Жазушы шығармашылығы және жариялануы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Баишев университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Нұрғали Ораз өмірі мен шығармашылығы

5В011700 - “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша

Орындаған: А. С. Сабанбаева

Ғылыми жектеші магистр аға оқытушы: С. С. Ертазина

Ақтөбе 2020ж

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 6

1. Қарымды қаламгер

1. 1. Н. Ораздың өмірі мен шығармашылығы . . . 8

1. 2. Н. Ораз әңгімелері мен өмір шындығы . . . 16

2. Н. Ораз әңгімелеріндегі жалғыздық тақырыбы

2. 1. Жазушының тілдік тәсілі . . . 21

2. 2. Жазушы шығармаларындағы рухани-эстетикалық ерешеліктер . . . 23

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ әдебиетінде прозa жанры, соның ішінде әңгіме жанры жан-жaқты зерттеліп келгені мәлім. Әңгіме жанры шеберлерінің еңбектері жайында ғылыми жұмыстар көптеп жазылуда. Бұл жұмыстың негізігі нысаны - жазушы Нұрғали Ораздың шығармашылығы мен әңгіме жазудағы шеберлігі. Әдебиеттің басты міндеті өмір шындығын көркем бейнелеу десек, сол өмірдегі шындықты көбіне қаламгерлер әңгіме арқылы мезетте әрі жедел суреттеп жататыны белгілі. Eң бастысы әңгіме қысқа шағын жанр, әрі өмірдегі нақты көріністерді қиындықсыз бейнелеуге бейім келеді. Оның үстіне қазақ әдебиетіндегі қаламгерлердің көбісі, әсіресе, проза жанрында қалам тербеген жазушылар шығармашылықтарын әңгіме жазудан бастағанын білеміз. Біз зерттеу нысанасына алып отырған Н. Ораз өзін көпшілік оқырман ықыласымен бірге көрнекті қаламгерлер тарапынан да жақсы, жоғары бағалатып үлгерген жазушы. Тағы бір ерекшелігі Н. Ораз әңгімелерінде өмір шындығы, әсіресе, қазіргі заманның қыр-сыры, өзіндік ерекшеліктері ол бейнелеген кесек тұлғалар арқылы шынайы көрініс тапқан. Осындай құрмет пен беделге ие болған Н. Ораз зерттеуші, қаламгерлер тарапынан ыстық ықыласқа бөленіп жүрсе де, шығармашылығы арнайы зерттеу нысанаға айнала қоймаған. Оның шығармашылығын өмір шындығын бейнелеп, шынайы образдар жасау тұрғысынан қарастыруды өзекті әрі бүгінгі күннің қажеттілігі деп білеміз.

Н. Ораз біршама көлемді жанр повестер мен бірге көбіне әңгіме жазумен айналысып жүрген қаламгер. Қазақ әдебиеттану ғылымында әңгіме жанрының болмысы мен өзіндік ерекшеліктері біршама зерттелеген зерттеу нысанына қатысты еңбектерге тоқталар болсақ, З. Қабдолов, С. Антонов, Қ. Жұмалиев, Ж. Дәдебаев, З. Серікқалиұлы, Қ. Әбдезұлы, Р. Рүстембекова, Г. Балтабаева, Г. Сәрсеке, Г. Пірәлиева, Қ. Хамзина, Н. Қ. Смағұлова, Ж. Ж. Сыдыкова сынды ғалымдар соны бағыт, ұстанымдарымен, құнды пайымдауларымен, нақты теориялық түйін-тұжырымдарымен белгілі. Аталған ғалымдардың зерттеулері жұмысымызда теориялық және әдістемелік тұрғыдан басшылыққа алынды. Ал нақты Н. Ораз шығармашылығ төңірегінде А. Аханбайқызы, А. А. Сүлеймен, Д. Рамазан, Н. Қ. Смағұловалар өз тұжырым, ой-пікірлерін білдіріп, жазып келеді.

Зерттеу жүмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - әңгіме жанрының болмысы туралы айта келіп, осы жанрда қалам тербеген Н. Ораздың өмір шындығы мен ондағы адамдар бейнесін бейнелеп жасаудағы қаламгерлік шеберлігін талдап, таныту. Мақсатымызға жету барысында алдымызға мынадай міндеттер қойдық:

  • Жазушы өмірі туралы деректерді жүйелеу;
  • Жазушының қызметі мен шығармашылық жолын баяндау
  • Жазушы рухани болмысы мен оның руханият туралы ой-пікірлерін қарастыру;
  • Жазушы шығармашылығы және жариялануы;
  • «Түнгі жалғыздық» кітабындағы әңгімелерін тақырыптық, идеялық, характер, образ жасау, көркемдік қыры мен тілі тұрғысынан талдап таныту;
  • Жазушының әңгіме жазудағы өзіндік қолтаңбасын тану;

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Нұрғали Ораз алғашқы әңгімелерін он сегіз жасында жаза бастаған екен. Әңгімелері жетпісінші жылдардың екінші жартысында жариялана бастады. Бүгінде жеті («Соқпақ жол», «Бақыршаның балалары», «Қазығұрт оқиғалары», «Аяқталмаған ертегі», «Даладан қалаға келгендер», «Түнгі жалғыздық», «Биіктегі сұлулық») жинақтың, отыздай әңгіме мен он шақты повестің авторы. Осы арада, суреткердің кітаптары мен әңгімелерінің сирек жарық көруі жазушы талантының төмендігі емес, талғампаздығынан десек артық айтқандық болмас. Орыс ғалымы Н. Островскийдің: «Жаман кітаптың көп болғанынан жақсы кітаптың аз болғаны абзал» деген пікірін осы жазушының шығармашылығына қарап отырып айтсақ болады.

Жұмыстың теориялық таянышы ретінде Қабдолов З. "Жебе". Алматы. 1977 ж., Антонов С. Я читаю рассказ. Москва. 1973., Рүстембекова Р. Қазіргі қазақ әңгімесі. Алматы. 1988., сияқты ғалымдардың еңбектеріндегі ғылыми тұжырымдар негіз етіп алынды.

Жұмыс барысында саралау, салыстыру, талдау, жүйелеу, баяндау сияқты әдіс-тәсілдерге сүйендік.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс екі тараудан, кіріспе мен қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарау «Нұрғали Ораздың өмірі мен шығармашылығы» деп аталып, онда жазушының өмір жолы, атқарған қызметтері, қаламгер ретіндегі болмыс-бітімі мен мінезі, шығармаларының жазылуы мен жариялануы, әңгімеші ретіндегі қарым-қабілеті, таланты туралы ой-пікірлер айтылады. Екінші тарауда талдау нысанамызға «Түнгі жалғыздық» кітабын алдық. Жазушы әңгімелеріндегі өмір шындығы, кезең көрінісі тақырыптық, идеялық, көркемдік жетістігі тұрғысынан талданды. Әңгімелерді талдау барысында жазушының тақырыпты таңдау ерекшелігі, характер жасау жолдары, диалогтар мен авторлық баяндаулар, тілінің құнары мен көркемдігі төңірегінде пайымдаулар жасалынды.

1. ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР

1. 1. Н. Ораз өмірі мен шығармашылығы

Қазіргі қазақ әдебиеті мен жазушыларымыз жайлы Дулат Исабеков ағамыз былай дейді: "Қазақстан жазушылар одaғындa жеті жүздей мүше баp деген ақпарат ел ішіне кең тарап кетті. Біреулер оған қуанады, енді біреулер "қаптап кеткен қайдан шыққан жазушылар?" деп тыжыраяды. Кітап шығарғанның бәрі жазушы емес. Бірақ, олардың санына сан соқпай-ақ, өз керегімізді өзіміз таңдап ала білсек болғаны емес пе? Бірақ, санды қуамыз деп кейде сапаны ұмытып кететін әдетіміз бар.

Әр аймақтан Әуезовтер туа бермес, бірақ, жазушыларымыздың қатары жыл сайын азайып келе жатқанын көріп, енді он бес, жиырма жылдан соң аға ұрпақтың орнын басатын жастар болмай қалар ма екен деген алаңдаушылығымыз да жоқ емес. Бір кездері Қазақстан Жазушылар одағының жиырма пайызға жуығы оңтүстіктен шыққан айтулы қаламгерлер еді. Қазірдің өзінде олардың қатары сиреп, саусақпен санайтын халге түсіп қалды.

«Олар - тәуелсіздік туының астында көзін ашқан тәкәппар толқын. Сондықтан да олар отаршылдыққа мойнын ғана емес, қойнын да ұсынып, жан дүниесін, сана-сезімін ақыл-ойын, ұрпағын сатқан жарамсақтыққа, жанаярлыққа қас. Себебі, олардың бойында отаршылдық вирусынан қатты тітіркенетін тәуелсіздік иммунитеті қалыптасып келеді. Мұндай иммунитет біздің баяғы ел мұңын жыpлaған aтa-бабалаpымыздың бойында күшті болған. » [3. 5]

Тәуелсіздік оларды «еркін ойлауға, басқаларға қарап жалтақтамай еркін жазуға үйретті. Уақыт әрбір толқынды әр қилы кезеңде, әрқалай шыңдайтын сияқты. Айтар болсақ, бүгінгі аға буын сонау бала күнінде соғыстан кейінгі қиындықтарды көріп шыңдалса, ал келесі буын тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиыншылықтарды көріп ысылды. » [4. 5]

Біздің аға буын деп отырғанымыз қазақ прозасына, соның ішінде әңгіме жанрында өз өрнектерін қалдырған - Мұхтар Мағауин, Сайын Мұратбеков, Тәкен Әлімқұлов, Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази, Қабдеш Жұмаділов, Дулат Исабеков, Төлен Әбдіков, Тынымбай Нұрмағамбетұлы, Мархабат Байғұтов сынды тағы да басқа қаламгерлеріміз. Ал, келесі буын деп отырған жазушыларымыз бүгінгі таңда әдебиет майданының бел ортасында жүрген - Нұрғали Ораз, Асқар Алтай, Роза Мұқанова, Талаптан Ахметжан, Айгүл Кемелбаева сияқты тағыда басқа аға-әпкелеріміз.

Әдебиеттің салмақты жанры прозаға жаңа толқын өз үнін, өз лебін қосты. Араларында бір-біріне ұқсамайтын, түрлі тақырыптағы әңгімелерді дүниеге алып келген, талғампаз талантпен, үлкен дайындықпен, оқырман назарын бірден аударарлықтай жаңалықпен келген әңгіме жазу шеберлері де кездеседі.

Артық сөзді қажет етпейтін әңгіме жанрының басты ерекшелігі де осы - нысанаға дәл тигізу. Ондыққа дәл тигізіп ату шеберлерінің бірі- жазушы Нұрғали Ораз. Ол қаламгерлік жолын әңгіме жазуға арнаған» [18] Нұрғали Ораз 1960 жылы 25 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы Монтайтас ауылында дүниеге келген. Балалық шағында ауыл өмірінің қуанышы мен қайғысын, қызығы мен мұңын көріп, сезініп өсті. Соның әсері болар жазушының алғашқы әңгімелерінде ауыл өмірі мен көрінісі бейнеленген.

Бала кезінен әжесінің тәрбиесімен сусындап өскен жазушы зерек, кітапқұмар болып өседі. Жан дүниесіне әсер еткен кітаптардың бірі - Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесін жастығының астына жастап жатып оқығандығын «Қазақ әдебиеті» газетінде Әмірхан Балқыбекке берген сұхбатында тамсана айтып береді.

Алғашқы "Долана" әңгімесі 1979 жылы "Лениншіл жас"(қазіргі "Жас Алаш") газетінде, "Арман қанатында" атты жинақта жарық көрген.

«1977 жылы ҚазMУ-дің студенті болдым. Күзде Алматы түбіндегі «Таулы қыратқа» алма теруге бардық. Келісімен жатақханаға орналастық. Күзде студенттер қалашығы сондай әдемі. Алатаудың сұлу табиғатын, қаланың жақсы жағдайын көргеннен қанат бітті ме, «Долана», «Аңызтау», «Қара етік» деген үш әңгіме жаздым. Жанымдағы студенттерге оқытуға жүрегім дауаламады. Cол кезде М. Сералин атындағы әдеби бірлестік жұмыс істейтін. Әдеби бірлестіктің жетекшісі, өзімізден бір-ақ курс жоғары оқитын Жұмабай Әбілов деген жігіт болатын. «Жазған әңгімелерінді оқыңдар» дейтін. Мен «Қара етікті» оқыдым. Жақсы қабылдаған сияқты. Журналистика факультетінің дәлізінде шылбырдай шұбатылып қабырға газеті ілініп тұратын. Сонда «Аңызтау» атты әңгімем жарияланды. Сол бір жылдары редакцияға шақырып, әңгімесін оқытып, пікір айтатын жақсы дәстүр бар еді. Күзде, II курста 7 қараша мерекесінің қарсаңында Жұмабай сабақтан сұрап алып, «Сені «Лениншіл жасқа» шақырып жатыр» деді. Шақыртқан әдебиет бөлімінің меңгерушісі - Сайлаубек Жұмабеков екен. «Долананы» оқып бердім. «Ал, оқы!» деп қабағын түйгендей болып еді, бірте-бірте ықылас қойып тыңдады. «Бұл «Доланаң» - «Жалғыз түп долана» не «Бір түп долана» болсын деді. «Ертеңгі нөмірге сенің «Аңызтау» деген әңгімен шығады» деді. Сыншы ағаның бұл сөзіне таң қалдым. Таң қалу себебім мен «Аңызтауды» қолыммен әкеліп бермегенмін. Сөйтсем Жұмекең (Жұмабай Әбілов) қабырға газетінен қиып әкеліп, сыншы ағамызға берген екен. Содан әңгімем газеттің келесі нөміріне шықты. Ал, «Долана» атты әңгімем «Лениншіл жас» газетінде «Жалғыз түп долана» деген атпен жарық көрді. Әңгіме газетке басылғанда бірінші болып жазушы Мархабат Байғұт құттықтады. Мархабат аға Нәсіреддин Сералиевтің мен жайындағы мақтауында жеткізді. Содан соң «Долана» Дулат аға Исабековтің ұсынуымен «Арман қанатында» атты жинаққа енді. » дейді жазушы әдебиет әлеміне алғаш қадам басқан күндерін сағынышпен еске алып.

Долана әңгімесінің жазылуы себебі жайында былай дейді: «Мен неге ауыл туралы жаздым? Нағашы атам екеуміз шөпке баратынбыз. Көк есегіміз болды. Атамның Өлмес деген қызы, Ыбырай деген ұлы бар болатын. Сол Өлмес әпкем тұрмысқа шықты. Қолдан ұзаттық. Біздің ауылдағы қолдан ұзатылған соңғы қыздардың бірі болды. Машина ұзап кеткеннен кейін атам дөңбектің үстінде отырып ағыл-тегіл жылап отыр екен. «Долананың» жазылу себебі сол деп ойлаймын. » [19]

Жазушының бала күніндегі жағдайлардан алған әсерлерінің кейбірі шығармаларына өзек болады. Жоғарыдағы «Долана» әңгімесі де сондай әсерлердің кейбірінен пайда болған туынды. Студент кезінде жазған әңгімелерінің бірі «Көрші үйдің қызы» әңгімесінде де сол алғашқы махаббат елесі, сол бір аяулы қыздың бейнесі бар. Жазушы сол бір аяулы бейне жайында: «Мен өз басым бала күнімде өте ұялшақ болдым. Өйткені, бетімде секпіл бар еді. Ол, әсіресе, көктем мезгілінде көбейіп кететін. Сондықтан да қыздардың бетіне көз тоқтатып, тіке қарауға ұялушы едім. Әйтсе де бала күнімізде көрші үйдің қызы екеуміз өте тату болдық. Бір-бірімізді қатты сыйлайтынбыз. Кешкілік күндізгі аптап ыстықтың беті қайтқан шақта волейбол ойнайтынбыз. Аңқамыз кеуіп, шөлдеген кезде мен құдықтан су тартып алып, алдымен шелекті оған ұсынатынмын. Содан соң, оның ерні тиген жерден өзім ішуші едім. Кейін ол да менің ернім тиген жерден ішетін болды. Бәлкім, менің алғашқы сезімімді оятқан сол қыз болар . . . Бірақ олар кейін басқа ауылға көшіп кетті. Содан соң бізге кездесудің сәті түспеді. » [20] деп сағынышпен еске алады. Жалпы жазушылардың алғашқы сезімі, алғашқы махаббаты өз шығармашылығынан орын тауып жатады.

1982 жылы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. Қызмет жолында "Жалын" баспасының редакторы, "Парасат" журналында бас редактордың бірінші орынбасы, "Оңтүстік Қазақстан" газетінің бас редакторы, "Қазақ әдебиеті" газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарған. Қазіргі таңда "Ақ Желкен" республикалық жасөспірімдер журналының бас редакторы қызметін атқарады. Нұрғали Ораздың қызмет жолындағы тағы бір ерекшелігі кейбір басшылар тәрізді қызметке келіп, өзін қызметке ұсынбайды, керісінше, мұны өзгелер ұсынады. Сондай ұсыныстардың бірі «Ақ желкен» журналына қызметке келер кезде де айтылған. «Министрліктің, департаменттің тарапынан ұсыныс жасалып, сенім білдіргенде, тартыншақтап жатқым келмеді. «Менің сол орында қызмет жасауым қажет болған шығар, ендеше, хәл-қадерімнің жеткенінше «Ақ желкенді» алға қарай бағыттап көремін » деп ойладым» дейді. [21]

1985 жылы шыққан алғашқы «Соқпақ жол» атты әңгімелер жинағы жарық көрді. Алғашқы жинағынан соңғы жарық көрген «Биіктегі сұлулық» жинағына дейін Нұрғали Ораз өзінің шығармашылық лабораториясында біраз тәсілдер мен тәжірибелерді байқап-сынап көрді. «Жазушының не жазатынын әрбір жаңа шығармасын қадағалап оқып жүрген оқырманы біледі, ал «қалай жазады?» деген құпия қаламгердің өзіне ғана аян. Қазақтың ақын-жазушысының дені жастау кезінде өндірте жазды, сондықтан да баспанасыз қаламгерлердің жазғандары көбінесе жатақханалар мен жалдамалы пәтерлерде дүниеге келді. Нұрғали Ораз қу пәтердің қорлығын көрмесе де, «Соқпақ жолға» енген әңгімелерін ҚазМУ қалашығындағы журналистердің 5-жатақханасында жүргенде және ауылға демалысқа барған кездерінде жазыпты. » [18] «Бақыршанның балалары» (жазушының екінші әңгімелер жинағы) мен "Қазығұрт оқиғалары "(1988 ж. шыққан үшінші әңгімелер жинағы) . Тау етегіндегі "Алатау" совхозынан сатып алған үйдің артындағы бау ішінде, алма ағаштың көлеңкесі де талай әңгіменің тууына себепкер болды. . "Қазығұрт оқиғаларындағы" мөлдіреген әңгімелер "Алатаудағы" сол бау-бақшаның саясына қарыздар. Жазушы дүниеге келген Қазығұрттың бөктеріндегі Жаңа базар ауылы өзеннің жағасында орналасқан. Осы өзен талай жыл жазғы демалыстарында «кабинет» рөлін атқарады. Қорадан өзенге түсіп кететін жалғыз аяқ жолмен төмен құлдилап, жағалауға жайғасып алып, қалың дәптеріне жаза бастайтын. Әсіресе, мал өрістен қайтар мезгілде, батып бара жатқан күннің қызыл сәулесіне боялған өзен жағалауы өзіне тартқандай болатын. Мұндайда сабаққа дайындалған бала секілді қағазға шұқшиып өзен жағасында отырған жігітке ауыл адамдары таңқала қарап өтетін.

Бала-шағасын аяғының ұшынан бастырып, жым-жырт бөлмеде немесе кең кабинетте отырып көсіліп жазып көрген емес. Бір баласы аяғына оратылып, бір баласы мойнына мініп, енді бірі арқасына жабысып, көп шуылдақтың ортасында самай шашын бұйралап-бұрап отырып жазатын Бейімбет Майлин сияқты Нұрғали Ораз да шуы мол көпшілік жерді жақсы көреді - әңгімелерін көше аллеяларында, скверлерде, даңғаза музыка ойнаған шулы кафенің бір бұрышында отырып жазады. "Балаларым менің жазушы екенімді білсе білетін шығар, бірақ олар менің үйде отырып жазғанымды ешқашан көрген емес. Бір қаламгер ағамыздың, құдай сақтасын, оюлы шапан киіп, сөре-сөре кітап жиналған атшаптырым кең кабинетіне кіріп алып, әйеліне қою күрең шай алдырып, қалың қатпарлы қабағымен қағазға төне қараған түрін көріп шошығам. Жазушының классикалық бейнесін жасағанын қайтейін, есімін ешкім білмейді" дейді жазушы. [18]

Нұрғали Ораз шығармалары орыс, саха тілдеріне аударылған. Ал шетел жазушыларының ішінде ағылшын жазушысы Д. Голсуорсидің, Х. Л. Борхестің, жапон жазушысы И. Кавабатаның, И. Иноуэннің шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Жапон жазушыларының бір-екі әңгімесін аударып едім. Таныстарым: «Сен жапон әдебиетін зерттеп жүрсін бе? Саған жапон жазушылары ұнайтын шығар» дейді. «Жоқ. Маған ең алдымен қазақ әдебиеті ұнайды» [19] деген жазушының пікірінен шетел жазушыларының шығармасын аударып жүргенімен, өз әдебиетін олардан жоғары көретіні айтпаса да көрініп тұр.

Әңгімелерінің желісі бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсірген 2007 жылы «Әурелең» деп аталатын толықметражды көркем фильмнен Нұрғали Ораздың кинодраматургтық қырын да көреміз.

"Жалын" баспасының балалар мен жасөспірімдер тақырыбына арналған дәстүрлі жабық бәйгесінің жүлдегері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының (2003 ж. ) лауреаты. «Аяқталмаған ертегі» әңгімесі Қазақстан Республикасының Мәдениет ақпарат және қоғамдық келісім министірлігімен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамы жариялаған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің он жылдығына арналған әдеби конкурста жүлде алған шығармалардың қатарында болса, жақында ғана Астана қаласында өткен «Тәуелсіздік толғауы» атты халықаралық байқауда, «Ең үздік драмалық шығармалар» номинациясы бойынша «Адасқан жұлдыз» (Қайыршының жұлдызы) шығармасы екінші орынға ие болды.

«Жазушылық пен журналистика дегендеріңіз өз алдына бөлек-бөлек әлем болғанымен, етектері бір таулар секілді» дейтін Мархабат (Байғұтов) ағаның өмір жолына өмірі ұқсас Нұрғали Оразға бірде бір жолдасы: «Ай сайын бір әңгіме жазып тұрасың ба?» деп сұрақ қойыпты. Әдебиет әлемін жоғары бағалап сүйетін жазушы: «Жазар едім-ау шіркін, егер мен тек көркем әдебиетпен ғана шұғылданатын болсам. Оның үстіне әңгіме жанрын өзім қатты ұнатамын. Бірақ, өкінішке қарай оған мүмкіндік қайда? Нан тауып жейтін мамандығым - журналист болған соң, күні бойы соның қосынын жегіп, жүгін тасимын. Әдебиеттің аулына тек анда-санда ғашық жарын аңсап келген түйекеш жігіттей бір күн қонып, ертеңіне, амал жоқ, асыға басып кетіп бара жатқандай сезінемін . . . » [19] деп жауап беріпті.

«Бала кезінде түс көріпті. Шөл даладағы үйінің жанында басқа ағаштарға ұқсамайтын, жап-жасыл, керемет сұлу ағаш өсіп тұр екен. Неге екені белгісіз, әлгі сәмбі талдың жапырақтары өте сирек. Бұл ағашты айналып, жапырақтарына теңеу тапқысы келіп, бұралып өскен бұтақтарының сұлулығын суреттеп жазбақшы болып жүр. Бала көрген түсін анасынан басқа кімге айтады? Ояна салып айтып еді, анасы ойланып қалады да: «Мүмкін, сен өскенде жазушы болатын шығарсың» дейді. «Қазір де осы түсім жиі ойыма түседі. Жапырақтары неге аз? Жазушы болсам болатын шығармын, бірақ өте аз жазатын жазушы болармын. Өйткені өндіртіп жазған ештеңем жоқ» [18] дейді жазушы.

«Аяқталмаған ертегі» кітабы жарыққа шыққан жылы, көптеген оқырмандар телефон шалып, редакцияға іздеп келіп, кітапты өзіне сұрап алған кездегі жағдайын жазушы былай жеткізеді: «Мұның бәрі жақсы-ау, әрине. Тек, өзім іштей, бұл кітаптағы шығармалардың жетпіс пайызы - осыдан он жыл бұрын жазылып, республикалық әдеби басылымдарда жарияланып кеткен әңгімелерім мен шағын хикаяттарым, ал соңғы он жылдағы шығармашылығым сол көлемі небәрі он бес баспатабақтан тұратын жинақтың отыз-ақ пайызын құрағанын ойлап, қысылып жүрдім. Осы арада ойыма әдебиет әлемін дүр сілкіндірген, әңгімелеріне көңілі толмай, қынжылатын, кішіпейіл А. П. Чеховтың: «Мен жазған нәрсемнің ешқайсысына да табынбаймын» деген сөзі түсті».

Жазушының осы бір ауыз сөзінде ақкөңіл қасиеттері, парасаттылық пен жарасымдылық жатқан жоқ па? Негізі бұл қасиеттер көп жазушыларда кездесе бермесі анық. Жалпы, «Жазушы кім? Ол қандай болу керек?» деген сұрақтарға біз жауапты Нұрғали Ораздың өзінен сұрап көрсек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Доспамбет жыраудың толғаулары
Жамбыл және оның ақындық ортасы
Ибрагим Салаховтың өмірі мен шығармашылығы
Тәңірберген Әміреновтің әдеби мұрасы
Абай жолы эпопеясының тілі - Абай шығармалары тілі мен ортақтастығы, әсері
Шал ақын және оның шығармашылығы
АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАРИЯЛАНУ ТАРИХЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz