Қазақстанның саяси модернизация



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән атауы: Әлеуметтану,Саясаттану,Мәдениеттану
Тақырып:Аралық бақылау

Орындаған: Мектеп Назерке
Тексерген: Калманова Гулнар
Тобы:104А

Ақтөбе қаласы, 2020 жыл.
9.Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация туралы айтып беріңіздер. Қазақстанның төртінші модернизациясы елді бәсекелестіктің жаңа деңгейіне шығарудың жолы ретінде.
Саяси Модернизация (франц.-жаңғырту) дегеніміз - артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттің саясаты,яғни саяси жүйенің әлеуметтік мақсаттарға бейімделу қабілетінің үнемі және табысты дамуы, сонымен бірге үкімет пен халық арасында тиімді байланыстың механизмдерін қалыптастыру болып табылады.
Модернизацияның негізгі мақсаты - белгілі бір жетістік пен табысқа жету, нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика стандарттарына жету.
Саяси модернизация теориясы, басқаша айтқанда, саяси даму теориясы саясатты талдаудың дербес бағыты ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана айналысқа енді. Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттеді.
Қазақстанның саяси модернизация
Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, социалистік жүйеден бас тартқан уақытта-ақ саяси модернизацияның жолына түскен болатын. Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды. Дәстүрлі қоғамнан жаңа жағдайларға бейімделу, өту процестері үздіксіз жүргізілді. Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді, жеке меншік пайда болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді, нарыққа ерік берілді. Шетелдік инвестицияның келуі қоғамның саяси санасына да оңды ықпал етті. Осындай жағдайда жаңа саяси модернизация жүйесі саналуан мүдделердің басын қосып қана қоймай, жаңа әлеуметтік топтардың талаптарының үддесінен шығып, әлеуметтік жағынан әркелкі қоғамның тұтастығын қатамасыз етуі керек болатын.
Саяси модернизацияға байланысты Г.Алмонд пен Л.Пайдың классикалық анықтамасына сүйенсек, Қазақстандағы саяси дамуды үздіксіз жетілудің үлгісі ретінде көруге әбден болады.
Классикалық теория бойынша саяси модернизацияның үш белгісін бөледі:
1) Саяси жүйе институттарының құрылымдық айырмашылығы және олардың міндет бөлінісі (Қазақстандағы мемлекеттік жүйе орнықты, басқарушы орталықтардың міндеттері мен өкілеттіктері айқындалған. Билік бұтақтары бөлінген, негізгі заңдық базасы жасалған. Мемлекеттік басқару түрі анық - күшті президенттік билікке басымдық беретін президенттік-парламенттік республика);
2) Саяси жүйенің өмір сүру және топтаса білу қабілетінің өсуі.(Қазақстандағы билік 20 жыл ішінде, өзі тап болған түрлі кедергілер мен тәуекелдерге қарамастан, өмір сүру қабілетінің аса жоғары екенін дәлелеп келеді);
3) Тең құқылыққа, тепе-теңдікке ұмтылыс. Бұл белгі бойынша да Қазақстанда заңдық тұрғыдан азаматтардың теңдігіне кепілдік берілген, алайда, жемқорлық, жершілдік, заңдардың өз деңгейінде орындалмауы наразылық туғызары анық. Десе де мемлекеттік идеология заң алдында барлығы тең әрі жауапты деген ұстанымнан ауытқыған емес.
Қазақстандағы саяси модернизация

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басты.Әлемдік елдер арасында орын алуға мүмкіндік беретін басты негіздері:

Біріншіден, өркенді де өршіл дамып келе
жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы ,бәсекеге қабілетті және бір ғана
шикізат секторының шеңберімен шектеліп
қалмайтын ашық нарық экономикасы бола
алады. Бұл жеке меншік институтымен келісімшарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика.
Екіншіден, аға -ұрпақты,ана мен баланы,
жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам,ел халқының барлық топтары тұрмысынан жоғарға сапасы
мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарт-
тарын қамтамасыз ететін қоғам құру.
Үшіншіден,еркін,ашық әрі демократиялық қоғам орнату.
Төртіншіден,дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып,оны нығыйта беру.
Бесіншіден,барлық діндердің тең құқығына кепілдік беру және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету.Исламның басқа да әлемдік және түрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп,
әрі дамыта отырып,осы заманғы зайырлы мемлекет орнату.

Алтыншыдан,қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін,тілі мен мәдениетін сақтап,түлете беру.Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді,біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ету.
Жетіншіден,елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүше ретінде қарастыру,ал мұның өзі аса маңызды басымдықтарың бірі.Қазақстан мұнда геoсаяси тұрақтылықты және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде маңызды міндеттер атқарып отыр.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси модернизацияланудың өзіндік Қазақстандық жолын,яғни Демократиялық модернизация жолын ұсынды.
Сонда қоғамды модернизациялау әлемдік ғаламдық үрдіс болса, Қазақстанның саяси-құқықтық жүйені модернизациялауы әлемдік қауымдастықтың даму тәжірибесіне қосылған қомақты үлесі болып табылады. Оған негіз ретінде мына мәселелерге тоқталуға болады.
- Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Қазақстан төрағалық мәртебелік миссиясын Еуропа мемлекеттерінің қолдауы;
- ЕҚЫҰ ның өзгеде мемлекеттермен бірге Қазақстан қазіргі әлемдік модернизация мәселелерінде Шығыс пен Батыстың арасын түсіністік арқылы жақындастыруға бағытталған; -
2030 бағдарламаның құжаттары қоғамға қажетті реформаларды дамыта отырып уақыт талабына сай елдің ішкі және сыртқы саясатында әлемдегі өзгерістерді үзбей бақылай алатын биліктің бар екеніне сендіреді;
- Қазақстан сан алуан ұлттар мен діндер өкілдерінің мекені болумен ерекшеленеді. Отанымызда 100 дей этнос 40-тан астам конфессия өкілдері бір шаңырақ астында татулықта тұрады;
-Астанада 2003 жылдан бастап конфессияаралақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үш съезі болып өтті; - Еуразиялық кедендік Одақ құру жөніндегі бастаманың интеграциялық әлеуетін жүзеге асыру болып табылады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың дағдарыстың болу себебі мен одан шығудың жолдарын теориялық және практикалық тұрғыдан зерттей келе тұжырымдап айтқан пікірлері біздің елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде қызу талқылануы, саяси ойлары әлемдік модернизацияға негізделгені байқалады.
Еліміздегі саяси жаңғырту мен даму стратегиясының негізгі бағыттары Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы (1992 ж.), Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтар-дың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы стратегиялық бағдарламасы (1997 ж.), Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты(2012 ж.) сияқты бағдарламаларда айқындалған.
Соның ішінде, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру, Бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыру тұжырымдамасы негізінде ұсынған ұзақмерзімді басымдылықтың жетіншісі - мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру, мына міндеттерді ұсынды:
1. адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі, жоғары құқықтық мәдениет ахуалын қалыптастыру;
2. мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдерін қалыптастыру;
3. сот жүйесі ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс;
4. мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуі;
5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру;
6. жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру .
Қазақстан-2050 Стратегиясы еліміздің мемлекеттік институттарының саяси дамуына, мемлекеттің өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiнiң жетілуіне және талап-қолдау мен саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуына алып келеді. Еліміздегі саяси жаңғыртудың мақсаты мемлекеттік институттар және ашық түрдегi саяси билік арқылы бiрте-бiрте күрделенiп келе жатқан экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешу болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей саяси жүйені жаңғыртудағы маңыздысы құрылымын өзгертуде емес, оның іс-әрекеті мен қызметін жетілдіруде. Сондықтан, саяси жүйені жаңғырту, модернизациялау мыналарға:
- саяси институттардың жаңа проблемаларды шеше бiлу қабiлетiн арттыруға;
- қоғаммен ашық сипаттағы қатынасын жетілдіруге;
- саяси жүйенiң өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiн көтеруге;
- талап-қолдау және саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiн жетілдіруге бағытталуы тиіс.
Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда саяси модернизация жүргізіліп жатыр. Біз енді оны қайтсек жетілдіреміз деген әңгімені қозғауымыз керек.

Бірақ Қазақстанның саяси модернизациясының мақсаты - Өзгеру емес, жетілу
Саяси жүйені жетілдіру жайы аса маңызды. Жаңармайтын жүйенің жолы тұйыққа апарады. Ал толыққанды саяси даму қоғамның өзін-өзі реттейтін инструменттерін қалыптастыруға тікелей байланысты.
Мысалы, Бүгінгі таңда Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институттарының қызметін реттеу мен жетілдіру қажет. Бұл өз кезегінде азаматтардың ортақ жауапкершілігін арттыратын болады. Жергілікті өзін-өзі басқару институттарының жұмысын жолға қою, ең алдымен, басты мәселенің шешімін табуға септігін тигізуі керек. Ол - жемқорлық. Жергілікті басқару органдары мен қоғамның өзін-өзі басқаруына мүмкіндіктер туғызу жемқорлық әрекеттердің азаюына алғышарт болады. Бұл мәселеде неден бастау керек деп күрделендірудің де қажеті жоқ.
Саяси реформа да, жаңару мен жетілу де Мемлекет басшысының бастамаларын науқанға айналдыру деген сөз емес.
Президент стратегиялық бағытты таңдап, бекітіп береді, бақылау жасайды. Оны мемлекеттің болашағы мен халықтың игілігі жолында іске асыру, орындау - команданың міндеті. Команданың іс-қимылы Есілдің сол жағасынан ғана көрінетін, қысқа мерзімді, әшекей жобалармен түгесілмегені абзал. Барлық қоғамды жұмылдыратын, елді топтастыратын, үмітін оятып, сенімін орнықтыратын адал еңбек болуы тиіс.
Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалаушы, Елбасы алғашқы күннен-ақ елдің алдына нақты да қарапайым мақсат қойған еді. Ол - либералды құқықтық мемлекет құру,және ол бірте бірте іске асуда.

52.Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары

Салт-дәстүр -- әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері.
Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық -- өнеге тәжірибесін құраған. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, салт-сана,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы -- мәдениеттің байлығы.

Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазірде көбісі біле бермейтіндері қысқаша айтып өтейік. Ұлдың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ араластыра өріп қою. Оның аты - айдар. Бұл ғұрып негізінен, тіл - көзден сақтау үшін ер балаларға жасалады. Кенесарының інісі Наурызбай батырдың ұзын айдары болғаны тарихтан белгілі.
Ақсарбас атау. Адамдар қауіп-қатерге ұшырағанында Аллаһ Тағала мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас! деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда Ақсарбас! деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл айма ғын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсар-бас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс.Ақ құйып шығару. Халқымызда: Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады деген мәтел бар. Қазақтың ақ деп атайтыны: сүт, қымыз, шұбат, айран. Қалың өрт келіп қалғанында алдынан ақ шашады, үйге жылан кіріп кеткенінде басына сүт не айран құйып үйден шығарып барып өлтіреді. Бұл қазақтың үйіне келген жауына да жамандық жасамайтын ұлттық мінезінен шыққан әдет.Ат тергеу. Ол - адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-сіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынандай: Мырза қайнаға, бай атам, би аға, тентегім, еркежан, шебер шешей, ақ әже, сырғалым, шашбаулым. Жеңгелері қайныларына әзілдеп, бойлары тапал болса сұңғақтым, жайбасар болса жүйрігім деп те ат қояды. Ер адамдар да өзінен үлкендерді Мәке, Сәке деп құрметтейді. Анттасу. Жаудан кек қайтару үшін, адамдар бір-біріне деген адалдықтан айнымау үшін, еларалық тату келісімді сақтау үшін ант айтатын салт-дәстүр бар. Халық антын бұзған адамды Ант атқан деп жек көріп, Уа, айтылған ант, серттескен уәде, алысқан қол қайда? - деп, кінәласады.Араша түсу. Дауласқан, жанжалдасқан адамдарға басу айтып, ажырату, сабасына түсіру - араша түсу деп аталады. Бұрындары мұндай жанжалда ауылдың, елдің абыройлы абызы Араша! Араша! деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның ерекшеліктері
Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі
Саяси модернизация
Қазақстанда саяси жүйені модернизациялау ерекшеліктері
Саяси модернизация туралы ақпарат
Мәдени модернизацияны арнайы зерделеудің басты тақырыбы мәдени модернизация
Саяси модернизацияның үлгілерін таңдау шарттары мен негізгі факторлары
Саяси модернизация теориялары мен түрлері
Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты
Пәндер