Әмбебап компьютерлік технологиялар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

туристік кәсіпорындар мысалында қарастыру, туристік кәсіпорынның интернет-технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын ұсыну және оның пайдасын анықтау.

Зерттеу обьектісі туристік кәсіпорындар. Зерттеу тақырыбы ретінде ақпараттық технология мен инновациялық әзірлемелер және олардың Интернетке енгізуі мен туристік салада пайдалануы алынды.

Қазіргі таңда әлеуметтік-экономикалық саланың маңызды арнасы ретінде туризмнің алар орны ерекше. Сондықтан, оның дамуы ел қазынасы мен экономикасына әкелер пайдасының мол екендігі айдан анық. Дегенмен, бұл салаға жаңа ақпараттық технологиялар, соның ішінде Интернет-технологияларды енгізу үлкен деңгейде емес. Ал, басқа экономикалық салалармен салыстырғанда теориялық әрі практикалық зерттеулер аз. Сондықтан, менің мақсатым - Интернетресурстарды осы және басқа да туристік фирмаларда кеңінен қолданысқа енгізуді ұсыну.

  1. Туризмдегі Интернет-технологияның теориялық негіздеріАқпараттық технологиялар ұғымымен мәні

Соңғы бірнеше онжылдықта болған технологиялық төнкерістердің нәтижесінде орнаған жүйелер қазіргі заманданның қарқындылығын жеделдетті. Осылайша, туризм бүгінде әлемдегі жаппай әрбір адам қолдана алатын құбылысқа айналған. Саяхатқааттануға ниет білдірген әрбір саяхаттанушыға баратын орыны туралы толық ақпарат қажет.

Әрбір турист өзінің сапарын жоспарлау барысында ақпарат жинау маңыздылығын біледі. Жиhангер үшін сапарға аттанатын елдің немесе жердіңкелесідей белгілері жайлы білу өте қажет:

  • табиғаты мен ауа-райы;
  • жергілікті жердің ерекшеліктері;
  • инфраструктура;
  • трансферлік;
  • көңіл-көтеруге арналған орталықтар;
  • ұлттық және дәстүрлік ерекшеліктер тағы да басқа керекті ақпараттар.

Туризм - ақпараттық белсенділік саласы. Ақпаратты жинау, өңдеу, қолдану және тарату туризм индустриясындағы күнделікті жұмыс істеу үшін маңыздылығы зор саланың бірі. Туризмдегі қызмет көрсетуді тұтынушыға өнеркәсіптік тауарлар сияқты сату нүктесінде көрсетуге болмайды. Оны тұтыну орнынан алшақта алдын-ала сатып алады. Осылайша, нарықтағы туризм бейнелерге, сипаттамаларға, байланыс құралдарына және ақпаратқа толықтай тәуелді.

Дегенмен, бір ерекшелігі: ақпарат туристік индустриясының барлық секторларының тоғысу түйіні болып табылады. Бұл туристік қызметтерді өндірушілер арасындағы байланыстарды қамтамасыз ететін тауарлар емес, ақпараттық ағындар; олар тек деректер ағындары түрінде ғана емес, сонымен қатар қызметтер мен төлемдер түрінде болады. Бұдан басқа, туризм индустриясының кейбір компоненттері бір-бірімен тығыз өзара байланысқан. Осының өзі туризмді жоғары интеграцияланған қызмет ретінде қарастыруға, ал оны ұйымдастыруды және басқаруды ақпараттық технологияларды пайдалану қолжетімді етеді.

Туризм - қызметтер саудасы. Яғни, біріншіден, тұтынушы мен өндіруші арасындағы күрделі әрі әртүрлі қызметтер жиынтығы. Екіншіден, көзге көрінбейтін, өзгермелі және интеграциялы қызметтер. Үшіншіден, ақпаратқа бай қызмет. Осы көрсеткіштердің барлығы туризм саласында ақпараттық технологияларды қолданудың ең тиімді әрі өте қолайлы екендігін дәлелдеді.

Айта кетсек, туристік индустриясына ақпараттық технологияның сіңісуі бірнеше кезеңдерден тұрды. Бірінші кезең - «Деректерді жасау». Оның басты мақсаты - ақпараттық процестерді автоматтандыру арқылы кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттыру. Бұл кезең 1960жылдарда басталды және оған мини-компьютерлерді пайдалану тән болатын. Екінші кезең - «Ақпаратты басқару жүйесі». Ол ақпарат беруді тікелей ұйымдастыруға қойылатын талаптарды жетілдіру арқылы басқарушылық тиімділікті арттыруға ықпал ететін ақпараттық технологиялардың даму кезеңі болды. Олар 1970-ші жылдары енгізілген, сондай-ақ ақпараттық ресурстармен байланысты кәсіпорындарды басқарудың нақты индустриялық әдістерін қолданды. Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар, әдетте, ішкі маркетинг пен әкімшілік функциялардың қажеттілігіне пайдалынады.

80-жылдардың басында үшінші кезең - «Стратегиялық ақпараттық жүйе» басталды, оның мақсаты фирманың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның табиғатын немесе туристік бизнестегі мінез-құлқын өзгерту. Бәсекеге қабілеттіліктің артуын есепке ала отырып, интеграцияланған желілердің әртүрлі түрлері енгізілді: жедел қызметті жетілдіру, функционалдық және бизнес бағыттарындағы қызметті үйлестіру және сыртқы ұйымдармен байланыс орнату. Даму кезеңдерін төртінші кезең, 90-жылдардың басында басталған - «Желілер кезеңі» аяқтайды. Бұл сатыда барлық деңгейдегі желілердің қосылуы болды: кәсіпорындық, өңірлік және жаһандық т. б.

Бұл кезеңнің негізгі сипаттамалары - ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін жоғарылату, жабдықтың көлемін азайту, бағаның төмендеуі, қызметкерлер арасындағы байланыстың нығаюы, бүкіл әлемнің әр түрлі нүктелерінде орналасқан терминалдардың өзара байланысын қамтамассыз ету. Осының барлығы ақпараттық технологиялар барлық туристік ұйымдардың қызметінде маңызды құралға айналды. Нәтижесінде, 90-шы жылдардың ортасында, барлық кәсіпорындар, көлемі, ұсынылатын өнім мен географиядан тәуелсіз, бизнесті қайта ұйымдастырудың маңызды үрдісі болды[1] .

Әлемнің әр адамы техникалық жабдықтармен жаппай пайдалана бастаған кезде, көбісі баспалық кәсіптің аяқталатындығына сенімді болды, бірақ олай болмады. Кітаптар мен газет-журналдар әлі күнге дейін шығарылуда. Интернет желісіндегі электронды түрлерін қолданып жатқандарына қарамастан, адамдар баспалық кітап түріне деген сұранысын жоғалтпады. Керісінше, ақпараттық технологияларды баспагерлер өзінің ақпарат таратушы құралы ретінде тиімді пайдалануда.

Ақпаратық технологиялары 60-шы жылдардың соңыда кеңінен қолданыла басталғаны жоғарыда айтылып өтті. Соңғы 50 жылдың ішінде ақпараттық техниканың күшіанағұрлым артса, ал оның бағасы әлде-қайда төмендеген екен. Ал, Интернет желісі 1990жылы WWW мен 1993 жылы браузердің пайда болғаннан кейін қолданысқа енді.

Ақпараттық технология -ұтымды түрде жиі қайталанатын ақпараттық процестерді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, осы үрдісті орындауға қажетті жұмыс шығынын, энергетикалық және материалдық ресурстарды үнемдей отырып, практикалық қолдану үшін жарамды форматталған түрде ғылыми білімдердің немесе ғылыми, ақпараттық және практикалық тәжірибенің концептуалдық өрнегі.

Кез-келген технологияның артықшылығы оны пайдаланудағы әлеуметтік уақытты үнемдеуінде. Ал, осы артықшылық ақпараттық технологияларда айқын байқалады. Әлеуметтің дамуына ақпараттық технологиялардың рөлі орасан зор екендігі айдан анық, сондықтан, бұл саланың дамуы маңызды. Себебі, ел дамуының басты көрсеткіштерінің бірі осы ақпараттық технологиялар екені мәлім. Өндірістік және әлеуметтік технологияларға қарағанда, ақпараттық технологиялардың ел дамуынындағы стратегиялық маңыздылығың артықшылықтары төменде көрсетілген.

Біріншіден, ақпараттық технологиялар қоғамдағы ақпараттық ресурстарды жандандырып, ұтымды қолдануға қолайлы жағдай жасауда. Тәжірибеге сүйенсек, ақпараттық ресурстарды таратып, енгізіп, үнемді жұмсау басқада әлеуметтік ресурстарды, яғни, шикізат, энергия, пайдалы қазбалар, материалды және жабдықтау, адам ресурстарын мен уақыттыүнемдейді.

Екіншіден, ақпараттық технологиялар соңғы жылдары күнделікті өмірде жиі қолданылып жүрген ақпараттық процестерді автоматтандыра алады. Қоғамның дамуы ақпарттандырылуымен тығыз байланысты екені барлығына мәлім, себебі, көптеген жұмыс түрлері материалдық емес, ақпараттық және ғылыми болады. Қазірдің өзінде, барлық дерлік, жұмыс көзінде ақпаратты өңдеу, сараптау және оны өндеп сақтау қажет, оны жүзеге асыру ақпараттық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Үшіншіден, ақпараттық процесстер әлеуметтік және өндірістік процесстердің ажырамас әрі маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Сондықтан, ақпараттық құралдар көбіне өндірістік және әлеуметтік технологиялардың маңызды құраушы бөлшегі ретінде орындалады.

Адамдар арасындағы байланыста ғана емес, ақпаратты қоғамға жаппай таратуда ақпараттық технологиялардың басты рөл атқарады. Аталмыш құралдар жайлылық қана емес, сондай-ақ, әлемдік интеграциялау мен қоғамның жаппай жаһандану үрдісінде туындаған әлеуметтік, өндірістік және күнделікті өмірдегі мәселелерді шешуге, ішкі және мемлекетаралық экономикалық мәдениеттің өрлеуіне, халықтың көшуіне және орналасуына көп ықпал етеді. Оған қоса, дәстүрлі байланыс құралдарынан басқа, электронды телекоммуникация, электронды пошта сияқты т. б. интернет-технологиялар ақпаратпен алмасуда кеңінен пайдалануда.

Ақпараттық технология 3 негізгі түрге бөлінеді - пәндік, қамтамасыз етуші, функционалдық.

Пәндік технологиялар - ақпаратты өңдеуде компьютерлік есептеу технологиялардың көмегіне жүгінбейтін әрекеттердің жиынтығы.

Қамтамасыз етуші технологиялар - пайдаланушыға белгілі бір міндеттер класына бағдарланған, бірақ оларды шешу үшін нақты технологиялық ережелермен қамтамасыз етілмеген арнайы бағдарламалық құралдар.

Функционалдық технологиялар -белгілі бір тақырыптық аймақтан нақты деректермен және оларды өңдеу ережелерімен толтырылған технология.

Ақпараттық технологияның техникалық негізі - ақпаратты өңдеуге және еңгізуге арналған компьютерлік техника. Ал, оның ресурстары ретінде ұйымды құндыматериалдық ресурстар ретінде түсінілетін деректер жиынтығы. Оларға деректер, құжаттар, мәтін, графика, аудио және видео ақпараттары т. б. жатады.

Ақпаратты өңдеу технологиялары қажетті құрылымдық тапсырмаларды шешуге арналған, олар үшін қажетті деректер бар, алгоритмдер және оларды қайта өңдеудің басқа да стандартты рәсімдері белгілі. Технология автоматтандырылған режимде адам көмегінсіз үлкен көлемдегі ақпараттарды өңдейді. Технологиялық рәсімдерге деректерді жинау және тіркеу, ақпаратпен бөлісу және сақтау, есеп беру және шешімді табуы жатады. Технологиялық үрдістер келесі кезендерден тұрады:

  • дайындау кезеңі - шешімді шешіге дайындалу кезеңі (анықтамалық кітаптарды жасау, компьютерлік жадыға керекті, тұрақты деректерді енгізу, типтік хабарламалардың құрамын түзету, шоттардың кестесі т. б. ) .
  • бастапқы кезең - базаға құжаттарды жинақтау, тіркеу және орналастыруға арналаған операция жиынтығы.
  • негізгі кезең - қажетті есеп формаларын алу. Компьютерлік деректер базасынан соңғы деректерді есептек алынған есептік құжаттар дайындалған қажетті сипаттармалары бойынша топтастырылған жұмыс істейтін мастивтерді жинақтау және олар келесіде басып шығарылады [2] .

Ақпараттық технологиялар ақпаратты жинау, талдау және тарату үшін жасайтын мүмкіндіктерімен құнды, кез-келген жерге, бірден және аз шығын мен бағада жеткізеді. Бұл технологиялар индустриалды революция технологиясы энергияны толтырғандай, адамның зияткерлік қабілеттерін толықтырады. Ақпараттық технология келесідей төрт сипаттамаға ие:кең таратылушылық сипат; ақпаратты қолжетімділігін жеңілдету мен кеңейтеді, жаңа нарық қатысушылары үшін кедергілерді жою жолымен нарықты неғұрлым тиімді пайдалануға жол ашып, осылайша, көптеген сатушы мен сатып алушылардың нарыққа шығуына, транзакциялық шығындарды нөлге дейін азайтуға мүмкіндік береді; кең ауқымда таратылуы, оның әлемнің кез-келген түкпіріндегі адамда керекті ақпаратты алуына мүмкіндік жасайды; жаңа өнімді жасауда үлкен ауқымды деректерді уақытты үнемдей отырып өндейді, инновациялық процесті жылдамдатады.

Ақпараттық технологияның стандартты АҚШ, Еуропа және Жапония сияқты үш жабдықтаушылары бар. АҚШ-тың бұл саладағы басшылығы оның әлемдегі жетекші ақпараттық технологиялар саласындағы компаниялардың болуында екені барлығына мәлім. АҚШ-тың Федералдық байланыс комиссиясымен бірігіп жасатқан келісімдері мен нормалары елдің бірнеше жылға дейінгі ақпараттық технологиялар саласының даму тенденциялар анықтайды. Жапония американдық стандарттарды өңдеп қолданады, ал Еуропа өзіндік тәуелсіздікке ұмтылуда. Оны ұялы байланыстар мен бизнескеарналған бағдарламалардан көрініп тұр. Соңғы жылдары бұл үштікке Қытайда өз үміткелігін байқатуда. Ал, еліміз бұл салада аяғын әлі сылтып басуда, алайда, еліміздің әлеуеті зор, болашағы мол екендігінен үмітіміз зор.

Барлық технологиялық төнкерістер тек пайдасымен ғана емес, сонымен қатар бірге тәуекелдермен де байланысты. Кез-келген технологиялық процесс білікті және жақсы білімді мамандандарға деген сұранысты арттырады. Экономика күн санап білімге тәуелді болуда. Ақпараттық технологияларды дамытудағы аталаған барлық үрдістер туристік бизнесті ұйымдастыру мен туризм саласында инновацияларды енгізуге тікелей әсер етеді.

Туризм индустриясы заманауи ақпараттық технологияларды енгізу үшін өте қолайлы. Көлік құралдарының болуына және бөлменің болу мүмкіндігінше жылдам ақпарат беруді қамтамасыз ететін жүйелер, тез арада резервтеуді, тузетулер жасауға, қаражатты босату және туристік қызметтер ұсынғанда көмекші міндеттерді, яғни, билеттер, шот-фактуалар, жолсілтемелер сияқты құжаттарды параллель қалыптастыруды, есептік-анықтамалық ақпаратты ұсынудышешуді автоматтандырады.

Ақпараттық технологиялар - компанияның сапасын арттыру мен бәсекелестік кәбілеттілігін ұлғайтуға тура жол ашатын мүмкіндіктің бірі екенін айдан анық. Әрине, компанияның бизнес-үрдістерін өзгертуі мен бәсекелестерден айтарлықтай озып түсуінде технологиялардың әлеуетін пайдалану бір уақытта болатын жағдай емес. Кәсіпорынның операциялық әрекеттерінде айқын көрініс таппаған және ақпараттық технологиялардың нақты және инновациялық пайдалануына қосымша қөзқарас танытатын технологияның әлеуетін анықтау үшін прагматикалық көзқарас пен шығармашылық ойлау қажет. Егер қазіргі таңдағы технологиялық өзгерістер дәуірінде тұрақты табысқа жетуді қаласа, ақпараттық технологияларды негізгі дағдыларының бірі ретінде пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет. Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін, шығындарды басқару мен бағалай алу үшін, оларды тиімді пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін ақпараттық технологияларды қолдану кезінде елеулі инвестицияларды талап етеді.

Ақпараттық технологиялардың стратегиялық мақсаты - ұйым басшылығына нарық динамикасына жауап беруге, бәсекелестік артықшылығын қалыптастыруға, қолдануға және тереңдетуге жағдай жасайды.

  1. Интернет-технологиялар ұғымы, мазмұны және функциясы

Заманға сай өзгеріп келе жатқан, күнделікті жаңадан жаналықтар мен инновацияларды талап ететін нарықта туристік бизнес ақпараттық жүйелерге тәуелді. Яғни, бұл саладағы ұйымдастыру қызметкері туристік арнаға байланысты барлық ақпараттарды кешіктірмей жылдам, бірден жаңартылып алып отыруы керек. Бұл жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін тоқтатпауға Интернет желісі, яғни, өзара тығыз байланысқан әлемнің барлық ақпараттарымен бірден алмасатын компьютерлер желісінің байланысқан тораптарының жиынтығы үлкен рөл атқарды. Дәл осы Интернет әлемнің барлық кез-келген компьютерлері арасындағы ақпараттық алмасу мен байланыстың негізгі қозғаушы тетігі.

Интернет - әлемдегібарлық адамдар арасында ақпаратпен алмасуға, яғни, интернеттегі барлық мүмкіндіктерді пайдалануға арналған жаһандық компьютерлік желі. Ол әлемдегі ең әлді ақпараттық-технологиялық жүйе. Интернет тек қана бір компьютерлік желі емес, өзара байланысқан ондаған жергілікті және жаһандық ұлттық желілердің жиындығы [3] .

Интернет желісі - байланыс желілерін өзара қосылған ірі тораптар жиынтығын береді. Әр торап - операциялық UNIX жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін бір немесе бірнеше компьютерлік серверлер, оларды көбіне негізгі немесе Бас компьютерлер деп те атайды. Аталмыш тораптарды провайдер басқарады. Ал өз тарапынан серверлерге көптеген қолданушылар қосылады. Сол қолданушыларға провайдерлер ақпаратты ұсыну, электронды поштамен жұмыс, жаналықтардан хабардар болу және өзара ақпараттармен алмасу сияқты т. б. ақысыз немесе ақылы қызмет түрлерін ұсынады.

Компьютерлік желілердің түрлері әртүрлі сипаттары бойынша бөлінеді, бірақ көбінесе желіні аймақтық сипаттары мен желінің жұмыс істейтін өндірістің бөлімшенің көрсеткіштері бойынша түрлерге жіктеледі.

  1. Аймақтық сипаттары бойынша жіктелуі:
  • жергілікті желі - (ағыл. LAN - Local Area Network) өзара тиісті бағдарламалық құралдармен байланысқан, бірнеше компьютерлік жүйелердің ақпараттық-бағдарламалық қамтамассыз ету қызметтерінің географиялық тұрғыдан шектелуі. Бұл желіде барлық компьютерлер бір-бірінен 1-2 км аспайтын қашықтықта орналасады және жоғарғы жылдамдықтағы адаптерлармен байланысқан;
  • жаһандық желі - (ағыл. WAN - Wide Area Network) жергілік желілерге қарағанда күрделі, аумақтық бөлінген компьютерлерді біріктіреді. Жоғары сапалы байланыс желілерін қашықтықтан қою өте қымбат болғандықтан, әдетте жаһандық желілерде бастапқыда әртүрлі мақсаттарға арналған қолданыстағы желілер жиі пайдаланылады. Мысалы, көптеген жаһандық желілер телефондық немесе телеграфтық желілердің негізінде құралады;
  • қалалық масштабтағы желі - (ағыл. MAN - Metropolitan Area Networks) қалалық желілер, жаһандық және жергілікті желілер арасындағы аралық желі. Қажетті қашықтықта жоғарғы жылдамдықта сапалы байланысты орнатуға арналған.
  1. Өндірістік бірліктің масштабы бойынша желілерді жіктеу:
  • бөлім желісі - бұл кішігірім бір бөлім аймағында жұмыс істейтін қызметтерлер тобының қолданылуына ұсынылған желі түрі. Әдетте бөлімдік желілері бір немесе екі түрлі операциялық жүйелердің белгілі бір желілік технология негізінде жасалады;
  • кампустық желі - кез-келген кәсіпорындар мен ұйымдардың желілеріне сілтеме жасау үшін қолданылады. Бөлімдік және кампустық желілер жергілікті компьютерлік желілерге жатады;
  • корпоративтік желілерді ауқымды кәсіптік желі деп те атайды. Бұл желі түрі кез-келген кәсіпорын аумағындағы барлық компьютерді біріктіреді, олар қаланы, мемлекетті немесе контитенттерді қамтуы мүмкін. Мыңдаған компьютерлік пайдаланушылары мен жүзден серверлері бар, ал ара-қашықтықтарыда айтарлықтай ауқымды болуы мүмкін.

Күн санап өрлеп-дамып, өсіп келе жатқан ғаламтор желісінің функциялары танымал желі қызметтері арқылы жүзеге асыралады. Әртүрлі желілік хаттамаларды қолдану арқылы Интернеттің екі негізгі функциясы бар, олар:

  • қашықтықтағы пайдаланушылар арасындағы байланыс құралы болу;
  • интернетте орналасқан ақпараттық ресурстарға деген қол жетімділікті ұйымдастыру құралы болу [4] .

Әрине, әр функцияның жүзеге асырылуына ықпал ететін сан қырлы құралдардың көмегімен орындалады. Ғаламдық желі пайдаланушыларға қызмет көрсететін бұл жүйелерді Интернет құралдары деп атайды. Яғни, байланыс құралдары қашықтықтағы адамдар арасындағы байланыстырушы тірек ретінде қызмет етсе, ақпараттық құралдар интернет пайдаланушыларды сұраныстары бойынша ғаламтор аясындағы барлық ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етуде.

Желіде екі байланыс режимі бар: тікелей уақыт режимінде, пайдаланушылар арасындағы нақты уақыттағы байланысты ұйымдастыру, бұл қатынас телефон аналогы, бұл режимді онлайн деп атайды. Екінші режимоффлайндық режим, яғни, кейінге қалдырылған режим, хат немесе жеделхаттық байланыс аналогы болып табылады.

Интернеттегібайланыс қызметтерінің түрлері келесідей:

Тікелей байланыс форумдары - онлайндық режим:

  • Internet Really Chat - Бұл Интернет пайдаланушылары арасында нақты уақыт режимінде сөйлесуге мүмкіндік береді. Бұл қызметтеті пайдаланушылар әртүрлі пікір-талас тақырыптарын қолдайтын арналарға біріктіріледі. IRC бағдарламасы арқылы еңгізілген кез-келген таңба қатысушылардың әр қайсының экрандарында пайда болады. Телеконференциялар тәрізді бұнда да тақырыптық топтарға бөлінді және байланыс тікелей режимде жүргізіледі. Чаттағы байланыс тек топтық қана емес, сондай-ақ, жеке жіргізуге болады. Мысалы, ICQ, XChat, AndChat, mIRC т. б. бағдарламар жатады.
  • Интернет-телефония -қызмет желісі арқылы онлайн режимінде дауыстық байланыс жасауға мүмкіндік береді. Оның телефоннан айырмашылығы - оның төмен бағасында. Алайда, телефоннан сапасы төмен болғанымен, жаңадан дамып келе жатқан, үлкен сұранысқа ие бұл жобаныңкемшіліктерін болашақта жойылады.

Қашықтықтағы байланыс - оффлайндық режим:

  • Электронды пошта жеке коммуникациялық жүйеге жатады. Электронды пошта бір немесе бірнеше қолданушылар арасында санаулы уақыт ішінде керекті мәліметтермен алмасуға мүмкіндік береді. Бұл жүйені ақпараттық агенттіліктерде өзара хабарламалар пакеттерін жіберу үшін жиі қолданады. Пайдаланушының кіріс және шығыс хабарламалары сақталатын пошталық сервері болады және хаттар арнайы пошталық жәшіктеріндесақталады. Әр пайладанушы хаттарды қабылдайтын қайталанбайтын пошталық мекен-жайын алады. Электронды пошта клиенттері тек қана хат алмасып қана қоймай, хаттарды дайындау және өзгерту, мекен-жайлылық кітапшаны ұйымдастыру, пошта мұрағатын көру, хаттарды сұраптау және жою сияқты функцияларды орындай алады.
  • Телеконференция - бұл ұжымдық коммуникациялық жүйе, көптеген маңызды ақпараттар мен жұмыстарды бір ұжым ішінде талқылауға және алмасуға арналған. Жаналықтарды әр тақырыпқа сай бөлінуі интерактивті электронды конференциялардың тууына әкеліп соқты және оған қызығушылық танытатын кез-келген интернет тұтынушының кіріп пайдалануына мүмкіндігі бар. Әрбір қатысушы барлық материалды өзінің электронды поштасынан алады. Әрбір абоненттің электронды хаты барлық қатысушылардың электронды пошталық мекен-жайына жеткізіледі. Электронды поштадан айырмашылығы, хат бір уақытта барлық абонентке жеткізіледі. Телеконференцияның қатысушысы болу үшін оған тіркелу керек. Телеконференция байланыстық және ақпараттық фунцияларды орындайды. Бір жағынан қарым-қатынас, екінші жағынан - конференция кезінде келетін пайдалы ақпараттық ресурстар. Бұл, әсіресе, ғылым, өндіріс, бизнес, сауда т. б. кәсіби конференцияға қатысушыларға пайдасы көп.

Ақпараттық қызметтері пайдаланушыларға Интернетте сақталған белгілі бір ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ресурстар жалпы файлды немесе түрлі құжаттарды айтады. Осы қызметтерді пайдалану төмендегідей қызметтер арқылы қамтамасыз етіледі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мультимедиялық технологиялардың мүмкіндіктері
Ақпараттық қоғам және ақпараттық қоғамдағы технологиялар
Кәсіптік оқыту сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану
Кәсіптік білім беру мекемелерінде оқытудың жаңа технологияларын қолдану
ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТА туралы
Желілер
Ақпараттық технология бойынша сабақ өткізу
Оптикалық компьютерлер
Математиканы оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану теориясы мен әдістемесі
Компьютерлік желілердегі ақпараттың қауіпсіздік мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz