Физиканы оқытудың нақты мақсаттары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Анас Бақдәулет Мұхитдинұлы
Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі мен Нұрорда қазақ-түрік лицейіндегі физиканы оқыту әдістемесін зерттеу.
Мазмұны

Анықтамалар
Қысқартылған сөздер мен белгіленулер
Кіріспе
1. Мектепте физиканы оқыту әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері
1.1. Физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері
1.2. Физикаға оқыту процесінде оқушыларды кәсіпке (мамандыққа) бағдарлау
1.3. Оқушылардың ғылыми дүние танымын қалыптастыру
1.4. Оқушыларды физикалық ойлау және шығармашылық кабілеттерін дамыту



КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі.
Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында Елбасы білім саласына байланысты Орта білім жүйесінде орта мектептерді Назарбаев зият - кер - лік мектептеріндегі оқыту дең - гейіне жеткізу керек, деген еді. Міне, Елбасының халыққа Жолдауы қа - зіргі таңда жүзеге асып, білім саласында үлкен өзгерістер болып жатыр. Бұл жолдауда Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануы тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек, - деп білім саласының алдында тұрған үлкен міндеттерді айқындап берді [1]. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеттері - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану болып табылатындығы атап көрсетілген [2]. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде дәстүрлі педагогикалық, әдістемелік және дидактикалық жүйелерге қарағанда оқытудың жаңа технологияларын пайдалану барған сайын неғұрлым жоғары мәнге ие болуда. Жаңа оқыту технологияларын білім беруге пайдаланудың тиімділігі бірнеше компоненттерден құралады, олардың ең негізгілері денсаулық сақтаушы орта және топ, ұжымдағы қарым-қатынастың нәтижелілігі мен білімді бағалауды қамтитын, яғни оқыту үдерісінің тиімділігін арттыратын технологиялар болып табылады. Заманауи жаңа педагогикалық міндеттердің, дағдылы көзқарастардың пайда болуының келесідей елеулі негіздері бар. Біріншіден, білім беру кенеттен постиндустриялдық қоғам саясатына сай көпшілік сипат алып, пайдаланушы сұранысының артуына орай берілетін білім деңгейі сапасының жақсартылуын талап етеді. Екіншіден, бұл жаңа оқу технологияларының қалыптасуы адамзат өмірінің барлық саласында, оқытудың әдіс-тәсілдері мен оқыту құралдарында көрініс табады. Үшіншіден, қазіргі заманғы ақпараттық құралдар мен телекоммуникация құралдары білім алушыларға әр пәннің қиындық дәрежесі және олардың өмірге көзқарасының сабақтастығын анықтап, болашағын таңдауға мүмкіндік береді.
Бұл диссертациялық жұмыста жоғарыда аталып өткен Елбасы жолдауына сәйкес Қазақстандағы үздік мектептердің бірі Назарбаев зияткерлік мектебі мен Өскемен қаласындағы Нұрорда қазақ-түрік мектебінің физиканы оқыту әдістемесін салыстыра отырып зерттеуе аламыз.
Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі оқу үдерісі ҚР Білім туралы заң, Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары мен Базистік оқу жоспарын басшылыққы ала отырып ұйымдастырылады. Стандарт ҚР БМЖМС 02.03.2002 негізінде дайындалды, ол "Физика" оқу пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды. Білім туралы заңда білім беру жүйесін демократияландыру идеялары айқындалып, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдары тұжырымдалған. Білім беру жүйесін демократияландыру идеясы өзінің бейнесін оқыту үдерісін гуманизациялау, гуманитаризациялау ұстанымдарынан және саралап оқыту үдерісінен көрінеді. Оқытуды гуманизациялау барлық оқу-процесінің орталық субъектісіне айналатын баланың жеке тұлғасына назарды күшейтуді болжайды.
Оқытуды саралау оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін, олардың қабілеттері мен мүдделерін ескеретін оқу үрдісін ұйымдастыруды болжайды. Қазіргі уақытта жалпы орта білімді әртүрлі типтегі оқу орындарынан алуға болады: мектепте, гимназияда, лицейде, колледжде, жеке мектепте, бейімдік мектепте. Мен зерттеуге алып отырған мектептер мемлекеттік емес, дербес түрдегі лицей типтес мектептер. Лицей - негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім берудің жаратылыстану-ғылыми, физика-математикалық бейіндері бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес іске асыратын оқу орны.

Жұмыстың өзектілігі: Назарбаев зияткерлік мектебі мен Өскемен қаласындағы Нұрорда қазақ-түрік мектебінің физиканы оқыту әдістемесін салыстыра отырып зерттеп, тиімді жақтарын көрсету.

Ғылыми жаңалығы: Жоғарыдағы екі мектептегі физиканы оқыту әдістемесінің тиімді жақтарын орта мектептерде қолдану, бағалау, қорытындылау тәсілдерін орта мектептерде қолдануды оңтайландыру. Бұл мектептерде қолданылатын жаңа оқу технологияларын қарапайым тілде түсіндіру.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Еліміздегі білім беру жүйесі жаңа жүйеге яғни Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асып, жаңа оқу технологиясына, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшті. NIS Program білім беру бағдарламасын, халықаралық мектеппен (Нұрорда) салыстара отырып зерттеу жүргізу.
Зерттеу нысаны: Назарбаев зияткерлік мектебі мен Нұрорда халықаралық мектебі.
Зерттеу мақсаттары:
Зерттеу әдісі:
Ғылыми-практикалық маңызы:

1. "Мектепте физиканы оқыту әдістемесінің" ғылыми-теориялық негіздері, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері
Физиканы мектепте оқыту әдістемесі - педагогика ғылымдары жүйесінің бір тармағы болып саналады. Себебі, педагогика ғылымдары сияқты оның да зерттейтін ең негізгі мәселесі орта мектептегі ғылым негіздерінің бірі физиканы оқытудың істәжірибесі мен теориясын қарастыру. Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынадай қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады: 1. Мектеп физика пәнінің әрбір басқыштарында оқытылатын оқу материалдарының (жадыхаттарының) көлемін және мазмұнын анықтау. 2. Оқу материалын баяндаудың жүйелілігін анықтау. Оқытылатын материалдың бірізділігі. ( оңайдан қиынға) 3. Оқушылардың оқу материалын оңай меңгеруінің тиімді әдістері мен тәсілдері және мұғалімнің әр түрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын көрсету. 4. Бағдарламалық материалдарды оқушылардың берік игеруін қамтамасыз ететіндей физиканы оқытудың қажетті материалдық-техникалық, базасын (физика кабинеті, эксперименттік және көрнекі құралдар, т.т.) анықтау. 5. Физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай сыныптан тыс жұмыстарды (физикалық кеш, үйірме, экскурсия, олимпиада, т.т.) ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін көрсету. 6. Мектепте физиканы оқыту процесінде өткізілетін (ғылыми - материалистік, патриоттық, эстетикалық, этнопедагогикалық, т.с.с.) тәлім-тәрбие жұмыстарға бағыт-бағдар беру. 7. Оқушылардың экспериментік білімдері мен іскерліктерін және дағдыларын қалыптастырудың жолдарын көрсету. Мұның бәрін жинақтап, физиканы оқыту әдістемесінің ең басты міндеттерін қысқаша мынадай сұлба түрінде өрнектеуге болады.

Сұлба 1.

Мұндағы ФОӘ-физиканы оқыту әдістемесі. Физиканы оқыту әдістемесінің зерттеу нысаны, зерттеу пәні үнемі өзгеріп отырады. Себебі мектеп қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындайды. Мектептегі білім берудің мақсаты қоғамның қажеттілігіне байланысты өзгеріп отырады. Ал білім мазмұны білім беру мақсатына тікелей байланысты. Физика курсының мазмұны физика ғылымының даму деңгейіне, оқушылардың психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктеріне, ақпараттық ортаның даму деңгейіне байланысты. Физиканы оқыту әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары мен құралдары оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты. Сонымен, оқытудың мақсаттары, мазмұны, әдістері, формалары және құралдары әдістемелік жүйені құрайды. Бұл жүйеде басты рольді педогогикалық іс-әрекеттің стратегиясын анықтайты оқытудың мақсаттары алады. Оқытудың әдістері, құралдары және формалары бір-бірімен байланыста болып, оқытудың технологиясын құрайды. Физиканы оқытудың әдістемесі басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл байланысты біз физика курысының мазмұнынан, оны оқытудың әдістерінен көреміз. Бұл байланыс мына сұлбадан көрінеді: Сұлба 2

1.1. Физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері
Ұзақ уақыт бойы мектепте физиканы оқытудың негізгі мақсаты оқушыларға физиканың негізі бойынша терең де берік білімді қалыптастыру болып келді. Қазіргі кезеңде белгілі бір көлемде оқушыларға физикалық білімді қалыптастыру барысында оларды тәрбиелеп, дамыту мақсаттары тұр. Физиканы оқыту мақсаттарының құрамы да кеңейді:оқушыларда физиканың зерттеу әдістері туралы білімді қалыптастыру, физиканы оқыту барысында мамандық таңдауға әзірлеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту деген мақсаттар соңғы кезде енді. Орта мектептерде физиканы оқыту мақсаттарын топтап, әр топқа сәйкес оқытудың нақты мақсаттарын мына кесте арқылы көрсетуге болады:
Кесте 4.
Оқыту мақсаттарының тобы
Физиканы оқытудың нақты мақсаттары
Алдынғы ұрпақтың жинаған білімі мен тәжірибесін меңгеру
Негізгі физикалық білімдерді қалыптастыру: фактлар, ұғымдар, теориялар, заңдар, әлемнің физикалық бейнесі Физикадағы танымның әдістері туралы білімді қалыптастыру Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары мен техниканың ғылыми негіздері туралы білімді қалыптастыру Құбылыстарды түсіндіре білу, білімді есеп шығаруда қолдана білу ебдейліктері мен эксперименталдық ебдейліктерін қалыптастыру Ғылыми дүние танымдық көзқарасты қалыптастыру Физиканың қоғам өміріндегі ролі туралы, қоғамның, техниканың, басқа ғылымдардың дамуы мен физиканың дамуының арасындағы байланыс туралы түсінің беру Мамандық таңдауға, практикалық іс әрекетке әзірлеу
Тұлғаның психикасының функцианалдық механизмін дамыту
Есте сақтау, сөйлеу, қабылдау, елестету қабілеттерін дамыту Ойлау қабілеттерін дамыту
Тұлғаның жалпы типологиялық қасиеттерін қалыптастыру
Жапы қабілеттерін дамыту Өз бетімен еңбек ету дағдысын қалыптастыру Тұлғады адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру Бағалай білу ебдейліктерін қалыптстыру
Тұлғаның жеке басының қасиеттерін дамыту
Физикаға деген қызығушылықтарын, қабілеттерін дамыту Оқу мотивін қалыптастыру Физиканы оқыту мақсаттары өзара байланыста болып келеді. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсаты олардың білімдерін есептер шығаруда қолдана білу икемділіктері мен дүниетанымдық көзқарастырын қалыптастыру барысында жүзеге асады. Әртүрлі кәсіп бағытындағы сынып оқушыларына физиканы оқыту мақсаттарының өз ерекшеліктері бар. Мысалы, физикаматематикалық бағыттағы сынып оқушылары мектеп бітіргеннен соң физика-математикалық бағыттағы жоғары оқу орнына түседі. Сондықтан оларды танымның физикалық әдістерімен таныстырып, оларда зерттеушілік эксперименттік ебдейліктерді, физикалық есептер шығаруда жоғары математикалық аппаратты қолана білу икемділіктерін қалыптастыру қажет. Техникалық бағыттағы сынып оқушылары техникалық жоғары оқу орындарына оқуға түседі. Сондықтан бұл оқушыларға техника мен технологияның негізі физика екендігі жөнінде түсініктерді, конструкторлық икемділіктерді қалыптастыру болып табылады. Биологиялық-химиялық бағыттағы сынып оқушылары өздерінің болашақтағы кәсіби қызметтерін медицинамен, биологиямен, химия саласымен байланыстырады. Сондықтан оларда физиканы оқыту барысында физикалық, биологиялық, химиялық құбылыстар өзара байланысты екендігін, химиялық, биологиялық процестерді зерттеуде физикалық әдістердің қолданылатындығы жөнінде түсініктерінің болып, зерттеушілік, экспериментальдық икемділіктері қалыптасуы керек. Гуманитарлық бағыттағы оқушылар, әдеттегідей, физиканы одан әрі оқымайтын болады; олардың болашақтағы кәсіби қызметтері физикамен байланысты болмайды. Сондықтан бұл оқушыларға физиканы оқыту міндетіне базалық білімдер мен икемділіктерді, физиканың жалпы адамзаттық мәдениеттің элементі болып табылатындығы жөнінде және физиканың дамыуының қоғамның, техниканың, басқа ғылымдардың дамуымен байланысы туралы түсініктерді қалыптастырып, физика ғылымының гуманитарлық потенциалын ашып көрсету. Жалпы білім беру мектептеріне арналған физика бойынша бағдарламаның түсініктемелік жазбасында пәнді оқыту міндеті - оқушыларға эксперименттік фактілер, түсініктер, заңдар, теориялар, физикалық ғылымның әдістері, әлемнің қазіргі ғылыми бейнесі, техника мен технологияда физикалық заңдарды қолданудың кең мүмкіндіктері жөнінде білімдерді игеру қажеттілігі ретінде тұжырымдалады. Сонымен мектепте игерілуге қажетті физикалық білімдер элементтеріне фактілерді, түсініктерді, заңдарды, теорияларды, әлемнің физикалық бейнесін, техникада физикалық заңдарды қолданулар жатқызылады. Білімнің бұл элементтері әртүрлі деңгейлерде игерілуі мүмкін. Сонымен жалпы міндетті білім берудің мемлекеттік стандартында көрсеткендей Физика пәнін оқытудың басты мақсаттары: 1)даму үстіндегі іргелі физикалық теориялардың біртұтас жүйесі түрінде көрініс беретін әлемнің шынайы физикалық бейнесі арқылы оқушының ғылыми дүние танымын қалыптастыру; 2)оқушыларға жеке және әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін физика бойынша базалық білім жүйесін шығармашылықпен қабылдау тәсілдерін үйретудің, сондай-ақ ісәрекет объектісіне айналып отырған болмысқа эмоционалды құндылық қатынастың әлеуметтуік тәжірибесін меңгерту негізінде олардың өмірлік дағдыларын дамыту. Бұл мақсаттар оқыту процесінде оқытудан күтілетін нәтижесінде елеулі саралауды, сондай-ақ физиканың типтік оқу бағдарламасында көрсетілуі тиіс көптеген қосалқы және басқа жеке мақсаттарға жетуді көздейді. Физиканы оқытудың мақсаттарынан оның мынадай басты міндеттері туындайды: 1)білімді ұжымдық және жеке дара қабылдау тәсілдерін тиянақты меңгерту негізінде оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындау, ол үшін оқу-эксперименттік зерттеулер жүргізуге және бақыланған физикалық құбылыстарды теориялық тұрғыда түсіндіруге мүмкіндік беретін ғылыми таным әдістерінің қажетті дағдыларын қалыптастыру; 2)оқушылардың санасына табиғат пен оны танып білу туралы білімнің қисынды жүйесін қалыптастыру; 3)оқушылардың шығармашылық қабілетін және ойын дамыту; 4)планеталық ауқымдағы процестерге оқушылардың қатынасы бар екенін және олардың өз іс-әрекетінің экологиялығына жеке жауапкершілігін қалыптастыру; 5)оқушыларды бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған технологияландырылған қоғамда өмір сүруге бейімдеу.
Физиканы оқытудың басты міндеттері негізінде типтік оқу бағдарламасында неғұрлым нақты дидактикалық міндеттер айқындалады оның ішіндегі аса маңыздысы-оқушыларға білім алу тәсілдерін үйрету. Физиканы оқыту мақсаттарын білім беру, тәрбиелеу және дамыту деп жүктеуге болады.
Физиканы оқытудың білімділік мақсаты:
1. Физика ғылымының негізімен, оның негізгі ұғымдарымен, заңдарымен, теориясымен таныстыру.
2. Оқушылардың санасында қоршаған әлемнің жаратылыс-тану-ғылыми көрнісін қалыптастыру.
3. Жаратылыстану-ғылыми зерттеулердің негізгі әдістеме-лерін меңгерту.
4. Политехникалық білім беру.
Физиканы оқытудың тәрбиелік мақсаты:
1. Диалектикалық-материалистік дүниетанымды қалыптастыру.
2. Оқушыларды танымдық және практикалық іс-әрекетте дұрыс методологиялық тәсіл жасауға үйрету.
3. Еңбекке, ынталылыққа және қиындақтарды жеңуде табандылыққа тәрбиелеу.
Физиканы оқытудың дамытушылық мақсаты:
1.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, индуктивтік, дедуктивтік, ұқсастық бойынша ой қорытуды пайдалана білу.
2.Физика ғылымының құрылымын түсінуді қалыптастыру.
3.Физикалық теориялардың, олардың элементтерінің: ұғымдардың, модельдердің, заңдардың қолдану шекаралары туралы білімді қалыптастыру.
4. Белгілі теориялық қағидаларды, математикалық аппараттарды, графиктік әдістерді, анықтамалық әдебиеттерді, есептеу техникасын және т.б. пайдаланып, есептер шығара білуді дамыту.
5.Физикалық құбылыстардың жұмыс принципін, құрылысын біліп, оларды пайдалана отырып, өлшеу нәтижелерін өңдеу және өлшеулердің қателіктерін анықтап, эксперименттен алынған шамалар бойынша қорытынды жасап, эксперименттер жүргізу икемдігін дамыту.
6. Қарапайым техникалық қабілеттілікті дамыту.

Оқытудың қарастырылған жалпы мақсаттары физиканы оқыту процесін құрудың негізі, іргетасы болады. Оқыту үрдісінде білімді жинақтауға ғана емес, білімге ие болу икемділігін қалыптастыру көзделінеді. Осыған байланысты қазіргі мектепте мұғалім сабақта оқушылардың алдарында тұрған проблемалар мен проблемалық жағдайларды шешуде барлық іс әрекеттерін өз бетінше жоспарлап, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамытуға бағыттау керек. Оқушылардың жұмысын осы бағытта ұйымдастыра білген мұғалім -дарынды мұғалім. Физиканы оқытуда, оқушылардың тек ғылымның негізін біліп қана қоймай, ғылыми таным әдістерін, қазіргі заманғы өндірістің, техниканың, адамға тұрмыстық қызмет көрсетудің практикалық тәсілдері мен икемділіктерін игере білуі тиісті. Осыған байланысты қазіргі мектептерде оқу әдістемелерін жетілдіруге көбірек көңіл бөле бастады, оларды әлеуметтік, ғылыми-техникалық прогреске сәйкестендіру қолға алынуда. Физика курсында әрбір тақырып бойынша міндетті меңгеруліге тиісті білім элементтерімен қатар қосымша материалдар да бар. Олармен мұғалім таныстырып, түсіндіреді, бірақ оны оқушылардың барлығынан бірдей сұрай бермейді. Негізгі қажетті оқу материалын оқушылардың есте сақтауын талап етіп, соған жағдай жасау керек.
Оқушыларда физикалық білімді қалыптастыру Жалпы білім беру мектептеріне арналған бағдарламаның түсініктемелік жазбасында оқушылар меңгеруге тиісті білім элементтері: экспериментальдық фактылар, ұғымдар, заңдар, теориялар, физика ғылымдарының әдістері, әлемнің физикалық бейнесі, физика заңдарының техника мен технологияда қолданылуы көрсетілген. Бұл білім элементтерін оқушылар әр түрлі деңгейде меңгеруі мүмкін. Практикалық мақсаттарға біршама ыңғайлысы оқытудың мақсатын анықтайтын американ ғалымы Блумның таксономиясына негізделген игеру деңгейлерінің жүйесі болып табылады. Оған сәйкес: 1-деңгей - білімдерді есте сақтау; 2-деңгей - білімдерді түсіну; 3-деңгей - таныс жағдайда білімдерді қолдану; 4-деңгей - жаңа жағдайда білімдерді қолдану болып бөліп көрсетіледі. 3-деңгей білімді, іс-әрекетті үлгі бойынша орындай білуді, 4-деңгей білімді - шығармашылық іс-әрекетті орындай білуді көрсетеді. Сонымен білімді меңгеру деңгейлерін енгізу оқушылардың меңгерген физикалық білім элементтерінің оларды әр түрлі жағдайларда: есеп шығаруда, табиғаттағы құбылыстарды түсіндіруде, машиналардың жұмыс істеу принципін т.б. қарастыруда қолданумен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Мысалы оқушыларға Ньютонның екінші заңы туралы білімді қалыптастыруды қарастырсақ: бұл заңды меңгерудің І деңгейінезаңның формуласының жазылуын, оқылуын білу, бұл заңды дәлелдейтін тәжірибені түсіндіру, заңның қолданылу шегін айту. Білім меңгерудің ІІ деңгейіне заңның мағынасын түсіндіруді, заңдағы себеп-салдардың байланысын түсіндіре білуді көздейді. Білім меңгерудің ІІІ деңгейіне белгілі алгоритм негізінде, осы заңды қолданатын есептерді шығару; мұғалімнің берген нұсқауының көмегімен дененің үдеуінің оған әсер ететін күшпен оның массасына тәуелділігін тағайындауға эксперимент жасау; өмірде кездесетін құбылыстарға заңды қолдана білу жатады. Білім меңгерудің ІVдеңгейіне оқушылардың стандартты емес есептерді шығара білу, заңды зерделеуде өз бетімен жұмысты жоспарлап, өткізу жатады. ІVдеңгейге сәйкес білім меңгеру жеке тұлғаның даму мүмкіндігіне байланысты. Сондықтан барлық оқушылардың бұл деңгейге сәйкес білімді бірдей меңгеруі мүмкін емес. Білімнің бір деңгейінен келесі деңгейлеріне өту бірте-бірте жүреді. Жаңа материалды қарастырғанда білім әуелі бірінші деңгейде меңгеріліп, кейін түсініліп, сосын білімді қолданудың іскерліктері қалыптасады. Жалпы білім беру мектептеріне арналған бағдарламаның түсініктемелік жазбасында барлық курс материалдарының негізіне сақталу заңдары (энергияның, импульстің, электр зарядының) жатқызылады; ал негізгі мектептің физика курсына молекулярлық-кинетикалық және электрондық түсініктер, масса, тығыздылық, күш, энергия, Паскаль мен Ом заңдарының ұғымдары; механика үшін - қозғалыстың салыстырмалық идеялары, кинематиканың негізгі ұғымдары, Ньютон заңдары жатады; молекулярлық физикаға - молекулярлық-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары, молекулярлық-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі, термодинамиканың бірінші заңы; электродинамикаға - электромагниттік өріс туралы ілім, электрондық теория, Кулон мен Ампер заңдары, электромагниттік индукция құбылысы; кванттық физикаға - жарықтың кванттық қасиеттері, Бордың кванттық постулаттары, масса мен энергияның өзара байланыс заңы жатады. Негізгі материалға заңдар мен теориялардың маңызды салдарлары, олардың практикалық қолдануы енеді. Физика бойынша бағдарламада әр сынып бойынша оқушылардың білуге тісті негізгі білім элементтері анықталған. Оларға жататындар: - оқушылардың техникалық құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін, денелердің қасиеттерін, физикалық процестерді түсіндіру үшін қажетті физикалық идеялар, тәжірибелік фактілер, ұғымдар, заңдар; - оқушылар қолдана білуге тиісті аспаптар мен қондырғылар; тәжірибе негізінде мәнін анықтайтын физикалық шамалар және т.б. - формулаларды қолданып шығаратын сандық және графиктік есептердің түрлері; сапалық есептердің объектісі болып табылатын физикалық процестер мен техникалық қондырғылар. Оқушылардың білімді саналы және берік игерулеріне мұғалімнің оқытудың нақты бір технологияларын қолдануының маңызы зор. Оған физиканың ғылыми негіздерін қарастыруда оқушылардың жеке бастарының мүмкіндіктерін ескеріп, олардың танымдық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға әсер ететін қажетті оқу құралдарын, оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы жетуге болады.

1.2. Физикаға оқыту процесінде оқушыларды кәсіпке (мамандыққа) бағдарлау
Мектептегі оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттері бірі - еңбек қызметіне белсенді қатысуға өсіп келе жатқан ұрпақты дайындау болып табылады. Сондықтан да жалпы білім беретін мектеп оқушыларға терең білімдерді беріп, оларды тәрбиелеп және дамытып қана қоймай, сонымен қатар, оларды кәсіпке бағдарлау дайындығын жүзеге асыру қажет. Кәсіпке бағдарлау - бұл оқушыларды болашақ мамандыққа дайындаудың және оларға мамандық таңдауда көмек көрсету бағытында арнайы ұйымдастырылған жұмыс. Болашақ мамандығын таңдау үшін мектеп оқушыларының біздің еліміздегі халық шаруашылығы, оның дамуының негізгі перспективалары жөнінде жалпы түсініктері болуы қажет. Сонымен бірге орта мектептердің түлектері қандай да болмасын өндірістің бір саласында қолданылатын техника мен технология, нақты бір мамандықтар мен кәсіптер, таңдаған мамандықтың жұмыс жағдайлары мен мүмкіндіктері туралы түсініктерге ие болулары қажет. Мектептің кәсіпке бағдарлау жұмысының құрылымы әртүрлі және көбіне пікірталасты. Кәсіпке бағдарлаудың ең мәнді компоненттеріне (құрамдас бөліктеріне) келесілер жатады: 1) оқушыларды халық шаруашылығының салаларымен және негізгі көп кездесетін мамандықтармен таныстыру; 2) мамандықты саналы түрде таңдауға дайындау бойынша мектеп оқушыларының мақсатты ісәрекеттерін ұйымдастыру; 3) мамандық таңдау мен жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша оқушыларға кеңестер беру. Кәсіпке бағдарлау материалдарын таңдау ұстанымдарының бірі - қоғамның кадрларға деген сұраныстарын ескеру. Оқушылар назарын нақты бір аймақ, қала немесе ауылда ерекше жетіспей жатқан, мұқтаж мамандықтарға аудару керек. Кәсіпке бағдарлау материалдарын таңдаудың басқа бір маңызды ұстанымдарының бірі - оқушылардың өздерінің қызығушылықтары мен ниеттерін ескеру. Мамандықты дұрыс таңдау - қызығушылықтардың, бейімділіктердің, кәсіптік ниеттердің қалыптасуы мен дамуына байланысты ұзақ процесс. Физиканы оқу оқушыларда ең алдымен техника мен физикаға байланысты қызығушылықтардың қалыпытасуына үлкен мүмкіндіктер ашады. Бұл тек әлеуметтік мәні бар педагогикалық маңызды міндет емес, сонымен қатар техника мен өндіріс технологиясының дамуының қажетті шарты.
Кәсіпке бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыруда мектептік оқу бағдарламасының аясынан шығатын қосымша материалдарды қолдану мүмкіндігі бар. Осы мақсатта физика мұғалімі мектеп орналасқан аймақпен алдын-ала танысып, мектептің бағытталған мамандығы бойынша кәсіби оқытудың типтік бағдарламаларын мұқият талдауы керек. Материал таңдаудағы негізгі критерий - бұл қазіргі заманғы өндіріске тән еңбек процестері мен мамандықтардың, мектептік бағдарлама материалдарымен байланысы бар ақпараттың болуы. Одан әрі физика мұғалімі тақырыптық жоспар құрып, мазмұнын, оқылып жатқан физикалық материалға сәйкес кәсіпке бағдарлау материалдардың формасы мен көлемін анықтайды.

1.3. Оқушылардың ғылыми дүние танымын қалыптастыру
Мектеп жасындағы оқушыларда жеке дүниетанымдық қалыптасу процесі жедел түрде жүріп жатады. Адам әлемдегі өз орнын оның жеке тұлғасына сыртқы әсерлердің сипаты, сонымен қатар, қоршаған ортаны қабылдау мен пайымдаудың жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты анықтайды. Әрбір адамның жоғары немесе төмен дәрежеде ғылыми, діни немесе мистикалық дүниетанымға бейімделуінің объективті себептері болады. Тіпті кейбір жағдайларда осылардың біреуінің басымдылығы барма екендігін анықтау қиынға соғады. Дүниетаным жеке тұлғаның құрылымының маңызды компоненті болып табылады. Дүниетанымға әлем туралы, ондағы адамның орны жөнінде жинақталған көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, белгілі бір дүниетүсінімге сай көзқарастар, сенімдер, мұраттар, ұстанымдар енеді. Дүниетанымдық көқарас бейнелейтін объект-бүкіл дүние, яғни материалдық және рухани дүние. Табиғат, қоғам, адам және таным процесіне сәйкес дүниетанымдық көзқарасты ғылымижаратылыстану, әлеументтік, гуманитарлық, гносеологиялық деп бөлуге болады. Шынығында бұл аспектілер философиялық сипаттағы жалпылама білім түрінде көрініп, тұлғаның іс әрекетіне, көзқарасына әсер етеді.
Физика курсын оқыту барысында оқушыларда дүниетанымдық көзқарасты қалыптасыру оларда табиғат пен тұлғаның таным процесі туралы белгілі бір философиялық тұрғыда саналы меңгерілген білімдер жиынтығын құру. Соның нәтижесінде дүниетанымдық көзқарастың ғылыми-жаратылыстану мен гносеологиялық аспектлеріның фундаминті қаланады. Оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыруда физиканы оқытудың әсері болса, керісінше философиялық білім физикалық білімнің қалыптасуына әсер етеді. Себебі жаңа білім философиялық тұрғыдан талданып берілген де ғана оны тұлға саналы түрде терең меңгереді. Нақты ғылыми білім маңызды философиялық идеялармен байланыста боуы мүмкін. Оқушылардың дүниетанымдық көзқарасы диалектико-материалистік көзқарасы тұрғыдан қалыптастырылса, онда оның фундаментіне әлемнің материалдылығына, диалектилығына және танымдылығына байланысты философиялық жалпылама қорытындылаудың үш тобы жатады. Бірінші топқа материя мен қозғалыс, олардың өзара байланысы, олардың жоқтан пайда болмайтындығы және жойылмайтындығы, кеңістікте уақытқа байланысты өмір сүретіндігі, өзара әсерлесуі, дүниенің материалдық бірлігі туралы идеялары жатады. Екінші топқа құбылыстардың өзара байланысы туралы, материяның қозғалысы бағынатын диалектиканың белгілі бір заңдарының болуы туралы идеялар жатады. Үшінші топқа шындықтың категориясы, таным процесінің заңдылықтары және т.б. жатады. Егер оқушы Ньтонның заңдарының оқылуын білсе, бұл физикалық білім. Ал егер оқушы Нюьтонның екінші заңы құбылыстардың себеп-салдарлық байланысын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту әдістерінің классификациясы
ОРТА МЕКТЕПТЕ ЭЛЕКТРОДИНАМИКА бөлімің ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫ
Физиканы оқыту әдістемесі
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ФИЗИКА
Мультимедиялық технологияларды интерактивтік оқытуда тиімді пайдалнудың негіздері
Орта мектепте физиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері
Мектеп физика курсының Электродинамика тарауы есептерін шығарудың әдістемелік жолдары
Жаңартылған білім беру бағдарламасының молекулалық физика бойынша жаңа әдістемесі
Физика пәнін оқыту әдістемелерінің негізі
Пәндер