Сленг сөзі ағылшын тіліне енген сөз



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
2.4. Жастар тілінде кездесетін типтік тілдік бірліктер
Тіл - адам ойының айнасы. Адамның тіл жұмсау дағдысынан, тіл мәдениетінен оның кім, қандай адам екенін аңғару қиын емес. Әдетте ойы айқын кісінің сөзі де анықң дәл болады. Ойы таяз, пікірі күңгірт кісінің сөзі де берекесіз болады. Әсіресе, жастардың ауызша сөйлегенде сөзді мағынасына сай дұрыс жұмсай алмауы, айтайын деген ойын көркем, жүйелі жеткізе алмау жанға батады. Бұл туралы Серке Қозжамқұлов ағамыз:
- Жастарымыздың үлкен бір кемшілігі бар. Ол мынау: сөйлесе кетсең, көпшілігі-ақ мүдіріп, аузына сөз түспей, білген сөзінің өзін бұзып айтып қиналады да қалады. Ана тілінде таза сөйлей алмайтыны, сөйлемдерінің басы мен аяғы араласып, сөздері шұбар ала келетіні бірден байқалады. Бұның өзі, әрине, тілін ұстартуға зер салмағандықтың салдары [1.18].
Адамның қоғамдық өмірі қарым-қатынассыз болмайды. Сол қарым-қатынаста біреуге біреу ойын айту, пікір алысу тілдік қарым-қатынасты тудыртатыны белгілі. Адамның тіл жұмсауы- оның қоғам мүдесіне лайық көптеген іс-әрекетінің бір бөлігі. Қазіргі қоғамда өзгерістер, яғни жаңарулар көп болғандықтан, халқымыз түрлі жұмс салаларнда еңбек етеді. Әрине, оларға қойылатын талап та жоғары. Заман талабына сай әр қызыметкер білімді, өз ісіне шебер, тілді жетік меңгерген азамат болуы тиіс. Жұмысқа орналасқан жастардың тіл мәдениеті жоғары болсын деген талап - қоғам талабы, заман талабы [Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. - Алматы, Мектеп. - 1989 жыл, 38 б].
Тіл мәдениетінің шыңына жету жолы ұзақ, оның негізі жанұяда, балабақшада қаланады да, бастаушы мектептен бастап сауатты жазуға, қатесіз оқуға үйретеді, дағдыланады. Одан соң баланың жас ерекшелігіне байланысты тіл дамыту, фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, синтаксистік т.б. құрылыстардың жүйелерін, заңдылықтарын оқиды, үйренеді. Жоғары сыныпқа көшкен соң, әдеби тіл, тіл мәдениеті жайлы дәрістер алады. Мектепте тілді оқыту- баланың тіл мәдениетінің жоғары болуының тірегі. Оқушы мектептен алған тіл білімін жанұя мен мектепте, театр мен жиналыстарда ұштастырып жатады. Құлағы түрлі, ойы сергек, білімге, мәдениетке, тілге, әдебиетке ықылас ауған жастарға халқының, елінің рухани байлықтарын да, ғылым-техниканың табыстарын да тіл арқылы үйрену жолдары әр алуан [2.39]. Соларды пайдаланып, елінің мақтанышына бөленген көкірегі сезімді, тілі орамды жастар да, әбден кемелденген сөз шеберлері мен шешендер де аз емес. Олармен әңгімелесіп, сөздерін тыңдаудың өзі бір ғанибет.
Әр нәрсенің оң-терісі, жақсы-жаманы болғаны сияқты, арамызда өз ойын еркін, түсінікті, әсерлі етіп жеткізе алмайтын жастарымыз дажетерлік. Жастарымыз көбінесе өз ойын азғана сөздермен жеткізіп, қолданылатын сөздердің де саны өте шағын болады. Мақал-мәтелдерді, тұрақты сөз тіркестерді күнделікті ауызекі сөйлеу дағдысында емес, туған күн, конференция немесе әзіл арасында ғана қолданады. Олар тек иә, жоқ, келдім-кеттім деген сияқты азын-аулақ сөздермен де тілдесіп жататындар бар. Арамызда ойланып сойлемей, сойлеп болған соң ғана ойланатын жастарымыз да жоқ емес. Өз ойын сауатты жеткізбек түгілі, сөздің қиысын келтіріп, байланысын дұрыс таба алмайды. Кейбіреулері қоғамдық орталарда сөз мәдениетін сақтамай, дөрекі, қатты дауыстап сөйлесіп, әңгіме айтып отырса, енді біреулері аудиторияда, жиналыста, конференцияда ақырын күмілдеп сөйлеп адамның титығына тиеді. Аудиторияда ғылыми немесе курстық жұмысын қорғап немесе курстық жұмысын қорғап тұрған жас студентте өте көп кездесетін кемшіліктердің бірі - сөз арасында жаңағы, яки, яғни, және, мінекей, жалпы, мәселен, ммм, әлі т.б. сөздерді орынсыз қыстыра беруі. Ал сабақтан тыс орындарда жанағы сөздермен қатар, значет, так, пока, уже, допустим, вообще, и, в общем, после, так как сияқты сөздерді пайдаланып, қайталай беру елдігімізге сын, тілімізді ластау, бүлдіру.
Әр қоғамда арнайы стандартталған тәртіпке құрылған нормативті мәдениеттің болуы қалыпты жағдай, бұл коммуникация саласы мен қызыметке де қатысты. Жеке тұлғалардың тәртібін реттеп отыратын бұл секілді үлгілерді әлеуметтік форма ретінде қоғам және мемлекет бекітеді. Бірақ кез-келген мәдениет субмәдениет элеметтерінің күрделі жиынтығынан құралдары, соған сәйкес ресми мәдениет әрқашан әртүрлі суб және контмәдениетпен бірге өмір сүреді, олар қоғамның дамуына әсер етеді.
Бұрын топтық және кәсіби жаргон сөздердің қолданысы шектелген болса, соңғы жылдары мұндай сөздер қалыптасқан әдеби нормалармен жарыса қолданылып, жастар тілінің бір элементіне айналып отыр. Мұндай стиль бір жағынан жастардың бірін-бірі түсінуіне жағдай жасайды да, олардың басын біріктіреді, екінші жағынан оларды қоғамдағы басқа әлеуметтік топтардан ерекшелеп, оқшаулап тұрады.
Жаргондардың тілдің басқа лексикалық бірліктерімен араласып қолданылуы олардың тілде өздеріне тән ерекше заң бойынша өмір сүруіне негіз болады және тілдік тұлғаның шығармашылығының мүмкіндігін кеңейтеді.
Жастар жаргоны- кез-келген тілде қолданылатын және барлық уақытта өмір сүретін, тек сандық құрамы мен тілдік және тілден тыс факторлардың әсерінен қолданылу аясын өзгертетін құбылыс. Жаргондар жастар мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, себебі бір де бір мәдениет өзінің коммуникативтік кодтық сезімсіз өмір сүре алмайды, тіл әртүрлі тұрмыстық мәдени және саяси салада қолданыс табады. Жастар тілінің негізгі ерекшелігі оның қызыметінің көптігімен сипатталады. Жастар арасындағы жаргон сөздер әмбебапта қызымет атқарады, белгілі бір мақсатты көздегендіктен тез таралады. Жастар жаргонын пайдаланудың басты функционалды міндеттерінің бірі- оның коммуникативтік қызыметі. Ерекше әлеуеттік топ құрылады, сонымен қатар ішкі ұқсастық белгілер мен тілдегі жаңа қолданыстар өзінің құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, коммуникативтік актіге итүсуге бағытталады.
Жастар жаргоны креативті қызыметті іске асырады, бұл лексикалық бірліктерді қарым-қатынас жағдаятында өз ойын білдіруге қажетті құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Әдеби тілге тән нормалар мен шығармашылық мүмкіндіктерін аша түседі, тілдің лексикалық құрамын жаңартады.
Жастар жаргонын пайдалану көптеген мақсаттарды шешуге жол ашатындықтан, номинативті бірліктердің жасалуы мен таралуы түрлі бағытта болады. Бірінші кезекте жастар жакргонының лексикалық құрамының толығу ерекшелігін қарастыру керек, бұл көп жағдайда жастардың дүниені тану тәсілін анықтайды.
Студенттік жастардың көбі- өзгертілген ресми атаулар. Қазіргі студент сөздеріндегі қолданылатын жаргондарды бірнеше тақырыптық топтарға бөлуге болады: оқу, оқу пәндері, уақыт, студенттік өмірдің қолданысындағы заттар, студенттік тұрмыс, оқушылар және олардың психологиялық қасиеттері т.б. Әртүрлі жаргондық атауларды студенттер өз өмірлерінде маңызды алатын заттарға, адамдарға, уақыт кезеңдеріне қояды.
Студенттік жаргондардың көпшілігі оқыту құралдарына және тәртіпке қатысты пайдаланылады. Егерде оқытылатын пән атауы бір сөзден тұрса, студенттердің тілдік қарым-қытынасында философия, тарих, риторика, лексикология, фонетика, грамматика және т.б. тәрізді өзгертілмеген күйінде қалады. Егер ол бірнеше сөзден құралса, универбаттар қолданылады. Мысалы, антика (антикалық әдебиет), ҚҚТ (қазіргі қазақ тілі), стиль (қазақ тілі стилистикасы) т.б.
Студент тілінде оқытушыларды номинациялау жаргондалатын және негізгілері болып бөлінеді. Оқытушыларды преп,преподпреподша деп атайды. Жас ерекшелігіне және қызыметіне байланысты оқытушыларды студенттер ешкі (жас), асс немесе қораз (ассистент), псих (психолог), проф, профапрофи (профессор), завкаф, гавгав (кафедра меңгерушісі), декан студенттің бар мәселесін шешетін болғандықтан, оны тағдырды шешуші, тәрбиеші, стипендиядан айырушы т.б. деп атайды.
Студент тілінде әртүрлі шек қою сатысы болады. Университетке алғаш келу өмірге алғаш келумен бірдей. Университетке алғаш келу өмірге алғаш келумен бірдей. Студент болып қалыптаспаған жстарға: абита, абитень, абитура, абитурь абитуха, университеттің бірінші курс студенттеріне (перваш, перакур, мороженое) және төртінші курс студенттеріне- бітіруші түлектерге (пятак, дипломник) деп ат қояды.
Студенттік өмірдің негізгі құралы-оқулық. Қазіргі студентке ол қажетсіз нәрсе болып барады. Сондықтан оқулыққа кірпіш жинағы, дәретхана қағазы, түсінуге қиындық келтіретін болғандықтан жан қинаушы, бас қатырушы, кейде тіпті қолдануға қажетсіз болып қалған зат ретінде макулатура, сэкондхэнд деп те атайды. Дегенмен, кейбір білімді студеттер оқулық білімнің қайнар көзі екендігін ұмытпайды (мағыналы кірпіш, ми, ғылым нәрі), көмекші ретінде (жедел жәрдем, репетирор).
Студенттік өмірде бақылау, емтихан басты орын алады. Олар өмірге қауып тудыратын қорқынышты, өтпелі кезең ретінде сол сәттерді кішкене тозақ, той бітті, лоторея, айқас, қош келдің, әскери өмір деп атайды. Жоғары оқу орындағы білім беруді ұйымдастыру формасына дәстүрлі сабақ жататына аян. Сабақтың өтілу формасы (дәріс, семинар т.т.) сан алуан. Өз тәжірибемде білім, дағды қалыптастырудың дәстүрлі формаларын оқытудың актив әдістерімен ұштастырып отыруға үлкен мән беріледі. Өйткені оқытудың белсенді әдістері дұрыс пайдаланылған жағдайда 3 түрлі оқу-ұйымдастырушылық міндетті іске асыруға мүмкіндік болады: 1) оқыту үрдісі оқытушының басқарушылық қызыметіне бағынады; 2) студенттердің оқу үрдісіне белсенді қатысуын қамтамасыз етеді; 3) оқу материалының игерілу деңгейін үздіксіз бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Дәріс - жоғары оқу орнында оқытудың, білім берудің негізгі буыны, оқу материалын бірізді баяндаудың жолы. Оның басты мақсаты - студентке теориялық білім негізін меңгерту, білімін толықтыруға нұқсау, бағыт беру. Оқу үрдісіндегі дәрістің мүмкіндігін оның 3 түрлі педагогикалық қызыметі айқындайды: танымдық, дамытушылық және ұйымдастырушылық. Танымдық қызметі студентті келешек кәсіби әрекетіне қажетті ғылыми ақпараттармен қамтамасыз етумен байланысты. Дамытушылық қызыметі студенттің оқытушымен кәсіби-зерттеушілік әрекетінде шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған тікелей қарым-қатынасына байланысты. Ұйымдастырушылық қызметі дәрісханада және дәрісханадан тыс уақытта студенттің өзіндік жұмысын бақылайды, басқара алуымен байланысты.
Студенттердің танымдық белсенділігін көтеруде, сыни ойлау қабілетін дамытуда дәрістің дәстүрден тыс түрлерін пайдалану тиімді болады. Бұл орайда проблемал лекцияның маңызы зор. Проблемалы лекцияда қойылған мақсатқа тиімді жетуді оқытушы мен студенттің бірлескен әрекеті қамтамасыз етеді. Оқытушының басты міндеті - студентке тек ғлыми ақпарат беріп қана қоймай, теориялық білімнің дамуы мен қалыптасуындағы қарама-қайшылықтарды көрсетіп, оларды оны шешудің жолдарын табуға бағыттау. Бұл үрдіс студентке танымдық белсенділік, ойлауға қажеттілік туғызады. Студенттің танымдық әрекеті ізденушілік, зерттеушілік әрекетке негізделеді. Лекцияның басрысында студенттің ойлануы проблемалы жағдаятпен ілесіп отырады. Проблемалы жағдаяттың компоненттертіне таным объектісі (лекцияның материалы) және таным субъектісі (студент) жатады. Оқу материалы оқу проблемасы ретінде беріледі. Оқу проблемасы студенттердің танымдық мүмкіншілігіне сай құрылуы тиіс. Проблемалы жағдаятқа оқу пәнінің студенттің келешек мамандығында маңызды және лекциканың дәстүрлі түрлерінде (баяндау) студентің түсінігіне қиындық туғызатын бөлігі алынады. Материал ауызша, диалогтік сипатта түсіндіріледі. Проблемалы лекцикаға Тілдік норма, олардың сипаты деген тақырып алынды. Сабақ модульді технологияның құрлымына сәйкестендіріледі. Жұмысымызда сабақтың жоспары толық беріледі.
Қазіргі білім беру парадигмасында білім алушының өзінің ізденіп алған біліміне үлкен маңыз беріліп отыр. Ондай мүмкіндік семинар сабақтарында, өзіндік жұмыстрды орындау барысында беріледі.
Студеттік атаулардың ішіндегі қызығушылық тудыратындардың бірі - жатахана. Студенттер оны жануарлар тұрағы ретінде ұя, тауық қора және оның жағымсыз ерекшеліктері туралы общяк, общяга, тышқан, тозақ деп атайды.
Жаргондар жастардың үнемі асығып жүруіне байланысты тілдік үнемдеу принципін де басшылыққа алады. Жастардың тіліне қарап олардың қандай топтарға жататындығын, қандай мамандық иелері екендігін анықтауға болады, сондықтан студенттің тілдік тұлғасын оның қоғамдағы басқа әлеуметтік топтардан өзін ажыратып тұратын құрал десек те болады.
Соңғы кездері жастар жаргонындағы арготикалық сөздер саны азайып келеді, себебі жастардың ойынша қызықты сөздер қазіргі қолданыста тұрақтанды, қалғандары ерекше назар аударуды қажет етпейді, ал жаңалары әлі пайда болған жоқ.
Жастар жаргоны арасындағы ерекше орында жастар сленгі алады. Себебі студентер бір мезгілде әртүрлі қоғамдық ортада болады, осыған сәйкес олардың тілі де әртүрлі болып өзгереді. Айталық, студент оқу ғимаратында жүріп және дәріс сабақтарында, кітапханада болғанда студент жаргонына тән сөздерді қолданады, мысалы, читалка - оқу залы, внеаудиторка-аудиториядан тыс тапсырма, препод - оқытушы т.б. Ал оқу ғимаратынан алыстаған кеде ол өзінің достарымен немесе өзіндік лексиконы бар өзге топ мүшелерімен кездеседі. Бұған мысал ретінде, хакер сөзін емтихан кезінде оқытушымен сөйлесіп, баға қойдыратын студент ретінде қолданатындығы айтуға болады. Ресми емес топтардың сөзін қолдануға студенттер олардың дұрыстауға, түзетуге тырыспайды, сондықтан оқу ғимаратындағы күнделікті қарым-қатынаста осы жаргон сөздермен сойлейді, бқл жаңа жаргон сөздердің кең таралуына әкеп соғады.
Жастар тілінде программист мамандардың жаргоны ерекше орын алады. Жастар жаргонындағы компютерге қатысты лексика 20%-ден құрайды. Бұл лексиканы тек ақпараттық жүйелер мамандықтарында оқып жатқан студенттер ғана емес, сонымен бірге дербес компьютермен жұмыс істейтін барлық жастар қолданады. Мысалы, емеля - электрондыпочта, пень - пениюм, энет - интернет т.б.
Баспасөз тілі оқырман сұранысын қанағаттандыруға тырысады, сондықтан баспасөзге маркерленген жаргондық лексика енеді. Тақырыптық айдарлар қажетті лексикамен толықтырылып отырады. Баспасөз қызыметкерлері жас оқырмандарды, жастарды өздеріне тарту үшін студенттердің, оқытушылардың, яғни жастар жаргондарын қолданады.
Жастардың тілінің ерекшелігін, лексиконының толығу тәсілін және оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тіліндегі жаргон сөздерінің шығу тарихы мен ерекшелігі
Тіл экологиясының қалыптасуы
Қазақстандағы мемлекеттік тілдің жастар арасында қолданылу деңгейі мен қазақ тілінің қазіргі жағдайы
Сленг және масыл сөздердің қазақстандық жастардың сөйлеу мәнеріне әсері қандай
Жастар қолданатын сленгтер
Тіл мәдениеті және сөйлеу әдебі
Сленгтер туралы
Гендер саласындағы шетелдік зерттеулер
Сленг ұғымының анықтамасы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР
Пәндер