық қатынасты реттейтін заң бойынша жауап береді. Жауапкершіліктің сипатына байланысты бірнеше түрге: үлесті, солидарлы және субсидиарлы жауапкершілік деп ажыратуға болады. Заңда 18 жасқа дейінгілерді кәмелеттік жасқа толмағандар деп атайды. 14 -- 18 жас аралығындағыллр жартылай немесе ішінара әрекетке қабілетті болыи табылады. Осыған орай бүл жас аралығындағыларды азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартудың да ерекшелігі болатындығы өзінен-өзі түсінікті.
Осы көрсетілген жас аралығындағылар белгілі зиян келтіретін болса, онда өздерінің жас шамаларына қарай әр түрі азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылаы 14 жасқа дейінгілер біреудің мүлкіне зиян келтіретін болш егер келтірген зиян өздерінің кінәсінен болмағандығы дәлелдемесе, (өздерінің кінәлі еместігін дәлелдей алмім онда келтірген зиян үшін ата-анасы, асырап алушыллр немесе қамқоршылары жауап береді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ата-аналар мен т. б, адамдардың кінәсі ретінде баланы тиісті дәрежеде, тәрбиелемеу жәнө бақыламау карастырылған.
11 жасар бала аулада доп ойнап жүр делік, ал оның әкі сол аулада өзінің танысымен шахмат ойнап отыр. Жаңағы дол жүрген бала ойын барысында көршілердің біреуінің терезесін сындырып алды. Осы жағдайда кім жауап береді? Әрине оның ата-анасы, себебі бала доп ойнап жүргенде оны тиісті дәрежеде қадағалап отыруы керек еді. Оны шахмат ойынына берілген әкесі ұмытып кетті немесе көңіл бөлмеді.
Тағы да мынадай жағдайды алайық, бұзақылықпен айналысып жүрген (оған дейін де бұзақы екендігі белгілі) 12 жасар бала дүкеннің терезесін сындырып ішінен бір кассета ұрлап алады. Бұл жерде баланың ата-анасының кінәсі бар ма? Әрине бұл жағдайда да баланың ата-анасы кінелі болады. Өйткені олар балаға тиісті дәрежеде тәрбие бермеген, яғни баланы дұрыс тәрбиелеуге қатысты міндетін тиісінше атқармаған.
Егер көмелеттік жасқа толмаған қорғаншылыққа мұқтаж жас бала тиісті тәрбиелеу, емдеу мекемесінде халықты өлеуметтік қорғау мекемесінде немесе заңға орай өзінің қорғаншысы болып табылатын осы сияқты басқа мекемеде болса және зиян өзінің кінәсінен болмағанын дәлел емес, жас балаға келтірген зиянды сол мекеме өтеуге міндетті.

Үлесті жауапкершілік егер несие берушіге борышқорлардың әрқайсысы заңға және шартқа сәйкес үлесті түрде жауапкершілікте болса орын алады. Үлесті жауапкершілік жалпы ережедегі мағынаға ие заңмен мөлшері белгіленген болса, онда тараптардың әрқайсысына теңдей үлес мөлшері пайда болады.Мысалы, тұрғын үйдің меншік иелері сатып алушының алдында үйдің кемшілігі үшін жалпы үлесті меншікте болады.

Солидарлы жауапкершілік егер заңмен немесе шартпен бекітілген кезде қолданылады. Залалды бірігіп келтірген тараптар солидарлы жауапкершілікте болады. Солидарлыжауапкершілікте несие беруші кез-келген жауапкерден бөлшектей немесе толық көлемде өндіріп алуға құқылы.

Солидарлы жауапкершілік несие берушіге тиімді болып табылады. Өйткені, ол кез- келген жауапкерден толық көлемде өндіре алады. Мысалы, егер азаматқа бірнеше тараптар бірлесіп зиян келтірсе, онда ол зиянды зиян келтірушінің ішінен залалды қалпына келтіруі мүмкін немесе ақшалай қаражаты бар тарапынан толық көлемде өндіре алады.

Азаматтық кодекстің -77 бабының бөлігіне сәйкес бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан құны шегінде тәуекел етеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестің салымды толық қоспаған қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым төлемеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады.Субсидиарлы жауапкершілік егер міндеттемеде екі борышқор болып, оны біреуі негізгі, ал екіншісі қосымша (субсидиарлы)болғанкезде орын алады. Бұл кезде несие берушінің алдына субсидиарлы борышқор негізгі борышқорға қоса қосымша жауапкершілікте болады. Осындай субсидиарлы жауапкершілік заңмен, басқа нормативті актімен немесе міндеттеменің шартымен белгіленуі мүмкін.

Азаматтық Кодекстің 72 бабына сәйкес: Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзін бүкіл мүлкімен (толық серіктестіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушымен қатар, жауапкершілігі толық серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік Азаматтық сенім серіктестігі деп танылады.

Азамматтық кодекстің 257-бабы субсидиарлы жауапкершілікке арналған;

1.Заңдарға немесе міндеттеменің шарттарына сәйкес негізгі борышқор болып табылатын (субсидиялық жауапкершілік) басқа адамның жауапкершілігіне қосымша жауапты болатын адамға талап қойғанға дейін кепіл беруші талапты негізгі борышқорға қоюға тиіс.

2. Егер негізгі борышқор несие берушінің талабын қанағаттандырудан бас тартса, не оны толық орындамаса немесе несие беруші одан қойылған талапқа ақылға қонымды мерзімде жауап алмаса, бұл талаптың орындалмаған бөлігі субсудиялық жауапкершілігі бар адамға қойылуы мүмкін.

3. Егер бұл талап негізгі борышқорға қарсы қойылған талапқа жатқызу (осы кодекстің 370-бабы) не негізгі борышқордың есебінен өндіріп алу арқылы қанағаттандырылуы мүмкін болса, несие беруші өзінің негізгі борышқорға қоятын талабын субсудиялық жауапкершілігі бар адам оған несие беруші қойған талапты қанағаттандыруға дейін бұл туралы негізгі борышқордың несие берушіге қарсы айтайындеген қарсылықтарын субсидиялық жауапкершулуктері барадамның регрестік талабына қарсы қоюға құқығы бар. Міндетте бұзылған жағдайда алғашқы талапнегізгі борышқа қойылады және одан талап толық қанағаттандырылған жағдайда талаптың өтелмеген бөлігі субсидиялы борышқа өтеді.

Субсидиялы борышқорға талап қою үшін алдын-ала негізгі борышқорды банкрот деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы түсінік
Азаматтық құқықтық жауапкершілікке тарту негіздері
Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық
Құқық бұзушылықтың обьектісі
Міндеттемені бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік
Кәсіпкерлердің азаматтық жауапкершілігінің туындау шарттары
Зиян келтірудің түрлері
АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ
Азаматтық құқық бұзушылық
Құқық бұзушылыққа қолданылатын заңды жауапкершілік
Пәндер